"Магистралдық темір жол желісі қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 375-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3520

Қолданыстағы

     "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, 15-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

     1. "Магистралдық темір жол желісі қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ережесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3092 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2004 жылғы 2 қазанда жарияланған) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 375-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

     1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
     "Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы";

     1-тармақта:
     "белгілеу және алып тастау" деген сөздер "бекіту" деген сөзбен ауыстырылсын;
     "желісі қызметтерінің" деген сөздер "желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

     2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистралдық темір жол желісі қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ережесінде:
     тақырыбында және барлық мәтін бойынша "белгілеу және алып тастау", "белгілеу", "белгіленген" деген сөздер тиісінше "бекіту", "бекітілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
     тақырыбында, 1-тармақта "желісі қызметтерінің" деген сөздер "желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

     3-тармақта:
     екінші абзацтағы "қызметтерін" деген сөздің алдынан "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;
     жетінші абзацта:
     "тарифтеріне" деген сөзден кейін "бағаларына, алым ставкаларына" деген сөздермен толықтырылсын;
     "желісі қызметтерінің" деген сөздер "желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
     сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "уәкілетті орган - белгіленген құзырет шегінде табиғи монополиялар салаларындағы қызметке бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган немесе облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) атқарушы орган.";
     екінші, үшінші, төртінші тараулардың тақырыптарында "желісі қызметтерінің" деген сөздер "желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

     5-тармақтағы "қызметтер", "қызметтерін" деген сөздердің алдынан "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;

     7-тармақта:
     "желісі қызметтерінің" деген сөздер "желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
     4) тармақшадағы "қызметтеріне" деген сөздің алдынан "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;

     14-тармақтың екінші абзацында "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің" деген сөздер алынып тасталсын;

     22-тармақтағы "қызметтерді" деген сөздің алдынан "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;

     24-тармақтағы "қызметтердің" деген сөздің алдынан "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;

     25-тармақтағы "қызметтеріне" деген сөздің алдынан "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;

     3) көрсетілген Ереженің 1-қосымшасында:
     тақырыбында және барлық мәтін бойынша "белгілеу" деген сөз тиісінше "бекіту" деген сөзбен ауыстырылсын;
     тақырыбында, 7), 15) тармақшаларда "желісі қызметтерінің" деген сөздер "желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
     "қызметтерін" деген сөздердің алдынан "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;

     4) көрсетілген Ереженің 4-қосымшасында:
     тақырыбында және барлық мәтін бойынша "белгілеу", "белгіленген" деген сөздер "бекіту, бекітілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
     тақырыбында, 1, 2 және 3-тармақтарда "қызметтерін" деген сөздің алдынан тиісінше "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын.

     2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі және порттар саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Ә.М.Жұмабаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

     3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М.Досмағамбет) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
     1) оны белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
     2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің, "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының  назарына жеткізсін.

     4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Н.Ш.Алдабергеновке жүктелсін.

     5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     Төрағаның міндетін атқарушы

     КЕЛІСІЛГЕН:
     Қазақстан Республикасы
     Көлік және коммуникация министрі
     2005 жылғы 18 наурыз

     КЕЛІСІЛГЕН:
     Қазақстан Республикасы
     Қаржы министрлігі
     Салық комитетінің төрағасы
     2005 жылғы 23 наурыз