"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында Астана қаласының әкімдігі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыру Қағидасы бекітілсін (1-қосымша).
Ескерту. 1-тармақ толықтырылды - Астана қаласы әкімдігінің 2005.05.06 N 3-1-323қ Қаулысымен.
2. Қоса беріліп отырған оқитын жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру және өткізу Қағидасы бекітілсін (2-қосымша).
Ескерту. 2-тармақ толықтырылды - Астана қаласы әкімдігінің 2005.05.06 N 3-1-323қ Қаулысымен.
2-1 Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 2010.01.10 № 23-2қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
3. Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы жоғарыда көрсетілген Қағидаларға сәйкес «Жұмыспен қамту бағдарламасы» бюджеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыруды қамтамасыз етсін.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005.05.06 N 3-1-323қ; 2009.05.22 N 23-502қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз); 2010.01.10 № 23-2қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
4. Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 2005.05.06 N 3-1-323қ Қаулысымен.
5. Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 16 шілдедегі N 3-1-1179қ "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" қаулысы (Астана қаласы Әділет басқармасында 2003 жылғы 31 шілдеде N 284 болып тіркелген; 2003 жылы 30 қыркүйекте N 128 "Астана ақшамы" және 2003 жылы 18, 21 қазанда N 118-119 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) күшін жойды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары С.С. Мұстафинаға жүктелсін.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005.05.06 N 3-1-323қ Қаулысымен.
Астана қаласының әкімі
Визалар:
Келісілді
Астана қаласы Қаржы
департаментінің бастығы
Астана қаласы Еңбек, халықты
жұмыспен қамту және әлеуметтік
қорғау департаментінің бастығы
2004 жылғы 9 қаңтардағы
N 3-1-65қ Астана қаласы
әкімдігінің қаулысына
1-қосымша
Ескерту. Барлық мәтін бойынша "айлық" деген сөз алынып тасталсын - Астана қаласы әкімдігінің 2006.03.09 N 23-10-205қ; Қағидасында "департаменті", "Департамент", "Департаментте", "Департаментпен", "Департаментке", "Департаментті" деген сөздер "басқармасы", "Баскарма", "Басқармада", "Басқармамен", "Басқармаға", "Басқарманы" деген тиісті сөздермен ауыстырылды - 2009.05.22 N 23-502қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз); барлық мәтін бойынша "жеке" деген сөз алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 2010.01.10 № 23-2қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
Жұмыссыз жастар үшін кәсіби дипломнан
кейінгі тәжірибені ұйымдастыру
Қағидасы
Осы Қағида "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, жұмыссыз азаматтарды - бастауыш, орта және жоғарғы кәсіби білім беру оқу орындары түлектерінің жұмысқа орналастыру және олардың практикалық тәжірибесін, білімін, іскерлігін мен дағдысын алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында әзірленді.
1. Жалпы ережелер
1. Жұмыссыз жастар үшін кәсіби дипломнан кейінгі тәжірибеден өтуді ұйымдастыру (бұдан әрі - Жастар тәжірибесі) жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу шараларының бірі болып табылады.
2. Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы - халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - Басқарма) Басқармада жұмыссыз ретінде тіркелген, бастауыш, орта және жоғарғы кәсіби оқу орындарын аяқтаған (бұдан әрі - кәсіби оқу орындары) жұмыссыз жастар арасында Жастар тәжірибесін ұйымдастыру және өткізу бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу, жұмысқа орналастыруға көмек көрсету және еңбек нарығында бәсекелестікті көтеру үшін жағдай жасау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005.05.06 N 3-1-323қ Қаулысымен.
3. Жастар тәжірибесі меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде (бұдан әрі - Жұмыс беруші) ұйымдастырылады және өткізіледі.
4. Жастар тәжірибесін өткізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру Астана қаласы бюджеті қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
5. Жастар тәжірибесінің ұйымдастырылуын және өткізілуін бақылауды Басқарма жүзеге асырады.
2. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру
6. Басқарма еңбек нарығында қалыптасқан жастарды жұмысқа орналастыру жағдайын талдау негізінде жұмыссыз азаматтардың - кәсіби оқу орындары түлектерінің саны мен олардың мамандықтарын анықтайды.
7. Жастар тәжірибесін ұйымдастыруда мына өлшемдер есепке алынады:
1) жұмыссыз азаматтардың - кәсіби оқу орындары түлектерінің саны және Басқармада тіркелген жұмыссыздардың жалпы санының үлесі;
2) жастар арасындағы ұзақ уақыт жұмыс істемейтін кәсіби оқу орындары түлектері санының өсуі;
3) кәсіби оқу орындарының түлектерінде еңбек өтілінің, дағдылардың болмауы, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін төмендетеді.
8. Басқарма алдағы уақытта даму болашағы бар, өндірісін кеңейту және Жастар тәжірибесіне қатысушыларды тұрақты жұмысқа алу мүмкіндігі бар Жұмыс берушілер туралы ақпарат жинау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
9. Басқарма әлеуетті Жұмыс берушілер туралы ақпаратты талдау негізінде жұмыссыз азаматтардың - кәсіби оқу орындары түлектерінің Жастар тәжірибесіне қатысу үшін таңдау жүргізеді.
10. Кандидаттарды таңдауда мына өлшемдер есепке алынады:
1) кандидаттар Басқармада жұмыссыз ретінде есепте тұрады;
2) қатысушыларды таңдаған кезде олар үшін қолайлы жұмыстың болмауы;
3) жасы 24 дейін (медицина оқу орындарының түлектері үшін 29 жасқа дейін) (қоса алғанда) енгізіледі.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2009.05.22 N 23-502қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз); 2010.08.18 N 23-754қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) Қаулыларымен.
11. Жұмыссыздардың Жастар тәжірибесіне қатысуы Жастар тәжірибесінің басталу кезінен 12 кезеңде бір рет жіберіледі және жұмыссыз ретінде тіркелу уақытына сәйкес кезектілік тәртіппен жүзеге асырылады.
12. Жастар тәжірибесі аясында жұмыссыздарға - кәсіби білім беру түлектеріне - уақытша жұмыс орнын ұсыну тілегін білдірген Жұмыс беруші осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес Басқармамен тиісті шарт жасасады.
Шарт жұмысқа қабылданған жұмыссыздар санын, Жұмыс беруші жұмысқа қабылдайтын мамандықтар тізбесін (мамандық), қажет болған жағдайда - қосымша кәсіби дайындықты Жастар тәжірибесі қатысушыларын олардың мамандығына сәйкес кәсіби біліммен, іскерлікпен және дағдымен қамтамасыз ету міндеттемелерін қарастыруы қажет.
Шарт алты айдан артық емес уақытқа жасалады. Жасасқан шарттың ең төменгі әрекет ету мерзімі - үш ай.
13. Басқарма жасалған шартқа сәйкес жұмыссыздың келісімімен осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес оны Жұмыс берушіге жолдайды.
14. Жастар тәжірибесі аясында Басқарма берген жолдамасын жұмыссыздар ұсынған кезде, Жұмыс беруші жолдаманың жыртылмалы талонын толтырып, Басқармаға тапсырады.
15. Жастар тәжірибесі аясында жұмыссызды уақытша жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдаған кезде, Жұмыс беруші жұмыссызбен Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес еңбек шартын жасасады және жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады.
16. Жұмыс беруші Жастар тәжірибесіне қатысушыны жұмысқа қабылдаған күннен бастап үш күн ішінде Басқармаға еңбек шартының көшірмесін және/немесе жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін береді.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
17. Жастар тәжірибесі тараптарының біреуінің бастамасымен еңбек шарты бойынша шарттық міндеттер бұзылған жағдайда еңбек шарты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес бұзылады.
Шарттың бұзылу сәтінен бастап үш күн ішінде тараптар Басқармаға еңбек шартының бұзылу дерегі туралы хабарлайды.
18. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен қарастырылған Жастар тәжірибесі қатысушысының құқықтары мен кепілдіктерін бұзған жағдайда Басқарма Жұмыс берушімен шартты бұзуға құқылы.
19. Еңбек шарты мерзімінің аяқталуы бойынша Жұмыс беруші Басқарманы еңбек шартының әрекет ету мерзімінің аяқталуы туралы ескертеді, немесе Жастар тәжірибесі қатысушысын тұрақты жұмысқа алуға құқылы, ол үшін Басқармаға жұмысқа қабылдануы туралы сәйкес бұйрықтың көшірмесін жолдау керек.
20. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша Жастар тәжірибесінің қатысушысы Жастар тәжірибесінің өту мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмысқа қабылдануы мүмкін. Онда Жұмыс беруші Жастар тәжірибесіне қатысушысын жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін Басқармаға жолдайды.
21. Жұмыс беруші еңбек шарты мерзімінің аяқталуы бойынша Жастар тәжірибесі қатысушысына оның өтілуі туралы сын-пікір (кепілдеме хат) ұсынады.
22. Жұмыссыз - Жастар тәжірибесінің қатысушысы қолайлы жұмыс іздеумен Басқармада есепте тұру құқығынан айырылмайды.
4. Жастар тәжірибесін қаржыландыру
23. Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 2010.01.10 № 23-2қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
24. Жұмыс орнына маманды жіберу үшін қажетті қосымша кәсіби дайындық төлемі "Жұмыссыздарды кәсіби даярлау" ішкі бағдарламасында қарастырылған қаражат есебінен жүргізіледі.
Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005.05.06 N 3-1-323қ Қаулысымен.
25. Жастар тәжірибесіне қатысушысының еңбек ақысын Басқарма Жастар тәжірибесі қатысушысының арасында жасалған кәсіби дипломнан кейінгі тәжірибеден өтуге арналған шарттар негізінде, осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес істеген уақытына, тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі айлық ақыдан кем емес еңбек ақысы көлемінде жүргізеді.
Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005.05.06 N 3-1-323қ; 2006.03.09 N 23-10-205қ; 2009.05.22 N 23-502қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз); 2010.01.10 № 23-2қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
26. Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбек ақысы жұмыссыздардың есеп-шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүзеге асырылады.
27. Орындалған жұмыс санына, сапасына және ауырлығына қарап Жұмыс беруші өз қаражат есебінен деректі орындалған жұмысқа қосымша үстеме ақы белгілеуге құқылы.
Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005.05.06 N 3-1-323қ; 2010.01.10 № 23-2қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
Астана қаласы Қаржы
департаментінің бастығы
Астана қаласы Еңбек, халықты
жұмыспен қамту және әлеуметтік
қорғау департаментінің бастығы
Жұмыссыз жастар үшін
кәсіби дипломнан кейінгі
тәжірибені ұйымдастыру
Қағидасына
1-қосымша
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005.05.06 N 3-1-323қ; 2006.03.09 N 23-10-205қ; 2009.05.22 N 23-502қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
Ескерту. 1-қосымшада "департаментінің", "Департамент", "Департаментке", "департаменті" деген сөздер барлық мәтін бойынша "басқармасының", "Басқарма", "Басқармаға", "басқармасы" деген тиісті сөздермен ауыстырылды - 2009.05.22 N 23-502қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
N _______
жұмыссыз жастар үшін кәсіби дипломнан
кейінгі тәжірибені ұйымдастыру шарты
Астана қаласы 200_ жылғы "___" __________
Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының бастығы, ______________ бұдан әрі
(аты-жөні)
Басқарма деп аталады, және _____________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
тұлғасында ________________________________________________________
(басқарушының аты-жөні, лауазымы)
(бұдан әрі - Жұмыс беруші) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 3-1-65қ қаулысына сәйкес төменде келтірілгендер бойынша осы шартты жасасты:
1. Шарттың мәні
1. Бастауыш, орта және жоғарғы кәсіби білім беру оқу орындары түлектерінің ішінен жұмыссыз азаматтар үшін олардың мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу, практикалық тәжірибе, білім, іскерлік, дағды және еңбек нарығында бәсекелестікті көтеру үшін кәсіби дипломнан кейінгі тәжірибені ұйымдастыру және өткізу (бұдан әрі - Жастар тәжірибесі).
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2. Басқарма:
1) Жастар тәжірибесінен өтуге келісімін берген ______________
(жазба әріптермен)
жұмыссыздарды жолдауға;
2) Жастар тәжірибесіне қатысушылардың ай сайынғы еңбек ақысы жұмыс істеген уақытын, тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі айлық ақыдан кем емес мөлшерде жүргізуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жастар тәжірибесіне қатысушылардың кірісінен міндетті зейнеткерлік аударымдарды жүргізуге міндетті.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2010.01.10 № 23-2қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
3. Жұмыс беруші:
1) Тізімге сәйкес жұмыссыздарға жұмыс орындарын ұсынуға:
__________________________________________________________________
Мамандығы | Саны | Жастар тәжірибесінің ұзақтығы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
1-1) Жастар тәжірибесіне қатысушылармен еңбек шарты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жасалсын;
1-2) жұмыссызды жұмысқа қабылдаған күннен бастап үш күн ішінде Басқармаға еңбек шартының көшірмесін және/немесе жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың, жеке куәліктің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодтың, жұмыссыздың жинақтаушы зейнетақы қоры шартының көшірмелерін ұсыну;
2) Жастар тәжірибесіне қатысушылардың мамандығына сәйкес кәсіби білім, іскерлік және дағды алуын қамтамасыз етуге;
3) еңбек шарты мерзімінің аяқталуы бойынша Жастар тәжірибесі қатысушысына өтуі туралы сын-пікір (кепілдеме хат) беруге;
4) қажет болған жағдайда өз қаражат есебінен Жастар тәжірибесі қатысушыларына қосымша төлем жүргізуге;
5) әр жұмыссызбен техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау жұмыстарын жүргізуге;
6) қажет болғанда арнайы киіммен, құралдармен, мүліктермен және т.б. Жастар тәжірибесіне қатысушыларды қамтамасыз етуге;
7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес тиісті еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге;
8) Жастар тәжірибесінен өткен уақытында денсаулығына зиян келтірген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығынды өтеуге;
9) қосымша төлем жүргізілетін жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес Жастар тәжірибесіне қатысушысының кірісінен міндетті салықтық және зейнеткерлік аударуларды жүргізуге;
10) Басқармаға берілген ақпараттың растығына жауапкершілік алуға;
11) Басқармаға есептік кезеңнен кейінгі әр айдың бeciнe дейін осы шарттың мазмұнды бөлігі болып табылатын, осы шарттың қосымшасына сәйкес Жастар тәжірибесіне қатысушылар туралы мәлімет беруге міндеттенеді.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2010.01.10 № 23-2қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз); 2010.08.18 N 23-754қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) Қаулыларымен.
3. Еңбек ақы төлемі
4. Жастар тәжірибесіне қатысушысының еңбек ақы төлемі кәсіби дипломнан кейінгі тәжірибеден өту үшін шарттар Жұмыс беруші ұсынған жастар тәжірибесіне қатысатын жұмыссыздар жөнінде мәліметтердің негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2010.08.18 N 23-754қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді); 2010.08.18 N 23-754қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) Қаулыларымен.
4. Тараптардың жауапкершілігі
5. Осы шартта қарастырылған міндеттерді орындамағаны және дұрыс орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік атқарады.
6. Осы шартты орындау кезінде туындаған барлық дау туғызған мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
7. Бір аптадан кем емес мерзімде бір жақ екінші жақты шарттың бұзылуы жөнінде хабардар еткен жағдайда жасалған шарт бұзылуы мүмкін.
8. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімімен енгізіледі.
5. Әрекет ету мерзімі
9. Осы шарттың әрекет ету мерзімі 200_ жылдың "___" ____ дан 200_ жылдың "___" ____________ға дейін.
10. Осы шарт қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
11. Шарт екі данада жасалған, әрқайсысының бірдей заңдық күші бар.
6. Тараптардың заңдық мекен-жайы:
Ескерту. 6-бөлімге өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2010.01.10 № 23-2қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз); 2010.08.18 N 23-754қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) Қаулыларымен.
Басқарма Жұмыс беруші
"Астана қаласының Жұмыспен қамту ______________________
және әлеуметтiк бағдарламалар ______________________ басқармасы" мемлекеттік мекемесі БИК __________________
Астана қаласы, Ш. Иманбаева СТН __________________
көшесі, 16 код __________________
СТН _________________________
БИН _________________________
БЖК _________________________
ББК _________________________
_____________________________ ______________________
(аты-жөні, қолы) (аты-жөні, қолы)
"__" __________200__ж. "___"____________200_ ж.
М.О. М.О.
Жұмыссыз жастар үшін
кәсіби дипломнан кейінгі
тәжірибені ұйымдастыру
Қағидасына
2-қосымша
Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005.05.06 N 3-1-323қ; 2009.05.22 N 23-502қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз); 2010.01.10 № 23-2қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
____________________________
(ұйымның атауы)
____________________________ Жастар тәжірибесі
____________________________
(мекен-жайы)
N__ Жұмысқа жолдама N__ Қабылданған шешім
туралы жауап
Жастар тәжірибесін жүргізу ___________________________
жөніндегі жасалған келісім _________________ кәсіпорны
шартқа сәйкес
Сізге_______________________ _____________________ деген
______________________ деген
азаматты бос жұмыс орнына азамат(ша) жұмысқа
____________________________ 200_ "___"_________ ж.бастап
_________ ретінде жолдаймыз ___ ай мерзімге қабылданады.
Астана қаласының Жұмыспен қамту Бұйрық 200_ ж. "__"____ N__
және әлеуметтiк бағдарламалар Қабылданбаған жағдайда
басқармасы: Ш. Иманбаева к-сі, себебі ____________________
16 Кәсіп. КБ-нің бастығы
Дата
Маман:
Дата
Жұмыссыз жастар үшін
кәсіби дипломнан кейінгі
тәжірибені ұйымдастыру
Қағидасына
3-қосымша
Ескерту. 3-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005.05.06 N 3-1-323қ; 2006.03.09 N 23-10-205қ; 2007.01.03 N 23-4қ; 2009.05.22 N 23-502қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
Ескерту. 3-қосымшада "департаментінің", "Департамент", "Департаменттің", "Департаментке", "департаменті" деген сөздер барлық мәтін бойынша "басқармасының", "Басқарма", "Басқарманың", "Басқармаға", "басқармасы" деген тиісті сөздермен ауыстырылды - 2009.05.22 N 23-502қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
Кәсіби дипломнан кейінгі тәжірибеден өтуге арналған шарт
Осы шарт Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының бастығы ________________________
(аты-жөнi)
бұдан әрi Басқарма деп аталады, бiрiншi жақтан, және жұмыссыз
__________________________________________________________________
(Басқарманың жолдаған адамның аты-жөнi)
екiншi жақтан төмендегi туралы арасында жасасты:
1. Тараптардың мiндеттерi
1. Басқарма:
1) Жұмыссыз ______________ жұмыссыз жастар үшiн кәсiби
дипломнан кейiнгi тәжiрибесiн өтуге (бұдан әрi - Жастар тәжiрибесi)
__________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
мамандық бойынша ____________ ұзақтығымен ________________________
айға бастапқы жұмыс тәжiрибесiн алуға, жұмысқа орналастыру мүмкiндiгi және еңбек нарығында бәсекелестiктi көтеруге;
2) Жұмыс iстеген уақытына тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі айлық ақыдан кем емес мөлшерде жұмыссыздың еңбек ақы төлемiн жүргiзуге мiндеттi;
3) алынып тасталды.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2010.01.10 № 23-2қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
2. Жұмыссыз:
1) Жастар тәжiрибесiн толық ауқымда өту, таңдаған мамандық бойынша практикалық тәжiрибе, бiлiм, iскерлiк және дағдыны алу;
2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамалары талаптарына және Жұмыс берушiмен белгiленген iшкi тәртiп ережелерiн сақтауға және орындауға мiндеттi.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2010.08.18 N 23-754қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) Қаулысымен.
2. Тараптардың жауапкершiлiгi
3. Тараптар себепсiз бiр жақты тәртiпте осы шартты бұзуға құқы жоқ және бiр аптадан кем емес уақытта екiншi тарапты ескертуi қажет.
4. Жұмыссыз өз еркімен Жастар тәжірибесін бұзған жағдайда Басқарма есебінен шығады және лайықты жұмыс іздеуге есептен шыққан күннен отыз күнтізбелік күн ішінде ғана қайтадан тіркелуіне болады.
5. Әрекеттегi Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бәсекелестiк тудыратын мәселелердi қарастырады.
3. Әрекет ету мерзiмi
6. Осы шарт тараптар қол қойғаннан кейiн күшiне енедi.
7. Шарт екi данадан жасалған, әрқайсысының бiрдей заңдық күшi бар.
8. Осы шарттың әрекет ету мерзiмi 200_ жылдың "__" ______ дан 200 жылдың "__" ________ ға дейiн.
4. Тараптардың мекен-жайы
Ескерту. 4-бөлімге өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2010.01.10 № 23-2қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз); 2010.08.18 N 23-754қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) Қаулыларымен.
Басқарма Жұмыссыз
473000, Астана қаласы ______________________
Ш.Иманбаева көшесі, 16 (аты-жөнi)
"Астана қаласының Жұмыспен қамту ______________________
және әлеуметтiк бағдарламалар ______________________
басқармасы" мемлекеттік мекемесі ______________________
СТН _________________________ (жеке басы куәлiгi,
БИН _________________________ тұратын жерi)
БЖК _________________________ ______________________
ББК _________________________ ______________________
______________________
___________________________ ______________________
(басшының аты-жөнi, қолы) (қолы)
"__" __________200_ ж. "___"___________200_ ж.
М.О.
__________________________________________________________________
2004 жылғы 9 қаңтардағы
N 3-1-65қ Астана қаласы
әкімдігінің қаулысына
2-қосымша
Ескерту. Барлық мәтін бойынша "айлық" деген сөз алынып тасталсын - Астана қаласы әкімдігінің 2006.03.09 N 23-10-205қ қаулысымен.
Ескерту. 2-қосымшада "департаменті", "Департамент", "Департаменттің", "Департаментте", "департаментіне" деген сөздер барлық мәтін бойынша "басқармасы", "Басқарма", "Басқарманың", "Басқармада", "басқармасына" деген тиісті сөздермен ауыстырылды - 2009.05.22 N 23-502қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
Оқитын жастар үшін ақылы қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу
Қағидасы
Осы Қағида "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес әзірленген.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида 16 жастан және жоғары жастағы орта арнаулы және жоғары оқу орындары күндізгі бөлімшелерінің студенттері, қаланың жалпы білім беретін және кәсіби мектептер оқушыларын (бұдан әрі - оқитын жастар) ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысуын және Астана қаласының оқитын жастарын уақытша еңбек ақы (еңбек табысы) және уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бейімділікті реттейді.
2. Қоғамдық жұмыстарда сабақтан бос уақытында оқитын жастар орындайтын уақытша еңбек қызметінің түрлері, арнайы кәсіби дайындықты талап етпейтін жалпыға қол жетімділік түсіндіріледі.
3. Кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың көлемі, түрлері және нақты шарттары Астана қаласы әкімдерімен бекітіледі.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2010.08.18 N 23-754қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) Қаулысымен.
4. Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) оқитын жастар санынан ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданған тұлғалардың есебін, тіркеуді жүзеге асырады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005.05.06 N 3-1-323қ; 2010.01.10 № 23-2қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
5. Оқитын жастарға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды және өткізуді қаржыландыру көзі Астана қаласы бюджеті болып табылады.
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі
6. Оқитын жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарға басымдылық бағыттар мына негіздерде анықталады:
1) қаланың еңбек нарығын талдау;
2) ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысуға сұраныстар мен ұсыныстарды анықтау;
3) оқитын жастарға ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру үшін мүмкіндіктері бар қала кәсіпорындары мен ұйымдарының мәлімет банкін құру.
7. Бағдарламаны іске асыру мақсатында ақылы қоғамдық жұмыстар өткізуге қатысатын кәсіпорындар мен ұйымдар, және Басқарма арасында ақылы қоғамдық жұмыстар өткізуге шарт жасалады.
3. Оқитын жастарды тіркеу және қоғамдық жұмыстарға жолдау
8. Басқарма ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысуға тілек білдірген оқитын жастарды мынадай құжаттар негізінде тіркеуге алады:
1) жеке куәлігі,
2) салық салушының тіркелуі туралы куәлік (ССТН),
3) әлеуметтік жеке кодын беру туралы куәлік (СИК),
4) студенттік билет, оқушы билеті немесе оқу орнының анықтамасы.
9. Басқарма оларды тіркеу күнінің кезектілігі тәртібінде ақылы қоғамдық жұмыстарға оқитын жастар санынан тұлғаларды жолдауды жүргізеді.
Оқитын жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысуға басымды құқықты 21 жасқа дейінгі тұлғалар иеленеді.
10. Басқарманың берген жолдамасы негізінде ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысуға тілек білдіруші оқитын жастар санындағы кәсіпорындар немесе ұйымдар мен тұлғалар арасында Қазақстан Республикасындағы еңбек заңнамаларына сәйкес еңбек шарты жасалады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2010.01.10 № 23-2қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
4. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы
оқитын жастардың еңбек төлемі
11. Басқармада оқитын жастар санынан ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың еңбек ақысы төменін нақты жұмыс істеген уақыты бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасымен тиiстi қаржы жылына белгілеген ең төменгі еңбек ақы көлемінен кем емес мөлшерде жүргізеді.
Ескерту. 11-қосымшаға өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005.05.06 N 3-1-323қ Қаулысымен.
12. Орындалған жұмыс санына, сапасына және ауырлығына қарап кәсіпорындар және ұйымдар өз қаражат есебінен деректі орындалған жұмысқа қосымша үстеме ақы белгілеуге құқылы.
Ескерту. 12-қосымшаға өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005.05.06 N 3-1-323қ; 2010.01.10 № 23-2қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
13. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшін есептелген еңбек ақы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген салықтармен және басқа да міндетті төлемдермен салынады.
14. Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 2010.01.10 № 23-2қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
Астана қаласы Қаржы
департаментінің бастығы
Астана қаласы Еңбек, халықты
жұмыспен қамту және әлеуметтік
қорғау департаментінің бастығы
Астана қаласы әкiмдiгiнiң
2004 жылғы 9 қаңтардағы
N 3-1-65қ қаулысына
3-қосымша
Жастарды кәсіп таңдау дағдыларына оқыту
ҚАҒИДАСЫ
Ескерту. Қағида алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 2010.01.10 № 23-2қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.