Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1457
Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесіне сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет Академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігі төрағасының
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
N 02-01-02/138 бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік қызмет Академиясында, мемлекеттік
қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін
арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге білім беру
ұйымдарында мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау
және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет Академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырудың осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1457 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесіне сәйкес әзірленді.
2. Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет Академиясында (бұдан әрі - Академия), қайта даярлау және біліктілікті арттырудың аумақтық орталықтарында (бұдан әрі - орталықтар) мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін қайта даярлауды, сондай-ақ Академияда, орталықтарда және өзге білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру шарттарын анықтайды.
3. Академияда, орталықтарда іске асырылатын қайта даярлаудың және біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламалары Академиямен әзірленеді және оқу жылы басталғанға дейін бір айдан кешіктірілмей Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігімен (бұдан әрі - Агенттік) келісіледі.
2. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен
олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру
Ескерту: 2-тарау ескертумен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 17 наурыздағы N 02-01-02/35 бұйрығымен .
4. Академияда А, В, С санаттар топтарының, соның ішінде С-О-1, С-О-2, С-R-1, D-1-D-3, D-O-1, D-O-2, E-1, E-2, E-R-1 санаттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін қайта даярлау жүзеге асырылады.
Орталықтарда C-O-3 - C-O-7, C-R-2-C-R-6, D-4-D-6, D-О-3-D-O-7, E-3-E-6, E-R-2-E-R-6, E-G-1-E-G-5 санаттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін қайта даярлау жүзеге асырылады.
5. Академияда A, B, С санаттар топтарының, соның ішінде C-O-1, С-О-2, C-R-1, D-1-D-3, D-O-1, D-O-2, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттарының саяси және мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің біліктілігін арттыру жүзеге асырылады.
Орталықтарда, өзге білім беру ұйымдарында С-О-3-С-О-7, C-R-2-C-R-6, D-4-D-6, D-O-3-D-O-7, E-3-E-6, E-R-2-E-R-6, E-G-1-E-G-5 санаттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің біліктілігін арттыру жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, орталықтарда қалалар, аудандар, селолар, селолық округтер, кенттер, ауылдар әкімдерінің, олардың орынбасарларының, C-R-1, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің біліктілігін арттыру жүзеге асырылуы мүмкін.
6. Қайта даярлау мен біліктілігін арттыруға жататын мемлекеттік қызметшілердің саны бөлінген бюджеттік қаражаттарға сәйкес мемлекеттік органдардың кадрлар қызметтерімен анықталады.
___________________________
Ескерту: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Алматы қаласындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру аумақтық орталығында жүзеге асырылуы мүмкін.
7. Академия, орталықтар, өзге білім беру ұйымдары 10 қаңтарға дейін N 1, 2 қосымшаларға сәйкес белгіленген нысандар бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру туралы ақпаратты Агенттікке тапсырады.
8. Академия, орталықтар, өзге білім беру ұйымдары мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттырудың бағдарламаларын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Агенттікке енгізуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік қызмет
Академиясында, мемлекеттік
қызметшілерді қайта даярлау
және олардың біліктілігін
арттырудың аумақтық
орталықтарында, өзге білім
беру ұйымдарында
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қызметшілерін
қайта даярлау және олардың
біліктілігін арттыруды
ұйымдастыру Ережесіне
N 1 қосымша
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау
жиынтығы туралы деректер
___________________________________________________
(Академияда, орталықтарда)
мемлекеттік
|
республикалық
|
жергілікті
|
оқудан өткен
|
мемлекеттік
|
|
|
|
басшы лауазымға
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік қызмет
Академиясында, мемлекеттік
қызметшілерді қайта даярлау
және олардың біліктілігін
арттырудың аумақтық
орталықтарында, өзге білім
беру ұйымдарында
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қызметшілерін
қайта даярлау және олардың
біліктілігін арттыруды
ұйымдастыру Ережесіне
N 2 қосымша
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін
арттыру жиынтығы туралы деректер
___________________________________________________________
(Академияда, орталықтарда, өзге білім беру ұйымдарында)
республикалық бюджет
|
жергілікті бюджет
|
оқудан өткен
|
|
|
|
|
|
|