Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 14 қарашадағы N 427 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1770 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 5(28) ресми баспасөз басылымдарында 2003 жылғы 25 ақпанда - 10 наурызда жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1907 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 3 маусымдағы N 212 қаулысымен , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3236 тіркелген, Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесінде:
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Банктер заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мынадай жағдайларда:";
2) тармақшада "алты" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Банктер коммерциялық емес ұйымдардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін басқару компанияларының жарғылық капиталына қатысқан жағдайда осы Ереженің 2-тармағының талаптары қолданылмайды.".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
3. Банктерді қадағалау департаменті (Раева Р.Е.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.