Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспе ағаштарын бөлу және бағалау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2004 жылғы 2 наурыздағы N 32 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 20 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2755. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 18 қарашадағы № 719 Бұйрығымен.

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Сарыарқа-Даму" өндірістік-құрылыс компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігін Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру үшін сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар, 2004 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен Астана қаласындағы "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесінің қызметтік үй-жайларын күрделі жөндеу жөніндегі тауарларды, жұмыстарды және қызметтер көрсетуді беруші болып белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі бір ай мерзімде белгіленген тәртіппен:
      1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесін Алматы қаласынан Астана қаласына көшіруді;
      2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесінің қызметтік үй-жайларын күрделі жөндеу үшін бөлінген қаражаттың оңтайлы әрі ұтымды жұмсалуы қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 3, 4-тармақтарын орындауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі