РҚАО-ның ескертуі!
2011.01.01 бастап бұйрықтың күші жойылады - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010.09.30 № 442 бұйрығымен.
"Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы", "Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы", "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1182 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және бекiту және Мемлекеттiк органдардың еңбек қауiпсiздiгi және қорғау жөнiндегi салалық нормативтердi әзiрлеу мен бекiту Ережелерiне сәйкес, Азаматтық авиация ұйымдары мен автомобиль шаруашылықтарының арнаулы және мамандандырылған көлiк қызметтерiндегi еңбек қауiпсiздiгiн, техника қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН: Қараныз K070000251, P070000721
1. Қоса берiлiп отырған Азаматтық авиация ұйымдары мен автомобиль шаруашылықтарының арнаулы және мамандандырылған көлiк қызметтерiндегi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi төрағасының орынбасары Б.М.Наурызәлиевке жүктелсiн.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшіне енеді.
Төраға
"Келiсiлген"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау вице-Министрі
__________________________
2004 жылғы "__" __________
"Келiсiлген"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
__________________________
2004 жылғы "__" __________
"Келiсiлген"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің төрағасы
__________________________
2004 жылғы "__" __________
"Келiсiлген"
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар
министрлігі Көліктік
бақылау комитетінің төрағасы
__________________________
2004 жылғы "__" __________
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрлігінің Азаматтық
авиация комитеті төрағасының
2004 жылғы 19 қарашадағы
N 230 бұйрығымен бекітілген
Азаматтық авиация ұйымдарының арнаулы және
мамандандырылған көлік және автомобильдік
шаруашылықтарындағы еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау жөніндегі ереже
1. Азаматтық авиация ұйымдарының арнайы және мамандандырылған көлік және автомобильдік шаруашылықтарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі осы Ереже (әрі қарай - Ереже) азаматтық авиация ұйымдарының және авиациялық кәсіпорындардың автомобильдік шаруашылықтарында және әуекәсіпорындардың (әрі қарай - АА ұйымы немесе әуекәсіпорын) арнайы және мамандандырылған көлік қызметтерінде (әрі қарай - АКҚ) жұмыс атқарған кезде еңбек қауіпсіздігі, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария бойынша негізгі талаптарды белгілейді, қауіпсіз еңбек жағдайларының сақталуына бағытталған және АА барлық ұйымдарына, олардың ұйымдастырушылық-құқықтық түріне қарамастан, міндетті.
2. Әуекәсіпорындардың АКҚ-де осы Ережеден басқа, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтік құқықтық актілердің талаптарын, басқа да нормативтік-техникалық құжаттарды басшылыққа алу қажет.
3. Осы Ереженің мақсаты, АА ұйымдарында жұмыс істейтіндерге аэродромдарды, сонымен қатар АКҚ-де қолданылатын жалпы қолданысқа арналған механизмдер мен автомобильдерді эксплуатациялық ұстау және әуе кемелеріне (әрі қарай - ӘК) техникалық және коммерциялық қызмет көрсетуге арналған арнайы және мамандандырылған машиналарды (әрі қарай - арнайы машиналар) пайдаланған кезде, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету.
4. Осы Ереженің және арнайы машиналарды, автомобильдерді және жалпы қолданысқа арналған механизмдерді пайдаланатын бөлімшелердің қызметіне қатысты басқа да нормативтік-техникалық құжаттардың негізінде АА ұйымдарында, АКҚ-де атқарылатын жұмыс, жабдықтың ерекшеліктері, өндірістің спецификасы есепке алынып, әр бір бөлек мамандыққа (жұмысқа, операцияға) еңбек қауіпсіздігі бойынша ішкі нұсқаулар әзірленуі мүмкін.
1 бөлім. Жұмысшылардың білімін тексеру
және кәсіптік іріктеуге қойылатын талаптар
5. АКҚ жұмысшылары (оның ішінде арнайы машиналардың жүргізушілері), еңбекті қорғау жөніндегі нұсқамалық өткеннен кейін ғана жұмысқа кірісуге рұқсат алады.
6. Әуекәсіпорынның әкімшілігі, мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес, жұмысшыларды жұмыстың қауіпсіз әдістеріне үйретуді және нұсқамалықтарды уақытында өткізілуін қамтамасыз етеді.
7. Нұсқамалық және оқыту әуекәсіпорындардың арнайы көлік қызметінің жұмысына қатысты нормативтік құқықтық актілердің және басқа да нормативтік-техникалық құжаттардың негізінде, сонымен қатар жұмыстың нақты жағдайы есепке алынып еңбекті қорғау жөніндегі ішкі нұсқаулар негізінде өткізіледі.
8. Нұсқамалықтың түрлері:
1) кіріспе;
2) жұмыс орнындағы алғашқы;
3) қайталанатын;
4) жоспардан тыс;
5) ағымдағы.
9. Жұмыс орнындағы алғашқы, қайталанатын, жоспардан тыс, ағымдағы нұсқамалықтарды, заңдар талаптары есепке алынып жеке мамандықтар немесе жұмыс түрлері үшін әзірленген еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулар бойынша, колонна (учаске) бастығы (инженер, механик) өткізеді.
10. Кіріспе нұсқамалықты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің жұмысшылары немесе осы міндеттер жүктелген жұмысшы өткізеді.
11. Кіріспе, алғашқы, қайталанатын, ағымдағы нұсқамалықтарды өткен тұлғалар жұмысқа кірісуге рұқсат алады.
12. Нұсқамалық, жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдері іс жүзінде көрсетіліп әр бір жұмысшымен жеке өткізіледі.
Егер жұмысшы еңбектің қауіпсіз тәсілдері мен әдістерін нашар ұқса қайталанатын нұсқамалық өткізіледі.
13. Кіріспе нұсқамалық заңдар талаптары есепке алынып әзірленген бағдарлама бойынша өткізіледі.
14. Кіріспе нұсқамалықтың үлгі бағдарламасы осы Ереженің 1 қосымшасында көрсетілген.
15. Білімді тексеру және кіріспе нұсқамалықтың өткізілуі, кіріспе нұсқамалықты тіркеу журналында жазылады. Нұсқамалық алушының және нұсқамалық берушінің міндетті түрде журналда қолдары қойылады.
16. Кіріспе нұсқамалықты тіркеу журналының формасы осы ереженің 2 қосымшасында көрсетілген.
17. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқамалық үлгі сұрақтар бойынша атқарылады (Ереженің 3 қосымшасы).
18. Дербес жұмысқа рұқсат беру, осы Ереженің 4 қосымшасына сәйкес жұмыс орнындағы алғашқы нұсқамалықты тіркеу журналында, күні және нұсқамалық берген адамның қолы қойылып бекітіледі.
19. АКҚ-ң жұмысшылары, біліктілігіне қарамастан, үш айдың ішінде бір рет жұмыс орнындағы алғашқы нұсқамалықтың бағдарламасы бойынша қайтадан нұсқамалық өтеді, ал арнайы машиналардың жүргізушілері қосымша, арнайы машиналарды қыс, көктем және күзгі уақыт аралығында пайдалану қауіпсіздігі ерекшеліктерімен танысады.
20. Қайталау нұсқамалығы, әр бір жұмысшымен жеке немесе бір мамандық бойынша бір топ жұмысшылармен өткізіледі, бірақ топ 20 адамнан аспауы тиіс.
21. Қайталанатын және жоспардан тыс нұсқамалық, "Қайталанатын нұсқамалық" немесе "Жоспардан тыс нұсқамалық" деген белгі қойылып жұмыс орнындағы алғашқы нұсқамалықты тіркеу журналында жазылуы тиіс, нұсқамалық берген және нұсқамалық алған адамдардың қолдары міндетті түрде қойылады және жоспардан тыс нұсқамалықты өткізу себептері көрсетіледі.
22. Жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдері бойынша жоспардан тыс нұсқамалық, әр жұмысшымен жеке немесе бір мамандық бойынша бір топ жұмысшылармен, жұмыс орнында алғашқы нұсқамалық өткізу көлемінде өткізіледі.
23. Ағымдағы нұсқамалық жұмысшыларға жасақ-рұқсат әзірленетін жұмыстарды өндіру алдында өткізіледі. Ағымдағы нұсқамалықтың өткізілуін жұмыстарды өндіруге жазылған жасақ-рұқсатта көрсетіледі.
24. Жұмыс барысында жұмыстардың басқарушысы, әр бір жұмысшыға нұсқамалық кезінде берілген жұмысты атқарудың қауіпсіз тәсілдері жөніндегі нұсқаулардың орындалуын бақылауы тиіс.
25. Ереженің 5 қосымшасында көрсетілген аса қауіпті жұмыс атқаратын АКҚ жұмысшылары, белгіленген тәртіпте бекітілетін бағдарламалар бойынша оқу курсын өтіп, заңдармен бекітілген тәртіпте мемлекеттік емтихан тапсырып, белгілі бір құралға (механизмге) қызмет көрсету және жұмыс өндіру құқығын беретін куәлік алғаннан кейін, дербес жұмысқа кірісуге рұқсат алады.
26. Жаңа жұмысшыларды дайындаған кезде, жұмысшылардың және арнайы көлік қызметінің инженерлік-техникалық жұмысшыларының (әрі қарай - ИТЖ) біліктілігін арттыру кезінде, еңбек қауіпсіздігіне оқыту, МСТ талаптарына және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге сәйкес атқарылады.
27. Арнайы машиналарды пайдалану және жөндеумен айналысатын АКҚ-ң жұмысшылары, арнаулы киіммен, арнаулы аяқ киіммен және басқа да жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.
2 бөлім. Аймақ, алаңдар, кірме жолдарға,
ғимараттарға, имараттарға және өндірістік
жай-күйлерге қойылатын талаптар 1 тарау. Еңбек қауіпсіздігіне қойылатын
жалпы талаптар
28. Әуе кәсіпорындардың АКҚ-ң аймағы, ғимараттары, имараттары заңдармен ескерілген азаматтық авиацияның арнайы ғимараттар мен имараттарын пайдалану талаптарына сай болуы тиіс.
29. АКҚ-ң өндірістік және қызметтік жай-күйлерін жинау, көк екпе ағаштарды күту, АКҚ-ң ғимараттарының төбелерін қоқсық және қардан тазалауды, әуекәсіпорынның тиісті құрылымдық бөлімшелері ұйымдастырады.
30. АКҚ-ң ғимараттар мен имараттарын және өндірістік жай-күйлерін күту және пайдалану кезінде, өртсөндіру қауіпсіздігі ережелері сақталуы тиіс.
2 тарау. Аймақ, алаңдар, кірме жолдарға
қойылатын қауіпсіздік талаптары
31. АМКҚ-ң аймағы, биіктігі 2,5 метрден кем емес қоршаумен қоршалуы тиіс және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкес таза және түнгі уақытта жарықтандырылуы тиіс.
32. Қоқсық, өндірістік қалдықтар, сапасыз қосалқы бөлшектер арнайы бөлінген орындарға уақытында жиналуы тиіс.
33. АКҚ-ң аймағы, алаңдары және кірме жолдары саз, қар және мұздан тұрақты тазаланып тұруы тиіс. Жабындылар жарамды қалыпта болуы тиіс.
34. АКҚ-ң аймағында су бұрғыштар және су ағарлары болуы тиіс. Су ағарлардың және басқа да жер астындағы имараттардың люктары жабық түрде болуы тиіс.
35. Подвалдарды су баспау үшін, ғимараттың цокольдық жағындағы қабырғаларында кемістіктер және дымқыл болмауы үшін, аймақтың үсті түзу және ғимараттардан кері ауытқымауы тиіс.
36. АКҚ-ң бос аймақтары көгалдандырылған болуы тиіс. АКҚ-ң өндірістік, әкімшілік және санитарлық-тұрмыстық үй-жайларға жанасқан жолдар мен жүрістер, жазғы уақытта сумен суарылып, ал қысқы уақытта қардан тазаланып, мұздақ болған кезде, құм себілуі тиіс.
37. АКҚ-ң аймағын, алаңдарын және кірме жолдарын жинау және жабындарды жөндеу жұмыстарын әуекәсіпорынның аэродромдық қызметі атқарады.
38. АКҚ-гі барлық кірме жолдардың және алаңдардың жасанды жабындысы (асфальт, клинкер, кесектас және т.б.) болуы тиіс.
39. Оннан астам арнаулы машиналарға қызмет көрсету орындары бар өндірістік үй-жайлардың орналасуына қарастырылған АКҚ-ң аймағында, кіру (шығу) үшін кемінде екі дарбаза болуы тиіс.
40. АКҚ-ң аймағында жаяу жүретін және арнаулы машиналар жүретін жолдар болуы тиіс. Жолдардың бойында тиісті жол белгілері орнатылуы тиіс.
41. Арнаулы машиналар қарама-қарсы жүрген кезде өту жолының ені кем дегенде 6,2 метр, бір жақпен жүргенде - кем дегенде 3,5 метр болуы тиіс.
42. АКҚ-ң аймағында топырақ жұмыстарын өндіру кезінде шұңқырлар мен орлар қоршалған болуы тиіс.
43. Кірме жолдары, орлар мен жыралармен қиылысқан жерлерінде, төсем және көпірлер орнатылуы тиіс, олардың ені жолдың енінен кем болмауы тиіс. Олардан өтетін жерлерде, биіктігі 0,9 метрден кем емес сүйеніштері бар, ені 1 метрден кем емес өтпелі көпірлер орнатылуы тиіс.
44. Жаяу жүру жолдардың ені 1 метрден кем болмауы тиіс және қатты жабындысы (асфальт, клинкер, ұсақ тас және т.б.) болуы тиіс, тиісінше кірме жолдармен азырақ қиылысуы тиіс.
45. АКҚ-ң аймағына кісілер өту үшін дарбазаның қасында есік болуы тиіс.
46. АКҚ-ң аймағында, кірме жолдарында және жедел тұрақтарда арнаулы машиналардың қозғалысы, әуекәсіпорынның басшысы бекітетін, нұсқаулар, схемалар және жол белгілерімен реттеледі.
47. АКҚ-ң аймағында және кірме жолдарында арнаулы машиналар қозғалысының схемалық жоспары құрылуы тиіс.
48. Арнаулы машиналардың аймақта қозғалыс схемасы, жарық табло: "Тұман, қар жауып тұр, мұздақ", сондай-ақ арнаулы машиналардың өтуіне арналған дарбазада "Автомобильді байқа" ескертпе жазу орнатылуы тиіс, түнгі уақытта жарықтандырылуы тиіс.
49. Арнаулы машиналардың кірме жолдарда жүру жылдамдығы сағатына 10 километр (әрі қарай - км/сағ.), ал АКҚ-ң аймағында - 5 км/сағ. аспауы тиіс.
50. Арнаулы машиналардың уақытша мекен алаңдары, АКҚ-ң аймағында көліктің кедергісіз қозғалуын қамтамасыз етілуін есепке алынып, кірме жолдардан алыстау орналасуы тиіс.
51. Арнаулы машиналарды сақтауға арналған ашық алаңдардың, сондай-ақ перрондағы жедел мекендердің, су ағыны үшін еңісі бар қатты (асфальт-бетондық немесе цемент-бетондық) және түзу жабындысы болуы керек. Алаңдардың үсті тұрақты тазаланып тұруы тиіс (жазда саздан, қыста қардан және мұздан).
52. Ауа температурасы (қыста) - 15оС төмен аудандарда, арнаулы машиналардың жедел мекені, сондай-ақ арнаулы машиналарды ашық түрде сақтауға арналған алаңдар, қуатты агрегаттардың жүргізілуін жеңілдететін арнаулы машиналарды қыздыру құралдарымен жабдықтануы қажет. Жылдың суық мерзімінде двигательдердің жүргізілуін жеңілдететін құралдар, қызмет көрсету персоналдың, оның ішінде арнаулы машиналардың жүргізушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
53. Арнаулы машиналардың жедел мекендерінде және арнаулы машиналарды ашық түрде сақтауға арналған алаңдарда, жуылмайтын сырмен немесе басқа тәсілмен жасалған, жолды және арнаулы машинаны қою орнын анықтайтын белгілер болуы тиіс. Белгі қойған кезде екі қатарлас тұрған арнаулы машиналардың арасындағы қашықтық, кабина есіктерінің еркін ашылуына жеткілікті, бірақ 1 метрден кем болмауын есепке алу керек.
54. Нәжістік сұйық заттарды, уландырғыш және инфекцияланған заттарды тасымалдайтын арнаулы машиналарды санитарлық өңдеу үшін АКҚ-де арнаулы алаң бөлінуі тиіс.
55. Арнайы сұйық заттарды және майларды жинап сақтау үшін АКҚ-ң аймағында бір учаске ескерілу тиіс.
56. АМКҚ-ң аймағында, кірме жолдарында және алаңдарында, келесіге тыйым салынған:
1) материалдарды қоюға;
2) желіні пайдаланатын ұйыммен келіспей жоғарывольтты желілер аймағында арнаулы машиналар тұрағын орналастыруға;
3) ғимараттардың, имараттардың және қоршаулардың қасында материалдарды, агрегаттарды, қосалқы бөлшектерді, шиналарды ығы-жығы орналастыруға және сақтауға (үюге, сүйеуге).
3 тарау. Ғимараттар мен имараттарға
қойылатын қауіпсіздік талаптары
57. АКҚ-ң ғимараттары мен имараттарының пайдалануы, заңдарға сәйкес бекітілген азаматтық авиацияның арнайы ғимараттар мен имараттарын пайдалану жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес атқарылуы тиіс.
58. АКҚ-ң өндірістік ғимараттары мен имараттары келесі еңбекті қорғау талаптарына сай болуы тиіс:
1) арнаулы машиналардың кіру және шығу ыңғайлығын қамтамасыз ететін, жоспарлық шешімдерінің болуы;
2) арнаулы машиналарды, агрегаттарды және құралдарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі бүкіл технологиялық жұмыс кешенін, еңбектің санитарлық-гигиеналық шарттарын сақтап, қамтамасыз ету;
3) жұмыс істеушілерге қажетті микроклиматты және жайлы жағдайды қамтамасыз ету;
4) жабындысы герметикалық болуы тиіс;
5) едендердің жақсы пайдаланылу қалпының болуы (жаңсыз, жоғары механикалық және соқпалы (соққы беруші) мықтылық);
6) сапалы жарықтандырылуын қамтамасыз ету;
7) темірконструкцияларды коррозияға қарсы қорғану сапасы талаптарға сай болуы;
8) инженерлік құралдардың жоғары сенімділігін қамтамасыз ету;
9) жарылыс және өртсөндіру қауіпсіздігінің талаптарына сай болу;
10) өндірістік санитария талаптарына сай болу;
11) ғимараттың құрылыс конструкцияларының (фундаменттердің, колонналардың, қабырғалардың, фермалардың және т.с.) жоғары пайдалану сапасын қамтамасыз ету.
59. Аяқталмаған және шала істелінген, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртсөндіру қауіпсіздігі қалпына әсер ететін, жаңадан салынған және қайта жаңартылған ғимараттарды, АКҚ-ң учаскелерін, жеке өндірістік жай-күйлерді пайдалануға беруге рұқсат етілмейді.
60. Еңбекті қорғау шарттарын қамтамасыз ету мақсатында ғимараттар мен имараттар, инженерлік жабдықтың және конструкциялардың (жылыту жүйесі, желдету, канализация және т.б.) бұзылуын және тозуын анықтау, техникалық пайдалану талаптарын сақтау және уақытында қажетті шаралар қолдану үшін, жүйелі бақылауға алынуы тиіс.
61. АКҚ-ң ғимараттар мен имараттардың қалпын жүйелік бақылауды, кезекті және кезектен тыс (жалпы және жеке) тексеру өткізу арқылы, әуекәсіпорынның тиісті құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері атқаруы тиіс.
62. Арнаулы машиналарды сақтау үшін бөлінген жай-күйлердің, сыртқа қарай ашылатын дарбаза арқылы шығатын жолы болуы тиіс. Арнаулы машиналардың қауіпсіз кіріп - шығуын қамтамасыз ету үшін, негізгі өндірістік жай-күйлердің дарбазалары, келесі типтік шарттарды есепке алып орнатылуы тиіс:
1) дарбазаның биіктігі, дарбаза арқылы өтетін арнаулы машинаның ең үлкен биіктігінен (Ереженің 6 қосымшасы) кем дегенде 0,2 метрге асуы тиіс;
2) дарбазаның ені - арнаулы машинаның ең үлкен енінен АКҚ өндірістік жай-күйлерінде дарбаза мөлшерлерінен рұқсат етілетін бір шама асуы тиіс (Ереженің 7 қосымшасы).
63. Сыртқы және ішкі дарбаза, кісілерді эвакуациялауға арналмаса, жазылмалы (складные), жайылмалы (раздвижной), көпжармалы (многостворчатый), көтермелі, механикалық немесе автоматикалық ашылып жабылатын болуы мүмкін.
64. Бір ауысымда, беске дейін арнаулы машина кіретін болса дарбаза қолмен ашылуы мүмкін.
65. Өндірістік жай-күйлердің жармалы дарбазалар сыртқа қарай ашылуы тиіс, ал кәсіпорынның аймағына кіріп шығу үшін - ішкі жаққа.
66. Негізгі өндірістік жай-күйлерден шығатын дарбазалар бір ауысымда кем дегенде 5 рет немесе 40 минутқа ашылатын болса, жылу желеумен жабдықталуы тиіс. Сыртқы ауаның есептелген температурасы - 15оС және төмен аудандарда орналасқан өндірістік жай-күйлердің дарбазаларының алдында тамбур-шлюздар орналастыру қажет.
67. Өндірістік жай-күйлердің кіреберісінің босағалары және кертештері болмауы тиіс. Кіреберіс еңісі 5%-дан аспауы тиіс.
68. Арнаулы машиналардың кіруіне (шығуына) арналған дарбазалардың есіктері босағасыз және ғимараттан шығу бағытында ашылуы тиіс. Есіктердің ені эвакуациялық есіктердің енінен кем болмауы тиіс.
4 тарау. Арнаулы машиналарды жөндеу және техникалық
қызмет көрсету үшін арналған жай-күйлерге қойылатын
қауіпсіздік талаптары
69. Арнаулы машиналарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету (әрі қарай - ТҚ және Ж) үшін арналған жай-күйлер, еңбектің санитарлық-эпидемиологиялық шарттары толық сақталып, технологиялық процестің барлық операциялары қауіпсіз және тиімді орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.
70. Бір жылда кем дегенде бір рет, жұмыс орындарының вибрациясын, жарықтандырылуын, газдылығын, шаңдылығын, гуілін, микроклиматын бақылау өткізілуі тиіс, ал оның нәтижесі АКҚ-ң санитарлық-техникалық қалпы паспортында жазылуы тиіс.
71. Бір жылда кем дегенде бір рет, жұмыс орындарының вибрациясын, жарықтандырылуын, газдылығын, шаңдылығын, гуілін, микроклиматын бақылау өткізілуі тиіс, ал оның нәтижесі АМКҚ-ң санитарлық-техникалық қалпы паспортында жазылуы тиіс.
72. Жұмыс орындарының едені суық болса, тасымалы ағаш төсеніштері болуы тиіс.
73. Арнаулы машиналарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету арнайы жабдықтандырылған орындарда атқарылуы тиіс. Арнаулы машиналарды жөндеу және техникалық қызмет көрсетудің тұйық тәсілін пайдаланған кезде, арнаулы машиналар бірқатарлы тұйық тікбұрышты немесе жанамабұрышты қойылуы тиіс.
74. Ағынды тәсілмен қызмет көрсету кезінде, арнаулы машиналар тік ағынды қойылуы тиіс.
75. ТҚ және Ж үшін арналған жай-күйлерде арнаулы машиналардың арасындағы, сондай-ақ машиналармен ғимараттың және стационарлық технологиялық құралдардың элементтері арасындағы қашықтық, осы Ереженің 8 қосымшасында көрсетілген деректерге сәйкес болуы тиіс.
76. Арнаулы машиналар арасындағы, сондай-ақ механикаландырған жуу және диагностикалау орындарының қабырғасы мен арнаулы машина арасындағы қашықтық, сол орындардың түрі және құралдарының габариттеріне байланысты белгіленеді.
77. Арнаулы машиналарды жөндеу немесе техникалық қызмет көрсету зонасы және қабырға арасында тұрақты кісілер өтетін болса, арнайы машиналар өндірістік жай-күйде орнатылатын болса, осы Ереженің 8 қосымшасында көрсетілген ғимараттың конструкциялары (элементтері) және арнайы машина арасындағы рұқсат етілетін қашықтық (арнаулы машинаның және қабырғаның ұзына бойы жағы: ТҚ және Ж орындарында, тежеуіш барабандар және шиналар алынбай атқарылатын жұмыстар үшін және ТҚ және Ж орындарында тежеуіш барабандар және шиналар алынып атқарылатын жұмыстар үшін, сондай-ақ арнаулы машинаның жанама жағы және қабырға) 0,5 метрге ұлғайтылуы тиіс.
78. Қабат арасындағы ойықтар қоршалған болуы тиіс. Бір аралық көлбеу элементі бар қоршаудың биіктігі 0,9 метрден кем болмауы тиіс, қоршаудың астында биіктігі, еденнен кем дегенде 0,1 метр, борттық қаптауы болуы тиіс. Еденнен 1 метр және одан аса деңгейдегі, жұмыс орындарының және алаңдардың қоршауы болуы тиіс.
79. АКҚ-де жөндеу жұмыстарын атқару кезінде, әр бір жұмысшыға бөлінетін өндірістік жай-күйдің көлемі, өнеркәсіп кәсіпорындарды жобалау санитарлық нормаларымен белгіленген:
1) жұмыс көлемі - 15 шаршы метр (әрі қарай - м2) кем емес;
2) аумағы - 4,5 м2 кем емес болуы тиіс.
80. АКҚ-гі газ, шаң және жылу шығарып, сондай-ақ гуілдеп өндірілетін жөндеу жұмыстары, бір бірінен қабырғалармен немесе төбеге дейін жететін қоршаулармен жекеленген, буларды (газдарды, гуілді) аулағыш және гуілді мүмкін деңгейге дейін төмендететін құралдармен жабдықталған, бөлек жай-күйлерде атқарылуы тиіс.
81. Техникалық қызмет көрсетуге арналған жай-күйлерде жұмыс орындарының орналасуы, арнаулы машиналар жұмысшыларды басып кету мүмкіншілігін жоққа шығаруы тиіс. Жұмыс орындары темір сүйеніштермен қоршалуы тиіс. Көрме жыраларды қосатын жолдарда верстактарды, станоктарды, стендтарды орнатуға тыйым салынады.
82. Арнаулы машиналарды: тыйым салынады:
1) бір ауысым қажеттілігінен асатын мөлшерде, оталғыш және жанармай сұйықтықтарын, қышқылдарды, сырларды, кальций карбитін сақтауға;
2) бактарынан жанармай ағып жатқан арнаулы машиналарды ТҚ және Ж қоюға;
3) арнаулы машиналардың бактарына жанармай құюға;
4) сүртуге арналған таза материалдарды, пайдаланған материалдармен бірге сақтауға;
5) жай-күйлерден шығу орындарын және сөрелер арасындағы жолдарды үйіп тастауға (материалдармен, құралдармен, ыдыспен және т.с.), істен шыққан майды, жанармай және майлайтын материалдардың бос ыдыстарын сақтауға тыйым салынады.
83. Аккумуляторлық жұмыстарды өндіру үшін басқа орындардан жекеленген және тартпа вентиляциясы бар сөрелер немесе верстактармен жабдықталған, екі жай-күй болуы тиіс: біреуі - жөндеу үшін, басқасы - аккумуляторлық батареяларды зарядтау үшін.
84. Аккумуляторлық жұмыстарға арналған жай-күйлердің, сыртқа қарай ашылатын есігі бар тамбур арқылы кіру жолы болуы тиіс. Кіреберісте "Аккумуляторлық - оталғыш - темекі шегуге болмайды" деген жазуы бар плакат ілінуі тиіс, сондай-ақ мемлекеттік стандартқа сәйкес, қауіпсіздік белгісі болуы тиіс.
85. Аккумуляторлық бөлмелердің (учаскелердің) электрқұралдары (өткізгіш сымдар, қыздыру шамдары және т.с.) жарылысқа қауіпсіз болуы тиіс.
86. Ажыратқыштар, штемпельдік розеткалар, тежегіштер аккумуляторлық бөлмеден тыс орнатылуы тиіс. Жарықтандыру өткізгіш сымы қышқылтқа (сілтіге) төзімді тысты сымнан жасалуы тиіс.
87. Аккумуляторлық-зарядтау станциясы болған кезде қышқылдың немесе сілтінің және тазаланған су қорын сақтау үшін арнайы бөлме болуы тиіс, сондай-ақ электролитті дайындауға қажет керек-жарақтар (керамикалық немесе пластмасс құбырлары, шынылардан қышқылды құю үшін арнаулы құралдар) болуы тиіс.
88. Аккумуляторлық-зарядтау станциясының терезелерінің шынысы желімді ақ сырмен сырланған болуы тиіс.
89. Қышқылдар және сілтілер пайдаланатын жұмыстарды атқаратын аккумуляторлық-зарядтау станциясының (учаскесінің) жай-күйлері еріксіз ағынды-тартпа вентиляциямен жабдықталуы тиіс. Желдеткіштің (вентилятордың) электрдвигателін аккумуляторлық жай-күйден және вентиляциялық қорабтан тыс орналастыру қажет.
90. Аккумуляторлық жай-күй әр қашанда жабық болуы тиіс. Электрмонтажшыларға, аккумуляторщиктерге және әкімшілік персоналдан басқа, осы жай-күйлерді көру құқығы бар, барлық тұлғаларға кілт жалпы тәртіппен, жұмыс немесе тексеру уақытына беріледі.
91. Аккумуляторлық жай-күйлердің кілттерін қызмет көрсету персоналына беру тәртібі әуекәсіпорынның тиісті ішкі нұсқауында ескерілуі тиіс.
92. Аккумуляторлық-зарядтау станциясы жай-күйлерінің есіктері сыртқа қарай ашылуы тиіс және ішкі жағынан кілтсіз ашылатын, өзі жабылатын құлыппен жабылуы тиіс.
93. Дәнекерлеу бөлімі (учаскесі) бірқалыпты сору панелі түріндегі жергілікті сорғыштармен жабдықталуы тиіс.
94. Жалпы жай-күйлерде дәнекерлеу орындарын орналастырған кезде және мөлшері 1 метрге дейін детальдарды дәнекерлеу кезінде, дәнекерлеу столдарын кабиналарда орнату қажет. Кабиналарға ауа беру, соруды өтейтін көлемде және кіші шығу жылдамдығымен атқарылуы тиіс.
95. Ацетилендық генераторды орналастыру үшін арналған жай-күй, жекеленген, бірқабатты, шатыр астындағы және подвалдық жай-күйлері болмауы тиіс, жеңіл түсірілетін жабынды конструкциялары және тікелей, сыртқа қарай ашылатын есік арқылы шыға берісі болуы тиіс.
96. Ацетилендық генераторлар қойылатын жай-күйлердің едені темір заттар соғылған кезде ұшқын пайда болу мүмкінділігін жоққа шығаратын материалдардан жасалуы тиіс.
97. Ацетилендық генераторлар қойылатын жай-күйлер терезелердің бітеліп жабылған фрамугалары, қабырғаларда арнайы орнатылған қуыстар немесе арнайы шамдар арқылы, сондай-ақ жарылысқа қауіпсіз механикалық ағынды вентиляция және табиғи тартпа вентиляция арқылы сыртқы электрикалық жарықтандырылуы тиіс.
98. Сағатына 20 текше метр (әрі қарай - м3/сағ.) дейін газ тәрізді ацетиленді өндіретін генераторлар тұратын жай-күйлерде, табиғи ағындық-тартпалы вентиляция орнатылуы мүмкін.
99. Ацетилендық генераторлар қойылатын жай-күйлерде ацетилендік-әуе ортасында жұмыс атқаратын тиісті паспорты бар, жырылысқа қауіпсіз электрдвигательдер, электраппаратура, электрқұралдар орнатылуы мүмкін.
100. Арнаулы машиналарға техникалық қызмет көрсету жай-күйлерінде орналасқан жуу орындары, басқа орындардан қабырғалармен немесе бу жібермейтін және суға төзімді жабындысы бар қоршаулармен бөлінуі тиіс.
101. Ашық (шлангалық) қолмен жуу орындары, кернеумен істейтін ашық ток беруші өткізгіштерге және құралдарға су ағымы жетпейтіндей болып орналасуы тиіс.
102. Жарықтандыру көздері, өткізгіш сымдар және күштік двигательдері герметикалық болуы тиіс.
103. Арнаулы машиналарды жууға арналған алаңдардың, жер, жер астындағы сулар және ашық су көздерінің ластанбауы үшін, кәсіпорынның аймағына су (арнайы машиналарды жуған) тимейтіндей болып орналасқан, қабылдау құдықтар және жаймалар жағына қарай кем дегенде 2% еңісі болуы тиіс.
104. Қолмен жуушы жүретін аппарельдер, траптар және жолдар кедір-бұдырлы болуы тиіс.
105. Көрме жыралардың және эстакадалардың, арнаулы машинаны жыраға немесе қозғалыс кезінде эстакададан түсіп кетуден сақтайтын, бағыттауыш сақтандыру борттары (реборды) болуы тиіс.
106. Эстакадалар, биіктігі кем дегенде 0,9 метр, сүйеніштермен қоршалуы тиіс. Сақтандыру борттардың (темір немесе темірбетон) биіктігі, еденнен 0,1 метрден кем болмауы тиіс.
107. Тексеру жыраларының едені және қабырғаларының қатты отқа төзімді жабындысы болуы тиіс немесе жарық түсті плитка төселген.
108. Көрме жыраның еденінде мықты ағаш торлар орнатылуы тиіс.
109. Көрме жыраның, арнаулы машиналар болмаса қатты конструкциялардың сақтандыру қалқандармен жабылуы тиіс.
110. Трап болған кезде жыралардың, орлардың және туннельдердің едендерінің, трап жағына қарай, 2% еңісі болуы тиіс.
111. Көрме жыралардың ұзындығы, ені және тереңдігі атқарылатын жұмыстардың технологиясы, арнаулы машинаның конструкциясы және қолданылатын технологиялық құралдың талаптарын есепке алып анықталуы тиіс.
112. Жыраның тереңдігі арнаулы машиналардың жол саңылауын есепке алғанда жеңіл автомобильдер (УАЗ-452, УАЗ-469, ГАЗ-24, немесе 31 және т.с.) базасында 1,4-1,5 метр шамасында болуы тиіс, ал жүк көтеру (ЗИЛ-130, ЗИЛ-131, Урал-375, МАЗ-500, КамАЗ және т.с.) арнаулы машиналар үшін - 1,2 - 1,3 метр шамасында.
113. Жанама жыралардың тереңдігі, ені кем дегенде 0,6 метр болғанда, 0,9 метрден аспауы тиіс.
114. Басқа жыралардың ені, темірбетонды реборд болса 0,9 метрден және темір реборд болса - 1,1 метрден аспауы тиіс.
115. Жыраның ұзындығы оған қойылған арнаулы машина кіреберіс сатыны (қосалқы кіреберістің қабсырмасын) жаппайтындай болуы тиіс.
116. Үш немесе одан көп тұйық жыралар қатарлас орналасса, олар ашық ормен жалғастырылуы тиіс. Тік ағымды тексеру жыраға кіру немесе одан шығу туннель арқылы атқарылады. Туннельден басқа, біржолы өту көпірі болатын, алаңы бар тасымалы саты қолданылуы мүмкін.
117. Жұмысшылардың өтуіне арналған, орлардың (туннельдердің) ені кем дегенде 1 метр болуы тиіс. Туннельдің биіктігі, еденден жабындының шығып тұрған бөліктерінің астына дейін кем дегенде 1,8 метр болуы тиіс.
118. Орлар және олардың шығаберісі, биіктігі кем дегенде 0,9 метр темір сүйеніштермен қоршалуы тиіс.
119. Тұйық жыралар, орлар және туннельдердің арнаулы машиналардың кіреберісіне қарсы, жұмыс аумағынан тыс орналасқан, ені 0,7 метр сатылы табалдырық арқылы жай-күйге шығатын жері болуы тиіс. Шыға берістердің саны жырадағы машина қоятын орындардың санына байланысты анықталады: беске дейін - бір шыға беріс, бестен аса - әр бір 10 арнаулы машинаға қосымша бір шыға берістен.
120. Егер шыға беріс біреу болса, жыраны, траншеяны немесе приямок қосымша қосалқы шыға беріс үшін, қабырғаға бекітілген темір қабсырмамен жабдықтайды.
121. Көрме жыралардың және траншеялардың (орлар) өтетін жерлерінде, ені кем дегенде 0,8 метр жылжымалы өтпелі көпірлер болуы тиіс. Өтпелі көпірлердің саны, жырада орналасқан арнаулы машиналардың санына, біреуін алып тастағанда, сәйкес болуы тиіс.
122. Әр бір ауысымның аяғында және жөнделген арнаулы машиналар шыққаннан кейін, жай-күйлерден және көрме жыраларынан қоқсықтарды, қалдықтарды, сазды жинап тастау керек.
5 тарау. Арнаулы машиналарды қою және сақтау
қауіпсіздігі талаптары
123. Арнаулы машиналарды сақтауға арналған жай-күйлердің едені қатты және тегіс болуы тиіс және траптар мен жаймалардың жағына қарай кем дегенде 1% еңісі болуы тиіс. Едендер, жай-күйдің гигиеналық және эксплуатациялық талаптарына сай, тегіс және сырғанамайтын, тазалауға ыңғайлы материалдардан салынуы тиіс.
124. Арнаулы машина қойылатын қабырғаның бойында доңғалақ шешу тротуары немесе барьері орнатылуы тиіс. Тротуардың немесе барьерлердің шетінен ғимараттың қабырғаларына дейінгі қашықтық кем дегенде 0,5 метр болуы тиіс.
125. Арнаулы машиналарды сақтауға арналған жай-күйлерде өтетін жол әрқашанда бос болуы тиіс.
126. Өту жолдарында арнаулы машиналарды қоюға рұқсат етілмейді.
127. Жанармайқұюшылар, жанармайцистерналары, бензин қотару станциялары, май құюшылар, ашық алаңдардағы басқа арнаулы машиналардан бөлек, кедергісіз кіруге болатын жекеленген жай-күйлерде немесе шатыр астында сақталуы тиіс.
128. Оттегін өндіру және оттегімен зарядтау станциялары басқа арнаулы машиналардан бөлек сақталуы тиіс.
129. Нәжістік сұйықтықтарды, уланғыш және басқа да инфекцияланған заттарды тасымалдауға арналған арнаулы машиналар, сондай-ақ газ тәрізді жанармаймен жұмыс істейтін арнаулы машиналар, түрлері бойынша бөлек және басқалардан жекешеленіп сақталуы тиіс.
130. Өртсөндіру, медициналық, техникалық көмек көрсету және басқа да арнаулы машиналар, қажетті жағдайларда шақырған орынға дереу келу үшін, жылы және кедергісіз шыға берісі бар жай-күйлерде қойылуы тиіс.
131. Жай-күйлерде және ашық алаңдарда, тек қана пайдалануға жарамды арнаулы машиналар сақталуы тиіс. Жарамсыз және жөндеу күтудегі арнаулы машиналар, жарамды арнаулы машиналар қойылатын орындардан жекешеленген, арнайы бөлінген орындарда қойылуы тиіс.
132. Арнаулы машиналар қойылатын орындарда өту жолдарының және жаяу өту жолдарының сілтеуіштері орнатылуы тиіс. Қозғалысқа қауіпті зоналар қоршалған болуы тиіс немесе олардың шекаралары күндіз және түнгі уақытта көрінетін ескерту белгілермен белгіленген болуы тиіс.
133. Арнаулы машиналардың қозғалыс бағытындағы бір қатардағы саны бестен аспауы тиіс.
134. Әртүрлі арнаулы машиналарды сақтағанда, он және үш қатарға қоюға болады.
135. Жай күйлерде сақтаған кезде, арнаулы машиналар арасындағы қашықтық, сондай-ақ арнаулы машина және ғимараттың элементтері арасындағы қашықтық, осы Ереженің 9 қосымшасында көрсетілген деректерге сәйкес болуы тиіс.
136. Жылыту құралдардың, вентиляциялық ауа өткізгіштердің немесе басқа да ғимаратты жабдықтау элементтерінің қабырғалары бойында орналастырған кезде, осы Ереженің 9 қосымшасында 1-4 тармақшаларында көрсетілген қашықтықтар қолданылады.
137. Арнаулы машиналар алаңдарда (ашық немесе шатыр астындағы) сақтаған кезде, осы Ереженің 9 қосымшасында көрсетілген деректер:
1) арнаулы машиналар үшін - 0,1 метрге;
2) автопоездарға үшін - 0,2 метрге ұлғайтылуы тиіс.
138. Алаңдарды, арнаулы машиналарды жылыту құралдарымен жабдықтаған кезде, бұл қашықтықтар осы жабдықтардың габариттік мөлшерлерін және орналасуын есепке алып белгіленуі тиіс.
139. Арнаулы машиналарды сақтауға арналған жай-күйлерде, өту жолдарының ені арнаулы машина өз орнына артқы жағымен еркін кіре алу үшін (бір маневр жасап) жеткілікті болуы тиіс, ал өту жолының шетінен арнаулы машинаға дейін, кем дегенде 0,5 метр болуы тиіс.
140. Арнаулы машинаны орнына қойғаннан соң оның двигателі сөндірілуі тиіс.
141. Двигатель, тек қана арнаулы машина орнынан шығу үшін қосылады, ал кез келген мақсатта қосуға, сондай-ақ арнаулы құралдардың агрегаттарын сынап көруге тыйым салынады.
142. Арнаулы машиналар ұшу алаңында қойылса (жедел тұрақтар), әуе кемелерінің ұшуына, отыруына және рульді айналдыруға кедергі жасамауы тиіс.
143. Арнаулы машиналар аэродромдарға қойылғанда, қатарлардың арасындағы қашықтық кем дегенде 10 метр болуы тиіс, қатардағы арнаулы машиналар арасында - кем дегенде 1 метр.
144. Арнаулы машиналардың тұрақтарын, өзінен-өзі жылжып кету мүмкіндігін туғызбау үшін, еңісі бар алаңдарда орналастыруға тыйым салынады (арнаулы машинаның ұзына бойына белағашы бағытында - 1% аса, перпендикулярлық бағытта - 4% аса).
3 бөлім. Арнаулы автокөлікқызметі жұмысшыларының
еңбектің санитарлық-эпидемиологиялық шарттарын
қамтамасыз ету үшін қойылатын талаптар 1 тарау. Еңбек қауіпсіздігінің жалпы талаптары
145. АКҚ-ті жұмысшылары еңбегінің санитарлық-эпидемиологиялық шарттарын бағалау, еңбекті қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерді бұзу фактілерін жою жөніндегі іс-шаралар, АКҚ-гі еңбек шарттарының санитарлық-техникалық қалпы паспортының деректері бойынша, әуекәсіпорын қызметіндегі (цехындағы) еңбек шарттарын бағалау жөніндегі, заңдарға сәйкес бекітілетін нормативтік құқықтық немесе нормативтік-техникалық акт негізінде өткізілуі тиіс.
146. Жыл сайынғы еңбекті қорғау жөніндегі келісілім, ұжымдық келісім, санитарлық-сауықтыру іс-шараларының және еңбекті қорғау шарттарын жақсарту жөніндегі кешендік жоспар, әуекәсіпорынның даму жоспарының тиісті бөлімдері құрылғанда, АКҚ-гі еңбек шарттарының санитарлық-техникалық қалпы паспортының деректері міндетті түрде есепке алынуы тиіс.
147. АКҚ-де паспорттың әзірленуі, тиісті өлшеулер және сынауларды іріктеу өткізу орындарын және мерзімділігін, АКҚ-гі еңбекті қорғау шарттарын бағалау жөніндегі іс-шараларды өткізу уақытын және жауапты тұлғаларды анықтайтын кәсіподақ комитетімен (егер болса) келісілген, әуекәсіпорын бұйрығының негізінде атқарылуы тиіс.
148. Паспортты толтыру жөніндегі жұмысты тікелей басқаруын, АКҚ-ң бастығы атқарады. Паспорттың әзірленуіне АКҚ-ң өндірістік жай-күйлерінің техникалық қадағалауын атқаратын, өртсөндіру-профилактикалық жұмыстарына жауапты, еңбекті қорғау бөлімінің, техникалық бөлімнің, медициналық-санитарлық қызметтің тиісті бөлімшелерінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Денсаулық қорғау министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органдарының жұмысшылары (көбінесе лабораторлық зерттеулер өткізу үшін) және АКҚ-ң кәсіподақ ұйымының (егер ол болса) өкілдері қатысуы тиіс.
149. Паспорт екі экземплярда құрылуы тиіс, біреуі - АКҚ-ң бастығында, екіншісі - әуекәсіпорынның еңбекті қорғау бөлімінде болуы тиіс. Паспорттың әзірленуі (типтік формаларды толтыру), әуекәсіпорын қызметіндегі (цехындағы) еңбек шарттарын бағалау жөніндегі, белгілі тәртіпте бекітілетін нұсқаулардың (ережелердің, әдіснамалық ұсыныстардың) негізінде жыл сайын өткізілуі тиіс.
150. Паспортқа жазылатын АКҚ-ң санитарлық қалпын тексеру нәтижелері, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың параметрлерінің өлшемдері, хаттама түрінде әзірленіп АКҚ-ң бастығының, АКҚ-ң кәсіподақ ұйымы төрағасының (егер ол болса) немесе еңбекті қорғау жөніндегі инженердің және өлшеулер жасаған тұлғаның қолы қойылуы тиіс.
151. АКҚ қайта жаңарту кезінде, арнаулы машиналарды пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу технологиялық процестерінің жетілдірілуі, техникалық, санитарлық-техникалық қайта жабдықтандыру және жұмыс істеушілердің еңбек шарттарына әсер ететін басқа да өзгерістер болса, паспорт кезектен тыс толтырылуы тиіс.
152. АКҚ-ң өндірістік бөлімшелерінің (колонналардың, жөндеу шеберханалардың, техникалық қызмет көрсету аумақтарының және т.с.) паспортизациясын өткізген кезде олар, жұмысшы (бригада, ауысым) бір ауысымда (немесе ауысым ұзақтығының жартысынан кем емес) атқаратын еңбек операцияларының бірдей еңбек шарттары бойынша анықталуы тиіс.
153. АКҚ жұмысшыларының еңбек шарттарын сауықтыру жөніндегі ұсынылған іс-шараларды енгізу тиімділігі және нәтижелері жыл сайын есепке алынуы тиіс. Алынған деректер паспортқа қосылуы тиіс.
154. АКҚ жұмысшыларын сауықтыру жөніндегі іс-шаралар, еңбектің қазіргі уақыттағы физиология және гигиена талаптары, қолданыстағы еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттардың талаптары есепке алынып әзірленуі тиіс.
2 тарау. Санитарлық-тұрмыстық жай-күйлерге
қойылатын қауіпсіздік талаптары
155. АКҚ санитарлық-тұрмыстық жай-күйлері, құрылыс нормалары және ережелері талаптарына сәйкес жабдықталуы тиіс.
АКҚ санитарлық-тұрмыстық жай-күйлерінің құрамына: өндірістік персоналдың демалыс бөлмелері, душ, жуыну бөлмелері, дәретханалар, киім кептіру үшін арналған жай-күй және соған ұқсастар кіреді.
156. АКҚ санитарлық-тұрмыстық жай-күйлерінің жабдықталуы, аэропорт (МСТ 16630-80) орналасқан ауданның климаттық шарттары есепке алынып, құрылыс нормалары және ережелерімен (ҚН және Е) регламенттелген, өндірістік процестердің топтарына байланысты атқарылуы тиіс.
157. АКҚ өндірістік персоналы демалатын жай-күйлердің аумағы, бір жұмысшыға 0,2 шаршы метр (әрі қарай - м2) есеппен алынады, бірақ кем дегенде 18 м2 болуы тиіс.
158. Дала, үй және арнаулы (жұмыс) киімін сақтауға арналған гардеробтық бөлмелер, душ, жуыну және дәретхана бөлмелері, әйелдер мен ерлерге бөлек болуы тиіс. Киімдер, жабық қос шкафтарда сақталуы тиіс. Шкаф бөлмелерінің мөлшерлері (кем дегенде): тереңдігі - 50 сантиметр (әрі қарай - см.), биіктігі - 165 см., ені - 25-40 см. болуы тиіс.
159. Киім сақтау орындарының саны, жұмысшылардың тізімдік санына тең алынуы тиіс.
160. Арнаулы киімді кептіруге және шаңнан тазалауға арналған жай-күйлер, гардеробтық немесе үлестіру бөлмелеріне шектес орналастырылуы тиіс.
Кептірілетін арнаулы киімнің бір комплектінде ылғал болса, 0,5 килограмм (әрі қарай - кг.) аз тартатын киім, ҚН және Е талаптарына сәйкес, тартпалы вентиляциямен және механикалық қоздырғышпен жабдықталған, жабық гардеробтық шкафтарда кептіріледі.
Кептіру және шаңнан тазалауға арналған жай-күйлердің аумағы, кем дегенде 9 м2 болуы тиіс.
161. 30 жуық адам істейтін ауысымда, арнаулы киімді кептіру және шаңнан тазалауға арналған жай-күйлерде, өзін өзі күту тәртібі болуы мүмкін.
162. Арнаулы киімді жуу, тазалау және жөндеу ұйымдастырылып, қалалық кір жуу, химиялық тазалау және елді мекендерге тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарымен құрылған келісімдер (шарттар, контракттар) негізінде атқарылуы тиіс.
163. Гардеробтық бөлмелер ені 0,3 метр, шкафтар қатары бойына орналастырылған сәкілермен жабдықталуы тиіс.
164. Шкаф қатарларының арасынан өтетін жолдардың ені:
1) сәкілері жоқ гардеробтық бөлмелерде - 1 метр;
2) сәкілер, шкаф қатарларының арасынан өтетін жолдың бір жағында орналастырылса - 1,4 метр;
3) сәкілер, шкаф қатарларының арасынан өтетін жолдың екі жағында орналастырылса - 2 метр.
164. Душтар, үш жағынан қоршалған ашық кабиналармен, сондай-ақ кабинаның кіре берісінде орнатылған, жеке ыстық және суық су жүйелерімен жабдықталуы тиіс.
Кабиналар бір бірінен ылғалға төзімді материалдардан жасалған, биіктігі еденнен 1,8 метр, еденге 0,2 метр жетпейтін қоршаулармен бөлінуі тиіс. Душ кабиналарының жоспарланған аумағы, кем дегенде 0,9 метр 0,9 метрге болуы тиіс. Душ торларының саны, ең көп кісі істейтін ауысымдарда істейтін бесеудің кем дегенде біреуі болуы тиіс.
165. Душтарда киініп шешінуге арналған бөлек, бір душ торына, ені 0,3 метр және ұзындығы 0,8 метр сәкімен жабдықталған жай-күйлер болуы тиіс.
Сәкілердің арқасында, әр бір душ торына үш орын есеппен алынған, киім және орамал ілетін ілмектер болуы тиіс. Сәкілер қатарларының арасындағы қашықтық кем дегенде 1 метр болуы тиіс.
166. Душтың едендерінде су ағатын жаймалары болуы тиіс.
167. Жуыну бөлмелері гардеробтық бөлмелермен шектес орналасуы тиіс. Гардеробтық бөлмелерге қолжуғыштар қойылуы мүмкін, бірақ шкаф пен қолжуғыш арасындағы қашықтық, кем дегенде 2 метр болуы тиіс.
Егер санитарлық және өндірістік шарттар бойынша мүмкін болса, қолжуғыштардың 20% (жалпы есептік санынан) жұмыс орындарының қасында орналастырылуы мүмкін.
168. Әр бір қолжуғыш, ыстық және суық су араластырғышымен (смеситель) жабдықталуы тиіс.
Ең көп санды ауысымда істейтін, әр бір жетінші қолжуғышқа, кем дегенде бір кран болуы тиіс.
169. Жуыну бөлмелерінде киім және орамал ілетін ілгіштер, сұйық сабынға арналған құбырлар немесе кесек сабынға арналған сөрелер болуы тиіс. Қолжуғыштың қасында әр қашанда сабын және таза құрғақ орамал (орамдағы қағаз орамал болуы мүмкін) немесе электрорамал (электркептіргіш) болуы тиіс.
170. Дәретханалар, жұмыс орындарына қатысты бірқалыпты орналасуы тиіс. Ғимараттағы жұмыс орнынан дәретханаға дейінгі қашықтық 75 метрден аспауы тиіс, ал АМКҚ алаңдарының жұмыс орындарынан - 150 метрден аспауы тиіс.
171. Санитарлық құралдардың (едендік легендер, унитаздар және т.с.) саны, ең көп санды ауысымдағы, дәретханаға баратын кісілер санына байланысты анықталады, және 15 әйел адамға немесе 30 ер адамға кем дегенде бір санитарлық құрал болуы тиіс.
172. Дәретхананың кіре берісінде, кем дегенде бір қолжуғыш орнатылған тамбур болуы тиіс.
173. Тамақтану тек қана арнайы бөлінген жай-күйлерде рұқсат етіледі. Ең көп санды ауысымда жұмысшылардың саны көп болғанда (200 адамнан аса) асханалар болуы тиіс, ал жұмысшылардың саны аз болғанда - басқа қоғамдық тамақтану кәсіпорындарынан әкелінген, ыстық тамақ берілетін үлестіру-асханалары (буфет) болуы тиіс.
174. Ең көп санды ауысымда жұмысшылардың саны 30 кісіден аз болса, тамақтану бөлмелері болуы мүмкін. Тамақтану бөлмесінің аумағы әр бір келушіге 1 м2 есеппен анықталады, бірақ кем дегенде 12 м2 болуы тиіс.
Тамақтану бөлмесі қолжуғыштармен, электршәйнектермен, электрплиталармен және тоңазытқыштармен жабдықталуы тиіс.
3 тарау. Сумен қамту және канализацияға
қойылатын қауіпсіздік талаптары
175. АКҚ шаруашылық-ас және өндірістік су құбыры болуы тиіс. Шаруашылық-ас қажеттіліктеріне су шығынының нормасы, бір ауысымда бір кісіге, 2-ге тең сағаттық суды пайдалану әркелкілік коэффициентімен, кем дегенде 15 литр есебімен алынады.
Шаруашылық-ас қажеттіліктеріне пайдалынатын судың сапасы тиісті МСТ және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарына сәйкес болуы тиіс.
176. Ас сумен қамту жабдықтары өндірістік жай-күйлердің өту жолдарында, демалыс жай-күйлерінде, вестибюльдерде, сондай-ақ АМКҚ аймағының алаңдарында және ғимараттың сыртында орналасқан технологиялық құралдардың қасында орналастырылуы мүмкін.
Берілетін судың температурасы 20оС жоғары және 8оС төмен болмауы тиіс. Жұмыс орнынан ас сумен қамту құралының арасындағы қашықтық 75 метрден аспауы тиіс.
177. Нәжістік сұйықтықтарды, уланғыш және инфекцияланған заттарды тасымалдауға арналған машиналардан басқа арнаулы машиналардың барлық түрлерін жуу үшін, айналмалы сумен қамту жүйесі ескерілуі тиіс.
178. Айналмалы сумен қамту жүйесімен (тазаланғаннан кейін) арнаулы машиналарды жуу үшін берілетін судағы, лай концентрациясы:
1) өлшелген заттардың - литрге 70 миллиграмм (әрі қарай - мг/л.) арнаулы машиналар үшін және 40 мг/л. автобус және жеңіл автомобильдер үшін;
2) мұнай өнімдерінің - 20 мг/л. арнаулы машиналар үшін және 15 мг/л. автобус және жеңіл автомобильдер үшін;
3) тетраэтилқорғасынның - 0,001 мг/л. аспауы тиіс.
179. Фекальдық сұйықтықтарды, уланғыш және инфекцияланған заттарды тасымалдауға арналған машиналарды жуу үшін, айналмалы сумен қамту жүйесі пайдаланбайды.
180. Сыртқы ауа температурасы 0оС төмен болса, арнаулы машиналарды қолмен жуу үшін, судың температурасы 20оС болуы тиіс.
181. Мұнай өнімдері, тетраэтилқорғасыны, өлшенген заттар, қышқылдар және сілтілер бар өндірістік ағын сулары, сыртқы канализациялық желіге түскенге дейін жергілікті тазалау қондырғыларымен (лай тұндырғыштар, бензин және май аулағыштары) тазалануы тиіс.
Ағын суларының жергілікті қондырғылармен тазалану деңгейі, тиісті ҚН және Е бекітілген, нормалардан төмен болмауы тиіс.
182. АКҚ өндірістік ағын сулардағы лай концентрациясы осы Ереженің 10 қосымшасында көрсетілген деректерден аспауы тиіс.
183. АКҚ аймағынан келетін (жанармай құю станцияларының басқа) жауын сулары, жауын басталғаннан соң 15 минуттан кейін өткізілетін құбырларда орнатылған, тазалау имараттарында тазаланады.
АКҚ орналасқан аймақта ағын суларды тазалайтын канализациялық желі болмағанда, сондай-ақ олардың ағын түсу жерлерін таңдағанда, Қазақстан Республикасы Денсаулық қорғау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келісіліп, су үстін ағын сулармен ластанудан қорғау ережелері сақталып атқарылуы тиіс.
184. Лай тұндырғыштар, бензин және май аулағыштары, ғимараттан тыс орнатылуы тиіс.
Ерекше жағдайларда, бензин және май аулағыштарға қосылмаған лай тұндырғышты ғимараттың ішінде орнату мүмкін.
185. Лай тұндырғыштар, бензин және май аулағыштары табиғи вентиляциямен жабдықталуы тиіс.
186. Су құбырлары, тазалау және канализациялық имараттары МСТ, ҚН және Е талаптарына сәйкес пайдаланып, қалыпты жағдайларда және апат кезінде жұмысшылар еңбегінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
187. Үстіне биіктігі, аймақтың жобаланған үстінен, 0,7 метрге дейін топырақ себілген, жер астындағы сиымды имараттар, арнаулы машина басып кету мүмкіндігі бар жағынан шектеулері болуы тиіс.
188. Имараттардың ашық сыйымдылықтарының қабырғалары, аймақтың жобаланған үстінен 0,6 метрге дейін көрініп тұрса, олар сыртқы периметрі бойынша қоршалуы тиіс.
189. Құбырлар арқылы өту үшін, сондай-ақ құралдарға (агрегаттарға, биіктігі еденнен 1,4 метр тиектерге) қызмет көрсету үшін қоршалған алаңдар және ҚН және Е талаптарына сәйкес сатылар орнатылуы тиіс.
190. Су құбырлары және канализациялық желілердің құдықтары мен камераларында және басқа да осыған ұқсас имараттарда, түсуге арналған қондырғылар (сатылар, қабсырмалар) болуы тиіс.
191. Ағын суларын тазалауға арналған имараттарда жұмыс істеген кезде, қызмет көрсету персоналы ағын сұйықтығымен тікелей қатынасқа түспеу үшін шаралар қолданылуы тиіс.
192. Қолмен тазалаған кезде, торлардағы қалдықтарды жабылатын жинақтарға алып тастайды, содан кейін залалсыздандыру орындарында іріктейді.
193. Қызмет көрсету персоналы, жұмысқа алынған кезде, алдын ала, және мерзімдік медициналық тексеру өтіп, сақтандыру егу алулары тиіс.
194. Өндірістік персоналға, құдықтарда, камераларда, жыраларда жұмыс істеуге, ассенизациялық машиналарды өңдеуге, тек қана ағымдағы нұсқамалықты өткеннен соң және әуекәсіпорын әкімшілігінің (бастығының) жазбаша түрдегі рұқсаты болса, рұқсат беріледі.
Тиісті МСТ сәйкес, жұмыс істеушілер жеке қорғану құралдарын пайдалануы тиіс.
4 тарау. Жай-күйлерді жылытуға және вентиляцияға
қойылатын қауіпсіздік талаптары
195. АМКҚ өндірістік, қосалқы және тұрмыстық жай-күйлері (бу, су, ауа) ауа ортасының температурасын және қалпын, МСТ, ҚН және Е, және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкес қамтамасыз ететін, орталық жылыту және вентиляциямен жабдықталуы тиіс.
196. Арнаулы машиналарды сақтауға арналған жай-күйлердің, ТҚ және Ж орындарының және қойма жай-күйлерінің ауа температурасы, осы Ереженің 11 қосымшасында көрсетілген нормативтік мағыналарға сәйкес болуы тиіс.
197. Арнаулы машиналарды сақтауға арналған жай-күйлерде, ТҚ және Ж орындарында вентиляциямен бірлескен, ауалық жылыту жүйесі болуы тиіс. Жұмыстан тыс уақытта жаратымды температура болу үшін, кезекші жылыту ескерілуі тиіс.
198. Бумен жылыту құралдары, тұрақты шаңнан тазаланып тұратын қынапта болуы тиіс.
199. Жылыту қондырғыларын пайдаланған кезде:
1) жылыту құралдарын кез келген заттар немесе материалдармен үйіп тастауға;
2) жылытқу құралдары мен құбырларда арнаулы киімді, қаптарды, сүртіну материалдарын және т.с. кептіруге рұқсат етілмейді.
200. Арнаулы машиналарды ТҚ және Ж арналған барлық жай-күйлерде кіру есігінен немесе дарбазадан 15-20 см. қашықтықта, көрінетін жерде термометрлер орнатылуы тиіс.
201. Арнаулы машиналарды сақтау жай-күйлерінде, ТҚ және Ж учаскелерінде (моторлық, агрегаттық, механикалық, электртехникалық, қуат беру аспаптарында, мыстық-қаңылтырлық, ұста-рессорлық, дәнекерлік, столярлық, шина жөндеу, сырлау, аккумуляторлық, сондай-ақ жуу орындарында) ағынды-тартпалы вентиляция ескерілуі тиіс.
202. Жергілікті тартпалы вентиляцияның аккумуляторлық учаскелері орнатылған жай-күйлер, үстіңгі жақтан табиғи тартпалы вентиляциямен жабдықталуы тиіс. Бұл жай-күйлерге ағынды ауа тікелей астыңғы жаққа немесе шектес жай-күйлер есігінің төменгі жағындағы торлардан кіруі тиіс.
203. сырлау және аккумуляторлық бөлімдерді (учаскелерді) орналастыру үшін арналған жай-күйлердің тартпалы вентиляция жүйелерін және майды регенерациялау үшін арналған жай-күйлерді бір-бірімен және басқа жай-күйлердің тартпалы вентиляция жүйелерімен біріктіруге болмайды.
204. Дәнекерлік жұмыстар өткізуге арналған жай-күйлердің вентиляциясы МСТ талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Дәнекерлік аэрозольді тиімді аулау үшін, дәнекерлеу орындарында, жойылатын ауа ағындық ауаны ұстау аймағынан тыс сыртқа шығаратын жергілікті тартпа вентиляциясын орнату қажет.
205. Вентиляция, ауаны кондиционерлеу және өндірістік, қосалқы, қоймалық және АМКҚ басқа да ғимараттары мен имараттарының ауалық жылытуы МСТ талаптарына сәйкес болуы тиіс.
206. Вентиляциялық жүйелер тұрақты жұмыс орындарында, жай-күйлердің жұмыс және қоғамдық орындарында, МСТ және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес, метеорологиялық жағдай және ауа ортасының тазалығын қамтамасыз етуі тиіс.
207. Вентиляциялық жүйелердің орналасуы технологиялық құралдардың ыңғайлы монтажын, пайдалануын және жөндеуін қамтамасыз етуі тиіс. Вентиляциялық жүйелерді орналастырған кезде, жай-күйлерді, жұмыс орындарын және өту жолдарын жарықтандыру нормалары сақталуы тиіс.
208. Вентиляциялық жүйелер жарылыс және өрт қауіпсіздігін ұлғайтпауы тиіс, басқа ғимараттар мен жай-күйлерге жарылыс, жану өнімдері жайылуына себепші болмауы тиіс.
209. Жобаны орындаған ұйыммен алдын ала келісілмей, вентиляциялық жүйелердің және олардың кейбір элементтері конструкцияларының өзгертуге болмайды.
210. Технологиялық процестер өзгергенде, сондай-ақ ауаны ластайтын өндірістік құралдардың орнын ауыстырған кезде, осы учаскелердегі вентиляциялық қондырғыларды жаңа жағдайға сәйкес орнатылуы тиіс.
211. Жүргізу алдында сынаудан өткен, пайдалану жөніндегі нұсқаулары, паспорты, пайдалану және жөндеу журналдары бар вентиляциялық жүйелерді пайдалануға рұқсат етіледі. Пайдалану жөніндегі нұсқаулықта жарылыс және өрт қауіпсіздігі мәселелері ескерілуі тиіс.
212. Вентиляциялық қондырғылар, вентиляциялық жүйелерді және азаматтық авиация кәсіпорындары мен ұйымдарында ауаны кондиционерлеу қондырғыларын техникалық пайдалану жөніндегі, белгілі тәртіпте бекітілетін, нұсқауға (ережеге) сәйкес пайдалануы тиіс.
213. Вентиляциялық қондырғылар, арнаулы машиналардың келу және шығу уақыты және жөндеу орындарындағы қозғалысы есепке алынып құрылған, кәсіподақ комитетімен келісіліп (егер ол болса), АМКҚ бас инженері бекіткен кесте бойынша істейді. Кесте, вентиляциялық қондырғыны жүргізу пультінің қасында болуы тиіс.
214. Вентиляциялық жүйелерді және олардың агрегаттарын жоспарлық тексеруді, ағымдағы жөндеуін және тазалауын, объект әкімшілігі бекіткен кестеге сәйкес және осы Ереженің 12 қосымшасында көрсетілген мерзімдерге сәйкес персонал атқарады.
215. Вентиляциялық құралдарға арналған жай-күйлер жабық болуы тиіс, ал есікте - бөтен адамдардың кіруіне тыйым салатын жазулары бар кесте ілінуі тиіс. Бұл жай-күйлерде материалдарды, құрал-жабдықтарды және басқа да бөтен заттарды сақтауға және оларды мақсатсыз пайдалануға рұқсат етілмейді.
216. Вентиляциялық жүйелердің ауаөткізгіштерінің өзі жабылатын кері клапандарының өрт тоқтату клапандарын және тазалау имараттарының жарылыс клапандарын тексеру, әкімшілік белгілеген мерзімде, жылына кем дегенде бір рет өткізілуі тиіс. Тексеріс нәтижелері әзірленіп қондырғылардың паспорттарына жазылады.
217. Жүріп тұрған двигатель реттелетін арнаулы машиналарды ТҚ және Ж арналған жай-күйлер, істен шыққан газдарды сору қондырғыларымен жабдықталуы тиіс.
218. Арнаулы машиналарды ТҚ және Ж арналған жай-күйлерге ағындық ауаны беру тікелей жұмыс аймағына, сондай-ақ тексеру жыраларына, туннельдерге жайылуы тиіс. Берілетін ауа температурасы, 16оС төмен емес және 25оС жоғары емес болуы тиіс. Берілетін ауаның саны, 1 текше метр (әрі қарай - м3) көлемге:
1) тексеру жыралары үшін - 125 м3/сағ.;
2) приямоктар үшін - 100 м3/сағ.;
3) туннельдер үшін - 5 м3/сағ.
219. Ағындық ауа, ластанған ауадан алыстатылған және қорғалған орындарда жиналуы тиіс. Ауаны шығару және оны жинау орындары арасындағы қашықтық 20 метр және одан аса болса жинау және шығару тесіктері бір деңгейде орналасуы тиіс, ал бұдан кіші қашықтықтарда жинау тесіктері шығару тесіктерінен кем дегенде 6 метрге төмен болуы тиіс.
220. Ғимараттың ішіне кіретін ағындық ауадағы залалды заттардың концентрациясы жұмыс аймағы үшін белгіленген мөлшерлі шекті рұқсат етілетін концентрациядан (әрі қарай - ШРК) 30% аспауы тиіс.
221. Тікелей жай-күйдің ішінде вентилятор (терезелік вентилятордан басқа) орналастыруға болмайды.
5 тарау. Жұмыс аймағының ауасына
қойылатын қауіпсіздік талаптары
222. АКҚ өндірістік жай-күйлердің жұмыс аймақтарының ауасының температурасы, ылғалдылығы, ауа қозғалысының жылдамдығы және залалды заттардың болуы, белгілі тәртіпте бекітілетін санитарлық-эпидемиологиялық нормаларының және басқа да нормативтік-техникалық құжаттардың және МСТ талаптарына сәйкес болуы тиіс.
223. АКҚ жай-күйлеріндегі ауаның температурасының, салыстырмалы ылғалдылығының, қозғалыс жылдамдығының оптималды және мүмкін мөлшері, артық нақты жылу, атқарылатын жұмыстың ауырлығы және жыл мерзімдері ескеріліп және осы Ереженің 13 қосымшасында көрсетілген деректерден аспай белгіленуі тиіс.
224. Жұмыс аймағындағы залалды заттардың мөлшері осы ереженің 14 қосымшасында көрсетілген белгіленген ШРК аспауы тиіс.
225. Жұмыс аймағындағы ауада, әсерін мезгілді тигізбейтін, бірнеше залалды заттар болса ШРК өзгермейді.
226. Бір бағытта әсер ететін бірнеше залалды заттар жұмыс орны ауасында біржолы болған кезде, солардың ішіндегі әр қайсысының нақты концентрация сомасы олардың ШРК-на қатынасы, осы Ереженің 15 қосымшасында көрсетілген формулаға сәйкес, бірден аспауы тиіс.
227. Көміртек тотықтары бар атмосферада жұмыс ұзақтығы (1 сағаттан аспаса) көміртек тотықтарының шекті мүмкін концентрациясы текше метрге 50 миллиграмм (әрі қарай - мг/м3) дейін жоғарлатылуы мүмкін, жұмыстың ұзақтығы 30 минуттан аспаса - 100 мг/м3 дейін, жұмыс ұзақтығы 15 минуттан аспаса - 200 мг/м3 дейін.
228. АКҚ жұмыс жай-күйлеріндегі атмосферадағы жанармай заттарының мөлшері (температура 16оС болса) келесі шектеулерден аспауы тиіс:
1) бензин - жай-күйдің көлемінен 0,75 %;
2) керосин - жай-күйдің көлемінен 1,4 %;
3) ацетилен - жай-күйдің көлемінен 2,2 %;
4) сутек - жай-күйдің көлемінен 3,3 %;
5) пропан - жай-күйдің көлемінен 2,2 %;
6) бутан - жай-күйдің көлемінен 1,5 %.
229. Жұмыс аймағының ауасында көміртек тотықтары жоғары болған жағдайда, қайталама жұмыстар, кем дегенде 2 сағат үзіліспен атқарылуы мүмкін.
230. Ауада шаң және залалды заттардың болуын тексеру, санитарлық қадағалау органдарымен келісілген мерзімде, үнемі өткізілуі тиіс.
231. Тексерілетін ауа, Қазақстан Республикасы Денсаулық қорғау министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары белгілеген орындардан алынуы тиіс.
Жұмыс аймағы ауасының қалпын бақылаудың әдістері мен құралдар, тиісті МСТ талаптарына сай болуы тиіс.
232. Технологиялық құралдарды құру, дайындау және пайдалану кезінде, жұмыс аймағы ауасына залалды заттардың түсуін азайту немесе алдын алу жөніндегі тиісті шаралар ескерілуі тиіс.
233. Төтенше жағдайларда (апаттық жағдайлар) қысқа уақытты жұмыстарды атқарған кезде, залалды заттардың шығуын тиісті деңгейлерге дейін азайту мүмкін емес болса, жеке қорғану құралдары пайдаланылуы тиіс және жұмыс аймағы ауасын нормаға келтіру жөніндегі жедел шаралар қолданылуы тиіс.
6 тарау. Жарықтандыруға қойылатын
қауіпсіздік талаптары
234. АКҚ өндірістік, қосалқы және тұрмыстық жай-күйлерінің табиғи және жасанды жарықтандырылуы, тиісті ҚН және Е және МСТ талаптарына сай болуы тиіс.
235. Арнаулы машиналарды сақтауға арналған жай-күйлерде, сондай-ақ қойма және техникалық жай-күйлерде табиғи жарықтандыру болмауы мүмкін.
236. Күннің көзіне қарайтын терезелер, күн сәулелерінің әсерінен қорғайтын құралдармен жабдықталуы тиіс.
237. Терезелерді, жарық ойықтарын құралдармен, материалдармен және сөрелермен жабу рұқсат етілмейді.
238. Үстіңгі шамдардың жарық ойықтары армирланған шыны қойылып темір торлармен қоршалуы тиіс.
239. Жай-күйлердің шамдары және терезелердің шынылары үнемі, жылына кемінде екі рет ластан тазалануы тиіс.
240. Шыныларды тазалаған кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнаулы құралдар (стационарлық және тасымалы сатылар, қозғалмалы арбалар және басқалар) пайдалануы тиіс.
241. Жұмыс орындарындағы және өндірістік жай-күйлердегі жасанды жарықтандыру құралдардың орналасуы, осы Ереженің 16 қосымшасында көрсетілген жарықтандыру деректерінен кем болмауын қамтамасыз етуі тиіс.
242. Жай-күйлердегі жарықтандыру арматуралары, бір айда кемінде екі рет тазалануы тиіс.
Жай-күйлердегі апаттық жарықтандыру, белгіленген нормадан, кем дегенде 5% қамтамасыз етуі тиіс, бірақ 2 люкстан (әрі қарай - лк) аз болмауы тиіс.
243. Ток жүргізу бөліктерін кездейсоқ ұстап қалмау үшін 127-220 В кернеу люминесценттік лампалары бар шамдар, еденнен 2,5 метр биіктікте орнатылуы тиіс.
244. Қыздыру лампаларының және люминесценттік жалпы және жергілікті жарықтандыру лампаларының, жұмысшылардың көздерін қарығудан қорғайтын шағылыстырғыш-абажурлары болуы тиіс. Ашық лампаларды қолдануға рұқсат етілмейді.
245. Оттегімен зарядтау және оттегін өндіру станцияларын, жанармай құюшыларды, автоцистераларды, май құйғыштарды ТҚ және Ж жай-күйлердің, сондай-ақ майды регенерациялау, аккумуляторлық батареяларды зарядтау, сырлау, дәнекерлеу және басқа да жарылысқа қауіпті заттарды шығарумен байланысты жұмыстар атқарылатын жай-күйлердің жарықтандыру арматурасы жарылысқа қауіпсіз болып орындалуы тиіс.
246. Тексеру жыраларының жарықтандыру желісінің кернеуі 36 В аспауы тиіс. Жылжымалы шамдардың қуат алу кернеуі 12 В аспауы тиіс.
247. Тексеру жыраларын 127-220 В кернеулі қуат алатын люминесценттік немесе кәдімгі шамдармен жарықтандыруға, келесі шарттар сақталса рұқсат етіледі:
1) барлық өткізгіштер, сенімді электр және гидроизоляциясы бар ішкі (жасырылған) болуы тиіс;
2) жарықтандыру арматурасының және ажыратқыштардың электр және гидроизоляциясы болуы тиіс;
3) тексеру жыралардың едені және қабырғаларына плитка салынуы тиіс;
4) шамдар, шыны плафонмен жабылған немесе қорғау торларымен қоршалған болуы тиіс.
248. арнаулы машиналардың тұрақтары және аэропорттарды перрондық механизациялау І-ІІІ класты аэропорттар үшін 5 лк төмен болмауы тиіс, ІV-V класс үшін - 2 лк.
7 тарау. Гүіл және вибрациядан қорғау
249. Арнаулы машиналардың гүіл сипаттамасы, басқару органдарында және жұмыс орындарындағы гүіл және вибрацияның мүмкін деңгейі, сондай-ақ өндірістік құралдар және арнаулы машиналардың агрегаттарынан шығатын гүіл, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларының талаптарына, сонымен қатар тиісті МСТ талаптарына сай болуы тиіс.
250. Октавтік жолдардағы дебицелмен (әрі қарай - дБ) алынған дыбыстық қысым деңгейлері жұмыс орындарындағы тұрақты гүіл сипаттамасы болып табылады; эквиваленттік (қуаты бойынша) амперге дебицелмен (әрі қарай - дБА) алынған дыбыс деңгейі - тұрақты емес гүілдің сипаттамасы болып табылады.
251. Көрсетілген сипаттамалардың мағынасы осы Ереженің 17 қосымшасында көрсетілген мүмкін деңгейлерден аспауы тиіс.
252. АМКҚ жұмысшыларын гүілден қорғау үшін келесі іс-шаралар өткізілуі тиіс:
1) жұмыс орындарындағы дыбыс қысымының деңгейі мүмкін деңгейден аспайтын техникалық процестерді қолдану, машинаның гүілін қайнар көзінде азайту;
2) құрылыс-акустикалық іс-шаралар;
3) көтеріңкі гүіл көзі болып табылатын арнаулы машиналарды дистациондық басқару;
4) тиісті МСТ бойынша жеке қорғану құралдарын пайдалану;
5) ұйымдастырушылық іс-шаралар (еңбектің және демалыстың рационалды режимін таңдау, гүіл жағдайында болу уақытын қысқарту, емдік-профилактикалық және басқа да іс-шаралар).
253. Дыбыс деңгейі 85 дБА жоғары аймақтар, тиісті МСТ бойынша қауіпсіздік белгілерімен көрсетілуі тиіс. Бұл аймақтарда істейтіндерді әуекәсіпорынның әкімшілігі (басшысы) жеке қорғану құралдарымен: бекітпесі бар екі құлаққап, қат-қабат қолданатын екі жапсырма, кем дегенде 20 дара бір рет пайдаланатын жапсырмалар немесе құлақтың бақалшақтарын және бастың бір бөлігін жабатын дулыға кіретін, гүілге қарсы комплекттерімен қамтамасыз етуі тиіс.
254. Кезкелген октавтік жолда, дыбыс қысымының октавтік деңгейі 125 дБ жоғары аймақтарда, тіпті өткінші тұруға тыйым салынады.
255. АМКҚ жұмыс орындарында гүіл деңгейін бақылау қамтамасыз етілуі тиіс және гүіл жағдайында қауіпсіз жұмыс ережелері орнатылуы тиіс.
256. Өндірістік жай-күйлердің жұмыс орындарында гүілді өлшеу тиісті МСТ бойынша өткізілуі тиіс.
257. Техникалық шарттарда, пайдалану жөніндегі нұсқауларда, арнаулы машиналардың және басқа да құралдардың паспорттарында олардың гүіл сипаттамалары көрсетілуі тиіс.
258. Октавтік жолдардағы орташа геометриялық жиілігі 1; 2; 4; 16; 31; 31,5; 63; 125; 250 Герц (әрі қарай - Гц) немесе олардың деңгейлері дБ алынғанда ауытқу секундке метрмен (әрі қарай - м/с) алынған жылдамдығының мағыналары, вибрацияның нормаланатын параметрлері болып табылады.
Көрсетілген параметрлердің мүмкін деңгейі 8 сағатты жұмыс ауысымы барысында тоқтаусыз істейтін, тік және көлбеу вибрация үшін белгіленеді.
259. Отыратын орындарда немесе жұмыс алаңдарында вибрацияның мүмкін мөлшері, осы Ереженің 18 қосымшасында көрсетілген мағыналарға сәйкес болуы тиіс.
260. Вибрация, арнаулы машиналардың қозғалысы уақытында жүргізу органдарының, сондай-ақ арнаулы құралдардың агрегаттарының жұмысы кезінде өлшенеді. Вибрацияны өлшейтін аппаратура МСТ сәйкес болуы тиіс.
261. Жүргізушілердің тұрақты жұмыс орындары, міндетті түрде отыратын орынмен жабдықталуы тиіс.
262. Рульдік доңғалақтар және жүргізу иінтіктерінің саптары, жылу өткізгіш коэффициенті 0,5 жоғары, материалдармен капталуы тиіс.
263. Жұмыс істейтіндерге, әр бір 2 сағатта 5 минут ішінде, қол және аяқтардың қан айналымын жақсартуға бағытталған, сондай-ақ дене және бұлшық еттерді босаңсыту үшін, гимнастикалық жаттығулар жасау ұсынылады.
264. Әйелдер және жасөспірімдер арнаулы машиналардың жүргізушілері ретінде жұмысқа қабылдануы заңдарға сәйкес белгіленуі тиіс. V020002129
265. Арнаулы машиналардың жүргізушілері ретінде жұмысқа қабылданатын тұлғалар, алдын ала медициналық тексеруден, мерзімдік медициналық тексеруден және рейс алдында медициналық куәландырудан өтуі тиіс.
4 бөлім. Арнаулы машиналарды пайдаланған
кезде жалпы қауіпсіздік талаптары 1 тарау. Еңбек қауіпсіздігінің жалпы талаптары
266. АКҚ пайдаланатын арнаулы машиналар, МСТ сәйкес, толық құрастырылған және сырланған болуы тиіс, және тиісті мемлекеттік номер белгілері болуы тиіс.
267. Пайдалануға тек қана техникалық жарамды арнаулы машиналар дұрыс реттелген тежегіштері бар, рульдік жүргізу, сцепление және жарықтандыру.
268. Аэродромда (перронда) істейтін арнаулы машиналардың жарамды арнаулы құралдары болуы тиіс және өрттен қорғау органдарымен белгіленген нормаларға сай, өртсөндіру құралдары комплектімен жабдықталуы тиіс. Өрт сөндіру құралдары жарамсыз немесе мүлдем жоқ арнаулы машиналарға АК қызмет етуге рұқсат берілмейді.
269. Арнаулы машиналарды жолға (аэродромға, перронға) шығару және жүргізушілерге аэродромда (перронда) жұмыс істеуге рұқсат беру, аэропорт аймағында арнаулы машиналардың қозғалысы, заңдармен белгіленген талаптарға сәйкес атқарылады.
2 тарау. Арнаулы машиналардың негізгі шасси
техникалық қалпына қойылатын қауіпсіздік талаптары
270. Машинаның техникалық қалпы олардың жолдағы қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуі тиіс, осы Ережеге, белгілі тәртіпте бекітілетін, автомобильдік көлікті техникалық пайдалану ережелеріне және өндіруші зауыттың нұсқауларына сай болуы тиіс.
271. ЖПБ келісілмей негізгі автомобильдердің конструкциясын өзгертуге болмайды.
272. Қуат алу, салқындату және майлау жүйелері герметикалық болуы тиіс және олардан су, антифриз, май және жанармай ақпауы тиіс.
Двигательдің вентиляциялық қондырғысы жарамды істеуі тиіс, капот астындағы кеңістікке газды өткізбей. Бәсендеткіш құбыры двигательдің шығарылатын құбырымен тығыз жалғастырылуы тиіс.
Біліктің храповигінің тіліктері, ал жүргізу рукояткасының - тік, ұзындығы және мықтылығы тиісті, екі жағы бүрлі шегесі болуы тиіс. Жүргізу рукояткасының сабы тегіс болуы тиіс.
273. Кабинаның желдік және жанама шынылары келесі талаптарға сай болуы тиіс:
1) көз көрерлікті қиындататын бұзылуы болмауы тиіс;
2) жанама шынылары сазды (плавно) шыны көтергіш механизмдерімен жылжуы тиіс;
3) щеткалар тіке шынының жақсы тазалануын қамтамасыз етуі тиіс;
4) отыратын орында және оның арқасында жыртық жерлер, шығып тұрған пружиналар, ойылымдар үшкір бұрыштар болмауы тиіс, ал жүргізуші ыңғайлы отыру үшін, отыратын орындар реттеу құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс;
5) кабинадағы залалды заттардың концентрациясы (автобус салонында, жеңіл автомобильдің кузовында) белгіленген санитарлық нормадан аспауы тиіс (көміртек тотығы - 20 мг/м3, акролеин - 0,2 мг/м3);
6) кабина есіктерінің құлыптары өзінен-өзі ашылып кетпейтін, жарамды болуы тиіс;
7) кабинаны (автобус салонын, жеңіл автомобильдің кузовын) жылыту қондырғысы үздіксіз істеп тұруы тиіс, кабинаны жылыту үшін істен шыққан газды пайдалануға болмайды;
8) кабинаның едені жарамды және оған резеңке кілемше төселуі тиіс.
274. Рульдік жүргізудің қалпы, автомобильдің кезкелген жылдамдығында, алдыңғы доңғалақтарды жүргізудің жеңілдігін және сенімділігін қамтамасыз етуі тиіс.
1) рульдік басқарудың жоғарлатылған люфті; егерде күшейткіш болса, люфтті күшейткіш жүріп тұрған кезде тексереді;
2) руль белдігінің еркін айналуына кедергі болатын басқа да олқылықтар болса, рульдік колонканың бүгілісі және жапырылуы;
3) рульдік сошканың, рульдік колонканың бекітпесінің босауы және бекітпе детальдардың олқылықтары болуы;
4) рульдік жетектердің ұзына бойы және көлденең жарамсыздықтары;
5) повышенный люфт в шарнирных соединениях рулевых тяг.
275. Алдыңғы мосттың техникалық қалпы, алдыңғы доңғалақтардың бекітілуінің, рульдік жетек детальдарының қозғалғыш бөлігінің детальдарына бекітілудің сенімділігін қамтамасыз етуі тиіс.
Алдыңғы мостта:
1) доңғалақ іліну детальдарының және балканың олқылықтары;
2) алдыңғы доңғалақтардың люфті өндіруші зауыт паспортында көрсетілгеннен асу;
3) алдыңғы доңғалақтардың подшипниктарының олқылықтары және қажалуы болмауы тиіс.
276. Тежеуіш жүйесінің қалпы, арнаулы машинаның уақытында тоқтауы мен доңғалақтардың тежелуі басталуының бір уақытта болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Тежеуіштің пневматикалы жетегі болған уақытта, ауа баллонының ішіндегі қысым кем дегенде 0,5 мегапаскаль (әрі қарай - МПа) болуы тиіс. Орта ауасының температурасы 0оС төмен болса, ауа баллонының ішіндегі конденсат күнде алынуы тиіс.
Тежеу жүйесінде:
1) доңғалақтық тежеуіштегі қалыптардың (колодка) механикалық жетектерінің қажалуы және детальдарының олқылықтары;
2) жүйеден сұйықтықтар (ауа) өтіп кету;
3) тежеуіш сұйықтығын минералдық немесе басқа маймен және суррогат-сұйықтықтармен ауыстыру;
4) қол тежеуіш дискісінің жарық болуы, бекіту қондырғыларының жарамсыздығы немесе мүлдем болмауы мүмкін емес.
277. Келесі шиналарды қоюға тыйым салынады:
1) мөлшері және мүмкін жүктелісі арнаулы машинаның маркасына сәйкес келмейтін;
2) протектордың тозуы белгіленген нормалардан асатын;
3) механикалық олқылықтарымен (тесік, каркастың қабаттануы және);
4) қысымы нормаға сәйкес келмейтін;
5) автобус және жеңіл автомобиль алдыңғы белағашына жөндеудің екінші тобы бойынша қалпына келтірілген.
278. Электр құралдар двигательдерді стартермен жүргізілуін, цилиндрдағы қосындыны үздіксіз тұтандырылуын, жарықтандыру құралдарының, сигнализация және электр бақылау құралдарының жұмысын, жалғасу орындарында ұшқындар пайда болу мүмкіндігі жойылуын қамтамасыз етуі тиіс. Электр өткізгіштің сенімді және бүтін изоляциясы болуы тиіс.
Аккумуляторлық батареялар арнаулы ұяларда сенімді бекітілуі тиіс. Аккумуляторлық батареяның моноблогынан электролит ақпауы тиіс.
279. Барлық арнаулы машиналар жарамды құрал жабдықтармен жабдықталуы тиіс, оның ішінде: тиісті жүк көтеру қабілеті бар домкрат, жүргізу рукояткасы, жабық тасымалы жарықтандыру көзі, шиналарды үрлейтін және двигательдің қуат алу жүйесін, гайкалық және баллондық кілттермен үрлейтін насос.
Құрал жабдықтар наборын сақтау үшін әр бір машина жәшікпен немесе сөмкемен қамтамасыз етілуі тиіс.
280. Әр машина артқы жақ айналарымен, жарамды жарықтандырумен (алыс, жақын жарық және подфарниктер), тоқтату-сигналдармен, бұрылыс көрсеткіштерімен және габариттік шамдармен жабдықталуы тиіс.
281. Арнаулы машинада өртсөндіру қауіпсіздігі мақсатында:
1) двигательде және оның картерінде жанар-жағар материалдарымен араласқан кір жиналуына;
2) кабиналарда және капоттың астында пайдаланылған сүртіну материалдарын сақтауға;
3) питания жүйесінің жарамсыз құралдарын пайдалануға;
4) ашық отпен пайдалануға;
5) өрт сөндіру құралдары жоқ арнаулы машинаны пайдалануға рұқсат етілмейді.
282. Жүк көтеретін автомобильдің (прицептің) борттық платформасында сынық тақтайлар және бөренелер болмауы тиіс; буксирлік қондырғының қалпы прицептің тягачтан айрылу мүмкіндігін жоюы тиіс.
Автопоездің, прицепті және автомобильді жалғастыратын шынжырлары және арқандары болуы тиіс.
Жартылай прицептер:
1) алдыңғы тірелу қондырғымен;
2) құлыптары бекітілетін седельдік қондырғымен;
3) тұрақ тежеуішімен жабдықталуы тиіс.
283. Өздігінен түсіргіш-автомобильдер (өздігінен түсіргіш-прицеп):
1) көтеріліп тұрған кузов өзінен-өзі түсіп кетуін тоқтататын қондырғылармен;
2) кузовтың борттары өзінен-өзі ашылып кетпеу үшін және тығыз жабылу үшін арнайы құралмен;
3) "Кузов көтеріліп тұрған уақытта тіреусіз жұмыс атқаруға болмайды!" деген жазумен жабдықталуы тиіс.
284. Жалпы қолданыстағы автобустарға және жеңіл автомобильдерге келесі қосымша талаптар қойылады:
1) кондуктордың жүргізушіге сигналдамасы болуы;
2) салонды және жолаушылардың отыруын бақылау үшін қосымша айналармен жабдықталуы тиіс;
3) капоттың сенімді герметикалығы;
4) істен шыққан газдар салонның ішіне кірмеу үшін, бәсеңдеткіштің құбыры кузовтың габариттік өлшемдеріне жеткізілуі тиіс;
5) жеңіл автомобильдерді қауіпсіздік белбеулермен қамтамасыз ету.
3 тарау. Аэродром ішінде автопоезбен және автобуспен
жолаушыларды тасымалдауға қойылатын талаптар
285. Перрон бойымен жолаушыларды тасымалдау заңдарға сәйкес атқарылуы тиіс.
286. Автобустардың (автопоездардың) жүргізушілері, аэродром ішінде қауіпсіз қозғалыс жөніндегі, белгіленген ережені жақсы білу және орындауы тиіс.
287. Автобус немесе автопоезд жүргізушілері келесі талаптарды орындауға міндетті:
1) жолаушылар отыратын (шығатын) жерге келгенде, көлік толық тоқтамай есікті ашпауы тиіс;
2) жолаушылардың отыруы (шығуы) аяқталғаннан соң, есік жабылып, кезекшіден қарсы алу және отыру жөнінде сигнал алғаннан соң қозғалуы тиіс;
3) қозғалыстың басталуы жолаушыларға және айналадағы адамдарға қауіп төндірмеуіне көз жеткізу;
288. Аэродром ішінде автобуспен (автопоезбен) жолаушыларды тасымалдау, кезекшінің бақылауында атқарылуы тиіс.
289. Автобустардың (автопоездардың) взлетно-посадочные жолдарға және рульдік жолдарға шығуға рұқсат етілмейді.
4 тарау. Арнаулы машиналардың арнайы құралдарына
қойылатын қауіпсіздік талаптары
290. Арнаулы машиналардың арнайы құралдарының техникалық қалпы, арнаулы машинаның әр бір белгілі түрін пайдалану жөніндегі өндіруші зауыттардың нұсқаулары талаптарына және техникалық шартқа сәйкес болуы тиіс.
291. Жанармай, май және гидравликалық, пневматикалық, газ, ауа және арнаулы машиналардың басқа да жүйелері герметикалық болуы тиіс. Агрегаттар, құбырлар және шлангтер қосылатын жерлерде газ және сұйықтықтар ақпауы тиіс.
292. Арнаулы құралдардың түйіндері, агрегаттары, жалғаушы элементтері сенімді бекітілуі тиіс.
293. Жұмыс парамерлері нормативтерге сай болуы тиіс, бақылау-өлшеуіш құрал-жабдықтары (редукторлар, насос және тежегіш қондырғылары) жарамсыз және пломбаланбаған арнаулы машиналарды пайдалануға тыйым салынады.
294. Электр жетегі бар арнаулы құралды жүргізу МСТ талаптарына сәйкес болуы тиіс және жүргізілетін объектті, оның қалпын ("жүріп тұр", "ажыратылды", "кіреберіс", "тежегіш" және т.с.) және қандай мақсаттарға қолдану көрсетілетін жазулармен немесе символдармен қамтамасыз етілуі тиіс. Жүргізу органдары бар, бірнеше посттары бар бұйымда, бір уақытта әр түрлі посттардан операциялар атқару мүмкіншілігі болмауы тиіс. Айтылған блокадалану апаттық сөндіру кнопкаларына қатыспайды.
295. Жүргізу органдары пайдалану мақсатына сәйкес келесі түстерге боялуы тиіс:
1) тоқтату (сөндіру) үшін - қызыл;
2) жүргізу (қосу) үшін - ахроматикалық түс (қара, сұр, ақ немесе жасыл);
3) кезек-кезегімен тоқтату және жүргізу үшін - ахроматикалық түс;
4) апаттың алдын алу үшін - сары.
Апаттық сөндіру кнопкасы басқа мөлшерлермен салыстырғанда үлкейтілген болуы тиіс, ал жүргізу кнопкасы - орган бетінен, кем дегенде 3 мм. батырылып тұруы тиіс немесе жаппай шығыршығы (жаппай шығыр) болуы тиіс. Блокировка блокадалау қондырғысы оның жалған істеп қалу мүмкіншілігін жоққа шығаруы тиіс.
296. Арнаулы құралдардың электр схемалары өзінен-өзі қосылу және сөну мүмкіншілігін жоққа шығаруы тиіс.
297. Қосылып тұрған қалпын, кедергіні, изоляцияны сынап көруін, жұмыс режимін, тиісті шаралар қолданбай құралдың ішіне кіруге тыйым салыну-рұқсат ету, температураның мүмкін мағыналардан жоғары көтерілуін және тағы сондайларды көрсету үшін, құралдың сигнализациясы, жазулары бар кестелер болуы тиіс.
Сигнализация жарық немесе дыбыстық болуы мүмкін. Бұл жағдайда келесі түстер қолданылуы тиіс:
1) қызыл - тыйым салатын және апаттық сигналдар үшін, сондай-ақ артық жүк туралы, дұрыс емес әрекеттер туралы, қауіп туралы, және дереу араласуды талап ететін жағдайлар туралы ескерту үшін;
2) сары - назар аудару үшін (шектік мағыналарға жету туралы, автоматикалық жұмысқа көшу туралы және т.с. ескерту);
3) жасыл - қауіпсіздік сигнализациясы үшін (қалыпты жұмыс режимі және т.с.);
4) ақ - қызыл, сары немесе жасыл түстерді қолдану тиімсіз болғанда, сөндіргіштің жүріп тұрған қалпын көрсету үшін;
5) көк - атап өткен түстерді қолдану мүмкін емес болса, арнайы жағдайларда қолдану үшін.
Сигналдық шамдардың және басқа да жарықсигналдық аппараттардың, оларды қандай мақсатта қолданылатынын көрсететін белгілері немесе жазулары болуы тиіс.
Сигнализация мақсатты пайдалануына сәйкес болуы тиіс.
298. Электр құралдың ұстап қалуға мүмкін бөліктерінің изоляциясы, адамға электр ток тимеу үшін, қорғанысты қамтамасыз етуі тиіс.
5 тарау. Арнаулы сұйықтықтар және этилданған
бензинмен жұмыс істегенде қойылатын
қауіпсіздік талаптары
299. Этилданған бензин және арнаулы сұйықтықтармен жұмыс істегенде, азаматтық авиация кәсіпорындарының жанармаймен қамтамасыз ету объектілерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінің талаптары сақталуы тиіс.
300. Этилданған бензин және арнаулы сұйықтықтармен жұмыс істеуге медициналық тексеру, арнайы оқыту және оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары жөніндегі нұсқамалық өткен тұлғаларға ғана рұқсат беріледі.
Этилданған бензин және арнаулы сұйықтықтарды қолдану ережесі персоналдан қолхат алынып жарияланады. Қолдану ережесімен таныспаған жүргізушілерге және басқа да тұлғаларға, сондай-ақ 18 жасқа толмаған тұлғаларға, жүкті әйелдерге және бала емізетін аналарға этилданған бензин және арнаулы сұйықтықтармен жұмыс істеуге рұқсат берілмейді.
301. Этилданған бензин және арнаулы сұйықтықтар қолданылатын барлық жұмыс орындарында, еңбек қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулар, плакаттар және ескерту жазулар ілінуі тиіс.
1. Этилданған бензинмен жұмыс істегенде
қойылатын қауіпсіздік талаптары
302. Этилданған бензинмен атқарылатын жұмыстар, автокөлікте этилданған бензинді сақтау, қолдану және тасымалдау жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес өндірілуі тиіс.
303. Этилданған бензинді және оның керосинмен қосындыларын жарықтандыру үшін, примустарға, бензинмен кескіштерге құю, киім тазалауға, детальдарды жууға және соған ұқсас мақсаттарда пайдалануға рұқсат етілмейді.
304. Келесіге рұқсат етілмейді:
1) боялмаған этилданған бензинді қолдану және жіберу;
2) жай-күйдің ішінде жұмыс істейтін (цех ішіндегі көлік, стационарлық двигательдер және т.б.) двигательдерге және двигательдерді сынаған кезде қолдануға болмайды;
3) двигательдерді қажетті жеке қорғану құралдарымен және қосымша вентиляциямен жабдықталмаған стендтарда сынаған кезде этилданған бензинді қолдануға тыйым салынады;
4) этилданған бензинді, арнайы қоймалардан және сақтау орындарынан тыс сақтауға болмайды.
305. Этилданған және кәдімгі бензинді қолданатын кәсіпорындардың, оларды сақтау үшін бөлек резервуарлары болуы тиіс, жанармай құбырлары және бензинколонкалары, сондай-ақ тасымалдау үшін бөлек ыдыстары болуы тиіс.
306. Этилданған бензинді тек қана бүтін резервуарларда, цистерналарда немесе темір бөшкелерде, бидондарда, тығыз жабылатын қақпақтары бар немесе бензин өткізбейтін төсеніштері бар тығындары бар канистрлерде сақталуы және тасымалдануы тиіс.
Ыдыстарда, "Этилданған бензин" деген өшірілмейтін үлкен әріппен жазылған жазу болуы тиіс.
307. Этилданған бензин резервуар сыйымдылығының 90%-на толтырылуы тиіс.
308. Этилданған бензин құйылған ыдысты күн сайын тексерілуі тиіс. байқалған терлеу, ағулар дереу жойылуы тиіс. Егер ол мүмкін емес болса, этилданған бензин, барлық абайлаушылық шаралары сақталып, төгілмей, денеге немесе жұмысшының киіміне тимей, бүтін ыдысқа құйылуы тиіс.
309. Этилданған бензинді сақтау, арту, түсіру және онымен жұмыс істеу орындарында төгілген бензинді залалсыздандыру үшін және бензинмен ласталған арнаулы машиналарды, құралдарды, алаңдарды, едендерді (керосин, хлорлы әк, дихлоромин ерітіндісі, үгінді, ескі-құсқы нәрселер) тазалау үшін жеткілікті мөлшерде заттар болуы тиіс.
310. Этилданған бензин төгілген кезде және арнаулы машиналарға, құралдарға, алаңдарға, едендерге және т.с. тиген жерлер дереу тазаланып залалсыздануы тиіс. Бұл үшін ластанған жерлерге құм немесе үгінді себілуі тиіс немесе ескі-құсқы нәрселермен сүртілуі тиіс, содан соң темір үсті ластанса, дихлораминмен (этилданбаған бензиндегі 1,5 % ерітіндісі) немесе хлор ағымен (су немесе хлор суының 3-5 бөліктеріне хлор ағының 1 бөлігі пропорцияда алынып ботқа түрінде пайдаланатын), керосин немесе сілтілі ерітіндімен газсыздандырылуы тиіс.
Газсыздандыру заттары ластанған жерлерге жағылып, 15-20 минуттан кейін сумен жуылып тасталуы тиіс.
311. Этилданған бензинді құрғақ хлор ағымен залалсыздандыруға рұқсат етілмейді.
312. Этилданған бензинмен ластанған сүртү материалдары, үгінді және соған ұқсас тығыз қақпақтары бар темір ыдысқа жиналуы тиіс, содан соң абайлаушылық (бензин буларын жұтпау үшін) және өртке қарсы шаралары қолданылып өртелуі тиіс. Өртеу орны кәсіпорынның бұйрығымен бекітіліп анықталады.
313. Этилданған бензинді тасымалдаған ыдыстарда, басқа сұйықтықтарды тасымалдау, этилданған бензин қалдықтары толық жойылып залалсыздандырылғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.
314. Этилданған бензиннің ыдысын залалсыздандыру үшін: лас және бензин қалдықтарынан босатып, желдету, буландыру, және тағы бір рет желдету қажет; көлемі 250 литр бөшкеге 10 литр керосин құйып, аузын бітеп және іші толық жуылу үшін, 10 минут ішінде аунату. Іші екі рет жуылғаннан соң, сыртқы жағы керосинмен суланған ескі-құсқы нәрселермен немесе қылқаламмен сүртілуі тиіс.
315. Этилданған бензинді құю, қабылдау және жіберу операциялары механикаландырған болуы тиіс. Қолданылатын насостар, жанармай құбырлары, бензин колонкалары, шлангтар және басқа да құрал-жабдықтар бензин ағып кетпеу үшін, жарамды және герметикалық болуы тиіс. Айтылып өткен құрал-жабдықтар статикалық электр қорғалуы тиіс.
316. Жанармай құю колонкаларын, насостарды және басқа да жанар-жағар май құю аппаратурасын демонтажсыз жөндеу кезінде, жұмысшылар этилданған бензин буларын жұтудан барынша қорғалуы тиіс (жұмыс ашық ауада немесе жақсы желдетілетін жай-күйде атқарылуы тиіс). Жұмыстың аяғында, қолды керосинмен, содан соң сабындап жылы сумен жуу қажет.
317. Этилданған бензин арнаулы машинаға, тарату пистолеттерімен жабдықталған, шлангалары бар бензоколонкадан құйылуы тиіс. Арнаулы машинаға этилданған бензинді шелекпен, құйғышпен және т.с. құюға, сондай-ақ этилданған бензинді ыдыспен (канистрмен) беруге тыйым салынады. Бензин құюшы және жүргізуші, бензин құйылу уақытында арнаулы машинаның желденген жағында тұруы тиіс.
318. Этилданған бензинмен ластанған суларды, жалпы қолданыстағы фекальдік канализацияға ағызуға тыйым салынады. Өнеркәсіптік канализацияға бұл сулар, санитарлық-эпидемиологиялық станциялармен келісілген әдістермен залалсыздандырылғаннан кейін ғана ағызылуы мүмкін.
319. Жүру уақытында бензин иісі пайда болса, жүргізуші арнаулы машинаны тоқтатып, иіс пайда болу себебін анықтап, оны жоюы тиіс.
320. Этилданған бензинді құю немесе қуат алу жүйесін үрлеу кезінде бензинді ауызбен соруға болмайды.
321. Этилданған бензинмен жұмыс атқаратын тұлғалар (оның ішінде жүргізушілер), белгілі тәртіпте бекітілетін нұсқауға сәйкес, жұмыс уақытына, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Кезекші арнаулы машиналардың әр бір жүргізушісіне, жолда жұмыс атқару уақытына, көкірекшесі бар резеңке алжапқыш, резеңке биялай, хлорвинилдық жеңғап берілуі тиіс. Жеке қорғану құралдарысыз жұмыс істеуге рұқсат берілмейді.
322. Кәсіпорында, этилданған бензинмен ластанған арнаулы киімді ауыстыру үшін қосалқы комплекттер болуы тиіс.
Арнаулы киім арнайы бөлінген орындарды сақталуы тиіс (үй киімінен бөлек).
323. Арнаулы киімді кәсіпорынның сыртына шығаруға болмайды, сондай-ақ этилданған бензинмен жұмыс істегенде киілген киіммен асханаға, демалыс орындарына, қызметтік және тұрғын жай-күйлерге кіруге болмайды.
324. Әуекәсіпорын, этилданған бензинмен ластанған арнаулы киімнің, басқа арнаулы киімдерден бөлек, химиялық тазартылуын, жуылуын және жөнделуін қамтамасыз етуі тиіс.
325. Арнаулы киім жууға берудің алдында 2 сағат ішінде ашық ауада немесе жекеленген вентиляцияланған жай-күйде желдетілуі тиіс. Содан кейін арнаулы киім, екі рет 10% шаруашылық сабын ерітіндісінде жібітілуі тиіс. Кір жуу орындарында арнаулы киімді жуу механикаландырған болуы тиіс.
Арнаулы киімнің жөнделуі, тек қана жуылғаннан соң атқарылуы тиіс.
326. Резеңке етіктер, биялайлар және алжапқыштар, хлор ағы ботқасымен (ақтың 1 бөлігі судың 2-3 бөлігіне) ысқыланып, қанық хлор суына жібітіліп немесе керосинмен жуылып, содан кейін сабындалып сумен жуылып залалсыздандырылуы тиіс. Биялайды шешкеннен соң, қолды сабындап сумен жуу керек.
2. Антифризбен жұмыс істегенде қойылатын
қауіпсіздік талаптары
327. Антифриз герметикалық қақпағы бар, бүтін темір бидондарда және бұрандалы тығындары бар бөшкелерде тасымалдануы және сақталуы тиіс. Қақпақтар және тығындар пломбаланған болуы тиіс.
Антифриз құйылған бос ыдыс та пломбалануы тиіс.
328. Антифризді, кісілермен, малмен, азық-түлікпен бірге тасымалдауға тыйым салынады.
329. Антифриз құю алдында, ыдыс қатты тұнбалардан, өңез және тоттан мұқият тазаланып, сілті ерітіндісімен жуылып буландырылуы тиіс. Ыдыста мұнай өнімдерінің қалдықтары болмауы тиіс.
330. Антифриз ыдыс сыйымдылығының 90% аспай құйылуы тиіс. антифризді сақтайтын (тасымалдайтын) ыдыста және антифриз құйылған бос ыдыста "У!" деген жуылмайтын жазу болуы тиіс, сондай-ақ МСТ сәйкес, улағыш заттарға орнатылған белгі болуы тиіс.
331. Антифриз құйылған ыдысты, құрғақ жылытылмайтын жай-күйде сақтайды. Сақтау және тасымалдау кезінде, ыдыстағы барлық құю, төгу және ауа тесіктері пломбалануы тиіс.
332. Келесіге рұқсат етілмейді:
1) жоғары айтылып кеткен талаптарға сәйкес келмейтін ыдыспен беру;
2) антифризді ауызбен сорып, шланг арқылы құю;
3) антифриз құйылған ыдыста азық-түлікті сақтау және тасымалдау.
333. Двигательдердің салқындату жүйелеріне антифриз құюдың алдында:
1) салқындату жүйесінде (жалғастыру шлангалары, радиатор, су насосының сальниктері және т.с.) ағатын жерлерін тексеру;
2) салқындату жүйесінде ағатын жерлер болмауы тиіс;
3) салқындату жүйесінтаза ыстық сумен жуу қажет.
334. Антифриз, двигательдердің салқындату жүйесіне арнайы осы мақсатқа арналған ыдыспен (шмөгі бар шелектер, бөшке, май құйғыш) құйылуы тиіс. Осы Ереженің 329 тармағында көрсетілгендей, құятын ыдыс тазаланған және жуылған болуы тиіс, және үлкен әріптермен жазылған: "ТЕК ҚАНА АНТИФРИЗ ҮШІН" деген жазу болуы тиіс.
Құйған кезде антифризға мұнай өнімдері (бензин, дизельдік жанармай, автол және басқа) араласпауы тиіс, өйткені двигатель жүріп тұрған кезде антифриз көпіріп кетеді.
335. Салқындату жүйесінің сыйымдылығы антифризбен 90% толтырылуы тиіс.
336. Антифризбен атқарылған әр операциядан (алу, беру, автомобильға құю, сапасын тексеру) кейін, қолды сабындап сумен мұқият жуу керек. Антифризді кездейсоқ жұтып қалған адам, дереу сауықтыру мекемесіне жіберілуі тиіс.
3. Автомобильдік тежеу сұйықтықтармен жұмыс
істегенде қойылатын қауіпсіздік талаптары
337. Автомобильдік тежеу сұйықтықтары - улағыш. Олардың алкогольге ұқсас иісі бар, сондықтан олар қаталық спирттік ішімдік ретінде саналуы мүмкін.
338. Тежеу сұйықтықтардың құрама бөлігі аздап ұшпа болғандықтан, жұмыс жай-күйлерінің ауасындағы олардың бу концентрациясы аз және қауіпсіз.
Сондықтан, тежеу сұйықтықтарымен жұмыс істеген кезде демалу органдарын арнайы шаралармен қорғаудың қажеті жоқ.
339. Тежеу сұйықтықтарымен уланбау үшін:
1) сұйықтықты бір ыдыстан басқа ыдысқа шланг арқылы құйған уақытта, тежеу сұйықтықтарды ауызбен соруға;
2) тежеу сұйықтықтарымен жұмыс істеген уақытта, темекі шегуге және тамақ ішуге болмайды.
Тежеу сұйықтықтарымен жұмыс аяқталғаннан кейін қолды сабындап сумен мұқият жуу керек.
340. Тежеу сұйықтықтарды тасымалдау, сақтау, және қолдану жұмыстарына, бұл сұйықтықтардың қасиеттерімен, қолдану және пайдалану ережелерімен таныспаған (қол қойып) тұлғаларға рұқсат берілмейді.
341. Тежеу сұйықтықтары, күзетілетін ЖЖМ қоймаларында жабық арнайы жабдықталған жай-күйлерде сақталуы тиіс. Тежеу сұйықтықтарымен уланбау үшін:
1) тежеу сұйықтықтарының сақталуын, тасымалдануын және қолданылуын қатаң бақылау;
2) нұсқамалықтарда, ЖЖМ қоймасының жұмысшылары, жүргізушілер, механиктер және басқа да тұлғалар тежеу сұйықтықтарын пайдалану ережелерін білуін тексеру.
4. Мұздануға қарсы сұйықтықтармен жұмыс істегенде
қойылатын қауіпсіздік талаптары
342. АК мұздануға қарсы сұйықтықтармен өңдеу, жуу машиналарымен және/немесе шашыратқыш қондырғымен атқарылуы тиіс.
343. Мұздануға қарсы сұйықтықпен улану күдігі болса, жазғырылғанды дереу медициналық мекемеге апару керек.
344. Мұздануға қарсы сұйықтықтармен жұмыс істегенде қауіпсіздік талаптары сақталу жауапкершілігі, әуекәсіпорын басшысының бұйрығымен тағайындалған тұлғаларға жүктеледі.
345. Мұздануға қарсы сұйықтықтары киімге тиген уақытта, суланған жерді сумен жуып, бет қолды сабындап жылы сумен жуу керек.
346. Келесіге рұқсат етілмейді:
1) мұздануға қарсы сұйықтықты шлангтен ауызбен соруға;
2) мұздануға қарсы сұйықтықты қол жууға пайдалануға;
3) мұздануға қарсы сұйықтықты насос қолданбай әр түрлі ыдысқа ашық тәсілмен құюға;
4) мұздануға қарсы сұйықтықты тұрмыстық қажеттіліктерге қолдануға.
347. Мұздануға қарсы сұйықтықты ыстық сумен араластырған кезде, күйіп қалмау үшін, сергектік сақтау керек.
348. Мұздануға қарсы сұйықтықтарға пайдаланған жуу машиналарының ыдыстарын, басқа мақсаттарға қолданудың алдында, сумен жуылуы тиіс.
349. мұздануға қарсы сұйықтықтарға пайдаланатын барлық ыдыстар, герметикалық жабық және пломбаланған болуы тиіс, "ӨЛТІРЕТІН, У" деген жазуы болуы тиіс.
350. Арнаулы машиналардың жүргізушілері, мұздануға қарсы сұйықтықтың шығынын бақылауы тиіс және оны толықтыру қажеттілігі туралы диспетчерге уақытында баяндауға міндетті.
Ауа кемелерін өңдеуге арналған қондырғылар мен машиналарда шығын өлшегіштері орнатылуы тиіс.
Жұмсалмаған мұздануға қарсы сұйықтықтың қалдығы, пломбаланып жанар-жағар материалдар (әрі қарай - ЖЖМ) қоймасына белгілі тәртіпте тапсырылуы тиіс.
5 бөлім. Ауа кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге
және жанармай құюға арналған арнаулы машиналарды
пайдалану кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары 1 тарау. Еңбек қауіпсіздігінің жалпы талаптары
351. Ауа кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған арнаулы машиналар, өндіруші-зауыт нұсқауларының және басқа да нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына қатаң сәйкестікте пайдалануы тиіс.
352. Тиісті метрологиялық мекемелерде (ұйымдарда, кәсіпорындарда) уақтылы тексеріс өтпеген бақылау-өлшегіш құралдары бар арнаулы машиналарды пайдалануға рұқсат етілмейді.
353. Арнаулы машиналардың перрон үстінде жүруі, АК келу және арнаулы машиналарды АК тұрақтарына қою тиісті нұсқауларға (ережелерге) сәйкес атқарылуы тиіс.
354. АК қызмет көрсететін арнаулы машиналарды пайдалануға, медициналық куәландырудан өткен, арнаулы машинаның құрамын және технологиялық операциялар атқару кезіндегі міндеттерін білетін, еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаумен танысқан, сынақ тапсырып жұмысқа рұқсат алған тұлғалар рұқсат алады.
355. АК жанармай құю құралдарының жүргізушілері тоқсан сайын нұсқамалық өтуі тиіс және олардың қауіпсіздік техникасы бойынша білімдері тексерілуі тиіс.
2 тарау. Ауа кемелеріне жанар-жағар материалдарын
құюға арналған жылжымалы құралдарды пайдаланған
кезде қойылатын қауіпсіздік талаптары
356. "Жанармай құюшылардың" (әрі қарай - ЖҚ), "май құюшылардың" (әрі қарай - МҚ), "орталандырылған құюшылар агрегаттарының" (әрі қарай - ОҚА) жылжымалы технологиялық құралдарын жолға шығарылу алдында, ЖЖМ қызметі және арнаулы көлік қызметінің жауапты тұлғаларымен бақыланады. Бақылауды, әуекәсіпорынның командирі белгілеген орында, кезекті ауысымның жұмысы басталар кезде, механик (бригадир) және аға техник (техник) атқарады.
357. Бақылау тексеріс атқарған кезде:
1) ыдыстардың аузында, демалу клапандарында, фильтрларда, литрөлшегіш-есепшілерінің және бақылау-өлшегіш құралдардың пломбалары болуын;
2) бақылау-өлшегіш құралдардың және арнаулы құралдар агрегаттарының жарамдылығы (визуалды);
3) статикалық электр пайда болудан қорғайтын құралдардың жарамдылығын және сенімділігін;
4) жарамды штаттық өрт сөндіру құралдарының толық комплексінің болуын, өртсөндіргіштерде бұзылмаған пломбалары болуын және пайдалану мерзімі сәйкес болуын;
5) істен шыққан газдарды шығару жүйелерінің жарамдылығын және герметикалығын;
6) құбырдың ұшқын сөндіргішпен, насостық отсектердің двигательдерінің капоттарымен жабдықталуын;
7) фланц жалғасулардан, сальниктерден, шланг және арматурадан жанармай (майлар, жұмыс сұйықтықтары) ақпауын; МҚ және АСҚ бактарын үрлеу жүйесінің тежегіш клапандарының жарамдылығын;
8) вентильдердің тазалығын және жарамдылығын, жапқыштардың, аузында және демалу клапандарының таза және жарамды қабы, ал қабылдау патрубогында ағызу құбырларында, тарату крандарының - қалпақшалары болуын;
9) тарату жанармай жеңдерінің қалпын және олардың барабандар штуцерлеріне және төменгі құюшылар ұштарына (тарату крандарына) бекітілуін, қауіпті жарықтар және басқа да олқылықтарды (визуалды);
10) төменгі құюшылар ұштарын (тарату крандарын) жарамдылығын, олардың ішіндегі сүзгіш торлардың бүтіндігін және тазалығын;
11) орталықтандырылған жанармай құюшылардың агрегаттары жүйесіндегі азот және ауа қысымының болуын;
12) тіреу колодкаларының болуын;
13) жарықтандыру құралдарының герметикалығын тексеру қажет.
Айтылып өткен талаптардың, біреуіне болсын сай келмесе, құюшылар жұмысқа рұқсат алмайды.
358. тексеру және ЖЖМ сапасын тексеру нәтижелері оң болса құюшы жұмыс істеуге рұқсат алады, ЖЖМ қызметінің бас технигі (техник) арнаулы көлікті тексеру журналында белгі қойып "Құюға рұқсат беремін" деген белгісі бар, күні және қолы қойылған бақылау талонын береді.
&1. "Жанармай құюшы" жылжымалы құралы
359. Құю орындарында ЖҚ цистерналарын толтырған кезде, жүргізуші міндетті:
1) құюшының командасы бойынша ЖҚ құю пунктінің қасындағы белгілерге сәйкес, двигательдің бәсеңдеткішін тұрған қондырғыға қарама-қарсы жаққа қаратып, дизельдік двигательді ажыратып (карбюраторлық двигательдері бар ЖҚ толтырылу үшін жүріп тұрған двигательмен орнатылады), ЖҚ қол тежеуішіне қойып, тіреу колодкаларынан жылжымау үшін арнаулы машинаның бекітілуін тексеру (құю орындарында бұрылуға және маневрлар жасауға болмайды);
2) ЖҚ, кедергісі 10 Ом аспайтын арқанмен жерге қосу; ЖҚ корпусы және құю пунктінің жерге қосушының контакттік қондырғысы арасындағы электр контакттің сенімділігіне визуалды көз жеткізу; контакт сенімсіз болса ЖҚ толтыруға рұқсат етілмейді. Жерге қосушы өткізгіштерін және потенциалдарды түзету өткізгіштерін ЖҚ корпусына немесе стационарлық жерге қосушыға жалғастыру, контакттің сенімділігі үшін клемм және қысқы арқылы атқарылады. Клеммдерді және қысқыларды сырланған жерге жалғастыруға, сондай-ақ жерге қосу үшін магниттік қосқыштарды қолдануға рұқсат етілмейді;
3) құйып тұрған уақытта цистернаның толуын және жанармай ағатын жерлері болмауын байқап отыру қажет. Егер жанармай ағатын болса толтыру процесін тоқтатып жарамсыздықтарды дереу жою;
4) мановакуумметр көрсеткіштері бойынша немесе есту арқылы демалу клапанының жұмысын байқау. Цистернадағы артық қысым 0,01 МПа аспауы тиіс.
360. ЖҚ құйған кезде, реттеу және жөндеу жұмыстарын өткізуге немесе ЖҚ түйіндері мен агрегаттарын темір заттармен соғуға және ЖҚ қараусыз қалтыруға болмайды.
361. ЖҚ жарамсыздығы байқалса, жанармай құйылуын дереу тоқтатып оны басқа автомобильмен сүйретіп жарамсыздықты жою.
362. ЖҚ цистерналарына жанармай құю немесе ағызу кезінде, автомобиль бактарына жанармай құюға тыйым салынады.
363. Цистерна толған уақытта жүргізуші:
1) ЖҚ тиісті жапқыштарын жабуға;
2) жерге қосу арқанын ажырату және оны катушкаға орауға;
3) ЖҚ қозғалысын тек қана құюшының командасы бойынша бастауға міндетті.
364. Егер ЖҚ двигателі цистерна толғаннан кейін жүрмесе, ЖҚ тарату пунктінен двигательді қайтадан жүргізіп көруге болатын, 25 м кем емес қашықтыққа сүйрету керек.
365. ЖҚ қозғалысы кезінде, жүргізуші пайдалану жөніндегі нұсқауда ескерілген қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс.
366. Шассиге бекітілмеген, тұрақты жермен жанасатын жезді (мыс) буындары бар темір шынжырлары жоқ ЖҚ жүруге болмайды.
367. Жеңдері транспорттық күйге жыйылмаған ЖҚ жылжуына тыйым салынады.
368. Жарамсыз (жанып кеткен) бәсеңдеткішпен жұмыс істеуге және ЖҚ цистернасының қатып қалған тұндырғышын ашық жалынмен қыздыруға болмайды.
369. ЖҚ жүріп келе жатқанда және тұрақтарда, ЖҚ кабинасында және оның қасында темекі шегуге болмайды.
370. АК жанармай құю уақытында ЖҚ жүргізушісі:
1) АК жауапты лауазымды тұлғаның командасы бойынша ЖҚ АК қасына, ЖҚ және АК шеткі нүктесі арасындағы өртке қарсы үзінді, кем дегенде 5 метр болу үшін орнатуға;
2) ЖҚ дизельдік двигателді сөндіруге (карбюраторлік двигателі бар ЖҚ жанармайды жүріп тұрған двигательмен құяды);
3) ЖҚ қол тежеуішімен тежеп қоюға;
4) ЖҚ аэродромдық жерге қосушының қадасы бар иілмелі темір арқанмен контакт қондырғысына қосу арқылы жерге қосуға және электр контакттің сенімділігінде визуалды көз жеткізуге;
5) бортинженерден (бортмеханиктен, авиатехниктен) жанармай құюға рұқсат алғаннан кейін ЖҚ сору желісіндегі тиісті жапқыштарын ашып, двигательді жүргізіп, насосты қосып, қысым желісіндегі тиісті жапқыштарын ашып және бірте-бірте ЖҚ двигателінің айналым санын, қажетті өнімділікке жеткенше дейін ұлғайтуға;
6) ЖҚ насостық бөлімінің қасында болуға және қажетті құю режимін қамтамасыз етуге, фильтрлардың қысымын байқауға, жанармай құю аяқталғаннан соң немесе оның режимі өзгерсе, бортинженердің (бортмеханиктің, авиатехниктің) өкімдерін уақытында орындауға дайын болуға;
7) ЖҚ көліктік күйіне келтірілгеніне көз жеткізіп және тек қана жанармай құюшының (бортмеханиктің, авиатехниктің) командасы бойынша жанармай құю аяқталғаннан соң АК-нен жылжуы тиіс.
371. ЖҚ арнаулы құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету кезінде:
1) соққан кезде ұшқын шығатын материалдардан жасалған құралдарды пайдалануға;
2) қызмет көрсету ЖҚ қасында (50 метрден жақын) темекі шегуге және от жағуға;
3) ЖҚ майланған ескі-құсқы нәрселерді және басқа да сүрту материалдарын сақтауға;
4) ЖҚ жүргізу кабинасын ашық түрде қалтыруға рұқсат етілмейді.
372. Цистернаның жанармай үстіндегі кеңістіктің мановакуумметрлерімен жабдықталмаған ЖҚ, жартыжылда кемінде бір рет (мерзімдік қызмет көрсету кезінде) демалу клапандарының дұрыс реттелуі тексеріліп, ЖҚ формулярына жазылуы тиіс.
373. ЖҚ пайдалану барысында, белгілі тәртіпте бекітілетін, азаматтық авиация кәсіпорындарында жанармаймен қамту объектілеріндегі өндірістік санитария және қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғауды қамтамасыз ету ережелеріне сәйкес, жанар-жағар материалдарымен жұмыс істеген уақытта қауіпсіздік талаптарын сақтау міндетті.
374. Жанармай құйылған ЖҚ мен бос ЖҚ бір тұрақты сақтауға болмайды.
&2. "Орталықтандырылған жанармай құю" жылжымалы
құралдың қозғалмалы агрегаттары
375. ОЖҚА арқылы АК жанармай құю барысында ОЖҚА жүргізуші-операторы:
1) сол уақытта АК жауапты лауазымды тұлғаның командасы бойынша АК жауапты лауазымды тұлғаның командасы бойынша ОЖҚА АК қасына, ОЖҚА және АК шеткі нүктесі арасындағы өртке қарсы үзінді, кем дегенде 5 метр болу үшін орнатуға;
2) ОЖҚА қол тежеуішімен тежеп қоюға;
3) ОЖҚА аэродромдық жерге қосушының қадасы бар иілмелі темір арқанмен контакт қондырғысына қосу арқылы жерге қосуға және электр контакттің сенімділігінде визуалды көз жеткізуге;
4) ОЖҚА басқару пультінің қасында болып өнімділік және қысым бойынша қажетті жанармай құю режимін қамтамасыз ету;
5) жанармай фильтрларының қысымын бақылап отыруға;
6) ОЖҚА багындағы "И" сұйықтығы деңгейін бақылау және оның деңгейі төмендеп кетсе жанармай құюды дереу тоқтатуға;
7) жанармай құю біткеннен соң (гидранттық регулятор жабылғаннан кейін) кіретін ұшын жауып, декомпрессормен қысымды төмендетіп, шығаратын жеңдерден жанармайды шығару;
8) ОЖҚА көліктік күйіне келтірілгеннен соң, тек қана жанармай құюшының (бортинженердің, бортмеханиктің, авиатехниктің) командасы бойынша, АК-нен жылжуы тиіс.
376. Апатты жағдайларда:
1) аралығы кем дегенде 3 секунд, "тоқта" кнопкасын екі рет басу;
2) қысымның гидранттық регуляторын жабу;
3) кіретін ұшын гидранттан ажырату;
4) кіретін ұшын АК борттық штуцерлерінен ажырату.
377. ОЖҚА пайдаланған кезде:
1) пайдалану жөніндегі нұсқауда белгіленген, май, азот және ауа қысымдарының мағынасын асыруға;
2) АК тұрақтарында және ОЖҚА жүйелерінде жанармай қысымы болған кезде, ОЖҚА гайкаларын бекітіп ОЖҚА жарамсыздығын жоюға;
3) бөтен адамдар агрегаттың жүргізу органдарын қосуға және сөндіруге;
4) арнайы оқытылмағандар, көлем өлшеуіштерін, автоматикалық салмақты корректілеу қондырғыларын, жанармай мөлшерлеуіштерін ашуға, сұйықтықтың присадка жүйесін реттеуге;
5) гидроамортизаторларының жасауы алынған ОЖҚА пайдалануға;
6) ОЖҚА кісілер немесе жүк тасымалдауға пайдалануға;
7) жекелеген агрегаттарды немесе кузовтың ішкі жағын жарықтандыру үшін ашық жалынды қолдануға болмайды.
378. Кіру қондырғысының пневмоцилиндірінде азоттың қысымы болмаса, кіру қондырғысының жебесі бекітілмеген күйде немесе есіктері ашық болса, сондай-ақ қуат алу коробкасы қосылып тұрса, ОЖҚА жылжытуға болмайды.
379. ОЖҚА техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде:
1) қысылған газ немесе жанармай қысымы бар гидроаккумуляторларды, пневмопружиналарды, гидроамортизаторларды бөлшектеуге болмайды. Айтылған агрегаттарды бөлшектеу алдында сұйықтықтар және газдардың қысымы төмендетілуі тиіс;
2) қысылған газбен жұмыс істеуге рұқсат алмаған тұлғаларға гидроаккумуляторларды, гидроамортизаторларды, пневмотеңеуші қондырғыларды зарядтауға болмайды, сондай-ақ зарядтау кезінде азотты басқа қысылған газдармен ауыстыруға болмайды;
3) гидроамортизаторлардың және гидроаккумуляторлардың газ қуыстарын, тежегіш клапаны және зарядтау құралында бақылау манометрі бар газ редукторы болмаса зарядтауға болмайды (тежегіш клапанның қосылу қысымы зарядтау қысымынан 0,05 МПа жоғары болуы тиіс);
4) ОЖҚА автомобилінің пневможүйесіндегі ауа қысымы 0,6-0,7 МПа аспауы және 0,5 МПа кем болмауы тиіс.
&3. "Майқұюшы" жылжымалы құралы
380. МҚ котелын толтыру барысында жүргізуші:
1) МҚ насосы арқылы құйған кезде:
қабылдау және құю құбырларында май қозғалысын камтамасыз ететін крандардан басқа, барлық крандарды жабқаннан кейін, қабылдау жеңін резервуарға түсіру;
зауыт-өндіруші белгілеген насостардың айналу жиілігін қуаттау;
деңгейдің рейкалық көрсеткіштері бойынша, котелдағы май деңгейін байқау және котелдың толып кетпеуін байқау;
2) МҚ құю аузы арқылы толтыру кезінде:
майқұбырларының барлық крандарын жабу;
құю аузындағы тор фильтірінің тазалығын тексеруі тиіс.
381. Котелды толтырған кезде, МҚ бетіне май шашыратуға болмайды.
382. МҚ котелындағы майды қыздыру, арнайы бөлінген алаңдарда атқарылуы тиіс. Қыздыру кезінде жүргізуші міндетті:
1) МҚ жүргізу кабинасын желденген жаққа қаратып орнату;
2) котелдағы майдың мөлшерін тексеріп, оның көлемі 300 литрдан асса майды қыздыруға болады;
3) егер майдың температурасы 5оС төмен болса, насосты қосып 5-10 минут ішінде форсунканың тұтануына дейін май циркуляциясын жасау;
4) форсунка астауын толтыру немесе оны жүргізу магнето немесе шырақ көмегімен, қорғану көзілдірігімен (қалқаншамен) алдынала жаппай плитаға тесіктерін ашып;
5) алау сабының ұзындығы кем дегенде 500 мм. болуы тиіс;
6) керосин беру вентилін ашу және форсункалардың жануын реттеу астаудағы от сөнгенше дейін, бірақ бензин тұтану моментінен 3-4 минутадан ерте емес;
7) бензиннің жанып бітуін бақылау, форсунканың тексеру терезесінен, бетті 500 мм. жақын жақындатпай атқарылады;
8) майды тек қана 95оС дейін қыздыру және міндетті түрде котелдағы және змеевиктегі майдың температурасын теңестіру; майды 100оС жоғары қыздыруға болмайды; майдан суды буландыру кезінде оны 105-110оС дейін қыздыруға болады, жалпы ұсталым ұзақтылығы 36 сағат болғанда;
9) қыздыру аяқталғаннан кейін, змеевиктегі май қысымы мүмкін деңгейден төмен түссе және форсунка сөндіргіші істемей қалса, керосин беруді тоқтатып форсунканы сөндіру, құю аузының тығынын бұрап, қыздыру жүйесінің жанармай багынан ауаны шығаруға;
10) май циркуляциясын форсунканы сөндіргеннен кейін 5-7 минутке созуы тиіс.
383. АК жанармай құйған кезде:
1) МҚ жылжымау үшін қол тежеуішімен және тіреу колодкаларымен бекіту;
2) пайдалану жөніндегі нұсқаумен бекітілген жанармай құю режимін сақтау.
384. МҚ пайдалану және техникалық қызмет көрсету кезінде:
1) жарамсыз (ластанған) форсункамен жұмыс істеуге;
2) май циркуляциясы болмаған кезде форсунканы жағуға;
3) форсунканы жағу алдында қосуға;
4) котелдың вентиляциясы болмаса форсунканы қайтадан жағуға;
5) котелдағы майды 5оС төмен салқындатуға;
6) қатып қалған тұндырғышты, құбырларды және крандарды ашық отпен қыздыруға;
7) МҚ майланған ескі-құсқы нәрселерді және басқа да оталғыш материалдарды сақтауға болмайды.
&4. "Арнаулы сұйықтықтарды құюшы" жылжымалы құралы
385. Арнаулы сұйықтықтарды құюшылардың (әрі қарай - АСҚ) бактарын толтырған кезде:
1) АСҚ жерге қосылмаса құю процесін бастауға;
2) жұмыс сұйықтықтарға арналған бақтарды асырып толтыруға рұқсат етілмейді.
386. АК толтыру кезінде:
1) потенциалдарды теңестіру үшін, тарату пистолетін арқан арқылы АК қоспай, құю процесін бастауға;
2) АК толтыру процесін АСҚ жүйесі арқылы бастауға, егер оған жұмыс сұйықтығы құйылмаса;
3) құю жеңдерін нұсқауда көрсетілген радиустан кем бұрауға және иілтуге;
4) тарату пистолетін толтырылатын сыйымдылыққа қаратпай қосуға;
5) құю орны ашық болғанда тежегіш қысымын 0,25 МПа аса және жабық болғанда 0,6 МПа аса белгілеуге;
6) құюшы істеп тұрған уақытта АСҚ кезкелген жүйесін ашық әдіспен толтыруға;
7) істеп тұрған құюшыны қараусыз қалтыруға рұқсат етілмейді.
387. АСҚ пайдалану кезінде:
1) пульттардағы барлық сөндіргіштер "откл." күйінде болуына көз жеткізбей, двигательді қосуға;
2) тарату коробкасында және қуат алу коробкасында май болуына көз жеткізбей құюшыны жұмысқа қосу;
3) АК қасында істеген уақытта АСҚ жарамсыздықтарын жөндеуге;
4) қажеті болмаса басқару пульттарындағы айырып-қосқыштарды әртүрлі күйлерге қоюға;
5) АСҚ кезкелген жүйесінен жұмыс сұйықтықтығы немесе жанармай ағып жатса, жұмысты әрі қарай жүргізуге;
6) жабық заправкаларға арналған ұштықтарды, құралдарды керек-жарақтарды, жеңдерді, егер оларда жұмыс сұйықтықтарының қалдықтары болса, штаттық орындарға қоюға;
7) жеңдерді сүйретіп тасымалдауға және олардың үстінен жүруге немесе үстіне ауыр заттарды қоюға;
8) жеңдер мұзданып қалса, мұзды қыруға немесе жаруға;
9) АСҚ оталғыш материалдарды (майланған, бензин сіңіріп алған ескі-құсқы нәрселерді және т.б.) сақтауға;
10) құюшыдан 25 метрден кем қашықтықта, темекі тартуға және ашық отпен жұмыс істеуге тыйым салынады.
388. Кузовтің ішінде өрт пайда болса, автоматикалық өрт сөндіру жүйесі қосылғанда, өрт сөндіру құрамы кузовтан лақтырылу мүмкіндігін жою үшін ең алдымен алау ошағының қасындағы люктардың қақпақтарын жауып, содан кейін қалған қақпақтарды жабу керек.
389. Егер автоматикалық өрт сөндіру жүйесі істемей қалса, оны АСҚ кабинасындағы немесе сыртқы жақтағы кузовтің артқы қабырғасындағы өрт сөндіру қалқаншасындағы "ӨРТ" деген кнопканы қолмен басып қосу керек. Алауды су құйып сөндіруге рұқсат етілмейді.
390. АСҚ техникалық қызмет көрсету кезінде:
1) кернеу астындағы кезкелген электр шынжырлармен және электр элементтермен жұмыс атқаруға;
2) токтың номиналды мағынасына сәйкес келмейтін тежегіштерді қолдануға;
3) АСҚ жерге қосылмаса, кезкелген жұмыстарды атқаруға тыйым салынады.
3 тарау. Ауа кемелерін қысылған газдармен зарядтауға
арналған, арнаулы машиналарды пайдалану кезінде
қойылатын қауіпсіздік талаптары
391. Газ коммуникация агрегаттары жоғары қысыммен (40 МПа дейін), төмен температурамен (-196оС дейін) және жарылысқа қауіпті газдарды қолданып жұмыс істейтін, газбен зарядтау арнаулы машиналарды пайдалану, белгілі тәртіпте бекітілетін, қысыммен істейтін құбырларды орнату және пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттамаға, сондай-ақ арнаулы машиналарды пайдалану жөніндегі нұсқауларда айтылған арнайы қауіпсіздік талаптарына қатаң сәйкестікте атқарылуы тиіс.
392. Газбен зарядтау машиналардың арнайы құралдарымен жұмыс істеуге және оған техникалық қызмет көрсетуге, қысыммен істейтін құбырларды пайдалану құқығы куәлігі бар және кезекті мерзімдік (кем дегенде әр бір 12 ай сайын), хаттамамен әзірленген қайта аттестация өткен тұлғалар рұқсат алады.
393. Жолға шығудың алдында газбен зарядтау машиналары мұқият тексеруден өтеді, оның барысында:
1) құралдың қалпы және оның механикалық сынықтары болмауы;
2) газ коммуникациялары, вентильдердің, құбырлардың және шлангтардың жалғасу герметикалығы;
3) компрессордың, тежегіш клапандардың, редукторлардың, монометрлардың, вентильдердің жарамдылығын және редукторларда, манометрлерде және тежегіш клапандарда пломбалар болуы;
4) өрт сөндіру, сигнализация, жарықтандыру және двигательдерді апаттық тоқтату жүйелерінің жарамдылығы тексеріледі.
394. Жоғары айтылып өткен агрегаттары жарамсыз арнаулы машиналарды жолға шығаруға болмайды.
395. Баллондарын куәландыру және манометрлерді тексеру мерзімі өтіп кеткен, жарамсыз тежегіш клапанымен және сорбенті ылғалданған, автомобильдік оттегімен зарядтау станцияларында (әрі қарай - АОЗС) және бірыңғай (унифицированный) газбен зарядтау станцияларында (әрі қарай - БГЗС), алмалы-салмалы жалғасымдарда және оттегін манжет арқылы (при травлении) азғантай оттегінің ағуы болса, газбен зарядтау машиналарды жолға шығаруға болмайды.
&1. Автомобильдік кислородпен зарядтау және
бірыңғай газбен зарядтау станциялары
396. Оттегін қотарумен байланысты, кезкелген жұмыстарды атқарған кезде өрт сөндіру жүйесі міндетті түрде қосу керек.
397. Станцияларды оттегімен (азотпен) зарядтау кезінде:
1) көліктік балондармен зарядтауды басында қайта қосу әдісімен, ал содан кейін газды компрессормен керекті қысымға дейін қысу арқылы атқару;
2) оттегін өндіру немесе азот өндіру станцияларынан зарядтауды компрессорды қоспай, тек қана қайта қосу әдісімен атқару. Рампадағы қысым станция баллондарының қысымынан жоғары болған кезде, рампадағы вентильді ашуға болады;
3) газ өндіру станциясының механигін зарядтаудың кезкелген үзілісінде және оның аяқталуы алдында, рампадан қысымды түсіру қажеттілігі жөнінде ескерту;
4) пайдалану жөніндегі нұсқаумен белгіленген, баллондардағы шекті қысымның қоршаған орта температурасына сәйкестігі нормасын қатаң сақтау керек.
398. АК тұтынушыларын зарядтаудың алдында, міндетті түрде:
1) станция баллондарында оттегі (азот) болуын тексеру;
2) компрессордің белдігін 3-4 айналымға қолмен немесе жетекті қоспай арнайы воротоктармен бұрау;
3) двигательдің жүксіз жұмысын сынау, ал компрессорды - бос жүру кезінде;
4) үрлеу вентилін ашып, ылғалбөлгішті үрлеу.
399. АК тұтынушыларын оттегімен (азотпен) зарядтау кезінде:
1) шлангтің ауыстырғышын және зарядтау объектісінің штуцерін майсыздандыру;
2) компрессордегі қысымның шекті ауытқуынан жоғары болмау;
3) тұтынушыларды керекті қысымға дейін толтырғаннан кейін, компрессордің жұмысын тұйық циклге көшіру;
4) тұйық циклдің вентилі ашық болса, сондай-ақ сору магистралінің қысымы, зауыт-өндіруші нұсқауымен белгіленген мөлшерден кем болмаса, компрессорды тұйық циклде істеуге қосу қажет.
400. Станцияны пайдалану барысында, келесі қауіпсіздік талаптарын атқару қажет:
1) станция жұмыс істеп тұрған уақытта немесе коммуникацияда оттегі бар болса кузовтің компрессорлік бөлімінде тұруға тыйым салынады;
2) компрессорды қосу кезінде, зарядтаудағы қысқа мерзімді үзілістері кезінде, зарядтау біткеннен соң міндетті түрде, сондай-ақ компрессордің тоқтауы қажетсіз болғанда, станцияны тұйық циклде пайдалануға болады. Тұйық циклда жұмыс істегенде, жүргізу пультінда тұйық циклдің вентильдері және ең аз қысымы бар топтың вентилі ашық болуы тиіс. Баллон топтарының біреуінің қуат беру вентилін қоспай тұйық циклда жұмыс істеуге тыйым салынады;
3) компрессорды майлау жүйесінің белгіленген температурасын жоғарлатпау;
4) станцияда атқарылатын жұмыстардың кезкелген түрі аяқталғаннан кейін, АК оттегі жүйесінен немесе бөтен оттегі көзінен зарядтау-тарату шлангісін ағыту алдында, үрлеу вентилін ашып, шлангтегі оттегін міндетті түрде шығару керек;
5) станцияның орнын ауыстырған кезде (бір ауа кемесінен басқа ауа кемесіне ауыстырудан басқа), қысым белгіленгенге дейін (1,0-1,5 МПа БГЗС үшін) немесе толық (АОЗС үшін), міндетті түрде коммуникациялардан газды шығару;
6) маховик, вентилятор және компрессордің жетек білектері қорғану каппен жабылуы тиіс;
7) кезкелген станцияның орнын ауыстыру кезінде, компрессор автомобиль трансмиссиясынан ағытылуына көз жеткізу. Қуатты алу коробкасының рычагі, тежегіш қапсырмамен бекітілуі тиіс.
8) станция кузовында бөтен тұлғаларды, сондай-ақ бөтен заттарды және дүние-мүліктерді тасымалдауға тыйым салынады;
401. Станцияға техникалық қызмет көрсету кезінде:
1) кузовтің компрессорлік бөліміне майды кіргізуге;
2) қолды майсыздандырмай станциядағы жұмысқа кірісіп, түйінін монтаждауға;
3) пайдалану жөніндегі нұсқауда ұсынылмаған еріткіштермен газ коммуникацияларын және компрессордің детальдарын майсыздандыруға;
4) вентиляциясы жоқ жай-күйлерде майсыздандыру өткізуге;
5) Спиртпен майсыздандырылған манжеттерді және темір емес төсеніштерді оттегі ағымында кептірмей орындарына орнатуға;
6) кислородтік құралмен жұмыс істегенде жүргізушінің саймандарын қолдану немесе оларды компрессорлік бөлімге кіргізуге;
7) алмалы-салмалы қосылыстарды қысыммен бекітуге;
8) ашық алаумен (сіріңке, бықсыған пілте және т.с.) оттегі коммуникацияларының алмалы-салмалы қосылыстарының герметикалығын тексеруге;
9) басқа газдар болған баллондарды станциядан зарядтауға және зарядтау шлангісін басқа мақсаттарға қолдануға;
10) зауытта майсыздандырылған детальдардің орамасын қажеті болмаса бұзуға тыйым салынады.
&2. "Ауа құюшы" жылжымалы құралы
402. "Ауақұюшының" (әрі қарай - АҚ) баллондарын қысылған ауамен зарядтау, тек қана компрессорлік станцияда, "ауақұюшының" жұмысын есепке алу журналында міндетті түрде тіркеліп атқарылады. Баллон топтарын зарядтау, толтырылуына қарай кезекпен атқарылуы тиіс. Баллондарды белгіленген қысымнан жоғары толтыруға болмайды.
403. Компрессорлік станциядан зарядталу кезінде АҚ автомобилінде профилактикалық жұмыстар атқаруға немесе жөндеуге рұқсат етілмейді.
404. АК тұтынушыларын зарядтауға АҚ қолданған кезде:
1) барлық редукторлардың маховичектарының жұмысы басталу алдында "кем" күйге орнату;
2) вентильдерді және крандарды ақырын ғана жұлқыламай ашу;
3) зарядтау объектісі қысымын белгіленгеннен жоғары көтеруге болмайды;
4) зарядтау шлангісін тұтынушыдан ағыту алдында, зарядтау магистралінан ауа қысымын атмосферлік қысымға дейін түсіруге болмайды.
405. АҚ пайдалану кезінде:
1) редуктор жарамсыз немесе тиісті редуктор мүлдем болмаса АК шиналарын үрлеуге. АК шиналарын үрлеу кезіндегі қысым 1,0 ден 1,5 МПа дейін болуы тиіс;
2) автомобильдердің және басқа да көлік құралдарының доңғалақтарын үрлеуге тыйым салынады.
406. Қоршаған орта температурасы кенет көтеріліп кетсе (30оС дан аса) жүргізу қалқаншасында топтық вентильдерді және зарядтау вентилін ашып, баллондарды тежегіш клапандарға қатынастыру.
407. АҚ техникалық қызмет көрсету кезінде:
1) жарамсыз құралдарды қолдануға;
2) пневможүйенің оймалық қосылыстарын қысыммен бекітуге;
3) компрессорлік станция бастығының рұқсатысыз АҚ баллондарын ауыстыруға тыйым салынады.
4 тарау. "Универсалды жылжымалы гидроагрегаттарды"
пайдалану кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары
408. Универсалды жылжымалы гидроагрегаттарды (әрі қарай - УЖГ) желіге шығу алдында:
1) ескерілген өрт сөндіру құралдарының жарамдылығын, комплектілігін;
2) өртсөндіргіштерде және бақылау-өлшеу құралдарында пломбаның болуын;
3) жанармай, май және гидравликалық жүйелердің, сондай-ақ қысылған азот жүйесінің герметикалығын;
4) энергоқондырғы двигателінің, штепсельдік разъемдардың және электржүйе клеммдерінің тазалығын;
5) гидрожүйе багында жұмыс сұйықтықтығы болуын;
6) люк қақпақтары бекітілуінің және қондырғының жерге қосылу сенімділігін тексеру қажет.
409. АК қызмет көрсету үшін УЖГ қолдану барысында келесі қауіпсіздік талаптардын сақтау керек:
1) гидроагрегаттың сенімді жерге қосылуын қамтамасыз ету;
2) АТБ-ң жауапты тұлғаларының рұқсатымен ғана УЖГ (самолетқа) ұшаққа қосу;
3) УЖГ гидрожүйелерінде ауа тығындарының болмауына көз жеткізіп, қосу;
4) қысым астындағы жүйелерге гидравликалық және ауа шлангаларын қоспау;
5) шлангтарды және кабельдерді бетонның үстімен сүйремеу, АК жалғастыру кезінде бұралу және тұзақтары болмауы тиіс;
6) шығару шлангтары қосылмаса және гидрожүйеде жұмыс сұйықтықтығы болмаса насостарды қосуға болмайды;
7) негізгі насостардың сору магистральдарына дейінгі қысым пайдалану жөніндегі нұсқауда белгіленгеннен кем болмауы тиіс (0,075 МПа УЖГ-300 үшін);
8) АК гидрожүйелерін қондырғы гидробагындағы сұйықтықтың деңгейі шартты белгіден жоғары болып тұрғанға дейін толтыру;
9) манометр бойынша қысым өзгеруін бақылап (жүйелердегі қысым кенет көтеріліп кетпеу үшін), тиек крандар мен вентильдерді ақырын ғана ашу;
10) УЖГ жұмысы барысында бақылау-өлшеуіш құралдар бойынша жүйелердің және күш қондырғыларының тәртібін ұдайы байқап отыру;
11) жұмыс сұйықтықтығының температурасы 95оС жоғары болмауы тиіс;
12) азот баллондарының қысымын 0,05 МПа төмен жасандырмау;
13) жанармай, май немесе жұмыс сұйықтықтығы ағуы байқалса двигательді дереу тоқтатып, барлық жүйелерді сөндіріп ағатын жерлерді жою;
14) жанармай, май, гидравликалық жүйелердің және күш қондырғысы двигателінің жұмысы уақытындағы салқындату жүйесінің құю ауыздарының қақпақтарын ашпау;
15) кернеу астындағы кабельдерды жалғастырып ағытпау және шлангтарды, алдын ала олардың қысымын нольге дейін түсірмей ағытпау;
16) токжүргізу шиналарға, клеммдерге және изоляция жасалмаған сымдарға сүйкенуге болмайды;
17) ток жүргізу элементтеріне жұмыс сұйықтықтығы және ылғал тимеуі тиіс;
18) гидроагрегатты пайдалану және АК гидрожүйелерін тексерумен байланысты емес тұлғаларды гидроагрегатқа жолатпау;
19) жұмыс істеп тұрған қондырғыны қадағалаусыз қалтырмау.
410. УЖГ техникалық қызмет көрсету кезінде:
1) УЖГ двигателін және оның қыздырғышын, вентиляциясы нашар жай-күйлерде жүргізуге;
2) двигатель, гидрожүйе насостары немесе электр жүйе қосылып тұрса қызмет көрсету және жарамсыздықтарды жою жұмыстарын атқаруға;
3) қысым астындағы құбырлардың және құбыр арматурасының, гидро- және пневможүйелердің гайкаларын бекітуге;
4) бактағы азоттың қысымын нольге дейін төмендетпей, гидроблоктың құю аузының тығынын ашуға;
5) агрегаттарды бөлшектеу, сұйықтықтың температурасы 40оС жоғары болса, жүйедегі жұмыс сұйықтықтығын ағызуға және ауыстыруға. 40оС жоғары температурасымен сұйықтық құйылған агрегаттардың сынауы өткізілетін жай-күйлер, сағатына он-он бес ауа ауысымын жасайтын ағындық-тартпалы вентиляциямен жабдықталуы тиіс;
6) баллондарды, белгілі температура үшін ұсынылған қысымнан асқанша дейін азотпен зарядтауға;
7) газға толып тұрған баллондарды тазалауға, сырлауға және жөндеуге;
8) электр жүйе өткізгіштерінің изоляциясын бұзуға;
9) ток жүргізу сымдарын изоляцияның қиылысы төмен және кедергісі төмен сымдармен ауыстыруға, сондай-ақ тоқтың үлкен мөлшеріне есеппен арналған ерімелі тежегіштерді ауыстыруға;
10) ашық алауды қолдану және УЖГ 10-15 метрден жақын қашықтықта темекі тартуға тыйым салынады.
411. УЖГ азот жүйесін пайдалану, белгілі тәртіпте бекітілетін, қысыммен істейтін құбырларды қауіпсіз пайдалану және орнату ережесіне (нұсқауына) қатаң сәйкестікте атқарылуы тиіс.
412. УЖГ өрт пайда болса:
1) силовой қондырғының двигателін және барлық жүйелерді дереу сөндіру;
2) әуе кәсіпорынның өрт сөндіру күзетіне хабарлау жөніндегі барлық шараларды қолданып, зауыт-өндірушінің нұсқауына сәйкес өртті сөндіруге кірісу керек.
5 тарау. Ауа кемелерінің сүйреткіштерін пайдалану
кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары
413. Сүйретуге, АК сүйрету ережелерін оқыған, белгілі аэродромда қозғалу схемасын, белгі және жарық сигнализацияларын білетін, жұмысқа рұқсаты бар сүйрегіш жүргізушілері рұқсат алады.
414. Жүргізуші тек қана сүйрету басшысының командасы бойынша әрекет етуі тиіс. "Тоқта" командасы берілсе қызмет көрсету персоналының кезкелген тұлғасы сүйреткішті тоқтатуы тиіс. Сүйрегіш орнынан қозғалған кезде жүргізуші сигнал беруі тиіс.
415. Сүйреткішті пайдалану кезінде:
1) сүйретудің белгіленген жылдамдығын жоғарлатуға;
2) массасы сүйрегіштің жүк көтерерлік шамасынан асатын балластті қолдануға;
3) қозғалыс уақытында сүйрету құралын дұрыстауға;
4) сүйретуді жұлқылап және шұғыл бұрылыстармен атқаруға;
5) жарамсыз радиожүйесімен жұмыс істеуге;
6) белгілі АК сүйретуге тікелей қатысы жоқ тұлғалардың сүйрегіш кузовында болуына;
7) кузовта және сүйрегіштің баспалдағында тұруға;
8) сүйрегіш кабинасының төбесінде және борттарында отыруға;
9) қозғалыс уақытында, жылдамдық өте аз болса да, кабинаға немесе кузовқа отыруға және шығуға тыйым салынады.
Сүйреткіштің түрі АК ұшу массасына сәйкес болуы тиіс.
416. Сүйрегіштің орнынан қозғалуының басталуы және оның бәсеңдеуі, АК шассиінің алдыңғы амортизациялық стойкасы бұзылмау үшін ақырын ғана жұлқыланбай атқарылуы тиіс. Орнынан қозғалуды "теңселу" әдісімен бастауға болмайды.
417. АК сүйрегішпен орнынан қозғалуы тікелей басталғанда, қозғалу бағытын, АК ұзына бойының белағашымен мүмкіндігінше кіші бұрыш құрастыру үшін таңдау керек.
418. Тәуліктің қараңғы уақытында және қиын метеожағдайларда (сырғанақ, қатты жел) сүйрету, төмендетілген жылдамдықпен (10 км/сағ. төмен), жоғарлатылған зейінмен және сергектікпен атқарылады. Тұманда, тәуліктің қараңғы уақытында сүйреткіштің тұманға қарсы фаралары, габариттік оттары және сүйрегіштің кабинасындағы сигналдық шамы жанып тұруы тиіс. Жүргізушінің, жарықпен сигнал беру үшін, қалта шамы міндетті түрде болуы тиіс.
419. Тәуліктің қараңғы уақытында, сүйрегіш крюгінің жарықтануы болмаса, сүйрету крюгін сүйрегіштің крюгімен жалғастыруға болмайды.
6 бөлім. Аэродромдық арнаулы машиналарды пайдалану
кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары 1 тарау. Еңбек қауіпсіздігінің жалпы талаптары
420. Арнаулы машиналардың ВПП-ға шығуы, тек қана ұшу басшысының (диспетчердің) рұқсатымен атқарылады.
421. Ұшу алаңында жұмыстар атқарған кезде, аэродромдық машиналардың, аэродромдық қызметтен жұмыстарды атқаруға жауапты, қозғалыс қызметінің диспетчерімен, сондай-ақ аэродромдық қызметпен және арнаулы көлік қызметімен, порт ішіндегі радиожүйенің диапазонында, сенімді радиожүйесі болуы тиіс.
422. Аэродромда жұмыс істеген кезде арнаулы машиналардың жүргізушілері, жарық және дыбыс сигналдарын, рациямен берілетін командаларды ұдайы байқап, олардың талаптарын орындауы тиіс.
423. Ұшу жолында және рульдік жолда (әрі қарай - РЖ) жұмыс атқаруға пайдаланатын аэродромдық машиналар және механизмдер, жарықтың эффектті күші 40 Канделден кем емес және 400 Канделден аспайтын, жарқ ету жиілігі минутасына (75+15), тәуліктің түнгі уақытында немесе көріну 2 км. кем болғанда қосылатын, сары түсті шұғылалық оттармен, сондай-ақ ұшулар басшысымен (диспетчермен) байланысу үшін радиобайланыс құралдарымен жабдықталуы тиіс.
424. Радио- және жарық сигналдық құралдарымен жабдықталмаған арнаулы машиналарды, ұшулар басшысының рұқсатысыз және аэродромдық қызметтің жауапты тұлғасымен шығарып салынбаса, ҰОЖ орын алуға болмайды.
425. Арнаулы машиналар ұшу жолында және РЖ жұмыс атқару кезінде машиналарда орнатылған радиобайланыс құралдарын, габариттік және шұғылалық оттарды сөндіруге болмайды.
426. Шұғылалық от арнаулы машинаға, машинаның бір да бөлігі жарық сәулесін көлеңкелемей орнатылуы тиіс.
427. Машина кабиналарында, қоршаған орта температурасы -20оС дейін төмендеген кезде, кабинадағы ауа температурасы кем дегенде 14оС болуын қамтамасыз ететін, жылыту жүйелері болуы тиіс.
428. Жұмыс орындарында және жүргізу органдарында, машиналардың гүілдік сипаттамалары және вибрация параметрлері МСТ талаптарына сәйкес болуы тиіс.
429. Жүргізу органдарында жігер:
1) машина 8 км/сағ. кем жылдамдықпен көлбеу учаскеде құрғақ қатты жабындысы бар 115 күш бірлігі -Ньютон (әрі қарай - Н) аспайтын 11,75 кг.
2) ішкі жану двигателін жүргізу органдарында - 50 Н (5,2 кгс) аспайтын;
3) әр бір жұмыс циклінда қолданылатын жұмыс құралдарын басқару органдарында - 60 Н (6,15 кгс) аспайтын рычагтар үшін және 120 Н (12,25 кгс) педальдар үшін;
4) өзі жүріп қозғалу кезінде қолданылатын машинаны жүргізу органдарында рычагтар үшін 120 Н (12,5 кгс) аспауы тиіс және 245 Н (25 кгс) педальдар үшін, тежегіш педальдары үшін - 300 Н (30,6 кгс) аспауы тиіс;
5) бір ауысымда бес реттен аса қолданбайтын рычагтар мен педальдарда - 200 Н (22 кгс) аспауы тиіс.
430. Машиналардың пневможетектері, гидравликалық жетектері және басқа да гидравликалық қондырғылары тиісті МСТ талаптарына сай болуы тиіс.
431. ҰОЖ, РЖ тұрақтарда және перрондарда істейтін барлық машиналар және механизмдер сүйрегіш құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс.
432. Әр бір арнаулы машинаға арнаулы машина тиісті стандарт талаптарына сәйкестігін куәландыратын, формуляр құрылуы тиіс.
433. Барлық тісті, шынжырлы, белбеулік, кардандық және фрикциондық передачалары айналмалы белдіктердің, буаттардың, арнайы құралдардың ұштары футлярмен, қалқаншамен, қоршаумен жабылуы тиіс.
434. Машинаның барлық қозғалмалы бөлшектерінде (отвалдар, щеткалар, жебелер, әртүрлі есіктер және қақпақтар және т.с.) жұмыс, тексеру және жөндеу уақытында өзінен-өзі түсіп немесе жылжып кетпеу үшін арнайы қондырғылары болуы тиіс.
435. Машиналардың арту, түсіру, тексеру және басқа да люктардың есіктері тығыз жабылып сенімді құлыптары болуы тиіс.
436. Аэродромдық арнаулы машиналарды пайдаланған кезде:
1) АК қасында 3 метрден жақын қашықтықта, ал жұмыс істеп тұрған двигательдердің жағынан - 50 метрден жақын өтуге;
2) руль бұрап келе жатқан АК жолын кесіп, оның алдынан шығып, сондай-ақ АК артынан 50 метрден жақын қашықтықта жылжуға;
3) доңғалақтары кір машиналарға аэродромдық жабындыларға шығуға;
4) арнаулы машинаны істеп тұрған двигательмен қараусыз қалтыруға;
5) батып қалған машинаны шығару үшін АК қасында қозғауға;
6) АК жүргізуге кедергі келтіретін қар және басқа да кедергілерді қалтыру;
7) аэродром территориясында жұмыс атқарған кезде радиостанцияны сөндіруге;
8) ҰОЖ, РЖ, тұрақтарда, перрондарда арнаулы машиналардың жарамсыздықтарын жөндеуге;
9) АК және басқа да көлік қозғалысы орындарында машинаны қадағалаусыз қалтыруға және сигналдық оттарын (түнгі уақытта) сөндіруге болмайды.
2 тарау. Суаражуу, сыпыру-жинау машиналарды, құм
шашушыларды және химиялық реагенттерді шашушыларды
пайдалану кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары
437. Сыпыру-жинау машиналардың ылғалдандыру немесе шаңсорғыш қондырғылары, сондай-ақ бункерді механикаландырған арту және босатуын қамтамасыз ететін қондырғысы болуы тиіс.
438. Құм шашушылар, шашу дискісінің үстіндегі шағылыстырушылармен немесе жолдарға құм шашқан кезде тастарды және басқа да заттарды ұстап қалатын басқа да құралдармен жабдықталуы тиіс.
439. Кабинадағы ауа температурасы, сондай-ақ гуіл және вибрация деңгейлері, осы Ереженің 251, 259, 260, 459 және 460 тармақтарында көрсетілген мағыналарға сәйкес болуы тиіс.
440. Шынылардың бетінен басқа, кабинаның ішкі жағы бетінің температурасы 35оС аспауы тиіс.
441. Кабина элементтерінің жалғасуы, терезелердің, есіктердің люктардың, тесіктердің, кабинаға жүргізу органдарын кіргізу орындарының тығыздалуы, кабинаның герметикалығын қамтамасыз етуі тиіс және жүргізушінің жұмыс орнына, тиісті МСТ сәйкес, шаң және су өткізбеуі тиіс.
Шаң, көміртектің қос тотығы, көміртек тотығы, акролеин, бензин буларының, күкірт және азот қышқылының тотықтары мағыналарының ШМК осы Ереженің 14 қосымшасында көрсетілген мағыналарынан аспауы тиіс.
442. цилиндрлік және жаймалы щеткалар түктерінің қылшықтары жұмыс күйінде барлық ұзындығына бірқалыпты болуы тиіс және 5-15% түктің еркін ұзындығы шегінде болуы тиіс.
443. Тереңдетілген түрлі оттармен жабдықталған ҰОЖ істейтін плуждық-щеткалы құралы бар арнаулы машиналардың резеңке секциялық пшақтары бар соқасы болуы тиіс.
444. Суаражуу машина жолға шығудың алдында:
1) цистернаның шасси рамасына бекітілуін;
2) кардандық белдіктің (вал) тарату коробкасына және насосқа бекіту болттарының қалпын;
3) су құбырлары және өрт сөндіру жеңдерінің болуын және қалпын;
4) құбырлардың, насостардың центробеждік бекітілісін;
5) орталық клапанның басқару жүйесінің және жапқыштардың саптамаларымен жұмысын және қалпын;
6) қуатты алу коробкасының жұмысын;
7) құлыптардың, есіктердің, окузовка қалпын тексеру қажет.
445. Су қоймасынан су алған кезде, су алған кезде машина қырынан, қиябеттің шетінен 1 метрден жақын емес қашықтықта орнатылуы тиіс.
446. Цистернаға су құю үшін, ашық құдық-гидранттің қасында жұмыс істеген кезде, құдықтың қасында ескерту белгісі бар шідер орнатылған болуы тиіс, ал кешкі және түнгі немесе тәуліктің қараңғы уақытында - қызыл шам.
447. Суаражуу машиналарды пайдаланған кезде, келесіге рұқсат етілмейді:
1) жұмыс істеп тұрған уақытта центробеждік насостағы май деңгейін тексеруге немесе май құюға;
2) жұмыс істеп тұрған уақытта центробеждік насостың сальниктерін қатайтуға;
3) щетканы қозғалу барысында қосуға;
4) щетканы және су насосын бір уақытта қосуға;
5) щеткалардың темір түктерін қолқапсыз тазалауға;
6) жұмыс органдарының жетектерінің қорғау қапшығысыз жұмыс атқаруға;
7) түсірілген және жұмыс істемейтін щеткамен қозғалуға;
8) отвал астында көліктік күйге көтерілген және подставкаға орнатылмаған, сондай-ақ айналып тұрған щетканың қасында жұмыс атқаруға;
9) двигатель істеп тұрған уақытта (двигательді реттеумен байланысты жұмыстардан басқа), машинаны және арнайы құралдарды күту немесе жөндеумен байланысты кезкелген операцияларды атқаруға тыйым салынады;
10) цистернада су болмағанда ғана фильтрді алуға және орнатуға рұқсат беріледі.
448. Сыпыру-жинау машинасы жолға шығу алдында:
1) гидрожүйесінде май болуын және ақпауын;
2) су бактарында су болуын;
3) жаймалы щеткалардың, артқы щетканың және шнектері бар транспортердің көтеріліп түсірілуін;
4) машинаның жұмыс трансмиссиясын;
5) транспортер шынжырының және артқы щетканың тартылуын (натяжение);
6) су насосының және құбырлардың бекітілуін;
7) қуатты алу коробкасының жұмысын тексеру қажет.
449. Сыпыру-жинау машиналарын пайдаланған кезде:
1) арнайы тіреулер орнатылмай, домкратпен көтеріліңкіленген машина бойынша кезкелген жұмыстарды атқаруға;
2) двигатель жүріп тұрған уақытта шынжырды, шнекті және щетканы тазалауға және реттеуге;
3) двигатель жүріп тұрған уақытта және қолқапсыз, щеткалардың түктерін, шнекті, транспортерді және басқа да механизмдерді тазалауға;
4) двигатель жүріп тұрған уақытта детальдарды бекіту және майлау жұмыстарын атқаруға тыйым салынады.
450. Суаражуу және сыпыру-жинау машиналармен қар тазалау жұмыстарын атқарғанда жүргізуші:
1) қартазалаушылардың немесе бульдозерлердің роторлық қалыпты жұмыс жағдайларын тудыру үшін, қар үйіндісін шамдарға, сілтеуіштерге, қабырғаларға, гүлзарларға және т.с. 2 метрден жақын қашықтыққа жылжытпауға;
2) аэропорттың жолдарын тазалаған кезде, жол қиылыстарында қар үйінділерін тастамауға тиіс.
451. Құм шашушы машина жолға шығуының алдында:
1) вибратор корпусын және шашушы жетегі редукторының тарату коробкасының бекітілуін;
2) жетек берілісінің белбеулік тартылуын;
3) транспортер шынжырының жұмысын;
4) кузовтың рамасы машинаның лонжеронына бекітілуін;
5) шашу дискісінің қабырғалары және бункердің кожухы арасындағы саңылауын (саңылаудың мөлшері 30 мм. аспауы тиіс);
6) шашу дискісінің дүрсілін тексеру қажет.
452. Құм және химиялық реагенттер шашушыларды пайдаланған кезде:
1) шашушы агрегаттың қасында 15 метрден жақын тұруға, сондай-ақ сүйрегіш және прицеп құралының арасында тұруға;
2) шашушының жұмысы уақытында машинаның бункерінде болу, шашушы дискісі жетегінің, қорғау кожухымен қоршалған болуы тиісті, айналмалы жалғаушы карданының қасында тұруға;
3) алдын ала тіреу орнатпай көтеріліп тұрған платформаны жөндеуге рұқсат етілмейді.
453. Тіркемелі агрегаттардың сүйрету құралдары шұғылалық оттармен жабдықталуы тиіс.
454. Жүргізуші және тіркемелі құралдағы жұмысшы өзара сигналдау жүйесін біліп орындауы тиіс. Орнынан қозғалған кезде жүргізуші міндетті түрде сигнал беріп тіркемелі құралдағы жұмысшыдан жауабын алып қозғалысты бастауы тиіс. Ескерту сигналдары тежеу, жылдамдықты өзгерту, бұрылыстар және тоқтаулар кезінде берілуі тиіс. Машина толық тоқтамай тіркемелі агрегатты ағытуға болмайды.
Ашық жараларға, көзге, шарана қабықтарға химиялық реагенттерді тигізуден аулақ болу керек. Залалданған жерлерді жылы сумен жуу қажет.
3 тарау. "Қар тиегіштерді" пайдаланған кезде
қойылатын қауіпсіздік талаптары
455. "Қар тиегішті" пайдаланған кезде:
1) тиегіш жұмысы аймағының қасында бөтен тұлғалардың болуына;
2) тиегіштің механизмдері жүріп тұрған уақытта тексеру, реттеу, бекіту жұмыстарын атқаруға және қыру күрегін тазалауға болмайды.
456. "Қар тиегішпен" жұмыс істейтіндер, қар тиегіш көліктік күйде қозғалған кезде айрықша зейінді болулары тиіс, өйткені оның салыстырмалы үлкен габариттік мөлшерлеріне байланысты, кенет және шұғыл бұрылыстарда апаттық жағдайлар болуы мүмкін.
4 тарау. Роторлық қар тазалаушыларды пайдаланған
кезде қойылатын қауіпсіздік талаптары
457. Қар тазалаушыларда, түнгі уақытта және қар жауған кезде жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, электржарықтандыру құралдары және габариттік оттар орнатылуы тиіс.
458. Жұмыс басталар алдында, тазаланатын объекттің қалпымен және жұмыстарды өндіру шарттарымен танысу қажет.
459. Қар тазалаушының негізгі шасси двигателін қосу алдында, передачаларды ауыстыру, гидронасостарды қосу, салқыназайту және тарату коробкасының рычагтары "сөндірілген" күйде болуына көз жеткізу қажет.
460. Двигательді, жұмыс органдарын жүргізу және трансмиссияны қосу алдында, ротордың лопастьтарын ступицаға бекітілуін және ступицаның бекітілуін тексеріп, ротордың кожухында бөтен заттар болмауына, сондай-ақ сцеплениенің шина-пневматикалық муфтасын жүргізу краны сөндірілген күйде болуына көз жеткізу қажет. Шнектердің (фрезаның) және ротордың еркін айналуын қолмен тексеру.
461. Қар тазалаушыларды пайдаланған кезде:
1) қар лақтыратын жақтан 75 метрден жақын және қар тазалаушының алдында тұруға;
2) айналып тұрған шнектерге (фрезаларға) 3 метрден жақын жақындауға;
3) ротор жетегінің трансмиссиясы жүріп тұрғанда кожухтың аузы жағынан жұмыс органына жақындауға;
4) машина жұмыс істеп тұрған уақытта, жұмыс органының "қалқымалы" күйінде ротор кожухының бұрылысын қосуға (өйткені ол кожухті оң жаққа қарай тез бұрылтып, жазатайым оқиғаға және жақындағы объектілерді, қар ағынымен және басқа да роторға түскен ауыр заттармен бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін);
5) жұмыс орган жетегінің двигателі жүріп тұрған уақытта вентиляторлардың және жалғастыру муфтасының айналмалы маховигі кеңістігінде тұруға рұқсат етілмейді.
5 тарау. Аэродромдық жинау машиналарын
пайдаланған кезде қойылатын қауіпсіздік талаптары
462. Машинада істеген уақытта жүргізуші-оператор, белгілі тәртіпте бекітілетін, аэродромдық жинау машинасын күту және пайдалану жөніндегі нұсқауды, дизельді және автомобильдік двигательді пайдалану және техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқауды анық білуге және сақтауға, және қауіпсіздік техникасы бойынша келесі талаптарды орындауға міндетті:
1) жұмыстар басталудың алдында, тазалау объектісімен танысу;
2) белгілі аэропорт үшін қабылданған, барлық қозғалыс ережелерін қатаң сақтау;
3) машинаны құрамалы бірліктеріне қызмет көрсету үшін, алаңдарға, тек қана сатымен көтерілу;
4) асфальтбетондық немесе бетондық жабындысы бар алаңдарда жанармай құю уақытында, алып шығарылатын сына көмегімен машинаны жерге қосу;
5) өрт сөндіру құралдарының болуын және жарамдылығын тексеру;
6) газ ағыны әрекет ету аймағында кісі болмауына, сондай-ақ жанармай материалдары, имараттар, ұшақтар болмауына көз жеткізу;
7) газ құбырын бір күйден басқа күйге ауыстыру алдында, газ құбырының асылмалы жүйесінің сенімділігін тексеру;
8) аккумуляторлық батареяларды орнатуын және түсіруін, екі адам атқаруы тиіс;
9) жұмыс уақытында жарық және дыбыс сигналдарын, сондай-ақ тазалау объектісінен дереу кету қажеттілігі туралы хабарландыратын, рациямен берілетін мәлімдемелерді қатаң байқап отыру;
10) түнгі уақытта жұмыс істеген кезде, барлық жұмыс майданында жеткілікті электржарықтандыру қамтамасыз етілуі тиіс;
11) машина жұмыс істеп тұрған уақытта, машинада бөтен адамдар болуына тыйым салынады.
463. Аэродромдық жинау машиналарын пайдаланған кезде:
1) рульдік жүргізу және жарамсыз тежеумен жұмыс істеуге;
2) пайдалану жөніндегі нұсқауда ескерілмеген ЖЖМ қолдануға;
3) жұмыс аяқталғаннан соң құралдар панеліндегі қуат беру ажыратқышын сөндірмей қалтыруға;
4) двигатель жүріп тұрғанда ыдыстарды (емкости) толтыруға;
5) бактарды толтыру кезде ашық отты қолдануға және темекі шегуге;
6) двигатель (авиадвигатель) жүріп тұрғанда тексеру, монтаждық-демонтаждық, күйге келтіру және реттеу жұмыстарын өткізуге;
7) айналып тұрған щетканың қасында, сондай-ақ двигательді қосу немесе жүріп тұрған уақытында, машинаның қасында болуға;
8) сүйрегіш двигателі тоқтаған кезде сцеплениені басу - машина басқарудан айрылады (бұл жағдайда, сцеплениені баспай машинаны тежеу қажет);
9) двигательден ажыратылған трансмиссиямен машинаның накатпен қозғалу, өйткені бұл жағдайда рульдік жүргізудің сенімділігі төмендейді;
10) машинаның, түсірілген және жарамсыз щеткасымен жүруіне;
11) шлемофонсыз жұмыс істеуге;
12) бактағы жанармайдың азғантай қалуын көрсететін сигналдық шам жанғаннан кейін жұмыс істеуге;
13) машинаны жүріп тұрған двигательмен (авиадвигательмен) тастап кетуге болмайды.
464. Аэродромдық жинау машинаны пайдаланған кезде жүргізуші-оператор міндетті:
1) сүйрегіш двигателін жүргізу алдында, беріліс коробкасының рычагі нейтралдық күйде болуына, ал гидронасосты қосу кнопкасы - сөндірілген күйде болуына көз жеткізу;
2) двигательді жүргізу алдында, сцеплениенің пневмокамерлік муфтасы сөндірілуіне көз жеткізу;
3) газ құбырын транспорттік күйден жұмыс күйіне және кері ауыстырған кезде, машина тік алаңда орнатылуына және машинаның артында газ құбырын орнату үшін жеткілікті бос аймақ болуына көз жеткізу;
4) авиадвигательге және газ құбырына қызмет көрсету, тек қана авиадвигатель тоқтап тұрған уақытта атқарылады;
5) авиадвигательді жүргізу алдында, жанармай құбырының бүтіндігіне және апаттық тоқтатуды дистанциондық басқару жүйесінің жарамдылығына көз жеткізу;
6) егер жүргізгенде жанармай жалындамаса, тек қана суық айналдырудан кейін авиадвигательді қайта жүргізуге болады.
465. Авиадвигательді техникалық күту және техникалық тексерумен байланысты жұмыстарды, сондай-ақ авиадвигательдің жарамсыздықтарын анықтауды, тек қана авиациялық техник атқаруы тиіс. Электрқұралдарға қызмет көрсету, сондай-ақ электржүйенің жарамсыздықтарын анықтау, тәжірибелі электрикпен атқарылуы тиіс.
466. Аэродромдық жинау машиналармен көпірлерден және басқа да жол имараттарынан өтуге, машинаның жалпы массасы 30 тоннадан асуы еске алынып, жүк көтерерлік шамасы тексерілгеннен кейін ғана рұқсат беріледі.
7 бөлім. Жүк көтеру арнаулы машиналарды
пайдалану кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары 1 тарау. Еңбек қауіпсіздігінің жалпы талаптары
467. Тиеу-түсіру жұмыстарын атқарған кезде осы Ереженің талаптарын, тиісті МСТ талаптарын және белгілі тәртіпте бекітілетін, жүккөтергіш крандарды қауіпсіз пайдалану және орнату ережелерін қатаң сақтау қажет.
468. Тиеу-түсіру жұмыстары әуекәсіпорын басшысының бұйрығымен тағайындалғын жауапты тұлғаның қарамағында атқарылуы тиіс.
469. Жүктерді тиеу және түсіру, оларды автомобильде бекіту және босату, жүк жіберуші және жүк алушының күшімен және қаражатымен атқарылады. Жүк жүргізушінің бақылауымен бекітіледі. Жүргізушілерге, үлкен физикалық күшті қажет етпейтін (ұсақ даналы жүктер, посылкалар және соған ұқсастар) жүктерді тиеу және түсіру жөніндегі жұмыстарды қосарлап атқаруға болады.
470. Тиеу-түсіру жұмыстары механикаландырған әдіспен, крандар, тиегіштер және т.б. машиналар арқылы, ал шағын көлемдер болса - кіші механизация құралдары арқылы атқарылуы тиіс.
471. Массасы 50 кг. асқан жүктер үшін, сондай-ақ жүктерді 2 метрден асатын биіктікке көтергенде, міндетті түрде тиеу-түсіру жұмыстардың механикаландырған әдісі қолданылуы тиіс.
Кейбір жағдайларда тұрақты тиеу және түсіру орындарында, массасы 60-80 кг. жүкті автомобильдің кузовына тиеу (түсіру) жұмыстары, екі жүкші (кем дегенде) қолмен атқаруы мүмкін.
472. АА ұйымдарында жұмыс атқаратын әйелдерге қауіпсіз жұмыс жағдайларын туғызу үшін, қолмен жүк көтергенде, келесі шекті мүмкін массалар рұқсат етіледі:
1) ауырлықтарды басқа жұмыстармен ауыстырылып отырған кезде көтеру және тасымалдау (сағатына 2 ретке дейін) - 10 кг.;
2) ауырлықтарды жұмыс ауысымы барысында тұрақты көтеру және тасымалдау - 7 кг.
Жұмыс ауысымы барысында әр бір сағатта динамикалық жұмыс мөлшері, келесіден аспауы тиіс:
1) жұмыстық үстерден - 1750 кгм.;
2) еденнен - 875 кгм.
Көтерілетін және тасымалданатын жүктің салмағына ыдыстың және орау материалының салмағы кіреді.
Жүктерді арба немесе контейнермен тасымалдаған кезде салынатын күш 10 кг. аспауы тиіс.
473. 16-дан 18 жасқа дейінгі жас өспірімдерге келесі жүктерді тиеу және түсіруге болады: үйілетін (гравий, балшық, құм және т.с.), дана (кірпіш, қоқыс блоктары және т.с.), пиломатериалдар.
474. Жүк көтеру машиналар және механизмдер, белгілі тәртіпте бекітілетін, жүк көтергіш крандарды қауіпсіз пайдалану және орнату ережелеріне сәйкес пайдалануы тиіс.
Пайдалануға рұқсат тиісті мемлекеттік органдармен беріледі (тіркелетін машиналарға) немесе мемлекеттік органдарда тіркелмейтін, әуекәсіпорындарда жүк көтеру машиналарды қадағалайтын тұлғамен.
475. Жүк көтеру машиналары, мерзімдік техникалық куәландырудан өтуі тиіс:
1) бірен-сарандаған - 12 ай ішінде кемінде 1 рет;
2) толық - 3 жылда кемінде бір рет.
476. Әуекәсіпорынға жинаулы түрде түскен, өндіруші-зауытта куәландыру және сынау өтуі жөніндегі құжаттары бар жүк көтеру машиналарды және механизмдерді, алдын ала тексеріп, 12 айдан аспайтын мерзім бойы пайдалануға рұқсат беріледі.
477. Арқандар және басқа да такелаждық құралдар МСТ сәйкес болуы тиіс және олардың өндіруші-зауытта берілген куәлігі (сертификаты) болуы тиіс. Куәлігі жоқ такелаждық құралдар, тиісті мемлекеттік органдардың талаптарына сәйкес сыналуы тиіс.
2 тарау. Кузовы көтерілетін автомобильдерді
пайдаланған кезде қойылатын қауіпсіздік талаптары
478. Кузовы көтерілетін автомобильдерді (әрі қарай - ККА) жүргізуге, ККА конструкциясын, пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы талаптарын, аэродром ішінде қозғалу ережелерін, қызмет көрсететін АК келу және кету ережелерін білетін, аэродром ішінде автомобильдерді, арнаулы машиналарды және механизмдерді жүргізуге құқық беретін талоны бар кәсіпқор-жүргізушілерге рұқсат беріледі.
479. Кузовты, транспортерды және лақтырмалы артқы алаңдарды көтерумен байланысты операциялар, жүргізуші олардың қасында кісілер болмауына көз жеткізгенен кейін, операция басталуы туралы хабарлайтын, дыбыс сигналы берілгеннен кейін атқарылуы тиіс.
480. ККА жұмыс атқарғанда:
1) жарамсыз ККА жұмыс істеуге;
2) платформада кісі тасымалдауға;
3) АК және ККА оның двигательдері (бұрандалары) толық тоқтамай келуге, сондай-ақ ВПП тайғақ болғанда;
4) ККА қол тежегішке және доңғалақтар астына тіреу қалыптарын орнатпай АК - не/нен тиеу-түсіру жұмыстарын атқаруға;
5) ККА техникалық сипаттамасында ескерілген, белгіленген жүк көтерерлік шамасынан асырып тиеуге;
6) жел жылдамдығы 10 м/с асқанда, жанама еңісі 3о асатын және қысымы, қалыпты деңгеймен салыстырғанда төмен болса, кузовты барлық биіктігіне көтеруге;
7) қосылған гидронасоспен немесе көтеріліп тұрған платформамен жүруге;
8) егер артқы борттың амортизаторы және АК арасындағы қашықтық 10 см. асатын болса, тиеу-түсіру жұмыстарын атқаруға;
9) сақтандыру тіреулерді немесе құралдарды қолданбай, көтеріліп тұрған платформа астында тұруға және жұмыстар атқаруға;
10) платформа көтеріліп тұрғанда, автомобильді қол (тұрақ) тежегішіне қоймай тексеру және жөндеу атқаруға;
11) гидрожүйеде қысым мүлдем болмауына көз жеткізбей, техникалық қызмет көрсету атқаруға;
12) ККА кедергі (электрберу желілері, ғимараттардың шығып тұрған бөліктері және т.с.) астында болғанда, платформаны көтеруге тыйым салынады.
481. ККА жұмыс аяқталғаннан соң жүкші дыбыс сигналын беруі тиіс, содан кейін платформаны түсіріп гидронасосты ажырату.
482. АК 3 км/сағ. аспайтын жылдамдықпен, ақырын ғана жұлқыламай жылжу керек.
3 тарау. Автотранспортерларды пайдаланған
кезде қойылатын қауіпсіздік талаптары
483. Автотранспортерларда жұмыс істеуге (әрі қарай - АТ), машина құрамын және онымен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасы талаптарын, аэродромдардағы механизациялау құралдарын реттейтін нұсқауларды (ережелерді) білетін, кәсіпқор-жүргізуші куәлігі бар тұлғаларға рұқсат беріледі.
484. Перрон бойымен АК қарай жылжу, белгілі аэропорт үшін анықталған маршрут бойынша, 15 км/сағ. аспайтын жылдамдықпен атқарылуы тиіс, АТ фермалары транспорттық күйде болуы тиіс.
485. АК қарай жылжығанда, АТ жылдамдығы 3 км/сағ. аспауы тиіс.
486. АТ жұмыс атқарғанда:
1) жарамсыз АТ жұмыс істеуге;
2) двигательдері жүріп тұрған АК АТ келуге;
3) АТ қол тежегішке және доңғалақтар астына тіреу қалыптарын орнатпай (аутригер шығарылымы) АК - не/нен тиеу-түсіру жұмыстарын атқаруға;
4) бір орынның салмағы, АТ техникалық сипаттамасында ескерілгеннен үлкен жүктердің тиеу-түсіруін атқаруға;
5) АТ секцияларын бүктеу және жаю, жебелерін көтеруге және түсіруге, оларда жүк болса;
6) жүк және багажды АТ таспасына лақтыруға;
7) АК багаждық бөлімдеріне кісілерді көтеру (түсіру) үшін АТ пайдалануға;
8) АК бір багаждық бөлімінен басқа бөліміне қысқа қашықтықтарға өтуден басқа, жебелерді транспорттық күйге ауыстырмай АТ жылжуға;
9) АТ жебелері секцияларын көтеру, түсіру, бүктеу және жаю уақытында АТ фермаларының астында тұруға;
10) сақтандыру құралдарын қолданбай АТ фермалары көтеріліп тұрғанда арнаулы құралдың техникалық қызмет көрсету және жөндеуін атқаруға рұқсат етілмейді.
4 тарау. Автолифттерді пайдаланған кезде
қойылатын қауіпсіздік талаптары
487. Автолифттерді (әрі қарай - АЛ) жүргізуге, АЛ конструкциясын, пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы талаптарын, аэродром ішінде қозғалу ережелерін, қызмет көрсететін АК келу және кету ережелерін білетін, кәсіпқор-жүргізушілерге рұқсат беріледі.
488. АЛ жүру үшін белгіленген маршрут бойынша:
1) 15 км/сағ. аспайтын жылдамдықпен, аэровокзал перрондарынан және АК тұру орындарынан тыс;
2) 15 км/сағ. аспайтын жылдамдықпен, перрон бойымен және АК тұру орындарымен;
3) қызмет көрсету АК келіп кеткенде, АК 10 метр қашықтықта, 3 км/сағ. аспайтын жылдамдықпен жылжуы тиіс.
489. АЛ жұмыс істеген кезде:
1) тіреу алаңының жанама еңісі 3о асатын болса, желдің жылдамдығы 10 м/с асатын болса, тегіс емес алаңдарда, бір доңғалақта болсын шинадағы ауа қысымы төмен болса кузовты көтеруге;
2) қосылған гидронасоспен немесе көтеріліп тұрған кузовпен жүруге;
3) АЛ артқы және алдынғы алаңдарында, оларда қар немесе мұз болса қысқы уақытта жұмыс істеуге;
4) АЛ алдынғы алаңдарында қоршаусыз жұмыс істеуге;
5) кузовты түсіру кезінде АЛ алдынғы және артқы алаңдарында тұруға тыйым салынады.
5 тарау. Автокрандарды пайдалану кезінде
қойылатын қауіпсіздік талаптары
490. Жүк көтеру крандарды жүргізуге, 18 жасқа толған, автокранның белгілі түрін жүргізуге құқық беретін куәлігі бар және әуекәсіпорынның біліктілік комиссиясынан жұмысқа рұқсат алған тұлғаларға рұқсат беріледі.
491. Автокранның машинашысы, автокранның апатсыз жұмыс істеуіне, жүктердің бүтіндігіне, жүктермен жұмыс атқаратын стропальщиктер және басқа да жұмысшылар еңбегінің қауіпсіздігіне, өңделетін жүктер мен кранның өртсөндіру қауіпсіздігіне жауапты.
492. Жұмыс басталар алдында машинашы:
1) жұмыстар атқарылатын орынның жерінің сенімділігіне көз жеткізу;
2) автокранның механизмдерін, олардың бекітілуін және тежеуішін, қозғалғыш бөлігін, жетектік және буферлі қондырғыларын тексеру;
3) механизмдер қоршауларының жарамдылығын және болуын тексеру;
4) берілістердің, подшипниктердің және канаттардың майлануын, сонымен қатар майлау құралдарының және сальниктердің қалпын тексеру;
5) темірконструкцияның мүмкін жерлерінде және жебе секцияларының жалғасуын және оны асқыштарының элементтерін (арқандар, тартпалар, блоктар, сырғалар және т.с.), сондай-ақ бұрылу бөлігінің жүру рамасының темірконструкциясын және дәнекерлік тігістерін тексеру;
6) рұқсат етілген жерлерде арқандардың қалпын және олардың грейферге, барабанға, жебеге бекітілуін, сондай-ақ блоктар және барабандар жылғаларына арқандардың салынуын тексеру;
7) крюкті тексеру және оның оқ тізерге, грейферге немесе жүк көтеру магнитіне бекітілуін, сондай-ақ оның асқыштар шығырының шынжырларын тексеру;
8) қосымша тіреулердің жарамдылығын тексеру (шығармалы арқалықтарды, домкраттарды);
9) автокрандағы қауіпсіздік қондырғылардың және құралдардың жарамдылығын және болуын тексеру;
10) электр жетегі бар автокранды қабылдағанда, электр аппараттардың (рубильниктерді, контакторларды, жүргізу резисторларын, тежеуіш электр магниттерді) сыртқы тексерісін атқару (кожухын шешпей және бөлшектемей), сонымен қатар электр машиналардың шығырларын немесе коллекторларын және олардың щеткаларын тексеру. Егер автокран сыртқы желіден қуат алса, автокран машинашысы иілмелі кабельдің жарамдылығын тексеруі тиіс.
493. Автокран машинашысы стропальщикпен бірігіп алмалы-салмалы жүкті іліп алу құралдарының жарамдылығын және олардың жүк көтерерлік шамасы, сынау күні, номері белгіленген таңбасы болуын тексеруі тиіс.
494. Жұмыс істейтін автокранды қабылдағанда, ауысымды тапсыратын автокранның машинашысымен бірігіп тексерілуі тиіс. Кранды тексеру үшін әуекәсіпорынның әкімшілігі ауысым басында қажетті уақыт бөлуге міндетті.
495. Автокран тек қана жұмыс істемейтін, ал электр жетегі бар автокран, машинашы кабинасындағы рубильник ажыратылған күйде болғанда тексерілуі тиіс. Иілмелі кабельдің тексерілуі, кабельге қуат беретін рубильник ажыратылған күйде болғанда атқарылуы тиіс.
496. Жұмысқа қосу алдында автокранды тексергеннен кейін, машинашы барлық механизмдерді бос жүру кезінде сынап:
1) электрқұралдың және автокранның механизмдерін, егер ол болса;
2) қауіпсіздік құралдарының және қондырғылардың, автокрандағы тежегіштердің әрекет ету жарамдылығын тексеруі тиіс.
497. Автокранды сынау және тексеру уақытында, қауіпсіз жұмысқа бөгет болатын, өз күшімен жою мүмкін емес жарамсыздықтар анықталса, машинашы жұмысқа кіріспей, автокранның жарамды қалпына жауапты тұлғаға хабарлайды және кранмен жүктерді тасымалдау жөніндегі жұмыстарды қауіпсіз өндіруге жауапты тұлғаға мәлімдейді.
498. Келесі жарамсыздықтар болса машинашы автокранмен жұмысқа кіріспеуі тиіс:
1) автокранның темір конструкцияларында жарық немесе деформация;
2) жебе ілгіш элементтеріндегі жарықтар;
3) арқандар бекітілетін орындарда бұрын болған қысқылардың және шплинттердің болмауы немесе арқандардың бекітілуінің босауы;
4) жебелік немесе жүк арқаны сым үзіктерінің санын немесе сыртқы тозуы, белгіленген нормадан асатын болса, үзік шүйке немесе жергілікті бұзылулар болса;
5) жүк көтеру механизмінің немесе жебе көтеру механизмінің, жұмыс қауіпсіздігіне қатерлі дефекттері болса;
6) жүк көтеру механизмі тежеуінің детальдарының немесе жебенің бұзылулары болса;
7) қиылысы бастапқы биіктігінен 10 % асатын, арандағы крюктардың тозуы;
8) кранның аранын тұйықтайтын қондырғының сынуы;
9) оқ тізердегі крюктарының бекітілуінің бұзылуы;
10) жүк көтерерлік шамасын шектегішінің немесе сигналдық құралдың сынуы немесе болмауы, ал электр жетегі бар крандардың - көтеру механизмінің соңғы ажыратқышы;
11) қосымша тіреулердің бұзылуы немесе жинақталынбауы;
12) рессор астындағы қозғалғыш бөлігі автокрандардың стабилизаторларының сынуы немесе болмауы;
13) электрқұралдың жекеленбеген ток жүргізу бөліктерінің және механизмдердің қоршауы болмауы;
14) двигательдің картерінде майдың санын, салқындату жүйесіндегі судың температурасын және ток күшін көрсететін құралдардың сынуы немесе болмауы.
499. Электр жетегі бар автокрандарды қуат алу қайнар көзіне қосуды электрмонтер атқарады. Бұл әрекетті машинашыға атқаруға болмайды.
500. Жүкті көтеру және тасымалдау кезінде машинашы келесі талаптарды басшылыққа алуы тиіс:
1) кранмен атқарылатын жұмыстарды, тек қана стропальщиктің сигналы бойынша бастау;
2) кезкелген операция басталар алдында сигнал беру;
3) ортадағы тұлғалардың қауіпсіздігіне көз жеткізбей, жүкті операцияларды бастамау;
4) стропальщиктердің жұмысын байқау және автокран механизмдерін сигналсыз жүргізбеу;
5) жұмысты бастау үшін сигналды тек қана бір сигнал беруші- стропальщиктен қабылдау;
6) "тоқта" апаттық сигналы, оны беретін кезкелген тұлғадан қабылданады;
7) жүкті көтеруге дайындаған кезде, оның бекітілуін байқау және нашар ілінген жүктерді көтермеу;
8) жүкті тоқтамай көтермеу, ал оны 0,5-1,0 метр биіктікке көтеріп, тежегіш жарамдылығына, жүктің бекітілу сенімділігіне, кранның орнықтылығына көз жеткізіп, әрі қарай көтеру;
9) белгілі жебе ұшу үшін шекті шамасына жақын салмақты жүкті көтерген кезде, бұл жүкті алдын ала 10 см. көтеріп автокран орнықтылығын тексеріп әрі қарай көтеру;
10) жүктерді жылжымалы құрамға және стеллаждарға бірқалыпты, бір жағын артық тиемей қалау қажет;
11) жүкті ақырын түсіру.
501. Жүктерді көтеру және тасымалдау кезінде автокран машинашысына:
1) жүктерді байлауға немесе тіркеуге стропальщик куәлігі жоқ, кездейсоқ тұлғаларға рұқсат беруге, сондай-ақ таңбасы немесе биркасы жоқ жүктерді іліп алу құралдарын қолдануға;
2) жебенің белгілі ұшуына, салмағы кранның жүк көтерерлік шамасынан асатын жүкті көтеруге немесе домалатуға;
3) ұшу алдында жүгі бар жебені түсіру, кранның жүк көтерерлік шамасы көтерілетін жүктің салмағынан кем болса;
4) жүкті көтергенде немесе түсіргенде, немесе кран қондырғысы бұрылған кезде кенет тежеуге;
5) жүкті автокранға жақындатуға;
6) жүкті жебе бұрылысымен жақындатуға;
7) жер себілген немесе жерге қатып қалған, басқа жүктермен үйіліп тасталған, болттармен бекітілген немесе бетон құйылған жүктерді кранмен, грейфермен немесе басқа да алмалы-салмалы іліп алу құралдарымен ашуға;
8) жүкпен қыстырылған алмалы-салмалы іліп алу құралдарын (стропалар, атауыздар және т.с.) крюкпен босатуға;
9) ілгектері бұзылған темірбетонды бұйымдарды, дұрыс шандалмаған жүкті, орнықсыз күйде тұрған, екі мүйізді крюктің бір мүйізіне ілінген, сондай-ақ борттан аса толтырылған немесе қоршауы жоқ ыдыспен көтеруге;
10) жүкті электр кабельдерге және құбырларға, сондай-ақ траншея немесе ылди шетіне қоюға;
11) ішінде кісі бар контейнерді немесе жүкті көтеруге, сондай-ақ кісі түзейтін немесе колмен ұсталатын жүкті көтеруге;
12) жүргізуге құқығы жоқ тұлғаларға және оқушылар мен стажерларға автокран жүргізуге рұқсат беру;
13) кабинада жүргізуші және басқа да кісілер болғанда, автомашиналарды тиеу және түсіру жұмыстарын атқаруға;
14) контейнерлерге қойылмаған қысылған, сұйықтатылған және ерітілген газы бар баллондарды көтеруге;
15) барлық шығырларға немесе рамаларға ілінбеген контейнерлерді көтеруге;
16) даналы жүктерді грейфермен көтеруге;
17) жүкті шанду (ілу) және оны босату уақытында жебенің ұшуын өзгертуге болмайды.
502. Электр жетегі бар автокрандарды пайдаланған кезде:
1) электр құралдардың және жетектердің изоляция кедергісін белгіленген мерзімдерде тексеру, ол 0,4 МОм кем болмауы тиісті;
2) барлық жөндеу және күйге келтіру жұмыстарды кернеу ажыратылған кезде атқару;
3) құралдарды жөндеу мерзіміне ток қателікпен қосылу мүмкіндігін алдын ала жою үшін машинашы кабинасындағы басқару пультінда және бекітіп тұратын автоматтардың қасында "ДВИГАТЕЛЬДІ ЖҮРГІЗБЕ - КІСІЛЕР ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТЫР" ірі әріптері бар плакат ілінуі тиіс;
4) кабина еденіне резеңке төсеніш төсеу;
5) кран қондырғысын ноль сымына қосу шартымен, жұмысты, сыртқы желіден қуат алып орындау қажет.
503. Электр жетегі бар автокранда жұмыс істегенде:
1) кожухы немесе ток жүргізу бөліктері жарамсыз немесе шешілген, немесе кабельдің электрсымы жалаңаш электр құралдармен жұмыс атқаруға;
2) автокрандағы нольге қосу электр сымының бүтінділігі бұзылған уақытта жұмыс істеуге;
3) қондырғының кернеу астындағы бөліктерін ұстауға;
4) басқару пультін қоршайтын есіктер ашық болғанда жұмыс атқаруға;
5) кабинада резеңке төсенішсіз жұмыс істеуге болмайды.
504. Кран жұмысы аяқталғаннан соң машинашы келесі талаптарды сақтауы тиіс:
1) жүкті, магнитті немесе грейферді ілініп тұрған күйде, тіпті аса үлкен емес биіктікте қалтырмау;
2) кранды тежеп, тұрақ үшін арналған орынға қою;
3) жебені және крюкті, кранды пайдалану және монтаждау жөніндегі өндіруші-зауыттың нұсқауында белгіленген күйге орнату;
4) электр жетегі бар крандардың двигательдерін тоқтатып, егер кран сыртқы қайнар көзден қуат алса, кабинадағы рубильникті ажырату. Иілмелі кабель алдындағы будкадағы (кабинадағы) рубильник ажыратылып құлыпқа жабылуы тиіс.
6 тарау. Автотиегіштерді пайдалану кезінде
қойылатын қауіпсіздік талаптары
505. Автотиегіштерде жұмыс істеуге, жасы 18 толған, кәсіпқор-жүргізуші куәлігі бар және әуекәсіпорынның біліктілік комиссиясына сынақ тапсырған тұлғалар рұқсат алады.
506. Жұмыс алдында автотиегіштің техникалық қалпын тексеру қажет. Жарамсыз автотиегішпен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
507. Жүкті таспасы бар доңғалақтармен жабдықталған автотиегіштер, тек қана цементбетондық, асфальтбетондық және басқа да тегіс жерлерде пайдалануы тиіс. Пневматикалық шиналары бар автотиегіштер тек қана өңделген тастан жасалған жабындыларда және түзу жер алаңдарында пайдалануы мүмкін.
508. Автотиегішті пайдалануға келесі жағдайларда рұқсат етілмейді:
1) жүк көтеру машиналарға және жалпы қолданыстағы автокөлікке қойылатын қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ететін жүйелер жарамсыз болса;
2) противовестердің бекітілуі босауы және олардың комплектсіздігі;
3) жүк шынжырларының рамаға және жүк көтерушінің кареткасына бекітілуі босағанда;
4) раманың немесе каретканың ең болмаса бір катогының айналымы қажалғанда;
5) жүк шынжырлары жұлдызшаларының бекітілуі босағанда.
509. Автотиегіш жүктерінің штабельдерін қалау (бөлшектеу) кезінде, олардың жұмыс атқару аймағында, жүкті тасымалдау және қолмен тасу жолдары өтпеуі тиіс, және тиеу жұмыстары атқарылмауы тиіс.
510. Жүкті іліп алу кезінде келесі қауіпсіздік талаптарын сақтау қажет:
1) жүкті, іліп алу шанышқысына, пайда болатын аудару моменті минималды болатындай қылып орналастыру. Жүк, іліп алу шанышқысының вертикалды бөлігіне қысылуы тиіс;
2) жүк екі табанға бірқалыпты үлестірілуі тиіс және табан ұзындығының 1/3 бөлігінен аспайтын қашықтыққа, шанышқы шегінен алға қарай шығып тұруы мүмкін. Жүкті, рама арқылы жүргізушінің жұмыс орнына жүк құлаудан қорғайтын қондырғыдан жоғары қалауға тыйым салынады;
3) кейбір ірігабариттік жүктерді, қорғау қондырғысынан жоғары қалауға рұқсат беріледі. Бұл жағдайда автотиегіш қозғалысын басқаратын тұлға бөлінуі тиіс.
511. Жебемен жұмыс атқарған кезде, жүкті әуелі көтеріңкіреп, содан кейін оны тасымалдау.
512. Жүктерді, рама артқа қарай толық қайтарылған кезде, тасымалдауға рұқсат беріледі. Іліп алу қондырғысы жүкті жерден автотиегіштің жол саңылауының мөлшері биіктігіне көтерілуін қамтамасыз етуі тиіс және пневматикалық шиналары бар автотиегіштер үшін 0,5 метрден астырмай.
Ұзын жүктерді тек қана тегіс ашық аймақтарда тасымалдауға рұқсат беріледі, еске сала кететін, жүкті іліп алу тәсілі оның шашылу және бір жаққа қарай құлау мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
Жүктерді автотиегіштермен тасымалдауға рұқсат берілетін максималды ұзына бойы еңісі, раманың артқа еңкейтілу бұрышынан (минус 3о) аспауы тиіс.
513. Ұзын жүктерді қосақталған автотиегіштермен қалаған кезде автотиегіштің келісілген және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін жауапты тұлға бөлінуі тиіс.
514. Автотиегіш жүргізушісіне:
1) автотиегіштің рамасы алға қарай еңкейтіліп тұрғанда, көтеріліп тұрған жүкпен жүруге;
2) автотиегіш жүкпен келе жатқанда кенет тежеуге;
3) машинаны жүріп тұрған двигательмен, көтеріліп тұрған кузовпен тастап кетуге;
4) қозғалыс кезінде жүкті көтеруге, түсіруге және еңкейтуге;
5) жүк алаңында және машинаның табалдырығында кісі тасымалдауға, көтерілетін жүкті теңеу үшін, оның үстіне тұруға;
6) көтергіш құралдармен кісілерді биіктікке көтеруге;
7) қатып қалған немесе қысылып қалған жүкті ашуға;
8) шанышқы еркін өту үшін қажет, жүктің астында саңылау болмаса, оны көтеруге;
9) жүкті кранмен тікелей автотиегіштің іліп алу қондырғысына қалауға болмайды.
8 бөлім. Арнаулы машиналарды жөндеу және техникалық
қызмет көрсету кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары 1 тарау. Еңбек қауіпсіздігінің жалпы талаптары
515. Арнаулы машиналарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету, белгілі тәртіпте бекітілетін, азаматтық авиацияның кәсіпорындары мен ұйымдарының арнайы көлік қызметтері (автобазалар, гараждар) үшін технологиялық құралдардың және мамандандырылған құралдардың табелі бойынша жабдықталған, арнайы орындарда атқарылу қажет.
516. Арнаулы машиналарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету, оларды сақтау орындарында немесе кездейсоқ таңдалып алынған тұрақтарда атқаруға тыйым салыналды.
517. Арнаулы машиналарды ТҚ және Ж айналысатын жұмысшылар, тек қана жарамды құралдар мен саймандарды пайдалануы тиіс.
518. Арнаулы машиналарды ТҚ және Ж жұмыстарын атқаруға, арнайы дайындықтан өткен және олардың тиісті квалификация иеленуі жөніндегі құжаты бар тұлғаларға рұқсат беріледі.
519. Арнаулы машинаны жөндеу немесе оған техникалық қызмет көрсету алдында, арнаулы машина мұқият жуылып, ал постқа орнатылғаннан кейін қол тежегішімен және тіреулермен (башмактармен) тежелуі тиіс.
520. ТҚ және Ж қойылу алдында арнаулы машина жұмыс сұйықтықтарынан және газдардан, қауіпсіздік шаралары сақталып, босатылуы тиіс. Атмосферлік қысымнан жоғары қысым астындағы, кернеу астындағы (электр, механикалық) және температурасы төмен (криогендік және басқа аппаратура) агрегаттарды бөлшектеуге рұқсат етілмейді.
521. Техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу орнына қойған кезде рульдік доңғалаққа міндетті түрде "ДВИГАТЕЛЬДІ ЖҮРГІЗБЕ - КІСІЛЕР ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТЫР" деген ірі әріптермен жазылған жазуы бар кесте ілінуі тиіс.
522. Көтергіште (гидравликалық, электрмеханикалық) тұрған арнаулы машинаға қызмет көрсету кезінде, көтергішті жүргізу механизмінде "ҰСТАМА - МАШИНАНЫҢ АСТЫНДА КІСІЛЕР ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТЫР" деген ірі әріптермен жазылған жазуы бар кесте ілінуі тиіс. Жұмыс (көтеріліп тұрған) күйінде көтергіштің плунжері, көтергіш өзінен-өзі түсіп кетпеу үшін, тіреумен (штангамен) сенімді бекітілуі тиіс.
523. Арнаулы машиналарды ТҚ және Ж көрме жырасынан, эстакада немесе көтергіштен тыс атқарылған кезде, жөндеу атқаратын тұлғалар жатақпен қамтамасыз етілуі тиіс. Жатақсыз (төсенішсіз) еденде (жерде) жұмыс атқаруға тыйым салынады.
524. Доңғалақтарды шешумен байланысты жұмыстарды атқарған кезде, ілініп қойған арнаулы машинаның астына козелка қойып, ал алынбаған доңғалақтардың астына тіреу - башмактар. Тек қана бір көтергіш механизмдерге (домкраттар, тальдар және т.с.) ілінген арнаулы машинада кезкелген жұмыстарды атқаруға тыйым салынады. Ілінген арнаулы машинаның астына доңғалақтардың дискілерін, кірпіш және басқа да заттарды қоюға болмайды.
525. Арнаулы машиналардағы рессорларды шешу және қою кезінде, алдын ала міндетті түрде олардан жүкті түсіріп, кейін арнаулы машинаны козелкаға қою қажет. Козелкалардың конструкциясы арнаулы машинаның құлап кету мүмкіндігін жоюы тиіс.
526. Жанармай цистерналарын немесе резервуарларын жөндеген кезде оларды сенімді жерге қосу қажет.
Жанармай цистерналарын немесе резервуарларын жөндеу жұмыстарын, тек қана ұшқын пайда болуын жоққа шығаратын материалдардан жасалған құралдармен атқарылуы тиіс.
527. Этилданған бензинмен жұмыс атқарылатын жай-күйлер келесі талаптарға сай болуы тиіс:
1) арнаулы машиналарды жуу, оларға қызмет көрсету және жөндеу орындары, олардың тұрақ орындарынан жекеленген және едендерінің қатты жабындысы болуы тиіс;
2) этилданған бензин ағу және төгілу мүмкіндігі бар жай-күйлерде темір поддондар орнатылуы тиіс.
528. Арнаулы машинаны бөлшектеу-жинақтау жұмыстарын атқарған кезде двигательді, беріліс коробкасын коробка передач және басқа да агрегаттарды шешу, тасымалдау және орнату жұмыстардың толық қауіпсіздігін кепілдік ететін, құралдармен (іліп алу) жабдықталған, көтеру-көліктік құралдар арқылы атқарылуы тиіс.
529. Агрегаттарды жөндеу бойынша бөлшектеу-жинақтау жұмыстары үшін арналған стендтар жұмыста ыңғайлы және өзінің арналған мақсатына сәйкес болуы тиіс. Агрегаттарды бекіту қондырғылары олардың жылжып кету немесе құлау мүмкіндігін жоққа шығаруы тиіс.
2 тарау. Технологиялық құралдарға қойылатын
қауіпсіздік талаптары
530. Жаңа құрал, АМҚК бас инженерінің қатысуымен арнайы комиссия қабылдағаннан кейін, пайдалануға берілуі тиіс, сондай-ақ күрделі жөндеу өткізгеннен кейін де.
531. Стационарлық құралдар фундаменттке орнатылып, оған сенімді бекітілуі тиіс. Қоршауы алынып тасталған, бекітілмеген немесе жарамсыз құралдармен жұмыс атқаруға болмайды.
532. Барлық пайдаланатын құрал жарамды және өндірістік учаске басшысының тұрақты қадағалауында болуы тиіс. Жарамсыз құралға, онымен жұмыс істеуге тыйым салынғанын көрсететін кесте ілу қажет. Бұл құрал қуат алу көзінен ажыратылып (токсыздандырылған, жетегі ажыратылған) тұруы тиіс.
533. Электр қондырғыларды пайдалану кезінде қолданылатын қорғау құралдары, белгілі тәртіпте бекітілетін, электр қондырғыларда қолданатын қорғау құралдарын қолдану және сынау ережелеріне (нұсқауларына) сай болуы тиіс.
534. Жұмыстарда қолданылатын электр машиналар және механизмдер, құралдар және саймандар, белгілі тәртіпте бекітілетін тұтынушылар электр қондырғыларын пайдалану кезінде қойылатын қауіпсіздік техникасы ережелеріне (нұсқауларына) сәйкес пайдалануы тиіс.
3 тарау. Арнаулы машиналарды жөндеу және оларға
техникалық қызмет көрсету жұмыстарын атқарған кезде
қойылатын қауіпсіздік талаптары
535. ТҚ және Ж бойынша жұмыстар атқарған кезде тиісті МСТ талаптарын сақтау қажет.
536. ТҚ және Ж процестері, сондай-ақ саймандар, аспаптар және құралдар МСТ және техникалық шарттарға сәйкес болуы тиіс.
537. ТҚ және Ж процестері:
1) арнаулы машинаны ТҚ және Ж дайындаған кезде;
2) тікелей жұмыстарды атқару;
3) арнаулы машиналар жүйелерін тексеру және сынау;
4) арнаулы машиналарға жанар-жағар материалдарын және арнайы сұйықтықтарды құю;
5) автомобильдерді, детальдарды, агрегаттарды және материалдарды сақтау және тасымалдау;
6) өндіріс қалдықтарын жою және залалсыздандыру кезеңінде қауіпсіз болуы тиіс.
538. Агрегаттарды және детальдарды жуу кезінде келесі талаптарды сақтау қажет:
1) этилданған бензинмен істейтін двигательдердің детальдарын, керосиндағы, сілті ерітіндісіндегі және басқа бейтараптандырғыш сұйықтықтарындағы тетраэтилқорғасын шөгіндісі бейтараптандырылғаннан кейін жууға болады;
2) сілті ерітінділерінің концентрациясы 2-5 %-дан аспауы тиіс;
3) жабық (механикаландырған) жуу орындарында сенімді вентиляция болуы тиіс;
4) сілті ерітіндісімен жуғаннан кейін, міндетті түрде ыстық сумен жуу;
5) жуу орындарында ашық отты қолдануға рұқсат етілмейді.
Арнаулы машиналарды жуушыларға, сондай-ақ арнайы сұйықтықтармен жұмыс істейтін тұлғаларға, ерімейтін қабыршақ құрайтын құрамдарды ("Биологиялық биялай", тиісті пасталар, Селисский майы және басқалар) қолдану ұсынылады.
&1. Электрмен дәнекерлеу жұмыстары
539. Дәнекерлеу жұмыстары, МСТ талаптары, сондай-ақ белгілі тәртіпте бекітілетін дәнекерлік және басқа да отпен атқарылатын жұмыстарды атқарған кезде өрт сөндіру қауіпсіздігі ережелері есепке алынып орындалуы тиіс.
Бұл жұмыстарды орындауға 18 жасқа толған, медициналық куәландырудан өткен, арнайы бағдарлама бойынша оқыған және белгіленген үлгілі куәлігі бар тұлғалар рұқсат алады.
Электрдәнекерлеу жұмыстарында қолданылатын құрал, тиісті МСТ, нормативтік құқықтық актілердің, электрдәнекерлеу жұмыстары кезіндегі еңбек қауіпсіздігі жөніндегі техникалық құжаттардың талаптарына жарытымды болуы тиіс.
540. Газбен дәнекерлеу жұмыстарын атқарған кезде, қолдан жасалған генераторларды және конструкциясы тиісті МСТ сәйкес келмейтін генераторларды қолдануға рұқсат етілмейді.
541. Дәнекерлеу және басқа да отпен атқарылатын жұмыстарды өткізу кезіндегі өрт сөндіру қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз ету жауапкершілігі, от жұмыстары атқарылатын қызмет объектілерге, шеберханаларға, учаскелерге жауапты тұлғаларға жүктеледі.
542. Жұмыс басталар алдында, құралды тексеру, жұмыс орнын дайындау, қорғау киімін кию, жарық фильтірлердін қалпын және сымдардың және жерге қосылу қалпын тексеру қажет.
Дәнекерлеу кабелінің ұзындығы 15-25 метр болуы тиіс, ал кейбір жағдайларда - 40 метрден аспауы тиіс. Кабельдің қиылысы ток күшіне байланысты алынады.
543. Дәнекерлеу тогының көздері (трансформатор, генераторлар, түзеткіштер) электр жүйеге тек қана жүргізу қондырғылары арқылы қосылады. Дәнекерлеу доғасы, тікелей күш немесе жарықтандыру жүйесінен қуат алуға рұқсат етілмейді.
Дәнекерлеу ток көздерінің корпустары, төмендетуші трансформаторлардың төмен кернеу орамдары және дәнекерленетін детальдар жерге тұйықталуы тиіс. Жерге тұйықтаған кезде, белгілі тәртіпте бекітілетін, электр қондырғыларда жерге тұйықтау жүйелерін жасау жөніндегі нұсқауды (ережелерді) басшылыққа алу қажет.
Жылыту және су құбырлары жүйелерін, жанармай сұйықтықтары және газ құбырларын жерге тұйықтаушы ретінде қолдануға болмайды.
544. Доғаны тұтандыру алдында, дәнекерші "Жабылыңдар!" деген команда беруге міндетті. Жай-күй ішінде жұмыстар атқарған кезде, дәнекершінің жұмыс орны шектес жұмыс орындарынан және өту жолдарынан, қалқаншамен, пердемен немесе шымылдықпен бөлінуі тиіс. Ашық ауада дәнекерлеу жұмыстарын атқарған кезде, қоршауларды бірнеше дәнекерші жұмыс атқарып жатқан жерге немесе басқа жұмысшылар өтетін жерге қойылуы тиіс. Сонымен қатар, дәнекершінің жұмыс орны жаңбыр және желден қоршалуы тиіс.
545. Жұмыс уақытында рукояткасы, дәнекерлеу шынжырының иілмелі сымының ұшын бекіту үшін сенімді изоляциясы және мықты қысқысы бар жарамды электр ұстағышты қолдану қажет.
546. Дәнекерлеу уақытында қолданылатын дулыға-маскалар немесе қорғау шынысы бар қалқаншалар, тиісті МСТ сәйкес болуы тиіс. Дәнекерлеу тогына байланысты, арнайы жарық фильтірлерін қолдану ұсынылады.
Электр дәнекершімен бірігіп жұмыс істейтін көмекші жұмысшылар, шынысы тиісті МСТ сәйкес, көзілдірік кию қажет.
547. Төбе дәнекерлеу уақытында, асбест немесе брезенттен жасалған қолға байланатын жеңдік кию қажет.
Отырып істейтін жұмыстарға дәнекерші, арнайы диэлектрикалық төсеніштермен қамтамасыз етілуі тиіс.
548. Залалды шығындылармен байланысты дәнекерлік жұмыстарды, дәнекерлеу доғасынан 0,5-0,8 метрден аспайтын қашықтықта орналасқан отсостар арқылы өндіру қажет; құрамында мырыш, жез, қорғасын бар түсті металдарды, тек қана химиялық фильтрі бар респиратор киіп дәнекерлеуге рұқсат беріледі.
549. Жанармай сұйықтықтары болған резервуарларды, цистерналарды, бөшкелерді және басқа да ыдыстарды оларды тазалап, жуып, буландырып және кептіргеннен кейін ғана дәнекерлеуге болады және крандары ашық болуы тиіс.
550. Жабық сыйымдылықтар ішінде атқарылатын дәнекерлеу жұмыстары, сақтандырғыш белбеу немесе арқан қолданылып, резервуардан тыс тұратын қауіпсіздік техникасы бойынша ІІ немесе жоғары біліктілік тобы бар байқаушының бақылауымен атқарылуы тиіс.
Темір резервуарлардың немесе котелдардың ішінде дәнекерлік жұмыстарды атқарған уақытта тасымалы портативтік жергілікті отсостар, киіз немесе басқа астары бар резеңке алашалар, резеңке дулығалар, диэлектрикалық калош және биялай қолдану қажет.
Ерекше қауіпті жұмыс жағдайларында (темір сыйымдылықтардың ішінде, ашық ауада, құдықтарда, сондай-ақ қауіптілігі жоғарлатылған жай-күйлерде) дәнекерлеу үшін қолданылатын электр дәнекерлеу қондырғыларды, бос жүру кернеуін автоматикалық ажырататын немесе оның кернеуін уақыт ұсталымы 0,5 секунд болғанда 12 В дейін шектейтін қондырғылармен жабдықталуы тиіс.
551. Трансформаторлар, қуат беретін тасымалы шамдар дәнекерлеу объектісінен тыс орнатылуы тиіс. төмендеткіш трансформатордың қайталама орамы жерге қосылған болуы тиіс.
552. Дәнекерлеу жұмыс орындарында жұмыс істеушілердің және ортадағы кісілердің көз және тері сәулелену қауіптігі туралы ескеретін плакат ілінуі тиіс.
553. Жұмыстарды ашық ауада өндірген кезде дәнекерлеу жұмыс орнының үстінде шатыр жасалуы тиіс. Шатыр болмаған жағдайда жаңбыр немесе қар жауған кезде дәнекерлеу жұмыстары тоқтатылуы тиіс.
554. Стационарлық посттарда электр дәнекершінің жұмыс орны дәнекерлеу үстелімен және орындықпен жабдықталуы тиіс. Үстел сенімді жерге қосылуы тиіс, ал орындық жерден жекеленген болуы тиіс.
555. Өртке қауіпті жерлерге 5 метрден жақын қашықтықта және жарылысқа қауіпті жерлерге 10-15 метр қашықтықта дәнекерлік жұмыстарды атқаруға рұқсат етілмейді.
556. Электр дәнекерлеу қондырғының (дәнекерлеу трансформаторы, агрегат, түрлендіргіш) паспорты, пайдалану жөніндегі нұсқауы, есепке алу және мерзімдік тексеру журналында тіркелген инвентарлық номері болуы тиіс. Барлық дәнекерлеу қондырғылары, үш айда кемінде бір рет білікті персоналмен тексерілуі тиіс. Тексеру күні, нәтижелері, тексерушінің қолы арнайы журналда тіркелуі тиіс.
557. Келесіге рұқсат етілмейді:
1) жарамсыз немесе белгіленген ережелер мен нормаларға сай емес дәнекерлеу құралымен жұмыс атқаруға;
2) жаңа боялған заттарды дәнекерлеу және от жұмыстары кезінде май, бензин және басқа да жанармай сұйықтықтарының ізі бар киімді және биялайларды қолдануға;
3) сұйықтық, газ, бу, ауа және т.с. қысымы астындағы бұйымдарды дәнекерлеу жұмыстарын атқаруға; жанармай және уландырғыш заттармен толтырылған коммуникацияларды және құралдарды қыздыру және дәнекерлеу;
4) дәнекерлеу ток көздерін электр желіге қосуға және ажыратуға (дәнекерлеу ток көздерін қосу және ажырату, сондай-ақ жөндеу және оның жарамды қалпын электрик байқауы тиіс);
5) өтетін жолдарда дәнекерлеу агрегаттарын жөндеуге;
6) дәнекерлеу агрегатын қуат алу ортасынан ажыратпай тасымалдауға;
7) оқушыларға және дәнекерлеу жұмыстары бойынша сынаудан өтпеген және өрт сөндіру қауіпсіздігі ережелері бойынша білімдері алдын ала тексерілмеген жұмысшыларға жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
&2. Газбен дәнекерлеу жұмыстары
558. Жұмыс басталар алдында газдәнекерші жеке қорғану құралдарын киіп, жұмыс орнын дайындап құралдың жарамдылығын тексеруі тиіс.
559. Кальций карбиді бар барабандарды, тек қана құрғақ жай-күйде ұшқын пайда болу мүмкіндігін жоққа шығаратын қола кескіш немесе арнайы пышақтың көмегімен ашуға болады.
560. Қақпақтың қиылу орнын қалың қабат қою маймен жағу қажет. Ұшқын шығаруы мүмкін болат кескіштер, балға және басқа да құралдарды барабандарды ашу үшін қолдануға болмайды.
561. Генераторға, мөлшері паспорттық мағыналарға сәйкес келетін карбид салуға болады. Генератор паспортында белгіленгеннен кем түйіршіктелген кальций карбидін қолдануға болмайды.
Генераторға карбид салу нормасын асыруға және газ пайда болуын қалыптастыруға болмайды.
562. Генераторды және су қақпағын, тек қана бақылау крандары деңгейіне дейін және ацетилен берілмейтін күйде толтыру керек.
Су жетіспесе генераторды қосуға болмайды.
563. Жұмыс басталар алдында және ауысымда кем дегенде екі рет, тежегіш су қақпағындағы сұйықтық деңгейін тексеру және орташа қысым генераторында тежегіш клапандарын үрлеу қажет.
Екі дәнекершіге немесе кесушіге бір қақпақтан жұмыс істеуге болмайды.
564. генераторда, су қақпақтарында немесе шлангтерде су қатып қалса оларды жылы жай-күйде от немесе ыстық су (бу) көзінен кем дегенде 10 метр қашықтықта қыздыру қажет.
Ацетилендік генераторларды және су қақпақтарын ашық отпен қыздыруға болмайды.
565. Ауысым аяқталғаннан соң, генератордан газды шығарады, оны тұнбадан босатып таза сумен жуады. Тұнбаны ағызған кезде су деңгейін тексеру терезесінен бақылайды.
566. Газ немесе ыдырамаған карбиді бар ацетилендік генераторды қараусыз қалтыруға болмайды.
567. Генератор, жұмыс атқару орнынан, сондай-ақ кезкелген басқа от көзінен кем дегенде 10 метр қашықтықта орналасуы тиіс.
Тұрақты немесе уақытша жұмыстар үшін ацетилендік генераторларды өту жолдарында, кісі жиналу орындарында, ацетиленмен қосылып өзінен-өзі жарылғыш қоспаларды құрайтын заттар шығарылуы мүмкін жай-күйлерде, жұмыс істеп тұрған қазандықтарда, ұстаханаларда, ағаш өңдеу учаскелерінде, сондай-ақ ауаны компрессор және вентилятормен жинау орындарының қасында орнатуға болмайды.
Кейбір жағдайларда газ жұмыстарын атқару үшін, көлемі кем дегенде 300 м3, жақсы желдетілетін жай-күйлерде, тасымалы ацетилендік генераторлар орнатуға болады.
Генератор орнату орны қоршалған, сондай-ақ "ТЕМЕКІ ШЕКПЕ!", "ОТПЕН ЖАҚЫНДАМА!" деген ірі әріппен жазылған ескертпе жазумен әзірленген болуы тиіс.
568. Әр бір тасымалы ацетилендік генератордың паспорты, еңбек қауіпсіздігі және пайдалану жөніндегі нұсқауы, инвентарлық номері болуы тиіс, соларға сәйкес генератор есепке алу және техникалық тексеру журналында тіркелуі тиіс.
569. Қысылған және сұйықталған газы бар баллондар, қысыммен істейтін құбырларды қауіпсіз пайдалану және орнату техникалық талаптарына сәйкес пайдалануы тиіс.
570. Корпусы және вентильдері жарамды, уақытында техникалық куәландырудан өткен, тиісті нормаларға сәйкес боялған және белгіленген таңбалары бар баллондарды пайдалануға болады.
571. Оттегі бар баллондарды пайдаланған кезде, майлар және майланған заттар оттегімен жанаспауы тиіс, өйткені ол жарылысқа әкеліп соқтыруы мүмкін.
Май тұрған жай-күйлерде, майланған киіммен жұмыс істеуге және майланған қолқаптарды, шүберектерді және т.с. қолдануға болмайды.
572. Газбен дәнекерлеу аппаратурасына жанарғыны немесе кескішті жалғастыру үшін тиісті мақсатта пайдаланатын жарамды шлангтерді қолдану қажет.
Шлангтың бұзылған жерлерін изоляциялық лентамен немесе басқа материалдармен орауға болмайды.
Шлангтың ұзындығы 20 метрден аспауы тиіс.
573. Бір айда кемінде бір рет жарамсыздық күдігі болса жанарғылардың немесе кескіштердің газ өткізгіштігін тексеру қажет, кейін тексеру нәтижелерін журналға тіркеу.
Тоқсанда кемінде бір рет, кислородтық және ацетилендік редукторларды техникалық тексеру және сынау қажет.
574. Жанармай газдары немесе бензин (керосин) булары ақпауы тиіс. Редуктордың, шлангтердің және жанарғының (кескіштің) бекітілу тығыздығын тексеру үшін сабын ерітіндісін қолдану қажет.
575. Кислородты тексеру үшін, жанармай газдары үшін қолданған шлангтерді пайдалануға болмайды немесе кислородтық шлангтерді жанармай газдары үшін қолдануға болмайды.
576. Жұмыс барысында шлангтерді бұзылудан және ток жүргізу сымдарымен, қызған заттармен, майлы материалдармен жанасудан сақтау қажет.
577. Жез, мырыш, қорғасын және т.с. қосындылары бар темірді дәнекерлеу (кесу) кезінде фильтрлік немесе шлангтік газ қайтарғыш (противогаз) қолдану қажет.
578. Дәнекерленетін темірдің үсті, темір шашырау және ауа булар және газдармен ластану мүмкіндігінің алдын алу үшін сыр, қақ және кірден тазаланған болуы тиіс.
579. Жанармай материалдары немесе қышқылдар тұрған сыйымдылықтарды дәнекерлеу жұмыстары, осы Ереженің 549 тармағына сәйкес атқарылуы тиіс.
580. Дәнекерлеу жұмыстарын биіктікте атқарған кезде, дәнекершінің, мұндай жұмыс түріне рұқсат беретін медициналық тұжырымы болуы тиіс.
Мастер (шеберханалардың бастығы), жеке бекітілу тәсілдері және жұмыстарды қауіпсіз атқарудың басқа да шарттары жөніндегі нұсқау береді және дәнекершінің құрал салатын сөмкемен сыналған сақтандыру белбеуін қолдану икемі тексеріледі.
581. Жұмыс істеушілерге қауіпті газ шығуы немесе жиналуы мүмкін орындарда (құдықтар, коллекторлар және т.с.) дәнекерлеу жұмыстарын, жұмыстарды атқаруға жауапты тұлға құралдарда газ болмауын тексергеннен кейін ғана атқарылуы тиіс.
582. Газбен дәнекерші:
1) газ генераторлардың, редукторлардың және баллондардың жарамсыздықтарын жоюға.
Олар пайда болса жұмысты тоқтатып шеберханалардың мастеріне немесе бастығына жарамсыздық туралы хабарлау қажет.
2) қысым астындағы құбырлар мен түтікшелерде, газбен дәнекерлеу және газбен кесу жұмыстарын атқаруға;
3) генераторды және жанарғыны (кескішті) қараусыз қалтыруға;
4) шлангтерді баллондарға және оларды бір-бірімен сыммен жалғауға;
5) манометрі жарамсыз немесе мүлдем жоқ редукторларды қолдануға;
6) ацетилендік баллондардан және газ генераторларынан 10 метрден жақын қашықтықта от жағуға, темекі шегуге және т.с. рұқсат етілмейді.
583. Газ дәнекершілері жыл сайын газбен дәнекерлеу жұмыстарын атқару кезіндегі қауіпсіздік талаптарын білуіне тексерілуі тиіс.
&3. Кабиналар мен кузовтарды жөндеу жұмыстары
(кузовтік және мыстық-қаңылтырлық жұмыстар)
584. Кабиналар мен кузовтарды жөндеу жұмыстары (кузовтік және мыстық-қаңылтырлық жұмыстар) басталар алдында, оларды арнайы қондырмаға немесе стендтерге сенімді бекіту қажет.
585. Парақтық темірден жасалған детальдарды тасымалдау, түзеу, кесу және келтіру жұмыстарын тек қана қолқаппен атқару қажет.
586. Арнаулы машинаның капоттарын, крыльев канаттарын және басқа да детальдарын түзету, арнайы оправкаларда атқарылуы тиіс. Ілініп тұрған детальдарды түзеуге болмайды.
Парақтық болаттан детальдарды жасау және жөндеу кезіндегі өткір бұрыштары, шеттері және қабыршақтануларды мұқият сақталған болуы тиіс.
587. Вибрациялық қайшымен жұмыс атқарған кезде кескішті, қайшыны қосудан бұрын жұмыс күйіне орнату қажет.
Темірді қолды кесу доңғалақшаларына қарама-қарсы ұстап.
588. Темірді кесу жұмыстары барысында, олар арнайы бөлінген ыдысқа қалануы тиіс. Жұмыс орнын темірдің ұсақ қалдықтарынан тек қана щеткамен тазалауға болады.
589. Тігістерді түзеу үшін қолданылатын, двигательден иілмелі білік арқылы жетегі бар зімпара тастың қорғау кожухы болуы тиіс. Қорғау кожухысыз жұмыс істеуге болмайды.
590. Дәнекершілермен бірігіп жұмыс атқаратын кузовшы-қаңылтыршының қорғау көзілдірігі болуы тиіс.
591. Арнаулы машинаның биік орналасқан бөлшектерін жөндеу және оларға қызмет көрсету кезінде:
1) подмосток орнықтылығын қамтамасыз ету, поручни және саты орнату;
2) төсем тақтайларын саңылаусыз салу және сенімді бекіту. Подмосток тақтайларының қалыңдығы 40 мм кем болмауы тиіс. Төсем тақтайларының ұштары тіреулерде болуы тиіс;
3) тасымалы ағаш саты-басқыштарында ені кем дегенде 15 см., ойылған баспалдақтар болуы тиіс. қағылған баспалдақтары бар саты-басқыштарды қолдануға болмайды;
4) саты-басқыштардың ұзындығын, жұмысшы сатының үстіңгі жағынан кем дегенде 1 метр қашықтықтағы баспалдақта тұрып жұмыс істей алатындай қылып белгілеу қажет.
592. Залалды булар шығуымен байланысты жұмыстар, сондай-ақ дәнекерлеу немесе қалайылау алдында детальдарды тазалау жұмыстары тартпалы қол шатыр астында емес, қосымша жергілікті вентиляциямен жабдықталған жұмыс орындарында атқарылуы тиіс.
593. Жанармай бактарын және оталғыш сұйықтықтар болған ыдыстарды, оларды жанармай заттары қалдықтарынан мұқият өңдегеннен кейін дәнекерлеуге болады, ол үшін оларды ыстық сумен жуып, құрғақ бумен буландырып, қайтадан каустикалық сода ерітіндісімен жуып және ыстық ауамен кептіру қажет.
Ыдыстардың тығындары ашық күйінде дәнекерлеу қажет.
Радиаторларды, жанармай бактарын және басқа да ірі түйіндер мен детальдарды ағатын припой жинайтын поддондармен жабдықталған арнайы стендтерде дәнекерлеу қажет.
594. Қышқылмен өңдеу, қышқылға төзімді сынбайтын ыдыста, тек қана тартпалы шкафта атқарылуы тиіс. Шыны ыдыс қолдануға рұқсат етілмейді.
Өңдеу уақытында көбік пайда болмау үшін, мырышты бірден үлкен мөлшерде қышқылға салуға болмайды.
Флюсті және оны жасайтын материалды тартпалы шкафта сақтау қажет.
595. АМКҚ дәнекерлеу лампаларын қолдануға тыйым салынады.
&4. Сырлау жұмыстары
596. Арнаулы машиналар бойынша сырлау жұмыстарын атқарғанда келесі талаптарды басшылыққа алу қажет:
1) 18 жасқа толмаған тұлғаларға сырлау жұмыстарын атқаруға рұқсат берілмейді;
2) арнаулы машинаны сырлау-кептіру камерасына қою алдында жанармай бактерінен жанармайды құйып алу қажет, аккумуляторлық батареялар арнаулы машинадан алынуы немесе ажыратылуы тиіс.
3) сырлау-кептіру бөлімдерінде арнаулы машина, двигателі жүргізілмей ықтиярсыз аунатылып қозғалтылуы тиіс.
4) пневматикалық құралдардың шлангтерін, ауа беріліп болғаннан кейін ғана жалғауға және ажыратуға болады;
5) сырланған жерлерді пневмоқырнау машинамен механикалық қырнау кезінде айналмалы шеңберлер немесе шайбалардың темір кожух түріндегі қоршаулары болуы тиіс;
6) ескі краскаларды химиялық құрамдарды пайдаланып кетіру, тек қана резеңке биялаймен атқарылуы тиіс;
7) сырлау жұмыстарын атқарған кезде респираторлар және қорғау көзілдіріктері қолданылуы тиіс;
8) сырлау уақытында сыр шашыратқышты перпендикулярлық бағытта 500-600 мм аспайтын қашықтықта ұстау керек. Ауаның жұмыс қысымы 0,4 МПа аспауы тиіс.
9) қолданған майланған шүберектер және ескі-құсқы заттарды қақпақтары бар арнайы темір жәшіктерге салып, ауысым аяғында бөлек орындарға шығару.
597. Сырлау жұмыстарын атқарған кезде:
1) сырлау-кептіру бөлімінде темекі шегуге және ашық от қолдануға;
2) еріткіш ретінде бензінді және этилданған бензинді қолдануға;
3) вентиляция қосылып тұрған уақытта сырлау жұмыстарын атқаруға;
4) сырды сақтау үшін шыны ыдыс қолдануға;
5) сыр материалдарының бос ыдыстарын сырлау-кептіру бөлімінде сақтауға;
6) сырлау-кептіру бөлімінде, тікелей жұмыспен айналыспайтын бөтен тұлғалар және персоналдың болуына, тамақтануға және азық-түліктерді сақтауға, бір күндік қордан асатын мөлшерде сырлау материалдарын сақтауға тыйым салынады.
&5. Шиномонтаждық жұмыстар
598. Монтаж және демонтаж арнайы стендта немесе таза еденде атқарылуы тиіс.
Доңғалақ дискісінің шинасын демонтаждаған кезде камерадағы ауа түгел шығарылуы тиіс. Доңғалақтың жиегіне тығыз жабысқан шинаның демонтажы съемник арқылы атқарылуы тиіс. Дискілерді шой балға немесе балғамен ұрып түсіруге рұқсат етілмейді.
Шинаны монтаждау алдында жиктің қалпын тексеру қажет: жапырылған, жарық, қабыршақтанған немесе тот басқан жиекті монтаждауға болмайды.
599. Шинаны доңғалақ дискісіне монтаждаған кезде тәтекі шығыр барлық ішкі жағымен жиек ойығына кіруі тиіс.
Шинаны ауамен үрлеген кезде, дисктің тұру күйін ауа берілу тоқтағаннан кейін ғана өзгертуге болады.
Доңғалақтардың жарамсыз дискілеріне шинаны монтаждауға, сондай-ақ шина мөлшеріне сәйкес келмейтін доңғалақ дискілерін және көлемді фланцтарды қолдануға рұқсат етілмейді.
Шинаны үрлеген кезде тәтекі шығырды шой балға немесе балғамен кіргізуге болмайды.
600. Егер ауа қысымы қалыптымен салыстырғанда 40% төмендесе және қысымның төмендеуі монтаждау дұрыстылығын бұзбағанында сенімділік болса шинаны демонтажсыз үрлеуге болады. Автомобильден алынған доңғалақ шинасын қоршау немесе сақтандырғыш құралды (мықтылығы және мөлшері жеткілікті вилкалар) қолданып үрлеу қажет.
Тек қана суыған (қоршаған орта ауасының температурасына дейін) шиналардың ауа қысымын тексеруге болады.
Шиналарды үрлеу орындарында ауа қысымының дозаторы немесе манометр орнатылуы тиіс.
601. Доңғалақтарды шешу алдында автомобиль козелкаларға сенімді бекітілуіне, ал шешілмеген доңғалақтардың астына тіреу қойылғанына көз жеткізу қажет.
602. Доңғалақты құрастыру алдында обод және тәтекі шығырдың жарамдылығы тексерілуі тиіс.
Стендтта жұмыс атқарған кезде және шиналарды монтаждау және демонтаждау үшін редуктор кожухпен жабық болуы тиіс.
Үлкен мөлшерлі жапқыштарды (покрышки) көтеру үшін пневматикалық стационарлық көтергішпен жұмыс атқарған кезде көтеріліп тұрған жапқыш стопорлық қондырғымен міндетті түрде бекітілуі тиіс.
603. Жүк көтерерлік шамасы үлкен автомобильдердің доңғалақ және шиналарын шешу, орнату және ауыстыру механикаландырған болуы тиіс.
&6. Аккумуляторлық батареялармен жұмыс атқару
604. Аккумуляторлық-зарядтау станцияда жұмыс істеуге, арнайы оқытылған, 18 жасқа толған, медициналық тексеруден өткен, арнайы аккумуляторщик куәлігі бар және осы Ережені оқыған тұлғаларға рұқсат беріледі.
605. Аккумуляторлық-зарядтау станция жай-күйінде және қышқылды, сілтіні сақтайтын және электролит дайындайтын жай-күйлерде, темекі шегуге, от жағуға, электрқыздырғыш құралдарды қолдануға, ұшқын тудырадын заттарды бір біріне соғуға тыйым салынады.
606. Бір жай-күй ішінде қышқылдық және сілтілі аккумуляторларды орналастыру, және зарядтау қышқылдық және сілтілі аккумуляторларға электролит дайындауға рұқсат етілмейді.
607. Автомобильдік аккумуляторларды жөндеу және пайдаланумен тұрақты байланысты жұмысшылар, қорғану арнаулы киіммен, арнаулы аяқ киіммен және белгілі тәртіпте бекітілетін нормаларға сәйкес, сақтандыру құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.
608. Электролит, тазаланған су, негізгі ерітінді, бор қышқылы тұратын құбырларда жазуы (атауы) болуы тиіс.
609. Қышқылды, өрілген шыны бөтелкелерде, желдетілетін бөлек жай-күйде сақтаған жөн. Бөтелкелер, еденде бір қатар орналастырылуы тиіс, әр бөтелкеде қышқылдың атауы жазылған бирка болуы тиіс. Қышқыл тұрған бос бөтелкелер ұқсас жағдайларда сақталуы тиіс.
610. Қышқыл және сілті қолданылатын жұмыстарды, арнайы оқытылған тұлғалар атқаруы тиіс.
611. Бөтелкелерді арнайы зембілмен екі кісі тасымалдайды, бөтелке өзінің ұзындығының 2/3 бөлігі деңгейіне зембілге бекітілуі тиіс. Алдын ала зембілдің жарамдылығы тексерілуі тиіс.
612. Бөтелкелерден қышқылды құю бөтелке немесе сифонды бекіту үшін арнайы қондырғы арқылы еріксіз еңкейтіліп құйылады. Сифонның резеңке шлангтарын қолданғаннан кейін олар сумен жуылуы тиіс.
613. Ерітінді жасаған кезде қышқыл ақырын, тоқтап-тоқтап ерітінді интенсивті жылымау үшін жіңішке ағыспен сыйымдылығы 1-2 литр ыдыспен тазаланған суы бар құбырға құйылуы тиіс.
Қышқылға су құюға рұқсат етілмейді.
614. Қышқыл және сілтімен жұмыс атқарған кезде қышқылға төзімді костюм, қорғау көзілдірік және резеңке биялай кию қажет. Костюмнің шалбары етіктің қонышы үстіне киілуі тиіс.
615. Сілтіні ұсақтау, арнайы қалақ және қапшық қолданылып атқарылуы тиіс. Жұмыс істеуші резеңке алжапқыш, резеңке биялай және қорғау көзілдірікпен қорғануы тиіс.
616. Айтылған жұмыстарды атқарған кезде, қасында бейтараптандырғыш ерітінді тұруы тиіс.
617. Электролит, тек қана қышқылға төзімді (сілтіге төзімді) құбырларда дайындалуы тиіс.
618. Сілтінің калийлық құрамынан сілтілік аккумуляторларға электролит дайындаған кезде сілті флакондарын баяу ғана, флаконның аузын алдын ала ыстық суға суланған тампонмен қыздырып ашу керек.
619. Аккумуляторщиктер қышқыл батареялары үшін сода ерітіндісімен, сілті батареялары үшін бор қышқылы немесе сіркесу эссенциясымен, сондай-ақ келесі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі тиіс:
1) электролиттің тығыздығын және температурасын өлшеу үшін денсиметр (ареометр) және термометрмен;
2) өлшеу шегі 0-3 В тасымалы тұрақты ток вольтметрімен;
3) тежегіш торы немесе аккумуляторлық шамы бар тасымалы герметикалық лампамен;
4) резеңке груша және резеңке трубкамен;
5) электролит дайындау үшін және оны құбырларға құю үшін сыйымдылығы 1,5-2 литр шүмегі бар шыны кружкамен (немесе құмыра);
6) элементті жабу үшін сақтандыру шынылармен;
7) батарея элементтерін шунтирлеу үшін тасымалы маңдайшамен (перемычка).
620. Қорғасын шаңын шығаратын жұмыстар (аккумулятордың пластиналарын және басқа да қорғасын бөліктерін тазалау және әрлеу) тартпа қол шатырдың астында немесе ашық ауада, қорғау көзілдірікпен және резеңке биялаймен атқарылуы тиіс.
621. Сынапты түзеткіштерге қызмет көрсету кезінде:
1) сынапты колбаны орнату және түзеткіш шкафында атқарылатын жұмыстарды, тұрақты және ауыспалы ток рубильнигі ажыратылған күйде болғанда атқару;
2) түзеткіш жұмыс істеп тұрғанда шкаф әрқашанда жабық болуы тиіс;
3) жұмыс істеп тұрған колбаға сақтандыру көзілдіріксіз немесе қорғау шынысыз қарауға болмайды.
622. Селендік түзеткіштерге қызмет көрсету кезінде түзеткішті ажыратпай кожухты шешуге және ток жүргізу бөліктерде жұмыстар атқаруға болмайды.
623. Зарядтау уақытында аккумулятор клеммдерін қолмен ұстауға болмайды. Кернеуді жүктеме вилкамен тексеру қажет, қатты қызған кедергіге тигізбей. Аккумуляторларды зарядтау орны, аккумуляторлық жылжымалы механизациялау құралдарын сақтау және жөндеу орындарынан жекеленген болуы тиіс.
624. Сымдар және клеммдер ұшқындамау үшін олардың жалғасуы сенімді болуы тиіс.
625. Аккумуляторлық батареяларды зарядтағанда, банкалардың тығындары ашық болуы тиіс.
626. Электролитті аккумуляторларға сифон немесе резеңке груша арқылы құю қажет. Ластанған электролит алдын ала дайындалған құбырға ағызылуы тиіс.
Электролитті ауызбен сорып резеңке трубкадан ағызуға болмайды.
627. Батарея банкаларының ашық тесіктеріне көзді жақындатуға болмайды.
628. Зарядкада тұрған аккумуляторларды байқаусыз қалтыруға болмайды.
629. Арасындағы кернеу 65 В асатын әртүрлі батареялардың ток жүргізу бөліктері арасындағы қашықтық, 250 В дейінгі кернеу үшін - кем дегенде 0,8 метр, 250 В асатын кернеу үшін - 1 метр болуы тиіс.
Стеллаждар арасындағы пайдаланатын өту жолдарының мөлшері кем дегенде 1 метр болуы тиіс, бір жақтық орналасқан кезде - 0,8 метр.
Батареялар, қызмет көрсету кезінде, арасындағы кернеу 250 В асатын, нүктелерге кездейсоқ тиіп кетпеу үшін жасалған стандарттық стеллаждарда орнатылуы тиіс.
630. Ток таратқыш қалқанша қасындағы еденде және оған өту жолында резеңке төсем немесе резеңке алаша болуы тиіс.
631. Аккумуляторлық жай-күйде тамақ сақтауға, қабылдауға, ішуге және темекі шегуге болмайды.
632. Аккумуляторлық-зарядтау станцияның қасында қолжуғыш, сабын, мақта, орамал және соданың (қышқылдық аккумуляторлар үшін) немесе бор қышқылдың (сілтілік аккумуляторлар үшін) 5% ерітіндісі болуы тиіс.
633. Аккумуляторлық батареялардағы электр өлшеулер және кернеу астындағы жұмыстар, диэлектрикалық биялай, калош және қорғау көзілдірігін киіп атқарылуы тиіс.
Аккумуляторлық бөлімдерде істейтін тұлғалар, қышқыл немесе сілтімен күйген кезде бірінші көмек көрсету ережелерін білуі тиіс.
634. Бөтен тұлғаларға аккумуляторлық-зарядтау станциясында болуға рұқсат етілмейді.
635. Аккумуляторлық жай-күйде жұмыс істегеннен кейін бет және қолды мұқият жуу қажет.
636. Платформалардың құрастырылуы, аккумуляторлық батареяларды арбамен тасымалдаған кезде, батарея құлап кету мүмкіндігін жоққа шығаруы тиіс.
Кіші габариттік аккумуляторлық батареяларды қолмен тасыған кезде арнайы құралдарды (қармау, зембіл) қолдану қажет және электролит құйылып кетпеу үшін абайлаушылық шараларын сақтау қажет.
&7. Постық жұмыстары
637. Арнаулы машиналар бойынша постық жұмыстарды атқарған кезде келесі талаптарды орындау қажет:
1) арнаулы машинаны постқа қойған кезде оны тұрақ тежегішімен және башмактармен тежеп, тұтандырғышты (бензин двигательдерін) ажырату;
2) технологиялық нормалармен ескерілген құралдарды қолдану;
3) арнаулы машиналарға техникалық қызмет көрсету уақытында "ДВИГАТЕЛЬДІ ЖҮРГІЗБЕ. КІСІЛЕР ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТЫР" деген ірі әріппен жазылған кесте ілінуі тиіс;
4) электр құралды және қуат алу жүйесін тексеру және реттеуден басқа ТҚ және Ж бойынша барлық жұмыстар, ажыратылған двигательмен орындалуы тиіс;
5) двигательді реттеген кезде, істен шыққан газдарды бұрып жіберу үшін шлангтер қолданылуы тиіс;
6) бұрандалы және тығыз тартылған болттарды және гайкаларды бұрау және бұрап алу кезінде кілтті ұруға болмайды;
7) болттардың шплинттанған гайкаларын пластиналармен шплинтсыздау. Гайкаларды шплинтсыздау үшін шеге және балға қолдануға болмайды;
8) білік және кардандық валды айналдырумен байланысты жұмыстарды атқарған кезде тұтандырғыш ажыратылған күйде болуын тексеру, передачаларды ауыстыру рычагын бейтарап күйге орнату, тұрақ тежегішін босату, жұмыс аяқталғаннан кейін тұрақ тежегішін бекіту.
9) арнаулы машинаның артқы немесе алдынғы жағын іліп қойып орындалатын жұмыстар уақытында, ілінген бөлігінің астына козелка қойып, ал ілінбеген бөлігінің астына - тіреу. Арнаулы машина астына кездейсоқ заттарды қоюға, сондай-ақ домкратпен көтерілген арнаулы машинаны қалтыруға болмайды.
&8. Майлау жұмыстары
638. Майлау жұмыстарын атқарған кезде келесі шарттарды сақтау қажет:
1) майлау постына қою алдында, арнаулы машина жуылған болуы тиіс. Қозғалғыш бөлігі жуылмаған арнаулы машинаны майлауға болмайды;
2) майлау алдында пресс-масленканың жарамдылығына назар аудару қажет. Жарамсыз пресс-масленкаларды ауыстырған кезде, жаңа масленканың түрі өндіруші-зауытпен ескерілген түрге сәйкес болуын байқау қажет;
3) арнаулы машинаны майлаған кезде, рульдік доңғалақта "ДВИГАТЕЛЬДІ ЖҮРГІЗБЕ. КІСІЛЕР ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТЫР" деген ірі әріппен жазылған кесте ілінуі тиіс;
4) арнаулы машинаның түйіндерін майлау жұмыстарын, ажыратылған двигательмен орындау қажет. Майды ауыстырған кезде двигатель, істен шыққан газдарды бұрып жіберу үшін, бәсеңдеткіш жергілікті насосқа қосылғаннан кейін жүргізіледі.
5) майлау пистолеттерін сынау және арнаулы машина агрегаттарының майын, тек қана майға арналған арнайы май құйғышқа ағызуға рұқсат етіледі;
6) подшипниктер, иілмелі шлангісі бар немесе топсалы ұштығы бар пистолетпен майлануы тиіс;
7) двигатель және трансмиссия агрегаттарының майы, топсалы май құйғыш арқылы арнайы ыдысқа ағызылуы тиіс;
8) агрегаттардағы май деңгейін тексерген кезде, тек қана тасымалы лампаларды қолдану қажет. Бұл мақсатқа ашық отты қолдануға тыйым салынады;
9) ауа және май сүзгіштерді (фильтрларды) керосин құйылған ваннада, қылқаламмен немесе ескі-құсқы нәрселермен тазаланып жуылады. Жууға этилданған бензинді қолдануға тыйым салынады;
10) тасымалы майлау құралын (электрмеханикалық солидол айдауыштарды және басқаларды) электр жүйеге тек қана арнайы розетка арқылы қосу қажет.
9 бөлім. Арнаулы көлік қызметтеріндегі өрт
сөндіру қауіпсіздігі ережесі 1 тарау. Жалпы қауіпсіздік талаптары
639. АКҚ-гі профилактикалық-өрт сөндіру жұмыстарының негізгі мақсаттары:
1) өрт тудыратын факторларды жою;
2) өрт пайда болған жағдайларда, ол жайылып кетпеу үшін шаралар атқару;
3) өрт кезінде кісілерді, техниканы, мүлікті және құралды ойдағыдай эвакуациялау үшін жағдай тудыру;
4) өрт сөндіру қызметі немесе еркін өртке қарсы бөлімшелер өртті ойдағыдай жоюын қамтамасыз ететін шаралар өткізу.
640. АКҚ-ң барлық жұмысшылары, бекітілген өрт сөндіру қауіпсіздігі ережелерін анық білуі және қатаң орындауы тиіс, өртке немесе күйе бастауға әкелетін әрекеттерді атқармау және өрт сөндіру құрал-жабдықтарын дұрыс пайдалана білу.
641. АМКҚ-ң барлық қызметкерлері және жұмысшылары, өрт сөндіру қауіпсіздігі ережелерін тереңдетіп оқу мақсатымен өндірістік оқу жүйесінде арнайы өртке қарсы дайындықтан өтуі тиіс.
642. ИТЖ, қызметкерлер және жұмысшылардың өртке қарсы дайындығы, өртке қарсы нұсқамалық (алғашқы және қайталама) және өртке қарсы минимумы жөніндегі оқудан тұрады.
643. Жұмысқа жаңадан қабылданатын барлық ИТЖ, қызметкерлер және жұмысшылар (оның ішінде уақытшалар), алғашқы (кіріспе) өрт сөндіру қауіпсіздігі шараларын сақтау жөніндегі өртке қарсы нұсқамалықты өтуі тиіс. Өртке қарсы нұсқамалықтан өтпеген тұлғаларға жұмыс істеуге рұқсат берілмейді.
644. Қайталама нұсқамалықты, цехтардың, өндірістік учаскелердің, шеберханалардың, қоймалардың өрт сөндіру қауіпсіздігіне жауапты тұлға жұмыс орнында өткізеді. Бұл нұсқамалық, цехтің, учаскенің, өндірістік қондырғының өрт қауіптілігі ерекшеліктеріне жарайтын, жұмысшылар мен қызметшілерді бір цехтан басқаға ауыстырған кезде өткізілуі тиіс. Қайталама нұсқамалықтан өтетін тұлғаны, өрт қауіптілігі жоғарлатылған қондырғылар жөнінде, өртті және күйе бастауды тоқтату шаралары жөнінде хабарландыру, темекі шегу орнын көрсету, өрт сөндіру құралдарымен таныстыру, жақын жердегі телефонды көрсету және өрт пайда болған жағдайда жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру қажет.
645. АМКҚ-да өрт сөндіру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өртке қарсы шараларды уақытында орындау жауапкершілігі АМКҚ басшысына жүктеледі.
646. Қызметтің жекелеген объектілерінің өрт сөндіру қауіпсіздігі үшін және өртке қарсы тәртібін сақтау жауапкершілігі, объектілерді пайдалануға жауапты тұлғаларға жүктеледі.
647. Осы Ереженің негізінде АМКҚ-де өрт сөндіру қауіпсіздігі шаралары жөніндегі: жалпы АМКҚ үшін, сондай-ақ АМКҚ-ң әр бір цехы, учаскесі, шеберханасы, қоймасы үшін бөлек ішкі нұсқаулар әзірленуі тиіс. Бұл нұсқауларды әуекәсіпорынның өрт сөндіру күзетімен келісіліп АМКҚ-ң инженерлік-техникалық персоналы әзірлейді. Жалпы нұсқау әуекәсіпорын басшысымен бекітіледі.
648. Өрт сөндіру қауіпсіздігі жөніндегі жалпы нұсқауда:
1) АМКҚ-гі негізгі өрт сөндіру қауіпсіздігі ережелері;
2) өртсөндіргіш құралдар және олардың орналасу орны;
3) аймақты, ғимараттар мен имараттарды, оның ішінде эвакуациялық жолдарды ұстау тәртібі;
4) темекі шегу, ашық от қолдану және от жұмыстарын өткізу орындары;
5) жанармай заттарын және материалдарын жинау, сақтау және жою, арнаулы киімдерді ұстау және сақтау тәртібі;
6) арнаулы машиналарды шығару схемасы;
7) АМКҚ-ң жекелеген объектілерінің өрт сөндіру қауіпсіздігіне жауапты лауазымдық тұлғалар;
8) АМКҚ-ң жеке құрамының өрт сөндіру, мүлікті эвакуациялау және күзету кезіндегі әрекет ету тәртібі, сондай-ақ олардың міндеттері, оның ішінде:
өртке қарсы қызметі бөлімшелерін шақыру жүйелілігі;
технологиялық құралды апаттық тоқтату тәртібі;
вентиляция және электр құралдарды ажырату тәртібі;
өрт сөндіру құралдарын және өрт сөндіру автоматика қондырғыларын қолдану ережелері;
кісілерді, жанармай заттарын және материалдық құндылықтарды эвакуациялау тәртібі;
кәсіпорынның (бөлімшенің) барлық жай-күйлерін тексеру және өртке жарылысқа қауіпсіз қалыпқа келтіру тәртібі.
Өрт сөндіру қауіпсіздігі шаралары жөніндегі ішкі нұсқаулар, барлық қызметкерлермен оқылады және АКҚ барлық өндірістік жай-күйлерінде көрінетін орында ілінеді.
649. Өрт пайда болған кезде АКҚ, цех, учаске әкімшілігінің әрекеттері, кісілерді эвакуациялау және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс; АКҚ-ң жеке құрамы өрт сөндіру қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқауға сәйкес әрекет етуі тиіс.
650. Объекттерді өрттен қорғау жөніндегі шараларды өткізу үшін АК қызметінде жұмыс ауысымдары саны бойынша, әкімшілік-басқарушы персонал ішіндегі бастықтар басқаратын, әуекәсіпорынның ерікті өрт сөндіру қызметі ұйымдастырылуы мүмкін. Мұндай қызметтің жұмысшылар құрамы әуекәсіпорын бұйрығымен белгіленеді.
2 тарау. Арнайы көлік қызметі аймағына
қойылатын өрт сөндіру қауіпсіздігі талаптары
651. АКҚ аймағы әрқашанда таза болуы тиіс және тұрақты өндіріс қалдықтарынан тазалануы тиіс.
Майланған сүртіну материалдары, темір жаңқа, қолданған реактивтер және материалдар, басқа қалдықтар арнайы бөлінген орындарда темір жәшіктерде сақталуы тиіс және шикізат ретінде тапсырылып немесе арнайы әзірленген нұсқауларға сәйкес мерзімді жойылуы тиіс.
652. Барлық ғимараттар мен имараттарға кіретін жол қамтамасыз етілуі тиіс. Ғимараттарға және өрт сөндіру су көздеріне, сондай-ақ өрт сөндіру құрал-жабдықтарына өтетін жолдар әрқашанда бос болуы тиіс. Ғимараттар арасындағы өртке қарсы үзілістер айрылыстарды, қосалқы шығу орындарына және сыртқы сатыларға өту орындарын материалдарды, құралдарды, ыдыстарды қоюға және автокөлік тұрағы үшін қолдануға рұқсат етілмейді.
653. Жолдың жекелеген учаскелерін жөндеуге немесе өрт сөндіру машиналардың өтуіне кедергі тудыратын басқа да себептермен жабылуы жөнінде, АКҚ басшылығы өртке қарсы қызметін дереу хабарландыруы тиіс. Жолдарды жөндеу уақытына, тиісті орындарда айналып өту бағыты сілтеуіштері орнатылуы тиіс немесе жөнделіп жатқан учаскелерден өткел жолдары орнатылуы тиіс. Бұл жағдайда қолданылатын жол белгілері тиісті МСТ талаптарына сәйкес болуы тиіс.
654. АКҚ аймағы, өрт пайда болған жағдайда өрт сөндіру көмегін дереу шақыру үшін, байланыс құралдарымен (өрт сөндіру сигнализациясы, телефон) жабдықталуы тиіс, олар әрқашанда жарамды қалыпта болуы тиіс. Өндірістік, қойма және қосалқы жай-күйлердегі әр бір телефонның қасында өртке қарсы қызметі телефондарының номерлері ілініп тұруы тиіс.
655. Ғимараттарда, имараттарда және АКҚ аймағында темекі шегуге тыйым салынады, тек қана арнайы бөлінген (әуекәсіпорынның өрт сөндіру күзетімен келісілген), "ТЕМЕКІ ШЕГУ ОРНЫ" деген ірі әріптермен жазылған жазумен белгіленген, тұқыл салатын сауытпен және су құйылған сыйымдылықтармен жабдықталған орындарда рұқсат етіледі.
656. АКҚ аймағында ашық отты қолдануға тыйым салынады, тек қана бұл мақсаттарға арнайы жабдықталған учаскелерде немесе ашық алаңдарда, немесе от жұмыстарын өткізетін уақытша орындарда ұйымдастырылатын, АКҚ бастығының жазбаша рұқсатымен белгіленетін және қажетті өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған от жұмыстарын өткізетін тұрақты орындарда рұқсат етіледі.
657. АКҚ аймағында уақытша ғимараттар мен имараттарды салуға тыйым салынады. Кейбір жағдайларда мұндай құрылыс, белгіленген тәртіппен рұқсат етіледі.
3 тарау. Арнайы көлік қызметтерінің өндірістік
және қойма жай-күйлеріндегі өрт сөндіру
қауіпсіздігі талаптары
658. АКҚ барлық өндірістік, қызметтік, қоймалық және қосалқы ғимараттар және жай-күйлер әрқашанда таза болуы тиіс.
659. Өтетін жолдарды, кіреберістерді, коридорларды, тамбурларды, сатылары, әр түрлі заттармен және құралдармен үйуге болмайды. Эвакуациялық шығаберістердің барлық есіктері ғимараттан шығу бағытында еркін ашылуы тиіс. Өрт пайда болу кезіне, ғимараттағы кісілерді қауіпсіз эвакуациялау мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.
660. Ғимараттардың сатылық клеткаларында жұмыс, қойма және басқа да мақсаттарға арналған жай-күйлер құруға, газ құбырларын, оталғыш сұйықтықтары (әрі қарай - ОС) және жанармай сұйықтықтары (әрі қарай - ЖС) бар құбырлар салуға, сондай-ақ кісілердің жүруіне кедергі болатын құралдарды орнатуға тыйым салынады. Бірінші, цокольдік немесе подвалдық қабаттардың сатылық клеткалары марштарының астында, тек қана су өлшейтін түйіндерді және орталық жылытуды басқару түйіндерін орнатуға рұқсат етіледі.
661. Өндірістік және әкімшілік ғимараттардың подвалдық жай-күйлерінде және цокольдік қабаттарында жарылғыш заттарды, қысым астындағы газ баллондарын, целлулоидті, кинопленкаларды, пластмассты, полимерлік және өрт қауіптілігі жоғарлатылған басқа да материалдарды қолдануға тыйым салынады.
662. Шатырдың астындағы жай-күйлерді өндірістік мақсаттарда немесе материалдық құндылықтарды сақтау үшін пайдалануға рұқсат етілмейді. Шатырдың астындағы жай-күйлер әрқашанда құлыпқа жабық болуы тиіс. Кілттер, тәуліктің кезкелген уақытында алуға болатын белгіленген орында сақталуы тиіс. Ғимараттардың ағаш конструкцияларын, жобада ескерілген өртке қарсы өңделуі, жыл сайын сапа бақылауынан өтіп екі жылда кемінде бір рет қайталануы тиіс.
663. Өртке қарсы қабырғалардағы және жабындылардағы ойықтар, от және жану өнімдері жайылуына қарсы қорғау құралдарымен (өртке қарсы есіктер, су желеулері, жапқыштар, шиберлер, түтінге қарсы қондырғылары) жабдықталуы тиіс.
664. Өртке қарсы бөгеттер әртүрлі коммуникациялармен қиылысқан уақытта, олардың және ғимарат конструкциясы арасындағы саңылаулар жанбайтын материалдармен, олардың өту орындарында өртке қарсы қабырғаның, қажетті отқа шыдамдық шегі болатындай бітелуі тиіс.
665. Белгілі тәртіпте қайта құру жобасы әзірленбей, жай-күйлерді жаңадан жобалауға болмайды.
Коридорлардағы, саты клеткаларындағы, вестибюльдердегі, холдардағы және ғимараттың фойесіндегі (ғимараттың отқа шыдамдықтың 5-ші дәрежесінен басқа) конструкцияларды, жанатын материалдармен қаптауға болмайды.
666. Дәнекерлеу, сырлау, ұста, бақырлау, вулканизациялық, столярлық, обойлық, сондай-ақ двигательдерді, жанармай арматурасын, аккумуляторлық батареяларды зарядтау, майларды регенерациялау жұмыстарын атқаруға арналған жай-күйлер, арнаулы машиналар тұрақтары жай-күйлерімен тікелей қатынасы болмауы тиіс.
667. Арнаулы машиналарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсетуге арналған жай-күйлер, оларды сақтау жай-күйлерінен жанбайтын қабырғалармен (қоршаулармен) бөлінуі тиіс және отқа шыдамдық шегі кем дегенде 0,75 сағат, жабындысы болуы тиіс; бұл қабырғалардағы (қоршаулардағы) дарбазалар мен есіктердің отқа шыдамдық шегі, кем дегенде 0,6 сағат болуы тиіс.
668. Ашық түрде сақтау алаңдардағы арнаулы машиналардың саны бір топта 200 бірліктен аспауы тиіс. Арнаулы машиналар топтары арасындағы өртке қарсы айрылыс, кем дегенде 20 метр болуы тиіс. Арнаулы машиналарды сақтау алаңдарынан арнайы көлік қызметінің ғимараттар мен имараттарына дейінгі қашықтық, осы Ереженің 9 қосымшасында көрсетілген мағыналарға сәйкес болуы тиіс.
669. Арнаулы машиналар сақтайтын жай-күйлерде, тұрақтарда, ашық алаңдарда:
1) дарбазаларды, өту жолдарын және өрт сөндіру құралдары орналасқан орындарын әртүрлі заттармен үйіп тастауға;
2) ұсталық, дәнекерлеу, сырлау, ағаш өңдеу жұмыстарын, сондай-ақ ОС қолданып детальдарды жууға. Бұл жұмыстар тиісті құралмен арнайы бөлінген орындарда атқарылуы тиіс;
3) арнаулы машинаның жанармай багының ауыздарын ашық түрде, сондай-ақ олардан жанармай ағатын болса қалтыруға;
4) аккумуляторлық батареяларды зарядтауға;
5) арнаулы машиналарда монтаждалған бактардағы жанармайдан және баллондардағы газдан басқа жанармайды (бензин, дизельдік жанармай, газ баллондар) сақтауға;
6) арнаулы машиналарды нормадан асатын санда орналастыруға, оларды орналастыру тәсілін бұзуға, арнаулы машина және ғимарат элементтері арасындағы қашықтықты азайтуға;
7) тұрақ, қызмет көрсету және жөндеу жай-күйлерінде арнаулы машиналарға жанармай құюға, жанармайды арнаулы машинаның багынан басқа машинаның багына немесе басқа ыдысқа құюға. Арнаулы машиналарға жанармай құюға, тек қана жанармай құю орындарында рұқсат етіледі.
8) ОС және ЖС ыдыстарын сақтауға;
9) двигательдерді ашық отпен (алау, шырақ, дәнекерлеу лампалары) қыздыруға, сондай-ақ техникалық тексеру уақытында, жөндеу және басқа да жұмыстар атқарғанда жарықтандыру үшін ашық от көздерін қолдануға;
10) жұмыс аяқталғаннан соң арнаулы машиналарда майланған сүртіну ұштарын және арнаулы киімді қалтыруға;
11) арнаулы машинаны жүріп тұрған тұтандырғышпен қалтыруға;
12) төгіліп кеткен майды және жанармайды жинамай қалтыруға. Төгілген майды және жанармайды құм немесе үгіндімен жинауға болады, қолданғаннан кейін құм және үгінді, гараждық жай-күйлерден тыс орнатылған арнайы темір жәшіктерге жиналады.
13) арнаулы машиналарды сақтауға арналған жай-күйлерде, арнаулы машинаны жөндеу және бөлшектеуге болмайды.
670. Арнаулы машиналарды жедел эвакуациялау үшін оларды орналастыру орындары, 10 арнаулы машинаға кем дегенде бір арқан (трос) есебімен алынған, арнаулы машиналардың барлық түрлеріне арналған сүйреу арқандарымен (штангалармен) қамтамасыз етілуі тиіс.
671. Бензин, керосин, ацетон және басқа да оталғыш заттар қолданылып атқарылатын жұмыстар орындалу жай-күйлерінде, ашық от және ұшқынтудырғыш (оталдырғыш шамдарды, магнето, аккумуляторларды сынау, электр газбен дәнекерлеу, ұштау және т.с.) қолданумен байланысты жұмыстарды атқаруға тыйым салынады. Бұл жай-күйлерде ағынды-тартпалы принудительная вентиляция жабдықталуы тиіс, ашық от немесе ұшқын пайда болу мүмкіндігі бар жалпы вентиляциямен және басқа орындармен қатынаспайтын. Бұл жай-күйлерде электр жарықтандыру болмаса, жарылысқа қауіпсіз аккумуляторлық шамдарды қолдануға рұқсат етіледі.
672. Ауасында жарылғыш заттар немесе ОС болуы мүмкін жай-күйлердің (аккумуляторларды зарядтау жай-күйлері, сырлау камералары, ОС сақтау орындары) тартпалы вентиляциялық жүйелердің реттеуші және басқа да қондырғыларының вентиляторларының конструкциясы және материалдары ұшқын пайда болу мүмкіндігін жоққа шығаруы тиіс.
673. ОС, ЖС және газдар қолданылатын цехтарға және учаскелерге, оларды жұмыс орындарына орталықтандырып қамту және берілу ескерілуі тиіс. Барлық басқа жағдайларда ОС және ЖС тасымалдау үшін қауіпсіз ыдыс қолданылуы тиіс.
Жұмыс орындарында, тек қана ауысым қажеттілігінен аспайтын материалдар санын сақтауға болады. Сыйымдылықтар герметикалық жабық болуы тиіс.
674. Темір жаңқаны және пайдаланған сүртіну материалдарын, олардың жиналуына қарай, тығыз жабылатын қақпағы бар темір жәшіктерге жинау қажет және ауысым аяқталғаннан соң оларды өндірістік жай-күйлерден алып тастау қажет.
675. Ішкі жану двигательдерін сынауға арналған жай-күйлерде:
1) құралдардан және жанармай жүйесінің жалғасуларынан жанармай ағатын болса двигательді жүргізуге болмайды;
2) істен шыққан газдарды бұрып жіберуге арналған газ құбырлары термоизоляциямен қапталған немесе орға салынған болуы тиіс, двигательдің және газ құбырының ыстық бөліктері, жай-күйдің жанғыш конструкцияларынан кем дегенде 0,5 метр қашықтыққа алыстатылуы тиіс;
3) двигательдердің бәсеңдеткіштерін ғимараттың сыртына орнату қажет, істен шыққан газдардың атмосфераға бөлінуі, тік үстіне қарай және өрт сөндіру жағынан қауіпсіз орындарға ұйымдастырылуы тиіс;
4) жанармай үшін тек қана шығын бөшкесін орнатуға рұқсат етіледі; ол жабық конструкциялы және двигательден кем дегенде 3 метр қашықтықта орналасуы тиіс;
5) шығын бөшкелерін жанармаймен толтыру насос арқылы атқарылуы тиіс; жанармайды бөшкеге ашық тәсілмен құюға болмайды.
676. АКҚ қоймалық жай-күйлерінде:
1) бос ыдыстарды және орауыш материалдарын сақтауға;
2) қақпағы және тығыны жоқ құбырларда, ағатын жерлері бар, шыны және басқа да сынатын ыдыста ОС сақтауға;
3) сырлау материалдарын қышқылдармен, сілтілермен және кальций карбидімен бірге сақтауға;
4) бір жай-күйде, оттегі баллондарын және жанармай газ баллондарын сақтауға. Олар бөлек жай-күйлерде немесе жауын-шашын, сондай-ақ жылу көздерінен (жылыту құралдардың, күн сәулелерінің және т.с.) әсерінен қорғалған ашық алаңдарда тұруы тиіс;
5) ұшқын тудыратын немесе ашық от пайдаланумен байланысты жұмыстарды атқаруға болмайды.
677. ОС, ЖС, сырларды, лактарды және еріткіштерді сақтайтын қоймаларда, осы материалдарды бір мерзімдік сақтау нормалары белгіленуі тиіс. Нормаларды, өрт сөндіру күзетімен келісіліп арнайы көлік қызметінің ИТЖ белгілейді. Сақтау нормалары көрсетілген кестелер, көрінетін жерлерде ілінуі тиіс.
678. Жұмыс істейтіндердің арнаулы киімі, арнайы бөлінген жай-күйлерде сақталып, уақытында жуылуы және жөнделуі тиіс. АМКҚ әкімшілігі, майланған арнаулы киімді тазаға ауыстырудың анық тәртібін (жуу, жөндеу мерзімділігін және солай әрі қарай) белгілеуі тиіс.
679. Арнайы көлік қызметінің өндірістік және әкімшілік жай-күйлерінде:
1) эвакуация жолдарында өндірістік құралды, жиһазды, сейфтерді және басқа да заттарды орнатуға;
2) жай-күйлерді бензин, керосин және басқа да ОС және ЖС қолданып жинауға;
3) жұмыс аяқталғаннан соң, жағылып (жанып) тұрған пештерді, сондай-ақ бұл мақсатқа арнайы ескерілген жай-күйлерде қолданылатын, электр жүйеге қосылған қыздыру құралдарын қалтыруға;
4) әр түрлі жүйелердің қатып қалған құбырларын, дәнекерлеу лампаларымен және ашық от қолданылатын кезкелген әдіспен қыздыруға;
5) жылыту құралдарын бөтен заттар және материалдармен үйіп тастауға;
6) арнаулы киімдерді және материалдарды жылыту құралдарында және құбырларда кептіруге болмайды.
4 тарау. Өрт сөндіру құралдарына және
инвентарьға қойылатын талаптар
680. АКҚ аймағы, барлық өндірістік, қоймалық, қосалқы ғимараттар мен имараттар, сондай-ақ жеке жай-күйлер және технологиялық қондырғылар МСТ сәйкес, әрқашанда қолдануға дайын өртсөндіргіш құралдармен жабдықталуы тиіс.
681. Өрт сөндіру құралдарын өндірістік шаруашылық және басқа да өрт сөндіру ұйымдарын оқыту және өртті сөндірумен байланысты емес қажеттіліктерге қолдануға рұқсат етілмейді.
682. Өрт сөндіру құралдарына, суқоймаларына, резервуарларға және гидранттарға өтетін жолдар әр қашанда бос болуы тиіс.
Өрт сөндіру инвентарі және өрт сөндіру құралдарының орналасуын көрсету үшін, МСТ сәйкес белгілер қолданылуы тиіс. Белгілерді жай-күйлердің ішінде, сондай-ақ сыртында орнатқан кезде, олар көрінетін жерде 2-2,5 метр биіктікте орналасуы тиіс. Өрт сөндіру гидранттарының және суқоймаларының орналасу орындары, жарық немесе флуоресценттік сілтемелермен белгіленуі тиіс.
Өрт сөндіру гидранттің сілтемесінде келесілер көрсетілуі тиіс:
1) өрт сөндіру гидрантінің (әрі қарай - ӨГ) әріптік индексі;
2) сілтемеден гидрантқа дейінгі қашықтық (метрде);
3) құбырдың ішкі диаметрі (миллиметрде).
Өрт сөндіру суқоймасының (әрі қарай - ӨС) сілтемесінде келесілер көрсетілуі тиіс:
1) ӨС әріптік индексі;
2) текше метрмен алынған су қорының сандық мағынасы;
3) суқоймасының алаңында біржола орналастырылатын өрт сөндіру автомобильдерінің саны.
683. Өрт сөндіру құралдары орналастырылатын су құбырларының желісі, қажетті қысымды және өрт сөндіру мақсаттары үшін есептелген су көлемін өткізуді қамтамасыз етуі тиіс. Су құбырларының желісінде қысым жеткіліксіз болғанда, жоғарлатқыш-насостарын орнату қажет, оларды пайдалану ережелеріне оқытылған, АМКҚ жұмыс істейтіндердің ішінен арнайы тағайындалған тұлғалар техникалық қадағалауын қамтамасыз етуі тиіс.
684. Жоғары немесе төмен қысымды өрт сөндіру құбырлары бар, жоғарлатқыш-насостарымен жабдықталған АМКҚ объектілерінде, ішкі су құбырлары жоқ ғимараттар мен имараттарда, орындарда, өрт сөндіру колонкасымен және ұзындығы кем дегенде 100 метр, діңгегі бар өрт сөндіру қысымдық жеңдермен жабдықталған, өрттен қорғау посттары құрылуы тиіс. Өрттен қорғау посттардың орнына, посттар сияқты жабдықталған тіркемелер қоюға рұқсат етіледі.
685. ӨГ немесе крандар орнатылған су құбырлары желісінің учаскелерін уақытша ажыратуға, сондай-ақ желідегі қысымды қажеттіден төмендетуге, өртке қарсы қызметін хабарландырғаннан кейін рұқсат етіледі. Жөндеу жұмыстарын атқару, насос станциялары сыну, өрт сөндіру суқоймаларынан су ағу жағдайларында, өртке қарсы қызметін дереу хабарландыру қажет.
686. ӨГ жер астындағы құдықтарының люктарының қақпақтары саздан, мұздан және қардан тазалануы, ал қадауша судан босатылуы тиіс. Қысқы уақытта ӨГ қатып қалмау үшін оны қаптайды.
687. ӨГ, гидрант-колонкалардың және өрт сөндіру крандарының, алты айда кемінде бір рет, тексеру нәтижелері МСТ сәйкес арнайы журналда тіркеліп, су жіберу арқылы жұмыс істеу қабілеттілігі тексеріледі және оларға техникалық қызмет көрсетіледі. Байқалған кемістіктер дереу жойылуы тиіс.
688. Барлық жай-күйлердегі ішкі өрт сөндіру су құбырының өрт сөндіру крандары, пломбаланатын, шкафтарға жабылған жеңдер және діңгектермен жабдықталуы тиіс.
Өрт сөндіру жеңдері құрғақ, жақсы оралған және крандар мен діңгектерге жалғасқан болуы тиіс. Өрт сөндіру кран шкафының есігінде, өрт сөндіру кранының әріптік индексі, реттік саны, жақын жердегі өрт сөндіру бөлімінің телефон номері көрсетілуі тиіс.
689. Алғашқы өрт сөндіру құралдарын АМКҚ аймағында және өндірістік ғимараттарда орнату үшін, арнайы өрт сөндіру стендтары орнатылуы тиіс. Өндірістік жай-күйлердегі және қоймалардағы өрт сөндіру инвентарі және алғашқы өрт сөндіру құралдары, оларға өту ыңғайлығын және жақсы көрінуін қамтамасыз ету ескеріліп орнатылуы тиіс.
690. Өртсөндіргіштерді орнату, оларға қызмет көрсету және қолдану тәртібі қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға, өндіруші-зауыттың нұсқауларына, сондай-ақ келесі талаптарға сай болуы тиіс:
1) аумағы 15 м2 желдетілмейтін жай-күйлерде, зарядында галоидкөмірсутек қосындылары бар өртсөндіргіштерді сақтауға және қолдануға рұқсат етілмейді;
2) өртсөндіргіштерді кісілерді эвакуациялау жолдарында орнатуға рұқсат етілмейді, оларды тек қана қуыстарда орнату қажет;
3) өртсөндіргіштер, еденнен өртсөндіргіштің төменгі ұшына дейін 1,5 метрден аспайтын биіктікте және есікті ашқан уақытта оның шетінен кем дегенде 1,2 метр қашықтықта орнатылуы тиіс;
4) өртсөндіргіштерді орнататын тумба немесе шкафтың конструкциясы және сыртқы рәсімделуі (әзірленуі), оларда сақталатын өртсөндіргіштің түрін визуалды анықталатындай қылып жасалуы тиіс;
5) өртсөндіргіш, оның корпусындағы нұсқамалық жазуы көрінетіндей болып орнатылуы тиіс;
6) өртсөндіргіштерді және өрт сөндіру крандарын бір шкафта орнатуға рұқсат етіледі.
691. Өрт сөндіру құралдары және өрт сөндіру инвентарі МСТ талаптарына сәйкес түстерге боялуы тиіс.
692. Өндірістік жай-күйлерді автоматикалық көлемдік өрт сөндіру қондырғыларымен (хладондық, газ, бу, ұнтақтық, ауа-көбіктік) жабдықтаған кезде, автоматикалық жүргізуді қолмен жүргізуге (жергілікті немесе дистанциондық), автоматикалық жүргізудің ажыратылуы туралы диспетчерлерге немесе персонал тәулік бойы кезекшілік атқаратын басқа жай-күйге сигнал беретін ауыстыру қондырғысы ескерілуі тиіс.
Қолмен жүргізу қосарланған сумен өрт сөндіру автоматикалық қондырғыларды пайдалану, автоматикалық режимде атқарылуы тиіс.
693. көлемдік өрт сөндіру қондырғыларымен (хладондық, газ, бу, ұнтақтық, ауа-көбіктік) қорғанатын жай-күйлер эвакуация қажеттілігі туралы кісілерді хабарландыру үшін ескерту (дыбыстық, жарықтық немесе аралас) сигнализациясымен жабдықталуы тиіс. Жай-күйлердің есіктері өзінен-өзі жабылатын болуы тиіс.
694. Өрт сөндіру қондырғыларының ыдыстары және баллондары, сондай-ақ өртсөндіргіштер күн сәулелері және жылыту, қыздыру және басқа да жылу көздерінің (қоршау қалқаншасыз) тікелей әсері тімейтіндей болып орнатылуы тиіс.
695. Өрт сөндіру қондырғыларын, өрт сөндіру және өрт сөндіру-күзету сигнализация құралдарын пайдаланған кезде оларды әрқашан дайындықта ұстау мақсатында профилактикалық шаралар кешенін атқару қажет.
Бұл шаралардың түрлері, көлемі, мерзімділігі және өткізу уақыты, қондырғылардың және сигнализация құралдарының пайдалану және жөндеу құжаттамасымен белгіленеді. Профилактикалық шараларды, тиісті біліктілік құжаттары бар мамандандырылған ұйымдар немесе персонал атқарады.
696. Өрт сөндіру инвентарі және алғашқы өрт сөндіру құралдары температура диапазоны, ылғалдылық деңгейі, қоршаған орта басқыншылығы есепке алынып пайдалануы тиіс.
697. Су сақтайтын бөшкелердің сыйымдылығы 0,2 м3 кем болмауы және олар шелекпен толықтырылуы тиіс.
698. Құм салатын жәшіктердің сыйымдылығы 0,5; 1,0 және 3,0 м3болуы тиіс және тиісті МСТ сәйкес қалақша күрекпен толықтырылуы тиіс.
Жәшіктің конструкциясы, оған жауын-шашын тимейтін және құмды алу ыңғайлылығын қамтамасыз етуі тиіс.
5 тарау. Электр құралдарды және электр желілерді
пайдалану кезіндегі өрт сөндіру қауіпсіздігі шаралары
699. АКҚ жай-күйлерінде қолданылатын электр желілер және электр құралдар, белгілі тәртіпте бекітілетін электр қондырғыларды орнату ережелері, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережелері және тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері талаптарына сәйкес болуы тиіс.
700. Өндірістік жай-күйдің кіреберісінде жарылыс немесе өрт қауіптілігі бойынша класы көрсетілген жазу болуы тиіс.
701. Электр қондырғылардың қалпына жауапты тұлғалар:
1) электр құралдың, аппаратураның және электр желілердің профилактикалық тексерілуін және жоспарлық-алдын ала жөнделуін ұйымдастыру және уақытында өткізілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жану және өртке әкелуі мүмкін, белгілі тәртіпте бекітілетін электр қондырғыларды орнату ережелері, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережелері және тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері талаптарын бұзу фактілерін уақытында жою;
2) кабельдерді, электр өткізгіштерді, двигательдерді, шамдарды және басқа да электр құралдарды, жай-күйлердің өрт- және жарылыс қауіпсіздігі класына және қоршаған орта жағдайларына байланысты дұрыс таңдалуын және қолданылуын бақылау;
3) аппараттарының қалпын қысқа мерзімдік токтан ажыратылудан, салмақтан артық жүктелуі, ішкі және атмосферлік, сондай-ақ басқа да қалыпты емес жұмыс тәртіптерінен қорғау үшін тұрақты бақылау;
4) электр қондырғыларда өрт және жануды жою үшін арналған арнайы қондырғылар мен құралдардың жарамдылығын бақылау;
5) электр қондырғыларды пайдалану кезіндегі өрт сөндіру қауіпсіздігі мәселелері жөнінде кезекші персоналға нұсқамалық және оқыту жүйесін ұйымдастыруы тиіс.
702. Кезекші электрик (ауыспалы электр монтажшы) электр құралдың жоспарлық профилактикалық тексеруін атқаруға, қорғау аппараттарының жарамдылығын және болуын тексеруге, өртке және жануға әкелетін бұзушылықтарды жою үшін шаралар қолдануы міндетті. Электр қондырғыларды тексеру нәтижелері, анықталған жарамсыздықтар және қолданылған шаралар оперативтік журналда тіркеледі.
703. Өткізгіштердің, кабельдердің изоляциясын, жалғасымдардың сенімділігін, қорғау жерге қосылуын, электр двигательдердің жұмыс тәртібін, сыртқы тексеру кезінде және құралдар арқылы тексеру қажет. Өткізгіштер изоляциясының кедергісін өлшеу, белгілі тәртіпте бекітілетін электр қондырғыларды орнату ережелерімен, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережелерімен және тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерімен бекітілген мерзімдерде атқарылуы тиіс.
704. Барлық электр қондырғылар, өрт және жануға әкелуі мүмкін қысқа мерзімдік токтан ажыратылу токтарынан және басқа да қалыпты емес режимдерінен қорғау аппараттарымен сақтандырылуы тиіс. Тежеуіштердің ерімелі қосымшалар таңбасында (таңбаны өндіруші-зауыт немесе электр техникалық лаборатория қояды) номиналды ток вставка көрсетіліп калибрланған болуы тиіс.
705. Өткізгіштер және кабельдер желілерінің жалғастыруын, ұшталуын және тармақтауын, қыспақтау, дәнекерлеу немесе арнайы қысу арқылы атқару қажет.
706. Уақытша электр желілерді жабдықтауға және пайдалануға рұқсат етілмейді. Құрылыстық және уақытша жөндеу жұмыстарын өндіру орындарына қуат беретін уақытша иллюминациялық қондырғылар және электр өткізгіштерден басқа.
707. Тасымалы шамдар, қорғау шыны қалпақтармен және торылармен жабдықталуы тиіс. Бұл шамдар және басқа да тасымалы электр аппаратура үшін, мүмкін механикалық әсерлер есепке алынып осы мақсатқа арнайы арналған иілмелі кабельдерді және желілері жез өткізгіштерді қолдану қажет.
708. Сыртқы электр өткізгіштердің өртенгіш жабындылар, шатырлар, жанармай материалдары қоймалары үстенен өтуіне және электр өткізгіштер мен кабельдерді транзитпен қойма және өрт жарылысқа қауіпті өндірістік жай-күйлер арқылы салуға рұқсат етілмейді.
709. Электр қондырғыларды пайдаланған кезде:
1) жұмыс уақытындағы үстінің қызуы қоршаған орта ауасының температурасынан 40оС аса асатын электр двигательдерді және басқа да электр құралдарды (егер бұл электр қондырғыларға басқа талаптар қойылмаса) қолдануға;
2) изоляциясы бұзылған және пайдалану барысында қорғау электризоляциялық қасиеттерін жоғалтқан кабельдермен өткізгіштерді қолдануға;
3) тұрмыстық мақсаттарға электрқыздырғыш құралдарды қолдануға, сондай-ақ оларды желіге қосылған түрінде қалтыруға;
4) жай-күйлерді жылыту мақсатымен стандартты емес (қолдан жасалған) жылыту электр пештерін немесе қыздырғыш электр шамдарын қолдануға;
5) кернеу астындағы электр өткізгіштерін және ұштары изоляцияланбаған кабельдерді қалтыруға;
6) бұзылған розеткаларды, жарықтандыру және жалғастыру коробкаларын, рубильниктерді және басқа да электр құралдарды қолдануға;
7) жарамсыз электр құралдарды және электр желілерді қолдануға рұқсат етілмейді.
710. Ұшқын, қысқа мерзімдік токтан ажырау, өткізгіштер және кабельдер изоляциясының қызуын туғызатын электр желілердің және электр аппаратуралардың жарамсыздықтарды кезекші персонал дереу жоюы тиіс; жарамсыз электр желіні оны өрт сөндіру қауіпсіздігі қалпына келтіргенге дейін ажырату қажет.
711. Апаттық жарықтандыру шамдары, тәуелсіз қуат алу көзіне жалғасуы тиіс.
712. Электр қалқаншалар орнатылған шкафтар жабық болуы тиіс. Электр қондырғыларға өту жолдарын үюге, штепсельдік розеткаларға, ажыратқыштарға және электр өткізгіштерге әр түрлі нәрселерді ілуге, өткізгіштерді жіппен және сыммен бекітуге рұқсат етілмейді.
713. Электр энергия берілуі үзілген жағдайда, электр двигательдер және басқа да электр құралдар ажыратылуы тиіс.
714. Электр желіге аспаптарды және электр құралдарды қосу, сондай-ақ электр жарықтандыру нүктелерінің және электр қыздырғыш аспаптардың санын ұлғайту, тек қана электр құралдың пайдалануына жауапты тұлғаны хабардар етіп рұқсат етіледі.
Азаматтық авиация ұйымдарының
арнайы және мамандандырылған
көлік және автомобильдік
шаруашылықтарындағы еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау жөніндегі ережесінің
1 қосымшасы
Кіріспе нұсқамалықтың үлгі бағдарламасы
1. Кәсіпорын жөніндегі жалпы мәліметтер.
2. Еңбекті қорғау туралы заңнамалар:
2.1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі қаулылары, Қазақстан Республикасы министрліктерінің (ведомстволарының) еңбекті қорғау және қауіпсіздік туралы бұйрықтары. Еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесінің стандарттары (әрі қарай - ЕҚСЖ) туралы жалпы мәліметтер;
2.2 Жұмыс уақыты және демалыс уақыты.
2.3 Әйелдер және жастар еңбегін қорғау.
2.4 Мемлекеттік қадағалау, ведомство ішіндегі бақылау.
2.5 Өндірістік жарақаттану және кәсіби ауруларды рәсімдеу және тергеу тәртібі.
2.6 Ішкі еңбек тәртібі ережелері.
3. Қауіпсіздік техникасы:
3.1 негізгі қауіпті өндірістік факторлар және өндірістегі жазатайым оқиғалардың себептері;
3.2 жазатайым оқиғалардың алдын алатын негізгі әдістері және техникалық құралдар. Еңбек қауіпсіздігі жүйесі стандарттарының өндірістік процестеріне және өндірістік құралдарға қойылатын талаптар.
3.2.1. Сақтандырғыш қондырғылар:
3.2.2 Қоршау қондырғылары;
3.2.3. Сигнализация қондырғылары. Қауіпсіздік түстері және белгілері.
3.3 Электрқауіпсіздік:
3.3.1 Электр токтың кісі денесіне тигізетін әсері. Зақымдалу түрлері;
3.3.2 Токпен зақымдалу қауіптілігін жоғарлататын жағдайлар;
3.3.3 Электржарақаттанудан сақтандыратын негізгі шаралар;
3.3.4 Электр құралдарды пайдалану кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелері.
3.4 Жұмыс орнын ұйымдастыру.
3.5 Жүк көтеру механизмінің жұмысымен және зауыт ішіндегі, цех ішіндегі көліктің қозғалысымен байланысты жүріс-тұрыс ережелері.
4. Өндірістік санитария:
4.1 Өндірістік ортаның негізгі санитарлық-гигиеналық факторлары;
4.1.1. Залалды өндірістік факторлар жөніндегі жалпы түсініктер;
4.1.2. Залалды факторлардың шекті мүмкін мағыналары. Еңбек қауіпсіздігі жүйесінің стандарттарындағы қауіпті және залалды өндірістік факторлардың түрлері бойынша қойылатын талаптар және нормалар;
4.1.3. Еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі негізгі шаралар (техникалық және ұйымдастырушылық, санитарлық-гигиеналық, емді-профилактикалық).
4.2 Өнеркәсіптік вентиляция:
4.2.1. Вентиляцияның мақсаты. Вентиляция әдістері;
4.2.2. Табиғи вентиляция;
4.2.3. механикалық вентиляция (ағындық және тартпалы, жалпы ауыспалы және жергілікті).
4.3 Өнеркәсіптік жарықтандыру:
4.3.1. Еңбекті қорғау жөніндегі жалпы шаралар жүйесіндегі жарықтандырудың ролі;
4.3.2 Жасанды жарықтандыру: негізгі жарықтықтехникалық мөлшерлер, жарықтандыру жүйелері, жарық көздері, жалпы және жергілікті жарықтандыру шамдары;
4.3.3 Табиғи жарықтандыру және оның түрлері;
4.3.4 Жарықтандыру қондырғыларын және жарық ойықтарын ұстау;
4.4 Гүіл және вибрациядан қорғау:
4.4.1 Вибрация және гүілдің денеге тигізетін әсері;
4.4.2 Дыбыстық қысымның және вибрацияның шекті мүмкін деңгейлері;
4.4.3 Гүіл және вибрациямен күресудің негізгі әдістері. Гүіл және вибрация стандарттары;
4.4.4 гүіл және вибрацияның залалды әсерін азайту жөніндегі емді-профилактикалық шаралар.
5. Жұмысшылардың жеке қорғану құралдары. Қорғану құралдарына қойылатын талаптар:
5.1 Арнаулы киім;
5.2 Арнаулы аяқ киім;
5.3 Қолды қорғау құралдары;
5.4 Бас, көз және бет қорғау құралдары;
5.5 Демалу органдарын қорғау құралдары;
5.6 Гүіл және вибрациядан қорғану құралдары;
5.7 Сақтандыратын құралдар.
6. Өрт сөндіру қауіпсіздігі:
6.1 Өрт сөндіру қауіпсіздігі жөніндегі стандарттар, ережелер және нұсқаулар;
6.2 Өрт және жарылыстардың негізгі себептері;
6.3 Өрт сөндіру қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жалпы шаралар;
6.4 Алғашқы өрт сөндіру құралдары және оларды қолдану ережелері. Өртсөндіргіш заттар;
6.5 Өрт пайда болған кезде қызмет көрсету персоналының әрекеті.
7. Жазғырылғанға көрсетілетін алғашқы көмек.
7.1 Электржарақаттар;
7.2 Механикалық жарақаттар;
7.3 Күйу;
7.4 Қышқылдар және сілтілермен күйу;
7.5 Уланулар;
7.6 Көз жарақаттары.
Азаматтық авиация ұйымдарының
арнайы және мамандандырылған
көлік және автомобильдік
шаруашылықтарындағы еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау жөніндегі ережесінің
2 қосымшасы
Кіріспе нұсқамалықты тіркеу журналының формасы
___________________________________________________________________
Мұқаба
Еңбекті қорғау жөніндегі кіріспе нұсқамалықты тіркеу
ЖУРНАЛЫ
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Пердебеті
_____________________________________________
(министрлік немесе ведомство)
_____________________________________________
(кәсіпорынның немесе ұйымның аталуы)
Еңбекті қорғау жөніндегі кіріспе нұсқамалықты тіркеу
ЖУРНАЛЫ
Басталды ________________
Аяқталды ________________
___________________________________________________________________
Еңбекті қорғау жөніндегі кіріспе нұсқамалықты тіркеу
журналының кейінгі беттерін рәсімдеу
___________________________________________________________________
Нұс- |Нұсқамалықтан |Маман-|Нұсқамалықтан|Нұсқамалық| Қолы
қама-| өтетіннің |дығы, |өтетін тұлға |өткізетін |______________
лық- |тегі, аты-жөні| лауа-| жолданатын | тұлғаның |Нұсқа- |Нұсқа-
тың | | зымы | өндірістік | тегі, |малық |малық-
күні | | | бөлімнің | аты-жөні |өткізе-|тан
| | | аталуы | |тіннің |өте-
| | | | | |тіннің
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Азаматтық авиация ұйымдарының
арнайы және мамандандырылған
көлік және автомобильдік
шаруашылықтарындағы еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау жөніндегі ережесінің
3 қосымшасы
Жұмыс орнындағы нұсқамалықтың үлгі сұрақтар тізімі
1. Белгілі өндірістік учаскедегі құрал және технологиялық процесс туралы жалпы мәліметтер. Негізгі қауіпті және залалды өндірістік факторлар.
2. Жұмыс орнын қауіпсіз ұйымдастыру және ұстау.
3. Станоктың (машинаның, механизмнің, аспаптың) құрылуы, құралдардың қауіпті зоналары, сақтандыратын құралдар және қоршаулар, блокадалау және сигнализация жүйелері.
4. Жұмысқа дайындалу тәртібі (құралдардың, жүргізу құралдарының, құрал және саймандардың, блокадаланудың, жерге қосылудың және басқа да қорғау құралдарының жарамдылығын тексеру).
5. Жұмыстың қауіпсіз тәсілдері мен әдістері; қауіпті жағдай пайда болған кездегі әрекеттер.
6. Белгілі жұмыс орнындағы жеке қорғану құралдары және оларды қолдану ережелері.
7. Цех аймағында жұмысшылардың қауіпсіз қозғалу схемасы.
8. Цех ішіндегі көліктік және жүк көтеру құралдары және механизмдері. Тиеу-түсіру жұмыстарын атқару және жүктерді тасымалдау кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары.
9. Өрттен сақтандыру шаралары, өрт пайда болу кезіндегі міндеттер, учаскедегі өрт сөндіру құралдарын және сигнализацияны қолдану әдістері, олардың орналасу орындары.
Азаматтық авиация ұйымдарының
арнайы және мамандандырылған
көлік және автомобильдік
шаруашылықтарындағы еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау жөніндегі ережесінің
4 қосымшасы
___________________________________________________________________
Мұқаба
Жұмыс орнындағы нұсқамалықты тіркеу
ЖУРНАЛЫ
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Пердебеті
_____________________________________________
(министрлік немесе ведомство)
_____________________________________________
(кәсіпорынның немесе ұйымның аталуы)
Жұмыс орнындағы нұсқамалықты тіркеу
ЖУРНАЛЫ
__________________________________________
(цехтің, учаскенің, бригаданың, қызметтің,
лабораторияның аталуы)
Басталды ________________
Аяқталды ________________
___________________________________________________________________
Жұмыс орнындағы нұсқамалықты тіркеу журналының
кейінгі беттерін рәсімдеу
___________________________________________________________________
Нұс- |Нұсқама- |Нұсқа-|Нұсқа-|Нұс-|Нұсқа-| Қолы | Жұмысқа
қама-|лықтан |малық |малық:|қау-|малық |_____________|рұқсат алды
лық- |өтетін- |өтеті-|жұмыс |дың |өткі- |Нұсқа-|Нұсқа-|___________
тың |нің тегі,|ннің |орнын-|но- |зетін-|малық |малық-|Тегі,|Қолы
күні |аты-жөні |маман-| дағы |мері|нің |өткі- | тан |аты- |
| |дығы, |алғаш-|(не-|тегі, |зетін-| өте- |жөні,|
| |лауа- | қы, |месе|аты- | нің |тіннің|лауа-|
| |зымы |қайта-|оның|жөні, | | |зымы |
| | |лана- |ата-|лауа- | | | |
| | | тын, |луы)|зымы | | | |
| | | жос- | | | | | |
| | |пардан| | | | | |
| | | тыс, | | | | | |
| | |ағым- | | | | | |
| | |дағы | | | | | |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Азаматтық авиация ұйымдарының
арнайы және мамандандырылған
көлік және автомобильдік
шаруашылықтарындағы еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау жөніндегі ережесінің
5 қосымшасы
Қауіптілігі жоғарлатылған жұмыстарда істейтін
жұмысшылар мамандықтарының тізімі
1. Аккумуляторщиктер
2. Вулканизаторщиктер
3. Газбен дәнекершілер
4. От жағушылар
5. Құюшылар
6. Нитросырлармен және басқа да улағыш қасиеттері бар материалдармен жұмыс атқаратын сырлаушылар
7. Мысшылар
8. Жүк көтеру крандарының машинашылары
9. Қорғасын дәкенершілері
10. Қысыммен істейтін сауыттар мен құралдарды пайдаланумен айналысатын жұмысшылар
11. Этилданған бензин қолданылатын жұмыстармен айналысатын жұмысшылар
12. Технологиялық құралдардың слесарь-монтажшылар
13. Такелажшылар
14. Тиеу-түсіру жұмыстарында транспорттік және жүк көтеру механизмдеріне қызмет көрсететін транспорттық жұмысшылар
15. Электриктер
16. Электр дәнекершілер
Азаматтық авиация ұйымдарының
арнайы және мамандандырылған
көлік және автомобильдік
шаруашылықтарындағы еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау жөніндегі ережесінің
6 қосымшасы
Арнаулы автокөлік қызметтерінде қолданылатын
арнаулы машиналардың категориялары
___________________________________________________________________
Арнаулы машинаның | Арнаулы машинаның ені, |Арнаулы машинаның
ұзындығы, метр | метр | категориясы
___________________________________________________________________
6-ға дейін 2-ге дейін 1
6-дан аса 8-ге дейін 2-ден аса 2,5-ке дейін 11
8-ден аса 11-ге дейін 2,5-ден аса 2,8-ге дейін 111
11-ден аса 2,8-ден аса IV
___________________________________________________________________
Ескертпе. Ұзындығы немесе ені кестеде көрсетілгенге сәйкес
келмесе арнаулы машинаның категориясы ең үлкен мөлшері бойынша
алынуы тиіс.
Азаматтық авиация ұйымдарының
арнайы және мамандандырылған
көлік және автомобильдік
шаруашылықтарындағы еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау жөніндегі ережесінің
7 қосымшасы
Арнаулы автокөлік қызметтерінің өндірістік
жай-күйлеріндегі дарбазалары мөлшерлерін
мүмкін жоғарлату
___________________________________________________________________
Дарбаза арқылы өту шарттары және | Арнаулы машинаның ең үлкен
арнаулы машинаның категориясы | енін жоғарлату, м.
___________________________________________________________________
Арнаулы машинаның дарбаза жазықтығына
перпендикулярлы өтуі:
а) І категория 0,7
б) ІІ және ІІІ категория 1,0
в) ІV категория 1,2
Арнаулы машинаның дарбаза
жазықтығына бұрышпен өтуі:
а) І категория 1,0
б) ІІ және ІІІ категория 1,5
в) ІV категория 2,0
___________________________________________________________________
Азаматтық авиация ұйымдарының
арнайы және мамандандырылған
көлік және автомобильдік
шаруашылықтарындағы еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау жөніндегі ережесінің
8 қосымшасы
Өндірістік жай-күйлерге арнаулы машинаны орнатқан
кездегі ғимараттың конструкциясы (элементтері) және
арнаулы машина арасындағы мүмкін қашықтықтар
___________________________________________________________________
р/с| Арасында қашықтық белгілентін арнаулы | Арнаулы машиналар
N | машина және ғимараттың конструкциясы | категориялары үшін
| | қашықтықтар, м
| |_____________________
| | І |ІІ және ІІІ| ІV
___________________________________________________________________
1 Техникалық қызмет көрсету және жөндеу
посттарындағы арнаулы машиналар және
ғимарат конструкциялары:
1) арнаулы машинаның ұзына бойы жағы
және қабырға:
ТҚ және Ж посттарында шиналарды және
тежегіш барабандарын шешпей атқарылатын
жұмыстар үшін 1,2 1,6 2,0
ТҚ және Ж посттарында шиналарды және
тежегіш барабандарын шешіп атқарылатын
жұмыстар үшін 1,5 1,8 2,5
2) арнаулы машинаның жанама жағы
және қабырға 1,2 1,5 2,0
3) арнаулы машина және колонна 0,7 1,0 1,0
4) арнаулы машина және постқа
қарама-қарсы орналасқан сыртқы
дарбазалар 1,5 1,5 2,0
2 ТҚ және Ж посттарындағы арнаулы
машиналар:
1) арнаулы машинаның ұзына бойы
жақтары:
ТҚ және Ж посттарында шиналарды
және тежегіш барабандарын шешпей
атқарылатын жұмыстар үшін 1,6 2,0 2,5
ТҚ және Ж посттарында шиналарды
және тежегіш барабандарын шешіп
атқарылатын жұмыстар үшін 1,2 1,5 2,0
2) арнаулы машинаның жанама
жақтары 1,2 1,5 2,0
___________________________________________________________________
Азаматтық авиация ұйымдарының
арнайы және мамандандырылған
көлік және автомобильдік
шаруашылықтарындағы еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау жөніндегі ережесінің
9 қосымшасы
Арнаулы машиналарды сақтау кезіндегі ғимарат
элементтері және арнаулы машина арасындағы
мүмкін қашықтықтар
___________________________________________________________________
р/с| | Арнаулы машиналар
N | Аталуы | категориялары үшін
| | қашықтықтар, (кем
| | дегенде), метр
| |______________________
| | І | ІІ | ІІІ және ІV
___________________________________________________________________
1 Қабырғаға параллельді орнатылған арнаулы
машина және арнаулы машиналар немесе
қабырға арасындағы 0,5 0,5 0,8
2 Арнаулы машинаның ұзына бойы жағы және
колонна немесе пилястра арасындағы 0,3 0,4 0,5
3 Орналастыру кезінде арнаулы машинаның
алдынғы жағы және қабырға немесе дарбаза
арасындағы:
тікбұрышты 0,7 0,7 0,7
жанамабұрышты 0,5 0,5 0,5
4 Орналастыру кезінде арнаулы машинаның
артқы жағы және қабырға немесе
дарбаза арасындағы:
тікбұрышты 0,5 0,5 0,5
жанамабұрышты 0,4 0,4 0,4
5 Бір-бірінің соңында тұрған арнаулы
машиналар арасында 0,4 0,5 0,6
___________________________________________________________________
Азаматтық авиация ұйымдарының
арнайы және мамандандырылған
көлік және автомобильдік
шаруашылықтарындағы еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау жөніндегі ережесінің
10 қосымшасы
Ағын сулардың ластану концентрациясының
нормативтік мағыналары
___________________________________________________________________
Арнаулы | Ластану концентрациясы, мг/л
машинаның |______________________________________________________
категориясы|өлшенген | мұнай | органикалық заттарды
|заттардың | өнімдерінің |тотықтандыру үшін оттегінің
| | | биологиялық қажеттілігі
| | | (ОБҚ-20)
___________________________________________________________________
І 700 75 80
ІІ 1100 670 80
ІІІ 2600 850 80
ІV 3000 900 80
___________________________________________________________________
Азаматтық авиация ұйымдарының
арнайы және мамандандырылған
көлік және автомобильдік
шаруашылықтарындағы еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау жөніндегі ережесінің
11 қосымшасы
Ауа температурасының нормативтік мағыналары
___________________________________________________________________
р/с| Жай-күйлер | Нормативтік ауа температурасы,oС
N | |
___________________________________________________________________
1 Арнаулы машиналарды сақтау
үшін 5
2 Арнаулы машиналарды ТҚ және
Ж посттары үшін (оның ішінде
көрме жыралары, орлар және
т.с.) 16
3 Шина, майлау, сыр және жанатын
материалдар, химикаттар үшін
қойма жай-күйлері 10
___________________________________________________________________
Азаматтық авиация ұйымдарының
арнайы және мамандандырылған
көлік және автомобильдік
шаруашылықтарындағы еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау жөніндегі ережесінің
12 қосымшасы
Вентиляциялық жүйелерді тексеру, ағымдағы жөндеу
және агрегаттарды тазалау өткізу мерзімдері
___________________________________________________________________
р/с| Агрегаттың атауы | Техникалық әсерлер арасындағы
N | | мерзімнің шекті ұзақтылығы
| |_________________________________
| | Тексеру | Жөндеу | Тазалау
___________________________________________________________________
1 Вентиляциялық камералар 6 ай 6 ай 1 жыл
2 Ауа жинайтын шахталар 6 ай 2 жыл 1 жыл
3 Ауа өткізгіштері 6 ай 1 жыл 6 ай
4 Центробеждік вентиляторлар 4 ай 1 жыл 6 ай
5 Белағаш вентиляторлары 3 ай 1 жыл 6 ай
6 Пластиналық калориферлер 6 ай 1 жыл 1 жыл
7 Мата фильтрлері 1 жұма 1 жыл 1 ай
8 Май фильтрлері 1 жұма 1 жыл 1 ай
9 Қиыршық тас фильтрлері 1 жұма 1 жыл 1 ай
10 Шаң тұндырғыш камера 1 жұма 1 жыл 2 жұма
___________________________________________________________________
Ескерту:
1. Гидрофильтр сепараторлары олардың жұмысы аяқталғаннан соң
180 сағаттан кейін тазаланады.
2. Тексеру, жөндеу және тазалау жұмыстарының мазмұны,
вентиляциялық жүйелерді және ауаны кондиционерлеу қондырғыларын
техникалық пайдалану жөніндегі, белгілі тәртіпте бекітілетін
нұсқауларына (ережелеріне) сәйкес болуы тиіс.
Азаматтық авиация ұйымдарының
арнайы және мамандандырылған
көлік және автомобильдік
шаруашылықтарындағы еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау жөніндегі ережесінің
13 қосымшасы
Арнаулы автокөлік қызметтерінің өндірістік
жай-күйлерінің жұмыс аймағындағы ауа қозғалысының
жылдамдығы және салыстырмалы ылғалдылық температурасының
оптималдық және мүмкін нормалары
___________________________________________________________________
Өндірістік | Жылдың суық және ауыспалы мерзімдері |
жай-күйлер |_________________________________________|
(учаскелер) | Темпера- |Салыстырмалы |Ауа қозғалысы- |
| тура,oС |ылғалдылық, %|ның жылдамдығы,|
|___________|_____________|м/с аспайтын |
|опти- |мүм-|опти- |мүм- |_______________|
|малдық|кін |малдық |кін |опти- |мүм- |
| | | | |малдық |кін |
___________________________________________________________________
Әкімшілік-техникалық, 20-23 19-25 60-40 75 0,2 0,2
тұрмыстық, қоймалық,
моторлық учаскелер,
карбюраторлық, электр-
техникалық, ағаш өңдеу,
инструменталдық, меха-
никалық, кузовтік,
қаңылтырлау
Ұста-қыспақ учаскеле- 17-19 15-21 60-40 75 0,3 0,4
рі, дәнекерлік мысшы-
лық, арнаулы машина-
ларды вулканизациялық
жинау
Арнаулы машиналарды 16-18 13-19 60-40 75 0,3 0,5
жөндеу және оларға
техникалық қызмет
көрсету жай-күйлері,
аккумуляторлық, сырлау
және басқа да учаскелер
___________________________________________________________________
кестенің жалғасы
________________________________________________________________
Өндірістік | Жылдың жылы мерзімі
жай-күйлер |_________________________________________
(учаскелер) | Темпера- |Салыстырмалы |Ауа қозғалысы-
| тура,oС |ылғалдылық, %|ның жылдамдығы,
|___________|_____________|м/с аспайтын
|опти- |мүм-|опти- |мүм- |_______________
|малдық|кін |малдық |кін |опти- |мүм-
| | | | |малдық |кін
________________________________________________________________
Әкімшілік-техникалық, 20-25 28 60-40 280 С 0,2 0,5
тұрмыстық, қоймалық, ас- бол-
моторлық учаскелер, пайтын ғанда
карбюраторлық, электр- 55 ас-
техникалық, ағаш өңдеу, пайтын
инструменталдық, меха- 270 С
никалық, кузовтік, бол-
қаңылтырлау ғанда
60 ас-
пайтын
Ұста-қыспақ учаскеле- 20-22 28 60-40 250 С 0,4 0,7
рі, дәнекерлік мысшы- ас- 75 ас-
лық, арнаулы машина- пайтын пайтын
ларды вулканизациялық 240 С
жинау 75 ас-
пайтын
Арнаулы машиналарды 18-21 26 60-40 250 С 0,5 0,7
жөндеу және оларға ас- бол-
техникалық қызмет пайтын ғанда
көрсету жай-күйлері, 65 ас-
аккумуляторлық, сырлау пайтын
және басқа да учаскелер 250 С
бол-
ғанда
70 ас-
пайтын
240 С
және
төмен
бол-
ғанда
75 ас-
пайтын
________________________________________________________________
Азаматтық авиация ұйымдарының
арнайы және мамандандырылған
көлік және автомобильдік
шаруашылықтарындағы еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау жөніндегі ережесінің
14 қосымшасы
Жұмыс орны ауасындағы залалды заттардың
шекті мүмкін концентрациялары
___________________________________________________________________
р/с| Заттардың аталуы |Шекті мүмкін концентра-
N | |ция мөлшері (ШМК), мг/м3
___________________________________________________________________
1 Азот тотығы (NO2 саналғанда) 5
2 Акролеин 0,2
3 Жанармай бензины (С саналғанда) 100
4 Лигроин (С саналғанда) 300
5 Қорғасын және оның органикалық емес
қосылыстары 0,01
6 Метилдік спирт (метанол) 5
7 Тетраэтилқорғасыны 0,005
8 Уайт-спирт (С саналғанда) 300
9 Көміртек тотығы 20
10 Шекті алифатикалық көмірсутек С1-С10
(С саналғанда) 300
11 Сілтілер (ерітінділер) (NaOH саналғанда) 0,5
12 Күкірт қышқылы, күкірт ангидриді 1
13 Соляная қышқылы 5
14 2 % төмен кремний қоспасы бар
өсімдіктер шаңы 6
15 Тальктің шаңы 4
16 Кремнезем қосындысы бар шаңдар 1
___________________________________________________________________
Азаматтық авиация ұйымдарының
арнайы және мамандандырылған
көлік және автомобильдік
шаруашылықтарындағы еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау жөніндегі ережесінің
15 қосымшасы
Бір бағытта әсер ететін бірнеше залалды заттар
жұмыс орны ауасында біржолы болған кезде, солардың
ішіндегі әр қайсысының нақты концентрация сомасы
қатынасын есептейтін формула
Бір бағытта әсер ететін бірнеше залалды заттар жұмыс орны ауасында біржолы болған кезде, солардың ішіндегі әр қайсысының нақты концентрация сомасының (С1, С2,..., Сn) олардың ШМК (ШМК1, ШМК2,...ШМКn) қатынасы, келесі формулаға сәйкес, бірден аспауы тиіс:
С1 С2 Сn
------- + ------- +... + ------- < 1.
ШМК1 ШМК2 ШМКn
Азаматтық авиация ұйымдарының
арнайы және мамандандырылған
көлік және автомобильдік
шаруашылықтарындағы еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау жөніндегі ережесінің
16 қосымшасы
Арнаулы автокөлік қызметтерінің өндірістік
жай-күйлерінің жарықтану нормативтері
___________________________________________________________________
Жұмыстардың |Орналастыру | Фонның | Жарықтанғаны, лк
сипаттамалары|объектісінің| сипат- |______________________________
| фонмен | тамасы |Газоразрядтік | Қыздыру
| контрасты | | шамдар үшін | шамдар үшін
| | |______________|_______________
| | |ара-| жалпы |ара-| жалпы
| | |лас |жарықтану|лас | жарықтану
___________________________________________________________________
Дәлдігі жоғары Орташа Жарық 400 200 400 150
(жанар-май ап-
паратурасын,
өлшеу аспапта-
рын және т.с.
реттеу және
жөндеу)
Дәлдігі орташа Кіші Жарық 400 150 400 100
(двигательдер
және агрегат-
тарды жөндеу,
станок жұмыс-
тары және т.с.)
Дәлдігі кіші Кіші Жарық 200 150 200 100
(тексеру, май- (орташа) (күңгірт)
лау, жанармай
құю, кузовтік
жұмыстар және
т.с.)
Добал (тиеу- Фон сипаттамасына - 100 - 50
түсіру жұмыста- және объекттің
ры, детальдар фонмен контрастына
және агрегат- қарамастан
тарды жуу және
т.с.)
___________________________________________________________________
Азаматтық авиация ұйымдарының
арнайы және мамандандырылған
көлік және автомобильдік
шаруашылықтарындағы еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау жөніндегі ережесінің
17 қосымшасы
Дыбыстың және дыбыстық қысымның мүмкін деңгейлері
___________________________________________________________________
р/с| Жұмыс орындары | Жиілігі орташа геометрикалық | Дыбыс
N | | октавтік жолдардағы дыбыстық | деңгейі
| | қысымның деңгейі, Гц | және
| |__________________________________|дыбыстың
| |63|125|250|500|1000|2000|4000|8000| балама
| | | | | | | | | | деңгейі
___________________________________________________________________
1 Басқару жай-күйлері,
жұмыс бөлмелері 79 70 63 58 55 52 50 49 60
2 Тұрақты жұмыс орын-
дары және өндірістік
жай-күйлердегі және
кәсіпорын аймағындағы
жұмыс аумақтары 94 87 82 75 75 73 71 70 80
3 Автокөлік, тракторлар
және арнаулы машина-
лар жүргізушілерінің
жұмыс орындары 99 92 86 83 80 78 76 74 85
___________________________________________________________________
Азаматтық авиация ұйымдарының
арнайы және мамандандырылған
көлік және автомобильдік
шаруашылықтарындағы еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау жөніндегі ережесінің
18 қосымшасы
Вибрацияның мүмкін деңгейлері
___________________________________________________________________
Орташа | Октавтік | Мүмкін ауытқу жылдамдығы
геомет-| жолдардың |_______________________________________________
рикалық| шекті жиі-|Вертикалды вибрация| Горизонталды вибрация
жиілік-|ліктері, Гц|___________________|___________________________
тер, Гц| | қолда- | қолда- |қолданыс- |қолданыстағы
| |ныстағы | ныстағы |тағы мағы-|мағыналардың,
| |мағына- | мағына- |налар, м/с|деңгейлері, дБ
| |лар, м/с | лардың, | |
| | | деңгей- | |
| | | лері, дБ| |
___________________________________________________________________
1 0,88-1,4 12,6 10-2 128 5,0 10-2 120
2 1,4-2,8 7,1 10-2 123 3,5 10-2 117
4 2,8-5,6 2,5 10-2 114 3,2 10-2 116
8 5,6-11,2 1,3 10-2 108 3,2 10-2 116
16 11,2-22,4 1,1 10-2 107 3,2 10-2 116
31,5 22,4-45,0 1,1 10-2 107 3,2 10-2 116
63 45,0-90,0 1,1 10-2 107 3,2 10-2 116
125 90,0-180,0 1,1 10-2 107 3,2 10-2 116
250 180,0-355,0 1,1 10-2 107 3,2 10-2 116
___________________________________________________________________