Күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрінің 2008.10.29 N 431 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының " Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы " және " Лицензиялау туралы " Заңдарын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген аккредиттеуге жататын өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстардың Тізімі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Техникалық реттеу және метрология басқармасы және "Қазақстан метрология институты" РМК заңнамалықпен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енеді.
Төраға м.а.
Қазақстан Республикасы Индустрия
және сауда министрлігінің Техникалық
реттеу және метрология комитеті
Төрағасының м.а.
2005 жылдың 20 қаңтардағы N 15
бұйрығымен бекітілген
Аккредиттеуге жататын өлшем бірлігін қамтамасыз
ету саласындағы жұмыстардың тізімі
N |
Жұмыстардың атауы |
1 |
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру |
2 |
Өлшем құралдарын калибрлеу |
3 |
Өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау |
4 |
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру, өндіру және жөндеу бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарына субъекттің (өтінім берушінің және (немесе) лицензиаттың) сәйкестігіне тәуелсіз сараптама бағалау жүргізу |
5 |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді әзірлеу бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарына субъекттің (өтінім берушінің және (немесе) лицензиаттың) сәйкестігіне тәуелсіз сараптама бағалау жүргізу |