Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының
Жер кодексін
басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты былай деп
ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының "Астана қаласында жер учаскелеріне құқық беру ережелері туралы" 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 39/7-ІІІ
шешімімен
бекітілген (Астана қаласы әділет басқармасында 2004 жылғы 11 мамырда N 328 тіркелген) Жер учаскелеріне құқық беру ережелеріне (бұдан әрі - Ережелер) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-бөлімнің 5-тармағындағы "Астана қаласы жер учаскелерінің тізімін, жер ресурстарын басқару жөніндегі органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген, сәулет органының ұсынымы бойынша ұсынады" деген сөздер "Астана қаласында құрылыс салу көзделетін жер учаскелерінің тізбесін әкімдік жер ресурстарын басқару жөніндегі органының сәулет органымен келісілген ұсынысы бойынша белгілейді." деген сөздермен ауыстырылсын;
4-бөлімнің 23-тармағында екінші сөйлемдегі "жеке тұрғын үй объектісі кем дегенде отыз пайызға дайын болған жағдайда" деген сөздер алынып тасталсын.
Ережелерге 2-қосымшаның тақырыбы мына редакцияда жазылсын: "Жер учаскесін жалға алу құқығын сатып алу-сату шартының нысаны".
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы