"Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының N 477-І ҚРЗ Заңының негізінде Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса берілген аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесі бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын: шешімдер:
1) "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесі туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2003 жылғы 25 тамыздағы XXVIII сессиясының N 3 шешімі (тіркеу N 1020, 18.09.2003 ж. "Добрый вечер" 26.09.2003 ж. N 39);
2) "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесі туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2003 жылғы 25 тамыздағы XXVIII сессиясының N 3 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 20 сәуірдегі V сессиясының N 7-2 шешімі (тіркеу N 1274, 04.06.2004 ж. "Добрый вечер" 11.06.2004ж. N 24).
3. Осы шешім облыстық әділет департаментінде тіркеуден өткеннен кейін 2004 жылдың 1 қазанынан күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.
"Аз қамтамасыз етілген азаматтарға пәтер үйді
ұстауға және коммуналдық қызметтерді
төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесі
туралы" Петропавл қалалық мәслихатының
2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс
7 сессиясының N 6 шешімімен
бекітілген
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережелері
1. Жалпы ереже
1. Осы ереже пәтер үй көмегін тағайындау тәртібі мен жағдайын анықтайды.
2. Тұрғын үй көмегі пәтер үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығындарды орнына толтыру.
2. Тұрғын үй көмегін алу құқығы
3. Тұрғын үй көмегін алуға Қазақстан Республикасы азаматтары, оралмандар, тұруға құқығы бар азаматтығы жоқ адамдар, Петропавл қаласында тұрғын ұй иесі болып табылатын тұрақты тұратын тұлғалардың (мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алушылармен) осы көмек тағайындалған сәтте егер өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін тұрғын үй нормалары және коммуналдық қызметті тұтынуға жұмсалатын төлемдер, отбасы бюджетінде осы мақсатпен жұмсалатын шығындар үлесінен артатын болса тұрғын үй көмегі алуға құқығы бар. Тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтерді (сумен қамтамасыз ету, кәріздер, жылу, электр қуаты, газ, қоқыс шығару, лифті пайдалану) тұтынуға жұмсалатын шығындардың үлесі Петропавл қаласының тұрғындарына отбасының жиынтық табысының 20 % мөлшерінде, ал Терізауаты мен Заречный поселкелері тұрғындары үшін 15% мөлшерінде белгіленеді.
Есептеу құралдары жоқ (жылу энергиясы, сумен жабдықтау, газ, кәріз, электр энергиясы, сыпырынды жинағыш) тұтынушылар үшін өтемақылық мөлшерлермен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері "Пәтер үй және тұрғын-үй коммуналдық қызметтерін төлеу жаңа жүйеге кезең-кезеңмен көшіру туралы" Солтүстік Қазақстан облыс әкімінің 1996 жылғы 29 мамырдағы N 118 шешімімен бекітілген.
Егер пәтер үй ұстау мен коммуналдық қызметтің нормативтері мен тарифтері заңнамада белгіленген тәртіпте анықталмаған жағдайда, шығындардың орнын толтыру нақты шығындар бойынша жүргізіледі.
Есептеуге қабылданған шығындар, коммуналдық қызметті тұтыну есеп құралдары бар тұтынушылар үшін есептеу құралдарының көрсетуі негізінде қызметтер толық көлемде көрсетілген, алдыңғы тоқсан немесе соңғы тоқсанның нақты шығындары бойынша анықталады.
4. Тұрғын үй көмегі егер жеке меншігінде бір пәтер үй жағдайынан артық пәтер үйі немесе пәтер үй жайларын жалға берушілер (жалға беру) немесе жалға беруге, отбасыларында мүгедектер мен адамдарының стационарлық емделуде бір айдан артық болған кезде, туберкулезбен ауыратындар, онкологиялық және психикалық аурулары бар, емделу мекемелерінде тұрақты есепте тұратын және уақытша жұмысқа жарамсыздығы туралы дәрігерлік кеңес комиссиясының қорытындысы бар азаматтар, күндізгі оқу үлгісіндегі оқушылар мен студенттер, тыңдаушылар мен курсанттар, магистратура мен аспирантураны қоса, сондай-ақ І және ІІ топ мүгедектерін, сексен жастан асқан және 7 (жеті) жасқа дейінгі балаларды күту жұмысындағы азаматтардан басқа, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға белгіленбейді.
Меншік иесі немесе тұрғын үй меншік иелерінің бірі қайтқан жағдайда пәтерде (үйде) үнемі бірге тұрған отбасы мүшелеріне мұрагерлік құқығын алғанға дейін, тұрғын үй көлемі нормасы шегінде және коммуналдық қызмет тұтыну нормативтері меншік иесінің қайтқан күнінен бастап 6 ай мезгілінде белгіленеді.
3. Тұрғын үй көмегін белгілеу жөнінде өтініш жасау
5. Адам (бұдан былай өтініш беруші) өз атынан немесе отбасы атынан Петропавл қаласының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына (одан әрі Басқарма) белгіленген үлгідегі өтінішпен тұрғын үй көмегін тағайындауды өтінеді.
6. Өтінішпен мына құжаттар қоса беріледі.
1) Отбасы туралы мәлімет.
2) қозғалмайтын мүлік орталығымен ұсынылған меншікті тұрғын үйдің жалпы көлемі туралы мәлімет (жылына бір рет).
3) Мәлімдеуші мен оның отбасы мүшелерінің алған кірістері туралы мәлімет.
4) Пәтер үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеу жөніндегі шығыстар туралы мәлімет.
5) Өтініш беруші және оның отбасы мүшелерінің тұлғаларын куәлендіретін құжаттар.
Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелері Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес өтініштегі көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен сенімділігіне жауапты.
4. Тұрғын үй көмегін белгілеу тәртібі
7. Тұрғын үй көмегін белгілеу жергілікті бюджетпен қарастырылған сома шегінде Басқармамен жүзеге асырылады.
8. Басқарма өтінішті қоса берілген құжаттармен қабылдайды, оларды он бес күн мерзімде қарастырады және тұрғын үй көмегін белгілеу немесе оларды қабылдамау туралы шешім қабылдайды.
9. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Көмек тағайындауға қажетті құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25-ші жұлдызына дейін қабылданады, алдында өткен тоқсанның табыстары есепке алынады. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу ресімдеудің алғашқы ресімімен ұқсас.
10. Жайлы секторда тұратын адамдарға тұрғын үй көмегi пәтер жалдаушыға (иесiне) тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметке есептелген сомамен салыстырғанда төлемдi кемiту түрiнде, қолма-қолсыз есеп нысанында өтiнiштерi бойынша қызмет көрсетушiлердiң жеке шоттарына аударылады. Жеке тұрғын үй секторында тұратын тұлғаларға тұрғын үй коммуналдық қызметтердi қолданғандары үшiн ақшалай төлем түрiнде белгiленедi.
11. Табыс етілген құжаттарды қарастыру нәтижесі бойынша тұрғын үй көмегінің есептелуі енгізілген Басқарма мен өтініш берушінің арасында екі жақ келісім шарты жасалады. Келісім шарт 2 данада құрастырылады, біреуі тұрғын үй иесінде сақталады. Осы келісім шарт тұрғын үй көмегін белгілеу негізі болып табылады.
12. Басқарма берілген тұрғын үй көмегінің сомаларын көрсетіп, пәтерлерді меншік иелерінің (жалға алушылардың) тізімін жасап, оны ай сайын қызмет көрсетушілерге береді. Басқарма жеке тұрғын үйлердің меншік иелері жөнінде алушылар тізімін жасайды және есептелінген тиісті сомаларды жеке өтініш білдірушілердің есеп шотына аудару үшін Қазақстанның Халық банкі АҚ- ға береді.
13. Басқарма қажет жағдайда өтініш берушінің және оның отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеріс жүргізеді, өтініш берушіге тұрмыс үй көмегін белгілеу үшін құқығы барын растайтын сәйкес органдарға ресми сұрау салынады.
14. Тұрғын үй көмегін алушы он күн мерзімде тұрғын үй көмегінің мөлшерін өзгерту және оны алу құқығы үшін негіз бола алатын, жағдайлар туралы Басқарманы хабарландыруға міндетті.
15. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес басқарма тұрмыс үй көмегін төлеуді белгілеу мен ұйымдастырылуының дұрыстығына жауапты.
5. Тұрғын үй мөлшерін анықтау
16. Тұрғын үй көмегінің мөлшері адамға (отбасы) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін нормалар шектеріндегі тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметті тұтыну үшін меншік иесінің (жалдаушының) нақты төлемі мен отбасының осы мақсатқа жұмсалатын шығындарының ең жоғарғы шектеулі деңгейінің арасындағы айырмашылығы ретінде Басқармамен есептелінеді.
17. Тұрғын үй көмегін алу үшін адамның (отбасының) жиынтық кірісін анықтау Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің бұйрығымен бекітілген адрестік әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісі Ережесінің негізінде жүргізіледі.
18. Тұрғын үй ұстауға көмегiнiң көлемi тұрғын үй мен коммуналдық қызметтер үшiн нақты есептелген сомадан артық болуы мүмкiн емес.
19. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет төлеміне отбасының мүмкін шығындарының ең жоғарғы шектеулі үлесі, отбасының құрамы мен кірісі және тарифтер мен нақты шығындар өзгерген жағдайда белгіленген тұрғын үй көмегі қайта есептелінеді. Артық төленген сома ерікті түрде қайтарылуы керек, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен.
6. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көзі
20. Тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасы заңнамаларының актілеріне сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.