"Білім туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
30-бабының 21-1)-тармақшасын іске асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН
:
1. Қоса беріліп отырған Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесі бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (С. Есбосынова) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. "Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 18 қазандағы N 688
бұйрығының
(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2538 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің 2003 жылғы N 37-42 N 879 бюллетенінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым бірінші вице-министрі Г.Н.Гамарникке жүктелсін.
5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2005 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1051 бұйрығымен бекітілген
Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 21-1) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленген және меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, жалпы орта, кәсіптік бастауыш және орта, кәсіптік жоғары, қосымша жалпы білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерін (бұдан әрі - педагогикалық қызметкерлер) аттестаттау тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1)
алынып тасталды
;
2) педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау - педагогикалық қызметкерлердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;
3) біліктілік санаты - қызметкердің белгілі бір дәрежедегі күрделі кәсіби міндеттерді шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін нормативтік өлшемдерге сәйкес біліктілік деңгейі.
Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 26 сәуірдегі N 261
бұйрығымен
.
4. Аттестаттаудың негізгі қағидаттары аттестатталатын педагогикалық қызметкерге ашықтық, алқалылық, жүйелілік, объективтілікті қамтамасыз ететін сараптау бағасының жүйелілігі мен тұтастығы болып табылады.
5. Білім беру ұйымдарының басшылары, олардың орынбасарлары, алғашқы әскери дайындық пен дене тәрбиесінің жетекшілері, педагогикалық жүктемесі бар білім беру ұйымдарын басқару органдарының қызметкерлері, аттестаттаудан өзі жүргізетін пәні бойынша біліктілік санатын бекітуге жалпы негізде өтеді.
6. Республикалық ведомстволық бағынысты жалпы орта, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерін аттестаттауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік); меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, жалпы орта, кәсіптік бастауыш және орта, қосымша жалпы білім беру ұйымдарын аттестаттауды облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармалары (департаменттері), аудандық (қалалық) білім және спорт бөлімдері жүзеге асырады.
Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 26 сәуірдегі N 261
бұйрығымен
.
2. Аттестаттау комиссиясы және
оның құрамы
7. Аттестаттау комиссиялары білім беру ұйымдарында, аудандық, қалалық білім бөлімдерінде (басқармаларында), облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларында (департаменттерінде), білім беру саласындағы орталық атқарушы органда, өз қарауында білім беру ұйымдары бар Қазақстан Республикасының салалық министрліктерінде (ведомстволарында) және олардың аумақтық органдарында құрылады.
8. Аттестаттау комиссиялары аттестаттауды өткізудің нысандары мен рәсімдерін, нақты мерзімін айқындайды, аттестатталушының жұмысына талдау жүргізеді, аттестаттау қорытындысы бойынша шешім шығарады.
9. Аттестаттау комиссиялары мына құрамда құрылады: аттестаттау комиссиясының төрағасы - білім беруді басқару органының немесе білім беру ұйымының басшысы (немесе оның орынбасары), төрағаның орынбасары, комиссия хатшысы және мүшелері: білім беруді басқару органдарының мамандары, білім беру ұйымының басшылары, жоғары оқу орындары басшыларының орынбасарлары, жоғары оқу орындары құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, кадрлық және әдістемелік қызмет, ғылыми ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, кәсіподақтың, оқу-әдістемелік бірлестіктердің өкілдері, жоғары оқу орындарының жетекші педагогикалық қызметкерлері енеді.
Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің саны жеті адамнан аспауы немесе тақ саннан құралуы керек.
Аттестаттау комиссиясының құрамына енген білім беру жүйесі қызметкерлерінің олардың комиссия құрамындағы тікелей қызметі кезеңінде негізгі жұмыс орнындағы жалақысы сақталады.
Аттестаттау комиссиясының дербес құрамы мен өкілеттік мерзімін білім беру ұйымы кеңесі анықтайды және білім беру ұйымы басшысының немесе білім беру ұйымын басқару органының тиісті бұйрығымен бекітіледі.
10. Шағын жинақталған мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық қызметкерлерін аттестаттау үшін аттестаттау комиссиясы базалық мектептің, мектепке дейінгі ұйымның жанынан тиісті білім беру ұйымын басқару органының басшысының немесе бағыныстылығы бойынша тиісті басқару органының бұйрығымен құрылуы мүмкін.
3. Аттестаттауды өткізу тәртібі
11. Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау әңгімелесу, шығармашылық есеп, авторлық әзірлемелерін қорғау түрінде оның қызметінің нәтижесін талдамалық қорыту негізінде жүргізіледі; бұл жағдайда:
1) пәндік, психологиялық-педагогикалық, дидактикалық-әдістемелік білімдер мен дағдыларды игеруі;
2) оқу-әдістемелік, тәжірибелік-эксперименттік, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуы;
3) аттестатталушының шығармашылық қызметі;
4) білім алушының практикалық дағдылары мен біліктілік деңгейі есептеледі.
Педагогикалық қызметкердің тәжірибелік қызметін сараптау бағасы, сондай-ақ кәсіби қызметінің нәтижесі психологиялық-педагогикалық диагностика түрінде іске асырылуы мүмкін.
12. Педагогикалық қызметкерді аттестаттауды өткізу үшін негіздеме нысан бойынша оның жеке өтініші болып табылады (осы Ережеге 1-қосымша). Білім беру ұйымдарының аттестаттау комиссиялары өтініштерді қабылдауды жыл сайын 1 маусымға дейін жүзеге асырады.
13. Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау білім беру ұйымдарында ағымдағы оқу жылында 10 қазаннан 30 наурызға дейін, аудандық, қалалық білім бөлімдерінде (басқармаларында), облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларында (департаменттерінде), Министрлікте, өз қарауында білім беру ұйымдары бар Қазақстан Республикасының салалық министрліктерінде (ведомстволарында) олардың аумақтық органдарында 10 сәуірден 10 мамыр аралығында жүргізіледі.
14. Кәсіптік орта білім беретін оқу орындарының педагогикалық қызметкерлерін аттестаттау кәсіптік орта білім беру жүйелерінің педагогикалық қызметкерлер лауазымының біліктілік сипаттамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
15. Жоғары оқу орындарының педагогикалық қызметкерлерін аттестаттау ғылыми-педагогикалық қызметкерлер лауазымының біліктілік сипаттамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
16. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, жалпы орта, кәсіптік бастауыш білім беру ұйымдары педагогикалық қызметкерінің санатын көтеру үшін практикалық жұмыс стажының, кәсіптік білімінің болуымен қатар, оған бұрын берілген санаты болуы қажет: бірінші санат алуы үшін - екінші, жоғары санат алуы үшін - бірінші.
17. Жалпы орта білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері (мұғалімдер) аттестаттаудан штаттық кестемен белгіленген және жеке еңбек шартында (жұмысқа қабылдау туралы бұйрық) көрсетілген лауазымы бойынша өткізіледі.
Педагогикалық қызметкер (мұғалім) оқытатын пәндер оның дипломында бір біліктілік ретінде (физика мен математиканың мұғалімі, химия мен биологияның мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, т.б.) көрсетілген пәндерге сәйкес болған жағдайда, аттестация дипломында көрсетілген біліктілігіне сәйкес пәндерден негізгі лауазымы бойынша бірдей санат берілуімен (бірінші санатты физика мен математика мұғалімі, химия мен биологияның мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, т.б.) өткізіледі.
Мемлекеттік тілді оқытатын, бірақ тиісті кәсіптік білімі жоқ педагогикалық қызметкерлер "Қазақ тілі" пәні бойынша аттестаттаудан өтуі керек.
Лауазымдарды қоса атқаратын барлық басқа жағдайларда педагогикалық қызметкер (мұғалім) қоса атқаратын лауазым бойынша осы Ережелердің 22-тармағының 3-тармақшасының 4 азат жолында көрсетілген шарттарға сай аттестаттаудан өтеді.
Ескерту: 17-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 26 сәуірдегі N 261
бұйрығымен
.
18. Комиссия әрбір педагогикалық қызметкер бойынша мынадай қорытындылардың бірін шығарады:
белгіленген біліктілік деңгейінің талаптарына сәйкес келеді;
тиісті санаттардың біліктілік талаптарына сәйкес келеді;
тиісті санаттардың біліктілік талаптарына сәйкес келмейді.
19. Педагогикалық қызметкерлерге екінші санатты беру (төмендету) туралы шешімді білім беру ұйымдарының аттестаттау комиссиясы бекітеді.
Педагогикалық қызметкерлерге бірінші санатты беру (төмендету) туралы шешімді тікелей білім беру ұйымдарын басқару органдарының аттестаттау комиссиясы бекітеді.
Білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлеріне жоғары санатты беру (төмендету) туралы аттестаттау комиссиясының шешімін облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының (департаменттерінің) аттестаттау комиссиялары бекітеді.
Республикалық бағынысты білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлеріне жоғары, бірінші санаттарды беру (төмендету) туралы шешімді білім беру саласындағы орталық атқарушы органның аттестаттау комиссиясы бекітеді.
Басқа ведомстволардың білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлеріне жоғары, бірінші санаттарды беру (төмендету) туралы шешімді осы ведомстволардың аттестаттау комиссиясы бекітеді.
20. Аттестаттау комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді және аттестаттау парағына тиісті жазба жасалады (осы Ережеге 2-қосымша).
Хаттама мен аттестаттау парағына төраға, төрағаның орынбасары, хатшы және дауыс беруге қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерінің қолдары қойылады.
Егер комиссияның мәжілісіне оның мүшелерінің кемінде 2/3 бөлігі қатысқан жағдайда шешім жарамды болып саналады.
Дауыс берудің нәтижесі қорытынды мәжіліске қатысқан комиссия мүшелері санының басым дауыс беруімен анықталады. Дауыс тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Аттестаттау комиссиясының мүшесі болып табылатын қызметкерді аттестаттау кезінде педагогикалық қызметкер дауыс беруге қатыспайды.
21. Аттестаттау комиссиясы аттестаттау нәтижесімен бірге аттестаттау комиссияның шешімдері туралы хаттама мен жоғары және бірінші санатты беруге арналған педагогикалық қызметкерлердің аттестаттау парағының көшірмесін тиісті білім беруді басқару органдарына ұсынады.
22. Осы Ережеге сәйкес мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, жалпы орта, кәсіптік бастауыш білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері өзінде бар біліктілік санаттарының қолдану мерзімі өткенге дейін, бұрынғыдан жоғары біліктілік санатқа аттестаттаудан өтуі мүмкін:
1) жоғары біліктілік санатқа:
өз пәндері бойынша олимпиадалар, конкурстар, көрмелер (облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі) жүлдегерлерін дайындаған адамдар;
педагогикалық шеберлік конкурстарының жеңімпаздары, конференциялардың, семинарлардың (облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі) қатысушылары;
облыстық немесе республикалық деңгейде тәжірибесі пысықталып, таратылған адамдар;
2) бірінші біліктілік санатқа:
өз пәні бойынша олимпиадалар, конкурстар, көрмелер (аудандық, қалалық деңгейдегі) жүлдегерлерін дайындаған адамдар;
педагогикалық шеберлік конкурстарының жеңімпаздары, конференцияларға, семинарларға (аудандық, қалалық деңгейдегі) қатысушылары;
аудандық, қалалық деңгейде тәжірибесі пысықталып, таратылған адамдар;
3) екінші біліктілік санатқа:
кәсіптік жоғары оқу орнын "үздік" бітірген, бір жылдан кем емес педагогикалық стажы бар адамдар;
кәсіптік орта оқу орнын "үздік" бітірген, үш жылдан кем емес педагогикалық стажы бар адамдар;
пән бойынша тиісті білімі жоқ, бірақ шығармашылық есеп немесе оқу-әдістемелік әзірлемені қорғаған және республикалық, облыстық, (қалалық) біліктілікті арттыру институттарында біліктілік арттыру курстарынан өткен адамдар.
Егер педагогикалық қызметкерге мәлімделген біліктілік санаты берілмесе, оның бұрынғы біліктілік санатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
23. Педагогикалық қызметкерлер біліктілік санаттарының қолдану мерзімі өткеннен кейін, олардың өтініші негізінде бір жылдан артық емес мерзімге мынадай жағдайларда ұзартылады:
1) уақытша еңбекке жарамсыздық;
2) жүктілік және бала туу, баланы күту бойынша демалыста болғанда;
3) іссапарда мамандығы бойынша шетелде жұмыста болғанда;
4) тоқтатқан себептеріне қарамастан, біліктілік санаты берілген лауазымдағы қызметіне қайта келуіне байланысты.
Педагогикалық қызметкердің біліктілік санатының мерзімі аяқталған жағдайда, зейнеткерлік жасқа дейін 4 жылдан аз болса, оның біліктілік санаты зейнеткерлік жасқа жеткенше сақталады, егер педагогикалық қызметкер педагогикалық қызметін зейнеткерлік жасқа толған мерзімнен бастап тоқтатқан жағдайда ол туралы аттестаттау комиссиясына хабарлайды.
24. Аттестаттау барысында өзінде бар біліктілік санатын растамаған қызметкерге уақыты өтіп кеткен жағдайда тиісті аттестаттау комиссиясының шешімімен біліктілік санаты төмендетіледі.
25. Аттестаттау комиссиясының шешіміне келіспеген жағдайда аттестатталушы сот тәртібі арқылы шағымдануға құқылы.
Ескерту: 25-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 26 сәуірдегі N 261
бұйрығымен
.
4. Аттестаттау комиссиясының шешімдерін
іске асыру
26. Білім беру ұйымының басшысы аттестаттау комиссиясының шешімінің негізінде бір ай мерзімде педагогикалық қызметкерлерге тиісті біліктілік санаттарын беру туралы бұйрық шығарады.
27. Аттестаттау нәтижесі бойынша педагогикалық қызметкерлерге белгіленген үлгідегі (осы Ережеге 3-қосымша) куәліктер табыс етіледі. Куәлікке білім беру ұйымы басшысының қолы қойылып, мөрмен расталады. Куәліктің көшірмесі педагогикалық қызметкердің жеке ісінде сақталады. Куәліктерді беру парақтары белгіленген тәртіппен нөмірленген және жіппен қатталған журналда (осы Ережеге 4-қосымша) тіркеледі.
Біліктілік санаттары берілгені туралы белгіленген тәртіппен ресімделген куәліктер Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
Аттестаттау қорытындысы бойынша біліктілік талаптары тағайындалған педагогикалық қызметкердің еңбек кітапшасына тиісті жазба жасалады.
28. Аттестаттаудың қорытындысы бойынша тағайындалған біліктілік талаптары және тиісті санат бойынша еңбек ақының деңгейі аттестатталған кезекті оқу жылының 1 қыркүйегінен күшіне енеді.
29. Басқа педагогикалық лауазымға немесе педагогикалық саладағы жаңа жұмыс орнына ауысқан жағдайда, сондай-ақ тұрғылықты жерін (Қазақстан Республикасы шегінде) объективті өзгертуіне байланысты қызметкердің бұрынғы жұмыс орнындағы педагогикалық қызметіне тағайындалған біліктілік талаптарына сәйкес еңбек ақы деңгейі сақталады.
Педагогикалық қызметкерлерді
аттестаттау ережесіне
1-қосымша
аттестаттау комиссиясының атауы
/педагогикалық қызметкердің Т.А.Ә./
/лауазымы, жұмыс орны/
ӨТІНІШ
Мені 200____ жылы Лауазым (лауазымдар) бойынша ______________
біліктілік санатына аттестаттауыңызды өтінемін
Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесімен таныстым
/бар біліктілік санаты, оның әрекетінің мерзімі/
өтініште көрсетілген біліктілік санатына аттестаттау үшін мынадай
жұмыс нәтижелерін негіздеме ретінде санаймын:
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
Білімі
Қандай білім беру ұйымын бітірді, бітірген жылы, мамандығы, қандай
біліктілік алды
Мамандығы бойынша жұмыс стажы _______
Осы лауазымы бойынша жұмыс стажы _______
Осы білім беру ұйымындағы жұмыс стажы _______
Наградалары, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
200___ "____" ___________________ ______
қолы
Педагогикалық қызметкерлерді
аттестаттау ережесіне
2-қосымша
(министрліктің немесе ведомствоның атауы)
(білім беру ұйымдарының атауы)
АТТЕСТАТТАУ ПАРАҒЫ
(тегі, аты, әкесінің аты - санаты көрсетілген лауазымы)
Туған күні мен жылы ___________________ Ұлты __________________
Педагогикалық стажы ___________________
Атқарып отырған лауазымы бойынша еңбек стажы ___________________
Аталған білім беру ұйымындағы еңбек стажы ______________________
Білімі __________________________________________________________
(қай оқу орнын бітірді және қашан, алған мамандығы мен
_________________________________________________________________
біліктілігі)
Біліктілігін арттыруы туралы мәлімет ____________________________
/мерзімі, атауы, өткен орны, куәліктің N_
Наградалары, атағы, ғылыми атағы мен дәрежесі: __________________
Аттестатталушының жұмысы туралы пікір ___________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясының тұжырымы:
Білім беру ұйымының басшысы _____________________________________
_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Комиссия мүшелері _______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
_______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Жұмыс туралы пікірмен және тұжырыммен таныстым
(аттестатталушының қолы)
____________ жыл. "__" __________________
Аттестаттау комиссиясының шешімі
____________ жыл. "__" __________________
_________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясының төрағасы ___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Төрағаның орынбасары
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Хатшы ___________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Комиссия мүшелері
_________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
_________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Педагогикалық қызметкерлерді
аттестаттау ережесіне
3-қосымша
Біліктілік санатын беру туралы
КУӘЛІК
Осы куәлік аттестаттау комиссияның "__" _____ шешіміне сәйкес
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
(білім беру ұйымының толық атауы)
____________ жылғы "__" _________ N___ бұйрығымен
___________________________________________________________________
лауазымның атауы мен санаты жазбаша
оған біліктілік санаты берілді
Аттестаттау комиссиясының төрағасы
___________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Аттестаттау комиссияның хатшысы
___________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
М.О.
Тіркеу нөмірі ______________ "_______" ___________________________
Берілген күні
Педагогикалық қызметкерлерді
аттестаттау ережесіне
4-қосымша
Қызметкерлерге біліктілік санаты берілгені
туралы куәліктерді тіркеу журналының нысаны
(білім беру ұйымының атауы)
р/с
|
тегі,
|
Лауазымы
|
Аттестат-
|
Біліктілік
|
Куәлік-
|
Куәлік
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|