Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Ломбардтарды ашу, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 16 ақпандағы N 43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 97 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 22 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3579

Қолданыстағы

      Ломбардтардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Ломбардтарды ашу, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 16 ақпандағы N 43  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2765 тіркелген, 2004 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, N 29-32); Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы N 159  қаулысымен  енгізілген өзгерістермен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2955 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      атауында және 1-тармақта "ашу," деген сөз алып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ломбардтарды ашу, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесінде:
      атауында және кіріспесінде "ашу," деген сөз алып тасталсын;

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ломбард - банк болып табылмайтын, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы (бұдан әрі - лицензия) болған кезде айрықша қызмет түрі ұлттық валютада мынадай банктік және өзге операцияларды жүргізу болып табылатын заңды тұлға (коммерциялық ұйым):";

      4-тармақта "шаруашылық серіктестік нысанына қарай белгіленеді" деген сөздерден кейін "және ол тек ақшамен төленуі тиіс." деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2 тармақтармен толықтырылсын:
      "5-1. Ломбард ретінде тіркелген заңды тұлға мемлекеттік тіркелгеннен кейін он екі ай ішінде лицензия беру туралы өтінішпен уәкілетті органға хабарласады.

      5-2. Құрылтай құжаттарына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда ломбард бұл жөнінде уәкілетті органды құрылтай құжаттарына өзгерістердің және/немесе толықтырулардың көшірмелерін олар тіркелген күннен бастап он төрт күн ішінде енгізілген өзгерістерді және/немесе толықтыруларды тіркеу туралы әділет органының белгісімен бірге хабардар етеді.";

      2-тарау алып тасталсын;

      49, 50-тармақтар алып тасталсын; 

      1-қосымшада:
      жоғарғы оң бұрышында "ашу," деген сөз алып тасталсын;
      "мемлекеттік тіркеу нөмірі" деген сөздерден кейін "орналасқан жері _____________________________" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
      1) Агенттіктің Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және ломбардтарға жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М. Досмұқаметовке жүктелсін.

       Төраға

      Келісілді
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық Банкінің Төрағасы

      2005 жылғы 26 наурыз