Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметті маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесін бекіту туралы

Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 429а-І бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 1 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3232

Жаңартылған

      "Әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1188  қаулысына  сәйкес   БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын, әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Темір жол көлігі комитеті (Н.Т.Байдәулетов) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар бірінші вице-Министрі Ю.И.Лавриненкоға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Қазақстан Республикасы Көлік    
және коммуникациялар министрінің  
2004 жылғы 23 қарашадағы     
N 429а-І бұйрығымен бекітілген   
"Шығындары республикалық      
бюджеттен субсидиялануға жататын  
әлеуметті маңызды облысаралық    
қатынастар бойынша темір жолмен   
жолаушылар тасымалдарын жүзеге   
асыратын тасымалдаушыларды ашық   
тендер негізінде анықтау жөніндегі 
конкурсты өткізу ережесін бекіту
туралы"             

  Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға
жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар
бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге
асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде
анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесі

  1. Жалпы ережелер

      1. Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесі (бұдан әрі - ереже) "Әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1188  қаулысына  сәйкес әзірленген және шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі (бұдан әрі - тендер) конкурсты өткізудің ұйымдастыру тәртібін, шарттары мен мерзімдерін белгілейді.

      2. Тендер қатынауы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша болжанатын жолаушы поездары маршруттарының негізінде құрастырылған топтамалар бойынша өткізіледі.

      3. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) тендерді өткізудің ұйымдастырушысы болып табылады.

  2. Тендерлік комиссияны құру

      4. Тендерлік комиссия (бұдан әрі - комиссия) тендерді өткізуді қамтамасыз ету және жеңімпазды анықтау үшін құрылады. Комиссия құрамы уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекітіледі. Комиссия құрамына төраға, төраға орынбасары және комиссия мүшелері кіреді, комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ сан құрауы және үш адамнан кем болмауы тиіс. Комиссияның хатшысы комиссияның мүшесі болып табылмайды және комиссияның шешімдер қабылдауы кезінде дауыс беруге құқығы болмайды.

      5. Комиссия қатысушылардың тендерлік өтінімдерін қабылдайды және қарайды, тендер өткізеді және жеңімпаздарды анықтайды.

      6. Уәкілетті орган басшысының бірінші орынбасары тұлғасындағы комиссия төрағасы комиссияның қызметіне басшылық жасайды, комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.

      7. Қажет болған жағдайда тендерді ұйымдастырушы ақысыз негізде, жұмысқа сарапшылар ретінде басқа мамандарды шақыра алады.

      8. Сарапшылар қатысушылардың өтінімдерінің тендерлік құжаттамаға сәйкестігі туралы сараптама қорытындысын береді және комиссияның шешім қабылдауы кезінде дауыс беруге құқығы болмайды. Сарапшылардың қорытындысы қатысушылар тапсырған тендерлік өтінімдерге баға беру мен салыстырып тексеру және жеңімпазды анықтау кезінде ескеріледі. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, сарапшылар қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қосып беріледі.

  3. Тендерге қатысушыларға және тендерлік
өтінімдерге қойылатын талаптар

      9. Тендерге қатысуға оның шарттарына жауап беретін, өтінімді және басқа да қажетті құжаттарды осы ережелерге сәйкес дер кезінде берген, 10 тармағында анықталған тасымалдаушылар жіберіледі.

      10. Тендерге қатысу үшін тасымалдаушылар мынадай шарттарға сәйкес болуы қажет:
      1) темір жол көлігімен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға лицензиясы бар болуы;
      2) жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру үшін меншікті, жалға алған немесе басқа да заңды негіздерде пайдаланатын техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін жылжымалы құрамға иелік етуі;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер және зейнетақылық жинақ қорларына аударымдар бойынша берешектері болмауы тиіс.

      11. Тасымалдаушы тендерге қатысу үшін уәкілетті органның атына мынадай құжаттарды қоса бере отырып, тендерлік өтінімді ұсынады:
      1) осы ережеге 1-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) немесе 2-қосымшаға (жеке тұлғалар үшін) сәйкес тендерге қатысуға өтінім;
      2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі мен жарғысының (заңды тұлғалар үшін) нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      3) темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау лицензиясының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      4) үлгілерін, санын, шығарылған жылын, техникалық жай-күйі мен қызметін көрсете отырып меншікті және (немесе) сенімгерлік басқарудағы немесе мүліктік жалдағы жылжымалы құрамның мүкәммалдық паркі (меншіктілік немесе жалға алу құқығын растайтын нотариалды куәландырылған қосымшасымен) туралы мәліметтер;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзiмi кейінге қалдырған жағдайларды қоспағанда, конкурстың өтiнiмдер салынған конверттердi ашу күнiнiң алдындағы үш айдан астам мерзімге салық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқтығы немесе бар болуы туралы бiрiншi басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, осы салық органының мөрi басылған тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын. Егер аталған анықтамада берешек көрсетілсе, осы берешектің пайда болу мерзімін растайтын анықтаманы берген тұлғаның қолы қойылған құжаттар қоса берілуі қажет;
      6) осы ережеге 3-қосымшаға сәйкес тендерге қойылған әлеуметтік маңызды қатынастардағы маршруттар бойынша жолаушылар тасымалдарын ұйымдастырудың негізгі шарттары мен талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі тендерлік ұсыныстар бар тендерлік өтінімді тапсырады.

      12. Тендерге қатысу үшін талап етілетін құжаттар екі данада мемлекеттік немесе орыс тілдерінде, беттері нөмірленіп, тігілген күйде тапсырылады, соңғы беті заңды тұлғаның мөрімен немесе жеке тұлғаның қолымен куәландырылады.

      13. Тендерлік өтінімде жолдардың арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

      14. Тасымалдаушы тендерлік құжаттаманы конвертке салып аузын желімдейді, онда тасымалдаушының атауы мен мекен-жайы көрсетіледі. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып желімделеді.

      15. Конверттер: "Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды анықтау бойынша конкурсты өткізуге тендерлік өтінім" деген белгісімен тендерді ұйымдастырушыға жіберілуі тиіс.

      16. Әлеуетті қатысушы тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімдері өткенге дейін өзінің тендерлік құжаттамасын өзгерте немесе кері қайтарып ала алады. Өзгерту тендерлік өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және тапсырылуы тиіс. Мұндай өзгерту немесе қайтып алу туралы хабарлама, егер оны тендерді ұйымдастырушы тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімдері өткенге дейін алса, жарамды болып табылады.

      17. Тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімдері өткеннен кейін тендерлік өтінімдерге ешқандай өзгертулер енгізілмеуі тиіс.

  4. Тендерді өткізуді ұйымдастыру

      18. Тендер, уәкілетті орган кідіріссіз тендер өткізуді талап еткен жағдайларды қоспағанда, жылына 1 рет өткізіледі.

      19. Уәкілетті орган тендер өткізу туралы шешім қабылдағаннан кейін, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тиісті хабарландыру беріледі және тендерге қойылатын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар маршруттарының тізбесі көрсетіледі. Хабарландыру тендер өткізілгенге дейін 15 күнтізбелік күннен және тендер қайталап өткізілген жағдайда 7 күнтізбелік күннен кешіктірілмей беріледі.

      20. Тендерді өткізу туралы хабарланғаннан кейін тендерге қатысуға тілек білдірген тасымалдаушылар осы ереженің 12-тармағында аталып өтілген құжаттарды қоса отырып, уәкілетті органның атына тендерлік өтінімдер тапсырады.

      21. Тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау тендерді өткізу датасына дейін бір жұмыс күнінде аяқталады.

  5. Ашық тендерді өткізу, тендерлік ұсыныстарға
баға беру және жеңімпаз(дар)ды анықтау тәртібі

      22. Комиссия тендерлік өтінімдер салынған конверттерді қатысушылар немесе олардың өкілеттіктері комиссияның отырысына қатысуға құқық беретін сенімхатпен расталған уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашады.

      23. Комиссия тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімінен кейін ашу хаттамасын жасайды, оған комиссияның төрағасы, оның орынбасары мен комиссия мүшелері қолдарын қояды.

      24. Комиссия тендерге қатысу үшін қарауға қабылданған тендерлік өтінімдерге баға береді және салыстырады, әрі көрсететін қызметтерінің сапалы сипаттамалары мен маршруттар бойынша қажетті субсидияларының ұсынылған көлемін есепке ала отырып, тендерде жеңіске жеткен тасымалдаушыны (тасымалдаушыларды) анықтайды.

      25. Егер тендерге қойылатын бір топтама бойынша тендердің шарттарына жауап беретін және осы Ережеге сәйкес тендерге қатысу құжаттарын тапсырған кем дегенде екі тендерге қатысушы өтінім берген болса, тендер болған болып танылады.

      26. Комиссияның шешімі ашық дауысқа салумен қабылданады және, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауыстары берілген болса, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.

      27. Комиссия конверттер ашылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тендердің қорытындыларын шығарады, тендердің қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді, оған төраға, төрағаның орынбасары және комиссияның мүшелері қолдарын қояды.

      28. Субсидиялардың ең аз көлемін ұсынатын және уәкілетті орган белгілеген міндетті қызметтердің тізбесімен қоса тасымалдауды үздіксіз жүзеге асыруды қамтамасыз етуге міндеттенетін тасымалдаушы жеңімпаз болып танылады.

      29. Комиссия тендердің қорытындыларын шығару кезінде әрбір маршруттағы тендердің жеңімпазынан басқа, әрбір маршрутта  ұсыныстары неғұрлым тәуір әлеуетті қатысушыны анықтайды.

      30. Тендердің жеңімпазы мен уәкілетті органның арасында бес күндік мерзімде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша тасымалдарды жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау туралы шарт жасалады.

      31. Жеңімпазы шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, оның ұсынысы жеңімпаздың ұсынысынан кейін неғұрлым тәуір болып табылатын басқа тендерге қатысушымен уәкілетті органның шарт жасасуға құқығы бар.

      32. Оның (олардың) тендерлік ұсыныстары жеңімпаздың ұсыныстарынан кейін ең жақсы деп танылған тендердің қатысушы (қатысушылар) уәкілетті органмен шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, тендер болмаған болып танылады.

      33. Егер тендер болмаған болып танылған жағдайда, комиссия тендерді қайталап өткізу туралы хабарлайды.

      34. Егер қайталама тендердің нәтижелері бойынша тасымалдаушы анықталмаса, онда уәкілетті орган жолаушыларды, багажды, жүк багажын және почталық жөнелтілімдерді Ұлттық тасымалдаушымен шарт жасасады.

                                  Қазақстан Республикасы Көлік  
                                және коммуникациялар министрінің
                                   2004 жылғы 23 қарашадағы    
                                 N 429а-І бұйрығымен бекітілген 
                               Шығындары республикалық бюджеттен
                               субсидиялануға жататын әлеуметтік
                                 маңызды облысаралық қатынастар 
                                бойынша темір жолмен жолаушылар 
                                 тасымалдарын жүзеге асыратын  
                                 тасымалдаушыларды ашық тендер 
                                  негізінде анықтау жөніндегі  
                                  конкурсты өткізу ережесіне  
                                          1-қосымша        

                                   Қазақстан Республикасының  
                                   Көлік және коммуникациялар 
                                          министрлігі        

                              ӨТІНІШ
                         (заңды тұлға үшін)

      Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын
_______________________________ маршруты бойынша әлеуметтік маңызды
      (маршруттың атауы)
облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын
жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау
жөніндегі конкурсқа қатысу үшін рұқсат беруіңізді сұраймын

                   Тасымалдаушы туралы мәліметтер

1. Меншік нысаны __________________________________________________
2. Құрылған жылы __________________________________________________
3. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік _________________
___________________________________________________________________
              (нөмірі, кіммен және қашан берілген)

4. СТН ____________________________________________________________
5. Банктік деректемелер ___________________________________________
___________________________________________________________________
         (ЖСК, БСК, банктің атауы және орналасқан жері)
6. Заңды мекен жайы және басқа деректемелері ______________________
___________________________________________________________________
              (почталық адресі, телефон, телефакс, телекс)
7. ________________________________________________________________
            (Ұйымның бірінші басшысының аты-жөні, тегі)
8. Қоса берілген құжаттар:
1) ________________________________________________________________
2) ________________________________________________________________
3) ________________________________________________________________

Ұйымның басшысы: аты-жөні, тегі, қолы, күні
                                      м.о.

                                  Қазақстан Республикасы Көлік  
                                және коммуникациялар министрінің
                                   2004 жылғы 23 қарашадағы    
                                 N 429а-І бұйрығымен бекітілген 
                               Шығындары республикалық бюджеттен
                               субсидиялануға жататын әлеуметтік
                                 маңызды облысаралық қатынастар 
                                бойынша темір жолмен жолаушылар 
                                 тасымалдарын жүзеге асыратын  
                                 тасымалдаушыларды ашық тендер 
                                  негізінде анықтау жөніндегі  
                                  конкурсты өткізу ережесіне  
                                          2-қосымша        

                                  Қазақстан Республикасының  
                                  Көлік және коммуникациялар 
                                         министрлігі        

                           ӨТІНІШ
                         (жеке тұлға үшін)

      Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын
_______________________________________ маршруты бойынша әлеуметтік
           (маршруттың атауы)
маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолдық жолаушылар
тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер
негізінде анықтау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін рұқсат етуіңізді
сұраймын

                   Тасымалдаушы туралы мәліметтер

1. Жеке тұлғаны куәландыратын құжат _______________________________
___________________________________________________________________
                (нөмірі, кіммен және қашан берілген)

2. СТН ____________________________________________________________
3. Банктік деректемелер ___________________________________________
___________________________________________________________________
            (ЖСК, банктің атауы және орналасқан жері)
4. Мекен-жайы және басқа деректемелері ____________________________
___________________________________________________________________
         (почталық адресі, телефон, телефакс, телекс)
5. Қоса берілген құжаттар:
1) ________________________________________________________________
2) ________________________________________________________________
3) ________________________________________________________________

Аты-жөні, тегі, қолы, күні
                       м.о.

                                  Қазақстан Республикасы Көлік  
                                және коммуникациялар министрінің
                                   2004 жылғы 23 қарашадағы    
                                 N 429а-І бұйрығымен бекітілген 
                               Шығындары республикалық бюджеттен
                               субсидиялануға жататын әлеуметтік
                                 маңызды облысаралық қатынастар 
                                бойынша темір жолмен жолаушылар 
                                 тасымалдарын жүзеге асыратын  
                                 тасымалдаушыларды ашық тендер 
                                  негізінде анықтау жөніндегі  
                                  конкурсты өткізу ережесіне  
                                          3-қосымша        

      Әлеуметтік маңызды қатынастарда тендерге қойылған маршруттар
бойынша жолаушылар тасымалдарын ұйымдастырудың шарттары мен
талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі тендерлік ұсыныстар

___________________________________________________________________
Әлеуметтік|Қашық-|Қаты-|Жылжымалы құрамды |  Қажетті  |Жолаушыларға
 маңызды  |тығы, |науы-|     құрастыру    |субсидияның|көрсетілетін
қатынастар|  км  |ның  |(вагондардың саны)|көлемі, мың|  қосымша
  маршрут |      |ке-  |__________________|   теңге   | қызметтер
(тар)ының |      |зең- |жалпы|плац-| купе |           |
   атауы  |      |ді-  |     |карт |      |           |
          |      |лігі |     |     |      |           |
___________________________________________________________________
      1       2     3     4     5      6         7            8
___________________________________________________________________

      Поезда ұсынылатын сервис және вагондардың жайлылығының
деңгейі туралы мәліметтер _________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Субсидиялау көлемі жөніндегі деректер қоса берілген
жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру жөніндегі экономикалық
көрсеткіштерге және есептеулерге сәйкес орындалған.
      Қосымша:
      1) ______________________________;
      2) ______________________________;
      3) ______________________________.

Тасымалдаушы: __________________________________
                   Аты-жөні, тегі, қолы, күні
                                     м.о.

                                  Қазақстан Республикасы Көлік  
                                және коммуникациялар министрінің
                                   2004 жылғы 23 қарашадағы    
                                 N 429а-І бұйрығымен бекітілген 
                               Шығындары республикалық бюджеттен
                               субсидиялануға жататын әлеуметтік
                                 маңызды облысаралық қатынастар 
                                бойынша темір жолмен жолаушылар 
                                 тасымалдарын жүзеге асыратын  
                                 тасымалдаушыларды ашық тендер 
                                  негізінде анықтау жөніндегі  
                                  конкурсты өткізу ережесіне  
                                          4-қосымша        

      Әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша
         жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын
         тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау
                       туралы шарт

      Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар министрлігінің атынан бұдан әрі
"Тапсырыс беруші" деп аталатын Қазақстан Республикасының Көлік және
коммуникациялар министрлігі туралы ереженің негізінде іс-қимыл
жасайтын Министр ________________________________________ бір жағынан және Жарғының негізінде іс-қимыл жасайтын, жолаушыларды
темір жол көлігімен тасымалдауға 200___ жылғы "____" ________
N_____ лицензиясы бар ____________________________ атынан бұдан әрі
              (ұйымның-тендердің жеңімпазының толық атауы)

"Орындаушы" деп аталатын _________________________________ басшысы
                                (тегі, аты, жөні)
екінші жағынан шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға
жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір
жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды
ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурстың қорытындылары
туралы 2004 жылғы "___"________ N _____ хаттаманың негізінде осы
шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты.

                            1. ШАРТТЫҢ МӘНІ

      1.1. Орындаушы әлеуметтік маңызды қатынастардың (бұдан әрі -
қатынастар) маршруттары бойынша темір жолмен тұрақты жолаушылар
тасымалдарын жүзеге асырады.
      1.2. Тапсырысшы N ___ "___________________________________"
республикалық бюджет бағдарламасы бойынша "200___ жылға арналған
республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында
көзделген сома шегінде орындаушының қатынастар бойынша жолаушылар
тасымалын жүзеге асыруға байланысты шығындарын субсидиялауды (бұдан
әрі - субсидиялау) жүзеге асырады.
      1.3. Поездардың тізбесі, қатынау кезеңділігі және бұл
поездардың субсидияланатын бөлігінің құрамдылығы осы шарттың
бөлінбейтін бөлігі болып табылатын, оған қосымшаға сәйкес
белгіленеді.

                    2. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ

      2.1. Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында
және осы шарттан белгіленген тәртіппен және мерзімде субсидиялауды
жүзеге асыруға міндеттенеді.
      2.2. Орындаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына және
темір жол көлігі саласындағы нормативтік кесімдерге сәйкес
жолаушылар тасымалын уақтылы және сапалы қамтамасыз ету мақсатында
жолаушылар тасымалын жүзеге асыруды міндеттенеді.
      2.3. Шартты орындауға кедергі болатын форс-мажорлық жағдайлар
пайда болған жағдайда, орындаушы Тапсырыс берушіні кідіріссіз
ақпараттауды қамтамасыз етеді.

                    3. ӨЗАРА ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ТӘРТІБІ

      3.1. Тапсырыс беруші Орындаушы берген жолаушыларды
тасымалдаудың болжамдық көрсеткіштерінің негізінде төлемдер бойынша
қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялардың айлық көлемінен 30%
(отыз пайыздан) аспайтын көлемде қаңтар айында аванстық төлем
жүргізеді.
      3.2. Орындаушы ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың 25-іне
дейінгі мерзімде, Тапсырыс берушіге Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1188 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын
жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау
ережесіне сәйкес ұйымның басшысымен, бас бухгалтерімен және мөрімен
расталған мына құжаттарды беруі тиіс:
      3.2.1 жолаушылар тасымалдарын орындау туралы ай сайынғы есеп.
      3.2.2 орындалған жұмыстардың актісі.
      3.2.3 қатынас көлемі және осы поезбен тасымалданған
жолаушылардың саны бойынша тасымалдардың орындалған көлемін
растайтын магистралдық темір жол желісі операторының құжаты.
      3.3. Берілген құжаттармен келіспеген жағдайда Тараптар отыз
күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде деректерді нақтылауды
жүргізеді.
      3.4. Субсидиялардың келесі төлемдерін Тапсырыс беруші ай
сайын төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары мен жүзеге асырылған
және расталған тасымалдар бойынша бюджеттік бағдарлама паспортына
сәйкес жүзеге асырады. Төленген аванстық төлемді ұстап қалу
желтоқсан айында жүргізіледі.
      3.5. Желтоқсан айы үшін төлемді Тапсырыс беруші
тасымалдауларды орындаумен байланысты кірістер мен шығыстардың
жоспарланатын көлемдерінің негізінде жасалған Орындаушының есебінің
негізінде жүзеге асырады. Желтоқсандағы нақты есепті Орындаушы
тараптардың келісуі бойынша белгіленген мерзімде және осы Шарттың
3.2-тармағына сәйкес ұсынады.

                   4. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

      4.1. Тараптар осы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны
немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.
      4.1-1. Орындаушы шарттың поездарды құрастыру бөлігіндегі талаптарын орындамаған жағдайда тапсырыс беруші орындалмаған тасымалдар көлеміне пропорционалды соманы субсидия төлемдерінен ұстап қалуды қамтамасыз етеді.
       Ескерту: 4.1-1-тармағымен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 9 қарашадағы N 341-І   бұйрығымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   4-тармақтан   қараңыз ).
      4.2. Осы шарт бойынша өзінің міндеттемелерін бұзған Тарап үш
күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде ол туралы басқа Тарапты
хабардар етуге және бұзушылықты жою үшін өзінің қолынан келгенінің
барлығын жасауға міндеттенеді. Өзінің міндеттемелерін бұзушылықты
жоймаған жағдайда, кінәлі Тарап осы шарттың 4.1-тармағына сәйкес
жауапты болады.

                    5. ФОРС-МАЖОРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР

      5.1. Форс-мажорлық жағдайлар пайда болған жағдайда әр Тарап
үш күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде ол туралы басқа Тарапты
кідіріссіз хабардар етуі тиіс.
      5.2. "Форс-мажорлық" жағдайлар болып табиғи апаттар, Шарттың
орындалуына кедергі жасайтын мемлекеттік органдардың іс-әрекеттері,
әскери іс-қимылдар, төтенше жағдайды, жұмылдыру іс-шараларын
хабарлаулар, ауа-райы мен табиғи жағдайлар және Тараптарға
байланыссыз Тараптардың Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін
орындауына кедергі жасайтын кез келген басқа да жағдайлар.
      5.3. Форс-мажорлық жағдайлар күшінде болып және отыз
күнтізбелік уақыт ішінде тоқтамаған жағдайда, Тараптар Шарт бойынша
өздерінің одан арғы іс-әрекеттерін жазбаша келіседі.

        6. Шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту және бұзу
                талаптары, дауларды қарау тәртібі

      6.1. Шарт 200__ жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және
200__ жылғы 31 желтоқсанға дейін күшінде болады.
      6.2. Шарт Тараптардың өзара келісімі немесе егер басқа Тарап
міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Тараптардың бірінің талабы
бойынша бұзылуы мүмкін.
      6.3. Шартты орындаудан бір жақты бас тарту немесе Шартты бір
жақты бұзу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес
жүзеге асырылады.
      6.4 Тараптар пайда болған даулар мен келіспеушіліктерді
келіссөздер жолымен, келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу
мүмкіндігінің болмауы кезінде - Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешеді.
      6.5. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес бірдей заңдық күші бар және екі
Тараптың қолы қойылатын мемлекеттік және (немесе) орыс тіліндегі
жазбаша нысанда, екі данада Тараптардың әрқайсысы үшін біреуден
жасалады.
      Тасымалдардың мезгілділігіне байланысты, сондай-ақ жолаушылар ағымына байланысты тараптардың өзара келісімі бойынша қосымша келісім жасау арқылы поездар құрамын қайта қарауға рұқсат беріледі.
       Ескерту: 6.5-тармақа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 9 қарашадағы N 341-І   бұйрығымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   4-тармақтан   қараңыз ).
      6.6 Осы Шарт Астана қаласында 200_ жылғы "___"_________
Тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан, бірдей заңдық күші бар екі
данада жасалған.

              7. Тараптардың реквизиттері және қолдары

        Тапсырыс беруші                           Орындаушы 
   _______________________                ________________________
        (толық атауы)                           (толық атауы)
   _______________________                ________________________
        (мекен-жайы)                             (мекен-жайы)
   _______________________                ________________________
       (телефон, факс)                          (телефон, факс)
   СТН____________________                СТН_____________________
   _______________________                ________________________
        (реквизиттер)                            (реквизиттер)
   _______________________                ________________________
           (Т.А.Ж.)                                 (Т.А.Ж.)
   _______________________                ________________________
            (қолы)                                   (қолы)
   "____" ______________ ж.               "____" ______________ ж.

              м.о.                                     м.о.

                                  Әлеуметтік маңызды облысаралық 
                                   қатынастар бойынша жолаушылар 
                                   тасымалдарын жүзеге асыратын  
                                   тасымалдаушылардың шығындарын  
                                    субсидиялау туралы шартқа   
                                             қосымша           

                 Әлеуметтік маңызды облысаралық
                    қатынастардың тізбесі

___________________________________________________________________
Р/с|         |Қатынаудың |Поездың құрамдылығы |   Субсидиялауға
 N | маршрут |кезеңділігі|(вагондардың саны)  |    жататын сома,
   |         |           |____________________|     мың теңге
   |         |           |жалпы |плацкарт|купе|
___________________________________________________________________
 1       2         3        4         5     6            7
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Осы қосымша 200_ж. "___" ____________ N______Әлеуметтік
маңызды облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын
жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау туралы
шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

        Тапсырыс беруші                           Орындаушы 
   _______________________                ________________________
        (толық атауы)                           (толық атауы)
   _______________________                ________________________
        (мекен-жайы)                             (мекен-жайы)
   _______________________                ________________________
       (телефон, факс)                          (телефон, факс)
   СТН____________________                СТН_____________________
   _______________________                ________________________
        (реквизиттер)                            (реквизиттер)
   _______________________                ________________________
           (Т.А.Ж.)                                 (Т.А.Ж.)
   _______________________                ________________________
            (қолы)                                   (қолы)
   20_ж. "___"____________                20_ж. "___"_____________

              м.о.                                     м.о.