Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға берген кезде конкурстарды ұйымдастыру және өткізудің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 2 наурыздағы N 165, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2005 жылғы 25 ақпандағы N 24-ө Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3518. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 474 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.11.2016 № 474 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы
N 1140 қаулысымен бекітілген Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу  ережесінің 64-тармағын жүзеге асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫЗ:
     1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға берген кезде конкурстарды ұйымдастыру және өткізу ережесі бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге енгізсін.
     3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасы           
     Ауыл шаруашылығы министрлігі

     Қазақстан Республикасы
    Жер ресурстарын басқару
    агенттігінің Төрағасы

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2005 жылғы 2 наурыздағы    
N 165 және         
Қазақстан Республикасы   
Жер ресурстарын басқару  
агенттігі төрағасының   
2005 жылғы 25 ақпандағы   
N 24-ө бірлескен    
бұйрығымен бекітілген   

  Жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу
үшін жалға беру конкурстарын ұйымдастырудың
және өткізудің
ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер

     1. Осы Ережелер ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру конкурстарын ұйымдастырудың және өткізудің тәртібін айқындайды.

     2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
     1) конкурстық комиссия - аудандық (қаладағы аудандардан басқа) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, құрамына ауылдық округтардың әкімдері, басқа да жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың, облыстардағы жер ресурстарын басқару өкілетті органдарының өкілдері және ауыл шаруашылығы бөлімшелері мамандары кіретін, құрамы 5 адамнан аспайтын, сондай-ақ қажет болған жағдайда ауыл шаруашылығы саласының аса білікті мамандары енгізілген сараптама тобы, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;
     2) конкурсты ұйымдастырушы (жалға беруші) - аудандық (қаладағы аудандардан басқа), қалалық атқарушы орган;
     3) қатысушы - белгіленген тәртіппен тіркелген конкурсқа қатысушы жеке және заңды тұлға.

  2. Конкурстарды ұйымдастырудың және өткізудің тәртібі

     3. Конкурсқа пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсаттарындағы мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жалға алу құқығы ұсынылады.

     4. Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында жарияланатын ақпарат хабарлама дайындайды.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2011.03.31 № 78-ОД және ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2011.05.19 N 06-3/268 (ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

     5. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткізу күнінен 30 күнтізбелік күннен бұрын ақпарат хабарламаны жариялайды және хабарландыруда мынадай ақпарат болуға тиісті:
     конкурс өткізу күні;
     осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес жер учаскелерінің тізбесі;
     жер учаскесін пайдаланудың талаптары мен шарттары.

     6. Конкурсты ұйымдастырушының конкурсты ұйымдастыру және   өткізу шығындары тиісті жергілікті бюджет қаражатының есебінен өтеледі.

     7. Конкурсқа қатысуға, ақпарат хабарламада көрсетілген мерзімнен кешіктірмей, өтінім берген Қазақстан Республикасының азаматтары және мемлекеттік емес заңды тұлғалар, сондай-ақ шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ тұлғалар және шетелдік заңды тұлғалар жіберіледі.

     8. Конкурсқа қатысушы ретінде тіркелуі үшін тұлғаны куәландыратын құжат және конкурстық өтінім ұсынылады.

     9. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген заңды тұлғаның конкурстық өтінімінде мынадай мәліметтер болуға тиісті:
     1) осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген үлгіде конкурсқа
қатысуға өтінім (түпнұсқа);
     конкурсқа қатысуға ниет білдірген қатысушы бір немесе бірнеше жер учаскелеріне конкурстық өтінімін ұсынады;
     2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
     3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің қарсаңында салық және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша үш айдан асатын мерзімі өткен берешегінің жоқ немесе бар екендігі туралы бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған, осы салық органының мөрі басылған тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;
     4) қатысушы ұсынатын бизнес-жоспар немесе жер учаскесін пайдаланудың еркін түрде дайындалған бағдарламасы;
     5) кәсіпорынның штатында ауыл шаруашылығының мамандықтары бойынша біліктілігі мен жұмыс стажы көрсетілген, кем дегенде 2 маманы бар болуы туралы, бірінші басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған, заңды тұлғаның мөрі басылған анықтамасының түпнұсқасы;
     6) ауылшаруашылық дақылдарды өндіру үшін қажетті ауылшаруашылық машиналары бар болуы туралы (бірінші басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, заңды тұлғаның мөрі басылған) анықтаманың түпнұсқасы және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызмет көрсетуді сатып алу және т.б.) шартының көшірмесі;
     7) қатысушыға, конкурстық комиссия жеңімпазды анықтағанда ескерілетін, өзі туралы басқа да сенімді ақпараттарды ұсынуға болады.

     10. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген жеке тұлғаның конкурстық өтінімінде мынадай мәліметтер болуға тиісті:
     1) жеке тұлға куәлігінің (төлқұжат) немесе уақытша куәлігінің көшірмесі;
     2) осы Ереженің 3-қосымшасында көрсетілген үлгі бойынша конкурсқа қатысуға өтінім (түпнұсқа);
     конкурсқа қатысуға ниет білдірген қатысушы бір немесе бірнеше жер учаскелеріне конкурстық өтінімін ұсынады;
     3) қатысушы ұсынатын бизнес-жоспар немесе ауылшаруашылық дақылдар өндіру үшін қажетті ауылшаруашылық машиналары көрсетілген ерікті түрде дайындалған жер учаскесін пайдалану бағдарламасы және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызмет көрсетуді сатып алу және т.б.) шартының көшірмесі;
     4) білімі туралы дипломның көшірмесі (болған жағдайда) немесе ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек қызметі және жұмыс стажы туралы мәліметтері бар өмірбаяны;
     5) қатысушыға, конкурстық комиссияның жеңімпазды анықтауда ескерілетін, өзі туралы басқа да сенімді ақпарат ұсынуға болады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2011.03.31 № 78-ОД және ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2011.05.19 N 06-3/268 (ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

     11. Кез-келген қатысушы, өз бастамасымен, өндіріс көлемін және салық аударымдарды өсіруге, жер учаскесі орналасқан ауыл округінің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік туғызатын өзіне қосымша міндеттерді алу бойынша ұсыныстар енгізуге болады. Ондай ұсыныстардың болмауы конкурстық өтінімді қабылдамауға негіз болып саналмайды.

     12. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашқан күннен бастап 30 күннен кем болмауға тиіс.
     Қолданылу мерзімі одан кем конкурстық өтінім қабылданбайды.

     13. Конкурстық өтінім өшпейтін сиямен қатысушымен басылып немесе жазылып, тігілген түрде нөмірленген беттерімен ұсынылады және соңғы беті жеке тұлға үшін - қатысушының қолымен, ал заңды тұлға үшін - бірінші басшысының (сенім жүктелген тұлғаның) қолымен және мөрімен куәландырады.

     14. Конкурстық өнімінде, қателерді түзету қажет болған жағдайды қоспағанда, қатысушының грамматикалық немесе арифметикалық жол арасында қосымша жазылған ешқандай қосулары, өшіру немесе қосып жазуы болмауы тиіс.

     15. Қатысушы конкурстық өтінімді конвертке салып, жапсырып, онда мына деректерді көрсетеді:
     өзінің атауы және мекен-жайы;
     конкурсты ұйымдастырушының, оның мекен-жайы және "Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру жөніндегі конкурс" және "(ашудың нақты күні мен уақыты) ____жылғы  _____ _____сағатқа дейін ашуға болмайды" деген сөздер жазылады.

     16. Конкурстық өтінімдер конкурсты ұйымдастырушыға соңғы қабылдау мерзіміне дейін қолма-қол немесе почта арқылы табыс етіледі.

     17. Конкурсты ұйымдастырушы (оның жауапты тұлғасы) конкурстық өтінімді табыс етудің мерзімі өткеннен кейін түскен барлық конкурстық өтінімдерді қабылдамайды, ашпайды және оны қатысушыға кейін қайтарады.

     18. Конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін қатысушы өзі енгізген конкурстық өтінімді өзгерте немесе қайтара алады. Өзгерістер конкурстық өтінімнің әзірленуі сияқты, жабылуға және табыс етілуге тиіс. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтару туралы ескерту, егер оны конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін алған болса, жарамды болып табылады.

     19. Конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін ұсынғаннан конкурстық өтінімдерге ешқандай өзгеріс енгізуге болмайды.

     20. Қатысушының өкілетті өкілдері, өздерінің қатысып отырғанын растап, қатысушыларды тіркеу жорналына тіркелуі тиіс.

     21. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдер салынған конверттерді барлық қатысушылар немесе олардың өкілетті өкілдерінің қатысуымен ашады.

     22. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқанда, қатысып отырған тұлғаларға қатысушылардың атауы мен мекен-жайы, конкурстық өтінімдерді кері қайтару, өзгеру және конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың бар екені немесе жоқ екені туралы ақпарат хабарлайды.

     23. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу процедурасы бойынша Конкурстық комиссияның төрағасы, оның орынбасарлары, мүшелері және хатшысы қолдарымен бекітілген конверттерді ашу хаттамасы жасалады.

     24. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді, олардың толықтылығын, есептердегі қателердің, құжаттарға қойылған барлық қолдардың бар екендігін, сондай-ақ жалпы алғанда құжаттардың ресімделуінің дұрыстығын зерделейді.

     25. Сараптамалық топ, қатысушылар ұсынған, бизнес-жоспарлардағы (өндірістік бағдарламалар) есептердің негіздемесін және жер учаскесін тиімді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз етудің мүмкінділігін зерделейді және екі күннен кешіктірмей өз қорытындысын Конкурстық комиссияға ұсынады.

     26. Конкурстық комиссия, осы Ереженің 27-тармағында көрсетілген критерияларға сай, конкурстық өтінімдерді бағалайды, салыстырады және жеңіп шыққан конкурстық өтінімді анықтайды.
     Конкурстық комиссия, осы Ереженің 27-тармағында көрсетілген критерилерге сай келмесе, қатысушылардың конкурстық өтінімдерін қабылдаудан бас тарта алады.

     27. Конкурс жеңімпазын анықтағанда негізгі критериялар болып мыналар табылады:
     1) жерді қорғау, оны тиімді және ұтымды пайдалану бойынша ұсыныстар;
     2) егіс айналымдарының жүйесін енгізу мен сақтау, топырақтың құнарлылығын арттыру бойынша шаралардың және міндеттемелердің жоспары болуы;
     3) жерді пайдалануға озық агротехнологияларды енгізу бойынша ұсыныстар;
     4) қосымша жұмыс орындарын ашу;
     5) бизнес-жоспары (өндірістік бағдарлама) бойынша сараптама тобының жарамды қорытындысы.

     28. Конкурстық комиссия жеңімпазды  анықтағанда, кем дегенде 2 қатысушының конкурстық өтінімдері осы Ереженің 27-тармағында көрсетілген критерияларға сай келгенде, басымдық келесі тұлғаларға беріледі, олар:
     жер учаскесі арнайы жер қорына енгізілгенге дейін міндеттерін тиісінше орындап, жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығында пайдаланған тұлғалар;
     репатрианттар (оралмандар), сондай-ақ Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес болашақсыз ауылдық елді мекендерден қоныс аударған Қазақстан Республикасының азаматтары;
     конкурсқа салынған жер учаскесі осы азаматтар тұратын ауылдық округінің аумағында орналасқан жағдайда және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін конкурсты өткізу кезінде жер учаскелері болмаған Қазақстан Республикасының азаматтары;
     өз бастамасымен көп жұмыс орындарын ашуға, өндірістің көлемі мен салық аударымдарын өсіруге, ауыл округінің әлеуметтік инфрақұрылымын қолдау мен дамытуға мүмкінділік туғызатын қосымша міндеттемелерін алу ұсыныстар енгізген тұлғалар;
     ауыл шаруашылығы білімі мен ауыл шаруашылығы салаларында жұмыс стажы бар тұлғалар.

     29. Бәсекелестік орта болған жағдайда, конкурстың қорытындысын шығарған кезде, Конкурстық комиссия жеңімпаздан басқа, өтінімдері артықшылықпен көрінген екі қатысушыны белгілейді.

     30. Конкурстық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік ашық дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
     Конкурстық комиссияның мүшелері өздерінің ерекше ойларын білдіре алады, егер де осындай ойлар айтылар болса, онда олар жазбаша түрде толтырылып хаттаманың қосымшасы ретінде бірге беріледі.

     31. Конкурстық комиссия, конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап он күннен аспайтын мерзімде, конкурстың қорытындыларын жасайды.

     32. Конкурстық комиссия отырысының нәтижелерінің қорытындысы туралы хаттама ресімделеді, онда қатысушылардың атауы, тұрған жері, реквизиттері (жеке тұлғалар үшін мекен-жайы мен аты-жөні) және солардың негізінде конкурстың жеңімпаздарын, бас тартқан себептерді көрсете отырып, талаптарға сай келмейтін қатысушылардың атауы мен тұрған жері, анықтау шарттары көрсетіледі. Сондай-ақ, қорытынды туралы хаттамада конкурсты ұйымдастырушы үшін жеңімпаздың өтінімінен кейін өтінімдері басымды конкурсқа қатысушылар көрсетіледі.
     Конкурстың қорытындылары туралы хаттамада Конкурстық комиссияның барлық мүшелерінің қолы қойылады. Конкурс ұйымдастырушы конкурстың қорытындылары туралы Хаттамасына қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні мерзімінде конкурс нәтижелерін, оның атауын, жеңімпазы мен оның мекен-жайын көрсете отырып, мерзімді баспасөзде жариялау жолымен барлық қатысқан қатысушыларға хабарлайды.

     33. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс қорытындылары туралы Хаттамасына қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні мерзімінде жеңімпаз атанған қатысушыға оның конкурстық өтінімі ұтқандығы туралы жазбаша хабардар етеді, сонымен бірге осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес үлгі шарт нысаны бойынша жасалған жер учаскесін жалға алу Шартының жобасына қол қойып оған жібереді (бұдан әрі - Шарт).

     34. Конкурстың жеңімпазы, Шарттың жобасын және оның конкурстық өтінімі ұтқан деп танылғандығы туралы хабарламаны алған күннен бастап он күн мерзімінде, конкурсты ұйымдастырушымен бірге Шартқа қол қояды.

     35. Егер де жеңімпаз деп танылған қатысушы, осы Ереженің 34-тармағында көрсетілген мерзімде, Шартқа қол қоймаса, конкурстың ұйымдастырушысы, конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес, жеңімпаздың ұсынысынан кейін конкурстың өтінімі басымды көрінген қатысушымен Шарт жасасады.

     36. Егер конкурсқа қатысушылардың саны екі адамнан кем немесе барлық конкурстық өтінімдер талаптарға сай келмейді деп кері қайтарылған болса, конкурстық комиссиямен конкурс өткізілмеген деп есептеледі.

     37. Егер кезектес екі конкурсқа бір ғана өтінім берілсе, жер учаскесін жалға алу құқығы конкурстан алынып, сол жалғыз қатысушыға табыс етіледі.

     38. Конкурс қорытындылары туралы хаттама конкурстың жеңімпазына жер учаскесін жалға алу құқығын табыс етуге негіз болып табылады.

     39. Конкурстың қорытындылары баспасөз басылымдарында жарияланған күннен бастап 10 күндік мерзімде жер учаскесін жалға беру құқығы туралы жергілікті атқарушы орган шешімін қабылдайды.

     40. Жер учаскесінің құқығын куәландырылатын құжат (Ұзақ мерзімді уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы жөніндегі акт; жалға алу) жер учаскесінің шекарасын жергілікті жерде белгілегеннен кейін 7 күндік мерзімде беріледі.

     41. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден жер учаскелері жалға Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 30-бабының 3) тармағына, 12-бабының 16) тармағына және 37-бабының 5 тармағына сәйкес:
     Қазақстан Республикасының азаматтарына және заңды тұлғаларына 49 жылға дейінгі мерзімге;
     шетелдік азаматтарға, азаматтығы жоқ тұлғаларға және шетелдік заңды тұлғаларға 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

                                 Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу
                                   үшін жер учаскелерін жалға беру
                                    конкурстарын ұйымдастыру және
                                      өткізу Ережесіне 1-қосымша

                                  Жер учаскелері Тізбесінің нысаны

                  Жер учаскелерінің тізбесі

Жер уч. N

Жер учаске-
сінің
қысқаша
сипаттамасы

Көле-
мі,га

Жалға
беру
мерзімі,
Жыл

1 га
жердің
жалға
беру құны

Жер
учаскесінің
орналасқан
жері (шаруа-
шылық,
аудандық
орталықтан
орталыққа
дейінгі
орташа
қашықтық)

1

2

3

4

5

6



















                                    Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу
                                   үшін жер учаскелерін жалға беру
                                    конкурстарын ұйымдастыру және
                                      өткізу Ережесіне 2-қосымша.

                               Конкурсқа қатысу үшін өтінім нысаны
                                       (заңды тұлғалар үшін)

     (Кімге)
____________________________________________________________________
                   (конкурсты ұйымдастырушының атауы)

     (Кімнен)
____________________________________________________________________
                          (қатысушының атауы)

                 Конкурсқа қатысу үшін өтінім
                    (заңды тұлғалар үшін)

     Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жер учаскелерін жалға берген кезде конкурсты жүргізу
туралы Конкурстық құжаттаманы қарастырып, __________________________
____________________________________________________________________
                        (қатысушының атауы)

     арқылы алынғандығы осы құжатпен куәландырылып, келесі лоттар
бойынша конкурсқа қатысады:_________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                   (лоттардың толық сипаттамасы)

              Осы конкурстық құжаттама мыналардан тұрады:

1. _________________________________________________________________
2. _________________________________________________________________
3. _________________________________________________________________
4. _________________________________________________________________
5. _________________________________________________________________

     Біз сіздің Конкурстық құжатта көрсетілген конкурстық
шарттарыңызбен келісеміз.
     Осы конкурстық өтінім конкурстық өтінімдері бар конверттерді
ашқан күннен бастап ________________ күн ішінде күші бар.
                       (жазбаша)

     Жер учаскесін жалға беру туралы шартты жасағанға дейін,
бұл конкурстық өтінім, Сіздің оны жеңгендігін растайтын хабарламамен
бірге міндетті келісім-шарт рөлін атқаратын болады.

     Конкурстық өтінімге___________________________________________
                                  (қатысушының атауы)

     атынан және оның тапсырмасымен қол қоюға барлық күші бар.

     __________________               ____________________________
         (қолы)                           (қызметі, аты-жөні)

                              М.О.

                                 Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу
                                   үшін жер учаскелерін жалға беру
                                    конкурстарын ұйымдастыру және
                                      өткізу Ережесіне 3-қосымша

                               Конкурсқа қатысу үшін өтінім нысаны
                                       (жеке тұлғалар үшін)

     (Кімге)
____________________________________________________________________
                   (конкурсты ұйымдастырушының атауы)

     (Кімнен)
____________________________________________________________________
                          (қатысушының атауы)

                 Конкурсқа қатысу үшін өтінім
                     (жеке тұлғалар үшін)

     Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру жөніндегі конкурсты жүргізу
туралы Конкурстық құжаттаманы қарастырып,
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                         (қатысушының атауы)

     арқылы алынғандығы осы құжатпен куәландырылып, келесі лоттар
бойынша конкурсқа қатысады:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                    (лоттардың толық сипаттамасы)

            Бұл конкурстық құжаттама мыналардан тұрады:
1. _________________________________________________________________
2. _________________________________________________________________
3. _________________________________________________________________
4. _________________________________________________________________
5. _________________________________________________________________

     Осы конкурстық өтінім конкурстық өтінімдері бар конверттерді
ашқан күннен бастап ________________ күн ішінде күші бар.
                       (жазбаша)

     Жер учаскесін жалға беру туралы шартты жасағанға дейін, осы
конкурстық өтінім, Сіздің оны жеңгендігін растайтын хабарламамен
бірге біздің арамыздағы  міндетті келісім-шарт рөлін атқаратын болады.

     Конкурстық өтінімге
____________________________________________
          (қатысушының атауы)

     атынан және оның тапсырмасымен қол  қоюға барлық күші бар.

     __________________               ____________________________
         (қолы)                           (қызметі, аты-жөні)

                              М.О.

                                 Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу
                                   үшін жер учаскелерін жалға беру
                                    конкурстарын ұйымдастыру және
                                      өткізу Ережесіне 4-қосымша

                      Жер учаскесін жалға беру типтік шарты нысаны

Жер учаскесін жалға беру
типтік шарты

     Қала (кент, ауыл ) _______ N ___ " __ " ___________ жыл
     Біз, төменде қол қоюшылар,
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                (жергілікті атқарушы органның атауы )
     әрі қарай "Жалға алушы", екінші жағынан "Жалға беруші",
осы Шартты жасадық.

                           1. Шарт мәні

     1.1. Жалға беруші Жалға алушыға ауыл шаруашылығы өндірісін
жүргізу мақсатында, Шартқа қоса беріліп отырған жер учаскесінің
жоспардағы шекара шегінде, жер учаскесінің жалдау құқығын береді.
     1.2. Жер учаскесінің орналасқан орны және оның мәліметтері:
     Кадастрлық нөмірі _____ (коды). Көлемі ___ га, соның ішінде:
ауыл шаруашылығы алқаптары _____ мың га, (егістік  ____ га,
көпжылдық екпелер ___ га, шабындықтар ___ га, жайылымдар ___ га).
     Мақсатты пайдалануы __________________________________________
     Пайдаланудағы шектеулер мен ауыртпашылықтар __________________
     Бөлінуі немесе бөлінбеуі_____________________________________

                    2. Жалдау ақысының мөлшері

     2.1. Жер учаскесінің жалдау ақысының мөлшері__________________
___________________________________________________________ құрайды.
                 (сомасы санмен және жазбаша)

           3. Тараптардың құқықтары және міндеттері

     3.1. Жалға алушының құқықтары:________________________________
     3.2. Жалға алушы Шарт талаптарын сақтауға, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы заңнамаларына сәйкес белгіленген жер учаскесін
пайдаланудағы құқықтық шектеулер және ауыртпашылықтарын көтеруге
міндетті.
     3.3. Жалға берушінің құқықтары:
     1) ___________________________________________________________
     2) Жалға алушы 4-тармақтың 1-тармақшасында көрсетілген қосымша
міндеттемелерді орындамағанда Жалға беруші Шартты белгіленген
тәртіппен біржақты бұзып, жер учаскесін арнайы жер қорына қайтарады.
     3.4. Жалға берушінің міндеттері:
     1) Шарт талаптарына сәйкес жер учаскесін беруге;
     2) Жалға алушыға жер учаскесіне құқықтық шектеулердің барлық
ауыртпашылықтары туралы хабарлауға міндетті.

                       4. Қосымша талаптар

     4.1. Жалға алушы конкурстық өтінімде өндірістің көлемін
ұлғайтуға және салық аударымдарын өсіруге, ауыл округінің әлеуметтік
инфрақұрылымын қолдау мен дамытуға мүмкінділік туғызатын қосымша
міндеттемелер алса, бұл ұсыныстар шарт жасасқан мерзімде өз күшінде
қалады және өзгертілмейді.
     4.2. _________________________________________________________

                5. Тараптардың жауапкершіліктері

     5.1. Тараптар Шарт талаптарын орындамағаны немесе дұрыс
орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жауапкершілік алады.

               6. Келіспеушіліктерді қарау тәртібі

     6.1. Шартқа қатысты туатын қайшылықтар, келіссөздер арқылы
шешілмейтін барлық келіспеушіліктер, сот арқылы шешіледі.

                     7. Шарт мерзімдері

     7.1. Шарт, оны мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап
күшіне енеді.
     7.2. Шарт екі данада жасалған, біреуі Жалға берушіге,
екіншісі Жалға алушыға беріледі.

       8. Тараптардың заңды мекен-жайлары, реквизиттері:

    Жалға беруші                            Жалға алушы
______________________                    __________________________
(жергілікті атқарушы                      (тұлғаның толық атауы,
органның атауы)                                   аты-жөні)
Мекен-жайы ___________                   Мекен-жайы _______________
Есеп-шоты ____________                    Есеп-шоты ________________
______________________                    __________________________
______________________                    __________________________
   (қолы)   М.О.                               (қолы)     М.О.