Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 20
қаулысымен
.
_____________________________
Ломбардтардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Ломбардтарды ашу, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 16 ақпандағы N 43
қаулысына
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2765 тіркелген, 2004 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, N 29-32); Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы N 159
қаулысымен
енгізілген өзгерістермен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2955 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ломбардтарды ашу, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесінде:
атауында және кіріспесінде "ашу," деген сөз алып тасталсын;
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ломбард - банк болып табылмайтын, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы (бұдан әрі - лицензия) болған кезде айрықша қызмет түрі ұлттық валютада мынадай банктік және өзге операцияларды жүргізу болып табылатын заңды тұлға (коммерциялық ұйым):";
4-тармақта "шаруашылық серіктестік нысанына қарай белгіленеді" деген сөздерден кейін "және ол тек ақшамен төленуі тиіс." деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2 тармақтармен толықтырылсын:
"5-1. Ломбард ретінде тіркелген заңды тұлға мемлекеттік тіркелгеннен кейін он екі ай ішінде лицензия беру туралы өтінішпен уәкілетті органға хабарласады.
5-2. Құрылтай құжаттарына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда ломбард бұл жөнінде уәкілетті органды құрылтай құжаттарына өзгерістердің және/немесе толықтырулардың көшірмелерін олар тіркелген күннен бастап он төрт күн ішінде енгізілген өзгерістерді және/немесе толықтыруларды тіркеу туралы әділет органының белгісімен бірге хабардар етеді.";
1-қосымшада:
жоғарғы оң бұрышында "ашу," деген сөз алып тасталсын;
"мемлекеттік тіркеу нөмірі" деген сөздерден кейін "орналасқан жері _____________________________" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
1) Агенттіктің Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және ломбардтарға жіберсін.