Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылдың 11-ші шілдеде бекіткен N 1388
Жарлығы
бойынша 2005-2007 жылдарда тұрғын үй құрылысын дамытуға арналған Мемлекеттік бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 1-ші қыркүйектегі "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыстардың, Алматы және Астана қалалары жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету ережелерін бекіту жөніндегі" N 923
қаулысын
іске асыру үшін Алматы қаласының Әкімшілігі
қаулы етеді:
1. Алматы қаласында тұратын азаматтарды ипотекалық несие мен тұрғын үй құрылысының жинақтау қоры жүйесі арқылы баспанамен қамтамасыз етуді іске асыруға "Алматы қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық Департаменті" Мемлекеттік мекемесі өкілетті орган ретінде белгіленсін.
2. Алматы қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Департаментіне (Бекбатыров Ш.) тұрғын үй құрылысының жинақтау қоры жүйесі мен ипотекалық несие арқылы баспана беру жөніндегі бөлімін құру тапсырылсын.
3. Тұрғын үй құрылысының жинақтау қоры жүйесі мен ипотекалық несие арқылы баспананы рәсімдеуді реттеу туралы Тәртіп бекітілсін (қосымша).
4. Экономика жөніндегі комитетке (Л.Васильева) 2004 жылдың желтоқсан айының 1-не дейін екінші деңгейлі банктермен қосылып, несие алушы және өкілетті органмен несиелік келісімді әзірлеу тапсырылсын.
5. Осы қаулының орындалуын қадағалау қала Әкімінің бірінші орынбасары Я.Заяцқа жүктелсін.
Алматы қаласының Әкімі В.Храпунов
Әкімшілік хатшысы К.Тәжиева
Алматы қаласы Әкімшілігінің
2004 жылдың "12" қарашадағы
"2004 жылдың 1-ші қыркүйектегі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
"Қазақстан Республикасында тұрғын үй
құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы
бойынша облыстардың, Астана және
Алматы қалалары жергілікті атқарушы
органдарының Қазақстан Республикасы
азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету
ережесін бекіту жөніндегі" N 923 қаулысын
жүзеге асыру шаралары туралы"
N 4/928 қаулысына қосымша
Ипотекалық несие мен тұрғын үй құрылысы
жинақтау қоры жүйесін пайдалану арқылы
баспананы рәсімдеу
ТӘРТІБІ
1. Бұл Тәртіпте 2004 жылдың 1-ші қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету ережесін бекіту жөніндегі" N 923
қаулысына
сәйкес ипотекалық несие мен тұрғын үй құрылыс жинақтау қоры жүйесін пайдалана отырып Алматы қаласынан тұрғын үй беру шарттары қарастырылады.
2. Баспана беруде Алматы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Департаменті өкілетті орган болып табылады.
3. Алдыға қойылған міндеттерді орындау үшін, өкілетті орган төмендегідей шаралар қолданады:
1) бұқаралық ақпараттар құралдарын пайдалана отырып, қалалық кәсіпорындар мен ұйымдарға, мемлекеттік мекемелерге, аудандық әкімшіліктерге, тұрғын үй рәсімдеу тәртібі мен шарттары жөнінде ақпарат таратады;
2) ипотекалық несие мен тұрғын үй құрылыс жинақтау қоры жүйесі арқылы баспана алғысы келетіндерді қабылдап, тұрғын үй рәсімдеу тәртібі мен шарттары жөнінде түсініктеме береді;
3) ипотекалық несие және тұрғын үй құрылыс жинақтау қоры жүйесі арқылы тұрғын үй алушы азаматтардың қажетті құжаттарын жинақтайды;
4) заңда белгіленген тәртіп бойынша азаматтардың тұрғын үйге мұқтаждығын анықтап, шешім қабылдайды;
5) қарыз алушының төлемқабілеттігін анықтау үшін, қарыз берушіге материалдар жібереді;
6) сатып алу-сату шарттарын жасайды;
7) осы шарттарды Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығында тіркейді;
8) жалдау шарты бойынша тұрғын үйдің коммуналдық төлемдері мен пайдалануға жұмсалатын шығындары бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
9) жоғарғы органдарға ұсыныс енгізумен қоса сот инстанцияларына қуыным беру және басқа да өкілетті орган қызметтерін іске асырады.
4. Арызданушы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Департаментіне белгілі жобаға сәйкес толтырылған арыз бен қажетті құжаттарды қосып өткізеді:
1) тұрғылықты тұратын жері және отбасы құрамы туралы N 3 анықтама;
2) тұрғылықты тұратын жерінен тіркелген тұрғын үйдің заңды құжаттары;
3) Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығынан меншік құқығындағы үй-құрылысы (үлесі) туралы отбасының барлық кәмелеттік жасқа толған мүшелеріне анықтама;
4) отбасы мүшелерінің жинақталған кірісін анықтау үшін табыстары туралы анықтама;
5) арыз берушінің салық төлеуінің тіркеу номері (көшірме);
6) арыз берушінің әлеуметтік жеке коды (көшірме);
7) берілген үйге тұруға құқығы бар және бірге тұратын балаларының туу туралы куәліктері мен көшірмелері.
5. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық Департаменті жеке категориялар бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды жеке тіркеуге алады:
1) Алматы қаласының аудандық әкімшілік аппараттарында мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегінде тіркеуде тұратын азаматтар;
2) балалары бар жас жанұялар;
3) мемлекеттік органдар мен бюджет қаражатына өмір сүретін, мемлекеттік мекеме қызметкерлері;
4) әлеуметтік ортадағы мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлері;
5) тағы басқалар.
6. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық Департаменті жоғарыда аталған категориядағылардың пәтерге мұқтаждығын анықтайды.
7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық Департаменті 3 (үш) жұмыс күннің ішінде екінші деңгейге сәйкес банкке немесе кейбір банк операцияларын (қарыз беруші) жасайтын мекемеге арыз беруші азаматтың аты-жөнін және сол азаматтың алуға ұсынған тұрғын үйі туралы мәліметін анықтап көрсетеді.
8. Қарыз берушінің немесе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық Департаментінің талабы бойынша қарызданушы қосымша құжаттарды көрсетуі қажет.
9. Қарыз беруші 12 (он екі) жұмыс күннің ішінде азаматтардың төлеу қабілетін анықтайды және төлеу қабілеті анықталғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күннің ішінде өкілетті органға қарыз берілетін азаматтардың аты-жөнін көрсетеді.
10. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық Департаменті 3 (үш) жұмыс күні ішінде төлеу қабілеті анықталған азаматтарға тұрғын үйді беру туралы шешім қабылдайды және 2 (екі) күн жұмыс күні ішінде сатып алу-сату келісім шартын жасайды.
11. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық Департаментінің сатып алу-сату келісім-шарты жылжымайтын мүлік Орталығында ипотекалық несие алу келісімімен қоса тіркеледі.
12. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық Департаментімен ипотекалық несие мен тұрғын үй құрылыс қоры жинақтау жүйесі арқылы өткізілген тұрғын үйлерден түскен қаржыларды шоғырландыру үшін арнайы есепшот ашылады.
13. Алматы қаласы Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша түскен қаржылар Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті органына қайтарылады.
14. Қазақстан Республикасының "2004 жылдың 9-шы шілдедегі Қазақстан Республикасы тұрғын үй қатынастары туралы сұрақтары бойынша кейбір заңдылық актілеріне қосымша енгізу туралы" N 587-ІІ ЗҚР
Заңының
талабына сәйкес егер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық Департаментіне ипотекалық тұрғын үй несие қарызын талап ету құқығын беріп қойған жағдайда, Алматы қаласы Әкімшілігінің рұқсатымен, қайта келісім шартына сәйкес үй алуға құқылы.
15. Бұл Тәртіпке тұрғын үй қатынастарының қолданыстағы заңына сәйкес қажетті толықтырулар мен өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Әкімшілік хатшысы