Құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну бойынша нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 938оа бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 6 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3322

Жаңартылған

      Статистикалық ақпаратпен мемлекеттік органдарды қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 7 бабы 2 тармағы 4 тармақшасына сәйкес, сонымен қатар "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып,  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса берілген Құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну туралы нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі қарай - Комитет) осы бұйрықты:
      1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне тіркесін;
      2) Комитеттің аумақтық органдарына орындалу үшін жіберсін;
      3) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас Прокурордың орынбасары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасына (Г.В.Ким) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры

Қазақстан Республикасы   
Бас Прокурорының      
2004 жылғы 8 желтоқсандағы 
N 938 оа бұйрығымен     
бекітілген         

  Құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну бойынша
нұсқаулық 1. Жалпы ережелер

      1. Бұл Нұсқау " Прокуратура туралы ", " Әкімшілік процедуралар туралы ", " Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алулар туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту бойынша шаралар, бюрократизммен күрес және құжат айналымын қысқарту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі N№427  Жарлығына сәйкес құқықтық статистиканы нақтылайды, арнайы есепке алу органдарымен құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну жөніндегі сұраныстарын қарау мерзімін белгілейді.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас прокурорының 2007 жылғы 11 наурыздағы   N 6   бұйрығымен .

      2. Сұранымдарды қабылдау, есепке алу және орындалуын ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының нормативтік құқықтық актілеріне және осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
       Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының 2007 жылғы 11 наурыздағы   N 6   бұйрығымен .

      3. Осы Нұсқауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдар - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет (әрі қарай - Комитет) және оның аймақтық органдары;
      2) Сұраным - мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың құқықтық статистикалық ақпарат беру туралы жазбаша өтініші.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас прокурорының 2007 жылғы 11 наурыздағы   N 6   бұйрығымен .

      4. Бұл Нұсқау арнайы есепке алу мәліметтерін ұсыну жөніндегі қатынасқа жатпайды.

  2. Сұраныстарды есепке алу мен қарау

      5. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына немесе тікелей осы органның басшылығына бағытталған сұранымдар келіп түскен күні кіріс хат-хабар журналында іс жүргізу қызметімен тіркелгеннен соң басшылыққа жіберіледі, ал басшылық оларды қарап, тапсырмалар (бұрыштамалар) дайындайды.
       Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының 2007 жылғы 11 наурыздағы   N 6   бұйрығымен .

      6. Құқықтық статиcтика және арнайы есепке алу органының лауазымды тұлғасы сұранысты қарауға алған кезде, сұраныстың орындалуы берілген органның немесе осы лауазымды тұлғаның құзырында, сондай-ақ егер орган мен лауазымды тұлғаның құзіретіне ондағы қойылған сұрақтардың шешілуі кірмесе, ол үш жұмыс күнінен кешіктірілмей өтініш берушіге осы туралы хабарлау арқылы тиісті органдарға жіберілуі немесе қарастырудан бас тарту себептерін көрсету арқылы қайтарылуы қажет екендігіне көзі жетуі қажет.
       Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас прокурорының 2007 жылғы 11 наурыздағы   N 6   бұйрығымен .

      7. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының құзырына кіретін егер барлық қойылған мәселелер қаралса сұраныс орындалған болып есептеледі. Жауаптың мәтіні қысқа болуы және әдеби тіл мен заң терминологиясының нормаларының орындалуымен баяндалуы тиіс.

  3. Сұраныстардың орындалу  мерзімі

      8. Сұраныстар бойынша тапсырмалар мерзімінің орындалуын бақылау құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының іс жүргізу қызметімен жүзеге асырылады.
      Сұраныстарды өз уақытында және сапалы орындалуына жауаптылық құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының бірінші жетекшілеріне жүктеледі.
      Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас прокурорының 2007 жылғы 11 наурыздағы   N 6   бұйрығымен .

      9. Сұранысты орындау мерзімі бір айдан аспауы тиіс.
      Қосымша өңдеуді талап етпейтін ақпарат бойынша сұраныстың орындалу мерзімі он бес күннен аспауы тиіс.
       Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас прокурорының 2007 жылғы 11 наурыздағы   N 6   бұйрығымен .

      10. Президенттің, Президент Әкімшілігінің, сонымен қатар Премьер-Министр және оның орынбасарларының, Премьер-Министр Канцелариясының сұраныстарының орындалу мерзімін азайту мәселелері, сұранысты жіберген немесе оның орнын басатын тұлғалармен қаралады.

      11. Парламент депутаттарының, мемлекеттік органдарының сұраныстары органға түскен уақыттан бастап 1 айдан кешіктірілмей орындалады, егер құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы басшысының тапсырмаларында (бұрыштамаларында) басқа мерзім көрсетілмесе, ал "жедел" немесе "жылдамдату" деген белгі болған жағдайда - 10 күн мерзімінде.

      12. Егер сұраныс бойынша қосымша ақпарат дайындау қажет болса, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы басшысымен немесе оның орынбасарымен ұзартылуы мүмкін және ол туралы сұраныс берген органды хабарландырады, бірақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және оның орынбасарларының, Премьер-Министр Канцелариясының белгілеген мерзімдері жатпайды.

      13. Президенттің, Президент Әкімшілігінің, сонымен қатар Премьер-Министр және оның орынбасарларының, Премьер-Министр Канцелариясының, сұраныстары құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен сұраныста белгіленген уақытта орындалады, мерзімі көрсетілмеген жағдайда заңдарға сәйкес.

      14. Егер сұраныс белгіленген уақытта жасалмайтын болса, сұранысқа жауапты бөлімшенің басшысы, немесе оның міндетін атқарушы тұлға кешіктірілуінің себебі туралы ескертуі тиіс және белгіленген тәртіпте орындалу мерзімін азайту туралы өтініш білтіруі қажет. Тапсырманы орындау мерзімін азайту екі реттен артық рұқсат етілмейді.

      15. Сұраныстың орындау мерзімін ұзарту (Қазақстан Республикасы Президентімен, Президент Әкімшілігінің жетекшісімен бақылауға алған жүгінулерден басқа, немесе олардың орынбасарларымен жүгінуді қадағалауға алған лауазымды тұлғамен орындалу мерзімі ұзартылады), сұраныстың орындалуына жауапты органның басшысымен жүзеге асырылады, және ол туралы жүгінген тұлғаға және жүгінуді бақылауға алған лауазымды тұлғаға хабарлайды.

      16. Сұраныстың орындалу мерзімін ұзарту туралы өтініш орындалуының соңына дейін 3 күннен кешіктірілмей хатталады.

3-1. Статистикалық мәліметтерді беру тәртібі

       Ескерту: 3-1-бөліммен толықтырылды - ҚР Бас прокурорының 2007 жылғы 11 наурыздағы   N 6   бұйрығымен .

      16-1. Есептік кезең аяқталғаннан кейін ай сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 15 күніне Комитет қылмыстылықтың, прокурорлық қадағалаудың жағдайы туралы, Қазақстан Республикасы тергеу және анықтау органдарының жұмысы туралы статистикалық мәліметтерді қылмыстық қудалаудың барлық органдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесіне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесіне, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетіне, Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігіне жібереді.
 

      16-2. Тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 20 күніне Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 31 наурыздағы N 9 "Статистикалық деректердің жинағы туралы" бұйрығында (әрі қарай -№9 бұйрық) көрсетілген адресаттарға "Қазақстан Республикасындағы қылмыстылық және құқық қорғау органдары мен соттар қызметтерінің нәтижелері туралы", "Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау жағдайы туралы", "Қазақстан Республикасындағы соттардың жұмысы туралы", "Есірткі заттардың, жүйкеге әсер ететін және улы заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтар және оларды қолданатын тұлғалар туралы", "Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы" статистикалық жинақтар жіберіледі.
 

      16-3. "Тергеу және анықтау органдары қызметтерінің нәтижелері туралы" статистикалық жинақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының N 9 бұйрықта көрсетілген адресаттарға жартыжылдық және бір жылдық қорытындылары бойынша жіберіледі.
 

      16-4. Статистикалық мәліметтерді беру жазбаша сұранымның негізінде ақпараттық есепке алу құжаттары есептерінің және деректемелерінің қолда бар көрсеткіштерінің шеңберінде осы Нұсқаулықтың 3-тарауымен белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.
 

      16-5. Бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктер мен қорлардың статистикалық мәліметтерді ұсыну туралы сұранымдары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Аппаратымен қаралады, ол талап етілетін ақпаратты беру мүмкіндігі және оның шектеулері туралы пікірді білдіреді.
 

      16-6. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жағдайы туралы есептік мәліметтер Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері болып табылмайтын мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Аппараты арқылы, ал өзге мемлекеттік және құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша жіберіледі.
 

      16-7. Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес туралы статистикалық мәліметтерді беру жөніндегі сұранымдары Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен алдын-ала келісу бойынша беруге жатады.
 

      16-8. Статистикалық мәліметтерді беру туралы сұранымдарға "Әкімшілік процедуралар туралы" Қазақстан Республикасы Заңы  5-бабы 5-тармағының 4) тармақшасына сәйкес органның бірінші басшысы қол қояды. ҚР Бас прокуратурасы орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің сұранымдарына тиісті Департаменттің бастығы қол қояды.
 

      16-9. Сұранымда талап етілетін ақпараттың бірлігін көрсету арқылы (қылмыс, қылмыстық іс, тұлға) нақты талап етілетін ақпараттың көрсетілуі, сондай-ақ статистикалық мәліметтер сұралатын кезеңнің нақтылануы қажет.
 

      16-10. Сұранымдарға берілетін жауап мемлекеттік тілде немесе өтініш берілген тілде орындалуы қажет.

  4. Сұраныстардың орындалуын бақылау

      17. Бірнеше орындаушыларға берілген сұраныстардың орындалуын тапсырмада бірінші көрсетілген лауазымды тұлға үйлестіреді.

      18. Сұраныстардың орындалуын бақылауды сұранысты бақылауға алған лауазымды тұлға жүзеге асырады.

      19. Сұраныстар тапсырма берген лауазымды тұлғамен немесе уәкілді лауазымды тұлғамен орындалғаннан кейін бақылаудан алынады.