Балық ресурстарын және басқа да су жануарлары түрлерін пайдалануға биологиялық негіздеме әзірлеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 8 қарашадағы N 106-п бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 4 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3245

Қолданыстағы

     "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса берілген балық ресурстарын және басқа да су жануарлары түрлерін пайдалануға биологиялық негіздеме әзірлеу Ережесі бекітілсін.
     2. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және реттеу басқармасы (Сыздықов Н.Н.) осы бұйрықты Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары назарына жеткізсін.
     3. Бұйрықтың орындалуына бақылау Комитет төрағасының Бірінші орынбасары Р.Ф.Сүлеймановқа жүктелсін.
     4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Балық шаруашылығы комитетінің
2004 жылғы 8 қарашадағы    
N 106-п бұйрығына қосымша   

Балық ресурстарын және басқа да су жануарлары түрлерін
пайдалануға биологиялық негіздеме әзірлеу ережесі

1. Жалпы ережелер

     1. Осы балық ресурстарын және басқа да су жануарлары түрлерін пайдалануға биологиялық негіздеме әзірлеудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және балық ресурстарын және басқа да су жануарлары түрлерін (бұдан әрі - су жануарлары) пайдалануға биологиялық негіздеме әзірлеудің тәртібін айқындайды.

     2. Биологиялық негіздеме - су жануарларын пайдалануға немесе су жануарларымен олар мекендейтін ортаға ықпал ететін шаруашылық және өзге қызметке ғылыми негізделген қорытынды.

     3. Биологиялық негіздеме әзірлеу мынадай жағдайлар мен мақсаттарда жүзеге асырылады:
     1) су жануарлар түрлерін санаттарға жатқызу және оларды жануарлар дүниесінің бір санатынан басқасына көшіру;
     2) су жануарларын алудың жол берілетін шекті көлемін айқындау;
     3) су жануарларының санын реттеу;
     4) су жануарларын интродукциялау және будандастыру;
     5) су жануарларын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды белгілеу;
     6) күрделі және биологиялық балық шаруашылық мелиорация жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;
     7) шаруашылық және өзге қызметтің су жануарларымен олар мекендейтін ортаға әсерін айқындау.

2. Биологиялық негіздеме әзірлеу

     4. Биологиялық негіздеме су жануарларының өткен жылғы санын есепке алу, су жануарлар дүниесі объектілерінің, олар мекендейтін ортаның мониторингі және басқа ғылыми зерттеулер материалдарының негізінде әзірленеді.

     5. Биологиялық негіздемеде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
     1) биологиялық негіздеме әзірлеудің мақсаты;
     2) су жануарларының атауы және олардың санаты;
     3) су жануарлары туралы жалпы мәліметтер (су жануарлары қорының жай-күйі, санының өсуі, биологиясының негізгі ерекшелігі);
     4) су объектісінің қызметті жүзеге асыруды көздейтін шектегі сипаттамасы;
     5) су жануарларының өткен жылғы жай-күйі туралы мәліметтер;
     6) есепке алу тәсілдері, есепке алу қамтылған алаң және есептеу әдісі;
     7) мекендейтін ортаның жай-күйі туралы ақпарат (су тоғанының гидрологиялық, гидрохимиялық, гидробиологиялық сипаттамасы);
     8) су жануарларын ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде пайдалану туралы мәліметтер;
     9) болжамды алу (әсер ету) дәрежесі және оның су жануарлары жай-күйіне әсер етуін болжау (оңтайлы рұқсат етілген аулау есебі);
     10) биологиялық негіздеменің мақсаттарын негіздеу үшін қажетті басқа да мәліметтер.
     Қажет кезде, биологиялық негіздемеге диаграммалар, кестелер, картосхемалар және басқа анықтамалық-ақпараттық материалдар қоса тіркеледі.

     6. Биологиялық негіздемені әзірлеу (тиісті құжаттармен растайтын) кәсіптік біліктілігі бар ғылыми-зерттеу және басқа ұйымдармен жүзеге асырылады.

     7. Биологиялық негіздеме жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органға ұсынылады.

3. Биологиялық негіздемені оның мақсатына және су
жануарларының санатына орай әзірлеу ерекшеліктері

     8. Биологиялық негіздемені осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа, су жануарларының санатына орай әзірлеген кезде мынадай қосымша мәліметтер келтіріледі:
     1) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері - саны, зерделену дәрежесі жөніндегі көп жылғы деректер;
     2) балық аулау объектілері болып табылатын су жануарларының түрлері - балық шаруашылығы су тоғандары (учаскелері) (балық шаруашылығының санаты, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрі, балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерінің) резервтік қоры), объектінің шаруашылық мәні, пайдалану түрі (кәсіпшілік, спорттық-әуесқойлық, коллекциялық және ғылыми және өзге де мақсаттарда) және су тоғандарының (учаскелерінің) балық өнімділігі туралы ақпарат;
     3) су жануарларының аңшылық пен балық аулаудан басқа, басқа да шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын түрлері - объектінің шаруашылық мәні және популяцияның лимиттелу факторының болуы;
     4) қоршаған ортаға зиянды болдырмау, балық шаруашылық қызметіне елеулі зиян келтірілу қаупінің алдын алу мақсатында саны реттеуге жататын жануарлар түрі - объектінің шаруашылық мәні, зиян келтірудің ықтимал дәрежесі, келтірілген зиян.

     9. Балық аулау объектілері болып табылатын жануарларды пайдалануға биологиялық негіздеме әзірлеген кезде, су жануарларын алудың жол берілетін шекті көлемін айқындау үшін популяцияның өсімін болжау әдісі пайдаланылады. Кейіннен, әрбір жекелеген балық шаруашылықтарында су жануарларын аулаудың көлемін өткен жылғы сандық есеп материалдары мәліметіне, су жануарлары объектілерінің және олардың мекендейтін ортаның мониторингіне, климаттық және әлеуметтік фактор деректеріне арналған түзетумен түзету қажет.
     Халықаралық және республикалық маңыздағы балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерінде) мекендейтін балық аулау объектілері болып табылатын су жануарларын пайдалануға биологиялық негіздеме әзірлеу әрбір су тоғаны мен олардың түр құрамын көрсету бойынша ғылыми ұйымдармен жыл сайын дайындалады.

     10. Арнайы пайдалану кезінде су жануарларын алудың жол берілетін шекті көлемін есептеу әрбір су тоғаны мен су жануарларын пайдаланушылар үшін, биологиялық сан алуандыққа және балық шаруашылығына ықтимал зиянды ескере отырып, популяцияның динамикасы мен мекендеу ортасының өзгеру үрдісін зерделеудің объективті көп жылдық деректері негізінде бөлек жүргізіледі.

     11. Жерсіндіру, интродукция мен будандастыруға биологиялық негіздеме әзірлеген кезде оның мақсаттары көрсетіледі, түрдің өткен және қазіргі ареалы, интродукция аумағында мекендейтін басқа түрлермен ықтимал өзара қатынас, интродукцияланатын түрлермен өзара әсерді болжау, биотехникалық жұмыс жүргізу жөнінде ұсыным (орналастыру материалдарын алған орын, даму сатысы ауыстыру жүргізу мерзімі және басқа да), аумақтың табиғат қорғау мәртебесі туралы мәліметтер келтіріледі.

     12. Шаруашылық және өзге қызметтің жануарлар дүниесі объектілері мен олар мекендейтін ортаға әсерін айқындаған кезде мекендейтін ортаның болжамды сипаты мен өзгеру дәрежесі, әсер ету мерзімі, теріс әсерді азайту үшін ұсынылған өтемақы шаралары, әр түрлі түрлер мен түрлердің жүйелік топтарына әсерді сараптамалық бағалау туралы мәліметтер келтіріледі.