"Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына және Ақмола қалалық мәслихатының 1996 жылғы 18 қыркүйектегі "Астана қаласының құрметті азаматы" атағы туралы" шешіміне сәйкес, Астана қаласының әкімдігі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) бекітілсін.
2. Астана қаласының Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменті "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер"; "Сырттай көмек қажет ететін жалғыз басты мүгедектерді күтуге қосымша үстемақылар" бағдарламаларының (бұдан әрі - Бағдарламалар) Қағидаға сәйкес орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Астана қаласының Қаржы департаменті қаржылық жылға сәйкес қала бюджетінде осы мақсаттарға қарастырылған қаражаттар шегінде Бағдарламаларды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4. Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 27 наурыздағы N 3-1-576қ "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Астана қаласының Әділет басқармасында 2003 жылдың 7 сәуірінде N 254 болып тіркелген; 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 47 "Астана ақшамы"; 2003 жылғы 19 сәуірде N 43 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Т.М. Мұхамеджановқа жүктелсін.
Астана қаласының әкімі
Визалар:
Келісілді
Астана қаласы Қаржы
департаментінің бастығы
Астана қаласы Еңбек, халықты
жұмыспен қамту және әлеуметтік
қорғау департаментінің бастығы
Астана қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 3 наурыздағы
N 3-1-618қ қаулысымен
бекітілген
Азаматтардың жекелеген санаттарына
әлеуметтік қолдау көрсету
Қағидасы
Осы Қағида "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына және Ақмола қалалық мәслихатының 1996 жылғы 18 қыркүйектегі "Астана қаласының құрметті азаматы атағы туралы" шешімі негізінде әзірленген.
1. Ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік қолдау азаматтардың мына санаттарына көрсетіледі:
1) көзі көрмейтін 1 топтағы мүгедектерді ертіп жүретіндерге;
2) тұрғын үйді ұстауға және тұтыну коммуналдық қызметтердің құнын өтеу үшін "Астана қаласының құрметті азаматы" атағына ие болған азаматтарға (отбасы мүшелерін есепке алмағанда).
2. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер"; "Сырттай көмек қажет ететін жалғыз басты мүгедектерді күтуге қосымша үстемақылар" бағдарламаларының (бұдан әрі - Бағдарламалар) әкімгері қаржылық жылға сәйкес Астана қаласының Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменті (бұдан әрі - Департамент) болып табылады.
3. Бағдарламаларды қаржыландыру көзі Астана қаласының бюджеті болып табылады.
2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі
4. Департамент Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Астана қаласы филиалының мәліметтер қоры мен Астана қаласы мәслихаты берген құрметті азаматтардың тізімдері негізінде осы Қағиданың 1-тармағында көрсетілген тұлғалардың тізімдерін құрайды.
5. Осы Қағиданың 1-тармағында көрсетілген адамдарды әлеуметтік қолдау ай сайын, ақшалай қаражаттарды Астана қаласының банкілері бөлімшелеріндегі алушылардың дербес шоттарына аудару арқылы мынадай мөлшерде жүзеге асырылады:
1) көзі көрмейтін 1 топтағы мүгедектерді ертіп жүретіндерге - Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген 0,9 айлық есеп көрсеткіш;
2) "Астана қаласының құрметті азаматы" атағына ие болған азаматтарға - 4 айлық есептік көрсеткіш.
6. Астана қаласының Қаржы департаменті қаржылық жылға сәйкес қала бюджетінде қарастырылған қаражаттар шегінде Бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асырады.
Астана қаласы Қаржы
департаментінің бастығы
Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің "Мемлекеттік
зейнетақы төлеу орталығы"
Республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны Астана қаласы
филиалының директоры
Астана қаласы Еңбек,
халықты жұмыспен қамту
және әлеуметтік қорғау
департаментінің бастығы