"Көмір шахталарындағы қауіпсіздік ережелеріне" Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі N 327 және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының жылғы 13 қазандағы N 235 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Респуликасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 293, Қазақстан Респуликасы Төтенше жағдайлар министрінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы N 35 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 8 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3430

Қолданыстағы

    "Заң актілерін жетілдіру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө  өкімін  орындау үшін, нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келтіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :

    1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі N 327 және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 13 қазандағы N 235 бұйрықтарымен бекітіліп Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2000 жылғы 24 қарашада N 1301 болып тіркелген "Көмір шахталарындағы қауіпсіздік  ережелеріне " мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    2-тармақта "Энергетика, индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

    3-тармақта "Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Электр энергетикасы және қатты отын департаменті" деген сөздер "Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті" деген сөздермен, "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

    6-тармақта "Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Электр энергетикасы және қатты отын департаменті" деген сөздер "Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті" деген сөздермен, "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

    көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Көмір шахталарындағы қауіпсіздік ережелерінде:
    3, 19, 73-тармақтарда "апаттық-құтқару қызметі, апаттық-құтқару қызметімен, апаттық-құтқару қызметінің" деген сөздердің алдынан "әскерилендірілген" деген сөзбен толықтырылсын;

    34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    "34. Медициналық байқау мен тексеруден өтуден бас тартқан жұмыскерлер жұмысқа жіберілмейді";

    51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    "51. Шахтадағы қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты басшы қызметкерлер мен мамандар кемінде үш жылда бір рет, тиісті жоғары оқу орындарында немесе мекемелерде, біліктілігін көтеру курстарында міндетті түрде оқуы және қауіпсіздік пен еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі білімдерін тексеруден өтулері тиіс";

    201-тармақта N 6-кесте мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
    "*Ассоциация, корпорация, департаменттердің, концерндердің, комбинаттардың, трестердің, бірлестіктердің техникалық директорларының рұхсатымен және басқа да жергілікті органдардың төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі мемлекеттік инспекцияларын басқару органдарымен келісу бойынша тазалау қазбасындағы сыдырма қондырғысы бар механикаландырылған кешенмен жабдықталған забой маңы кеңістігінде секундына 6 м/с жылдамдықта ауа қозғалысына жол беріледі.";

    254-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    "254. Көмір немесе жыныс тозаңдары ілесе жүретін өндірістік процестер кезінде кемінде үш жылда бір рет мерзімдік тозаңдарды алу жұмысы жүргізілуі, сондай-ақ көмір шахтыларында тозаңмен күрес жүргізу басшылығына сәйкес орындалатын тозаңмен күрес жөніндегі іс-шаралар жүргізілуі тиіс";

    258-тармақ алынып тасталсын;

    270-тармақтағы 2-абзац мынадай редакцияда жазылсын:
    "3-және одан жоғары санаттағы шахталарда қазу, аршып алу комбайндары мен үңгігіш машиналарда метанның болуына бақылау автоматты аспаптардың көмегімен жасалуы тиіс. Түпкі және тазалау қазбалары мен осындай шахталардың желдеткіш желімен метан исі келетін қазбалардағы жұмыстарды жүргізетін барлық жұмыскерлер жеке метан сигнализаторымен қамтамасыз етілуі тиіс.";

    546-тармақтағы 8) тармақшасында "барлық ұзындықтағы таспалы конвейерлердің бақылау құралдары" деген сөздер "жетектердегі, аралық, тарту станцияларының, жүк түсіретін және соңғы секцияларда, артық салмақ бар жерлерде таспалы конвейерлердің температурасын бақылау құралдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

    672-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    "672. Шахта директоры (жұмыс беруші) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өндірісте қауіпсіз және дұрыс жағдайда еңбек етуді қамтамасыз етпегені үшін әкімшілік, тәртіптік, материалдық немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.";

    673-тармақ алынып тасталсын;

    674-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    "674. Әрбір жұмысшы еңбектің қауіпсіздігі мен қорғалуы жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтардағы нормалар талаптарының, сондай-ақ жұмыс берушінің өндіріс жұмыстарын қауіпсіз жүргізу талаптарының сақталуына жеке жауапкершілік арқалайды.".

    2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды мемлекеттік қадағалау, техникалық және тау-кен қадағалау жөніндегі департаментіне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

    Қазақстан Республикасы 
    Төтенше жағдайлар министрі

    Қазақстан Республикасы
    Энергетика және минералдық
    ресурстар министрі