Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы

Астана қаласы әкімінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 3-1-618қ қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 26 наурызда N 321 тіркелді

Жаңартылған

      " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы ", " Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы " Қазақстан Республикасының заңдарына, Ақмола қалалық мәслихатының 1996 жылғы 18 қыркүйектегі "Астана қаласының құрметті азаматы" атағы туралы", Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы  N 143/18-ІІІ  "Астана қаласы бюджетінің қаражаты есебінен азаматтардың әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімі туралы" шешімдеріне сәйкес Астана қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту: Преамбула жаңа редакцияда жазылды - Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 8 тамыздағы  N 23-698қ  қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) бекітілсін.

      2. Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі қағидаларына сәйкес "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер", "Мүгедектерді әлеуметтік қолдау" бағдарламаларының (бұдан әрі - Бағдарлама) орындалуын қамтамасыз етсін.
      Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 8 тамыздағы  N 23-698қ  қаулысымен.

      3. Астана қаласының Қаржы департаменті қаржылық жылға сәйкес қала бюджетінде осы мақсаттарға қарастырылған қаражаттар шегінде Бағдарламаларды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      4. Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 27 наурыздағы N 3-1-576қ "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы"  қаулысының  күші жойылды деп танылсын (Астана қаласының Әділет басқармасында 2003 жылдың 7 сәуірінде N 254 болып тіркелген; 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 47 "Астана ақшамы"; 2003 жылғы 19 сәуірде N 43 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Т.М. Мұхамеджановқа жүктелсін.

       Астана қаласының әкімі

       Визалар:

      Келісілді

      Астана қаласы Қаржы
      департаментінің бастығы

      Астана қаласы Еңбек, халықты
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      қорғау департаментінің бастығы

Астана қаласы әкімдігінің 
2004 жылғы 3 наурыздағы  
N 3-1-618қ қаулысымен   
бекітілген        

Азаматтардың жекелеген санаттарына
әлеуметтік қолдау көрсету
Қағидасы

      Осы Қағида " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы ", " Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы ", Қазақстан Республикасының заңдарына, Ақмола қалалық мәслихатының 1996 жылғы 18 қыркүйектегі "Астана қаласының құрметті азаматы" атағы туралы", Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы  N 143/18-ІІІ  "Астана қаласы бюджетінің қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімі туралы" шешімдеріне сәйкес әзірленді.
      Ескерту: Преамбула жаңа редакцияда жазылды - Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 8 тамыздағы  N 23-698қ  қаулысымен.

  1. Жалпы ережелер

      1. Ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік қолдау азаматтардың мына санаттарына көрсетіледі:
      1) көзі көрмейтін 1 топтағы мүгедектерді ертіп жүретіндерге;
      2) тұрғын үйді ұстауға және тұтыну коммуналдық қызметтердің құнын өтеу үшін "Астана қаласының құрметті азаматы" атағына ие болған азаматтарға (отбасы мүшелерін есепке алмағанда).
      2. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер", "Мүгедектерді әлеуметтік қолдау" бағдарламаларының (бұдан әрі - Бағдарламалар) әкімгері тиісті қаржылық жылға сәйкес "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) болып табылады.
      Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 8 тамыздағы  N 23-698қ  қаулысымен.
      3. Бағдарламаларды қаржыландыру көзі Астана қаласының бюджеті болып табылады.

  2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

      4. Департамент Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Астана қаласы филиалының мәліметтер қоры мен Астана қаласы мәслихаты берген құрметті азаматтардың тізімдері негізінде осы Қағиданың 1-тармағында көрсетілген тұлғалардың тізімдерін құрайды.
      5. Осы Қағиданың 1-тармағында көрсетілген адамдарды әлеуметтік қолдау ай сайын, ақшалай қаражаттарды Астана қаласының банкілері бөлімшелеріндегі алушылардың дербес шоттарына аудару арқылы мынадай мөлшерде жүзеге асырылады:
      1) көзі көрмейтін 1 топтағы мүгедектерді ертіп жүретіндерге - Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген 0,9 айлық есеп көрсеткіш;
      2) "Астана қаласының құрметті азаматы" атағына ие болған азаматтарға - 4 айлық есептік көрсеткіш.
      5-1. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес осы Қағиданың 1-тармағы 1-тармақшасында көрсетілген жеке көмекші қызметтерін пайдаланатын адамдар осы Қағидаға сәйкес әлеуметтік қолдау алуға құқығы жоқ.
       Ескерту: 5-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 8 тамыздағы  N 23-698қ  қаулысымен.
      6. Астана қаласының Қаржы департаменті қаржылық жылға сәйкес қала бюджетінде қарастырылған қаражаттар шегінде Бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асырады.

       Астана қаласы Қаржы
      департаментінің бастығы

      Қазақстан Республикасы Еңбек
      және халықты әлеуметтік қорғау
      министрлігінің "Мемлекеттік
      зейнетақы төлеу орталығы"
      Республикалық мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорны Астана қаласы
      филиалының директоры

      Астана қаласы Еңбек,
      халықты жұмыспен қамту
      және әлеуметтік қорғау
      департаментінің бастығы