"2004 жылдың 1-ші қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету ережесін бекіту жөніндегі" N 923 қаулысын жүзеге асыру шаралары туралы"

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2004 жылғы 12 қарашадағы N 4/928 қаулысы. Алматы қалалық Әділет Департаментінде 2004 жылғы 07 желтоқсанда N 627 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 16 қаңтардағы N 1/79 қаулысымен

Күшін жойған

       Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 16 қаңтардағы N 1/79  қаулысымен
      
      Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылдың 11-ші шілдеде бекіткен N 1388  Жарлығы  бойынша 2005-2007 жылдарда тұрғын үй құрылысын дамытуға арналған Мемлекеттік бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 1-ші қыркүйектегі "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыстардың, Алматы және Астана қалалары жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету ережелерін бекіту жөніндегі" N 923  қаулысын  іске асыру үшін Алматы қаласының Әкімшілігі  қаулы етеді:      
      1. Алматы қаласында тұратын азаматтарды ипотекалық несие мен тұрғын үй құрылысының жинақтау қоры жүйесі арқылы баспанамен қамтамасыз етуді іске асыруға "Алматы қаласының тұрғын үй Басқармасы" Мемлекеттік мекемесі өкілетті орган ретінде белгіленсін.
       Ескерту. 1-тармақ өзгерді - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 10 мамырдағы N 2/258   қаулысымен
      2. Алматы қаласының Тұрғын үй Басқармасына (Бекбатыров Ш.) тұрғын үй құрылысының жинақтау қоры жүйесі мен ипотекалық несие арқылы баспана беру жөніндегі бөлімін құру тапсырылсын.
       Ескерту. 2-тармақ өзгерді - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 10 мамырдағы N 2/258   қаулысымен .      
      3. Тұрғын үй құрылысының жинақтау қоры жүйесі мен ипотекалық несие арқылы баспананы рәсімдеуді реттеу туралы Тәртіп бекітілсін (қосымша).      
      4. Экономика жөніндегі комитетке (Л.Васильева) 2004 жылдың желтоқсан айының 1-не дейін екінші деңгейлі банктермен қосылып, несие алушы және өкілетті органмен несиелік келісімді әзірлеу тапсырылсын.      
      5. Осы қаулының орындалуын қадағалау қала Әкімінің бірінші орынбасары Я.Заяцқа жүктелсін.
      

       Алматы қаласының Әкімі

      Әкімшілік хатшысы

Алматы қаласы Әкімшілігінің
2004 жылдың "12" қарашадағы
"2004 жылдың 1-ші қыркүйектегі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
"Қазақстан Республикасында тұрғын үй
құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы
бойынша облыстардың, Астана және
Алматы қалалары жергілікті атқарушы
органдарының Қазақстан Республикасы
азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету
ережесін бекіту жөніндегі" N 923 қаулысын
жүзеге асыру шаралары туралы"
N 4/928 қаулысына қосымша

Ипотекалық несие мен тұрғын үй құрылысы
жинақтау қоры жүйесін пайдалану арқылы
баспананы рәсімдеу
ТӘРТІБІ

      1. Бұл Тәртіпте 2004 жылдың 1-ші қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету ережесін бекіту жөніндегі" N 923  қаулысына  сәйкес ипотекалық несие мен тұрғын үй құрылыс жинақтау қоры жүйесін пайдалана отырып Алматы қаласынан тұрғын үй беру шарттары қарастырылады.      
      2. Баспана беруде Алматы қаласының Тұрғын үй Басқармасы өкілетті орган болып табылады.
       Ескерту. 2-тармақ өзгерді - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 10 мамырдағы N 2/258   қаулысымен .      
      3. Алдыға қойылған міндеттерді орындау үшін, өкілетті орган төмендегідей шаралар қолданады:
      1) тұрғын үйдің пайдалануға берілуіне 4 ай қалғанда бұқаралық ақпараттар құралдарында, қаланың аудандық әкімшіліктерінде, мемлекеттік мекемелерде, кәсіпорындар мен ұйымдарда тұрғын үйлерді тарату тәртібі мен шарттары туралы хабарландырулар жасалынады;
      2) ипотекалық несие мен тұрғын үй құрылыс жинақтау қоры жүйесі арқылы баспана алғысы келетіндерді қабылдап, тұрғын үй рәсімдеу тәртібі мен шарттары жөнінде түсініктеме береді;
      3) ипотекалық несие және тұрғын үй құрылыс жинақтау қоры жүйесі арқылы тұрғын үй алушы азаматтардың қажетті құжаттарын жинақтайды;
      4) заңда белгіленген тәртіп бойынша азаматтардың тұрғын үйге мұқтаждығын анықтап, шешім қабылдайды;
      5) қарыз алушының төлемқабілеттігін анықтау үшін, қарыз берушіге материалдар жібереді;
      6) сатып алу-сату шарттарын жасайды;
      7) осы шарттарды Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығында тіркейді;
      8) жалдау шарты бойынша тұрғын үйдің коммуналдық төлемдері мен пайдалануға жұмсалатын шығындары бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
      9) жоғарғы органдарға ұсыныс енгізумен қоса сот инстанцияларына қуыным беру және басқа да өкілетті орган қызметтерін іске асырады.
       Ескерту. 3-тармақ өзгерді - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 19 қыркүйектегі N 4/613   қаулысымен .       
      4. Арызданушы Тұрғын үй Басқармасына белгілі жобаға сәйкес толтырылған арыз бен қажетті құжаттарды қосып өткізеді:
      1) тұрғылықты тұратын жері және отбасы құрамы туралы N 3 анықтама;
      2) тұрғылықты тұратын жерінен тіркелген тұрғын үйдің заңды құжаттары;
      3) Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығынан меншік құқығындағы үй-құрылысы (үлесі) туралы отбасының барлық кәмелеттік жасқа толған мүшелеріне анықтама;
      4)  алынып тасталды ;
      5)  алынып тасталды ;
      6)  алынып тасталды ;
      7) берілген үйге тұруға құқығы бар және бірге тұратын балаларының туу туралы куәліктері мен көшірмелері.
       Ескерту. 4-тармақ өзгерді - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 10 мамырдағы  N 2/258   және   2005 жылғы 19 қыркүйектегі  N 4/613  қаулыларымен.
      
      5. Тұрғын үй Басқармасы жеке категориялар бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды жеке тіркеуге алады:
      1)  алынып тасталды ;
      2) балалары бар жас жанұялар;
      3) мемлекеттік органдар мен бюджет қаражатына өмір сүретін, мемлекеттік мекеме қызметкерлері;
      4) әлеуметтік ортадағы мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлері.      
       Ескерту. 5-тармақ өзгерді - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 10 мамырдағы  N 2/258 , 2005 жылғы 26 тамыздағы  N 4/546  және 2005 жылғы 19 қыркүйектегі  N 4/613   қаулыларымен.      
      6. Тұрғын үй Басқармасы жоғарыда аталған категориядағылардың пәтерге мұқтаждығын анықтайды.
       Ескерту. 6-тармақ өзгерді - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 10 мамырдағы N 2/258   қаулысымен .      
      7. Тұрғын үй Басқармасы тұрғын үйді пайдалануға берілуден 2 ай бұрын екінші деңгейге сәйкес банкке немесе кейбір банк операцияларын (қарыз беруші) жасайтын мекемеге арыз беруші азаматтың аты-жөнін және сол азаматтың алуға ұсынған тұрғын үйі туралы мәліметін анықтап көрсетеді.
       Ескерту. 7-тармақ өзгерді - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 10 мамырдағы  N 2/258  және 2005 жылғы 19 қыркүйектегі  N 4/613   қаулыларымен.      
      8.  8-тармақтың күші жойылды - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 26 тамыздағы N 4/546  қаулысымен .      
      9. Қарыз беруші тұрғын үйді пайдалануға берілуден екі ай бұрын азаматтардың төлем қабілеттігін анықтап, Тұрғын үй басқармасына қарыз алатын азаматтардың аты-жөндерін береді.
       Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 19 қыркүйектегі N 4/613   қаулысымен .       
      10. Тұрғын үй басқармасы қарыз берушілерден азаматтардың төлем қабілеттіктері туралы хабарлама алғаннан кейін, 2004 жылдың 1-ші қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету ережесін бекіту жөніндегі N 923 қаулының 3 тарауында көрсетілген құжаттар бойынша деректерді көрсетіп тізім құрайды.
      Тұрғын үйге жекеменшік құқығын мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін Тұрғын үй басқармасы он жұмыс күннің ішінде заңда белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының азаматымен тұрғын үйді сатып алу-сату келісім шартын жасайтын мезгілдегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген Америка құрама Штаттары долларының құнын теңгеге шаққандағы курсы бойынша тұрғын үйдің құнын анықтап келісім шартқа отырады.
      Қазақстан Республикасы азаматының мемлекеттік тіркеуден өтіп, бюджеттік алымдардың төленгенін растайтын және жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжатты өткізгеннен кейін Тұрғын үй басқармасы заңда белгіленген тәртіп бойынша азаматтың атына осы тұрғын үйге құқын мемлекеттік тіркеуден өткізеді, ал азамат Тұрғын үй басқармасы көрсеткен реквизиттер бойынша алғашқы жарна сомасын төлейді.
      Тұрғын үйге жекеменшік құқығын мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін Тұрғын үй басқармасы құқықтық құжаттардың түпнұсқасын қарыз берушіге береді.
       Ескерту. 10-тармақ өзгерді - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 10 мамырдағы N 2/258   қаулысымен , жаңа редакцияда - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 19 қыркүйектегі N 4/613   қаулысымен .
      11. Сатып алу-сату шартының барлық тармақтарын орындау мақсатында арыз иесі шартқа отыру кезінде өкілетті органға салық деректемелерін хабарлайды.
       Ескерту. 11-тармақ өзгерді - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 10 мамырдағы N 2/258   қаулысымен , жаңа редакцияда - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 19 қыркүйектегі N 4/613   қаулысымен .
      12. Алматы қаласының тұрғын үй Басқармасымен ипотекалық несие мен тұрғын үй құрылыс қоры жинақтау жүйесі арқылы өткізілген тұрғын үйлерден түскен қаржыларды шоғырландыру үшін арнайы есепшот ашылады.
       Ескерту. 12-тармақ өзгерді - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 10 мамырдағы N 2/258   қаулысымен .
      13. Алматы қаласы Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша түскен қаржылар Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті органына қайтарылады.
      14. Қазақстан Республикасының "2004 жылдың 9-шы шілдедегі Қазақстан Республикасы тұрғын үй қатынастары туралы сұрақтары бойынша кейбір заңдылық актілеріне қосымша енгізу туралы" N 587-ІІ ЗҚР  Заңының  талабына сәйкес егер Тұрғын үй Басқармасына ипотекалық тұрғын үй несие қарызын талап ету құқығын беріп қойған жағдайда, Алматы қаласы Әкімшілігінің рұқсатымен, қайта келісім шартына сәйкес үй алуға құқылы.
       Ескерту. 14-тармақ өзгерді - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 10 мамырдағы N 2/258   қаулысымен .       
      15. Бұл Тәртіпке тұрғын үй қатынастарының қолданыстағы заңына сәйкес қажетті толықтырулар мен өзгерістер енгізілуі мүмкін.

       Әкімшілік хатшысы