Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 327 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 12 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3343

Жаңартылған

     "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 3-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесі бекітілсін.
     2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енеді.
     3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
     1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын және оны қабылдауға байланысты өзге де шараларды қолға алсын;
     2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, "Қазақстан Тізілімұстаушылар қауымдастығы", "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестіктеріне жіберсін.
     4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

     Төраға

Қазақстан Республикасының  
Қаржы нарығын және қаржы  
ұйымдарын реттеу мен    
қадағалау жөніндегі    
агенттігі Басқармасының  
2004 жылғы 27 қарашадағы 
N 327 қаулысымен      
Бекітілген        

  Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін
жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын
ұйымның есеп беру ережесі

     1. Осы Ереже "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы1-тармағының 6) тармақшасына және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  3-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі - тіркеуші) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) есеп беру тізбесін, нысандарын, мерзімін және тәртібін белгілейді.

     2. Осы Ереже орталық депозитарийге қолданылмайды.

     3. Тіркеушінің есебіне мыналар жатады:
     1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес өз активтері есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп;
     2) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес өз активтері есебінен жасалған "кері РЕПО" және "РЕПО" операциясы" операцияларының құрылымы туралы есеп;
     3) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес өз активтері есебінен орналастырылған екінші деңгейдегі банктердегі салымдардың құрылымы туралы есеп;
     4) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың құрылымы туралы есеп.

     4. Тіркеуші есепті электрондық тасымалдағышта тоқсан сайын, бірақ есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей береді.
      Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310   қаулысымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз ).

      4-1. Тоқсан сайын құрастырылатын қағаз жазбадағы есепке бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы тұлға) немесе бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және тiркеушiде сақталады. Тiркеушi уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұратуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей есептi қағаз жазбада ұсынады.
       Ескерту: 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310   қаулысымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз ), өзгерту енгізілді - 2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

      4-2. Электрондық тасымалдағыштағы есеп ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдалана отырып ұсынылады.
       Ескерту: 4-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310   қаулысымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз ).

      4-3. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректерi қағаз жазбадағы деректермен сәйкестiгiн брокер және (немесе) дилердiң бiрiншi басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы тұлға) қамтамасыз етедi.
       Ескерту: 4-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310   қаулысымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз ), өзгерту енгізілді - 2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

      4-4. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне байланысты, тіркеуші есептілікті ұсынған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде уәкілетті органға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіре отырып жазбаша өтініш ұсынады.
      Тіркеуші ұсынған есептілікте толық емес және (немесе) шынайы емес ақпаратты анықтаған кезде уәкілетті орган ол жайында брокер мен дилерге хабарлайды. Тіркеуші уәкілетті орган хабарлаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған есептілікті ұсынады.
      Ескерту. 4-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

     5. Есептегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен - теңгемен көрсетіледі.

     6. Есепті жасаған кезде қолданылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Есепте бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүзге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

     7-11. <*>
      Ескерту: 7-11-тармақтар алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310   қаулысымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз ).

     12. Тiркеушi ұсынған есепте жартылай және шынайы емес ақпарат анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган бұл жайында тiркеушiнi хабардар етедi. Тiркеушi уәкiлеттi органнан хабарландыруды алған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей уәкiлеттi органның ескертулерiн ескере отырып, уәкiлеттi органға электрондық тасымалдағышта пысықталған есептi ұсынады.
      Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310   қаулысымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз ).

     13. <*>
      Ескерту: 13-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310   қаулысымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз ).

     14. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.

                                  Бағалы қағаздарды ұстаушылар
                               тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі
                                қызметті жүзеге асыратын ұйымның
                                 есеп беру ережесіне 1-қосымша

      Ескерту: 1-қосымшаға өзгерту енгізілді- ҚР Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2005 жылғы 27 тамыздағы N 310   қаулысымен ( қолданысқа енгізілу
тәртібін  2-тармақтан қараңыз ), 2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

       Өз активтері есебінен сатып алынған бағалы
       қағаздар туралы есеп тіркеуші ____________

               200_ жылғы ___ _______ жағдай бойынша

                                                   (мың теңгемен)

N р/с

Эмитенттің атауы

Бағалы
қағаз-
дың
түрі

Ұлттық
біре-
гей-
лен-
діру
нөмірі

Бағалы
қағаз-
дардың
саны
(дана-
мен)

Номи-
нал-
дық
құны

Номи-
нал-
дық
құны
валю-
тасы

Сатуға
арнал-
ған
қолда бар
бағалы
қағаз-
дар,
оның
ішінде

1

2

3

4

5

6

7

  8

1

Қазақстан Республи-
касының мемлекеттік
бағалы қағаздары







1.1.








..,








2

Қазақстан Республикасы
ұйымдарының мемлекет-
тік емес эмиссиялық
бағалы қағаздары







2.1.

Екінші деңгейдегі
банктердің бағалы
қағаздары







2.1.1








...








2.2.

Екінші деңгейдегі
банктерді қоспағанда,
заңды тұлғалардың
бағалы қағаздары







2.2.1








...








3.

Шетел мемлекеттерінің
бағалы қағаздары







3.1








...








4.

Қазақстан Республика-
сының резидент емес-
эмитенттерінің
мемлекеттік бағалы
қағаздары







4.1.








...








5.

Халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы
қағаздары







5.1.








...








6

Инвестициялық
қорлардың пайлары







...








7

Барлығы







   кестенің жалғасы

Жиынтық ағымдағы құны

Күні

Лис-
тинг/
рей-
тинг

Ескер-ту*

Есеп-
тел-
ген
сый-
ақы

Саудаға
арналған
бағалы
қағаз-
дар,
оның
ішінде

Есеп-
тел-
ген
сый-
ақы

Өтеуге
дейін
ұста-
латын
бағалы
қағаз-
дар

Есеп-
тел-
ген
сый-
ақы

Сатып
алу

Өтеу

9

10

11

12

13

14

15

16

  17










         * егер бағалы қағаздарға меншiк құқығына шектеулер болса,
онда "иә" деген сөз қойылуы керек

       Бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам)
      _______________________________________________________________
             (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)

      Бас бухгалтер _________________________________________________
                    (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)

      Орындаушы _____________________________________________________
               (лауазымы, фамилиясы және аты) (қолы) (телефон нөмері)

      Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы «____» __________

      Мөр орны

                                  Бағалы қағаздарды ұстаушылар
                               тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі
                                қызметті жүзеге асыратын ұйымның
                                 есеп беру ережесіне 2-қосымша

      Өз активтері есебінен жасалған "кері РЕПО" және
    "РЕПО" операциясы"  операцияларының құрылымы туралы
           есеп тіркеуші _________________________

               200_ жылғы ___ _______ жағдай бойынша

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді- ҚР Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

                                                  (мың теңгемен)

N р/с

Операцияның мазмұны

Эмит-
енттің
атауы
және
бағалы
қағаз-
дардың
түрі

Ұлттық
біре-
гейле-
ндіру
нөмірі

Номи-
налды
құны-
ның
валю-
тасы

Күні

Опера-
цияның
ашылуы

Опера-
цияның
жабы-
луы

1

2

3

4

5

6

7

1

"кері РЕПО"
операциялары






1.1.

Тікелей тәсіл






...







1.2.

Автоматты тәсіл






...







2

"РЕПО" операциялары






2.1.

Тікелей тәсіл






...







2.2.

Автоматты тәсіл






...







   кестенің жалғасы

Операцияның
күнмен мерзімі

Сыйақы
ставкасы

Бағалы қа-
ғаздар саны

Операция со-
масы теңгемен

Листинг/
рейтинг

8

9

10

11

12






        Бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам)
      _______________________________________________________________
             (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)

      Бас бухгалтер _________________________________________________
                    (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)

      Орындаушы _____________________________________________________
               (лауазымы, фамилиясы және аты) (қолы) (телефон нөмері)

      Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы «____» __________

      Мөр орны

                                  Бағалы қағаздарды ұстаушылар
                               тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі
                                қызметті жүзеге асыратын ұйымның
                                 есеп беру ережесіне 3-қосымша

       Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгізілді- ҚР Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2005 жылғы 27 тамыздағы N 310   қаулысымен ( қолданысқа енгізілу
тәртібін  2-тармақтан қараңыз ), 2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

        Өз активтері есебінен орналастырылған екінші
        деңгейдегі банктердегі салымдардың құрылымы
         туралы есеп тіркеуші ____________________

               200_ жылғы ___ _______ жағдай бойынша

                                                  (мың теңгемен)

N
р/с

Банктер/банк
бөлігінде бап атауы

Банк
коды

Салым
валю-
тасы

Рей-
тинг/
Лис-
тинг

Салым
мерзімі
күнмен

Салым
бойынша
сыйақы
ставкасы
(жылдық
процен-
тпен)

1

2

3

4

5

6

7

1

Талап етуге дейінгі
салымдар






1.1.







...







2

Мерзімді салымдар






2.1.







...







3

Шартты салымдар






3.1.







...







4

Барлығы






   кестенің жалғасы

Салым бойынша
негізгі борыш сомасы

Салым бойынша сыйақы

Салымның
ағымдағы
құны
жиынтығы

Ықтимал
шығын
резерв-
тері

Ескер-
ту*

теңгемен

шетел
валютасында

теңгемен

Шетел
валютасында

9

10

11

12

13

14

  15








        * егер салымқа меншiк құқығына шектеулер болса, онда "ия"
деген сөз қойылу керек

       Бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам)
      _______________________________________________________________
             (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)

      Бас бухгалтер _________________________________________________
                    (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)

      Орындаушы _____________________________________________________
               (лауазымы, фамилиясы және аты) (қолы) (телефон нөмері)

      Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы «____» __________

      Мөр орны

                                  Бағалы қағаздарды ұстаушылар
                               тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі
                                қызметті жүзеге асыратын ұйымның
                                 есеп беру ережесіне 4-қосымша

              Басқа заңды тұлғалардың капиталына
            инвестициялардың құрылымы туралы есеп
                  тіркеуші ____________________

                200_ жылғы ___ _______ жағдай бойынша

      Ескерту. 4-қосымшаға өзгерту енгізілді- ҚР Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

                                                  (мың теңгемен)

N
р/с

Заңды тұлғаның
атауы

Заңды
тұл-
ғаның
коды

Баланс-
тық
құны
(мың
тең-
гемен)

Саны
(дана-
мен)

Эмитент-
тің
жарғылық
капи-
талына
қатысу
үлесі
(%)

Сатып
алын-
ған
күні

Ес-
кер-
ту

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Жай акциялар







1.1.








2.

Артықшылық
берілген акциялар







2.1.








3.

Салымдар мен
пайлар







3.1.








4.

Барлығы







        Бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам)
      _______________________________________________________________
             (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)

      Бас бухгалтер _________________________________________________
                    (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)

      Орындаушы _____________________________________________________
               (лауазымы, фамилиясы және аты) (қолы) (телефон нөмері)

      Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы «____» __________

      Мөр орны