Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру туралы өтініштерін ұсыну және оны қарау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 4 наурыздағы N 70-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3516

Жаңартылған

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  18-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің  11-тармағының  15) тармақшасына және  18-тармағының  1) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру туралы өтініштерін ұсыну және оны қарау ережесі бекітілсін.
      2. "Табиғи монополия субъектісінің негізгі қызметімен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының почта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыруды уәкілетті органмен келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 4 мамырдағы N 121-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2325 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте 2003 жылғы 14 маусымда N 24 (129)" жарияланған)  бұйрығының  күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаменті (Ғ.Т.Жолдыбаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М.Досмағамбет) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.С.Орымбаевқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Қазақстан Республикасы    
Табиғи монополияларды реттеу 
агенттігі төрағасының     
2005 жылғы 4 наурыздағы    
N 70-НҚ бұйрығымен      
бекітілген          

  Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге
қызметті жүзеге асыруына келісім беру туралы
өтініштерін ұсыну және оны қарау ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруына келісім беру туралы өтініштерін ұсыну және оны қарау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес әзірленді.

      2. Осы Ереженің мақсаты құжаттар мен ақпарат тізбесін, табиғи монополия субъектісінің (бұдан әрі - Субъект) өзге қызметті жүзеге асыруды уәкілетті органмен келісу кезінде оларды ұсыну мен қарау тәртібін айқындау болып табылады.

      3. Уәкілетті орган Субъектінің өзге қызметті жүзеге асыруына:
      реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты;
      Қазақстан Республикасының почта туралы заңнамасында белгіленген;
      табиғи монополия саласына жатқызылған, реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден алынған табыстар бір күнтізбелік жыл ішінде рынок субъектісінің барлық қызметінен алынған табыстардың бір пайызынан аспаған жағдайда;
      өзге қызметтен алынған табыстар бір күнтізбелік жыл ішінде табиғи монополия субъектісінің барлық қызметінен алынған табыстардың бес пайызынан аспаған жағдайда;
      табиғи монополия саласында қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсететін құрылымдық бөлімшенің ұйымдық және аумақтық оқшаулануы мүмкін болмаған жағдайда, келісім береді.

      4. Осы ереженің күші Субъектілерге қолданылады.

      5. Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар мен терминдер:
      1) географиялық шекаралар - Субъект қызметтер ұсынатын (тауарлар, жұмыстар өндіретін) шектердегі аумақ;
      2) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) байланысты өзге қызметі - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) жүзеге асыруы онсыз техникалық мүмкін емес, не Субъект қызметінің технологиялық процесінің құрамдас бөлігі болып табылатын қызмет;
      3) құзыретті орган - тиісті салада Субъектінің қызметін реттеуді жүзеге асыруына уәкілетті мемлекеттік орган, коммуналдық меншіктегі не су шаруашылығы және (немесе) кәріздік жүйелер қызметтерін көрсетуші Субъект үшін - жергілікті атқарушы органдар;
      4) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді белгіленген құзырет шегінде жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган немесе облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы орган;
      5) өтініш - өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру туралы Субъектінің жазбаша арызы.

  2. Субъектінің өзге қызметті жүзеге
асыруына өтініштер беру тәртібі

      6. Өзге қызметті жүзеге асыруға келісім алу үшін Субъект уәкілетті органға өтінішпен бірге мынадай құжаттар мен ақпарат (мәліметтер) ұсынады:
      1) анықтама - қызметтің осы түрін жүзеге асыру себептері көрсетілуге тиісті өтінішке берілген негіздеме;
      2) өткен жыл ішінде Субъектінің қаржы-шаруашылық қызметін талдау, оның ішінде оған берілген түсіндірме жазбамен қоса, бухгалтерлік теңгерім, кірістер мен шығыстар туралы есеп, ақшаның қозғалысы туралы есеп, аудиторлық қорытынды, ағымдағы жыл ішіндегі Субъектінің қаржылық жай-күйі туралы мәліметтер, оның ішінде Субъектінің қызмет түрлері бойынша бөлінісіндегі кірістер мен шығыстар туралы мәліметтер, жоспарланып отырған өзге қызметтен алынған болжамды кірістер мен шығыстар және Субъектінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері (егер өзге қызмет алғаш рет жүзеге асырылған жағдайда) туралы мәліметтер;
      3) көрсетілген қызметтерден (өндірілетін тауарлардан), оның ішінде өзге қызметтен алынған Субъект есебінің табысы, нақты көріністегі көрсетілетін қызметтердің көлемдері жөніндегі тұтынушылардың топтары бойынша бөлінген материалдар;
      4) өтініште көрсетілген өзге қызметті жүзеге асыруға арналған негізгі құралдардың болуы туралы;
      5) құзыретті органның өзге қызметті жүзеге асыру салдарлары туралы қорытындысы;
      6) өзінің қызметін бір жылдан кем жүзеге асыратын, сондай-ақ "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  15-бабының  3-тармағында көрсетілген Субъектілерді қоспағанда, соңғы аудиторлық тексеру қорытындысының және оған берілген қосымшаның көшірмесі;
      7) өтініш келісілген жағдайда шығындар өзге қызметке жатқызылады;
      8)  алынып тасталды .
       Ескерту: 6-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 30 наурыздағы N 89-НҚ   бұйрығымен .

      6-1. Өзге қызметті жүзеге асыруға келісім алу үшін Субъект табиғи монополия саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден түсетін табыстары күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде оның барлық қызметінен түсетін табыстарының бір процентінен аспағанда, уәкілетті органға мынадай құжаттар мен ақпаратты (мәліметті):
      1) қызметтің осы түрін жүзеге асыру себептері көрсетілуге тиісті өтінішке берілген анықтама-негіздеме;
      2) жоспарланып отырған өзге қызметтен алынатын болжамды табыстар мен шығыстар туралы мәліметтер;
      3) табиғи монополия саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден түсетін табыстар күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде оның барлық қызметінен түсетін табыстарының бір процентінен аспайтынын растайтын өткен жыл ішіндегі белгіленген нысандағы бухгалтерлік теңгерімнің және табыстар мен шығыстар туралы есептің көшірмесін;
      4) өзінің қызметін кемінде бір жыл жүзеге асыратын, сондай-ақ "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  15-бабының  3-тармағында көрсетілген Субъектілерді қоспағанда соңғы аудиторлық тексерудің қорытындысының және оған берілген қосымшаның көшірмесін ұсынады.
       Ескерту: 6-1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 30 наурыздағы N 89-НҚ   бұйрығымен .

      7. Өзге қызметті жүзеге асыруға келісім алу үшін Субъект қосымша мынадай талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді:
      1) Субъектінің өзге қызметтен алған табыстары оны жүзеге асыруға қажетті шығындарды жабуға тиіс;
      2) өзге қызметті жүзеге асыру тиісті рыноктағы қызмет көрсетуге (тауарларға, жұмыстарға) бәсекелестікті шектеуге алып келмеуге тиіс;
      3) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрі бойынша және тұтастай жүзеге асыруға ол өтініш берген өзге қызмет бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу.

      8. Субъект осы Ереженің 2-қосымшасына сай нысан бойынша тоқсан сайын осы Ереженің 7-тармағының 1) және 2) тармақшаcында көзделген талаптарды орындау туралы есеп береді, сондай-ақ осы Ереженің 7-тармағының 2) тармақшаcында көзделген талаптарды орындау туралы есеп береді.

  3. Өтініштердің мазмұны, оларды
қараудың тәртібі мен мерзімдері

      9. Өзге қызметті жүзеге асыруға келісім алу үшін Субъект осы Ереженің 1-қосымшасына сай өтінішпен уәкілетті органға жүгінеді.

      10. Уәкілетті органға өтінішпен бірге ұсынылған құжаттар мен ақпарат тігілуге, нөмірленуге және өтініш беруші Субъектінің мөрімен, сондай-ақ оның бірінші басшысының не тиісті растауы болған кезде оны алмастыратын тұлғаның қолымен және бас бухгалтердің қолымен (қаржылық құжаттар болған жағдайда) расталуға тиіс.
      Ұсынылып отырған құжаттар түпнұсқада немесе олардың көшірмелері болуға тиіс, соңғы жағдайда өтінішке қол қойған басшы олардың дұрыстығы мен толықтығын жазбаша растауға тиіс.

      11. Уәкілетті орган, егер:
      1) оның келісімі Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасауға;
      2) оның келісімі тиісті тауар рыногының табиғи монополия жағдайынан бәсекелес рынок жағдайына экономикалық жағынан ақталған өтуді тежеуге алып келуі мүмкін жағдайларда;
      3) Субъект барлық қажетті құжаттарды ұсынбаса не ұсынылған құжаттардағы ақпарат дұрыс болып табылмаса өтінішті қабылдамауға құқылы.

      12. Уәкілетті орган Субъектіге өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беруден, егер:
      1) өзге қызмет реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметпен технологиялық байланысты болмаған;
      2) өзге қызмет Қазақстан Республикасының почта туралы заңнамасында белгіленген қызметке жатқызылмаған;
      3) табиғи монополия саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден алынған табыстар бір күнтізбелік күн ішіндегі рынок субъектісінің барлық қызметінен алынған табыстардан бір пайыз артқан;
      4) өзге қызметтен алынған табыс бір күнтізбелік жыл ішіндегі табиғи монополия субъектісінің барлық қызметінен алынған табыстан бес пайыз артқан;
      5) табиғи монополия саласында қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсетуші құрылымдық бөлімшенің ұйымдық және аумақтық оқшаулану мүмкіндігі болған жағдайларда бас тартады.

      13. Уәкілетті орган өтінішті, егер:
      1) Субъект осы Ереженің 9 және 10-тармақтарында көзделген талаптарды сақтамаған жағдайларда;
      2) Субъект уәкілетті орган сұратқан қосымша құжаттарды (ақпаратты) ұсынбаған жағдайларда қараусыз қалдырады.

      14. Өтініш қараусыз қалған жағдайда, уәкілетті орган Субъектіге жазбаша хабар береді.

      15. Уәкілетті органның қажетті құжаттар мен ақпарат немесе Субъектінің жоғарыда көрсетілген құжаттар мен ақпаратты ұсынуының мүмкін еместігін түсіндіретін себептер туралы мәліметтер қоса берілген осы өтінішті алған және (немесе) Субъектінің бұрын ұсынылған материалдарында қамтылған фактілердің өзгеруі туралы жазбаша хабарламасын алған күн өтініш берілген күн деп есептеледі.

      16. Уәкілетті орган өтінішті алған күннен бастап отыз күннен кешіктірмей оны қарайды және Субъектіге жазбаша хабар береді.

      17. Егер уәкілетті органға қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, соңғысы оны Субъектіден сұратуы мүмкін. Сұратылған ақпаратты алғанға дейін, өтінішті қарау мерзімі тоқтатыла тұрады.

      18. Өтінішті қанағаттандырудан бас тартылса, Субъекті сотқа немесе жоғары тұрған органға шағымдануы мүмкін.

      19. Субъект өтініш берген кезде ұсынылған құжаттар мен ақпаратқа (мәліметтерге) өздігінен қосымша ретінде, уәкілетті органға Субъектінің пікірі бойынша маңызды болып табылатын кез келген ақпаратты жібере алады.

      20. Субъекті коммерциялық құпияны құрайтын құжаттар мен ақпаратты "коммерциялық құпия" деген міндетті белгісі бар жеке мұқабада ұсынады. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат Субъектінің уәкілетті органға қарауға ұсынған құжаттары мен ақпаратының тізбесіне енгізіледі.

      21. Құжаттар мен ақпаратта коммерциялық құпияның болуы уәкілетті органға оларды ұсынудан бас тарту үшін негіз бола алмайды. Сонымен бірге, Субъект және өзге де мүдделі тараптар уәкілетті органға құжаттар мен ақпаратты ұсыну кезінде коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің тізбесін айқындайтын ішкі актінің көшірмесін қоса, коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің толық тізбесін көрсетуге тиіс.

      22. Құжаттардың және (немесе) ақпараттың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс болуы оны уәкілетті органға ұсынудан бас тарту үшін негіз бола алмайды.

      23. Шешім қабылдау үшін маңызы бар өтініште, құжаттар мен ақпаратта қамтылған фактілердің өзгерісін Субъект уәкілетті органның назарына жазбаша түрде дереу жеткізуі тиіс.

      24. Субъект уәкілетті органға өтінішті оның Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілген орны бойынша береді.

                                    Табиғи монополия субъектілеріне
                                     өзге қызметті жүзеге асыруға
                                    келісім беру туралы өтінімдерді
                                      ұсыну және қарау ережесіне
                                                1-қосымша
                                      __________________________
                                      __________________________

___________________________________________________________________
                         (қызметтің атауы)

________________________________ жүзеге асыруға келісім беру туралы

                             Өтініш

      Негіздеме ___________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
 (Субъект жүзеге асыруға өтініш беретін қызметтің экономикалық
тиімділігінің есебі көрсетілген сипаты және негізгі сипаттамалары).
      Өзге қызметті жүзеге асыру мүмкіндігінің бар екендігін
растайтын негізгі құралдардың, жабдықтардың тізбесі:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Субъекті негізгі құралдарының құрамы және мақсаты:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Өзге қызметті жүзеге асыру Субъектінің қызметтері үшін тарифтің
(бағаның, алым ставкасының) көтерілуіне әкелмейтіндігін және оның
қаржы-шаруашылық қызметінің нашарлауына әкелмейтіндігін растайтын
есеп.
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Субъектінің реттелетін қызметтерден (тауарлардан,
жұмыстардан) түсетін жалпы табысы _________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      Өзге қызметтен түсетін жалпы табыс __________________________
___________________________________________________________________
      Субъектінің өзге қызметті жүзеге асыру кезіндегі болжанып
отырған жағрафиялық шекараларының өзгеруі туралы ақпарат __________
___________________________________________________________________

                                    Табиғи монополия субъектілеріне
                                     өзге қызметті жүзеге асыруға
                                    келісім беру туралы өтінімдерді
                                      ұсыну және қарау ережесіне
                                                2-қосымша

Рет
N

Көрсеткіштер

Өлшем
бір-
лігі

Алдыңғы
тоқсан

Есепті
тоқсан

Жыл
басынан
бастап
өспелі

1.

Реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) сатудан түскен табыс  

 

 

 

 

2.

Реттеліп көрсетілетін
қызметтердің (тауарлар-
дың, жұмыстардың)
өзіндік құны

 

 

 

 

3.

Қызметтің реттеліп көрсетілетін түрі бойынша кезең шығыстары, оның ішінде:

 

 

 

 

4.

Қызметтердің реттеліп көрсетілетін түрі бойынша жалпы және әкімшілік шығыстар

 

 

 

 

5.

Сатылып отырған реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша шығыстар

 

 

 

 

6.

Қызметтің реттеліп көрсетілетін түрінен түскен табыс (залал)

 

 

 

 

7.

Өзге қызмет бойынша қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) сатудан түскен табыс 

 

 

 

 

8.

Өзге қызмет бойынша сатылатын қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) өзіндік құны

 

 

 

 

9.

Өзге қызмет бойынша  кезең шығыстары, оның ішінде:
өзге қызмет бойынша жалпы және әкімшілік шығыстар 

 

 

 

 

10.

Өзге қызмет бойынша сатылып отырған қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша шығыстар

 

 

 

 

11.

Өзге қызметтен түскен табыс (залал)