Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шайыр, ағаш сөлдерін және екінші дәрежелі ағаш ресурстарын дайындау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2004 жылғы 9 қарашадағы N 235 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 4 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3246

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 96 және 97-баптарынасәйкес БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шайыр, ағаш сөлдерін және екінші дәрежелі ағаш ресурстарын дайындау ережесі бекітілсін.
      2. Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы реттеу мен бақылау басқармасы осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізуге жіберсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрлігі  
Орман және аңшылық       
шаруашылығы комитетінің    
2004 жылғы 9 қарашадағы    
N 235 бұйрығымен бекітілген 

  Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шайыр, ағаш
сөлін және екінші дәрежелі ағаш ресурстарын дайындау
ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 96 және   97-баптарына сәйкес әзірленген және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шайыр, ағаш сөлін және екінші дәрежелі ағаш ресурстарын дайындаудың (бұдан әрі - Ереже) бірыңғай тәртібін белгілейді.

      2. Жеке меншік орман қорын иеленушілер мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыру кезінде осы Ережені басшылыққа алулары тиіс.

  2. Шайыр, ағаш сөлін және екінші дәрежелі орман
ресурстарын дайындауды жүзеге асыру
құқығын беру тәртібі

      3. Мемлекеттік орман учаскелерінде ағаш пен бұталардың қабығын, бұтағын, түбірін, жапырағын, бүршігін дайындау үшін орман ресурстары кейіннен уәкілетті органмен немесе функционалдық жүргізуінде мемлекеттік орман қоры учаскелері бар облыстық атқарушы органмен және орман пайдаланушы арасында шарт ресімделіп тендер хаттамасының негізінде ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі.

      4. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді пайдалануға беру жөніндегі тендерлерді өткізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 32 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу ережелерімен анықталады.

      5. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шайыр, ағаш сөлін және екінші дәрежелі ағаш ресурстарын дайындау үшін орман ресурстары орман пайдалануды жүзеге асыру үшін қаражаты мен өндірістік қуаты және тиісті білікті мамандары бар орман пайдаланушыларға 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі.

      6. Мемлекеттік орман қорының учаскесі орман пайдаланудың бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыру үшін берілуі мүмкін.

      7. Шайыр, ағаш сөлі мен екінші дәрежелі орман ресурстарын дайындау мен тасып әкетуге орман пайдалану құқығын беретін құжат боп тендер нәтижелері туралы хаттама және ұзақ мерзімді пайдалану шарты оны беру негізі болатын ағаш кесу билеті табылады.

      8. Шайыр мен ағаш сөлін дайындауға арналған ағаш кесу билеті орман пайдаланушыға барлық сөл ағызу мерзіміне жыл сайын беріледі және дайындауға жататын орман ресурстарының сандық және сапалық сипаттамасы, орман пайдаланғаны үшін төлем, жұмыс мерзімі мен өндірісі, дайындау технологиясы мен ағаш кесу билетінің күшін тоқтату шартына қойылатын орман шаруашылығы талаптары туралы нақты мәліметтерді қамтиды. Сонымен қатар шартта және ағаш кесу билетінде орналасқан жері, орман пайдаланушының уақытша құрылысы мен құрылысының бағыты және саны, оларды құлату (тасып әкету) мерзімдері, жаңа жолдар төсеу, бар жолдарды және басқа да объектілерді пайдалану көрсетіледі.
      Орман пайдалану жүзеге асырылатын мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланушының капителдік үлгіде құрылыс салуына жол берілмейді.

      9. Орман иеленушілер дайындау маусымының аяғында жыл сайын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен шайыр, ағаш сөлі және екінші дәрежелі ағаш ресурстарын дайындау жөніндегі жұмыстарды жүргізу орындарын куәландыруды жүргізеді.

  3. Шайыр дайындау тәртібі

      10. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шайыр мен ағаш сөлін дайындау пісіп-жетілген және жасамыс ағаштарда жүзеге асырылады, бұл сөл ағызудың белгіленген мерзімі аяқталғаннан кейін басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге беріледі.
      Пісіп-жетілген және жасамыс ағаштардың жетіспеушілігі кезінде сөл ағызу аяқталу мерзімінде кесу жасына жеткен пісіп қалған ағаштардың сөлін ағызуға жол беріледі.

      11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілмеген басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және олардан сөл алу жоспарларынсыз осы ағаштарды сөл ағызуға беруге болмайды.
      Таяудағы 10-15 жылда басты мақсатта пайдалану үшін кесу жүргізілмейтін екпелер сөл ағызуға белгіленбейді.

      12. Сөл ағызуға:
      1) қарағай - құрамында кемінде 3 бірлік қарағайдың қатысуымен бонитеттің І-VІ-сыныптары;
      2) балқарағай - құрамында кемінде 4 бірлік балқарағайдың қатысуымен бонитеттің І-ІІІ-сыныптары;
      3) шырша - құрамында кемінде 5 бірлік шыршаның қатысуымен бонитеттің І-ІІІ-сыныптары жіберіледі.
      Сонымен бірге сөл ағызуға бонитеттің І-ІІІ-сыныбының майқарағай екпелері беріледі.

      13. Сөл ағызу үшін сау, айтарлықтай нұқсан келмеген диаметрі 20 сантиметр және одан жоғары қарағай мен балқарағайлар, 24 сантиметр және одан жоғары шырша ағаштары жарамды болады.
      Диаметрі 16-дан 20 сантиметрге дейінгі қарағай және балқарағайдың сау ағаштары, сондай-ақ диаметрі 20 сантиметр және одан жоғары айрықша нұқсан келген және әлсіреген ағаштар сөл ағызуға тек кесуге дейінгі екі жылда беріледі.
      Майқарағай шайырын дайындау үшін майқарағайдың сау ағаштары жарамды болады.

      14. Сөл ағызуға:
      1) оларды жойғанға дейінгі орман зиянкестері мен аурулары ошақтарындағы екпелер;
      2) өрттермен, зиянкестермен, аурулармен және басқа да қолайсыз факторлармен нұқсан келген және әлсіреген екпелер;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген ерекше қорғалатын орман учаскелері;
      4) ағаш тұқымы учаскелері, тұқымдық шоқ ағаштар, тұқымдықтар, артықшылығы бар ағаштар;
      5) арнайы сортименттерді дайындау үшін іріктелген ағаштар жатпайды.

      15. Орман иеленушілердің өтінімі бойынша сөл ағызуға:
      1) құрамында кемінде 3 түпқарағай бар екпелер;
      2) бонитеттің V-сыныбының қарағай екпелері;
      3) өз мақсатын орындаған қарағай тұқымдықтары мен шоқ ағаштар;
      4) басқа екпелер арасында орналасқан алаңы 2-3 га дейінгі қарағай екпелерінің шағын учаскелері берілуі мүмкін.
      Бұл екпелердің сөл ағызу мерзімі оларды кесуге беру мерзіміне байланысты белгіленеді және 10 жылдан аспауы тиіс.

      16. Шайыр дайындауды жүзеге асырушы орман пайдаланушылар сөл ағызу басталғанға дейін жылдар бойынша бөлу арқылы 10 жыл кезеңіне арналған сөл ағызу жоспарын жасап, оны орман иеленушімен келіседі.

      17. Орман иеленушілер ұзақ мерзімді орман пайдалану туралы шартқа және ағаш кесу жоспарына сәйкес алдағы сөл ағызу басталатын жылдың 1 наурызынан кешіктірмей кесілетін есептік кеспеағаштардың жылдық көлемі шегінде екпелерді сөл ағызуға шығару жоспарының жобасын жасайды.

      18. Сөл ағызуды жүргізетін орман пайдаланушылар сөл ағызуға екпелерді шығару жоспарының жобасымен танысып, қажет болған жағдайда екпелерді табиғи түрінде зерттеп, орман иеленушіге өзінің ескертулерін 1 мамырдан кешіктірмей хабарлайды.
      Орман иеленушілері сөл ағызуды жүргізетін орман пайдаланушының ескертулерін қарап, қажеттігіне қарай оны нақтылайды.
      Екпелерді сөл ағызуға шығару жоспарын ормандарды қорғау, күзету, молықтыру және орман пайдалану мәселелерімен айналысатын мемлекеттік орман мекемесінің басшысы бекітеді.

      19. Екпелерді сөл ағызуға шығарудың бекітілген жоспарына сәйкес орман иеленушілер оларды екпелерді сөл ағызуға беру акті бойынша (1-қосымша) сөл ағызуды жүзеге асыратын орман пайдаланушыға беруді сөл ағызу басталу жылының 1 қазанынан кешіктірмей жүргізеді. Беру актісіне сөл ағызуға берілетін екпелердің планшеттерінен көшірме қоса тіркеледі.
      Ормандарды қорғау, күзету, молықтыру және орман пайдалану мәселелерімен айналысатын мемлекеттік орман мекемелерінде сөл ағызуға жататын екпелерді есепке алу журналы (2-қосымша) жүргізіледі, онда екпелерді сөл ағызуға беру актісіне сәйкес тиісті жазбалар жасалады.

      20. Екпелерді сөл ағызуға шығару және оларды табиғи түрінде ресімдеу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2004 жылғы 2 наурыздағы N 32 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2755 болып тіркелген) Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштарды шығару және оларды бағалау нұсқаулығынасәйкес жүргізіледі. Қараңыз.V106704
      Мөлдек бағандарында орамның нөмірі, мөлдек нөмірі, мөлдек алаңы, сондай-ақ сөл ағызу басталған және аяқталған жыл көрсетіледі.

      21. Қысқа мерзімді сөл ағызу үшін алдағы 5-7 жылда кесуге жататын, ал ұзақ мерзімді сөл ағызуға алдағы 10 жылда кесуге жататын ағаштар шығарылады.

      22. Ағаш кесу билеті мен ұзақ мерзімді пайдалану туралы шартқа сәйкес жазып алынған кеспеағаштар пайдаланудың барлық мерзімінде сөл ағызуға беріледі және сөл ағызудың белгіленген мерзімі аяқталғаннан кейін ғана кесуге беріледі.
      Ағаш кесу билеті мен ұзақ мерзімді пайдалану туралы шартта көрсетілген белгіленген мерзім аяқталғанға дейін сөл ағызу жұмыстарын тоқтатуға, сондай-ақ кеспе ағаштарды сөл ағызудан мерзімінен бұрын алып қоюға тыйым салынады.

      23. Екпелерді сөл ағызудан мерзімінен бұрын алып қоюға екпелердің санитарлық жай-күйінің күрт нашарлауы немесе өрттердің кесірінен нұқсан келген жағдайларда ғана жол беріледі. Алып қоюды сөл ағызуды жүргізетін орман патологы мен орман пайдаланушы өкілінің қатысуымен орман иеленуші жасаған акт бойынша уәкілетті орган немесе облыстық атқарушы орган жүргізеді. Сөл ағызуды жүргізетін орман пайдаланушы өкілі келмеген жағдайда жасалған акт түпкілікті болып табылады.

      24. Орман мекемесі бойынша сөл ағызуға жататын екпелердің жалпы алаңы сөл ағызуды жүргізу мерзіміне байланысты жылдық есептік кеспеағаштардың еселігімен анықталады. Кеспеағаштарды (мөлдектерді) сөл ағызудан шығару мерзімі белгіленген сөл ағызу жылының соңғы жылымен анықталады.

      25. Сөл ағызу мерзімі қысқа мерзімді сөл ағызу үшін 5-7 жылға, ұзақ мерзімді сөл ағызу үшін - 10 жылға белгіленеді.

  4. Шайыр дайындау жөніндегі дайындық жұмыстары

      26. Дайындық жұмыстары - қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ететін жұмыстар: қауіпті (ілінген, құрғақ, кеуіп қалған, фито- және энтомо зиянкестермен нұқсан келген) ағаштарды жинау, ағаштардың жанынан жұмыс жасау үшін орындар тазарту, тілік салу үшін кедергі келтіретін бұтақшаларды кесу, сондай-ақ уақытша маңызы бар кірме жолдар салу, ағаш кесу құқығынсыз мөлдекке сөл ағызуға берілген екпелерді бөлу, сөл ағызу үшін жарамды ағаштарды таңдау, тіліктерді белгілеу, тіліктерді қызарту, тіліктерді сұлбалау, науалар өткізу, тілік жабдықтарын орнату.
      Сөл ағызуды жүргізетін орман иеленушілер ұзақ мерзімді пайдалану туралы шарт пен екпелерді сөл ағызуға беру актіне қол қойған сәттен дайындық жұмыстарын бастап жүргізеді.
      Науа жүргізуге және тілік жабдықтарын орнатуға сүректер жібігеннен кейінгі көктем мезгілінде ағаш кесу билетін алғаннан кейін жол беріледі.

      27. Негізгі өндірістік жұмыстар - арнайы жарақатты жаңа тіліктерді тұрақты енгізу, шайырлардың шығу үдеткіштерімен жаңа екпелерді өңдеу, науаларды тазарту арқылы шайырлар мен баррасты кезең-кезеңімен жинау, шайырлар мен баррасты ыдысына жинау және олардың орманда сақталуын ұйымдастыру, орманнан шайырлар мен баррасты тасымалдау, ыдысты өлшеу және маркілеу, шайырлар мен баррасты тұтынушыларына жөнелту.

      28. Қорытынды жұмыстар - ағаштардан тілік жабдықтарын алу, оны жөндеу және жинау, ал сөл ағызу мерзімі аяқталған кезде - тілік жабдықтарын жинап, оларды сақтау орнына тасымалдау, уақытша құрылыстарды жинау.
      Сөл ағызу жүргізетін орман пайдаланушылар сөл ағызу аяқталатын жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей барлық жұмыстарды бітіріп, кеспеағаштардағы тілік жабдықтарын жинауы тиіс.

  5. Қарағай, шырша, балқарағай және майқарағай
шайырын дайындау жөніндегі жұмыстарды
орындау тәртібі

      29. Ұзақ мерзімді орман пайдалану туралы шартқа сәйкес сөл ағызуды жүргізетін орман пайдаланушылар екпелерді сөл ағызуға беру актісіне қол қойған сәттен бастап екпелердің (делянкалардың) сөлін ағызу үшін шығарылған, ал қажет болған жағдайда олармен аралас жатқан алаңдарда дайындық жұмыстарын жүргізе алады:
      1) уақытша құрылыс салу;
      2) шайырлар үшін қоймалар;
      3) қоймалар және басқаларға өтетін кірме жолдар;
      4) ағаштарды кеспей-ақ литерге сөл ағызуға берілген кеспе ағаштарды (мөлдектерді) бөлу;
      5) ағаштар жанындағы жұмыстар үшін орындарды тазалау;
      6) тілік салуға кедергі келтіретін бұтақшаларды кесу;
      7) тіліктерді қызарту.
      Осы құрылыстармен кірме жолдарды төсеуді таза табиғи жаңартумен шоқ ағаштардың айналасында жүргізу қажет.

      30. Тілік жабдықтарын орнатуға көктем мезгілінде сүректер жібігеннен кейін жол беріледі. Ағаштарға метал шегелермен приемниктер бекітуге тыйым салынады.

      31. Жаңа тіліктер барлық өсу кезеңі бойы әдеттегідей сөл ағызу кезінде кемінде + 10 о  орташа тәуліктік температура, +12 о үдеткіш қолдану басталған кезде салынады.
      Қысқа мерзімді сөл ағызуға берілген екпелерге жаңа тілік сөл ағызудың бірінші жылының барлық кезеңіне бір рет кеуде биіктігінде діңнің айналысының 60% мөлшерінде қолданыстағы желілік жүктемемен жүргізіледі. Сөл ағызудың алдағы жылдарына жаңа тіліктер салу кезінде қоректік жолақтар енінің тұрақтылығы сақталады. Ұзақ мерзімді сөл ағызуға берілген екпелерге жаңа тіліктер тілік салудың әрбір екінші кезегі үшін сөл ағызудың бірінші жылының барлық кезеңіне бір рет кеуде биіктігінде діңнің айналысының 30-35% мөлшерінде қолданыстағы желілік жүктемемен жүргізіледі.
      Алдағы 4 жылда сөл ағызу қоректік жолақтар енінің тұрақтылығын сақтай отырып қосымша белгі салмай екі кезектегі сөл ағызудың алғашқы алты жылындағы тіліктердің үстінен тіліктер салудың 60-70% шегінде қолданыстағы желілік жүктемемен екі тілік салу арқылы жүргізіледі.

      32. Әрбір жалпақтық сатысы үшін тіліктердің ені тілікаралық жолақтар басталғанға дейін діңнің айналасы бойынша тіліктердің ұзындығымен анықталады. Тіліктердің енін ұлғайтуға жол берілмейді.
      Сөл ағызудың технологиялық кестелерінде көзделген (8 және 9-қосымшалар) мөлшерге қарсы тіліктердің ұзындығын ұлғайтуға жол берілмейді.

      33. Тіліктер тілікаралық жолақтардың ені бірдей болатындай етіп діңді айнала орналастырылады. Егер тіліктерді тегіс орналастыру мүмкін болмаса, тілікаралық жолақтың ең төменгі ені 10 сантиметрден кем болмауы тиіс.

      34. Ағаштардағы тілікаралық жолақтардың жалпы ені, әрбір тіліктің ені және тіліктердің саны қысқа мерзімді шайыр ағызу үшін 1-қосымшада, ал ұзақ мерзімді шайыр ағызу үшін осы Ережеге 2-қосымшада келтіріледі.

      35. Қарағай екпелерінен сөл ағызуды жүргізу кезінде шайыр ағызу үдеткіштері ретінде тек сульфит-спирт бардасы мен сульфит-дрож бражкасын пайдалануға рұқсат етіледі. Күкірт қышқылын пайдалануға болмайды.

      36. Сульфит-спирт бардасы мен сульфит-дрож бражкасын барлық шайыр ағызу мерзімінің ұзақтығында +12 о  температурасы кезінде үлес салмағы 1,1 кем болмайтын су ерітіндісі түрінде пайдалануға рұқсат етіледі.
      Шайырды шығару үдеткіштері оларды қолдану жөніндегі нұсқаулыққа қатаң сәйкестікте қолданылуы тиіс.

      37. Химиялық әсері жоқ тіліктердің арасында үзіліс сульфит-спирт бардасын күнтізбелік 3,5 күнде және сульфит-дрож бражкасын (су ерітіндісін) күнтізбелік 3,5 күннен 4 күнге дейін қолдана отырып қолданылады.

      38. Жаңа тілік қадамының мөлшері, оның тереңдігі осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

      39. Өз мақсатын орындаған тұқымдықтар, тұқым жолақтары және шоқ ағаштар шайыр ағызу үдеткішін пайдалана отырып, қысқа мерзімді сөл ағызудың (5-7 жыл) барлық кезеңінде немесе ұзақ сөл ағызу кезінде соңғы 4 жылда тартылады.

      40. Сөл ағызу барлық орман пайдаланушылар үшін міндетті болып табылатын технологиялық кесте бойынша жүргізілуі тиіс.

      41. Шырша екпелерінің сөл ағызу ұзақтығы 3 жыл.
      Жаңа тіліктер барлық өсу кезеңі бойы әдеттегідей сөл ағызу кезінде кемінде +7 о  орташа тәуліктік температура кезінде жаңартылады.

      42. Шайыр шығару үдеткіші ретінде барлық сөл ағызу кезеңінің ішінде тиісінше 0,25 және 5,0 % аспайтын қоспа мөлшерінде азықтық ашытқының экстрактын немесе тұнбасын қолдануға рұқсат етіледі.

      43. Шырша ағаштарының сөлін ағызу кезінде жарақаттың көлемі: жаңа тіліктердің тереңдігі 2 миллиметрден аспауы, науа тереңдігі 4 миллиметрден аспауы тиіс. Тіліктердің қадамы 50 миллиметрден аспауы тиіс, тілік бұрышы 30-40 о .
      Тілікаралық жолақтың жалпы ені және тіліктердің саны 4-қосымшаға сәйкес орындалады.

      44. Шыршаның сөлін ағызу үдемелі тәсілмен жүргізіледі, маусымына 80 сантиметр биіктіктен бастап 7 күннен 14 күнге дейін жаңа тіліктер салу кезеңі кезінде 12-ден аспайтын жаңа тіліктер салынады. Діңнің биіктігі кезінде маусымдағы тіліктердің шығысы 55 сантиметрден, тілікаралық өлшем (маңдайша) 10 сантиметрден аспауы тиіс.

      45. Шырша екпелерінің сөлін ағызу аяқталғаннан кейін дереу кесуге кірісу қажет.

      46. Балқарағай екпелерінің сөлін ағызу ұзақтығы 3 және 5 жыл. Жаңа тіліктер барлық өсу кезеңі бойы әдеттегідей сөл ағызу кезінде кемінде +10 о  орташа тәуліктік температура кезінде салынады.

      47. Сөл ағызудың барлық мерзімі бойы үдеткіш ретінде үдеткіштің 1 литр жұмыс ерітіндісіне 10 грамм қайнатылған тұзды қоса отырып тиісінше 0,25 және 5,0% аспайтын қоспа мөлшерінде азықтық ашытқының экстрактын немесе тұнбасын қолдануға рұқсат етіледі.

      48. Балқарағай ағаштарының сөлін ағызу кезінде жарақаттың көлемі: жаңа тіліктердің тереңдігі 5 миллиметрден аспауы, науа тереңдігі 4 миллиметрден аспауы тиіс. Тіліктердің қадамы 50 миллиметрден аспауы тиіс, тілік бұрышы 30-40 миллиметр.
      Ағаштардағы тілікаралық жолақтың жалпы ені және тіліктердің саны осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес орындалады.

      49. 3 жылғы сөл ағызу кезіндегі тіліктер әр қабаттың арасы 5 сантиметр болатындай екі қабат етіп орналастырылады, жаңа тіліктер екі қабатқа да бір уақытта: үстіңгісіне - үдемелі, ал төменгісіне - бәсеңдеу тәсілімен салынады. Төменгі қабатқа тіліктер бірінші жылы 150 сантиметр биіктігінде салынады, жаңа тіліктер салу кезеңі күнтізбелік 21 күннен кем болмауы тиіс, ал діңнің жоғарғы қабатын пайдалану әр қабатта жылына 25 сантиметрден аспауы тиіс.
      5 жылдық сөл ағызу кезінде сөл ағызудың барлық кезеңі бойы үдемелі тәсілді қолдану көзделеді. Тілікаралық өлшем - 5 сантиметр. Тіліктер 80 сантиметр биіктікте (тіліктің төменгі шекарасы) салынады. Жаңа тіліктер салу кезеңі 14 күн, сөл ағызу үшін жылдық пайдалану діңнің жоғары бетінен 40 сантиметрден аспайды.

      50. Майқарағайдың сөл ағызу ұзақтығы бір жыл. Майқарағай шайыры майқарағай қабығындағы дөңес жерлерді тесу жолымен дайындалады. Шайыр дайындауды + 16 о  температурасы кезінде жылы құрғақ күндері діңнің төменгі және орта бөлігінде жүргізеді. Шайырларды майқарағайдың жаңа кесілген діңдерінен де дайындау мүмкін. Бұл жағдайда ол шайырдың дөңес орындары бар діңнің барлық биіктігінде жүргізілуі мүмкін.

      51. Майқарағай шайырын алу үшін дөңестің төменгі бөлігін шайыр жинайтын ыдысқа қойылған металл түтіктің үшкір ұшымен теседі, содан соң дөңестен шайырды сығады. Дөңесті тесуді жеңілдету мақсатында ағаштың сыртқы ескі, қатты қабығын пышақпен немесе басқа да үшкір затпен (жонғышпен) жоюға рұқсат етіледі. Қабықты тазалау және дөңесті кесу кезінде шелқабыққа нұқсан келтіруге болмайды.

      52. Белгілі бір екпелерден шайырды қайта дайындау 5 жылдан ерте жүргізілмеуі мүмкін.

  6. Ағаш сөлін дайындау

      53. Ағаш (қайың) сөлін дайындау басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге жататын пісіп-жетілген және жасамыс ағаштар учаскелерінде 5 жылдан ерте емес мерзімде жүргізіледі.

      54. Ағаш сөлін дайындауды жүзеге асыратын орман пайдаланушылар жұмыс басталғанға дейін қайың екпелерін кесу жоспарымен байланыстырылатын жылдар бойынша бөлу арқылы пайдалану кезеңіне ағаш сөлін дайындау (қайың екпелерінің сөлін ағызу) жоспарын жасауы міндетті.

      55. Сөл дайындау (қайыңның сөлін ағызу) орындарын шығаруға дайындық осы Ереженің 26-36-баптарында көрсетілген жұмыстарға ұқсас жүргізіледі. Қайың екпелердің сөлін ағызуға ағаш кесу билетін алғаннан кейін рұқсат етіледі.

      56. Қайың сөлін ағызу үшін бір гектарда кемінде 200 дана ағаш саны бар бонитеттің І-ІІІ-сыныптарының сау орман учаскелері іріктеледі. Сөл ағызуға диаметрі кеуде биіктігінен 20 сантиметрден аспайтын ағаштар жіберіледі.

      57. Сөл ағызуға іріктелген ағаштардың тамыры бөлігінде тамыр мойнынан 35-50 сантиметр биіктікте мынадай мөлшердегі ағаш диаметріне байланысты сөл ағызу саңылауларының орындары белгіленеді:
      1) 20-26 сантиметр диаметрінде - 1 саңылау;
      2) 27-34 сантиметр диаметрінде - 2 саңылау;
      3) 35 және одан жоғары - 3 саңылау.
      Каналдарды бұрғылау алдында қатты қабықтардың бір бөлігін шелқабыққа нұқсан келтірмей жоңғымен немесе балтамен алады. Каналдар бірнеше бағытта сөлдің жақсы ағуы үшін сөл ағызу басталғаннан кейін бұрғымен бұрғыланады. Канал диаметрі 1 сантиметр, тереңдігі - 2 сантиметрге дейін (қабықтың қалыңдығы есептелмейді). Сөл бөлетін ағын үшін науа белгіленеді, оның астына сөл қабылдағыштар орналастырылады.

      58. Сөл ағызу маусымы аяқталғаннан кейін науалар алынады, ал саңылаулар ағаш тығынмен жабылады және ағаштардың ауруын алдын алу үшін бақ нұмы, бақ замазкасы немесе әк балшықпен сыланады.

      59. Сөл ағызудың келесі маусымында жаңа саңылаулар еккі саңылаудан 20 сантиметрден кем болмайтын арақашықтықта бұрғыланады.

      60. Қайың сөлін алу үшін қайың екпелерінің жаңа дайындалған ағаш кеспелерінің түбірін пайдалануға болады.

  7. Екінші дәрежелі ағаш ресурстарын дайындау

      61. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өнеркәсіптік қайта өңдеу және халықтың мұқтаждығын қанағаттандыру үшін екінші дәрежелі ағаш ресурстарын дайындау орманға нұқсан келтірмейтіндей және ұзақ мерзімді орман пайдалану туралы шарт негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

      62. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сазда өсетін ағаштардың қабығы мен бұтақтарын ағаш кесуді жүргізу тәртібімен кесілген ағаштардан ғана дайындауға болады.
      Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қурап қалған және дымқыл ағаштардың қабығын дайындау рұқсат құжатын алғаннан кейін барлық мемлекеттік орман қоры аумақтарында жүргізілуі мүмкін.
      Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өру үшін бұтақтар, сондай-ақ сыпыртқылар, сыпырғыштар және басқа да қосалқы заттар дайындау ағаш кесу ережелерімен анықталған тәртіппен өсіп тұрған ағаштардан дайындалады.

      63. Кеспеағаштардан дайындалған бұтақ өнімдері мен қабықтарды жинау өрт қауіпсіздігі шараларын сақтай отырып волоктар мен жолдар бойы алаңқай жерлер немесе жас өскіндерден бос ашық кеңістіктерде жүргізіледі.

      64. Айрықша жағдайларда алдағы 2 жылда кесу үшін шығарылатын пісіп-жетілген және жасамыс екпелердегі өсіп тұрған ағаштардан қайыңтоз дайындауға болады.

      65. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қурап қалған және дымқыл ағаштардың қабығын дайындау рұқсат құжатын алғаннан кейін барлық мемлекеттік орман қоры аумақтарында жүргізілуі мүмкін.

      66. Қабықтар мен түбірлерді (қарағайдың түбірлі шырынын) дайындау жаңартудың болар-болмас мөлшерінде кесуге орман ағаштарын тұтастай кесу жүргізілгеннен кейін жіберіледі. Содан соң орманда жасанды түрде молайту талап етіледі.
      Іріктеп ағаш кесу жүргізу кезінде ағаштың түбірімен тамырын жұлуға жол берілмейді.

      67. Жапырақтар мен бүршіктерді дайындау олардың дер кезінде молығуын қамтамасыз ететін көлемінде ағаштардың кесілген орман ағаштары сияқты өсіп тұрған ағаштарында да жүргізіледі.
      Дәрі-дәрмектік мақсатта пайдаланылатын өсіп тұрған ағаштардан жапырақтар мен бүршіктер дайындау (жинау) мерзімдері мен оның тәртібі ұзақ мерзімді орман пайдалану туралы шартпен, осы ережелермен анықталады және екпелердің жай-күйіне теріс әсер етпеуі тиіс.

      68. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өру үшін бұтақтар, сондай-ақ сыпыртқылар, сыпырғыштар және басқа да қосалқы заттарды дайындау өсіп тұрған ағаштардан жүргізіледі.

                                          Мемлекеттік орман қоры
                                         учаскелерінде шайыр, ағаш
                                         сөлін және екінші дәрежелі
                                         ағаш ресурстарын дайындау
                                            ережесіне 1-қосымша

___________________________________________________________________
 Кеуде биіктігіндегі|      Қысқа мерзімді шайыр ағызу (5-7 жыл)
тіліктердің қалыңдық|______________________________________________
сатысы, сантиметрмен|жалпы ені, сантиметр | Ағаштағы тіліктердің
                    |_____________________|       саны, дана
                    |тілікаралық|  әрбір  |
                    | жолақтар  | тіліктер|
___________________________________________________________________
      20                   25       38                   1
      24                   30       45                   1
      28                   32       56                   1
      32                   44       56                   1
      36                   41       36                   2
      40                   54       36                   2
      44                   50       44                   2
      48                   63       44                   2
      52                   53       55                   2
      56                   66       55                   2
      60                   78       55                   2
 60-тан астам                     ағаштың диаметріне тең
___________________________________________________________________

                                          Мемлекеттік орман қоры
                                         учаскелерінде шайыр, ағаш
                                         сөлін және екінші дәрежелі
                                         ағаш ресурстарын дайындау
                                            ережесіне 2-қосымша

___________________________________________________________________
Кеуде биіктігіндегі |      Ұзақ шайыр ағызу - 10 жыл
тіліктердің қалыңдық|______________________________________________
сатысы, сантиметрмен|І-кезек (1-3 жыл).| ІІ-кезек   |Алдағы жылдар
                    |30-35 % жүктемемен| (4-6 жыл). |(7-10 жылдар).
                    |бір тілікпен шайыр|  30-35 %   |60-70 % қолда-
                    |       ағызу      | жүктемемен |ныстағы жүкте-
                    |                  | бір тілік- |мемен екі ті-
                    |                  | пен шайыр  |лік арқылы
                    |                  |   ағызу    |шайыр ағызу
                    |______________________________________________
                    |                Жалпы ені, см
                    |______________________________________________
                    |тілікара- |тілік- |тілі- |тілі-|Тіліка-|тілік-
                    |лық жолақ,|тер,   |кара- |ктер,|ралық  |тер,
                    |сантиметр |санти- |лық   |сан- |жолақ, |санти-
                    |          | метр  |жолақ,|ти-  |санти- |метр
                    |          |       |санти-|метр |метр   |
                    |          |       |метр  |     |       |
___________________________________________________________________
          20             44        19      25    19     25     19
          24             53        22      31    22     31     22
          28             60        28      32    28     32     22
          32             72        28      44    28     44     28
          36             77        36      41    36     44     28
          40             89        36      53    36     53     36
          44             94        44      50    44     50     44
          48             106       44      62    44     62     44
          52             108       55      53    55     53     55
          56             121       55      66    55     66     55
          60             134       55      78    55     78     55

    60 жоғары        Ағаш диаметрінің  Ағаш диаметрі- Ағаш диаметрі-
                      жартысына тең    нің жартысына  нің жартысына
                                             тең            тең
___________________________________________________________________

                                          Мемлекеттік орман қоры
                                         учаскелерінде шайыр, ағаш
                                         сөлін және екінші дәрежелі
                                         ағаш ресурстарын дайындау
                                            ережесіне 3-қосымша

___________________________________________________________________
 Тіліктің тәсілдері | Жаңа тілік қадамы,|   Тіліктің тереңдігі,
                    |    сантиметр      |       сантиметр
___________________________________________________________________
Химиялық әсер етпей        1,2-1,5*                0,2-0,6
сульфит-спирт бардасы      1,2-2,0*                0,2-0,6
мен сульфит-ашытқысын
қолдана отырып
___________________________________________________________________

       * Ескерту : Екінші сандар жас тілік қадамының ең көп мөлшерін
білдіреді, оның артуына жол берілмеуі тиіс.

                                          Мемлекеттік орман қоры
                                         учаскелерінде шайыр, ағаш
                                         сөлін және екінші дәрежелі
                                         ағаш ресурстарын дайындау
                                            ережесіне 4-қосымша

___________________________________________________________________
1,3 м, см биіктіктегі|Ағаштағы тіліктер |Тілікаралық жолақтың жалпы
 қабықтағы қалыңдық  |    саны, дана    |      ені ең кемінде,
сатысы, сантиметрмен |                  |       сантиметрмен
___________________________________________________________________
           1                   2                     3
           20                  -                     -
           24                  1                     40
           28                  1                     45
           32                  1                     50
           36                  2                     55
           40                  2                     65
           44                  2                     70
           48                  2                     75
           52                  2                     80
           56                  3                     85
           60                  3                     95
           64                  3                     100
___________________________________________________________________

       Ескерту:  Тілікаралық жолақтар діңнің сау бөлігіне ғана
салынады. Тіліктер діңді айналдыра тең салынады. Тіліктерді тең
орналастыру мүмкін болмаған жағдайда ең тар жолақ 10 сантиметрден
кем болмауы тиіс. Еңісі бар ағаштарда тілікаралық жолақтар еңіс
жағына және қарама-қарсы жағдайда ағашта екі тілік болған кезде
қалдырылады.

                                          Мемлекеттік орман қоры
                                         учаскелерінде шайыр, ағаш
                                         сөлін және екінші дәрежелі
                                         ағаш ресурстарын дайындау
                                            ережесіне 5-қосымша

___________________________________________________________________
1,3 м, см биіктіктегі|Ағаштағы тіліктер |Тілікаралық жолақтың жалпы
 қабықтағы қалыңдық  |    саны, дана    |      ені ең кемінде,
сатысы, сантиметрмен |                  |       сантиметрмен
___________________________________________________________________
           1                   2                     3
           20                  1                     15
           24                  1                     15
           28                  1                     20
           32                  1                     20
           36                  2                     25
           40                  2                     25
           44                  2                     25
           48                  2                     30
           52                  2                     35
           56                  2                     35
           60                  2                     40
           64                  3                     40
___________________________________________________________________

       Ескерту:  Тілікаралық жолақтар діңнің сау бөлігіне ғана
салынады. Тіліктер діңді айналдыра тең салынады. Тіліктерді тең
орналастыру мүмкін болмаған жағдайда ең тар жолақ 10 сантиметрден
кем болмауы тиіс. Еңісі бар ағаштарда тілікаралық жолақтар еңіс
жағына және қарама-қарсы жағдайда ағашта екі тілік болған кезде
қалдырылады.

                                          Мемлекеттік орман қоры
                                         учаскелерінде шайыр, ағаш
                                         сөлін және екінші дәрежелі
                                         ағаш ресурстарын дайындау
                                            ережесіне 6-қосымша

                  Екпелерді сөл ағызуға беру
                              АКТІСІ
                    "___"________ 200__ж .

___________________________________________________________________
 (орман мекемесі мен орман шаруашылығын басқару органының атауы)
_____________________________________________________________атынан
       (орман мекемесі өкілінің лауазымы, тегі, аты-жөні)
сөл ағызу үшін ____________________________________________________

200__ж "___"_______ N ___ сенімхат негізінде әрекет ететін
___________________________________________________________________
    (сөл ағызуды жүргізетін орман пайдаланушының атауы, лауазымы,
                            Т.А.Ж.)
өкіліне мынадай екпелерді берді:
___________________________________________________________________
Орман-| Орам |Телім | Орман |Мөлдек|Алаңы,| Орман |Екпе-|Сөл ағызу
шылық |нөмірі|нөмірі|қорының|нөмірі|гектар| орна- |нің  | мерзімі
      |      |      |санаты |      |      |ластыру|құ-  |__________
      |      |      |       |      |      |матери-|рамы |бас- |аяқ-
      |      |      |       |      |      |алдары |     |талуы|та-
      |      |      |       |      |      | бойы  |     |     |луы
      |      |      |       |      |      | жасы, |     |     |
      |      |      |       |      |      |  жыл  |     |     |
___________________________________________________________________
   1      2      3       4      5      6     7       8      9   10
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

кестенің жалғасы
___________________________________________________________________
  Ұзақ  | Ағаш |Сөл ағызуға|Сөл ағызуға |  Беру шарты  |Ескерту
мерзімді| кесу |  жататын  | жатпайтын  |              |
 пайда- |тәсілі| ағаш саны | ағaш саны  |              |
 лануға |      |           |            |              |
 жатады |      |           |            |              |
___________________________________________________________________
    11     12         13         14             15           16
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Тапсырдым   ________________     ___________________
                       (қолы)                (Т.А.Ж.)

      Қабылдадым  ________________     ____________________
                       (қолы)                 (Т.А.Ж.)

                                          Мемлекеттік орман қоры
                                         учаскелерінде шайыр, ағаш
                                         сөлін және екінші дәрежелі
                                         ағаш ресурстарын дайындау
                                            ережесіне 7-қосымша

             Сөл ағызып тұрған екпелерді есепке алу
                              КІТАБЫ

___________________________________________________________ бойынша
 (орман мекемесі мен орман шаруашылығын басқару органының атауы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________берілген
   (сөл ағызуды жүргізетін орман пайдаланушының атауы)

___________________________________________________________________
Орман-| Орам |Телім | Орман |Мөлдек|Алаңы,|Орман орна-|Орман орна-
шылық |нөмірі|нөмірі|қорының|нөмірі|гектар|ластыру ма-|ластыру ма-
      |      |      |санаты |      |      |териалдары |териалдары
      |      |      |       |      |      |бойынша ек-| бойынша
      |      |      |       |      |      |пенің жасы,| екпенің
      |      |      |       |      |      | жылжасы,  | құрамы
      |      |      |       |      |      |    жыл    |
___________________________________________________________________
   1      2      3       4      5      6         7            8
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

кестенің жалғасы
___________________________________________________________________
 Екпе  | Ағаш кесу|     Сөл ағызуға берілді       |  Акт бойынша
боните-|  тәсілі  |_______________________________|ерекше белгілер
тінің  | (тұтас,  | Акт  | Ағаш кесу | сөл ағызу  |
сыныбы |біртіндеп,|нөмірі| билетінің |мерзімі, жыл|
       | іріктеп) | және |нөмірі және|____________|
       |          |беріл-| берілген  |баст-|аяқ-  |
       |          | ген  |   күні    |алуы |талуы |
       |          | күні |           |     |      |
___________________________________________________________________
   9       10        11         12      13     14          15
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Мемлекеттік орман қоры   
учаскелерінде шайыр, ағаш  
сөлін және екінші дәрежелі 
ағаш ресурстарын дайындау 
ережесіне 8-қосымша     

Қарағай екпелерінен ұзартылған сөл ағызу
жолының технологиялық схемасы

Схеманың суретін қағаз мәтіннен қараңыз

       Ескерту: ортадағы сандар тіліктің шекарасын, оң және сол жақтағы сандар - сөл ағызу жылдарын білдіреді.

Мемлекеттік орман қоры   
учаскелерінде шайыр, ағаш  
сөлін және екінші дәрежелі 
ағаш ресурстарын дайындау 
ережесіне 9-қосымша     

Қарағай екпелерінен қысқартылған сөл ағызу
жолының технологиялық схемасы

Схеманың суретін қағаз мәтіннен қараңыз

      Сөл ағызу 50 сантиметр биіктікте басталады және барлық кезең бойы үдемелі тіліктермен жүргізіледі.
       Ескерту: Сол жақтағы сандар тіліктің шекарасын, ортадағы сандар - сөл ағызу жылдарын білдіреді.