"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармақтың 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 42-НҚ Бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Аэронавигация саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Телекоммуникациялар және аэронавигация саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (И.Ш.Әлиев) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М.Досмағамбет) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның
міндетін атқарушы
КЕЛІСІЛГЕН:
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрі
2005 жылғы 23 наурыз
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
міндетін атқарушының
2005 жылғы 14 наурыздағы
N 81-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Аэронавигация саласындағы реттеліп көрсетілетін
қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге
тең жағдайлар беру ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Аэронавигация саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар берудің осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және аэронавигация саласында қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - субъектілер) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың тең қол жеткізуін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттарын айқындайды.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 42-НҚ Бұйрығымен.
2. Аэронавигация саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайлары (бұдан әрі - аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтері) барлық тұтынушылардың осы көрсетілетін қызметтерге кемсітпеушілік қол жеткізуін білдіреді.
3. Осы Ереже аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды ескере отырып ұсыну жағдайына қолданылмайды.
4. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде аэронавигациялық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды өз құзыретінің шегінде азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік саясатты, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды іске асыруды, азаматтық және эксперименталдық авиация қызметін үйлестіру мен реттеуді және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - мемлекеттік басқару органы) айқындайды.
Аэронавигация қызметін ұйымдастыру жөніндегі ақпарат АІР, АІС және NOTAM-да жарияланады.
5. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе қозғалысына қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі N 712 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі ережесінің талаптарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ұйымдастырылады.
6. Осы ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) тұтынушы - табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға;
2) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
3) АІР - Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпарат жинағы;
4) АІС - аэронавигациялық ақпараттың нұсқаухаты;
5) NOTAM - кез келген аэронавигациялық жабдықты (немесе оның жұмыс регламентін) іске қосу немесе өзгерту, қызмет көрсету және ұшу ережелері туралы ақпаратты қамтитын хабарлама; немесе уақытылы ескерту ұшулардың қауіпсіздігі үшін маңызды мәні бар қауіп туралы ақпарат;
6) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия аясындағы табиғи монополия субъектiсi ұсынатын және қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгiлi бiр тауар беру түрiнде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкiлеттi орган мемлекеттiк реттеуге жататын қызметтер (тауарлар, жұмыстар).
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында айқындалған мәндерде қолданылады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007.11.15. N 291-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз), 2009 жылғы 13 ақпандағы N 42-НҚ Бұйрықтарымен.
2. Аэронавигация саласындағы реттеліп көрсетілетін
қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге
тең жағдайлар берудің жалпы қағидаттары
7. Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің тең жағдайларын қамтамасыз ету мынадай қағидаттарға сүйене отырып, жүзеге асырылады:
1) аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерге тең қол жетімділігі;
2) аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің барлық тұтынушыларға қатысты бірыңғай тарифтік саясат жүргізуі;
3) аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтері тізбесінің ақпараттық ашықтығы.
3. Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
тең қол жеткізуді ұйымдастыру тәртібі
Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007.11.15. N 291-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
8. Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтері туралы, сондай-ақ осы қызметтерді көрсетудің техникалық және технологиялық мүмкіндіктері туралы ақпаратты аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілері Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпараттар жинағында жариялайды.
9. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың (бұдан әрі - Пайдаланушы) аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін алуға өтініштерін аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілері мәлімдеген көлеміне немесе осы қызметтерді пайдаланудың басқа жағдайларына қарамастан тең жағдайларда қабылдайды.
10. Аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілеріне реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметтеріне қол жеткізудің жағдайларын күштеп тануға немесе осы қызметтердің тұтынушыларын кемсітуге алып келетін өзге де іс-әрекеттер жасауға жол берілмейді.
11. Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу мақсатында аэронавигация саласында табиғи монополиялар субъектілерімен шарт жасасу үшін, Пайдаланушылар аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілеріне мынадай құжаттардың:
1) қазақстандық Пайдаланушылар:
мемлекеттік басқару органы берген арнайы пайдалану жөніндегі (пайдалану талаптары және шектеулері) ережені қоса бере отырып Пайдаланушы сертификатының;
азаматтық кеменің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігінің;
Мемлекеттік басқару органы берген әуе кемелерінің барлық үлгілері бойынша ұшу жарамдылығы сертификаттарының;
авиакомпанияларға үш әріптік кодты беру туралы Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы (ИКАО) хатының;
заңды тұлғаның жарғысының (құрылтай құжаттары);
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің;
статистикалық карточканың;
қосымша құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлігі қосымшасының көшірмесін қоса бере отырып жібереді.
2) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланатын шетелдік Пайдаланушылар, өйткені шетелдік Пайдаланушылар туралы растаушы құжат өз мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлғасы болып табылатындығын дәлелдейтін көшірмелерін қоса бере отырып жолдайды.
12. Шетелдік Пайдаланушылардың әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету үшін төлемақы жүргізетін ұйымдар (бұдан әрі - Өкіл) көрсетілген қызметті жүзеге асыруға шарт жасасу үшін аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілеріне, жазбаша хабарламаны, Өкіл өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес, заңды тұлға болып табылатынын растайтын құжаттардың нотариалды расталған қосымшасының:
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігін;
статистикалық карточканың нотариалды расталған көшірмелерін қоса бере отырып жібереді.
13. Пайдаланушылар осы Ережеде санамаланған құжаттарды толық көлемде ұсынған жағдайда, аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілері Пайдаланушылардан өтінішті алған күннен бастап отыз күн мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 қаулысымен бекітілген Аэронавигация қызметтеріне арналған үлгі шартқа (бұдан әрі - Үлгі шарт) сәйкес шарт жасайды және оларға толық көлемде және тиісті сапада реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметтерін ұсынады.
14. Пайдаланушы аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектісіне әуе кемесінің, реттелмеген тасымалдауды орындау кезінде ұшу уақытынан үш тәулік бұрын өтініш жасаған жағдайда, реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметтеріне қол жеткізу, Қазақстан Республикасы аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланған Үлгі шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
15. Пайдаланушылар және Өкілдер осы Ереженің талаптарын сақтаған жағдайда аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілеріне Пайдаланушыларға реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметтерін ұсынудан бас тартуға жол берілмейді.
16. Реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметтері барлық тұтынушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін тұтынушылар сақтаған жағдайда, мемлекеттік органдар өз құзыретінің шегінде белгілеген олардың сапасына қойылатын талаптарға сәйкес ұсынылады.