"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) "Кір жуу объектілерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар ";
2) "Елді мекендер аумағын күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар ";
3) "Парфюмериялық-косметикалық өнімдерді және ауыз қуысының гигиенасын сақтайтын заттарды өндіретін объектілерді күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар " санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жолдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2005 жылғы 24 наурыздағы
N 137 бұйрығымен бекітілген
"Кір жуатын нысандарды күтіп-ұстауға, пайдалануға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы
санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар
1. Жалпы ережелер
1. "Кір жуатын нысандарды күтіп-ұстауға пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ережелер) кір жуатын нысандарды (бұдан әрі - кір жуатын орын), жобалауға, күтіп-ұстауға және пайдалануға қолданатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды анықтайды.
Осы санитарлық ережелер радиоактивті және химиялық заттармен ластанған киімдерді өңдеу, жуумен айналысатын кір жуатын орындарға таралмайды.
2. Осы санитарлық ережелерде мынандай терминдер мен анықтамалар қолданылды:
1) кір жуатын орын - іш киімдер мен төсек әбзелдерін, басқа да киімдер мен жұмсақ керек-жарақтарды тазалауға, жууға және үтіктеуге, зарарсыздандыруға арналған нысан;
2) бучильник - кір заттарды қайнатуға арналған барабан үлгісіндегі сыйымдылық.
2. Кір жуып, қызмет көрсететін нысандарды жобалауға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
3. Кір жуатын орын қалалық, ауылдық елді-мекендерде тұрғындардың мекен-жайларына жақын орналастырылады. Бөлінетін учаскенің мөлшері қолданыстағы құрылыстық нормалар мен ережелерге сай анықталады (бұдан әрі - ҚНжЕ).
4. Кір жуатын нысанға жер учаскесін бөлу, оны орналастыру, құрылысын жүргізу және қайтадан жөндеуден өткізу жөніндегі жобалық құжаттарын бекіту, пайдалануға беру тиісті аумақтағы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың мемлекеттік органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болғанда рұқсат етіледі.
5. Кір жуатын орынды жеке тұрған немесе жапсарлас салынған ғимараттарда, сол сияқты тұрғын үйлердің бірінші қабатында орналастыруға болады.
Кір жуатын орынды орналастыруға қойылатын нормативтік талаптар қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сай жүргізіледі.
6. Кір жуатын орынды қоғамдық ғимараттарда орналасқан жағдайда оған кіретін есік бөлек қарастырылуы керек.
Кір жуатын орынды жобалау барысында мүгедектердің кіріп шығуына ыңғайлы қондырғыларды - ғимаратқа кіре берісте еңіс жазықтықтарды (пандус), кедергісіз кіретін есіктерді, баспалдақтардың қосымша қоршауын, дыбыспен және түрлі-түсті боялаулармен берілетін белгілік нышандарды орналастыруды қарастыру керек.
7. Учаскедегі кір жуатын орынның құрылысының аумағы 35% аспауы керек. Кір жуатын орынға бөлінген учаскенің шекарасы емдеу, мектеп жасына дейінгі балалар және жалпы білім беретін ұйымдардың шекарасынан кем дегенде 50 метр (бұдан әрі - м) жерде орналасуы керек.
8. Кір жуатын орынның ішінде (немесе қасында) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарының келісімі бойынша тұрмыстық бұйымдарды химиялық жолмен тазалайтын ұйымдарды, жеке бастың тазалығын сақтауға арналған және тұрмыстық заттарды сататын дүңгіршек орналастыруға болады.
3. Сумен қамтамасыз етуге, канализация,
жылу, желдету және жарықтандыру жүйелеріне қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
9. Кір жуатын орындар үшін шаруашылық - ауыз су көзін таңдау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының "Шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге және суды пайдаланатын мәдени-тұрмыстық орындарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бекіту туралы" 2004 жылғы 28 маусымдағы N 506 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 2999 тіркелген, санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің талаптарына сай жүргізілуі керек.
Кір жуатын орынның сумен қамтамасыз етілуі, канализация жүйесі қолданыстағы ҚНжЕ-нің талаптарына сай жүргізілуі керек.
10. Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету және канализация жүйесі болмаған жағдайда сумен қамтамасыз ету және ағынды суды жіберу орны мен жағдайы тиісті аумақтағы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізетін мемлекеттік органмен келісіледі.
11. Кір жуатын орындардан ағатын суды өңдеу, егер кір жуатын орыннан шығатын судың арақатысы шаруашылықтан шығатын нәжістік ағын сумен араласқанда 1:1 жоғары болмайтын болса, оларды өңдеу шаруашылықтан шығатын нәжістік ағын суды өңдеу кезіндегідей жүргізіледі. Егер жоғарыдағылардың арақатысы 1:1 болса, онда канализациялық жүйеге түсер алдында оларды арнайы өңдеуден (әк қосып, болмаса тұндырады) өткізеді.
12. Ыстық сумен қамтамасыз ету орталықтандырылған жолмен немесе өз қазандығы арқылы жүргізіледі.
13. Жылумен, желдету және жасанды жарық көздерімен қамтамасыз етуді жобалау қолданыстағы ҚНжЕ-нің талаптарына сай жүргізілуі керек.
14. Ылғалды және сулы режимді үй-жайларда жарық беретін шамдар шашыранды судан қорғалатындай тығыз жабылуы керек.
4. Үй-жайларды күтіп-ұстауға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
15. Кір жуатын орынның үй-жайларын орналастыру барысында таза және кір заттардың жанасуын болдырмайтын, тоқтаусыз технологиялық үдеріс ағынын сақтауды қамтамасыз ету керек.
16. Тұрғындардан кір заттарды қабылдайтын орын басқа бағыттағы ғимаратта орналасқанда, кір және таза заттарды қабылдайтын және сақтайтын, беретін бөлек үй-жайлар қарастырылуы керек.
17. Кір жуатын орынның үстіндегі қабаттар арасындағы жабынды будан, жылудан және дыбыстан оқшаулауды қамтамасыз етуі керек.
18. Кір жуатын орынның үстінде қоғамдық үй-жайлар орналасқан жағдайда, кір жуатын, кептіретін үй-жайлардың терезелері фрамугтар мен форточкаларсыз, ашылмайтындай болуы керек.
19. Кір жуатын орынның сулы және ылғалды үй-жайларындағы қабырғалардың ішкі беттері, ара бөліктері ылғалға төзімді болып, оңай тазаланып, жуылуы керек. Сулы тәртіпте жұмыс істейтін үй-жайлардың қабырғалары мен аралық қабырғалары барлық биіктігі бойынша, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген, глазурленген тақтайшалармен жабылуы керек. Кір жуатын бөлімнің, киім ілетін орынның, себезгі және дәретхана бөлмелерінің едені су өткізбейтіндей тегіс, ойық-тесіктері болмауы керек.
20. Кір киімдер мен төсек әбзелдерін өңдеу қатаң тәртіпте технологиялық үдерістің ережелеріне сай жүргізілуге тиіс.
21. Жұқпасы бар кір киімдер мен төсек әбзелдерін өңдейтін кір жуу орындары төмендегідей талаптарға сай болуы керек:
1) жұқпасы бар кір киімдерді, төсек әбзелдерін қабылдауға (күту орны, қабылдау, іріктеу) арналған үй-жайлар басқа үй-жайлардан оқшау болуға тиіс;
2) киімдерді қабылдайтын, іріктейтін, кір киімдер мен төсек әбзелдерін жуатын үй-жайлар сорып шығаратын жеке желдету жүйесімен жабдықталуы керек;
3) жұқпасы бар кір киімдер мен төсек әбзелдерін зарарсыздандырғыш сыйымдылықтарға салу бөлшектеу жағында жүргізіліп, оларды ыдыстан алу кір жуатын бөлім жақтан алынады;
4) жұқпасы бар кір киімдер мен төсек әбзелдерін зарарсыздандыру халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын сақтау саласындағы уәкілетті органымен рұқсат етілген дәрмектерді қолдану арқылы, белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі;
5) жуғыш және зарарсыздандырғыш заттар дайындаушының ыдысында, арнайы бөлінген жерде сақталуға тиіс.
22. Кір жуатын орынның құрал-жабдықтары, кір жуатын машиналардың орналасуы және үй-жайдың әрленуі тазалық жұмыстарын тез және оңай жүргізетіндей болып ыңғайлы орналасуы керек.
23. Кір жуатын орынның құрал-жабдықтарын орнатқанда шу мен дірілді азайтатын шараларды қарастыру керек.
24. Кір жуатын орынның үй-жайларын бұл өндіріске қатысы жоқ, басқа жұмыстарға пайдалануға рұқсат етілмейді.
25. Кір жуатын орын жұмыс біткеннен соң жақсылап тазаланып, желдетілуі керек. Кір жуатын орындағы құрал-жабдықтарды, ондағы жай күйді күрделі тазартудан өткізу кем дегенде аптасына 1 рет жүргізілуге тиіс.
26. Кір жуу орындарының барлық үй-жайларында жылылық, ылғалдылық, ауаның еселене ауысуы нормативті құжаттарға сай болуы керек.
27. Кір жуатын орынның үй-жайларында бөгде заттарды, қызметкерлердің киімдерін сақтауға болмайды.
28. Кір жуатын орында тамақ ішуге, жеке және жұмыс киімдерін сақтауға арналған шкафтармен жабдықталған тұрмыстық үй-жайлар, себезгі бөлмесі және санитарлық тораптар қарастырылуы керек. Себезгілер, унитаздар, раковиналардың саны қолданыстағы ҚНжЕ-ге сай болуы керек.
29. Кір жуатын орындарда жұмыс істейтін адамдар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылы 20 қазандағы N 766 бұйрығы және Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрінде N 2556 тіркелген "Халықтың арнайы топтарына міндетті медициналық тексерістерді жүргізу ережелерін бекіту туралы" және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылы 17 қыркүйегінде N 688 бұйрығы және Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрінде N 2531 тіркелген "Халықтың арнайы топтарына гигиеналық оқыту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу Ережелерін бекіту туралы" тіркелген құжаттарға сай жұмысқа түсер алдында және кезеңді медициналық тексерістерден өтіп отырулары керек. Қараныз V095886
30. Кір жуатын орынның жұмыскерлері арнайы жұмыс киімімен және аяқ киімімен жабдықталуы керек.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
2005 жылғы 24 наурыздағы
N 137 бұйрығымен бекітілген
"Елді мекендер аумағын күтіп-ұстауға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы
санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар
1. Жалпы ережелер
1. "Елді мекендер аумағын күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ережелер) елді-мекендердің аумағында тұрмыстық қалдықтарды жинаумен, уақытша сақтаумен, тасып шығарумен, залалсыздандырумен, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеумен және елді мекеннің аумағын тазалаумен шұғылданатын жеке және заңды тұлғаларға арналған.
2. Осы санитарлық ережелер мен нормаларда мынандай терминдер мен анықтамалар пайдаланылған:
1) санитарлық тазалау - елді мекендердегі халықтың өмір сүру барысында пайда болған қалдықтарды (қоқыстарды) жинап, залалсыздандырып және жоюға арналған шаралар жүйесі;
2) инертті өнеркәсіптік қалдықтар - адам денсаулығына қауіпті емес, қоршаған ортаға зиян келтірмейтін, зияндылығы жағынан 5 топқа жататын өнеркәсіп қалдықтары;
3) сұйық қалдықтар - тазаланатын шұңқырлардағы нәжістік сұйық;
4) тапсырыс арқылы тазаланатын жүйе - азаматтардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің өтініші бойынша қалдықтарды жинап, жою;
5) қоқыс өткізгіш - тұрғын-үй және қоғамдық ғимараттардағы қалдықтарды, қоқыстарды жинап, жоятын санитарлық-техникалық имарат;
6) қалдықтарды залалсыздандыру - қалдықтар мен қоқыстарды өңдеу әдістері;
7) кезеңді-жоспарлы тазалау - қалдықтарды жинау және жою үшін жиілігі анықталған шаралар жүйесі;
8) қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған (ҚТҚ) полигондар - қатты тұрмыстық қалдықтарды оқшаулауға және залалсыздандыруға арналған арнайы имарат;
9) ассинизациялауға және жыртуға арналған танаптар - елді мекеннің сыртында орналасқан сұйық қалдықтарды жинауға және залалсыздандыруға бөлінген арнайы аумақ;
10) төгу стансалары - сұйық қалдықтарды канализацияға құюға арналған имарат;
11) мал көметін орын - арам өлген немесе мәжбүрлі түрде сойылатын малдардың мәйіттерін залалсыздандыруға, көмуге арналған имарат;
12) қатты қалдықтар - үй қоқыстары, ұйымдардан, мекемелерден шығатын қалдықтар, өнеркәсіптік кәсіпорындардың қазандықтарынан шығатын қалдықтар, құрылыс қоқыстары.
2. Елді мекендерде санитарлық тазалау жұмыстарын
ұйымдастырудың тәртібіне қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
3. Елді мекендердің аумағын санитарлық тазалаудан өткізу жүйесі қалдықтарды жинаудан, жоюдан, залалсыздандырудан тұрады және тұрмыстық, өндірістік қалдықтарды жоюды қарастырады.
4. Елді мекендердің аумағын санитарлық тазалау жұмыстарын мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.
5. Құрылысы жаңадан жүргізілген учаскелердің тазалау жұмысы ғимараттарды пайдалануға берген мезгілден бастап жүргізіледі.
6. Арнайы бөлінетін автокөліктің саны үй құрылысы қорының нақты саны құрылысы жүргізілген учаскенің өсуіне байланысты және нақты елді мекеннің жергілікті жағдайын ескере отырып бөлінеді.
7. Кезекті-жоспарлы тазалау жұмыстары қалдықтар жоятын ұйымдардың, азаматтардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында жасалған келісім кестелеріне сай жүргізіледі.
8. Қалдықтарды полигонға апарғанда, полигонның әкімшілігі автокөліктің әрбір кезекті сапарын жол қағазына тіркеуі керек.
9. Тұрмыстық және басқа да қалдықтарды шығару таңғы сағат 7-ден ерте болмай, түнде 23 сағаттан кеш болмауы керек.
10. Қатты және сұйық тұрмыстық қалдықтарды жою қолданып жүрген нормативтерге сай арнайы имараттарда (қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондарда, ассенизациялау және жыртуға арналған танаптарда, мал көметін орындарда, канализациялық құрылымдар жүйесінде) жүргізіледі.
Қалдықтарды, оған арналмаған басқа жерлерге апарып тастауға немесе ауыл шаруашылығына арналған танаптарға көмуге болмайды.
11. Қоғамдық түрде пайдаланылатын орындарда (алаңдар, көше, парк, вокзал, аэропорт, базар, қалалық көліктің аялдамаларында, демалу орындарында) урналар қойылуы керек. Халық көп жүретін жерлерде урналар әрбір 40 метр (бұдан әрі - м) сайын, ал адамдар аз жүретін жерлерде әрбір 100 м сайын қойылуы керек. Көлік аялдамаларында урналарды қою міндетті түрде жүргізілуі керек. Урналарды тазалау толуына байланысты жүргізіледі.
12. Көшелердегі жол бетін жуғанда астаушаға жиналатын лас заттар өсімдіктер егілген жерлерге және тратуарға түспеуі керек.
13. Қозғалыс қарқынды жүретін көшелердің микроклиматын жақсарту үшін жылдың ыстық кездерінде (25 градус Цельсия (бұдан әрі - о С) жоғары болғанда) көшені сумен жуу керек.
14. Жаңбырдан кейінгі су ағары жоқ көшелер сыпырып, тазартатын машиналар арқылы тазаланып отыруы керек.
15. Күзде жапырақтар көптеп түсе бастаған кезде олар уақытында жиналып отыруы керек. Жиналған жапырақтарды арнайы шірітуге арналған орындарға апарып, төгу керек. Жиналған жапырақтарды тұрғын үй аудандарында, парктерде жағуға болмайды.
16. Жуғыш, тазалағыш машиналарды техникалық сумен толтыру жұмысын - мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың мемлекеттік органдарымен келісілгеннен кейін ғана ашық су көздерінен алынған сумен толтыруға болады.
17. Көк шөптің үстіне мұз ойындыларын, лас қарларды тастауға және жинауға болмайды.
18. Нысандардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің аумақтарында санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарының келісімінсіз дәретханалар, қазылған шұңқырлар және контейнерлерге арналған алаңдарды салуға және оны қайта жабдықтауға болмайды.
19. Жағажай жабылған соң негізгі тазалау жұмыстары - жағалауды, киім шешкіштерді, дәретханаларды, көгалдарды, бос ыдыстарды жуу және дәретханаларды зарарсыздандыру жүргізіледі. Күні бойы ағымдағы тазалау жұмыстары жүргізіледі. Жиналған қалдықтар таңғы сағат 8-ге дейін тасылып, алынып кетуі керек.
20. Урналар әрбір 1600 шаршы метр (бұдан әрі - м 2 ) жерге бір-бірден қойылып, көгалды жермен арасы 3-5 м, ал су жағасынан 10 м болып, бір-бірінен ара қашықтығы 40 м-ден алыс болмауы керек.
21. Сыйымдылығы 0,75 куб метр (бұдан әрі - м 3 ) контейнерлер әрбір 3500-4000 шаршы метр жағажай көлеміне бір-бірден қойылуы керек.
22. Жағажай аумағында 75 адамға 1 орыннан деген есеппен, шомылу орындарынан кем дегенде 50 м, әрі дегенде 200 м ара қашықтықта қоғамдық дәретханалар болуы керек.
23. Жағажай аумағында қолданылып жүрген нормативті құжаттардың талабына сай ауыз су ретінде қолданылатын фонтандар болуы керек. Фонтандардың арасы 200 метрден аспауы керек. Фонтандардан жиналған ағынды су жағажайдың жасыл алаңдарындағы өсімдіктерді суғаруға жұмсалады. Оларды жағажай шекарасынан 100 метрдей төмен орналасқан ағынды суға қосуға болады. Ауыз су үшін қолданылатын фонтандардың суын басқа мақсатқа пайдалануға болмайды.
24. Ашық және жабық шешінетін орындар, шешінуге арналған павильондар, гардеробтар күн сайын Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген зарарсыздандырғыш дәрмектердің ерітінділерін пайдалану арқылы жуылып отырылуы керек.
25. Жағажайға күн сайын жаңа таза құм және домалақ тастар әкелініп отырылуы керек.
26. Жағажайлардағы құмды қоқыстарды жинай отырып, механикаландырылған жолмен жетісіне кем дегенде 1 рет босаңсыту керек. Босаңсытқаннан кейін оның бетін тегістеу керек.
27. Шомылуға арналған жерлерде кір жуып, жануарларды шомылдыруға болмайды.
28. Парктердің шаруашылық аумағының қоқыс жинағыштарға бөлінген учаскесі демалушылардың көп жиналатын жерінен (би алаңдары, эстрада орналасқан жерден, фонтандардан, басты аллеялардың, көрсету павильиондарынан) кем дегенде 50 м қашықтықта орналасуы керек.
29. Урналар саны мынандай есеппен шығарылады: 800 м 2 парк алаңына 1 урна. Басты аллеяларда урналардың арасы 40 м көп болмауы керек. Сауда орындарының қасында міндетті түрде урна қойылуы керек.
30. Демалушылардың көптеп жиналатын орындарынан алыс жерде қалдықтарды жинау ыңғайлы болу үшін, оларды уақытша сақтауға арналған аралық жинағыштар қарастырылуы керек.
31. Шаруашылық алаңдарындағы контейнерлердің керекті санын анықтағанда 3 күн ішінде жиналатын қалдықтарды есептей отырып шығару керек.
32. Қоғамдық дәретханалар бір орынға 500 адам деп есептеп, демалушылардың көптеп жиналатын орнынан 50 м алыс емес жерде орналасуы керек.
33. Парктерді жабылғаннан кейінгі жинау жұмыстары таңертеңгі сағат 8-ге дейін бітуі керек. Күндіз қоқыстарды, түскен жапырақтарды жинап, ағымдағы тазалау жұмыстарын жүргізіп, өсімдіктер суғару керек.
34. Аурухана ұйымдарында пайда болатын қалдықтарды жинау, сақтау, сыртқа шығару нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрде 2004 жылы 26 қаңтарда N 2674 тіркелген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 13 қаңтарындағы N 19 "Медициналық ұйымдардан шығатын қалдықтарды жинауға, пайдалануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы бұйрығына сай жүргізілуі керек. см. V055264
35. Ғимараттарды пайдаланатын мекемелер, тұрғын үй бөлімдері, кәсіпорындар және мекемелер, үйлердің коменданттары мен басқарушылары мыналарды істеуге тиіс:
1) тұрмыстық қалдықтарды жинап әкетуге келісім шартты уақытында жасау;
2) елді мекендердің аумақтарында санитарлық ережелерді сақтауға арналған шараларды тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіп, оларды орындауға бағытталған шараларды ұйымдастыру;
3) су өткізбейтін қатты беті бар қоқыс жинағыштарға арналған алаңды қарастырып, жабдықтау;
4) аула сыпырушыны тамақ қалдықтарын жинауға, көше мен аула сыпырындысын сақтауға арналған керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету;
5) қоқысқабылдағыш камераларды, алаңдарды, сондай-ақ, басқа да қалдықтарда кездесетін шыбындарға қарсы зарарсыздандыру, дезинсекция, тазалау жұмыстарын жүргізуге шара қолдану.
36. Елді мекеннің аумағын жинайтын ұйым әкімшілігі мыналарды іске асыру керек:
1) тұрғын үйлер, ұйымдар, мекемелер және кәсіпорындар аумағынан тұрмыстық қатты және сұйық қалдықтарды (келісім шарт бойынша) уақытында әкетуді;
2) әрбір арнайы машинаға маршрут графигі жасалынып, оның қозғалыс сызбасын дайындап, керек болғанда, пайдалану барысында жағдай өзгергенде өзгертулер енгізіп отырулары керек;
3) азаматтардың жеке меншігіне жататын үй құрылыстары жүргізілген ауданда жетісіне кем дегенде 2 рет тұрмыстық қатты қалдықтардан тазалаудың тұрақты-жоспарлы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу.
3. Тұрмыстық, өнеркәсіптік және тағамдық қатты
және сұйық қалдықтарды жинауға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар
37. Үй иеліктерінің, ұйымдардың, мәдени-көпшілік мекемелерінде, демалыс орындарында қоқыс пен қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді қоюға көліктің келуіне ыңғайлы жолы бар арнайы алаң бөлінуі керек. Алаң су өткізбейтін қабатпен жабылып, үш жағынан бұта ағаштармен қоршалуы керек.
38. Контейнерлер қоятын алаңдар тұрғын үйлерден және қоғамдық ғимараттардан, барлық ұйымдардан, спорттық алаңдардан және халықтың демалатын орындарынан кем дегенде 25 метр (бұдан әрі - м) жерде орналасып, 100 м әрі қашықтықта болмауы керек. Алаңның мөлшері кем дегенде 5 контейнер қойылатындай болуы керек. Контейнерлермен алаң шетінің ара қашықтығы 1,0 м кем болмауы керек. Алаңға көлік келетіндей ыңғайлы жол қарастырылуы керек.
39. Осындай ара қашықтықты сақтауға болмайтын құрылысы қалыптасқан аудандарда дәретханалар, контейнерлік алаңдар аудандық сәулеткердің, тұрмыстық-пайдалану ұйымдарының, аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарының мамандары қатысқан комиссия арқылы шешіледі.
40. Қойылатын қоқыс жинағыштардың (контейнерлердің) санын, осы қоқыс жинағыштарды пайдаланатын халықтың санына, қалдықтардың жиналу нормасына, қалдықтардың сақталу мерзіміне қарай есептейді. Қоқыс жинағыштардың есепті мөлшерін қоқыстың ең көп жиналатын уақытына қарап есептейді. Қалдықтардың (жиынтықтардың) жиналу нормасы қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сай жүргізілуі керек.
41. Қоқыс жинағыштарда (контейнерлерде) қоқысты сақтау мерзімі жылдың суық мерзімінде (ауа температурасы 0 және одан төмен болғанда) 3 тәуліктен аспай, ал жылдың жылы мезгілінде (температура + болғанда) 1 тәулікте аспауы керек.
42. Қолайлы тұрғын үй-жайлары қалыптасқанда тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға стандартты темір контейнерлер қолданылады (0.75 м 3 ), жеке меншіктегі үй иелігінде (ағаштан, темірден және басқа да заттардан) жасалған қақпағы бар сыйымдылықтарды пайдалануға болады.
43. Темір контейнерлер жаз кезеңінде кем дегенде 10 күнде 1 рет және (ауыстырылатын жүйе) қарастырылғанда әрбір (ауыстырылымнан кейін) жуылуы керек.
44. Контейнерлерден, арнайы автокөліктерден қайталана қолданылатын шикізаттарды (шүберектерді, банкілерді, бөтелкелерді және басқа да заттарды) пайдалану үшін алуға болмайды.
45. Жаңадан салынып жатқан 5 қабаттан кем емес тұрғын үйлерді салғанда қоқыс өткізгішті қарастыру керек.
46. Қоқыс өткізгіштен қабылдайтын камераға баратын жол үйге кіретін жолдан бөлек болуы керек. Қоқыс қабылдайтын камерада сыйымдылығы 1 тәулікке жететін контейнерлер болуы керек.
47. Қоқыс жинайтын камераның мөлшері кем дегенде 2х1,5 болуы керек, оған баратын дәліздің ені 1,3 м, биіктігі 1,95 м болып, едені келетін асфальт жолдың деңгейінде болуы керек. Тұрмыстық қалдықтарды қоқыс қабылдайтын камераның еденіне қоқысты тастауға болмайды. Қалдық толтырылған сыйымдылықтарды арнайы автокөліктің келуінен (бір сағат) бұрын қалдық қабылдайтын камерадан сыртқа шығаруға болмайды.
48. Қалдық қабылдайтын камераларына ыстық, суық су жүйелері келтірілуі керек, еденде канализациямен жалғасқан ойық жыра болуы керек.
49. Саты алаңдарында орналасқан қоқыс өткізгіштердің қақпағы тығыз жабылу үшін резеңке төсенішпен жабдықталуы керек. Қоқыс өткізгіштер жеті сайын тазаланып, зарарсыздандырып отырылуы керек, ол үшін тиісті қондырғылармен жабдықталуы керек.
50. Қоқыс өткізгіштерді зарарсыздандыру жұмыстарын осындай жұмыстарды жүргізуге құқық беретін лицензиясы бар ұйымдар жүргізуі керек. Зарарсыздандыру үшін Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген дәрмектер қолданылуы керек.
51. Сұйық қалдықтарды канализациясы жоқ үй иелігі қабырғасы су өткізбейтін, төбесі қақпақпен жабылған тазаланылатын шұңқырға құяды. Оның үсті қақпақпен жабылып, қатты қалдықтар үшін торлы көзі болуы керек. Аулалық дәретхана бар жерлерде сорып алу шұңқырлары жалпылай болғаны дұрыс.
52. Канализациямен қосылмайтын ауладағы және қоғамдық дәретханалар тұрғын және қоғамдық үйлерден, балалар ойнайтын алаңнан, дем алатын орындардан кем дегенде 25 м қашықтықта орналасуы керек.
Орталықтандырылмаған су көздерін пайдаланғанда дәретханалар құдықтан, бұлақ көздерінен кем дегенде 50 м қашықтықта орналасуы керек.
53. Ауладағы дәретханалар жер үстіндегі бөліктен, қазылған шұңқырдан тұруы керек. Дәретхананың жер үстіндегі бөлігі бір-біріне тығыз қилыстырылған заттардан (тақтайдан, кірпіштерден, блоктардан) жасалынуы керек. Қазылған шұңқыр су сіңдірмеуі керек. Шұңқырдың тереңдігі жер астындағы судың деңгейіне байланысты, бірақ 3 м кем болмауы керек. Қазылған шұңқырдың толуы жер бетінен 0,35 м болғанда тазаланып отыруы керек. Мұндай шұңқырларды тазалау толуына байланысты жүргізіліп, кем дегенде жарты жылда 1 рет тазалану керек.
54. Ауладағы дәретханаларды тазалау күн сайын жүргізілуі керек. Дәретхананың жер бетіндегі бөлігі кеміргіштер мен жәндіктер үшін кіре алмайтындай берік болуы керек. Канализацияға қосылмайтын дәретханалар, қазылған шұңқырлар 10 күнде 1 рет зарарсыздандырылып отыруға тиіс.
55. Жұқпалы аурулар және туберкулезді емдейтін мекемелерден тағам қалдықтарын жинауға болмайды.
56. Сауда нысандарында және қоғамдық тамақтандыру орындарында тамақ қалдықтарын уақытша сақтау мұздатқыш камераларда немесе басқа да суытқыш үй-жайларда жүргізілуі керек.
Тағамдық қалдықтарды жинауға арналған сыйымдылықтар жуу және зарарсыздандыру заттарын қолдана отырып, кем дегенде 10 күнде 1 рет жуылуы керек.
4. Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондардың
күтіп-ұсталуына және құрылымына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
57. Елді мекендерге арналған полигондар, ондағы халықтың санына қарамастан құрылады. Елді мекендердің бір тобы үшін орталықтандырылған полигон салуға болады.
58. Полигонды пайдаланылатын ұйымдарда мынандай жұмыстар әзірленуге тиіс:
1) полигонның жұмыс істеу кестесі мен уақыты;
2) тұрмыстық қалдықтарды қабылдау туралы нұсқау;
3) полигонда жұмыс істейтіндер үшін техникалық қауіпсіздік және өндірістік санитария нұсқауы.
59. ҚТҚ полигонына тұрмыстық және қоғамдық ғимараттардың, сауда кәсіпорындарының, қоғамдық тамақтандыру орындарының қалдықтары, бақ-саябақтардың сыпырындысы, құрылыстық қоқсықтар және өнеркәсіптік қалдықтардың қатты түрлері (ІІІ-ІV сынып қауіптілігіне жататын), сондай-ақ тәжірибелік әдіспен анықталған қауіпсіз қалдықтар қабылданады. Мұндай қалдықтардың тізімі аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің органдарымен келісіледі.
60. Қатты тұрмыстық қалдықтармен бірге жинауға жіберілетін өндірістік қалдықтардың ылғалдылығы 85% аспауы керек. Қалдықтар жарылыс тудырмайтындай, өз бетімен жанатындай болмауы керек. Сұйық және қою қалдықтар ҚТҚ полигонына қабылданбайды.
61. ІV сынып қауіптілігіне жататын өндірістік қалдықтар полигонға ешбір шектеусіз қабылданып, оқшаулағыш материал ретінде қолданылады. Бұл қалдықтардың сулы суырындысындағы (1 кг қалдыққа - 1 л су) улы заттардың деңгейі ҚТҚ-ның сүзіндісі тұсында мынандай сипаттарға ие болуы керек: оттегіге деген биохимиялық көрсеткіштің керектілігі (ОБК толық ) және оттегіге деген химиялық қажеттілігі (ОХҚ) 1 литрге 300 миллиграмнан/л (мг/л) аспай, құрылымы бір келкі болып, олардың фракцияларының көлемі 250 мл аспауы керек.
Шектеусіз қабылданатын ІV сыныпқа жататын өндірістік қалдықтардың тізімі, осы санитарлық ережелердің 1 қосымшасының 1 кестесінде берілген.
62. Тұрмыстық қалдықтармен бірге жиналатын улы заттардың деңгейі ҚТҚ-ның сүзіндісі тұсында және ОБҚ 20 және ОХҚ 400-5000 мг/л О 2 болғанда қауіптілігі ІІІ және ІV сыныптарға жататын өндірістік (осы санитарлық ережелердің 1 қосымшасының 2 , 3 кестелерінде көрсетілген) қалдықтар шектеулі көлемде (тұрмыстық қатты қалдықтар массасының 30% аспауы керек) алынады.
63. Қауіптілігі ІІІ және ІV сыныптарға жататын өндірістік қалдықтарды шығару санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің аумақтық органының келісімімен жүргізіледі.
64. Полигонда қызмет көрсетілетін ұйымдардың атауы болып, олар жіберетін қалдықтары мен олардың мөлшері көрсетілген тізім болуы керек.
65. Полигонға шығарылатын өнеркәсіптік қалдықтардың әрбір партиясына осы санитарлық ережелердің 2 қосымшасына сай анықтама рәсімделуі керек.
66. ҚТҚ полигондарына химиялық қалдықтар мен арнайы имараттарда зиянсыздандырылмаған індет туғызу қаупі бар қалдықтарды қабылдауға болмайды. Қатты, сұйық және қою радиоактивтілігі бар қалдықтарды радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қолданыстағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ететін нормативті құқықтық актілердің (бұдан әрі - НҚА) талаптарына сай ұйымдастырылған арнайы полигондарда зиянсыздандырылуы керек.
67. Өндірістік ұйымдардан алынған улы заттар, ауыр металдар, жанғыш және жарылғыш заттары бар қатты және қою қалдықтарды (І, ІІ қауіпті топтағылар) көму және залалсыздандыру жұмыстары қолданыстағы НҚА талаптарына сай ұйымдастырылған полигондарда көмуі керек және ондағы көрсетілген жинау тәртібі мен тасымалдау, залалсыздандыру және өндірістік улы қалдықтарды көму ережелерін сақтау керек.
68. Жануарлардың өлекселерін, еткомбинаттарының жарамсыз өнімдерін зиянсыздандыру қолданылып жүрген санитарлық-малдәрігерлік ережелерге сай мал көметін орындарда, жоятын зауыттарда, арнайы биотермиялық камераларда жүргізілуі керек.
69. Полигондарда екінші рет қайта қолданылатын шикізаттарды жинауға және оларды сақтаудың уақытша орындарын орналастыруға және жинауға болмайды.
5. Тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған
полигонын орналастыруға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
70. ҚТҚ полигонын орналастыруға арналған учаскені таңдағанда климатогеографиялық және топырақ ерекшеліктерін, геологиялық және гидрологиялық жағдайларын есепке алу керек.
Полигондарды орналастыруға мынандай жағдайда рұқсат етілмейді:
1) полигондарды су көзінің және минералды су көздерінің санитарлық қорғау аумақтарында орналастыруға болмайды;
2) барлық курорттардың қорғау аумақтарында;
3) жер қыртысының жарықтары жер бетіне жақын орналасқанда;
4) сулы горизанттардың жер бетіне шыққан орындарында;
5) халықтың жаппай демалатын орындарында және сауықтыру мекемелері орналасқан жерлерде.
71. Полигондарға арналған учаске елді мекеннің бекітілген бас жоспарына немесе құрылыстарының жоспарына сай бөлінуі керек. Полигонды жазық жерде орналастырған дұрыс. Полигондарды сайлар мен жыраларға орналастыруға болады, олардың әрбір бөліктерін тереңдігі жағынан жоспарлау керек. Жылына 1000 тонна қалдық қабылдайтын полигон учаскесінің ауданы 0,02-0,05 гектар (бұдан әрі - га) болып, пайдалану мерзімі 20 жылға есептелуі керек.
72. Полигонның шекарасынан тұрғын үйлердің шекарасына дейінгі арақашықтығы 500 м кем болмайтын санитариялық-қорғаныс аймағы (бұдан әрі - СҚА) бар полигондар елді мекен шекарасынан тыс жерде орналасуы керек. Сондай-ақ СҚА-ның аумағы атмосфераға түсетін газ тәрізді заттардың мөлшеріне байланысты анықталады. Егер нормативті аумақтың шекарасында ҚРШШ көп болатын болса, онда оның шекарасы 1,0 қанықпаның рұқсат етілген шегі (бұдан әрі - ҚРШШ) беретін белдеу арқылы анықталады. Санитарлық-қорғаныс аумақтың ең аз дегенде 50% көгалдандырылуы керек. Тұрғын үй-жайлар орналасқан аумақ жағынан ені 50 м кем болмайтын ағаш-бұталы өсімдіктер отырғызылуы керек.
73. ҚТҚ полигондары құрылымы, пайдаланылуы және оларды қайта өңдеу белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі.
Жинау аймағы полигонды пайдалану кестесіне сай кезекті түрде қалдықтармен толтырылатын (карталарға) бөлінеді.
74. Тығыздалған ҚТҚ-ның арасын және ақырғы рет көмуге керекті топырақты алу үшін, жинау аймағының (учаскесінің) барлық көлеміне қазан шұңқыр қарастырылуы керек. Қазан шұңқырлардан алынған топырақ полигонның периметрі бойынша үйіледі.
75. Полигондардағы қалдықтарды залалсыздандыру үшін бурттарда далалық компостау әдісі пайдаланылады, ал жылына 120 мың м 3 ҚТҚ қабылдайтын полигондар үшін ҚТҚ-ды жинау траншейлі сызба арқылы жүргізіледі. Траншеялардың тереңдігі 3-6 м, ал жоғарғы жағының ені 6-12 м болуы керек. Траншеялар желдің жиі соғатын бағытына көлденең орналастырылады.
76. Траншеяларды қазу барысында алынған топырақ ҚТҚ-мен толтырылған траншеяларды жабуға жұмсалынады. Ылғалдылығы 55% ҚТҚ-ды жинайтын қазан шұңқырлардың түбі, орташа жылдық жауын-шашын көп болатын климаттарда аумақтарда су өткізбейтін сазды топырақ кем дегенде 0,5 м тереңдікке қазылуы керек.
77. Бір траншеяның ұзындығы оның толтырылу уақытын есепке ала отырып анықталуы керек:
1) температурасы 0 0 С-ден жоғары болған кезеңде - 1-2 ай ішінде;
2) температурасы 0 0 С-ден төмен болған кезеңде - топырақтың барлық тоңазу кезінде.
78. ҚТҚ-ны батпақты жердегі суларға, қар суы басып кететін учаскелерге тікелей жинауға болмайды, мұндай жерлерде ҚТҚ полигонын жасау үшін, жер беті, қар суларынан деңгейі 1 метрден асатын инертті материалдардан төкпе жасау керек. Төкпе жасардан бұрын су өткізбейтін экран қарастырылуы керек. Егер жер асты сулары 1 м жоғары тереңдікте жататын болса, онда ол жердің бетіне оқшаулайтын қабат төселініп, оның топырағы құрғатылуы керек.
79. Шаруашылық аумағында өндірістік-тұрмыстық ғимараттар, гараждар, механизмдер мен машиналарға арналған төбесі жабық алаңдар қарастырылуы керек. Қызметкерлерді керекті мөлшерде ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтамасыз ететін көз қарастырылып, олардың тамақ ішетін бөлмесі және дәретхана қарастырылуы керек. Шаруашылық аумақтың алаңдары бетондалып немесе асфальттанады. Жарық беріліп, қоршауға алынады.
80. ҚТҚ-ның контейнерлердің жуатын алаң шаруашылық аумағынан тыс жерде орналасуы керек, ол жерде жуу бөлімшесі қарастырылып, оған суық су әкелінуі керек. Таза және лас контейнерлерді таситын, сондай-ақ полигонға қоқыс әкелетін жолдар бірімен-бірі қиылыспау керек.
81. Құбыр арқылы келетін су жоқ болғанда контейнерлерді жуу, сырттағы ауаның температурасы плюс 5 0 С-ден жоғары болғанда, су себетін көлік арқылы жүргізіледі.
82. Контейнерлерді жуған соң жиналған суларды булану үшін карталарға немесе ҚТҚ-ды ылғалдандыру үшін пайдалану керек.
83. Полигоннан шыға берісте зарарсыздандырғыш қондырғы - қоқсық жинағыштардың дөңгелектерін зарарсыздандыратын ұзындығы кем дегенде 8 м, ені 3 м, тереңдігі 0,3 м болатын бетондалған ванна қарастырылуы керек. Бұл ванна мемлекеттік тіркеуден және сертификаттаудан өткен зарарсыздандырғыш заттардың ерітіндісімен толтырылуы керек.
84. Полигонның барлық ауласының периметрі бойынша жеңіл қоршау жүргізіледі. Оны тереңдігі 2 м астын құрғататын траншея немесе биіктігі 2 м аспайтын топырақ үйінділері алмастыра алады. Шаруашылық-тұрмыстық ғимараттың алдына шлагбаум орналастырылады. Түнде полигонның ауласы жарықтандырылуы керек. Жұмыс карталарының ең төменгі жарықтануы 5 люкстен кем болмауы керек.
85. Полигонның көгалында (периметрі бойынша) ҚТҚ-дың жер асты суларына әсерін есептеу үшін бақылау ұңғымалары қарастырылып, олардың бірі полигоннан жоғары жер асты суларының ағыны бойында, 1-2 ұңғыма полигоннан төмен жерде орналастырылады. Ұңғымаларға автокөлік баратын жолдар қарастырылып, суларды жинайтын немесе сынама алу үшін суларды құйып алатын сыйымдылықтар қарастырылады.
6. ҚТҚ полигондарын пайдалануға және оларды
консервациялауға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
86. Полигонға жеткізілетін ҚТҚ санының есебі арнайы жорналда жүргізіледі (осы санитарлық ереженің 3- қосымшасы).
87. ҚТҚ-ны жинау жұмысшы карталарына сай жүргізіледі. ҚТҚ-ның аралық немесе ақтық рет оқшаулау тығыздалған қабаты қалыңдығы 2,0 м топырақпен немесе басқа инертті материалдармен жабу арқылы жүргізілуі керек. Жазық жерлерде орналасқан ҚТҚ-ның полигондарын оқшаулау жаз мезгілдерінде күн сайын, ал температура +5 0 С-ден төмен болғанда 3 тәулік сайын жүргізілуі керек.
88. Қыс мезгілінде оқшаулағыш материал ретінде көмір қождарын, өндірістік қалдықтарды: әкті, борды, гипсті, графитті, асбоцементті, шиферді пайдалануға болады.
89. ҚТҚ-ның полигондарында жинап, сақтау кезінде периметрі бойынша оқшауланып, тығыздалуы керек, 5 тәулікте бір рет жоғарғы жағынан оқшаулауға (траншеяны жабу) рұқсат етіледі.
90. Қоқсық жинағыштардан төккенде және ҚТҚ жинағанда қалдықтардың жеңіл түрлерін ұстап қалу үшін, жылжымалы тор қоршауларды жел тұратын жағынан тіктей орнатады. Кем дегенде ауысымына бір рет жылжымалы қалқаншаларда ұсталған қалдықтарды жұмысшы карталардың беттеріне жинап, орналастырады, олар үстіңгі жағынан оқшаулайтын топырақпен тығыздалады.
91. Жер асты және бетіндегі жиналған суларды ашық су қоймаларына апаратын айналмалы каналдар жүйелі түрде қалдықтардан тазаланып отырылуы керек.
92. Полигонның қызмет көрсететін персоналы кем дегенде 10 күнде бір рет полигонның СҚА және полигонға келетін жолдың жанындағы жерлерді тексеруден өткізулері керек. Олар ластанған жағдайда, тазалануы керек.
93. Полигонның аумағында ҚТҚ-ны жағуға қатаң тиым салынады, ал олар өз бетінен жанған жағдайда сөндірілуі керек.
94. Полигонды жабу жобалау барысында қарастырылған биіктікке жететіндей етіп, топырақпен жапқаннан кейін жүргізіледі. Жапқан топырақтың сығымдалу салдарынан төмендейтінін еске ала отырып, пайдалану уақыты 5 жылдан кем полигондарды топырақпен жапқанда жобаланған шамадан 10% көп мөлшерде жабу керек.
95. Полигонды жабар алдындағы үстіңгі ақырғы қабат су жібермейтін топырақпен жабылуы керек.
96. Үстіңгі ақырғы қабатты жобалағанда полигонның шет жағында су ағатын еңістіктерді қарастыру қажет.
97. Полигонның сыртқы еңістіктерін бекіту пайдаланудың басынан бастап, қабырғасы көтерілген сайын жүргізіліп отырылуы керек. Полигонның сыртқы еңістіктерін бекітуге өсімдіктер өсетін топырақты пайдалануға болады.
98. Полигонның жоғарғы жабылатын қабатын құру полигон жабылған соң, оны әрі қарай пайдаланудың алдын ала қарастырылған жағдайларға байланысты анықталады. Жабық полигонды ормансаябақты кешенін, шаңғы спортына арналған төбе немесе айналаны көруге арналған қарайтын алаң жасау үшін пайдаланғанда жабылатын сыртқы қабаттың қалыңдығы кем дегенде 0,6 м болуы керек.
99. Полигонның шеткі еңіс беттерінің сумен шайылып, желмен ұшырылып кетпеуі үшін, сыртқы оқшаулағыш қабатын жапқаннан кейін, оларды терраса түрінде көгалдандыру керек. Егілетін ағаштар мен бұталар жердің климаттық жағдайына байланысты таңдалынып алынады.
100. ҚТҚ полигонының аумағын тағамдық заттардан басқаға арналған қоймаға пайдалану үшін жоғарғы оқшаулағыш қабаттың қалыңдығы 1,5 м кем болмауы керек. Қалдықтардың жоғарғы беті оқшаулағыш қабатпен жабылғанға дейін мұқият түрде тегістеліп, тапталынуы керек.
101. Қайта өңделген полигон аумағын күрделі құрылыс жұмыстары үшін пайдалануға болмайды.
7. Қалдық карьерлеріне қайта өңдеу жүргізгенде,
одан шығатын қалдықтарға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
102. Пайдаланылуы біткен карьерлер, жасанды түрде пайда болған қуыстар жаңбыр және ағынды сулар жиналатын орын болып табылады. Осындай аумақта шаруашылыққа жарамды етіп, пайдалану үшін, бұл жерлерде қайта өңдеу жұмыстары жүргізіледі.
103. Мұндай карьерлерді, басқа да жасанды түрде пайда болған қуыстарды ҚТҚ-ның белсенділігі жоқ, қауіптілігі жағынан 3-4 сыныптарға жататын қалдықтарымен толтыруға болады. Мұндай қалдықтармен ой-шұңқырларды толтыру үшін, олар алдын-ала морфологиялық, физикалық-химиялық тұрғыдан тексерістен өтуі керек. Бұлардың құрамындағы тағамдық қалдықтар 15% аспауы керек. Қалдықтар орналастыратын орынның түбі полигонды жобалау, пайдалану және қайта өңдеуден өткізерде қойылатын талаптар тәртібіне сай болуы керек.
104. Қайта өңдеуден өткізетін карьерлердің СҚА мөлшері ҚТҚ-ның қоқыстиейтін стансасының СҚА мөлшерімен бірдей болып, жақын орналасқан құрылыстардан кем дегенде 100 м жерде орналасуы керек. Қайта өңделетін карьерлер жеңіл қоршалынып, шаруашылық жұмыстарын жүргізу үшін уақытша нысандар қарастырылуы керек.
105. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары осы ережелердің талаптарына сай карьерлерді қайта өңдеуден өткізгінде, оларға санитарлық қадағалау жұмыстарын жүргізеді.
8. ҚТҚ полигонын пайдалану барысында жүргізілетін
өндірістік бақылауға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
106. Полигондар ҚТҚ мен кейбір өнеркәсіптік қалдықтарды қабылдағанда, бекітілген нұсқауларға сай технологиялық бақылауды полигонның зертханасы жүргізеді. Зертхана полигонға қабылданатын қалдықтардың фракциялық, морфологиялық және химиялық құрамын; контейнерлердің жуылу тәртібінің қадағалануын; атмосфералық ауаның, ашық су айдындарының суының ластану жағдайын, полигонның жұмысшы аумағында және СҚА шекарасындағы жер асты суларының ластануын бақылайды.
107. Жерасты суларының қандай тереңдікте орналасуына байланысты оған бақылау жүргізіліп отыру керек. Полигонның көгалдандырылған аумағында және полигонның СҚА ұңғымалар, құдықтар немесе ұңғымалардың қазылуы жобалануы керек. Бақылау қондырғыларын қалдық сүзіндісі әсер етпейтін полигоннан жоғары орналасқан жер асты сулары келетін жерде орналастыру керек.
Полигоннан жоғары орналасқан жер беті су көздерінен және полигоннан төмен орналасқан су әкететін каналдардың бойында жер беті суларынан сынама алатын орын жобалануы керек.
108. Сынамалар алынған жер асты және жер беті суларынан аммиакты, нитраттарды, гидрокарбонаттарды, кальцийді, темір хлоридін, сульфаттарды, литийді, ОБК, ОХК, органикалық көміртектерді, рН, магнийді, кадмийді, хромды, цианидтерді, қорғасынды, сынапты, күшәнді, мысты, барийді, құрғақ қалдықтарды анықтайды. Алынған сынама гельминтологиялық және бактериологиялық тексерістен өтеді. Егер ағыстың төменгі жағынан алынған сынамаларды анықталатын заттардың қанықпасының мөлшері бақылауға алынатын сынамадағы мөлшерден көп болса, бақылау жасайтын органдармен келісе отырып, анықтайтын көрсеткіштер сан көбейтіледі, ал егер анықталған заттың ҚРШШ-ы нормадан асып кетсе, олардың жер асты суларына түсуін азайтып, нормативті ҚРШШ деңгейіне дейін төмендететін шараларды қарастыру қажет.
109. Полигон үстіндегі және СҚА шекарасындағы атмосфералық ауаға жасалынатын қосындыларды анықтауға бағытталған тексерістер тоқсан сайын жүргізілуі керек. Анықталатын көрсеткіштердің мөлшері және кезеңділігі полигонға жасалынатын өндірістік бақылаудың жобалау сатысында анықталады. Атмосфералық ауаға алынған сынамадан метанды, күкірт сутегіні, аммиакты, көміртегінің тотығын, бензолды, үш хлорметанды, төрт хлорлыкөміртегіні, хлорбензолды анықтайды.
110. Егер, полигонның СҚА шекарасындағы атмосфералық ауада ҚРШШ-тан жоғары ластануы анықталғанда және жұмыс аумағында ҚРШШ-тың деңгейі жоғары болса, ластанудың төмендететін шаралар қарастырылуы қажет.
111. Өндірістік бақылау жүйесі полигон аумағындағы топыраққа әсер ететін жерде тұрақты бақылау жүргізуді талап етеді. Топырақтың сапасы химиялық (ауыр металдардың барлығына, нитриттердің, нитраттардың, гидрокарбонаттардың, органикалық көміртегінің, рН, цианидтердің, қорғасынның, сынаптың, күшәннің), микробиологиялық (бактериологиялық жалпы санды, колититрді, протейлердің титрін), паразитологиялық (гельминт жұмыртқаларын) және радиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталады.
9. Төгетін стансалардың құрылымына және
күтіп-ұсталуына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
112. Елді мекенде орталықтандырылған канализациялық жүйеге қосылмаған нысандар, тұрғын үйлер бар болса, канализация желісіне жиналған суларды қабылдау және төгу үшін төгетін стансалар қаралуы керек, оларды орналастыру санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарымен келісілуі керек.
113. Төгетін стансалар диаметрі кем дегенде 400 мм канализациялық коллектордың жанында орналасуы керек, алайда төгетін стансадан қабылданатын жиналған сулардың көлемі коллектор бойынша жалпы есепті шығынның 20%-нан аспауы керек.
114. Төгетін стансаға арналған учаске тұрғын үйлерге және қоғамдық ғимараттар мен имараттарға, сонымен бірге тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындарына қарағанда негізгі желдердің салыстырмалы жел тұратын жақтың ығынды орналасуы қажет. Жер учаскесінің көлемі 1000 л/жиналған суға 0,2 га есебімен анықталады. Учаскеге келетін жол, алаңның айналасын қорғайтын көгалдандырылған жолағы болуы керек. Келетін жол мен алаң түнде жасанды жарық көзімен қамтамасыз етілуі керек.
115. Төгетін стансаның айналасындағы СҚА көлемі 1000 метрден кем болмауы қажет.
116. Төгетін станса өндірістік және шаруашылық-ауыз су мақсатына арналған сумен мынадай есепте қамтамасыз етілуі керек: 30% - бранспойттармен көліктік құралдарды жуу үшін, 25% - каналдың қабылдайтын құйғыларының жанындағы сұйық қалдықтарды араластыру үшін, 45% тор бөлімшесіне және су шымылдығын жасау үшін және сорып шығаратын механикалық қондырғымен қосылған желдеткіші болуы керек.
117. Төгетін стансаның мынадай бөлімшелері болуы қажет: торы бар қабылдау (тиеу) бөлмесі, ірі механикалық қоспаларға арналған бөлімше, құмтұтқыштар, арнайы жинағыштарда ірі қоспалар және құмды уақытша сақтауға арналған бөлімше, әкімшілік, тұрмыстық және қосымша үй-жайлар. Әкімшілік-тұрмыстық және қосымша үй-жайлар, өндірістік үй-жайлармен бір ғимаратта орналасқан жағдайда, олар оқшауланады және кіретін есіктері бөлек болуы керек.
118. Өндірістік үй-жайлардағы температура кем дегенде +8 0 С, ал тұрмыстық, әкімшілік және қосымша үй-жайларда +16 0 С-ден +20 0 С-ге дейін, ал қыс айларында және өтпелі мерзімде жылдың жылы мезгіліндегі сыртқы ауадан 3 0 С-ге ғана жоғары бола алады.
119. Өндірістік үй-жайлардағы едендер су өткізбейтіндей, оңай жуылатындай, аралары тығыз жабылған және еңістері бар болуы тиіс. Төгетін станса сорып шығаратын механикалық қондырғымен қосылған желдеткіштің тиімді жүйесімен жабдықталуы қажет.
120. Ваккуммен толтырылатын көлік цистернасынан қабылдайтын құрылғыларға сұйық қалдықтарды төгу, қабылдай алатын тармақтар арқылы жүргізілуі қажет.
121. Төгетін стансадан қабылданатын жиналған сулардың құрамында ірі механикалық қоспалар, құм болмауы және ОБК толық көрсеткіші 1000 л/мг жоғары болуы керек. Канализациялық жүйеге жіберілердің алдында жиналған сулар торларға және құм тұтқыштарға қабылдануы қажет. Торлар мен құм тұтқыштарды тазалау жұмыстары механикаландырылған жолмен іске асырылуы қажет. Механикалық қоспалар мен құм, арнайы аузы тығыз жабылатын қақпағы бар ауыстырылатын жинағыштарға жиналады.
122. Сұйық қалдықтарға су 1:1 есебінен қосылуы керек, қатты қоспалар қоқсық үгітетін қондырғыларда ұсатылып, канализацияға жіберілуі керек, олар болмаған жағдайда қатты тұрмыстық қалдықтарды зиянсыздандыруға арналған орындарға күнделікті шығарылып отыруы тиіс.
123. Өндірістік үй-жайлар, жабдықтар, жинағыштар мен керек-жарақтар күрделі жинап-тазалау, жуып шаю жұмыстарынан өткізілуі керек; тиісті химиялық заттар қосылған ыстық сумен жуылады және зарарсыздандырылады. Керек-жарақтарды лас күйінде сақтауға болмайды.
124. Өндірістік үй-жайларда тек жұмыс бабында керек болатын құрал-саймандар, керек-жарақтар, жабдықтар мен материалдар болуы керек. Қордағы немесе жұмыс бабында пайдаланылмайтын заттар, құрал-саймандар мен материалдар қоятын бөлмеде немесе қоймада сақталуы қажет.
125. Ассенизаторлық көліктің барлық түрлерінің өтетін жерлері, жолдары мен тұратын орындары тазалықта және тиісті тәртіпте күтіп-ұсталуы керек. Ассенизациялық цистераналар ішіндегілерін төккеннен кейін сумен мұқият жуылуы керек. Стансаның аумағында жүйелі түрде шыбынға қарсы күрес шаралар жүргізіліп отыруы қажет.
126. Төгу стансасының аумағында бөтен адамдардың жүруіне тиым салынады.
127. Канализация жүргізілмеген елді мекендерде қатты және сұйық қалдықтарды бір-бірінен бөлек жинау керек. Сұйық қалдықтар қазылған шұңқырға жиналады және ассенизациялық көлікпен ассенизация даласына немесе жыртылған далаларға шығарылады.
128. Ассенизация далалары ыңғайлы келетін жолдары бар, тұрғын үй аймағының шекарасынан кем дегенде 1000 м ара қашықтықта, орналасуы керек.
129. Далалар жазғы және қысқы аумақтарға, сонымен бірге бөлек учаскелерге (карталар) бөлінуі қажет. Сұйық қалдықтар 20 см тереңдікке жыртылған жерлерге төгілуге тиіс. Қысқы учаскелерді күзде жыртып, қыста төгеді, ал көктемде учаске кепкеннен кейін қайта жыртады.
130. Ассенизация далаларына техникалық культураларды себуге болады және оларды көкөніс өсіруге пайдалануға болмайды.
131. Жырту мен ассенизация далалары қоршалуы, құбырлық сумен, жарықтандырумен, жұмысшыларға арналған үй-жайлар мен көліктерді жууға арналған алаңмен қамтамасыз етілуі қажет.
10. Қызмет көрсететін персоналға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
132. Қатты және сұйық заттарды жинау, қайта өңдеумен және пайдаланумен айналысатын барлық ұйымдар мен оларға қатысты имараттарда тұрмыстық үй-жайлар болуы керек. Тұрмыстық үй-жайларда: өзінің және арнайы киімдерді сақтауға арналған екіге бөлінген жеке шкаф, себезгімен жуынатын орын, қол жууға арналған раковиналар, сабын, орамал, дәретхана, ішуге арналған қайнатылған су құйылған бөшке, алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі салынған қобдиша болуы керек.
133. ҚТҚ полигонын басқаратын ұйымның басшылары персоналдарын арнайы киіммен және арнайы аяқ киімдермен (жыл мезгіліне сай), жеке бастың қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуі керек.
134. Сұйық және қатты қалдықтарды жинаумен, осындай ғимараттарды пайдаланумен шұғылданатын персоналдар Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілері мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрде N 2780 тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің "Міндетті түрде жұмысқа алынар алдында және кезеңді медициналық тексерістерден өтуді керек ететін зиянды өндірістік факторлардың, мамандықтардың Тізімі және зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшырайтын жұмыскерлердің жұмысқа алынар алдында және кезеңді медициналық тексерістерін өткізу туралы Нұсқауды бекіту туралы" 2004 жылғы 12 наурыздағы N 243 бұйрығына сәйкес және медициналық тексерістен өтуге тиіс. Зиянды және жағымсыз өндірістік факторлардың ықпалына ұшырайтын адамдарды жұмысқа қабылдар алдында және кезеңді медициналық тексерістерден өткізу керек.
"Елді мекендер аумағын
күтіп ұстауға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық
талаптары туралы
санитарлық-эпидемиологиялық
ережелер мен нормаларға
1-қосымша
Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына көптеп қабылданатын
және оқшаулағыш материалдар ретінде пайдаланылатын
қауіптілігі ІV сыныпқа жататын өнеркәсіп қалдықтарының
тізбесі
1-кесте
Қалдықтардың |
Қалдықтардың түрі |
1.24.01 1.39.02 1.39.03 1.39.04 1.39.05 1.39.06 1.24.02 1.24.03 1.24.05 1.27.01 1.39.12 |
Силикатты алюминий шламы СБ-Г-43-6 Витамин В-6 өндіру барысында түзілген |
Полигонға шектеулі түрде қабылданатын және бірге
сақталынатын ІІІ-ІV сыныптарға жататын өнеркәсіп
қалдықтарының тізбесі (1000 м 3 арналған қатты
тұрмыстық қалдықтардың нормативі)
2-кесте
Қалдықтардың |
Қалдықтардың түрі |
ҚТҚ-ның 1000м 3 тиесілі |
1.24.06 |
Сірке ангидридін |
3 |
1.39.13 |
Қалдықтар резитасы (формальдегид |
3 |
1.39.14 |
Көпіретін полистирол |
10 |
Электрден оқшаулағыш материлдарды өндіргенде шығатын |
||
1.39.15 |
Электротехникалық |
|
1.39.16 |
Жабысқақ таспа |
3 |
1.39.17 |
ПНП полиэтиленді |
10 |
1.39.18 |
Шынылакты мата ЛСЭ-5 |
3 |
1.39.19 |
Шыны мата Э2-62 |
3 |
1.39.20 |
Электротехникалық |
10 |
1.39.21 |
Фенопласт 03-010-02 |
10 |
Суспензиялық, эмульсиялық өндіріс барысында пайда болатын |
||
1.39.22 |
Акрилнитрол немесе метилметал крилатпен қосылған стиролдың |
3 |
1.39.23 |
Полистиролды |
3 |
1.39.24 |
Акрилонитрилбутадиен- |
10 |
1.39.25 |
Полистиролдардың |
3 |
Шекті мөлшерде қабылданатын және ерекше жағдайларда
сақталатын қауіптілігі ІІІ-ІV сыныптағы өндірістік
қалдықтардың тізімі
3-кесте
Топтардың |
Қалдықтардың |
Өндірістікқалдықтар- |
Полигондарда сақтаудың |
1.39.26. 1.39.27. 1.39.28. 1.21.06. 1.39.29. 1.39.30. 1.39.31. |
Витамин В-6 Ацетобути- Хромқұрағы Қайтарыл- Ағартылған Фаолит шаңы |
3 3 10 3 10 3 3 100 |
Қабат қалыңдығы 0,2 м аспауы керек 0,3х0,3х0,3 м Өндірістік Қабат қалыңдығы 0,2 м аспауы керек Қабат қалыңдығы 0,2 м аспауы керек Ылғалды түрде қаптарға |
Елді мекендер аумағын
күтіп ұстауға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық
талаптары туралы
санитарлық-эпидемиологиялық
ережелер мен нормаларға
2-қосымша
Полигонға жіберілетін өндірістік қалдықтар туралы
анықтама
Тіркеу N_______________
Қалдықтарды жіберген кәсіпорынның атауы_____________________________
Жіберілген күні_______________ N машина ______________ арнайы көлік
шаруашылығымен немесе полигонмен келісім N__________________________
Қалдық түрлерінің атауы_____________________________________________
Мөлшері: тоннамен___________________________________________________
м 3 _________________________________________________________
Қолдары:
Қалдықтарды тиеді___________________________________________________
Қалдықтарды полигонға тапсырды______________________________________
Қалдықтарды қабылдадым______________________________________________
Қабылданған күні____________________________________________________
Қабылданбады (себебін көрсету)______________________________________
Анықтамаға қосымша (қалдықтарды тапсыратын кәсіпорынға берілетін)
бақылау талоны
____________________________________________________________________
Қалдықтарды тапсырған кәсіпорынның атауы____________________________
Қабылданған күні __________________________ автомашина N____________
Қалдықтардың түрі _____________________ мөлшері т., м 3 ______________
Қалдықтарды қабылдаған адам_________________________________________
Қалдықтарды тапсырған адам__________________________________________
Елді мекендер аумағын
күтіп ұстауға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық
талаптары туралы
санитарлық-эпидемиологиялық
ережелер мен нормаларға
3-қосымша
Қалдықтарды қабылдау жорналы
Айы, |
Ұйым берген |
Қалдық- |
Қалдық- |
Қалдықтардың |
Карта- |
|
тонна |
метр 3 |
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2005 жылғы 24 наурыздағы
N 137 бұйрығымен бекітілген
"Парфюмерлі-косметикалық өнімдерін және ауыз
қуысы гигиенасы құралдарын өндіретін объектілердің
құрылымына, эксплуатациясына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"
санитарлық-эпидемиологиялық ережелері
мен нормалары
1. Жалпы ережелер
1. "Парфюмерлі-косметикалық өнімдерін және ауыз қуысы гигиенасы құралдарын өндіретін объектілердің құрылымына, эксплуатациясына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық ережелері мен нормалары (әрі қарай - санитарлық ережелер) парфюмерлі-косметикалық өнімдерін (әрі қарай ПКӨ) және ауыз қуысы гигиенасы құралдарын (әрі қарай - АҚГҚ) өндіретін объектілерді жобалауға, орналастыруға, ПКӨ мен АҚГҚ-ның өндірістік және санитарлық-тұрмыстық бөлмелеріне, өндірістік процестеріне, қондырғыларына және шикізат пен орайтын материалды сақтау шартына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
Осы санитарлық ережелердің талаптары косметологияда қолданылатын емдік дәрілерге таратылмайды.
2. Осы санитарлық ережелерде келесі терминдер мен анықтамалар қолданылған:
1) ауыз қуысы гигиенасының құралдары - бұл тістің немесе ауыз қуысының шырышты қабатын тазарту, алдын-алу және иісін кетіру мақсатымен, онымен қатынаста болатын, бірақ дәрілік препараттардың қатарына жатпайтын кез-келген заттар немесе құралдар;
2) парфюмерлі-косметикалық өнім - сыртқы түріне тартымды өң беру, денені тазарту, иісін кетіру, сыртқы ортаның факторларынан қорғау мақсатымен жағуға арналған құралдар;
3) иісін кетіру (дезодорация) - арнайы құралдардың көмегімен жағымсыз иістерді кетіру;
4) ирригаторлар - ауыз қуысын суландыруға арналған құралдар;
5) Грин-Вермиллиону индексі - ауыз қуысының гигиеналық жағдайының көрсеткіші;
6) қауіпсіздік көрсеткіші - адам организміне өнімнің зиянсыздығын қамтамасыз ететін сипаттамасы;
7) рекуперация - сол технологиялық процеске қайтадан қолдану үшін материалдардың бір бөлігін қайтару;
8) флоссалар - тіс аралық кеңістікті тазартуға арналған жіп.
2. ПКӨ мен АҚГҚ шығаратын және тұтынатын объектілерді
жобалауға, орналастыруға және құрылымына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
3. ПКӨ мен АҚГҚ шығаратын және тұтынатын объектілерді орналастыру, жер учаскесін беру, оны салуға және реконструкциялауға, эксплуатациялауға енгізуге жоба құжаттарын бекіту санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болғанда ғана рұқсат етіледі.
4. Объектілер жеке территорияда орналасуы керек. Өндірістің территориясы жарықтандырылуы, қоршалуы және көгалдандырылуы керек.
5. Территория өндірістік және шаруашылық зоналарға бөлінеді:
1) өндірістік зонада: өндірістік корпус, шикізат пен дайын өнімге арналған қойма бөлмесі, тұрмыстық бөлмелер, денсаулық пункті орналасады;
2) шаруашылық зонасында - жөндеу шеберханалары, ыдысты және отынды сақтайтын қойма, бу жіберетін қазандар орнатылған орын, гараж, қоқысты жинауға арналған контейнерлермен алаң, ауладағы дәретхана орналасады.
6. Шаруашылық зонасы өндірістікке қатысты желдің ық жағына орналасуы және кеңдігі 3 метрден (әрі қарай - м) кем емес жас көшеттермен (ағаштармен, тал-шілікпен және бұтамен) бөлінуі керек.
Көлік кіретін жерлер мен жаяу жүретін жол асфальттануы немесе қатты жабындысы болуы керек.
7. Ыдыстар, құрылыс және шаруашылық материалдары қоймаларда сақталынуы керек. Ыдыстарды қоймада ұстауға және асфальтты алаңның қалқаланған жерінде уақытша сақтауға болады.
Кәсіпорынның территориясына сәйкес ылдимен нөсерлік канализацияға арналған құрылғы қажет.
8. Атмосфералық сулардың ағып кетуі үшін ғимараттан және басқа құрылғыдан су жинағыштарға бағытталған ылдилар жабдықталуы керек.
9. Территория күнделікті жиналып тұруы керек; жазғы уақытта - сумен; қысқы уақытта - қардан және мұздан тазартылып, құм себілуі керек.
10. Қалдықтар мен қоқыстар үшін асфальтталған алаңға қойылған металл контейнерлер қолданылуы керек. Оның өлшемі контейнердің алаңынан үш есе артық болуы керек және өндірістік, қосалқы бөлмелерден 25 м-ден жақын орналаспауы керек.
11. Қалдықтар мен қоқыстар күніне бір реттен кем емес, контейнердің үштен екі сыйымдылығынан артық емес жиналғанда шығарылады. Босатылғаннан соң контейнерлер жуылады және дезинфекцияланады.
12. Қоқыстарды шығару арнайыландырылған транспорт жабдығымен жүзеге асырылуы керек, шикізатты және дайын өнімді шығару үшін оны пайдалануға болмайды.
13. Объектілердің сумен қамтамасыз етілуі және канализациясы күші бар Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қолайлылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерінің (әрі қарай НҚА) және құрылыс нормалары мен ережелерінің (әрі қарай ҚНмЕ) талаптарына сәйкес келуі керек.
14. Техникалық және ауыз суының құбырлары бөлек болуы, ерекшеленетін түстерге боялуы және бір-бірімен байланысы болмауы керек.
15. Канализация жүйесінің құрылғысы күші бар ҚНмЕ-нің талаптарына сәйкес келуі керек.
16. Ғимараттар жалпықалалық канализацияға жалғануы немесе өзіндік канализациясы мен тазарту құрылғылары болуы қажет. Өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларға арналған канализацияның ішкі тармағы жеке болуы керек.
17. Канализацияланбаған елді мекендерге объектілерді орналастыру барысында, жергілікті канализация құрылғысы қарастырылады. Ағынды суларды қабылдайтын бетондалған шұңқырдың қақпағы болуы және шұңқырдың көлемінің үштен екі бөлігіне жинақталуына байланысты тазартылуы керек.
18. Өндірістік және тұрмыстық суларды ашық су қоймаларына тиісті тазартусыз ағызуға, сіңіргіш құдықтарды жіберуге рұқсат етілмейді.
Ағынды суларды бөліп жіберу күші бар нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуі керек.
19. Шикізат пен дайын өнімді өндіруге, сақтауға арналған бөлмелерге тұрмыстық ағынды сулардың құбырларын салуға болмайды, ал өндірістік ағынды сулардың құбырларын - тек тексеру қондырғысынсыз оларды салу шартында ғана болады.
20. Қалдықтарды жинау, сақтау және тасымалдау әдістері қоршаған орта объектілерінің ластану мүмкіндігін шектеуі және өндірістік қалдықтарды залалсыздандыру және тазарту бойынша жұмыстың барлық кезеңдерінде жұмыс істейтін кісілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек.
21. Жылыту, вентиляция және ауаны кондиционирлеу жүйелерінің қондырғылары күші бар ҚНмЕ-нің талаптарына сәйкес болуы керек.
22. Өндірістік бөлмелердің ішінде орналасқан бастапқы өнімдердің, жартылай өнімдердің, бөлменің ауасына бөлінетін зиянды және өте қатты иісі бар заттардың қоймалары ауаны шығаратын вентиляциясымен арнайы баспанамен жабдықталуы керек.
23. Өндірістік және қосалқы бөлмелердің табиғи және жасанды жарығы күші бар ҚНмЕ-нің талаптарына сәйкес жасалады.
3. Өндірістік және санитарлық-тұрмыстық бөлмелерге
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
24. ПКӨ мен АҚГҚ-ын даярлайтын және сататын өндірістік және қосалқы бөлмелердің жабдықтары мен санитарлық жағдайы күші бар ҚНмЕ-нің талаптарына сәйкес келуі керек.
25. Қабырғалары мен төбелері Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалмен жабылады, ылғалды өңдеуге бейімді жеңіл және зиянды, аса күшті иісі бар затты сорғызбауы қажет. Еденнің суағарға ылдиы болуы керек.
26. Өндірістік бөлмелер ультракүлгін сәулелермен жабдықталуы керек (әрі қарай УК-сәулелену).
27. Өндірістік бөлмелердің жобасы:
1) технологиялық байланысқан бөлмелер арасында ең қысқа ара қашықтықтағы процестің үздіксіздігін;
2) технологиялық ағымдылықпен көпшіліктің қиылысуын болдырмауын;
3) тазалық дәрежесі бірдей бөлмелерді барынша көп топтау, бастапқы шикізаттың, жартылай өнімдердің және дайын өнімдердің әр алуан түрлерінің араласып кетуін болдырмау үшін жабдықтар мен материалдарды ұтымды орналастыруды, санитарлық-гигиеналық тәртіптің шарттарының толығымен сақталуын;
4) бастапқы шикізаттың, жартылай өнімдердің және дайын өнімдердің ғимараттың ішінде және бір ғимараттан екіншіге ауысқан кезде ластанудан қорғауды;
5) техника қауіпсіздігінің нормалары мен ережелерін және өрт қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етуі керек.
28. ПКӨ-ді және АҚГҚ-ын өндіретін объектілер күші бар ҚНмЕ-нің талаптарына сәйкес санитарлық-тұрмыстық бөлмелермен жабдықталынуы керек.
29. Өндірістік бөлмелер санитарлық-тұрмыстық, қызмет, әкімшілік бөлмелерінен бөлектенуі керек.
30. Санитарлық-тұрмыстық бөлмелер жеке тұрған ғимаратқа, жапсыра салынған үйге немесе негізгі өндірістік ғимаратқа орналасуы керек. Олар жеке тұрған ғимаратқа орналасқан жағдайда өндірістік бөлмелерге өтетін жылы жер қарастырылуы керек.
31. Санитарлық-тұрмыстық бөлмелердің құрамына жоғарғы, жеке және санитарлық киім мен аяқ-киімді шешетін жерлер; таза киімді сақтауға арналған бөлме; лас арнайы киімді қабылдайтын бөлме; душ бөлмесі мен қолжуғыштар; киімді және аяқ-киімді кептіретін жерлер; тамақтанатын бөлме немесе асхана; жинайтын заттарды сақтауға арналған бөлме және кір жуатын жер кіруі керек. Әйелдердің саны 100-ден асқанда жеке гигиена бөлмесі, ал одан аз болғанда - гигиеналық душымен арнайы кабина қарастырылады.
32. Санитарлық киімнің сақталуы ашық әдіспен жүзеге асырылуы керек, ол үшін тұрмыстық бөлмелердегі киім ілгіштер аяқ-киім қойғышы бар ашық шкафтармен немесе киім ілгіштермен жабдықталуы керек.
Үй киімі мен арнайы киімді сақтауға арналған жердің саны барлық сменадағы жұмысшылардың санына тең болуы керек.
Санитарлық киім мен үй киімін бірге сақтауға рұқсат етілмейді.
33. Жұмысшылардың саны 50-ден 300-ге дейінгі объектілерде медициналық пункт, 300-ден артық болса денсаулық сақтау пункті ұйымдастырылады.
34. Қуаттылығы аз объектілердегі персонал үшін душы - 9 м 2 -тық киім ілетін жер мен 1,5 м 2 -тық дәретхана болуы керек, олар 10 жұмысшыға 1 есебінде санитарлық-техникалық приборлармен жабдықталды.
35. Жұмысшыларға арналған асхана немесе буфет тұрмыстық бөлмелердің құрамында немесе жеке тұрған ғимаратта орналасуы керек. Өндірістік бөлмелерде тамақ ішуге болмайды.
36. Асханаға кіретін жерде киім ілгіш, ыстық және суық суы жүргізілген қолжуғыш болуы қажет, сабынмен және электрсүлгілермен жабдықталуы керек. Цехтарда тікелей тамақтануға болмайды.
37. Персонал Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік Реестрінде 2780 нөмірімен тіркелген, Денсаулық сақтау Министрінің 2004 жылғы 12 наурыздағы N 243 -ші "Олардың кезінде алдын-ала және мерзімдік медициналық тексерулер міндетті зиянды өндірістік факторлардың тізбесі мен зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшыраған жұмысшыларға міндетті алдын-ала және мерзімдік медициналық тексерулер жүргізу жөніндегі" бұйрығына сәйкес жұмысқа түскенде алдын-ала және мерзімдік медициналық тексеруінен және техника қауіпсіздігі нұсқауынан өтуі керек.
4. Өндірістік процестер мен құрал-жабдықтарға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
38. Өндірістік жабдықтар технологиялық процестің үздіксіздігін және пайдалану процесінде стерильдік жағдайын қамтамасыз ететіндей болып орналасуы керек.
39. Технологиялық жабдықтар, оның детальдары мен элементтері герметикалық болуы және Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдан даярлануы керек.
40. Жабдықтардың элементтерін химиялық заттардың әсеріне, температураның әсеріне тұрақсыз және олармен жанасатын ортада зиянды химиялық зат бөлуге қабілетті материалдан даярлауға болмайды.
41. Сұйық зиянды және (немесе) аса күшті иісі бар заттарға арналған дозаланатын аппаратура олардың лық толуын болдырмайтын құрылғылармен жабдықталуы қажет.
42. Төгілетін заттардың тиелуі мен түсірілуі шаң бөлінбейтін әдіспен іске асырылуы керек.
43. Сұйық шикізатты тиеу жабық коммуникацияларда жүзеге асырылуы керек. Зиянды және (немесе) аса күшті иісі бар заттардың ерітіндісін ашық ағыспен беруге болмайды.
44. Бөлмені тазалау үшін сығылған ауаны, бөлмені және жұмысшы орындарын жуу үшін органикалық еріткіштерді пайдалануға болмайды. Жуғыш заттардың сулы ерітінділерін қолданумен тазалануы қажет.
45. Технологиялық процесс өндірістің күші бар регламентіне сәйкес іске асырылу керек. Технологиялық процестің барлық операциялары объектінің персоналымен орындалуы және бақылануы керек.
46. ПКӨ мен АҚГҚ-ын алу технологиясындағы барлық өзгерістер санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысын алғаннан соң және қауіпсіз еңбек жағдайын, қоршаған ортаның қорғанысын қамтамасыз ететін, соңғы өнімнің тұтынушылық сапасын төмендетпейтін шараларды жүзеге асырғаннан соң рұқсат етіледі.
47. Санитарлық-химиялық параметрлері бойынша ПКӨ мен АҚГҚ-ы қауіпсіздігінің көрсеткіштері осы санитарлық ережелердің 1-ші қосымшасында келтірілген.
48. Органолептикалық, санитарлық-химиялық, токсикологиялық және клиникалық көрсеткіштеріне сәйкестілігіне ПКӨ мен АҚГҚ-ын тексеру әдістері осы санитарлық ережелердің 2-ші қосымшасында келтірілген, тексерудің микробиологиялық көрсеткіштеріне сәйкестілігі күші бар нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сай жүргізіледі.
5. ПКӨ мен АҚГҚ-ның шикізатын сақтау
шартына және өнімнің орауыштарына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
49. Келіп түсетін шикізаттың, материалдың және реактивтің әрбір партиясы оның қауіпсіздігі мен сапасын куәландыратын құжатпен жіберілуі керек, арнайы журналға тіркеліп, орауыштардың бүтіндігіне және онда этикетканың болуына тексерілуі қажет.
50. Шығаратын өнімнің көлемі мен номенклатурасына сәйкес келетін қойма бөлмелерінің қуаты болуы керек, қоймалардың өлшемдері, конструкциясы және орналасуы - өнімді тиімді орналастыруға, тазалауға және басқа қажетті техникалық операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді.
51. Шикізатты, материалды және дайын өнімді қабылдау, орналастыру және сақтау, белгіленген сақтау мерзімі барысында оның бұзылмауын қамтамасыз ететін және араласуы мен ластануын болдыртпайтын шарттарды сақтай отырып жеке бөлмелерде, стеллаждарда қоймалануы жүзеге асырылады.
52. Шикізаттың және материалдың жарамсыз партияларын өндірісте қолдануға рұқсат етілмеуі қажет.
53. Қойма бөлмелері шикізаттың, материалдың және дайын өнімнің сақтау шартын анықтау үшін қажет өлшеудің сенімді құралдарымен жабдықталуы керек.
54. Қоймада улы және жеңіл тұтанатын заттарды сақтауға жеке бөлме қарастырылуы қажет.
55. Кіре берістегі бақылаудан өткен және өндірісте қолдануға рұқсат етілген шикізаттардың және материалдардың арнайы таңбасы болуы керек және олар кіре берістегі бақылаудан өтпеген және бақылау барысында жарамсыз деп табылған партиядан жеке сақталуы керек.
56. Ауыз қуысы гигиенасының құралдары мен парфюмерлі-косметикалық өнімдерін даярлауға шикізатты таңдағанда Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіпте тіркелген мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық нормативтік құжаттар қолданылуы мүмкін.
57. ПКӨ мен АҚГҚ-ы белгіленген жарамдылық мерзімі барысында дайын өнімнің қасиеттерінің сақталуын және пайдаланудың қолайлығын қамтамасыз ететін, тұтынушының ыдысына өлшеп оралады. Орауыштардың сырты өнімнің әр партиясына бірыңғай безендірілуі керек.
58. Ыдыстар мен орауыштар Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдардан жасалады.
"Парфюмерлі-косметикалық
өнімдерін және ауыз қуысы
гигиенасы құралдарын өндіретін
объектілердің құрылымына,
эксплуатациясына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар" Санитарлық-
эпидемиологиялық ережелері
мен нормаларына N 1-ші қосымша
Ауыз қуысы гигиенасы құралдарына және
парфюмерлі-косметикалық өнімдеріне қойылатын
санитарлық-химиялық талаптар
Өнімнің түрі |
Көрсеткіштің |
Сипаттамасы |
1. Тіс тазалайтын |
Сыртқы түрі Түсі Иісі Дәмі Сутегі көрсеткіші Ауыр металдардың Фторидтердің сал- Орауыштың бірлі- Тұрақтылығы Сахароза және |
Осы атаудағы өнімнің сырт- 0,002-ден артық емес 0,02-0,15 300-ден артық емес 40 0 С температурада 3 ай болмауы керек |
2. Тіс эликсирле- |
Сыртқы түрі Түсі Иісі мен дәмі Сутегі көрсеткіші Ауыр металдардың Фторидтердің сал- Орауыштың бірлі- Тұрақтылығы Сахароза және |
Біртекті мөлдір сұйықтық. Осы атаудағы өнімнің түсіне тән Осы атаудағы өнімнің иісі 3,0-9,0 0,002-ден артық емес 0,01-0,15 40 0 С температурада 3 ай болмауы керек |
3. Тіс ұнтақтары, |
Сыртқы түрі Иісі, дәмі, түсі Ауыр металдардың Фторидтердің сал- Тұрақтылығы |
Түйіршіксіз микрокрис- 0,002-ден артық емес 0,05-0,15 40 0 С температурада 3 ай |
4. Бет терісіне 1) кремдер, эмуль- |
Сыртқы түрі Түсі, иісі Сутегі Коллоидты Термо тұрақтылық Судың және ұшқыш Калий гидроксиді- Глицериннің сал- Қорғасынның |
Бөгде қоспасы жоқ, Осы атаудағы өнімге тән 4,5-9,0 тұрақты тұрақты 8,0-75,0 1,0 30,0 рұқсат етілмейді |
2) Гельдер, желелер |
Сыртқы түрі Түсі, иісі Сутегі көрсеткіші Құрғақ заттың Термо тұрақтылық Қорғасынның |
Біртекті, гель тәріздес Осы атаудағы өнімге тән 5,5-7,5 3,0 тұрақты рұқсат етілмейді |
3) Лосьондар, |
Сыртқы түрі Түсі, иісі Этил спиртінің Сутегі Қорғасынның |
Біртекті мөлдір және 0-90,0 1,2-8,5 рұқсат етілмейді |
4) Косметикалық |
Сыртқы түрі Түсі, иісі Сулы сығындының сутегі көрсет- 20 0 С-тағы Қорғасынның |
Бөгде қосындылары жоқ, бейтарап 0,85-0,90 рұқсат етілмейді |
5) Косметикалық |
Сыртқы түрі Түсі, иісі Суға еритін Тамшының түсу Бор қышқылының Қорғасынның |
Түйіршіксіз, мазь рұқсат етілмейді 40-55 0,4-0,6 рұқсат етілмейді |
6) құнарландыра- |
Сыртқы түрі, Сутегі Қорғасынның |
Осы атаудағы өнімге тән 4,5-9,0 рұқсат етілмейді |
7) шомылуға |
Сыртқы түрі Түсі, иісі 1%-ті сулы сығын- Құрғақ заттың Қорғасынның |
Кристалды ұнтақ Осы атаудағы өнімге тән 7,0-9,0 90,0 рұқсат етілмейді |
8) көбікті жуғыш |
Сыртқы түрі Түсі, иісі Қорғасынның |
Біртекті сұйықтық немесе рұқсат етілмейді |
9) иіс сабын |
Сыртқы түрі Түрі, түсі, иісі Сапалық саны, Сабынның майынан Хлорлы кальцийдің Na 2 O-ға қайта есептегендегі сода өнімінің салмақтық үлесі, %, Перекистік сан Қорғасынның |
Кесіндісінде біртекті 74 36-41 сабынның тобына байла- сабынның тобына байла- жоқ рұқсат етілмейді |
10) сұйық иіс |
Сыртқы түрі Түсі, иісі Май қышқылының Сабынданбайтын Сутегі Ауыр металдар |
Біртекті мөлдір сұйықтық Осы атаудағы бұйымға тән 16,0-21,0 1,5 6,0-10,0 0,002 |
11) Дезодорант- |
Сыртқы түрі Түсі, иісі Тамшының түсу Сутегі Қорғасынның |
Бөгде қосындыларсыз, 50-65 4,0-11,0 рұқсат етілмейді |
12) гель тәрізді, |
Сыртқы түрі, Сутегі Коллоидты Термотұрақтылық Калий гидрокси- Қорғасынның |
Осы атаудағы өнімге тән 4,0-8,1 тұрақты тұрақты 1,0 рұқсат етілмейді |
13) Ұнтақ тәрізді |
Сыртқы түрі Түсі, иісі Сулы сығындыдағы Судың және ұшқыш Стеаринді қышқыл Қорғасынның |
Біртекті, өте ұсақталған бейтарап 2,7-7,0 20,0 рұқсат етілмейді |
14) тальк |
Ылғалдың салмақ- Сулы сығындыдағы сутегі көрсеткіші Улы элементтер: Мышьяктың сал- |
0,5 6,7-7,5 0,001 0,0005 |
15) депилляторлар |
Сыртқы түрі, Сутегі Тиогликоль қыш- Қорғасынның |
Осы атаудағы өнімге тән 10,5-12,5 2,5 + 0,5 рұқсат етілмейді |
16) қырынуға қырынуға арналған |
Сыртқы түрі Түсі, иісі Май қышқылының Хлоридтердің Қышқылдық сан, Көбік саны, см, Көбіктің тұрақ- Қорғасынның Сыртқы түрі Түсі, иісі Сутегі Қорғасынның |
Біртекті, крем тәрізді 38-47 1,5 4-15 400 85 рұқсат етілмейді біртекті сұйықтық немесе 7,0-11,0 рұқсат етілмейді |
2. Шашты күтуге 1) синтетикалық |
Сыртқы түрі, Сутегі көрсеткіші Анионактивті Құрғақ заттың Хлоридтердің Этилспиртінің Қорғасынның |
Осы атаудағы өнімге тән 5,0-8,5 7,0 3,0 11 рұқсат етілмейді |
2) майлы негіздегі |
Сыртқы түрі Түсі, иісі Май қышқылының Сабынданбайтын Сутегі Қорғасынның |
Біртекті, мөлдір сұйықтық Бұйымға тән 16,0-21,0 1,5 6,0-10,0 рұқсат етілмейді |
3) Шашты шаятын |
Сыртқы түрі Түсі, иісі Сутегі Коллоидты Судың және ұшқыш Қорғасынның |
Құрамында бөгде қоспалары 2,7-7,5 тұрақты 60-93 рұқсат етілмейді |
4) лосьондар, |
Сыртқы түрі, Сутегі Коллоидты Термотұрақтылық Қорғасынның |
Осы атаудағы өнімге тән Өнімнің түріне тұрақты рұқсат етілмейді |
5) шашты сәнділі- |
Сыртқы түрі, Сутегі Қорғасынның |
Осы атаудағы өнімге тән 5,5-7,5 рұқсат етілмейді |
Аэрозольді |
Құрғақ лак қабы- Түсі, иісі Ұшпайтын заттар- Судың салмақтық Қорғасынның |
Біртекті мөлдір Осы атаудағы өнімге тән 2,7-3,1 0,4-25 рұқсат етілмейді |
6) бұйралауға, оны |
Сыртқы түрі, |
Осы атаудағы бұйымға тән, |
7) крем тәрізді |
Сыртқы түрі, Сутегі Судың және ұшқыш Аммиактың сал- Қорғасынның |
Осы атаудағы бұйымға тән 8,5-11,5 80,0 1,4-3,2 рұқсат етілмейді |
8) сұйық "Гамма" |
Сыртқы түрі Иісі Сутегі Қорғасынның |
күңгірт түсті 9,0-10,0 рұқсат етілмейді |
9) сұйық сабындар |
Сыртқы түрі Түсі, иісі, 1%-ті сулы ері- Судың және ұшқыш Қорғасынның |
Біртекті крем тәрізді 3,5-7,0 60-90 рұқсат етілмейді |
10) хна мен басма |
Сыртқы түрі Түсі, иісі, 1%-ті сулы ері- Қорғасынның |
Біртекті ұнтақ тәрізді 4,0-6,0 рұқсат етілмейді |
11) шаштың реңкін |
Сыртқы түрі, Сутегі Сутегінің асқын Аммонийдің екі |
Осы атаудағы бұйымға тән 3-8,5 6,0 + 1,5 5,5-6,5% |
3. Сәндік космети- |
Сыртқы түрі Түсі, иісі, Жағынды Тамшының түсу Қышқылдық сан, Карбонилдік сан, Қорғасынның |
Беті тегіс, біркелкі Тегіс, біртекті 55-88 15 8 рұқсат етілмейді |
2) эмульсиялы |
Сыртқы түрі Түсі, иісі, Судың және ұшқыш Сутегі Коллоидты Термотұрақтылық Қорғасынның |
Біртекті боялған масса Осы атаудағы өнімге тән 44-80 6,5-8,5 тұрақты тұрақты рұқсат етілмейді |
3) майлы негіздегі |
Сыртқы түрі Түсі, иісі, Жағынды Тамшының түсу Қорғасынның |
Беті тегіс, біркелкі Тегіс, біртекті 40-75 рұқсат етілмейді |
4) эмульсиялы |
Сыртқы түрі Түсі, иісі, Судың және ұшқыш Сутегі Коллоидты Термотұрақтылық Қорғасынның |
Біртекті боялған масса Осы атаудағы өнімге тән 44-80 6,5-8,5 тұрақты тұрақты рұқсат етілмейді |
5) кірпік бояйтын |
Сыртқы түрі Үгілу қабілеті Түсі, иісі Суға тұрақтылығы сутегі Қорғасынның |
Біртекті масса немесе Осы атаудағы бұйымға тән Тұрақты 7,0-10,0 рұқсат етілмейді |
6) қабаққа жағатын |
Сыртқы түрі Түсі, иісі Судың салмақтық Коллоидты Сутегі Қорғасынның |
Түйіршіксіз және бөгде 40-60 тұрақты 7,5-8,5 рұқсат етілмейді |
7) ұнтақ тәрізді |
Сыртқы түрі, Судың және ұшқыш Стеарин қышқылды Қорғасынның |
Осы атаудағы өнімге тән 7,0 11,0 рұқсат етілмейді |
8) майлы негіздегі |
Сыртқы түрі Түсі, иісі Жағынды тамшының түсу Қорғасынның |
Беті тегіс, біркелкі Тегіс, біртекті 40-75 рұқсат етілмейді |
9) эмульсиялы |
Сыртқы түрі Түсі, иісі Судың және ұшқыш Сутегі Коллоидты Термотұрақтылық Қорғасынның |
Біркелкі боялған масса Осы атаудағы бұйымға тән 44-80 6,5-8,5 тұрақты тұрақты рұқсат етілмейді |
10) ұнтақ тәрізді |
Сыртқы түрі, Судың және ұшқыш Стеарин қышқылды Қорғасынның |
Осы атаудағы өнімге тән 2,0-7,0 20,0 (ұнтақ тәрізді) рұқсат етілмейді |
4. Тырнаққа күтім |
Сыртқы түрі Қабыршақтың Түсі 20 0 С-тағы шартты Адгезия, балл, Қорғасынның |
Суспензияны шайқағанда Бөгде қосындыларсыз, Осы атаудың тонына тән 90-100 3,0 Рұқсат етілмейді |
2) лакты кетіретін |
Сыртқы түрі Түсі, иісі Сулы сығындыдағы Қорғасынның |
Мөлдір, біртекті немесе Бейтарап Рұқсат етілмейді |
5. Косметикалық |
Сыртқы түрі Түсі, иісі Сулы сығындыдағы Қорғасынның |
Бөгде қосындылары жоқ Бейтарап Рұқсат етілмейді |
6. Арнайы косме- 1) күнге күюге |
Сыртқы түрі, Сутегі Коллоидты Термотұрақтылық КОН-қа есепте- Қорғасынның |
Осы атаудағы өнімге тән Өнімнің түріне тұрақты 1,0 рұқсат етілмейді |
7. Гигиеналық |
Сыртқы түрі Түсі, иісі Мөлдірлігі Шартты күштілігі, Иісінің тұрақты- |
Мөлдір сұйықтық Осы атаудағы өнімге тән 3-5 0 С температурасында Мемлекеттік стандарт |
8. Зиянды фактор- |
Сыртқы түрі, Сутегі Коллоидты Термотұрақтылық Судың және ұшқыш КОН-ға есепте- Глицериннің сал- Қорғасынның |
Осы атаудағы өнімге тән 4,5-9,0 тұрақты тұрақты 8,0-75,0 1,0 30 рұқсат етілмейді |
АҚГҚ-ның
микробиологиялық көрсеткіштері
Өнімнің түрі |
Көрсеткіштің атауы |
Сипаттамасы |
1. Тіс тазалайтын |
Микроорганизмдердің Enterobacterіacае Pseudomonasaurugіnosa Staphylococcusaureus Зең саңырауқұлақтары |
1 . 10 2 -ден болмауы керек болмауы керек болмауы керек болмауы керек |
2. Тіс щеткалары, |
Микроорганизмдердің Enterobacterіacае Pseudomonasaurugіnosa Staphylococcusaureus Зең саңырауқұлақтары |
1 . 10 2 -ден болмауы керек болмауы керек болмауы керек болмауы керек |
3. Тіс эликсирлері, |
Микроорганизмдердің Enterobacterіacае Pseudomonasaurugіnosa Staphylococcusaureus Зең саңырауқұлақтары |
1 . 10 2 -ден болмауы керек болмауы керек болмауы керек болмауы керек |
1) - Ауыз қуысы гигиенасының құралдары ауыздың қалыпты
микрофлорасының сандық және сапалық құрамында айтарлықтай өзгеріс
шақырмауы керек; шартты патогенді микроорганизмдер үшін қолайлы
орта болмауы керек.
ПКӨ-дің
микробиологиялық көрсеткіштері 1)
Өнімнің түрі |
Көрсеткіштің атауы |
Сипаттамасы |
1. Ампулалық |
2. Стерильді өнім |
|
1. Балалар космети- |
Мезофильді аэробты және Ашытқылар, ашытқы 1,0-дегі Enterobacte- 1,0-дегі патогенді Pseudomonasaurugіnosa |
1 . 10 2 -ден болмауы керек болмауы керек болмауы керек болмауы керек |
2. Қалған косметика |
Мезофильді аэробты және Ашытқылар, ашытқы 1,0-дегі Enterobacte- 1,0-дегі патогенді Pseudomonasaurugіnosa |
1 . 10 3 -тен 1 . 10 2 -ден болмауы керек болмауы керек болмауы керек |
1) - Құрамында 30%-тен астам спирті бар өнімдер (иіс майлар,
әтірлер, тырнақты, шашты бояйтын лактар, шаш бояулары, лосьондар,
дезодоранттар және басқа құрамында спирті бар заттар микробпен
ластанбайды, микробиологиялық сынаудан өтпейді.
Токсикологиялық талаптар
Өнімнің түрі |
Көрсеткіштің |
Сипаттамасы |
1. Тіс тазалайтын паста- 2. Тіс щеткалары, тіс 3. Тіс протездерін өңдеу- 4. Сағыздар |
Пероралды енгіз- Сенсибилиздеуші |
ГОСТ 12.1.007-76 Тітіркендіруші Әсерінің болмауы |
5. Парфюмерлі- |
Препаратты түрлі Ішкі органдар мен Ішкі органдарды Үй қояндарының кө- Сенсибилиздеуші Жүкті әйелдер қол- Жаңа косметикалық |
қауіптіліктің Жалпы улылық Жергілікті- әсері жоқ әсері жоқ әсері жоқ әсері жоқ |
1) - Зерттеудің бұл түрлері алғаш жасалған ПКӨ мен АҚГҚ-на
ғана қатысты жүргізіледі.
Ауыз қуысы гигиенасы құралдарын жасау
барысында қойылатын клиникалық талаптар
Өнімнің түрі |
Көрсеткіштің атауы |
Сипаттамасы мен нормасы |
1. Тіс тазалай- |
Органолептикалық Жергілікті-тітір- Тазарту әсері Қабынуға қарсы Деминералдаушы Кариеске қарсы |
Жағымсыз сезімнің болмауы Бір рет қолданғанда және Тісті бір рет бақылау есе- Бір ай бойына пайдалану Бір ай бойына пайдалану 2 жыл бойына пайдалану |
2. Тіс щеткала- |
Сыртқы түрін, кө- Жергілікті-тітір- Тазарту әсері Щетка аясының |
Тісті тазарту кезінде Құралды бір рет қолданған- Тісті бір рет бақылау есе- 2 ай бойына күніне 2 рет |
3. Тіс тазарт- |
Сыртқы түрін, кө- Жергілікті-тітір- Тазарту әсері Қабынуға қарсы |
Тісті тазарту кезінде Бір рет қолданғанда және Тісті бір рет бақылау есе- Бір ай бойына пайдалану |
4. Ауыз қуысын |
Органолептикалық Жергілікті-тітір- Тұтуға қарсы және Қабынуға қарсы Кариеске қарсы |
Жағымсыз сезімнің болмауы Бір рет қолданғанда және Бір ай бойына пайдалану Бір ай бойына пайдалану 2 жыл бойына пайдалану |
5. Сағыз (емдік- |
Органолептикалық Жергілікті-тітір- Кариеске қарсы Тазарту әсері 1 ) |
Жағымсыз сезімнің болмауы Бір рет қолданғанда және 2 жыл бойына пайдалану Тісті бір рет бақылау есе- |
6. Тіс тұтуын |
Органолептикалық Жергілікті-тітір- |
Жағымсыз сезімнің болмауы Бір рет және көп рет |
7. Тісті ағар- |
Парафармацевтік құралдарға жатады және белгі- |
|
8. Аэрозольді |
Парафармацевтік құралдарға жатады және |
1) - дайындаушының ресми мәлімдеуі кезінде және мәлімдеушінің
талап етуі бойынша анықталады;
2) - рН-ы 5,5-тен кем екені ресми түрде мәлімделген ауыз қуысы
гигиенасы құралдары үшін және ауыз қуысы гигиенасы құралдарының
эмалінде деминерализация шақыратын заттар болғанда анықталады.
Жаңа парфюмерлі-косметикалық өнімдерді жасау
барысында қойылатын клиникалық талаптар
2-ші кесте
Атаулар |
Терітітіркендіруші |
Терілік тестінің |
||
Терілік |
Сыналатын |
Тітіркен- |
Түршік- |
|
1. Косметикалық |
Тамшылы |
2-24сағ. |
болмайды |
болмайды |
2. Гельдер, желе- |
Компресті |
24сағ. |
болмайды |
болмайды |
3. Лосьондар, |
Компресті |
24сағ. 24сағ. |
болмайды болмайды |
болмайды болмайды |
4. Скрабтар, |
Тамшылы |
2 сағ. |
әлсіз, |
болмайды |
5. Жуатын косме- |
Тамшылы |
24 сағ. |
болмайды |
болмайды |
6. Дезодоранттар |
Компресті |
24 сағ. 24 сағ. |
болмайды болмайды |
болмайды болмайды |
7. Қырынуға |
Тамшылы |
24 сағ. |
болмайды |
болмайды |
8. Құрамында |
Тамшылы |
24 сағ. |
болмайды |
болмайды |
9. Құрамында |
Тамшылы |
24 сағ. 24 сағ. |
болмайды болмайды |
болмайды болмайды |
10. Шашқа арнал- |
Тамшылы |
2 сағ. |
әлсіз, |
болмайды |
11. Шашқа арнал- |
Тамшылы |
24 сағ. 24 сағ. |
болмайды болмайды |
болмайды болмайды |
12. Шашты арнайы |
Тамшылы |
6 сағ. |
болмайды |
болмайды |
13. Шашқа арнал- |
Тамшылы |
6 сағ. |
әлсіз, |
болмайды |
14. Шаш бояуы |
Тамшылы |
2 сағ. |
әлсіз, |
болмайды |
15. Ерін далабы, |
Тамшылы |
24 сағ. 24сағ. |
болмайды болмайды |
болмайды болмайды |
16. Көзге арнал- |
Тамшылы |
24 сағ. |
болмайды |
болмайды |
17. Қабаққа жа- |
Компресті |
24 сағ. |
болмайды |
болмайды |
18. Опа-крем, |
Компресті |
2 сағ. |
болмайды |
болмайды |
19. Қорғаныс фак- |
Тамшылы |
2 сағ. |
болмайды |
болмайды |
20. Күнсіз күюге |
Тамшылы |
1 сағ. |
болмайды |
болмайды |
21. Күнге күюден |
Тамшылы |
24 сағ. 24 сағ. |
болмайды болмайды |
болмайды болмайды |
22. Тырнаққа ар- |
Тамшылы |
2 сағ. |
әлсіз, |
болмайды |
23. Лакты кеті- |
Тамшылы |
6 сағ. |
болмайды |
болмайды |
24. Иіс майлар, |
Тамшылы |
24 сағ. |
болмайды |
болмайды |
25. Памперстер, |
Компресті |
24 сағ. |
болмайды |
болмайды |
"Парфюмерлі-косметикалық
өнімдерін және ауыз қуысы
гигиенасы құралдарын өндіретін
объектілердің құрылымына,
эксплуатациясына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар" "Санитарлық-
эпидемиологиялық ережелері
мен нормаларына N 2-ші қосымша
Сынақ тәсілдері
1. Органолептикалық көрсеткішін: сыртқы түрін, түсін және біркелкілігін анықтау. ПКӨ мен АҚГҚ-ның сыртқы түрін және біркелкілігін осы атаудағы өнім үшін бекітілген рецептура бойынша даярлаушы-кәсіпорынның лабораториясы дайындаған эталонмен сыналатын сынаманы органолептикалық салыстырумен анықтайды.
2. Консистенциясы сұйық косметикалық өнімді және кремнің эталонын биіктігі 150 мм-лік және диаметры 15 мм-лік түссіз әйнекті пробиркаға тең мөлшерде құяды да, бақылаушының көзінен 30 см және пробиркадан 20 см қашықтықта тұратын қуаттылығы 40 ватты электр лампысының жарығында өтетін ақ қағаздың бетінің фонында қарайды және сыналатын өнімнің эталонға сәйкестілігін көзбен шола анықтайды.
3. Консистенциясы қою косметикалық өнімді жабынды әйнектің бір жағына 1-2 мм-лік тегіс қабатпен, келесі жағына кремнің эталонын дәл осындай қабатпен жағады да, жағындыларды салыстыра отырып, олардың сыртқы түрінің, түсінің ұқсастығын анықтайды, сосын кремді болмашы ғана уқалау арқылы, онда түйірдің жоқтығын (біркелкілігін) анықтайды.
4. Косметикалық өнімнің иісін осы атаудағы өнім үшін бекітілген рецептура бойынша даярлаушы-кәсіпорынның лабораториясы дайындаған эталонмен сыналатын түрінің иісімен органолептикалық салыстырумен анықтайды. Косметикалық өнім мен эталонды өлшемі 2х5 см-лік дәкеге 0,2 мм жағады да, иісін салыстырады. Қою косметикалық өнімді және эталонды екі әйнек пластинкаға 1-2-мм-лік тегіс қабатпен жағады да, иісін салыстырады.
5. Сутегі көрсеткішін анықтауға мыналар кіреді:
1) косметикалық өнімді сараптауға дайындау: май-су эмульсияляқ жүйелерінде рН-ты анықтауды тікелей тексерілетін үлгілерде жүргізеді. Егер өнімнің консистенциясы өте тығыз болса, оны 1:4 қатынасындағы дистилденген сумен ерітеді;
2) су/май түріндегі жүйелерде рН-ты анықтауды сулы сығындыда жүргізеді. 0,1 г-нан артық емес қателікпен өлшенген үлгінің 20 г-на 80 мл дистилденген суды құяды, мұқият араластырады, эмульсия толығымен жойылғанша 80 о С-қа дейін қыздырады және 25 о С-қа дейін салқындатады. Сулы қабатын бөліп алады да, рН-ты анықтайды;
3) сараптауды жүргізу барысында: рН-метрді осы приборға қоса жіберілген нұсқауға сәйкес орнатады. Электродтарды дистилденген сумен мұқият жуады және тексерілетін косметикалық өніммен немесе оның сулы сығындысымен шаяды да, рН-метрде ерітіндінің рН-ын өлшейді. Зерттелетін эмульсияның жаңа порцияларымен 3-5 тәжірибе жүргізеді. Прибордың қажуы мен әйнекті электродтың жекелей улануы рН-ты өлшеу барысындағы мүмкін қателіктердің себебі болуы мүмкін, сондықтан анықтаудың көрсетілген орташа арифметикалық саны өлшеудің соңғы нәтижесі болады.
6. Қышқылдық санды анықтау үшін мыналарды қолданады: өлшеудің ең үлкен шегі 200 г-дық 2-ші кластық дәлдікпен ГОСТ 24104 бойынша тағайындалуы жалпы лабораториялық таразы, электродтар жинағымен кез-келген маркідегі рН-метр, ГОСТ 20292 бойынша 6-2-5 немесе 7-2-10 бюретка, ГОСТ 25336 бойынша В (Н) -1 (2)-100 (150) ТС стаканы, ГОСТ 1770 бойынша 1(3)-50(100) цилиндрі, магнитті бұлғауыш, ГОСТ 24363 бойынша калий гидроксиді дм 3 -де 0,2 мольге тең концентрациядағы спиртті ерітінді, ГОСТ 5982 немесе ГОСТ 18300 бойынша тазартылған этилді спирт, ГОСТ 5789, ГОСТ 9880 бойынша толуол, ГОСТ 6709 бойынша дистилденген су, су моншасы.
7. Көрсетілгеннен төмен емес метрологиялық сипаттамаларымен өлшеудің басқа құралдарын, сонымен бірге стандартты көрсетілгеннен сапасы төмен емес реактивтерді қолдануға рұқсат етіледі.
8. Титрленген ерітінділерді дайындау және оның концентрациясын тексеру ГОСТ 257943 бойынша жүргізіледі.
9. Сараптауды жүргізу: анықтаудың алдында приборға қоса жіберілген нұсқауға сәйкес рН-метрді тексереді. Сарапталатын өнімнің 0,8-1,0 г-ын титрлеу үшін стаканға өлшейді. Өлшеудің нәтижесін төртінші ондық белгіге дейін жазады. Сосын стаканның ішіндегіге толуол-спирттің 40 см 3 қоспасын (1:1) қосады да, толығымен еруі үшін су моншасында 5 мин. қыздырады. Реакциялық қоспа суығаннан соң стаканға электродты малып, рН-ы 10,2-10,5 болғанша дм 3 -не 0,2 моль калий гидроксидінің ерітіндісімен тұрақты түрде араластыра титрлейді.
10. Нәтижелерді өңдеу - қышқылдық сан (х) мг КОН, төмендегі формуламен есептейді:
V*11,2
Х= ----------, мұндағы
m
V - көлем, қышқылды титрлеуге жұмсалған калий гидроксиді ерітіндісінің дм 3 -не 0,2 мольге дәл, см 3
m - нақты мөлшерінің салмағы, г
11,2 - ерітіндінің дм 3 -гі 0,2 моль КОН-тың салмақтық концентрациясы.
Екі параллельді анықтауыштың орташа арифметикалық нәтижелерін сынаудың соңғы нәтижесі ретінде алады, олардың арасындағы айырмашылықтың шегі Р = 0,95 сенімді ықтималдылық кезінде грамына 1 мг КОН-нен аспауы керек.
11. Ауыр металдардың қосындысын анықтау керек:
1) ауыр металдардың жалпы саны (қосындысы) 2х10-3%-тен (кг-на 20 мг-нан) аспауы керек. Бұл кездегі қорғасын мен мышьяктың әрқайсысының концентрациясының барынша көп мүмкіндік шегі 5х10-4%-тен (кг-на 5 мг-нан) аспауы, ал сынап 1х10-4%-тен (кг-на 1 мг-нан) аспауы керек;
2) Ауыр металдардың қосындысы сульфидті иондармен боялған кешендер түзетін ауыр металдардың қасиетіне негізделген екі әдістің бірімен анықталады.
12. 1-ші әдіс косметикалық өнімдердің барлық түріне, соның ішінде тіс тазалайтын пасталардың және эликсирлердің композициясына қолданылады, олар мөлдір, боялмаған ерітінділер береді. Оны жүргізу үшін төмендегілер дайындалады:
1) қорғасын нитратының негізгі ерітіндісі - қорғасын нитратының 159,8 мг-ын дистилденген судың 100 мл-де ерітеді, оған азот қышқылының 1 мл-ін қосады, сосын мөлшерін дистилденген сумен 1000 мл-ге жеткізеді, бұл ерітіндіні қорғасынның еритін тұздарынан кедергісіз әйнек ыдыста дайындайды (сақтайды);
2) қорғасынның стандартты ерітіндісі - анықтайтын күні дайындалады. Қорғасын нитратының негізгі ерітіндісінің 10 мл-ін дистилденген сумен 100 мл-ге дейін ерітеді. Қорғасынның стандартты ерітіндісінің 1 мл-де 10 мкг қорғасын бар. Негізгі ерітіндіні 100 есе еріту арқылы ерітінді дайындайды. Оның құрамында мл-не 1 мкг концентрациядағы қорғасын бар;
3) Калибрлік ерітіндіні дайындау: сыйымдылығы 50-мл-лік колориметрлік пробиркаға қорғасынның стандартты ерітіндісінің 2 мл-ін пипеткамен құяды, дистилденген сумен көлемін 25 мл-ге дейін жеткізеді, ерітіндінің рН-ын 1Н сірке қышқылымен немесе 6Н аммоний гидроксидімен 3,0-:4,0 мәніне дейін жеткізеді, дистилденген сумен көлемін 40 мл-ге жеткізеді де, араластырады;
4) Сыналатын ерітіндіні дайындау: сыйымдылығы 50 мл-лік колориметрлік пробиркаға сыналатын косметикалық өнімнің 1,0-ін құяды, дистилденген сумен көлемін 25 мл-ге жеткізеді, ерітіндінің рН-ын 1Н сірке қышқылымен немесе 6Н аммоний гидроксидімен 3,0-:4,0 мәніне дейін жеткізеді, дистильденген сумен көлемін 40 мл-ге жеткізеді де, араластырады;
5) Бақылау ерітіндісін дайындау: сыйымдылығы 50 мл-лік колориметрлік пробиркаға сыналатын ерітіндінің 25 мл-ін құяды, стандартты ерітіндінің 2,0 мл-ін қосып, дистильденген сумен 40,0 мл-ге жеткізеді де араластырады;
6) Сынақты жүргізу әдістемесі: стандартты сыналатын және бақылау ерітінділері бар 3 колориметрлік пробирканың әрқайсысына жаңа дайындалған күкіртсутектің ерітіндісін қосады, араластырады, 5 минут ұстайды да, 3 пробиркадағы сұйықтықтың бояуын ақ қағаздың бетіне қарсы қойып, көзбен шола бағалайды. Сыналатын ерітіндінің бояуы стандартты ерітіндіге қарағанда күңгірт болмауы керек, ал бақылау ерітіндісінің бояуының интенсивтілігі осындай стандартты ерітіндіге тең немесе көп болуы керек (егер бақылау ерітіндісінің бояуы стандартты ерітіндіге қарағанда ашық болса, онда ауыр металдардың қосындысын анықтайтын екінші әдісін қолдану керек).
13. 2-ші әдіс косметикалық өнімге, соның ішінде тіс тазалайтын пасталарға және олардың композицияларына қолданылады, олар сульфидтердің иондарымен металдардың тұнбасын немесе ұшқыш майлардың жабысуын шақыратын препараттарды немесе N 1-ші әдіс бойынша сынауды жүргізу барысында түссіз, мөлдір ерітінді бермейді. Оны жүргізу үшін мыналар дайындалады:
1) 1-ші әдіске ұқсас стандартты сыналатын және бақылау ерітінділері;
2) Салмағы 1,0 сыналатын өнімнің нақты мөлшерін сәйкес отқа төзімді материалдан жасалған ыдыс - тигельге тасымалдайды, затты ылғалдандыру үшін оған концентирленген күкірт қышқылының жеткілікті мөлшерін қосады. Тигель төмен температурада толығымен көмір болып күйіп қалғанша мұқият қызартылады, балқытылады. Көмірлену барысында тигельді қақпақпен саңылау қалдырып жабады. Сосын көмірленген массаға азот қышқылының 2,0 мл-ін және күкірт қышқылының 5 тамшысын қосқан соң, түтіні ақ бу пайда болғанша тигель ептеп қызады. Көміртегі толығымен жанып кеткенше 500-ден 600 0 -С-қа дейінгі температурада муфель пешінде балқытылады. Толығымен жанып кеткен соң, тигельді муфель пешінен шығарып алып, суытады, қақпағын жауып, 6Н тұз қышқылының 4,0 мл-ін қосады, булы моншаға 15 минутқа булау үшін қояды, қақпағын ашып, кеуіп кеткенше баяу булайды. Сосын тұнбаны тұз қышқылының 1 тамшысымен ылғалды ерітіндінің рН-ы қағаз рН индикаторы бойынша сілтілі көлемге жеткенше 6Н аммоний гидроксидін тамшылап қосады. Тигельдің ішіндегіні дистильденген сумен 25 мл-ге жеткізеді, ерітіндінің рН-ын сірке қышқылымен 3,0-4,0 мәніне жеткізеді. Қажет болса тигельді дистильденген судың 100 мл-мен шаяды, фильтрлейді, фильтрат пен жуынатын суды сыйымдылығы 50-мл-лік колориметрлік пробиркаға жинайды да, сумен 40,0 мл-ге жеткізеді де, араластырады;
3) Стандартты ерітіндісі бар колориметрлік пробиркаларға сыналатын ерітіндіге жаңа дайындалған күкіртсутектің 10 мл-ін қосып, араластырып, 5 мин.-қа қалдырады және ақ бетке қойып бояуын бағалауды: сыналатын пробиркадағы ерітіндінің бояуы стандартты ерітіндісі бар пробиркадағыдай күңгірт болмауы керек.
14. Ауыр металдар тобындағы жеке элементтерді:
1) қорғасын ИСО 7110-ға сәйкес атомды-абсорбциялық спектрофотометрлік (ААС) әдісімен;
2) сынап - ИСО 5993-ке сәйкес ААС әдісімен;
3) мышьяк - ИСО 2590-ға сәйкес арнайы реактив - күмістің диэтилкарбаматын қолданатын спектрофотометрлік әдісімен анықтайды.
15. ПКӨ мен АҚГҚ-ның қауіпсіздігінің медициналық-биологиялық көрсеткіштерін тексеру өндіріске алғаш енгізілетін ПКӨ мен АҚГҚ-ның жіті улулығының көрсеткіші, созылмалы тәжірибеде жалпыулулық әсері және тері жабындылары мен шырышты қабаттарға тітіркендіруші және түршіктіруші әсері бойынша жүргізіледі.
16. Жаңа өнімдерді және оның компоненттерін тексеру барысында олардың зияндылығына анықтау жүргізіледі: енгізу тәсілдері әртүрлі (ішке, көк еттің ішіне, теріге) лабораториялық жануарларға (ақ тышқандар, көртышқандар, үй қояндары) өлім дозасы (әрі қарай ӨД50) есептеуімен жіті улылығын анықтау. ПКӨ мен АҚГҚ-ның ӨД50 шамасы тәжірибе жасалатын жануарлардың дене салмағының кг-на 5000 мг-нан аспауы керек және "Вредные вещества. Классификация и общие требования безопасности" стандартына сәйкес заттардың 4-ші класына (қауіпсіздігі аз) жатуы керек.
17. Жануар тірі қалғанда, оның жалпы улануының клиникалық симптомдары, тері жабындылары мен шырышты қабығы, тері мен ішкі органдарындағы (ең алдымен бауыр мен бүйректегі) патоморфологиялық өзгерістерін ескере отырып, препараттың әсеріне баға береді.
18. Жітілеу және созылмалы тәжірибеде адамдарға мүмкін қауіптілігін болжау үшін жануарлардаң организміне препараттың әсеріне тереңдетілген тексеру жүргізіледі.
19. Тәжірибенің жағдайын өңдеу барысында косметикалық препараттың тағайындалуы, әдісі және қолдану ұзақтығы ескеріледі.
20. Созылмалы улылықты тексеру жылықанды жануарларға жүргізіледі. Енгізу ұзақтығы препаратты қолдану ұзақтығына байланысты болады. Қолдану мерзімі 1-3 күндік препараттар үшін, күнделікті енгізудің барынша көп мерзімі 10 күн құрайды, қолдану мерзімі 10-15 күндік препараттар үшін - 30 күн; қолдану мерзімі аз препараттар үшін сынаудың ұзақтығы 2-ден 6 айға дейін болады.
21. Препараттың улылығын тексеру жөніндегі есепте жануардың жалпы жағдайы, салмағының, қанының, бауырының өзгерістері туралы мәліметтер келтірілуі керек. Өлген жануарлардың бәрін морфологиялық (ішкі органдарын гистологиялық тексерумен) зерттейді.
22. Зақымданбаған тері арқылы косметикалық өнімдердің енуін тері-резорбтивтік әсерімен есептейді. Бұл зертеулер "құйрық сынамасын" қою жолымен ақ тышқандарға, көртышқандарға жүргізеді.
23. "Құйрық сынамасын" қою үшін жануарды арнайы үйшікке бекітеді, пробиркаға құйылған, сыналатын затқа оның құйрығының 2/3 бөлігін сыртқа шығарады (егер зат қатты болса, онда оны алдын-ала суда, майда ерітіп, эмульсия дайындайды, егер сыналатын зат ұшқыш болса, тәжірибені ауаны шығаратын шкафта жүргізеді). Экспозиция уақыты 4 сағ. Егер де зат бүкіл организмге жалпы әсер етіп, зақымданбаған тері жабындылары арқылы сіңірілсе, онда оның тері-резорбтивтік әсері бар.
24. ПКӨ мен АҚГҚ-ның жалпыулылық әсерін бағалау тестілерді: уланудың клиникалық белгілерін, жалпы мінез-құлқын, тәбетінің жағдайын, салмағының динамикасын, гематологиялық көрсеткіштерін, ішкі органдарына гистологиялық зерттеуді қолдану арқылы жүргізіледі.
25. Жергілікті-тітіркендіруші әсері құйрықтың теріс жағдайы бойынша бағаланады. Сынаманы 30 күн бойы күнделікті 0,5 (мг мөлшерінде оны әрі қарай пайдалану шартымен (пайдалану тәсілі, жанасу уақыты) сыналатын затты дененің бүйір жағына (үй қояндарына 4х5 см, теңіз шошқаларына 2,5-2,5 см, көртышқандарға 2х2 см) алдын-ала терінің жүні қырқылған учаскесіне жағу арқылы теңіз шошқаларына, үй қояндарына, көртышқандарға жүргізіледі.
26. Егер күнделікті жағып тұрғанда 30 күннің ішінде реакция болмаса, онда препарат теріге тітіркендіруші әсер етпейді деп санауға болады. Тері-тітіркендіруші әсерді бағалау көзбен шола: тері қатпарларының түрін, тургорын, қалыңдығын, қабыршықтың, қабықтың, сызаттың болуын анықтайды.
27. ПКӨ мен АҚГҚ-ның тітіркендіруші қасиеті болмауы керек.
28. Косметикалық өнімдердің үй қоянының конъюнктивасына әсерін зерттеу, оның оң көзінің конъюнктивалды қабына сыналатын ерітіндінің 1-2 тамшысын енгізу жолымен жүргізіледі. Сол көзі - бақылау есебінде, оған дистильденген суды тамызады. Төменгі қабақты сәл созып, жасмұрын каналын бір минутқа баса тұрып, көздің шырышты қабатына затты енгізеді. Лакримацияны, конъюнктиваның қанға толуын, ісінуін, блефоспазмды, жарықтан қорқуды, конъюнктиваның жағдайын тіркейді. Бақылауды симптомы жоғалғанша жүргізеді.
29. Рецептураға кіретін жаңа косметикалық өнім, жартылай өнім және оның компоненттерін тексеру барысында, бір рет және ұзақ пайдалану барысында бауырдың және терінің құрылымына патоморфологиялық бақылау міндетті түрде жүргізілу керек. Егер де лабораториялық жануарларға тәжірибе жасағанда препараттың тітіркендіруші және аллергенді әсері болса, онда олар клиникалық сынамалар үшін ұсынылмайды.
30. Аллергиялық әсері түрлі тестілерді, иммунологиялық және гистологиялық әдістерді (тері мен ішкі органдарға патоморфологиялық бақылау) қолданумен зерттеледі. Сынаманы 10 теңіз шошқасына немесе үй қояндарына жүргізеді. Дененің бүйір жағындағы терінің алдын-ала жүні қырқылған 5х5 см өлшемдегі учаскесіне жоғарыда көрсетілгендей, 20 күн бойына зерттелетін препаратты енгізеді. 2-ші күннен бастап препаратты терінің жаңа симметриялы орналасқан учаскесіне дәл сол мөлшерде 11 күн бойына енгізеді.
31. Дамып жатқан ұрыққа потенциалды қауіпті болуы мүмкін заттары бар құралдар тератогендік және эмбриотоксикалық әсерінің болуына тексерілуі керек.
32. Қауіпсіздіктің клиникалық көрсеткіштері: тері жабындыларымен шырышты қабаттарға тітіркендіруші және аллергендік әсерінің болмауы; кумулятивтік және иммунологиялық әсерінің болмауы; косметикалық өнімнің ресми қасиеті сәйкес клиникалық тестілермен расталады.