"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 22 қазандағы N 319-ө
өкiмiн
орындау үшiн
БҰЙЫРАМЫН
:
1. Қоса берiлiп отырған Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиадаларды өткiзу ережелерi бекiтiлсiн.
2. Орта бiлiм департаментi (Есбосынова С.Б.) белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым вице-министрi К.Шәмшидиноваға жүктелсiн.
Министр
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2004 жылғы 11 қарашадағы
N 903 бұйрығымен бекітілген
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық
олимпиадаларды өткізу ережесі
Осы ереже республикалық олимпиаданың (бұдан әрі - Олимпиада) республикалық олимпиадасының (бұдан әрі - Олимпиада) мәртебесін, мақсатын және міндеттерін, оны өткізудің тәртібін анықтайды.
1. Олимпиаданы жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) және тұрақты жұмыс істейтін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - ұйымдастыру комитеті) облыстық білім беру басқармалары өткізеді.
2. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай тудыру, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білімнің беделін көтеру болып табылады.
3. Олимпиада оқу жылы бойынша бес кезеңде өтеді. Олимпиаданың барлық кезеңін өткізу жауапкершілігі білім беру ұйымдарының жауапты бөлімдеріне жүктеледі.
Бірінші кезең - білім беру ұйымдарында өтеді. Өткізу уақыты - қараша айы. Олимпиада облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары әзірлеген мәтіндер бойынша өткізіледі.
Екінші кезең - аудандық (қалалық) олимпиадалар. Өткізу уақыты - қаңтар айы. Екінші және келесі кезеңдер тапсырмаларының мәтіндерін республикалық ұйымдастыру комитеті жанынан құрылған республикалық әдістемелік кеңес әзірлейді. Осы кезеңді өткізуден бір ай бұрын облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары (департаменттері) әрбір пән мен сыныптың оқыту тілі бойынша олимпиада мәтіндерін даярлау үшін қатысушылардың санын көрсете отырып тұрақты жұмыс істейтін ұйымдастыру комитетіне тапсырыс береді.
Үшінші кезең - облыстық (Астана және Алматы қалалары, сондай-ақ республикалық мектептердің олимпиадасы мәртебесі бойынша облыстық олимпиадаға теңеледі);
Төртінші кезең - іріктеу. Оны өткізу кезеңі - наурыз айы. Төртінші кезең республикалық олимпиадаға дайындық деңгейі неғұрлым жоғары оқушыларды таңдап алу мақсатында өткізіледі. Іріктеу кезеңіне үшінші кезеңнің қазылар алқасы үздік деп таныған әр сынып және пән бойынша жүлдегерлердің үш үздік жұмысы жіберіледі.
Бұл кезеңнің тапсырмалары Министрлік бекіткен әдістемелік ұсынымдарға сәйкес үшінші кезеңнің тапсырмалары мен өлшемдері бойынша және тапсырмалар пакетіне енгізілген өлшемдер бойынша бағаланады.
Бесінші кезең - республикалық олимпиада. Оны өткізу кезеңі - сәуір айы. Бұл кезең үшін тапсырмалар мәтіндерін республикалық әдістемелік кеңес әзірлейді.
4. Қатысушылардың саны мен өткізу мерзімдерін жыл сайын Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрінің (бұдан әрі - Министр) бұйрығымен бекітіледі.
5. Олимпиаданың бірінші және екінші кезеңдеріне орта білім беру жүйесі ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары қатысады. Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша олимпиадаға ұлты қазақ оқушылар қатыса алмайды.
Олимпиаданың үшінші кезеңінде 9-11 сынып оқушылары (екінші кезеңнен іріктеліп алынған ең үздік үш қатысушы), сондай-ақ республикалық ұйымдастыру комитеті берген ұсынысына орай жанындағы сырттай оқытатын мектептердің олимпиада жеңімпаздары қатысады.
Орта буын сынып оқушылары тиісті деңгейдегі білімі болған жағдайда, жоғары сынып оқушыларына арналған бағдарлама бойынша олимпиадаға қатысуға жіберілуі мүмкін.
6. Олимпиаданың үшінші кезеңін өткізу нәтижесі бойынша республикалық олимпиаданың ұйымдастыру комитетінің өткен жылдардың олимпиада қорытындыларын және үшінші кезеңге қатысқан оқушылар санын ескере отырып ұсынған жұмыстардың санын көбейтуге құқығы бар. Жіберілген жұмыстар үшінші кезеңге қатысушылар тапсырмамен қоса алған талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс. Осы жұмыстарды бірыңғай өлшемдер бойынша тексерген соң, қазылар алқасы әр сынып және пән бойынша олимпиаданың бесінші кезеңіне қатысушыларды анықтайды.
7. Олимпиаданың бесінші кезеңіне жаратылыстану-математика пәндері бойынша 9-11 сынып оқушылары және гуманитарлық пәндер бойынша 10-11 сынып оқушылары, сырттай оқытатын олимпиадалық резерв мектебінің оқушылары қатысады.
8. Республикалық олимпиадаға қатысатын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының командаларын ең үздік мамандар, әдіскерлер, сондай-ақ пән мұғалімдері басқарып келіп олимпиада барысында олимпиадаға қатысушыларды даярлау жөнінде тәжірибе алмасу, жалпы білім беретін пәндерді оқыту проблемалары жөнінде өткізілетін пікір алмасуларға, семинарларға қатысады. Команда жетекшісі олимпиада өтетін жерге алып келу және тұратын жеріне алып қайту жолында, олимпиада барысында қатысушылардың қауіпсіздігі үшін толық жауапкершілікте болады.
3. Олимпиаданың жұмыс органдары
9. Олимпиаданы дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру және жүзеге асыру үшін Министрліктің бұйрығымен Республикалық ұйымдастыру комитеті құрылады. Республикалық ұйымдастыру комитетінің құрамына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі, Министрліктің құрылымды бөлімшелерінің басшылары, олимпиаданы өткізуге өкілетті ұйымның директоры кіреді.
10. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі республикалық ұйымдастыру комитетінің төрағасы болып табылады. Құпиялықты сақтау үшін ұйымдастыру комитетінің төрағасы тапсырмаларды бекітеді.
11. Олимпиаданың республикалық ұйымдастыру комитеті:
1) олимпиаданың барлық кезеңдерін өткізудің жалпы тәртібін анықтайды;
2) олимпиадаға тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады;
3) олимпиаданы өткізудің қажетті ғылыми-әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету үшін пәндер бойынша әдістемелік комиссияларды қалыптастырады;
4) ғылым негіздері бойынша пәндік қазылар алқасы мүшелерінің құрамы және саны жөнінде Министрлікке ұсыныс береді;
5) республикалық олимпиаданың қорытындысын талдайды және қорытындылайды, Министрлік алқасының бұйрығы мен шешімдерінің жобасын әзірлеуге қатысады;
6) олимпиада материалдарын баспасөзде жариялайды.
12. Олимпиаданың бірінші-үшінші кезеңдеріне басшылық жасауды жүзеге асыру үшін мектептік, аудандық, облыстық (қалалық) ұйымдастыру комитеттері құрылады. Олардың құрамын тиісті білім беруді басқару органдары бекітеді.
13. Республикалық әдістемелік кеңес қазылар алқасының төрағасымен бірлесе отырып:
1) олимпиаданың екінші, үшінші және бесінші кезеңдерінің теориялық және эксперименттік тапсырмалары мәтінінің соңғы нұсқасын әзірлейді;
2) олимпиаданың барлық кезеңдерін өткізу жөнінде әдістемелік ұсыныс әзірлейді;
3) әр пән бойынша олимпиаданы өткізу нысанын, тапсырмалардың үлгісін және бағалау өлшемдерін анықтайды.
4. Олимпиаданың қазылар алқасы
14. Республикалық олимпиаданың пәндік қазылар алқасы (бұдан әрі - қазылар алқасы) төраға, хатшы және мүшелерінен тұрады. Қазылар алқасының саны пәнге байланысты 5-6 адамнан құралады. Олимпиаданың қазылар алқасы төрағасы мен құрамын Республикалық ұйымдастыру комитетінің және олимпиаданы өткізуге өкілетті ұйымның ұсынысымен Министрлік бекітеді. Олимпиаданың қазылар алқасы төрағасы мен мүшелері олимпиаданың алдыңғы өткен кезеңдеріндегі қазылар алқасының құрамына кірмейді.
Қазылар алқасы құрамына жоғары оқу орындарының оқытушылары, аспиранттар, - бұрын халықаралық және республикалық олимпиадалардың жүлдегері болған студенттер, атағы кіршіксіз, жоғары білікті әдіскерлер, тәжірибелі мұғалімдер және білім беруді басқару органдарының өкілдері енеді. Қазылар алқасы құрамына оқушылары олимпиаданың облыстық және республикалық кезеңіне қатысатын мұғалімдердің кіруге құқығы жоқ.
15. Олимпиаданың бесінші кезеңінің қазылар алқасының төрағасы:
1) Республикалық әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып, олимпиаданың екінші, үшінші және бесінші кезеңдерінің теориялық және эксперименттік тапсырмалары мәтінінің соңғы нұсқасын құрастырады және әзірлейді;
2) орыс тіліндегі тапсырмалардың қазақ тіліне дәлме-дәл аудармасына, берілген тапсырмалардың ғылыми-әдістемелік деңгейіне, міндеттердің нақтылығына және олардың олимпиаданың тиісті кезеңі талабына сәйкестігіне жауап береді;
3) тиісті кезеңдері өткенге дейін тапсырмалардың құпиялығына жеке жауап береді;
4) пәндік тапсырмалардың орындалуын бағалау өлшемдері туралы ұсыныс және пәндік олимпиаданың рәсімдерін (турлардың саны және бағытын, әрбір турдың ұзақтығын, қажетті құралдардың тізбесін және т.б.) әзірлеу жөніндегі жұмысын ұйымдастыруды жасайды;
5) олимпиаданы өткізуге өкілетті ұйымға аталған пән бойынша олимпиада қорытындысы туралы есеп береді.
16. Олимпиаданың қазылар алқасы:
1) тапсырмалардың орындалуын бағалау өлшемдерін бекітеді, жұмыстарды тексереді және бағалайды, қатысушыларды үшінші және бесінші кезең тапсырмаларының авторлық шешімімен және жұмыстарды тексеру нәтижесімен таныстырады;
2) олимпиадаға қатысушылардың жұмысын бағалаудағы келіспеушілікті талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;
3) жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды беру үшін Республикалық ұйымдастыру комитетіне ұсыныс береді;
4) олимпиадаға қатысушылармен орындалған тапсырмаларды талқылауды және үйлестіруді жүргізеді;
5) сырттай оқытатын олимпиадалық резерв мектебіне оқушыларды қабылдау жөнінде ұсыныс енгізеді;
6) ұйымдастыру комитетімен бірлесе отырып, оқу-дайындық жиынының қатысушылары құрамын анықтайды.
5. Үйлестіру жұмысын жүргізу тәртібі
17. Жұмыстарды бағалауда барынша әділдікті қамтамасыз ету үшін әрбір турдан соң олимпиадаға қатысушылардың барлығымен тапсырмалар талқыланады. Тапсырмаларды талқылаудан кейін қатысушылардың тілегі бойынша жұмыстарды үйлестіру жүргізіледі. Үйлестірудің мақсаты - жұмыстарды бағалауда олимпиадаға қатысушылар мен қазылар алқасының мүшелері арасында толық өзара түсіністікке қол жеткізу болып табылады.
18. Үйлестіруді қазылар алқасының төрағасы тапсырманы бағалаған қазылар алқасының мүшесі тікелей олимпиадаға қатысушымен өткізеді.
19. Олимпиадаға қатысушы қазылар алқасының бағасымен келіспеген жағдайда, ол ұйымдастыру комитетінің төрағасына шағым айтуына болады, төраға үйлестіруге бөлінген мерзімде мамандар қатарынан осы мәселені шешу жөніндегі тиісті комиссия құруға құқылы.
20. Iріктеу кезеңнің жұмыстарын үйлестіру Республикалық олимпиаданың бесінші кезеңіне қатысушылардың тізімін Министрлік бекіткеннен кейін 10 күн ішінде өткізеді. Бесінші кезеңге өтпеген оқушыларға үшінші кезең жұмыстарының рецензиясы беріледі.
6. Олимпиадаға қатысушыларды марапаттау
21. Олимпиаданың ашылуы, қорытындысын шығару және қатысушыларды марапаттау салтанатты және мерекелік жағдайда өтеді.
22. Мектептік, аудандық (қалалық) және облыстық олимпиадалардың жүлдегерлері тиісті білім беру органдарының дипломдарымен, грамоталарымен және сыйлықтарымен марапатталады.
23. Республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары пәндік қазылар алқасының шешімімен әр пән және сынып бойынша бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен, грамоталармен, сондай-ақ арнайы және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Әр пән және сынып бойынша алты жүлделі орын тағайындалады, ерекше жағдайларда, алтыншы нәтиже көрсеткен жүлдегермен бірдей ұпай алған, қатысушыларға қазылар алқасы төрағасының ұсынысымен және республикалық ұйымдастыру комитетінің төрағасының шешімімен қосымша жүлделі орын берілуі мүмкін.
24. Оқушылары жүлделі орынды иеленген мұғалімдер, жалпы білім беретін ұйымдардың оқытушылары, сондай-ақ республикалық олимпиаданы дайындау және өткізуде белсенділік танытқан білім беру ұйымдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен және медальдарымен, басқа да Қазақстан Республикасы Үкіметінің наградаларымен марапатталады.
25. Халықаралық олимпиадаларға қатысу үшін Министрлік халықаралық олимпиаданы қабылдайтын елдің халықаралық комитеті әзірлеген ережелерді басшылыққа алады.
26. Министрлік олимпиаданы өткізуге өкілетті ұйымның ұсынысымен халықаралық олимпиадаға оқушыларды даярлайтын ғылыми жетекшісін және қазақстан құрама командасының жетекшісін тағайындайды.
Жетекшілер команданың даярлау деңгейі мен сапасына жауап береді, олимпиада тапсырмаларын талқылауға қатысады, олардың мәтінін қазақ немесе орыс тілдеріне аударады, команда мүшелерінің жұмысын тексеруге және үйлестіруге қатысады, сондай-ақ команда мүшелерінің қауіпсіздігін сақтауға жауап береді.
27. Республикалық олимпиада жазғы және қысқы оқу дайындық жиыны, олимпиадалық резерв жөніндегі сырттай оқытатын мектептегі оқыту кезінде оқушылар арасынан Қазақстанның құрама командасына халықаралық олимпиада ұйымдастыру комитеттерінің талаптарына сәйкес кандидаттар қабылдау жүргізіледі.
Команданың құрамы кандидаттың алдыңғы республикалық олимпиадаларды, оқу-дайындық жиындарында, сондай-ақ соңғы оқу-іріктеу жиынының күрделілігі халықаралық олимпиадаға мейілінше жақындатылған теориялық және эксперименттік турлары кезінде алған рейтингінің қорытындысы бойынша анықталады.
28. Қазақстан құрама командасының мүшелері мектеп бітіру емтихандарынан Министрліктің бұйрығы негізінде босатылады.
29. Олимпиаданы өткізуге өкілетті ұйымы құрама командаға кандидаттар даярлауды ұйымдастырады, сондай-ақ халықаралық олимпиада жетекшілері мен қатысушыларын іссапар қаражаттарымен қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2004 жылғы 11 қарашадағы
N 903 бұйрығымен бекітілген
Жалпы білім беретін пәндер
бойынша республикалық
олимпиадаларды өткізу
ережесіне қосымша
Республикалық олимпиадалар өтетін жалпы
білім беретін пәндер
1. Қазақ тілі және әдебиеті
2. Орыс мектептеріндегі қазақ тілі
3. Орыс тілі және әдебиеті
4. Қазақ мектептеріндегі орыс тілі
5. Қазақстан тарихы
6. Ағылшын тілі
7. Неміс тілі
8. Француз тілі
9. Математика
10. Информатика
11. Физика
12. Химия
13. Биология
14. География
15. Ұйғыр тілі
16. Өзбек тілі