Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесін бекіту жөнінде" 2001 жылғы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 3 маусымдағы N 212 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 4 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1907.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 4   қаулысымен .
____________________________

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесін бекіту жөнінде" 2001 жылғы 14 қарашадағы N 427  қаулысына  мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесінде: 
      кіріспесі мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын: 
      "Осы Ереженің талаптары банктердің жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың жарғылық капиталына қатысу жағдайларына қолданылмайды."; 

      2-тармақта: 
      бірінші азатжолдағы "жарғылық капиталына қатысуға" деген сөздер "акцияларды сатып алуға" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1) соңғы аяқталған жыл ішіндегі бөлінбеген таза кірістің болуы және ағымдағы жылдың кірістер сомасының осындай кезеңдегі шығыстардан асуы ретінде анықталатын соңғы аяқталған жылы және ағымдағы жылдың ішінде шығынсыз қызмет еткенде;"; 
      3) тармақша "талаптарға" деген сөздің алдында "барлық" деген сөзбен толықтырылсын; 
      4) тармақша алынып тасталсын; 
      алтыншы азатжолдың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Банктің заңды тұлғаның жарғылық капиталына бұрын кепілге қабылданған және қаржылық есептің халықаралық стандарттарына сәйкес анықталатын, әділ құны бойынша бағаланатын акциялардың банктің меншігіне өтуі арқылы тікелей қатысуы банктің меншікті капиталының жиырма бес процентінен аспауы тиіс."; 

      3-тармақтағы "банктің меншік капиталының бір немесе одан астам проценті" деген сөздер "акцияларын банк сатып алған заңды тұлғаның жарғылық капиталының бес және одан астам проценті" деген сөздермен ауыстырылсын; 

      8-тармақтың бірінші азатжолында "7-тармағында" деген сөздер "7-тармағының 1)-6) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын; 

      17-тармақ мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын: 
      "Банктің бір жыл ішінде қор биржасында акциялары бойынша делистинг жүргізілген заңды тұлғаның акцияларын сатуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, осындай акциялар банктің есебінде шығын ретінде танылады."; 

      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын: 
      "17-1. Осы тараудың талаптары банктің еншілес ұйымдарына қолданылмайды."; 

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "18. Банктің заңды тұлғаның жарғылық капиталына бұрын кепілге қабылданған және қаржылық есептің халықаралық стандарттарына сәйкес анықталатын, әділ құны бойынша бағаланатын акциялардың банктің меншігіне өтуі арқылы тікелей қатысуы банктің меншікті капиталының он процентінен асқан жағдайда, не банктің заңды тұлғаның жарғылық капиталына осындай қатысуы Заңда көзделмесе, онда банк осы акцияларды олардың меншікке өткен күнінен бастап бір жыл ішінде сатуы тиіс. 
      Банктің бір жыл ішінде кепіл шарты бойынша банктің меншігіне көшкен заңды тұлғаның акцияларын сатуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, осындай акциялар банктің есебінде шығын ретінде танылады.". 

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді. 
      3. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.): 
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолдансын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А.Марченкоға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы