"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
3-бабы, 2-тармағының 11), 15) тармақшаларына,
45-бабының
4-тармағына,
49-бабына
және "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
9-бабы
1-тармағының 5), 6) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдар үшін "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" пруденциалдық нормативі белгіленсін.
Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентінің мағынасы күн сайын 1-ден кем емес болуы тиіс.
2. Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын жинақтаушы зейнетақы қорлары және бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін "Өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік коэффициенті" пруденциалдық нормативі белгіленсін.
Өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік коэффициентінің мағынасы күн сайын 1-ден кем емес болуы тиіс.
3. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу және олардың орындалуы туралы есептерді ұсыну ережесі бекітілсін.
4. Осы қаулы 2005 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енеді.
5. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Токобаев Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
6. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2005 жылғы 29 қаңтардағы
N 17 қаулысымен бекітілді
Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет
түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған
пруденциалдық нормативтерді есептеу және олардың
орындалуы туралы есептерді ұсыну ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу және олардың орындалуы туралы есептерді ұсыну ережесі (бұдан әрі - Ереже) бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдардың сақтауға міндетті "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" және "Өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік коэффициенті" пруденциалдық нормативтерді есептеу тәртібін белгілейді.
2. Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған өзге пруденциалдық нормативтерді есептеу және олар бойынша есеп беру тәртібі оларды есептеу және есеп беру тәртібін айқындайтын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі - Қор), зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі - Ұйым), инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі - Басқарушы) мына активтері өтімді активтер болып табылады:
1) ақша, оның ішінде:
баланс бойынша активтер сомасының он процентінен аспайтын кассадағы ақша;
екінші деңгейдегі банктердің шоттарындағы ақша;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар;
3) Бағалы қағаздары қор биржасының ең жоғары санаты бойынша ресми тізімге енгізілген немесе еншілес резидент банктер болып табылатын, ықтимал шығын резервін шегергендегі "А" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "А2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) санаттарынан кем емес ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді жеке рейтингі бар резидент емес енші беруші банктердің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдары;
4) ықтимал шығын резервін шегергендегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда) (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып);
5) ықтимал шығын резервін шегергендегі қор биржасының ең жоғары санаты бойынша (қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ипотекалық облигациялардан және "Қазақстан Даму Банкі" АҚ облигацияларынан басқа) (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) ресми тізімге енгізілген Қорға, Ұйымға және Басқарушыға қатысы бойынша аффилиирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
6) ықтимал шығын резервін шегергендегі қор биржасының ресми тізіміне енгізілген (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) Қазақстан Республикасы ұйымдарының ипотекалық облигациялары;
7) ықтимал шығын резервін шегергендегі "Қазақстан Даму Банкі" АҚ облигациялары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып);
8) ықтимал шығын резервін шегергендегі кредиттік рейтингтің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ваа2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) кем емес рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып);
9) ықтимал шығын резервін шегергендегі кредиттік рейтингтің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ваа2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) кем емес рейтингтік бағасы бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып);
10) ықтимал шығын резервін шегергендегі борыштық бағалы қағаздары кредиттік рейтингтің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ваа2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) кем емес рейтингтік бағасы бар шетелдік эмитенттердің акциялары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып);
11) ықтимал шығын резервін шегергендегі халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып);
12) тазартылған қымбат металдар;
13) ықтимал шығын резервін шегергендегі қор биржасының ең жоғары санатынан кейінгі (қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ипотекалық облигациялардан басқа) (елу процентке кемітілген негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қорға, Ұйымға және Басқарушыға қатысы бойынша аффилиирленген тұлға болып табылмайтын (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар) Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
14) Қорға, Ұйымға және Басқарушыға қатысы бойынша аффилиирленген тұлға болып табылмайтын (ықтимал шығын резервін шегере отырып), қызметкерлер мен басқа тұлғалардың дебиторлық берешегін шегергендегі ұйымның дебиторлық берешегі, оның ішінде:
Қорға, Ұйымға және Басқарушыға қатысы бойынша аффилиирленген тұлға болып табылмайтын, баланс бойынша активтер сомасының жиырма процентінен аспайтын мөлшердегі шарт талаптары бойынша дебиторлық берешекті шегергендегі жасалған шарт талаптарын қызметкерлердің және басқа тұлғалардың үш күннен аспайтын мерзімге кешіктірген дебиторлық берешек (ықтимал шығын резервін шегере отырып);
Қорға, Ұйымға және Басқарушыға қатысы бойынша аффилиирленген тұлға болып табылмайтын, Қордың, Ұйымның және Басқарушының балансы бойынша жасалған шарт талаптарын қызметкерлердің және басқа тұлғалардың тоқсан күннен аспайтын мерзімге кешіктірген елу процентке кемітілген активтер сомасының он процентінен аспайтын мөлшердегі дебиторлық берешекті шегергендегі дебиторлық берешек (ықтимал шығын резервін шегере отырып).
4. Меншікті капиталдың жеткіліктілік есебіне кіретін Қордың, Ұйымның және Басқарушының өзге активтері ретінде мынадай активтер танылады:
1) Қордың, Ұйымның және Басқарушының баланстық құны бойынша негізгі құрал-жабдықтары, оның ішінде:
Қордың, Ұйымның және Басқарушының балансы бойынша активтер сомасының он процентінен аспайтын мөлшердегі меншігіндегі немесе тұрақты пайдалану құқығындағы жер;
Қордың, Ұйымның және Басқарушының балансы бойынша активтер сомасының он процентінен аспайтын мөлшердегі меншігіндегі үйлер және ғимараттар;
Қордың, Ұйымның және Басқарушының балансы бойынша активтер сомасының он процентінен аспайтын мөлшердегі меншігіндегі машиналар мен жабдықтар;
2) бағдарламалық қамтамасыз ету - Қордың, Ұйымның және Басқарушының балансы бойынша активтер сомасының он процентінен аспайтын мөлшердегі баланстық құны бойынша.
5. Қордың және Ұйымның өтімділігі жоғары активтері ретінде осы Ереженің 3-тармағының 1)-12) тармақшаларында көрсетілген активтер танылады.
2-тарау. Қорға арналған пруденциалдық
нормативті есептеу тәртібі
6. Қор зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметін жүзеге асырғанда, сондай-ақ Қор зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті және клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығынсыз брокерлік-дилерлік қызметті қоса атқарғанда, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:
К 1 =(ӨА-М)/ МКАМ, мұнда
ӨА - осы Ереженің 3 және 4 тармақтарында көрсетілген, Қордың активтері;
М - Қордың жиынтық міндеттемелері;
МКАМ - мына формула бойынша есептелген Қордың меншікті капиталының ең аз мөлшері:
МКАМ = (ЗАҚ*k)*0,10 + 0,15 ОЖК, мұнда
ЗАҚ - инвестициялық басқаруға алынған зейнетақы активтерінің ағымдағы құны;
k - мына формула бойынша есептелетін кредиттік тәуекел коэффициенті:
Е (қаржы құралының ағымдағы құны * дефолт коэффициенті)
k = -----------------------------------------------------------
Е қаржы құралының ағымдағы құны.
Дефолт коэффициентінің мәні осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген.
ОЖК - мына формула бойынша есептелетін орташа алынған жалпы кіріс:
Е соңғы үш қаржы жылында алынған жалпы кіріс
ОЖК = ----------------------------------------------------.
3
7. Қор өз қызметін осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген кәсіби қызмет түрлерін қоса атқарғанда өтімділігі жоғары жеткіліктілік коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:
К 2 = ӨЖА/(МКАМ*0,3), мұнда
ӨЖА - осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген өтімділігі жоғары активтер.
3-тарау. Зейнетақы активтерін инвестициялық
басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған
пруденциалдық нормативті есептеу тәртібі
8. Ұйым өз қызметін инвестициялық портфельді басқару қызметімен (басқаруында активтер болса) қоса атқарғанда, сондай-ақ Ұйым өз қызметін клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығынсыз брокерлік-дилерлік қызметті қоса атқарғанда, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:
К 1 =(ӨА-М)/МКАМ, мұнда
ӨА - осы Ереженің 3 және 4 тармақтарында көрсетілген Ұйымның активтері;
М - Ұйымның жиынтық міндеттемелері;
МКАМ - ең көп мәні Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентін есептеуде қабылданатын және мына формулалар бойынша есептелген Ұйымның меншікті капиталының ең аз мөлшері:
МКАМ = 20 миллион теңге
не
МКАМ = (ЗАҚ*k)*0,10, мұнда
ЗАҚ - инвестициялық басқаруға алынған зейнетақы активтерінің ағымдағы құны,
k - мына формула бойынша есептелетін кредиттік тәуекел коэффициенті:
Е (қаржы құралының ағымдағы құны * дефолт коэффициенті)
k = -----------------------------------------------------------
Е қаржы құралдарының ағымдағы құны.
Дефолт коэффициентінің мәні осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген.
Егер Басқарушы басқаруға алған активтердің құны 40 миллиард теңгеден астам болған жағдайда, есепке мына формулалар бойынша есептелетін МКАМ ең көп мәні алынады:
МКАМ = (20 миллион теңге + (БАА - 40 миллиард теңге)*0,0002,
бірақ 1,6 миллиард теңгеден астам емес
не
МКАМ = (ЗАҚ*k)*0,10, мұнда
9. Ұйым өз қызметін клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығынсыз брокерлік-дилерлік қызметімен қоса атқарғанда, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:
К 1 =(ӨА-М)/МКАМ, мұнда
ӨА - осы Ереженің 3 және 4 тармақтарында көрсетілген Ұйымның активтері;
М - Ұйымның жиынтық міндеттемелері;
МКАМ - мына формула бойынша есептелген Ұйымның меншікті капиталының ең аз мөлшері:
МКАМ = (ЗАҚ*k)*0,10, мұнда
ЗАҚ - инвестициялық басқаруға алынған зейнетақы активтерінің ағымдағы құны,
k - мына формула бойынша есептелетін кредиттік тәуекел коэффициенті:
Е (қаржы құралының ағымдағы құны * дефолт коэффициенті)
k = ----------------------------------------------------------
Е қаржы құралдарының ағымдағы құны.
10. Ұйым өз қызметін осы Ереженің 8, 9-тармақтарында көрсетілген кәсіби қызмет түрлерін қоса атқарғанда өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:
К 2 = ӨЖА/(МКАМ*0,3), мұнда
ӨЖА - осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген өтімділігі жоғары активтер.
4-тарау. Инвестициялық портфельді басқаруды
жүзеге асыратын ұйымға арналған пруденциалдық
нормативті есептеу тәртібі
11. Басқарушы өз қызметін клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік-дилерлік қызметпен қоса атқарғанда, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:
К 1 =(ӨА-М)/МКАМ, мұнда
ӨА - осы Ереженің 3 және 4 тармақтарында көрсетілген Басқарушының активтері;
М - Басқарушының жиынтық міндеттемелері;
МКАМ - мына формула бойынша есептелген Басқарушының меншікті капиталының ең аз мөлшері:
МКАМ = 50 миллион теңге.
Егер басқаруға алынған активтердің құны 40 миллиард теңгеден астам болған жағдайда, Басқарушының меншікті капиталының ең аз мөлшері мына формула бойынша есептеледі:
МКАМ = (20 миллион теңге + (БАА - 40 миллиард теңге)*0,0002 +
30 миллион теңге, мұнда
МКАМ ең көп мәні 1,6 миллиард теңгеден аспауы тиіс.
12. Басқарушы өз қызметін клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығынсыз брокерлік-дилерлік қызметімен қоса атқарғанда, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:
К 1 =(ӨА-М)/МКАМ, мұнда
ӨА - осы Ереженің 3 және 4 тармақтарында көрсетілген Басқарушының активтері;
М - Басқарушының жиынтық міндеттемелері;
МКАМ - Басқарушының меншікті капиталының ең аз мөлшері:
МКАМ = 25 миллион теңге.
Егер басқаруға алынған активтердің құны 40 миллиард теңгеден астам болған жағдайда, Басқарушының меншікті капиталының ең аз мөлшері мына формула бойынша есептеледі:
МКАМ = (20 миллион теңге + (БАА - 40 миллиард теңге)*0,0002 + 5
миллион теңге, мұнда
БАА - басқаруға алынған активтер.
МКАМ ең көп мәні 1,6 миллиард теңгеден аспауы тиіс.
14. Есеп және пруденциалдық нормативті есептеу үшін қосымша мәліметтер уәкілетті органға осы Ереженің 4, 5-қосымшаларына сәйкес Басқарушы үшін есепті тоқсанның соңғы күнтізбелік күні үшін, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша 18.00-ден кешіктірілмей ұсынылады.
15. Есеп қағаз жазбада, пруденциалдық нормативті есептеу үшін қосымша мәліметтер қағаз жазбада және электрондық тасымалдағышта беріледі.
16. Пруденциалдық нормативті есептеу үшін қағаз жазбамен берілген қосымша мәліметтер электрондық тасымалдағышпен берілген мәліметтерге сәйкес келуі тиіс.
17. Есеп және пруденциалдық нормативті есептеу үшін қосымша мәліметтер екі дана етіп жасалады, оған бірінші басшы, бас бухгалтер қолдарын қойып, мөрмен бекітіледі.
Есептің және пруденциалдық нормативті есептеу үшін қосымша мәліметтердің бір данасы уәкілетті органға беріледі, екінші данасы Қорда, Ұйымда және Басқарушыда қалады.
18. Есептегі және пруденциалдық нормативті есептеу үшін қосымша мәліметтердегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен - теңгемен көрсетіледі.
19. Есепті және пруденциалдық нормативті есептеу үшін қосымша мәліметтерді жасаған кезде қолданылатын өлшем бірлігі мың теңге етіп белгіленеді. Бес жүз теңгеден кем сома нольге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
20. Қор, Ұйым және Басқарушы пруденциалдық нормативтерді бұзған жағдайда, бұзған сәттен бастап үш күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға оны жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, пруденциалдық нормативтерді бұзу фактісі және себептері туралы хабарлайды.
21. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен шешіледі.
Бағалы қағаздар рыногында
кәсіби қызмет түрлерін қоса
атқаратын ұйымдарға арналған
пруденциалдық нормативтерді
есептеу және олардың орындалуы
туралы есептерді ұсыну
ережесінің 1-қосымшасы
Дефолт коэффициентінің мәні
Қаржы құралының
|
Бағалы қағаздың (салымның)
|
||||
Бір
|
Бір
|
Екі
|
Үш
|
Төрт
|
|
"ААА" ("Standard &
|
0,00 |
0,00 |
0,03 |
0,07 |
0,10 |
Халықаралық кредиттік
|
0,00 |
0,00 |
0,03 |
0,07 |
0,10 |
"ААА" ("Standard &
|
0,00 |
0,00 |
0,03 |
0,07 |
0,10 |
"ААА" ("Standard &
|
0,00 |
0,00 |
0,03 |
0,07 |
0,10 |
"АА" ("Standard &
|
0,01 |
0,03 |
0,08 |
0,16 |
0,26 |
Халықаралық кредиттік
|
0,01 |
0,03 |
0,08 |
0,16 |
0,26 |
"АА" ("Standard &
|
0,01 |
0,03 |
0,08 |
0,16 |
0,26 |
"АА" ("Standard &
|
0,01 |
0,03 |
0,08 |
0,16 |
0,26 |
"А" ("Standard & Poor's"
|
0,05 |
0,14 |
0,24 |
0,40 |
0,57 |
Халықаралық кредиттік
|
0,05 |
0,14 |
0,24 |
0,40 |
0,57 |
"А" ("Standard & Poor's"
|
0,05 |
0,14 |
0,24 |
0,40 |
0,57 |
"А" ("Standard & Poor's"
|
0,05 |
0,14 |
0,24 |
0,40 |
0,57 |
"ВВВ" ("Standard &
|
0,26 |
0,61 |
0,98 |
1,56 |
2,15 |
Халықаралық кредиттік
|
0,26 |
0,61 |
0,98 |
1,56 |
2,15 |
"ВВВ" ("Standard &
|
0,26 |
0,61 |
0,98 |
1,56 |
2,15 |
"ВВВ" ("Standard &
|
0,26 |
0,61 |
0,98 |
1,56 |
2,15 |
"ВВ" ("Standard &
|
1,20 |
3,43 |
6,06 |
8,40 |
10,46 |
Халықаралық кредиттік
|
1,20 |
3,43 |
6,06 |
8,40 |
10,46 |
"ВВ" ("Standard &
|
1,20 |
3,43 |
6,06 |
8,40 |
10,46 |
"ВВ" ("Standard &
|
1,20 |
3,43 |
6,06 |
8,40 |
10,46 |
Қазақстан Республикасы-
|
0,00 |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
Акциялар |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
Қазақстан Республикасы-
|
0,26 |
0,61 |
0,98 |
1,56 |
2,15 |
"А" санаты бойынша
|
5,93 |
12,63 |
18,17 |
22,18 |
24,95 |
"Кері репо" операцияла-
|
0,00 |
x |
x |
x |
x |
Қазақстан Республикасы-
|
5,93 |
12,63 |
18,17 |
x |
x |
Бағалы қағаздар рыногында
кәсіби қызмет түрлерін қоса
атқаратын ұйымдарға арналған
пруденциалдық нормативтерді
есептеу және олардың орындалуы
туралы есептерді ұсыну
ережесінің 2-қосымшасы
20 ___ жылғы "__"_______________ жағдай бойынша
_______________________________________________
(Ұйымның, Қордың толық атауы)
Ұйымға және Қорға арналған Меншікті капиталдың
жеткіліктілік коэффициенті»(К1) және Өтімділігі
жоғары активтердің жеткіліктілік коэффициенті (К2)
пруденциалдық нормативтердің орындалуы туралы
Есеп
N |
Көрсеткіш атауы |
Баланс
|
Еске-
|
Есептік
|
1. |
Ақша - барлығы (1.1. -
|
|
|
|
1.1. |
баланс бойынша активтер
|
|
100% |
|
1.2. |
екінші деңгейдегі банк-
|
|
100% |
|
2. |
Қазақстан Республикасының
|
|
100% |
|
3. |
Бағалы қағаздары қор бир-
|
|
100% |
|
4. |
Ықтимал шығын резервін
|
|
100% |
|
5. |
Ықтимал шығын резервін ше-
|
|
100% |
|
6. |
Ықтимал шығын резервін ше-
|
|
100% |
|
7. |
Ықтимал шығын резервін
|
|
100% |
|
8. |
Ықтимал шығын резервін
|
|
100% |
|
9. |
Шетел эмитенттерінің ықти-
|
|
100% |
|
10. |
Шетел эмитенттерінің ықти-
|
|
100% |
|
11. |
Халықаралық қаржы ұйымдары-
|
|
100% |
|
12. |
Тазартылған қымбат металдар |
|
100% |
|
13. |
Ықтимал шығын резервін ше-
|
|
50% |
|
14. |
Ұйымға, Қорға қатысты аф-
|
|
|
|
14.1. |
Ұйымға, Қорға қатысты аф-
|
|
100% |
|
14.2. |
Ұйымға, Қорға қатысты аф-
|
|
50% |
|
15. |
Ұйымның, Қордың баланстық
|
|
|
|
15.1. |
Ұйымның, Қордың балансы
|
|
100% |
|
15.2. |
Ұйымның, Қордың балансы
|
|
100% |
|
15.3. |
Ұйымның, Қордың балансы
|
|
100% |
|
16. |
Ұйымның, Қордың балансы
|
|
100% |
|
17. |
Өтімді және басқа
|
|
|
|
18. |
Баланс бойынша
|
|
100% |
|
19. |
Меншікті капиталдың ең аз
|
|
|
|
20. |
К
1
((17-жол - 18-жол)/
|
|
|
|
21. |
Өтімділігі жоғары активтер
|
|
|
|
22. |
К
2
«Өтімділігі жоғары
|
|
|
|
23. |
Баланс бойынша
|
|
|
|
Басшы _______________ _______________
(аты-жөні) (қолы)
Бас бухгалтер _________________ _____________
(аты-жөні) (қолы)
Мөр орны
Бағалы қағаздар рыногында
кәсіби қызмет түрлерін қоса
атқаратын ұйымдарға арналған
пруденциалдық нормативтерді
есептеу және олардың орындалуы
туралы есептерді ұсыну
ережесінің 3-қосымшасы
20 ___ жылғы "__"_______________ жағдай бойынша
_________________________________________________
(Ұйымның, Қордың атауы)
Ұйымға және Қорға арналған Меншікті капиталдың
жеткіліктілік коэффициенті»(К
1
) және«Өтімділігі
жоғары активтердің жеткіліктілік коэффициенті
(К
2
) пруденциалдық нормативтерді есептеу үшін
қосымша мәліметтер
(мың теңгемен)
Белгі-
|
Көрсеткіш атауы |
Баланс
|
1 |
2 |
3 |
8001 |
Жеке меншіктегі немесе тұрақты
|
|
8002 |
Жеке меншіктегі үйлер мен ғимараттар |
|
8003 |
Жеке меншіктегі машиналар мен жабдықтар |
|
8004 |
Басқа да негізгі құрал-жабдықтар |
|
8005 |
Ұйымға, Қорға қатысты аффилиирленген тұлға
|
|
8006 |
Ұйымға, Қорға қатысты аффилиирленген тұлға
|
|
8007 |
Басқа дебиторлық берешек (ықтимал
|
|
8008 |
Тазартылған қымбат металдар |
|
8009 |
Бағдарламалық қамтамасыз ету |
|
8010 |
Басқа материалдық емес активтер |
|
8011 |
Ықтимал шығын резервін шегергендегі қор
|
|
8012 |
Ықтимал шығын резервін шегергендегі қор
|
|
8013 |
Қазақстан Республикасы ұйымдарының басқа
|
|
Басшы _______________ _______________
(аты-жөні) (қолы)
Бас бухгалтер _________________ _____________
(аты-жөні) (қолы)
Мөр орны
Бағалы қағаздар рыногында
кәсіби қызмет түрлерін қоса
атқаратын ұйымдарға арналған
пруденциалдық нормативтерді
есептеу және олардың орындалуы
туралы есептерді ұсыну
ережесінің 4-қосымшасы
20 ___ жылғы "__"_______________ жағдай бойынша
_________________________________________________
(Басқарушының толық атауы)
Басқарушыға арналған«Меншікті капиталдың жеткіліктілік
коэффициенті»(К
1
) пруденциалдық нормативінің орындалуы
туралы есеп
(мың теңгемен)
N |
Көрсеткіш атауы |
Баланс
|
Еске-
|
Есептік
|
1. |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Ақша - барлығы (1.1. - 1.2
|
|
100 |
|
1.1. |
Кассадағы ақша (5-бағанда
|
|
100 |
|
1.2. |
Екінші деңгейдегі банктердің
|
|
100 |
|
2. |
Бағалы қағаздары қор биржа-
|
|
100 |
|
3. |
Ықтимал шығын резервін ше-
|
|
100 |
|
4. |
Ықтимал шығын резервін ше-
|
|
100 |
|
5. |
Ықтимал шығын резервін ше-
|
|
100 |
|
6. |
Ықтимал шығын резервін ше-
|
|
100 |
|
7. |
Ықтимал шығын резервін
|
|
100 |
|
8. |
Шетел эмитенттерінің ықтимал
|
|
100 |
|
9. |
Шетел эмитенттерінің ықтимал
|
|
100 |
|
10. |
Халықаралық қаржы ұйымдары-
|
|
100 |
|
11. |
Тазартылған алтын |
|
100 |
|
12. |
Ықтимал шығын резервін ше-
|
|
50 |
|
13. |
Басқарушыға қатысты аффилиир-
|
|
х |
|
13.1. |
Басқарушыға қатысты
|
|
100 |
|
13.2. |
Басқарушыға қатысты
|
|
50 |
|
14. |
Басқарушының баланстық құны
|
|
х |
|
14.1. |
Басқарушының балансы бойынша
|
|
100 |
|
14.2. |
Басқарушының балансы бойынша
|
|
100 |
|
14.3. |
Басқарушының балансы бойынша
|
|
100 |
|
15. |
Басқарушының балансы бойынша
|
|
100 |
|
16. |
Өтімді активтер жиынтығы
|
|
х |
|
17. |
Баланс бойынша міндеттемелер |
|
х |
|
18. |
Меншікті капиталдың
|
х |
х |
|
19. |
К
1
"Меншікті капиталдың
|
х |
х |
|
Басшы _______________ _______________
(аты-жөні) (қолы)
Бас бухгалтер _________________ _____________
(аты-жөні) (қолы)
Мөр орны
Бағалы қағаздар рыногында
кәсіби қызмет түрлерін қоса
атқаратын ұйымдарға арналған
пруденциалдық нормативтерді
есептеу және олардың орындалуы
туралы есептерді ұсыну
ережесінің 5-қосымшасы
20 ___ жылғы "__"_______________ жағдай бойынша
_________________________________________________
(Басқарушының толық атауы)
Басқарушыға арналған «Меншікті капиталдың жеткіліктілік
коэффициенті»(К
1
) пруденциалдық нормативті есептеу үшін
қосымша мәліметтер
(мың теңгемен)
Белгі-
|
Көрсеткіш атауы |
Баланс
|
1 |
2 |
3 |
8001 |
Жеке меншіктегі немесе тұрақты жер
|
|
8002 |
Жеке меншіктегі үйлер мен ғимараттар |
|
8003 |
Жеке меншіктегі машиналар мен жабдықтар |
|
8005 |
Басқа да негізгі құрал-жабдықтар |
|
8006 |
Басқарушыға қатысты аффилиирленген тұлға
|
|
8007 |
Басқарушыға қатысты аффилиирленген тұлға
|
|
8008 |
Басқа дебиторлық берешек
|
|
8009 |
Тазартылған алтын |
|
8010 |
Бағдарламалық қамтамасыз ету |
|
8011 |
Басқа материалдық емес активтер |
|
8012 |
Ықтимал шығын резервін шегергендегі қор
|
|
8013 |
Ықтимал шығын резервін шегергендегі қор
|
|
8014 |
Қазақстан Республикасы ұйымдарының басқа
|
|
Басшы _______________ _______________
(аты-жөні) (қолы)
Бас бухгалтер _________________ _____________
(аты-жөні) (қолы)
Мөр орны