Облыстық мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілерін ата-ана төлемақысынан босату туралы

Жамбыл облыстық әкімиятының 2004 жылғы 26 ақпандағы N 39 қаулысы. Жамбыл облыстық әділет департаметінде 2004 жылғы 1 сәуірде N 1289 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қазандағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы N 738 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"»N 1050  қаулысына  сәйкес және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар жанұялар балаларына, көпбалалы және аз қамтамасыздандырылған отбасылардан шыққан балаларға, қамқорлықтағы (қорғаншылықтағы) және патронаттағы балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттары тәрбиеленушілері отбасыларының материалдық жағдайын ескере отырып, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

      1. Көпбалалы және аз қамтамасыздандырылған отбасыларынан шыққан тәрбиеленушілер интернаттық мекемелерде тәрбиеленгені үшін төлейтін ата-ана төлемақысынан босатылсын. 

      2. Облыс Әкімінің қаржы басқармасы (Б.Аманбеков) мектеп-интернаттардағы балаларды ұстауға арналған шығыстарды жергілікті бюджеттің білім бағдарламасы жөніндегі қаржылары есебіне жатқызсын. 

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары К.М.Демешке жүктелсін. 

       Облыс Әкімі                           С.Үмбетов