Жолаушыларды, багажды және жүкті тасымалдауға арналған тұрақты емес ұшулардың орындауына арналған рұқсаттарды беру және олардан бас тартуға арналған негіздерін реттеуін әрі қарай дамыту мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы N 502 "Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы" (нормативті-құқықтық кесімдердің Мемлекетті топтау тізбесінде N 2558 тіркелген, 2003 жылғы N 43-48, 895-құжат, Қазақстан Республикасы орталық орындау және басқа мемлекеттік органдарының нормативті-құқықтық кесімдер Бюллетенінде жарияланған, 3.08.04 жылы N 139 өзгерістер енгізілген) бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпенен бекітілген Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерінде:
2-тармақты келесі мазмұны бар 6) тармақшамен толықтырылсын:
"туристік чартерлі рейс тұрақты емес рейс болып табылады және ол авиакомпаниямен фрахталау туралы келісім негізінде туроператордың (фрахта алушының) өтінімі бойынша құрылады. Осы келісімге сәйкес фрахта беруші фрахта алушыға бір немесе бірнеше рейсте шарттық желілер бойынша жолаушыларды, жүкті және багажды тасымалдауға арналған бір немесе бірнеше әуе кеменің толық немесе жартылай сыйымдылығын төлеуі тиіс".
5-тармақты келесі мазмұны бар абзацтармен толықтырылсын:
"азаматтық әуе кемелерінің қазақстандық эксплуатанттарының туристік чартерлі рейстеріне бекітілген байланыс арналары бойынша келесі құжаттардың көшірмесі берілуі тиіс:
туроператордың (фрахта берушінің) чартерлік рейсті ұйымдастыру мақсатқа сай екендігінің туристік қызмет саласындағы басқару мемлекеттік органның кепілдемесі (қорытындыламасы);
рейстің фрахта берушісінің туроператорлық қызметпен айналысуына байланысты лицензиясы.".
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға
"Келісілген"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрлігі
сауда және туризм қызметтерін
реттеу жөніндегі агенттігінің
төрағасы
12 қаңтар 2005 ж.