"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында Астана қаласының әкімдігі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыру Қағидасы бекітілсін.
2. Қоса беріліп отырған оқитын жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру және өткізу Қағидасы бекітілсін.
3. Астана қаласы Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменті жоғарыда көрсетілген Қағидаларға сәйкес "Халықты жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар" 3033 ішкі бағдарламасын (бұдан әрі - ішкі бағдарлама) іске асыруды қамтамасыз етсін.
4. Астана қаласының Қаржы департаменті 2004 жылға арналған қала бюджетінде қарастырылған қаражаттар шегінде ішкі бағдарламаны қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5. Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 16 шілдедегі N 3-1-1179қ "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" қаулысы (Астана қаласы Әділет басқармасында 2003 жылғы 31 шілдеде N 284 болып тіркелген; 2003 жылы 30 қыркүйекте N 128 "Астана ақшамы" және 2003 жылы 18, 21 қазанда N 118-119 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) күшін жойды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Т.М. Мұхамеджановқа жүктелсін.
Астана қаласының әкімі
Визалар:
Келісілді
Астана қаласы Қаржы
департаментінің бастығы
Астана қаласы Еңбек, халықты
жұмыспен қамту және әлеуметтік
қорғау департаментінің бастығы
2004 жылғы 9 қаңтардағы
N 3-1-65қ Астана қаласы
әкімдігінің қаулысына
1-қосымша
Жұмыссыз жастар үшін кәсіби дипломнан
кейінгі тәжірибені ұйымдастыру
Қағидасы
Осы Қағида "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, жұмыссыз азаматтарды - бастауыш, орта және жоғарғы кәсіби білім беру оқу орындары түлектерінің жұмысқа орналастыру және олардың практикалық тәжірибесін, білімін, іскерлігін мен дағдысын алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында әзірленді.
1. Жұмыссыз жастар үшін кәсіби дипломнан кейінгі тәжірибеден өтуді ұйымдастыру (бұдан әрі - Жастар тәжірибесі) жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу шараларының бірі болып табылады.
2. Астана қаласының Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменті - халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - Департамент) Департаментте жұмыссыз ретінде тіркелген, бастауыш, орта және жоғарғы кәсіби оқу орындарын аяқтаған (бұдан әрі - кәсіби оқу орындары) жұмыссыз жастар арасында Жастар тәжірибесін ұйымдастыру және өткізу бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу, жұмысқа орналастыруға көмек көрсету және еңбек нарығында бәсекелестікті көтеру үшін жағдай жасау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады.
3. Жастар тәжірибесі меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде (бұдан әрі - Жұмыс беруші) ұйымдастырылады және өткізіледі.
4. Жастар тәжірибесін өткізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру Астана қаласы бюджеті қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
5. Жастар тәжірибесінің ұйымдастырылуын және өткізілуін бақылауды Департамент жүзеге асырады.
2. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру
6. Департамент еңбек нарығында қалыптасқан жастарды жұмысқа орналастыру жағдайын талдау негізінде жұмыссыз азаматтардың - кәсіби оқу орындары түлектерінің саны мен олардың мамандықтарын анықтайды.
7. Жастар тәжірибесін ұйымдастыруда мына өлшемдер есепке алынады:
1) жұмыссыз азаматтардың - кәсіби оқу орындары түлектерінің саны және Департаментте тіркелген жұмыссыздардың жалпы санының үлесі;
2) жастар арасындағы ұзақ уақыт жұмыс істемейтін кәсіби оқу орындары түлектері санының өсуі;
3) кәсіби оқу орындарының түлектерінде еңбек өтілінің, дағдылардың болмауы, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін төмендетеді.
8. Департамент алдағы уақытта даму болашағы бар, өндірісін кеңейту және Жастар тәжірибесіне қатысушыларды тұрақты жұмысқа алу мүмкіндігі бар Жұмыс берушілер туралы ақпарат жинау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
9. Департамент әлеуетті Жұмыс берушілер туралы ақпаратты талдау негізінде жұмыссыз азаматтардың - кәсіби оқу орындары түлектерінің Жастар тәжірибесіне қатысу үшін таңдау жүргізеді.
10. Кандидаттарды таңдауда мына өлшемдер есепке алынады:
1) кандидаттар Департаментте жұмыссыз ретінде бір айдан артық есепте тұрады;
2) қатысушыларды таңдаған кезде олар үшін қолайлы жұмыстың болмауы;
3) жасы 24 дейін (қоса алғанда) енгізіледі.
11. Жұмыссыздардың Жастар тәжірибесіне қатысуы Жастар тәжірибесінің басталу кезінен 12 айлық кезеңде бір рет жіберіледі және жұмыссыз ретінде тіркелу уақытына сәйкес кезектілік тәртіппен жүзеге асырылады.
12. Жастар тәжірибесі аясында жұмыссыздарға - кәсіби білім беру түлектеріне - уақытша жұмыс орнын ұсыну тілегін білдірген Жұмыс беруші осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес Департаментпен тиісті шарт жасасады.
Шарт жұмысқа қабылданған жұмыссыздар санын, Жұмыс беруші жұмысқа қабылдайтын мамандықтар тізбесін (мамандық), қажет болған жағдайда - қосымша кәсіби дайындықты Жастар тәжірибесі қатысушыларын олардың мамандығына сәйкес кәсіби біліммен, іскерлікпен және дағдымен қамтамасыз ету міндеттемелерін қарастыруы қажет.
Шарт алты айдан артық емес уақытқа жасалады. Жасасқан шарттың ең төменгі әрекет ету мерзімі - үш ай.
13. Департамент жасалған шартқа сәйкес жұмыссыздың келісімімен осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес оны Жұмыс берушіге жолдайды.
14. Жастар тәжірибесі аясында Департамент берген жолдамасын жұмыссыздар ұсынған кезде, Жұмыс беруші жолдаманың жыртылмалы талонын толтырып, Департаментке тапсырады.
15. Жастар тәжірибесі аясында жұмыссызды уақытша жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдаған кезде, Жұмыс беруші жұмыссызбен Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес жеке еңбек шартын жасасады және жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады.
16. Жұмыс беруші Жастар тәжірибесіне қатысушыны жұмысқа қабылдаған күннен бастап үш күн ішінде Департаментке жеке еңбек шартының көшірмесін және/немесе жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін береді.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
17. Жастар тәжірибесі тараптарының біреуінің бастамасымен жеке еңбек шарты бойынша шарттық міндеттер бұзылған жағдайда жеке еңбек шарты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес бұзылады.
Шарттың бұзылу сәтінен бастап үш күн ішінде тараптар Департаментке жеке еңбек шартының бұзылу дерегі туралы хабарлайды.
18. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен қарастырылған Жастар тәжірибесі қатысушысының құқықтары мен кепілдіктерін бұзған жағдайда Департамент Жұмыс берушімен шартты бұзуға құқылы.
19. Жеке еңбек шарты мерзімінің аяқталуы бойынша Жұмыс беруші Департаментті жеке еңбек шартының әрекет ету мерзімінің аяқталуы туралы ескертеді, немесе Жастар тәжірибесі қатысушысын тұрақты жұмысқа алуға құқылы, ол үшін Департаментке жұмысқа қабылдануы туралы сәйкес бұйрықтың көшірмесін жолдау керек.
20. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша Жастар тәжірибесінің қатысушысы Жастар тәжірибесінің өту мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмысқа қабылдануы мүмкін. Онда Жұмыс беруші Жастар тәжірибесіне қатысушысын жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін Департаментке жолдайды.
21. Жұмыс беруші жеке еңбек шарты мерзімінің аяқталуы бойынша Жастар тәжірибесі қатысушысына оның өтілуі туралы сын-пікір (кепілдеме хат) ұсынады.
22. Жұмыссыз - Жастар тәжірибесінің қатысушысы қолайлы жұмыс іздеумен Департаментте есепте тұру құқығынан айырылмайды.
4. Жастар тәжірибесін қаржыландыру
23. Жастар тәжірибесін өткізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру "Халықты жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар" 3033 ішкі бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
24. Жұмыс орнына маманды жіберу үшін қажетті қосымша кәсіби дайындық төлемі "Жұмыссыздарды кәсіби даярлау" 3032 ішкі бағдарламасында қарастырылған қаражат есебінен жүргізіледі.
25. Жастар тәжірибесіне қатысушысының еңбек ақысын Департамент Жастар тәжірибесі қатысушысының арасында жасалған жеке еңбек шарты негізінде, осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес істеген уақытына, бірақ 2004 жылға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі айлықтан ақыдан кем емес еңбек ақысы көлемінде жүргізеді.
26. Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбек ақысы жұмыссыздардың жеке есеп-шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүзеге асырылады.
27. Орындалған жұмыс санына, сапасына және ауырлығына қарап Жұмыс беруші өз қаражат есебінен Қазақстан Республикасы заңнамаларында 2004 жылға белгіленген арналған ең төменгі айлықтан кем емес еңбек ақы көлемінде аталған кәсіпорындар мен ұйымдардағы бағалау бойынша деректі орындалған жұмысқа қосымша үстеме ақы белгілеуге құқылы.
Астана қаласы Қаржы
департаментінің бастығы
Астана қаласы Еңбек, халықты
жұмыспен қамту және әлеуметтік
қорғау департаментінің бастығы
Жұмыссыз жастар үшін
кәсіби дипломнан кейінгі
тәжірибені ұйымдастыру
Қағидасына
1-қосымша
N _______
жұмыссыз жастар үшін кәсіби дипломнан
кейінгі тәжірибені ұйымдастыру шарты
Астана қаласы 2003 жылғы "___" __________
Астана қаласының Еңбек, халықты жұмыспен қамту және
әлеуметтік қорғау департаментінің бастығы, ______________ бұдан әрі
(аты-жөні)
Департамент деп аталады, және _____________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
тұлғасында ________________________________________________________
(басқарушының аты-жөні, лауазымы)
(бұдан әрі - Жұмыс беруші) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және қала әкімдігінің 2003 жылғы "__" __________ N_________ қаулысына сәйкес төменде келтірілгендер бойынша осы шартты жасасты:
1. Бастауыш, орта және жоғарғы кәсіби білім беру оқу орындары түлектерінің ішінен жұмыссыз азаматтар үшін олардың мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу, практикалық тәжірибе, білім, іскерлік, дағды және еңбек нарығында бәсекелестікті көтеру үшін кәсіби дипломнан кейінгі тәжірибені ұйымдастыру және өткізу (бұдан әрі - Жастар тәжірибесі).
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2. Департамент:
1) Жастар тәжірибесінен өтуге келісімін берген ______________
(жазба әріптермен)
жұмыссыздарды жолдауға;
2) Жастар тәжірибесіне қатысушылардың ай сайынғы еңбек ақысы жұмыс істеген уақытын, бірақ 2004 жылға арналған Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген ең төменгі айлық еңбек ақы көлемінен кем емес мөлшерде жүргізуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жастар тәжірибесіне қатысушылардың кірісінен міндетті зейнеткерлік аударымдарды жүргізуге міндетті.
3. Жұмыс беруші:
1) Тізімге сәйкес жұмыссыздарға жұмыс орындарын ұсынуға:
__________________________________________________________________
Мамандығы | Саны | Жастар тәжірибесінің ұзақтығы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2) Жастар тәжірибесіне қатысушылардың мамандығына сәйкес кәсіби білім, іскерлік және дағды алуын қамтамасыз етуге;
3) жеке еңбек шарты мерзімінің аяқталуы бойынша Жастар тәжірибесі қатысушысына өтуі туралы сын-пікір (кепілдеме хат) беруге;
4) қажет болған жағдайда өз қаражат есебінен Жастар тәжірибесі қатысушыларына қосымша төлем жүргізуге;
5) әр жұмыссызбен жеке техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау жұмыстарын жүргізуге;
6) қажет болғанда арнайы киіммен, құралдармен, мүліктермен және т.б. Жастар тәжірибесіне қатысушыларды қамтамасыз етуге;
7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес тиісті еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге;
8) Жастар тәжірибесінен өткен уақытында денсаулығына зиян келтірген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығынды өтеуге;
9) қосымша төлем жүргізілетін жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес Жастар тәжірибесіне қатысушысының кірісінен міндетті салықтық және зейнеткерлік аударуларды жүргізуге;
10) Департаментке берілген ақпараттың растығына жауапкершілік алуға;
11) Департаментке есептік айдың аяқталуына 5 күн қалғанда осы шарттың мазмұнды бөлігі болып табылатын, осы шарттың қосымшасына сәйкес Жастар тәжірибесіне қатысушылар туралы мәлімет беруге міндеттенеді.
4. Жастар тәжірибесіне қатысушысының еңбек ақы төлемі жеке еңбек шарты негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
5. Осы шартта қарастырылған міндеттерді орындамағаны және дұрыс орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік атқарады.
6. Осы шартты орындау кезінде туындаған барлық дау туғызған мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
7. Бір аптадан кем емес мерзімде бір жақ екінші жақты шарттың бұзылуы жөнінде хабардар еткен жағдайда жасалған шарт бұзылуы мүмкін.
8. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімімен енгізіледі.
9. Осы шарттың әрекет ету мерзімі 2004 жылдың "___" ________ дан 2004_ жылдың "___" ____________ дейін.
10. Осы шарт қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
11. Шарт екі данада жасалған, әрқайсысының бірдей заңдық күші бар.
6. Тараптардың заңдық мекен-жайы:
Департамент Жұмыс беруші
Астана қаласы Еңбек, халықты ______________________
жұмыспен қамту және ______________________
әлеуметтік қорғау департаменті ______________________
Ш.Иманбаева көшесі, 68а есеп-шоты
Есеп-шоты 132201 БИК __________________
Қаржы министрлігі СТН __________________
Астана қаласы бойынша
Қазынашылық комитеті код __________________
БИК 195301070
СТН 031400074033
код 12
___________________________ ______________________
(аты-жөні, қолы) (аты-жөні, қолы)
"__" __________200__ж. "___"____________200_ ж.
М.О. М.О.
Жұмыссыз жастар үшін
кәсіби дипломнан кейінгі
тәжірибені ұйымдастыру
Қағидасына
2-қосымша
____________________________
(ұйымның атауы)
____________________________
Жастар тәжірибесі
____________________________
(мекен-жайы)
N__ Жұмысқа жолдама
N__ Қабылданған шешім
туралы жауап
Жастар тәжірибесін жүргізу ___________________________
жөніндегі жасалған келісім _________________ кәсіпорны
шартқа сәйкес
Сізге_______________________ _____________________ деген
______________________ деген
азаматты бос жұмыс орнына азамат(ша) жұмысқа
____________________________ "___"___________ ж.бастап
_________ ретінде жолдаймыз. ___ ай мерзімге қабылданады.
Еңбек, халықты жұмыспен қамту Бұйрық __ ж. "__"______ N___
және әлеуметтік қорғау Қабылданбаған жағдайда
департаменті: Ш. Иманбаева к-сі, себебі ____________________
68-а, 10-бөлме, Кәсіп. КБ-нің бастығы
215656 Дата
Маман:
Дата
Жұмыссыз жастар үшін
кәсіби дипломнан кейінгі
тәжірибені ұйымдастыру
Қағидасына
3-қосымша
N____ жеке еңбек шарты
Осы шарт Астана қаласының Еңбек, халықты жұмыспен қамту және
әлеуметтiк қорғау департаментiнiң бастығы ________________________
(аты-жөнi)
бұдан әрi Департамент деп аталады, бiрiншi жақтан, және жұмыссыз
__________________________________________________________________
(Департаменттiң жолдаған адамның аты-жөнi)
екiншi жақтан төмендегi туралы арасында жасасты:
1. Департамент:
1) Жұмыссыз ______________ жұмыссыз жастар үшiн кәсiби
дипломнан кейiнгi тәжiрибесiн өтуге (бұдан әрi - Жастар тәжiрибесi)
__________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
мамандық бойынша ____________ ұзақтығымен ________________________
айға бастапқы жұмыс тәжiрибесiн алуға, жұмысқа орналастыру мүмкiндiгi және еңбек нарығында бәсекелестiктi көтеруге;
2) Жұмыс iстеген уақытына 2004 жылға арналған Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген ең төменгi айлық еңбек ақы көлемiнен кем емес мөлшерде жұмыссыздың еңбек ақы төлемiн жүргiзуге мiндеттi;
3) төртiншi айдан бастап Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгiленген 2004 жылға Жұмыс берушiнiң ұсынысымен жүктелген мiндеттердiң атқаруда ерекше қатыстылығы үшiн 1,5 ең төменгi еңбек ақыға дейiн еңбек төлемi көлемiн көтерудi қарастыру.
2. Жұмыссыз:
1) Жастар тәжiрибесiн толық ауқымда өту, таңдаған мамандық бойынша практикалық тәжiрибе, бiлiм, iскерлiк және дағдыны алу және аяқталғаннан кейiн Департаментке оның өтуi туралы сын-пiкiр (кепiлдеме хат) беруге;
2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамалары талаптарына және Жұмыс берушiмен белгiленген iшкi тәртiп ережелерiн сақтауға және орындауға мiндеттi.
3. Тараптар себепсiз бiр жақты тәртiпте осы шартты бұзуға құқы жоқ және бiр аптадан кем емес уақытта екiншi тарапты ескертуi қажет.
4. Өз еркiмен Жастар тәжiрибесiн бұзған жағдайда жұмыссыз тиiмдi жұмыс iздеумен Департаментте есепте тұру құқығынан айырылады.
5. Әрекеттегi Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бәсекелестiк тудыратын мәселелердi қарастырады.
6. Осы шарт тараптар қол қойғаннан кейiн күшiне енедi.
7. Шарт екi данадан жасалған, әрқайсысының бiрдей заңдық күшi бар.
8. Осы шарттың әрекет ету мерзiмi 2003 жылдың "__" ______ дан 200 жылдың "__" ________ ға дейiн.
Департамент Жұмыссыз
173000, Астана қаласы, ______________________
Ш.Иманбаева көшесі, 68а (аты-жөнi)
Еңбек, халықты жұмыспен ______________________
қамту және әлеуметтік
қорғау департаменті ______________________
ИИК 132201 Қазақстан Республикасы (жеке басы куәлiгi,
Қаржы министрлiгi Астана қаласы тұратын жерi)
бойынша Қазынашылық комитетi ______________________
БИК 195301070 ______________________
СТН 031400074033 ______________________
КБЕ 12
___________________________ ______________________
(басшының аты-жөнi, қолы) (қолы)
"__" __________2004 ж. "___"____________2004 ж.
М.О.
__________________________________________________________________
2004 жылғы 9 қаңтардағы
N 3-1-65қ Астана қаласы
әкімдігінің қаулысына
2-қосымша
Оқитын жастар үшін ақылы қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу
Қағидасы
Осы Қағида "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес әзірленген.
1. Осы Қағида 16 жастан және жоғары жастағы орта арнаулы және жоғары оқу орындары күндізгі бөлімшелерінің студенттері, қаланың жалпы білім беретін және кәсіби мектептер оқушыларын (бұдан әрі - оқитын жастар) ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысуын және Астана қаласының оқитын жастарын уақытша еңбек ақы (еңбек табысы) және уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бейімділікті реттейді.
2. Қоғамдық жұмыстарда сабақтан бос уақытында оқитын жастар орындайтын уақытша еңбек қызметінің түрлері, арнайы кәсіби дайындықты талап етпейтін жалпыға қол жетімділік түсіндіріледі.
3. Оқитын жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар меншік түріне қарамастан қала мекемелері мен кәсіпорындарында ұйымдастырылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың көлемі, түрлері және нақты шарттары Астана қаласы әкімдерімен бекітіледі.
4. Астана қаласы Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменті (бұдан әрі - Департамент), 3033 "Халықты жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар" бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) әкімгері оқитын жастар санынан ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданған тұлғалардың есебін, тіркеуді жүзеге асырады.
5. Оқитын жастарға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды және өткізуді қаржыландыру көзі Астана қаласы бюджеті болып табылады.
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі
6. Оқитын жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарға басымдылық бағыттар мына негіздерде анықталады:
1) қаланың еңбек нарығын талдау;
2) ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысуға сұраныстар мен ұсыныстарды анықтау;
3) оқитын жастарға ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру үшін мүмкіндіктері бар қала кәсіпорындары мен ұйымдарының мәлімет банкін құру.
7. Бағдарламаны іске асыру мақсатында ақылы қоғамдық жұмыстар өткізуге қатысатын кәсіпорындар мен ұйымдар, және Департамент арасында ақылы қоғамдық жұмыстар өткізуге шарт жасалады.
3. Оқитын жастарды тіркеу және қоғамдық жұмыстарға жолдау
8. Департамент ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысуға тілек білдірген оқитын жастарды мынадай құжаттар негізінде тіркеуге алады:
1) жеке куәлігі,
2) салық салушының тіркелуі туралы куәлік (ССТН),
3) әлеуметтік жеке кодын беру туралы куәлік (СИК),
4) студенттік билет, оқушы билеті немесе оқу орнының анықтамасы.
9. Департамент оларды тіркеу күнінің кезектілігі тәртібінде ақылы қоғамдық жұмыстарға оқитын жастар санынан тұлғаларды жолдауды жүргізеді.
Оқитын жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысуға басымды құқықты 21 жасқа дейінгі тұлғалар иеленеді.
10. Департаменттің берген жолдамасы негізінде ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысуға тілек білдіруші оқитын жастар санындағы кәсіпорындар немесе ұйымдар мен тұлғалар арасында Қазақстан Республикасындағы еңбек заңнамаларына сәйкес жеке еңбек шарты жасалады.
4. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы
оқитын жастардың еңбек төлемі
11. Департаментте оқитын жастар санынан ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың еңбек ақысы төменін нақты жұмыс істеген уақыты бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасымен 2004 жылы белгілеген ең төменгі айлық еңбек ақы көлемінен кем емес мөлшерде жүргізеді.
12. Орындалған жұмыс санына, сапасына және ауырлығына қарап кәсіпорындар және ұйымдар өз қаражат есебінен 2004 жылға белгіленген ең төменгі айлық еңбек ақы көлемінен кем емес мөлшерде аталған кәсіпорындар мен ұйымдардағы бағалау бойынша деректі орындалған жұмысқа қосымша үстеме ақы белгілеуге құқылы.
13. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшін есептелген еңбек ақы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген салықтармен және басқа да міндетті төлемдермен салынады.
14. Департамент ай сайын Астана қаласының Қаржы департаментіне оқитын жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарды ағымдағы қаржыландыруға өтінім береді.
Астана қаласы Қаржы
департаментінің бастығы
Астана қаласы Еңбек, халықты
жұмыспен қамту және әлеуметтік
қорғау департаментінің бастығы