Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1728 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктерінің есеп беруі туралы" 2001 жылғы 1 желтоқсандағы N 477 қаулысына өзгерістер мен толық

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 наурыздағы N 91 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 25 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2245. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 127 Қаулысымен.

      Бюджеттiк қаражатты ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай толықтыру енгiзілсiн:
      көрсетілген қаулыға 448-қосымшада:
      079 "Лицензиарлардың функцияларын орындау" деген бағдарламада:
      6-тармақтың кестесiнде:
      5-бағандағы "(4000 лицензияға дейiн) жүргiзу." деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының өңiрлерiне 10 адамға дейiн бригадамен шыға отырып, Денсаулық сақтау министрлiгi орталық аппаратының сарапшы мамандарын тартумен лицензиаттардың қызметiн лицензиялаудан кейiнгi бақылауды жүргізу. Мемлекеттiк лицензияларды Қазақстан Республикасының өңiрлерiне арнайы байланыспен (айына 3 рет) жiберу. Сотта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мүддесiн бiлдiру үшiн шарттық негiзде заңгерлердi тарту.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі