"Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесін бекіту тур

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 9 қарашадағы N 341-І Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 21 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3936. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Ресей Федерациясының "М.В.Хруничев атындағы мемлекеттiк ғарыштық ғылыми-өндiрiстiк орталығы" федералдық мемлекеттiк бiртұтас, кәсіпорны 86000000 (сексен алты миллион) теңге сомасына сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінің техникалық жобасын әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды берушi болып белгіленсiн.

      2. "Бәйтерек" қазақстан-ресей бiрлескен кәсіпорны" акционерлiк қоғамы заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасуды;
      2) жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу үшiн осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі