Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесі туралы

Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі N 6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 17 тамызда N 1327 тіркелді

Жаңартылған

      "Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының N 477-І ҚРЗ Заңының негізінде Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса берілген аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесі бекітілсін.
      2. Күші жойылды деп танылсын: шешімдер:
      1) "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесі туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2003 жылғы 25 тамыздағы XXVIII сессиясының N 3 шешімі (тіркеу N 1020, 18.09. 2003 ж. "Добрый вечер" 26.09.2003 ж. N 39);
      2) "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесі туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2003 жылғы 25 тамыздағы XXVIII сессиясының N 3 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 20 сәуірдегі V сессиясының N 7-2 шешімі (тіркеу N 1274, 04.06. 2004 ж. "Добрый вечер" 11.06.2004 ж. N 24).
      3. Осы шешім облыстық әділет департаментінде тіркеуден өткеннен кейін 2004 жылдың 1 қазанынан күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.

"Аз қамтамасыз етілген азаматтарға пәтер үйді
ұстауға және коммуналдық қызметтерді
төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесі
туралы"»Петропавл қалалық мәслихатының
2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс
7 сессиясының N 6 шешімімен
бекітілген

Аз қамтамасыз етілген азаматтарға пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережелері

1. Жалпы ереже

      1. Осы ереже пәтер үй көмегін тағайындау тәртібі мен жағдайын анықтайды.
      2. Тұрғын үй көмегі пәтер үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығындарды орнына толтыру.

2. Тұрғын үй көмегін алу құқығы

      3. Қазақстан Республикасы азаматтарының, Петропавл қаласында тұрақты тұратын меншiк иесi, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан баспана жалдаушы болып табылатын, тұрақты тұруға рұқсаты бар оралмандар, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың, егер отбасының бюджетiндегi жәрдемақылық шаралар мен коммуналдық қызметтердi тұтыну мөлшерi шегiндегi тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтердi тұтыну төлемiне шығындар осы мақсатқа шектi рұқсат етiлетiн шығыстар үлесiнен артық болса, тұрғын үй көмегiне құқығы бар. Тұрғын үйдi ұстау, коммуналдық қызметтердi  (сумен қамтамасыз ету, канализация, жылумен, электр жарығымен, газбен қамтамасыз ету, қоқыстарды шығару, лифт қызметi) тұтыну және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемнiң артуы бөлiгiнде байланыс қызметiне төлемдерге шектi рұқсат етiлген шығындар үлесi жиынтық кiрiсiнiң 20% - мөлшерiнде  Петропавл қаласының, 15% - ы мөлшерiнде Былғары зауыты мен Заречный кенттерiнiң тұрғындары үшiн белгiленедi.
      Егер тұрғын үйдi ұстауға (тұрғын үйдi пайдалануға) және коммуналдық қызметке төлем мөлшерi (тарифi) заңмен белгiленген тәртiппен белгiленбесе, онда шығындарды өтеу нақты шығындар бойынша жүргiзiледi.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы мәслихатының 2005.07.14 N 3; 2007.10.11 N 7 Шешімдерімен
      4. "Тұрғын үй көмегi мынадай отбасыларына тағайындалмайды:
      1) жеке меншiгiнде (үлесiнде) бiреуден артық тұрғын үйi (жеке үйi, пәтерi) болса;
      2)  тұрғын үйдi жалға тапсырғандарға (қайта жалға бергендерге);
      3) отбасыларында мүгедектерден және бiр айдан артық стационарлық емделуде болған адамдардан, туберкулезбен ауратындар, емделу мекемелерiнде тұрақты есепте тұратын және уақытша жұмысқа жарамсыздығы туралы дәрiгерлiк-кеңес комиссиясының қорытындысы бар онкологиялық және психикалық аурулары бар азаматтардан, күндiзгi оқу нысанындағы оқушылар мен студенттерден, тыңдаушылар мен курсанттардан, магистратура мен аспирантураны қоса, сондай-ақ І-шi және ІІ-шi топтағы мүгедектердi, сексен жастан асқан адамдарды, жетi жасқа дейiнгi балаларды күтумен айналысатын азаматтардан басқа жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда тiркелмеген жұмыссыздары барларға.
      Меншік иесі немесе тұрғын үй меншік иелерінің бірі қайтқан жағдайда пәтерде (үйде) үнемі бірге тұрған отбасы мүшелеріне мұрагерлік құқығын алғанға дейін, тұрғын үй көлемі нормасы шегінде және коммуналдық қызмет тұтыну нормативтері меншік иесінің қайтқан күнінен бастап 6 ай мезгілінде белгіленеді.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы мәслихатының 2005.07.14 N 3 Шешімімен.

3. Тұрғын үй көмегін белгілеу жөнінде өтініш жасау

      5. Адам (бұдан былай өтініш беруші) өз атынан немесе отбасы атынан Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі (одан әрі Бөлім) белгіленген үлгідегі өтiнiш берушiнiң және оның отбасы мүшелерiнiң жеке бастарын куәландыратын құжаттардың көшiрмесiн табыс етумен өтінішпен тұрғын үй көмегін тағайындауды өтінеді.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы мәслихатының 2005.07.14 N 3 Шешімімен.
      6. Өтінішпен мына құжаттар қоса беріледі.
      1) Отбасы туралы мәлімет.
      2) қозғалмайтын мүлік орталығымен ұсынылған меншікті тұрғын үйдің жалпы көлемі туралы мәлімет (жылына бір рет).
      3) Мәлімдеуші мен оның отбасы мүшелерінің алған кірістері туралы мәлімет.
      4) Пәтер үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеу жөніндегі шығыстар туралы мәлімет.
            Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелері Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес өтініштегі көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен сенімділігіне жауапты.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы мәслихатының 2005.07.14 N 3 Шешімімен.

4. Тұрғын үй көмегін белгілеу тәртібі

      7. Тұрғын үй көмегін белгілеу жергілікті бюджетпен қарастырылған сома шегінде Бөліммен жүзеге асырылады.
      8. Бөлім өтінішті қоса берілген құжаттармен қабылдайды, оларды он бес күн мерзімде қарастырады және тұрғын үй көмегін белгілеу немесе оларды қабылдамау туралы шешім қабылдайды.
      9. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Көмек тағайындауға қажетті құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25-ші жұлдызына дейін қабылданады, алдында өткен тоқсанның табыстары есепке алынады. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу ресімдеудің алғашқы ресімімен ұқсас.
      10. Жайлы секторда тұратын адамдарға тұрғын үй көмегі пәтер жалдаушыға (иесіне) пәтерді ұстауға және коммуналдық қызметке есептелген сомамен салыстырғанда төлемді кеміту түрінде, қолма-қолсыз есеп нысанында өтініштері бойынша қызмет көрсетушілердің жеке шоттарына аударылады. Жеке тұрғын үй секторында тұратын тұлғаларға тұрғын үй коммуналдық қызметтерді қолданғандары үшін ақшалай төлем түрінде белгіленеді.
      11. Табыс етілген құжаттарды қарастыру нәтижесі бойынша тұрғын үй көмегінің есептелуі енгізілген Бөлім мен өтініш берушінің арасында екі жақ келісім шарты жасалады. Келісім шарт 2 данада құрастырылады, біреуі тұрғын үй иесінде сақталады. Осы келісім шарт тұрғын үй көмегін белгілеу негізі болып табылады.
      12. Бөлім берілген тұрғын үй көмегінің сомаларын көрсетіп, пәтерлерді меншік иелерінің (жалға алушылардың) тізімін жасап, оны ай сайын қызмет көрсетушілерге береді. Телефон үшiн абоненттiк төлем тарифтерiнiң  көтерiлуiне өтемақы қызмет көрсетушiнiң  есеп шотына немесе  өтiнiш берушiнiң жеке шотына аударылады. Бөлім жеке тұрғын үйлердің меншік иелері жөнінде алушылар тізімін жасайды және есептелінген тиісті сомаларды жеке өтініш білдірушілердің есеп шотына аудару үшін "арқылы қызмет көрсетуге заңмен белгiленген тәртiппен шарт жасалған екiншi деңгейдегi банктер арқылы - ға береді.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы мәслихатының 2005.07.14 N 3 Шешімімен.
      13. Бөлім қажет жағдайда өтініш берушінің және оның отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеріс жүргізеді, өтініш берушіге тұрмыс үй көмегін белгілеу үшін құқығы барын растайтын сәйкес органдарға ресми сұрау салынады.
      14. Тұрғын үй көмегін алушы он күн мерзімде тұрғын үй көмегінің мөлшерін өзгерту және оны алу құқығы үшін негіз бола алатын, жағдайлар туралы Бөлімні хабарландыруға міндетті.
      15. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Бөлім тұрмыс үй көмегін төлеуді белгілеу мен ұйымдастырылуының дұрыстығына жауапты. 

5. Тұрғын үй мөлшерін анықтау

      16. Тұрғын үй көмегінің мөлшері адамға (отбасы) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін нормалар шектеріндегі тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметті тұтыну үшін меншік иесінің (жалдаушының) нақты төлемі мен отбасының осы мақсатқа жұмсалатын шығындарының ең жоғарғы шектеулі деңгейінің арасындағы айырмашылығы ретінде Бөліммен есептелінеді.
      "Тұрғын үй көмегiн тағайындағанда мынадай мөлшерлер ескерiледi:
      тұрғын үйдiң алаңы:
      жеке басты азаматтар үшiн - 30 шаршы метр;
      екi адамнан тұратын отбасы үшiн - 48 шаршы метр;
      үш және одан да көп адамнан тұратын отбасы үшiн -әр адамға 18 шаршы метрден;
      айына бiр адамға газ пайдалану:
      газ плитасы бар және орталықтан ыстық сумен қамтамасыз етiлген жағдайда - 4,8 килограмм;
      газ плитасы, газбен су жылытқышы бар, оталықтан ыстық сумен қамтамасыз етiлмеген жағдайда - 13,7 килограмм;
      Газ плитасы бар орталықтан ыстық сумен қамтамасыз етiлмеген, газбен су жылытқышы жоқ болған жағдайда - 8,2 килограмм;
      айына электр қуаты:
      бiр бөлмелi пәтер - 100 Квт;
      екi бөлмелi пәтер - 120 Квт;
      үш бөлмелi пәтер - 150 Квт;
      тәулiгiне бiр адамға су:
      суды көшелердегi колонкалардан алу - 40 литр;
      су құбыры бар, бiрақ канализациясы жоқ тұрғын үйлерде - 75 литр;
      су құбыры мен канализациясы бар, бiрақ ваннасы жоқ тұрғын үйлерде - 120 литр;
      су құбыры, канализациясы және қатты  отынмен жұмыс iстейтiн су жылытқышымен ванналары бар тұрғын үйлерде -180 литр;
      су құбыры, канализациясы және газбен су жылытқышымен ваннасы бар тұрғын үйлерде - 225 литр;
      қол жуғыштары, жуғыштары, душтары, ұзындығы 1500-1700 сантиметр ванналармен жабдықталған, ыстық сумен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үйлерде - 260 литр.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы мәслихатының 2005.07.14 N 3 Шешімімен.
      17. Тұрғын үй көмегін алу үшін адамның (отбасының) жиынтық кірісін анықтау Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің бұйрығымен бекітілген адрестік әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісі Ережесінің негізінде жүргізіледі.
      18. Тұрғын үй көмегінің көлемі тұрғын үй мен коммуналдық қызметтер үшін нақты есептелген сомадан артық болуы мүмкін емес.
      19. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет төлеміне отбасының мүмкін шығындарының ең жоғарғы шектеулі үлесі, отбасының құрамы мен кірісі және тарифтер мен нақты шығындар өзгерген жағдайда белгіленген тұрғын үй көмегі қайта есептелінеді. Артық төленген сома ерікті түрде қайтарылуы керек, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен.

6. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көзі

      20. Тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасы заңнамаларының актілеріне сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.