Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 334 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 6 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3327

Қолданыстағы

     "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Қоса беріліп отырған Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру ережесі бекітілсін.
     2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енеді.
     3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
     1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын және оны қабылдауға байланысты өзге де шараларды қолға алсын;
     2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
     4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.

     Төраға

Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы  
ұйымдарын реттеу мен    
қадағалау жөніндегі    
агенттігі Басқармасының  
2004 жылғы 27 қарашадағы
N 334 қаулысымен     
бекітілген        

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың есеп беру ережесі

     Осы Ереже "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - банктік емес ұйымдар) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) есеп беру тізбесін, нысандарын, мерзімін және тәртібін белгілейді.

     1. Банктік емес ұйымдардың есебіне мыналар жатады:
     1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес берілген заемдар мен қаржы лизингі туралы есеп;
     2) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес салымдар, ағымдағы және корреспонденттік шоттар туралы есеп.

     2. Банктік емес ұйымдар (Ұлттық почта операторынан және ломбардтардан басқа) есепті тоқсан сайын, бірақ есепті тоқсаннан кейінгі айдың он сегізінен кешіктірмей береді.
     Ұлттық почта операторы есепті тоқсан сайын, бірақ есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей береді.
     Ломбардтар есепті жыл сайын, есепті жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейінгі кезең үшін, есепті жылдан кейінгі жылдың он сегізінші қаңтарынан кешіктірмей ұсынады.

     3. Банктік емес ұйымдар есепті уәкілетті органға қағаз жазбада және электрондық тасымалдағышта береді.

     4. Қағаз жазбамен берілген есеп электрондық тасымалдағышпен берілген есеппен сәйкес келуге тиіс.

     5. Қағаз жазбадағы есепке бірінші басшы, бас бухгалтер немесе қол қою құқығы бар олардың орынбасарлары қол қойып, банктік емес ұйымның мөрімен куәландырылады. Банктік емес ұйымның ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда, есепке осы құжаттарға сәйкес қол қоюға уәкілетті тұлға қолын қойып, осы ішкі құжаттардың көшірмесімен бірге уәкілетті органға ұсынылады.

     6. Есептегі деректер ұлттық валютамен - теңгемен көрсетіледі.

     7. Есепті жасаған кезде қолданылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Есепте бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүзге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

     8. Есептің барлық парақтарына нөмір қойылады және олардың жалпы саны оны уәкілетті органға жіберген кезде ілеспе хатта көрсетіледі.

     9. Түзетулері және өшірулері бар қағаз жазбадағы есепті уәкілетті орган қабылдамайды және оны қайтарып береді.

     10. Есепке өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, банктік емес ұйым уәкілетті органға есеп берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігінің себептерін түсіндіре отырып, жазбаша өтінішін береді.

     11. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.

                                          Банктік операциялардың
                                         жекелеген түрлерін жүзеге
                                          асырушы ұйымдардың есеп
                                          беруін ұсыну Ережесіне
                                                  1-қосымша

      Берілген заемдар және қаржы лизингі туралы есеп
         _______________________________________________
           (Банктік операциялардың жекелеген түрлерін
             жүзеге асырушы ұйымдардың толық атауы)
                        _________________

                                                   (мың теңгемен)

Заемдар

Символ

Есепті күнге
заем қалдығы

1

2

3

Банктерге және банктік операциялардың
жекелеген түрлерін жүзеге асырушы
ұйымдарға заемдар

100

Заңды тұлғаларға берілетін заемдар:

200

Ауыл шаруашылық мақсаты үшін

210

Өндірістік мақсаттар үшін

220

Құрылыс үшін

230

Жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін

240

Қызмет көрсету саласын дамыту үшін

250

Басқа заемдар

260

Жеке тұлғаларға заемдар:

300

Ауыл шаруашылық мақсаты үшін

310

Тұтыну мақсаты үшін

320

Тұрғын үй сатып алу үшін

330

Құрылыс үшін

340

Қызмет көрсету саласын дамыту үшін

350

Басқа заемдар

360

     Кепіл үлгісі бойынша заемдар:

Ломбардтық, оның ішінде:

410

 әшекей бұйымдары

411

 аудио, видео және тұрмыстық техника

412

 Автокөлік

413

 басқа жылжитын мүлік

414

Жылжымайтын мүлік

420

Кепілдіктер және кепілдемелер

430

Басқа қамтамасыз ету

440

Бланктік

450

Заемдар жиынтығы

400

     Соның ішінде:
     Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген заемдар:

Заңды тұлғалармен

510

Жеке кәсіпкерлерге

520

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беріл-
ген заемдардың жиынтығы, оның ішінде:

500

 Ауыл шаруашылық мақсаттары үшін:

501

 Өндірістік мақсаттар үшін

502

 Құрылыс үшін

503

 Жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін

504

 Қызмет көрсету саласын дамыту үшін

505

 Басқа заемдар

506

     Қаржы лизингі

Банктік операциялардың жекелеген түрле-
рін жүзеге асырушы банктер мен ұйымдар

610

Заңды тұлғаларға

620

Жеке тұлғаларға

630

Қаржы лизингінің жиынтығы

600

     Анықтамалық: заемдар бойынша сыйақының орташа алынған
ставкасы (процентпен)

Банктік операциялардың жекелеген
түрлерін жүзеге асырушы ұйымдар
мен банктердің заемдары

700

Заңды тұлғалардың заемдары

800

Жеке тұлғалардың заемдары:

900

     Бірінші басшы немесе есепке қол қою өкілеттігі бар
     тұлға ______________ күні _______

     Бас бухгалтер немесе есепке қол қою өкілеттігі бар
     тұлға _____________ күні ________

     Орындаушы _____________________ күні _____________

     Телефон: ________________

     Мөрдің орны

                                          Банктік операциялардың
                                         жекелеген түрлерін жүзеге
                                          асырушы ұйымдардың есеп
                                          беруін ұсыну Ережесіне
                                                  2-қосымша

         Салымдар және ағымдағы, корреспонденттік
                     шоттар туралы есеп
         ______________________________________________
          (Банктік операциялардың жекелеген түрлерін
            жүзеге асырушы ұйымдардың толық атауы)
                         _________________

                                                  (мың теңгемен)

Салымдар түрлері

Жеке
тұлғалар

Заңды
тұлғалар

Ағымдағы, корреспон-
денттік шоттар

Барлығы,
оның ішінде

шетел валютасымен

Талап ету бойынша
салымдар

Барлығы,
оның ішінде

шетел валютасымен

Мерзімді салымдар

Барлығы,
оның ішінде

шетел валютасымен

оның ішінде

1 айға дейінгі бастапқы
өтеу мерзімімен

Барлығы,
оның ішінде

шетел валютасымен

1-ден бастап бастапқы
өтеу мерзімімен 3 айға
дейін

Барлығы,
оның ішінде

шетел валютасымен

3-айдан бастап бастапқы
өтеу мерзімімен 1 жылға
дейін

Барлығы,
оның ішінде

шетел валютасымен

1 жылдан асатын бас-
тапқы өтеу мерзімімен
5 жылға дейін

Барлығы,
оның ішінде

шетел валютасымен

5 жылдан асатын бас-
тапқы өтеу мерзімімен

Барлығы,
оның ішінде

шетел валютасымен

Басқа салымдар

Барлығы,
оның ішінде

шетел валютасымен

Жиынтық

Барлығы,
оның ішінде

шетел валютасымен

     Анықтамалық: Салымдар бойынша (процентпен) орташа алынған
сыйақы ставкасы

теңгемен

шетел
валютасымен

Ағымдағы, корреспонденттік шоттар

Талап ету бойынша салымдар

Шартты салымдар

Мерзімді салымдар

     Бірінші басшы немесе есепке қол қою өкілеттігі бар
     тұлға ______________ күні _______

     Бас бухгалтер немесе есепке қол қою өкілеттігі бар
     тұлға _____________ күні ________

     Орындаушы _____________________ күні _____________

     Телефон: ________________

     Мөрдің орны