Әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 25 наурыздағы N 104-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 1 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3542

Қолданыстағы

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  7-бабының 3) тармақшасына және  13-бабы  1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы  ереженің  18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең жағдайлар беру ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі және порттар саласында реттеу мен бақылау департаменті (Ә.М.Жұмабаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М.Досмағамбет) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Н.Ш.Алдабергеновке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жария етілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

      Келісілген
      Қазақстан Республикасы
      Көлік және коммуникация
      министрінің міндетін атқарушы

      2005 жылғы 30 наурыз

Қазақстан Республикасы     
Табиғи монополияларды реттеу  
агенттігі төрағасының     
2005 жылғы 25 наурыздағы   
N 104-НҚ бұйрығымен     
бекітілген        

  Әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін
қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге
тең жағдайлар беру ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес әзірленді және әуежайлар саласында қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін ұйымдастыру тәртібі мен жалпы қағидаттарын айқындайды.

      2. Әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар барлық тұтынушылардың осы қызметтерге кемсітілмейтін қол жеткізуін білдіреді.

      3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды ескере отырып, әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну жағдайларына қолданылмайды.

      4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) тұтынушы - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланатын заңды немесе жеке тұлға;
      2) уәкілетті орган - белгіленген құзырет шегінде табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган немесе облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы орган.
      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мәндерде қолданылады.

  2. Әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін
қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге
тең жағдайлар берудің жалпы қағидаттары

      5. Әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайларды қамтамасыз ету мынадай қағидаттарға сүйене отырып, жүзеге асырылады:
      1) әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең қол жетімділік;
      2) әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) барлық тұтынушыларына қатысты бірыңғай тарифтік саясат жүргізу;
      3) әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) тізбесінің ақпараттық ашықтығы.

  3. Әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін
қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең қол
жеткізуді ұйымдастыру тәртібі

      6. Әуежайлар саласындағы табиғи монополиялар субъектілері әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларымен шарттарды "Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгі шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194  қаулысымен  бекітілген  Үлгі шартқа сәйкес жасайды.

      7. Әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін төлем уәкілетті орган белгілеген мөлшерден аспауға тиіс.

      8. Әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) олардың сапасына олардың құзыреті шегінде мемлекеттік органдар белгіленген технологиялық талаптарға сәйкес барлық тұтынушыларға ұсынылады.

      9. Әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылар мыналарды:
      1) әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынудың белгіленген технологиялық процесін;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, оның ішінде оларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты техникалық талаптарды сақтайды.