Құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну бойынша нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 938оа бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 6 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3322

Қолданыстағы

      Статистикалық ақпаратпен мемлекеттік органдарды қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  7 бабы 2 тармағы 4 тармақшасына сәйкес, сонымен қатар "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  11-бабының  4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып,  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса берілген Құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну туралы нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі қарай - Комитет) осы бұйрықты:
      1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне тіркесін;
      2) Комитеттің аумақтық органдарына орындалу үшін жіберсін;
      3) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас Прокурордың орынбасары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасына (Г.В.Ким) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры

Қазақстан Республикасы   
Бас Прокурорының      
2004 жылғы 8 желтоқсандағы 
N 938 оа бұйрығымен     
бекітілген         

  Құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну бойынша
нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Бұл Нұсқау " Прокуратура туралы ", " Әкімшілік процедуралар туралы ", " Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алулар туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту бойынша шаралар, бюрократизммен күрес және құжат айналымын қысқарту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі N№427  Жарлығына  сәйкес құқықтық статистиканы нақтылайды, арнайы есепке алу органдарымен құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну жөніндегі мемлекеттік органдардың сұраныстарын қарау мерзімін белгілейді.

      2. Сұраныстардың орындалуын ұйымдастыру, қабылдау мен тіркеу Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2004 жылғы 25 ақпандағы N№11 "Қазақстан Республикасы прокуратура органдары мен ұжымдарындағы іс жүргізу бойынша нұсқауды бекіту туралы" бұйрығы және осы Нұсқауға сәйкес жүргізіледі.

      3. Осы Нұсқауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдар - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет (әрі қарай - Комитет) және оның аймақтық органдары;
      2) Сұраныс - мемлекеттік органның және оның аумақтық, сонымен қатар оларға теңестірілген бөлімшелердің (әрі қарай - мемлекеттік мекеме) құқықтық статистиканы ұсыну туралы жазбаша өтініш.

      4. Бұл Нұсқау арнайы есепке алу мәліметтерін ұсыну жөніндегі қатынасқа жатпайды.

  2. Сұраныстарды есепке алу мен қарау

      5. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына немесе тікелей осы органның басшылығына бағытталған сұраныстар келіп түсіп, іс жүргізу қызметімен тіркелгеннен соң, келіп түскен күні кіріс хат-хабар тіркеледі, басшылыққа жіберіледі, ол қарап, олар бойынша тапсырмалар (бұрыштамалар) дайындайды.

      6. Құқықтық статиcтика және арнайы есепке алу органының лауазымды тұлғасы сұранысты қарауға алған кезде, сұраныстың орындалуы берілген органның немесе осы лауазымды тұлғаның құзырында екендігіне көзі жетуі қажет.

      7. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының құзырына кіретін егер барлық қойылған мәселелер қаралса сұраныс орындалған болып есептеледі. Жауаптың мәтіні қысқа болуы және әдеби тіл мен заң терминологиясының нормаларының орындалуымен баяндалуы тиіс.

  3. Сұраныстардың орындалу  мерзімі

      8. Сұраныстар бойынша тапсырмалар мерзімінің орындалуын бақылау құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының іс жүргізу қызметімен жүзеге асырылады.
      Сұраныстарды өз уақытында және сапалы орындалуына жауаптылық құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының бірінші жетекшілеріне жүктеледі.
      Сұраныстың орындалу мерзімін азайту қажет болғанда орындаушы 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей тапсырма берген лауазымды тұлғаға тиісті мәлімдеме жолдайды.

      9. Сұранысты орындау мерзімі бір айдан аспауы тиіс.
      Қосымша өңдеуді талап етпейтін ақпарат бойынша сұраныстың орындалу мерзімі 10 күннен аспауы тиіс.

      10. Президенттің, Президент Әкімшілігінің, сонымен қатар Премьер-Министр және оның орынбасарларының, Премьер-Министр Канцелариясының сұраныстарының орындалу мерзімін азайту мәселелері, сұранысты жіберген немесе оның орнын басатын тұлғалармен қаралады.

      11. Парламент депутаттарының, мемлекеттік органдарының сұраныстары органға түскен уақыттан бастап 1 айдан кешіктірілмей орындалады, егер құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы басшысының тапсырмаларында (бұрыштамаларында) басқа мерзім көрсетілмесе, ал "жедел" немесе "жылдамдату" деген белгі болған жағдайда - 10 күн мерзімінде.

      12. Егер сұраныс бойынша қосымша ақпарат дайындау қажет болса, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы басшысымен немесе оның орынбасарымен ұзартылуы мүмкін және ол туралы сұраныс берген органды хабарландырады, бірақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және оның орынбасарларының, Премьер-Министр Канцелариясының белгілеген мерзімдері жатпайды.

      13. Президенттің, Президент Әкімшілігінің, сонымен қатар Премьер-Министр және оның орынбасарларының, Премьер-Министр Канцелариясының, сұраныстары құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен сұраныста белгіленген уақытта орындалады, мерзімі көрсетілмеген жағдайда заңдарға сәйкес.

      14. Егер сұраныс белгіленген уақытта жасалмайтын болса, сұранысқа жауапты бөлімшенің басшысы, немесе оның міндетін атқарушы тұлға кешіктірілуінің себебі туралы ескертуі тиіс және белгіленген тәртіпте орындалу мерзімін азайту туралы өтініш білтіруі қажет. Тапсырманы орындау мерзімін азайту екі реттен артық рұқсат етілмейді.

      15. Сұраныстың орындау мерзімін ұзарту (Қазақстан Республикасы Президентімен, Президент Әкімшілігінің жетекшісімен бақылауға алған жүгінулерден басқа, немесе олардың орынбасарларымен жүгінуді қадағалауға алған лауазымды тұлғамен орындалу мерзімі ұзартылады), сұраныстың орындалуына жауапты органның басшысымен жүзеге асырылады, және ол туралы жүгінген тұлғаға және жүгінуді бақылауға алған лауазымды тұлғаға хабарлайды.

      16. Сұраныстың орындалу мерзімін ұзарту туралы өтініш орындалуының соңына дейін 3 күннен кешіктірілмей хатталады.

  4. Сұраныстардың орындалуын бақылау

      17. Бірнеше орындаушыларға берілген сұраныстардың орындалуын тапсырмада бірінші көрсетілген лауазымды тұлға үйлестіреді.

      18. Сұраныстардың орындалуын бақылауды сұранысты бақылауға алған лауазымды тұлға жүзеге асырады.

      19. Сұраныстар тапсырма берген лауазымды тұлғамен немесе уәкілді лауазымды тұлғамен орындалғаннан кейін бақылаудан алынады.