"Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктерінің есеп беруі туралы" 2001 жылғы 1 желтоқсандағы N 477 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1728 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 2 басылымдарында жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 наурыздағы N 91 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2245 тіркелген)) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктері қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган):
есепті айдан кейінгі айдың әрбір бесінші жұмыс күні Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей зейнетақы активтері сақтауға (есепке) қабылданған әрбір жекелеген жинақтаушы зейнетақы қорының бөлігінде өткен ай үшін есепті ұсынады, оған мыналар кіреді:
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес ұлттық валютадағы инвестициялық шот бойынша зейнетақы активтерінің қозғалысы туралы есеп (есепті айдағы барлық позициялар бойынша жиынтық сомаларды көрсете отырып өткен айдың әрбір жекелеген жұмыс күні үшін);
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес зейнетақы активтері инвестициялық портфелінің құрылымы туралы есеп (өткен айдың соңғы күнтізбелік күнінің аяғындағы жағдайы бойынша);
валюталық инвестициялық шот бойынша ақша және оның қозғалысы бар болған кезде осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жекелеген валюталық инвестициялық шоттар бойынша зейнетақы активтерінің қозғалысы туралы есептер (есепті айдағы барлық позициялар бойынша жиынтық сомаларды көрсете отырып өткен айдың әрбір жекелеген жұмыс күні үшін);
осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес есептелген және төленген комиссиялық сыйақылар туралы есеп (өткен айдың әрбір жекелеген күнтізбелік күні үшін).";
2-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2-3. Есепке өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, кастодиан-банк есеп берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажеттігінің себептерін түсіндіре отырып, жазбаша өтінішті ұсынады.";
мынадай мазмұндағы 2-6, 2-7, 2-8-тармақтармен толықтырылсын:
"2-6. Есеп қағаз жазбада және электрондық тасымалдағышта жасалады.
2-7. Қағаз тасымалдағышта жасалған есеп еркін нысанда жасалған, жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банкінің басшысы қол қойған ілеспе хатпен жіберіледі.
2-8. Қағаз тасымалдағышта жасалған есептегі мәліметтер электрондық тасымалдағышта жасалған есептегі мәліметтерге ұқсас болуы тиіс.";
3-тармақ алынып тасталсын;
1, 2, 3-қосымшалардың барлық мәтіні бойынша "депозиттер", "депозиттердің", "депозиттерге", "депозиттің" деген сөздер тиісінше "салымдар", "салымдардың", "салымдарға", "салымның" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-қосымшада:
Ұлттық валютадағы инвестициялық шоты бойынша зейнетақы активтерінің қозғалысы туралы есепте:
1-бөлім. КІРІС (ЕСЕП ШОТТЫҢ КРЕДИТІ) мынадай редакцияда жазылсын:
Күні |
Күн
|
Басқа
|
Зейнетақы
|
Бағалы
|
|||
|
Оның
|
Мін-
|
Ерік-
|
Оның
|
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
|
|
|||||
Жиын-
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Ба-
|
Банктердегі
|
Зейне-
|
Алын-
|
Шетел
|
Қате-
|
Өзге
|
Жиын-
|
|
Салым
|
Салымдар
|
|||||||
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
2-бөлімнің кестесі ШЫҒЫС (ЕСЕП ШОТТЫҢ ДЕБЕТ) мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
Жиын-
|
2-қосымшада:
есептің атауында "құрылымы" деген сөздің алдында "инвестициялық портфелінің" деген сөздермен толықтырылсын;
1-бөлімнің кестесінде "ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІНІҢ ЕСЕБІНЕН САТЫП АЛУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР":
мынадай мазмұндағы 16-бағанмен толықтырылсын:
Листинг/рейтинг |
16 |
"Қысқа мерзімді бағалы қағаздардың барлығы" деген жолдан кейін мынадай жолмен толықтырылсын:
Инвес-
|
2-бөлімде "КЕРІ РЕПО" ОПЕРАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША САТЫП АЛЫНҒАН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР:
кесте мынадай мазмұндағы 17-бағанмен толықтырылсын:
Листинг/рейтинг |
17 |
3-бөлімде:
кесте мынадай мазмұндағы 1.1-бағанмен толықтырылсын:
Банктің коды |
1.1. |
Кесте мынадай мазмұндағы 14-бағанмен толықтырылсын:
Листинг/рейтинг |
1.1. |
Мынадай мазмұндағы 4-бөліммен толықтырылсын:
"4-бөлім. ТАЗАРТЫЛҒАН АЛТЫН ТУРАЛЫ ЕСЕП
N
|
Атауы |
Әділ құны |
Жиынтығы: |
Х |
|
1-4-бөлімдер бойынша жиынтығы: |
Бірінші басшы (қолы)
Бөлімше басшысы (қолы)
Мөр орны
Орындаушы (қолы, телефон нөмірі)";
4-қосымшаның ескертулері мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың есептелген және төленген комиссиялық сыйақылары туралы ақпарат жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банкінде болған кезде толтырылады.".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап бір ай өткеннен кейін қолданысқа енеді.
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.