Облыстық мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілерін ата-ана төлемақысынан босату туралы

Жамбыл облыстық әкімиятының 2004 жылғы 26 ақпандағы N 39 қаулысы. Жамбыл облыстық әділет департаметінде 2004 жылғы 1 сәуірде N 1289 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 250 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 22.10.2015 № 250 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қазандағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 1050 қаулысына сәйкес және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар жанұялар балаларына, көпбалалы және аз қамтамасыздандырылған отбасылардан шыққан балаларға, қамқорлықтағы (қорғаншылықтағы) және патронаттағы балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттары тәрбиеленушілері отбасыларының материалдық жағдайын ескере отырып, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Көпбалалы және аз қамтамасыздандырылған отбасыларынан шыққан тәрбиеленушілер интернаттық мекемелерде тәрбиеленгені үшін төлейтін ата-ана төлемақысынан босатылсын.
      2. Облыс Әкімінің қаржы басқармасы (Б.Аманбеков) мектеп-интернаттардағы балаларды ұстауға арналған шығыстарды жергілікті бюджеттің білім бағдарламасы жөніндегі қаржылары есебіне жатқызсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары К.М.Демешке жүктелсін.
      Облыс Әкімі С. Үмбетов