Техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң мамандықтары бойынша кәсiби даярлық деңгейiн растау және бiлiктiлiктi беру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы N 43 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 11 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3438. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 595 Бұйрығымен

Күшін жойған

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007.11.30.  N 595  (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

      "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң мамандықтары бойынша кәсiби даярлық деңгейiн растау және бiлiктiлiктi беру ережесi бекiтiлсiн.
      2. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының бiлiм басқармалары (департаменттерi) осы бұйрықты олардың меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық кәсiптiк бастауыш бiлiм беретiн оқу орындарының назарына жеткiзсiн.
      3. Мектепке дейiнгi және орта бiлiм департаментi (С.Б.Есбосынова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнен мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.

      Министрдің
      мiндетiн атқарушы

Қазақстан Республикасы    
Бiлiм және ғылым министрiнiң 
2005 жылғы 27 қаңтардағы   
N 43 бұйрығымен бекiтiлген  

  Техникалық және қызмет көрсету еңбегiнің кәсiптерi
(мамандықтары) бойынша кәсiби даярлық деңгейiн растау
және бiлiктiлiктi беру туралы
Ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Техникалық және қызмет көрсету еңбегiнің кәсiптерi (мамандықтары) бойынша кәсiби даярлық деңгейiн растау және бiлiктiлiктi беру туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  30, 33,  35-баптарына  сәйкес әзiрленген.

      2. Ереже меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кәсiптiк бастауыш және орта бiлiм беру ұйымдарына, оқу курстары мен орталықтарына, сондай-ақ техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң кәсiбiн өз бетiнше игерген тұлғаларға таратылады.

      3. Ереже кәсiптiк мектептерде, колледждерде, оқу курстары мен орталықтарында оқитын тұлғалардың, кәсiпорындар және мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ өз бетiнше техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң кәсiптерiн игерген тұлғалардың кәсiби даярлық деңгейiн растау және бiлiктiлiктi беру тәртiбiн, нақты кәсiптер мен мамандықтар бойынша олардың бiлiмiнің, iскерлiгiнің және дағдысының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн анықтайды.

  2. Кәсiби даярлық деңгейiн растау және бiлiктiлiктi
беру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру

      4. Алатын мамандығына және оқылатын пәндерiне байланысты кәсiби даярлық деңгейiн растау арнаулы пәндер бойынша бiлiктілік емтихандарын тапсыруды (жазбаша тecтi) және бiлiктiлiк (сынама) жұмыстарды (практикалық тест) орындау көзделедi.

      5. Техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң кәсiптерi (мамандықтары) бойынша кәсiби даярлық деңгейiн растау және бiлiктiлiктi беруге арналған бiлiктiлiк емтихандарын тапсыруға кәсіптiк бастауыш және орта бiлiм беру бағдарламалары бойынша толық оқу курсын өткен тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына сәйкес қорытынды аттестаттаудан, техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң мамандықтарын өз бетiнше игерген тұлғалар жiберiледi.

      6. Жалпы кәсiптiк және арнаулы пәндер, өндiрiстiк оқыту бойынша iскерлiк және практикалық дағдыларының бiлiмдiлiк деңгейiн белгiлеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру үшiн мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының (бұдан әрi - МЖБС) талаптарына сәйкес техникалық және қызмет көрсету еңбегiнің бейiнi бойынша бiлiктiлiк комиссиясы (бұдан әрi - БК) құрылады.

      7. Техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң бейiнi жөнiндегi бiлiктiлiк комиссиясының төрағасы кәсiпорындардың, ұйымдардың (құрылымдық бөлiмшелердің) басшыларынан, яғни жұмыс берушiлер өкілдерiнiң арасынан тағайындалады.
      Техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң бейiнi жөнiндегi бiлiктiлiк комиссиясы төрағасының немесе төраға орынбасарының тиiстi мамандығы және мемлекеттiк тiлдi бiлуi керек.

      8. Техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң бейiнi жөнiндегi бiлiктiлiк комиссиясының құрамына еңбектi қорғау, электрлiк қауiпсiздiк жөнiндегi органдарының өкiлдерi, өндiрiстiк учаске шеберлерi, директордың оқу-өндiрiстiк жұмысы жөнiндегi орынбасары, арнаулы пәндер оқытушылары, өндiрiстiк оқыту шеберлерi тартылады.

      9. Объектiлермен, қадағалау жөнiндегi арнаулы ұйымдар мен ведомстволардың жұмыстарымен байланысты (жүк көтергiш крандарының машинистерi, электрлiк лифттердiң слесарь-монтажниктерi, электрлiк даяшылар, электрлiк станциялардың кезекшi қызметкерлерi және басқалары) бiлiктiлiк емтихандарын тапсыру кезiнде (жазба тестi) БК-нiң құрамына осы ұйымдардың өкiлдерi де кiредi.

      10. Әрбiр арнаулы пән бойынша бiлiктiлік емтихандарына (жазбаша тестiлеу) оқу бағдарламаларына сәйкес 100 сұрақ (қазақ немесе орыс тiлдерiнде) кiредi. Әрбiр тестiк тапсырманың дұрыс жауабы 1 баллмен бағаланады.

      11. Жазбаша тестiлеуден 60 баллдан кем алса, бiлiктiлiк жұмыстарын тапсыруға жiберiлмейдi.

      12. Жазба тесттердiң нәтижелерi баллмен бағаланады және белгiленген тәртiппен Бiлiктiлiк комиссиясы мәжiлiсiнiң хаттамасы ресiмделгеннен кейiн сол күнi жарияланады .

      13. Практикалық тест түрiндегi бiлiктiлiк (сынама) жұмыстарын өткiзу кезiнде бiлiктiлiк сипаттамаларымен, техникалық талаптарымен көзделген тиiстi бiлiктiлiк деңгейiнiң аталған кәсiптерiнiң  (мамандықтарының) жұмыстары мен бұйымдары үшiн сипаттамалық орындау көзделедi.

      14. Бiлiктiлiк (сынама) жұмыстарын орындаудың тiзбесi, мазмұны және талаптары оқу жұмыс бағдарламалары мен бiлiктiлiк сипаттамаларына сәйкес анықталады.

      15. БК мүшелерi емтихан тапсырушының бiлiктiлiк жұмыстарын бағалауда жалпы техникалық және арнаулы пәндер бойынша нақты бiлiм деңгейiн, өндiрiстiк оқыту жөнiндегi емтиханда iскерлiк пен практикалық дағдылары және олардың кәсiби (мамандық) бойынша оқу бағдарламалары мен сипаттарының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi есепке алынады.

      16. Бiлiктiлiк жұмысы:
      егер тапсырма техникалық талаптары мен шарттарына сәйкес толық көлемде орындалса, қабылданған болып саналады;
      белгiленген бiлiктiлiк жұмыстарын (практикалық тестi) орындауға арналған нормаларды пысықтауды (уақыт) орындамаған жағдайда қабылданбаған болып саналады.

      17. Емтихан тапсырушы өткiзу тәртiбiн бұзған жағдайда, одан әрi емтиханды тапсыру туралы мәселенi БК-тiң төрағасы шешедi.

      18. Бiлiктiлiк комиссиясының құрамы, олардың жұмысын ұйымдастыру, тракторларды және басқа да өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы мелиоративтiк көлiктерiн, сондай-ақ, автокөлiктердi басқаруға куәлiк беру тәртiбi нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде N 2725 тiркелген "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн жүргiзу құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру туралы Ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрiнің 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 33  бұйрығына  сәйкес анықталады.

      19. Кәсiптер (мамандықтар) бойынша бiлiктiлiк емтихандарының нәтижесi (жазба тестi) және емтихан тапсырушыға бiлiктiлiк разрядтарын (класс, сынып) беру туралы БК-тiң шешiмi БК-тiң төрағасы мен барлық мүшелерi қол қоятын хаттамаға жазылады.

  3. Құжаттарды ресiмдеу және беру

      20. БК-тiң хаттамалық шешiмiнiң негiзiнде техникалық және қызмет көрсету кәсiптерi бойынша емтихан тапсырушыға тиiстi бiлiктiлiк деңгейлерi көрсетiлген сертификат берiледi (қоса берiлдi).

      21. Кәсiби даярлық деңгейi жөнiндегi сертификаттарды беру техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң кәсiптерi (мамандықтары) бойынша бiлiктiлiктi беру туралы сертификаттарды есепке алу және беру жөнiндегi жеке журналдарға ресiмделедi.

                                            Техникалық және қызмет
                                            көрсету (мамандықтары)
                                            бойынша кәсiби даярлық
                                             деңгейiн растау және
                                            бiлiктiлiк санатын беру
                                             ережелерiне қосымша

___________________________________________________________________
                 (министрлiк пен ведомствоның атауы)
___________________________________________________________________
  (техникалық және қызмет көрсету еңбегi кәсiптерi (мамандықтары)
  бойынша кәсiби даярлық деңгейiн растау және бiлiктiлiк санатын
                 берудi өткiзген ұйымның атауы)

               СЕРТИФИКАТ N__________________

      Осы сертификат азамат _______________________________________
                                  (тегi, аты, әкесiнiң аты)

берiлдi, өйткенi ол 200_ жылғы "___" ______________________________
"____"_______________________ дейiн _______________________________
___________________________________________________________________
                     (кәсiптiң (мамандықтың атауы)

бiлiктiлiк емтихандарын тапсырды.

1. Жазбаша тест ___________________________________________________
                         (жинаған балл санын жазбаша көрсету)
2. Практикалық тест _______________________________________________
          ("қанағаттанарлық, "жақсы", "үздiк" бағалары көрсетiледi)
___________________________________________________________________
               (бiлiктiлiк жұмысының түрi көрсетiледi)

Бiлiктiлiк комиссиясының шешiмiмен 20__ жылғы "__"_________________
N_______________ хаттама азамат ___________________________________
___________________________________________________________________
Бiлiктiлiк берiлдi.                   N разряд (класс) ____________

Бiлiктiлiк
комиссиясының төрағасы ____________________________________________
                       (тегi, аты, әкесiнiң аты)           (қолы)

Комиссия мүшелерi      ____________________________________________
                       (тегi, аты, әкесiнiң аты)           (қолы)

                       ____________________________________________
                       (тегi, аты, әкесiнiң аты)           (қолы)

M.O.   Директор                   Датасы 200_ ж. "___"_____________

Елдi мекен _________________________
           (қала, облыс көрсетiлсiн)

                                         Тiркеу N__________________
                                                      (қолы)