РҚАО-ның ескертуі!
2011.01.01 бастап бұйрықтың күші жойылады - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010.09.30 № 442 бұйрығымен.
"Еңбектiң қауiпсiздiгi мен оны қорғау туралы", "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1182 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу мен бекiту ережелерiне және Мемлекеттiк органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi салалық нормативтердi әзiрлеу мен бекiту ережелерiне сәйкес, сондай-ақ авиациялық-химиялық жұмыстарда және арнайы сұйықтықтармен жұмыс iстеген кездегi қауiпсiздiк техникасы және еңбектi қорғау жөнiнде қамтамасыз ету мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: Қараныз K070000251, K090000193, P070000721
1. Қоса берiлiп отырған Авиациялық-химиялық жұмыстарда және арнайы сұйықтықтармен жұмыс iстеген кезде қауiпсiздiк және еңбектi қорғау жөнiндегi ереже бекiтiлсiн.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Азаматтық авиация комитетi төрағасының орынбасары Б.М.Наурызәлиевке жүктелсiн.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енеді.
Төраға
"Келісілген"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау вице-министрі
_____________________________
2004 жылғы _________ қараша
"Келісілген"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлiгi
Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің төрағасы
_____________________________
2004 жылғы _________ қараша
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар
министрлігінің Азаматтық авиация
комитетi төрағасының
2004 жылғы 15 қарашадағы
N 221 бұйрығымен бекiтiлген
Авиациялық-химиялық жұмыстарда және арнайы
сұйықтықтармен жұмыс істеген кезде техникалық
қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі ереже 1. Еңбек қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар
1. Авиациялық-химиялық жұмыстарда және арнайы сұйықтықтармен жұмыс істеген кезде техникалық қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі осы ереже (бұдан әрі - Ереже) өңделген сұйықтықтарды тасымалдаумен, қабылдаумен, сақтаумен, берумен, қолданумен, авиациялық кәсіпорындарда және азаматтық авиация ұйымдарында (бұдан әрі - ұйым) жинаумен байланысты авиациялық-химиялық жұмыстарды орындаған кезде техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және еңбекті қорғау жөнінде негізгі ережені қамтиды.
2. Арнайы сұйықтықтардың қатарына (бұдан әрі - арнайы сұйықтықтар) әуе кемелерін және авиақозғалтқыштарды пайдалануда, жөндеуде және техникалық қызмет көрсетуде қолданылатын отын, органикалық ерітінділер, арнайы жуылатын мұзқатуға қарсы және кристализацияланған суға қарсы сұйықтықтық, сондай-ақ олардың компоненттері, органикалық емес қышқылдар және "Әуе кемесін ұшыруға дайындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 2673 нөмірмен нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуінің Тіркелімінде тіркелген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 588 бұйрығымен белгіленген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының әуе кемелеріне қолданылатын авиациялық отындар, майлар, жаққымайлар мен арнайы сұйықтықтар номенклатурасында көрсетілген басқа да арнайы мақсаттағы өнімдер енгізілген.
3. Барлық арнайы сұйықтықтар белгіленген тәртіппен бекітілген нормативтік-техникалық құжаттамаларда көзделген мақсаттарға ғана жұмсалуға тиіс.
4. Осы Ереженің және нақтық арнайы сұйықтықтармен жұмыстар орындауды реттейтін басқа да нормативтік құжаттардың негізінде ұйымдарда белгіленген тәртіпке сәйкес және жергілікті талаптарды ескере отырып, еңбекті қорғау жөніндегі ішкі нұсқаулықтар әзірленуге тиіс.
5. Арнайы сұйықтықтар зиян заттарға жатады және адамның ағзасына уытты болып табылады.
6. Арнайы сұйықтықтардың немесе олардың құрамына кіретін компоненттердің уыттығы органдарға немесе адам ағзасының жүйелеріне зиян келтіру дәрежесімен айқындалады және арнайы сұйықтықтардың уытты ерекшеліктеріне сәйкес зиян заттардың сыныптарымен сыныпталады.
7. Арнайы сұйықтықтан залал шеккен адамның тәуекел дәрежесі:
1) олардың физико-химиялық ерекшеліктеріне (лездеме, еріткіш);
2) ортаның сыртқы талаптарына (ауаның температурасы мен ылғалдылығына);
3) арнайы сұйықтардың концентрациясына;
4) ауадағы булардың, газдардың концентрациясынан немесе арнайы сұйықтықтардың аэрокірнелеріне;
5) адамға олардың ықпал етуінің ұзақтығына;
6) ауада әрбір уыттының ықпалы басқаларға қарағанда күшейтілуі мүмкін булардың, газдардың немесе бірнеше арнайы сұйықтықтардың аэрокірнелердің болуына байланысты.
8. Арнайы сұйықтықтар адамның ағзасына тыныс алу, асқазан-ішек тракты, булар, аэрокірнелер мен сұйықтықтар түрінде зардап шеккен және қорғау зарттар арқылы теріге түседі.
9. Арнайы сұйықтықтардың адамның ішкі ағзасына түскен кезде уланудың әртүрлі нысандары пайда болуы мүмкін, ал терінің жабындысына немесе көзге түске кезде арнайы сұйықтықтар тітіркендіргіш немесе жегідей жеу әрекеттері ауырлықтың әртүрлі дәрежелерін көрсете алады.
10. Арнайы сұйықтықтардың көбісі жанар (атап айтқанда жанудың бөгде көздерінен: жалын, ұшқын, қызған дене) және жарылғыш (атап айтқанда, жарыла алатын әуе қоспасын жасайтын) басқа да заттармен араласқан кезде өздігінен жарылатын арнайы сұйықтықтардың сипаттамаларына сәйкес айқындалуы мүмкін.
11. Арнайы сұйықтардың өрт қауіпсіздігін сипаттау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады:
1) ауадағы булармен қаныққан жарылғыштың төменгі және жоғары температурасының шектері;
2) ауадағы булардың өздігінен жарылудың температурасы;
3) арнайы сұйықтықтардың өздігінен жану қабілеттілігі.
12. Жарылғыштың төменгі және жоғары температурасының шектері деп тиісінше жанудың бөгде көздерінен тұйық көлемде оның ауамен қаныққан булары жарыла алатын арнайы сұйықтықтың аса төменгі және аса жоғарғы температурасы аталады.
13. Өздігінен жарылудың температурасы деп булардың қоспасы ауамен тотығудың жылы реакциясының есебінен жарылатын аса төменгі температурасы аталады.
14. Сұйықтардың өз бетімен жануы қарапайым (16-20 о С) температурасымен ауада болатын тотығудың жылы реакциясының есебімен жүргізіледі және арнайы сұйықтықтың ауамен қатынасының алаңына тәуелді - арнайы сұйықтықтың ауамен жанасу алаңы көп болса, онда сұйықтықтың өздігінен жануы тезірек жүреді және ол жанады.
2. Өндірістік (техникалық) процестерге
қойылатын талаптар
15. Авиациялық-химиялық жұмыстарда және арнайы сұйықтықтармен жұмыс істеген кезде өндірістік процестердің қауіпсіздігі өндірістік процестерге талаптар белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді сақтаумен қамтамасыз етілуі тиіс.
16. Авиациялық-химиялық жұмыстарда және арнайы сұйықтықтармен жұмыс істеген кезде, еңбекті ұйымдастыруда ерекше назарды оларды жұмыс орындарда үнемі қолданғанға дейін ұйымның қоймасында арнайы сұйықтықтарды қабылдаудан технологиялық процестердің механизациялауына және автоматизацияларына аударған жөн.
17. Ұйымдар және оның құрылымдық бөлімшелерінде қолданылатын уытты, химиялық активтік және жарылғыш және өрт қауіпті заттардың тізбесі анықталуға тиіс.
18. Жұмыс орындарында және арнайы сұйықтықтарды сақтау орындарында осы заттармен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқаулықты, плакаттарды және ескерту жазбаларын іліп қою қажет.
19. Арнайы сұйықтықтармен байланысты тиеу-түсіру жұмыстарды тиеу-түсіру жұмыстар кезінде еңбекті қорғаудың мемлекеттік нормативтік талаптарын қамтитын нормативтік актілерге (еңбекті қорғау жөнінде салалық ережеге, мемлекеттік стандартқа) сәйкес орындаған жөн.
20. Тиеу-түсіру жұмыстардың орындары қауіпсіздік белгілерінің талаптарын белгілейтін мемлекеттік стандарттарға сәйкес ("Ашық отты пайдалануға тыйым салынады", "Шылым шегуге болмайды" және тағы сол сияқты) қауіпсіздік белгілерімен жабдықталуға тиіс.
21. Арнайы сұйықтықтармен тиеу-түсіру жұмыстарын ыдыстың нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмегені, ыдыстың ақаулығы анықталған кезде, сондай-ақ таңбасы мен ескерту жазбалары болмаған жағдайда орындауға жол берілмейді.
22. Арнайы сұйықтықтарды тиеу, түсіру және сұрыптау жөніндегі қолымен жасалатын жұмыс кезінде мыналарға:
1) арнайы сұйықтықтар бар бумаларды арқада, иықта тасуға;
2) тұтыну, сондай-ақ көлік ыдысында арнайы сұйықтықтар бар бумаларды домалатуға, сүйреуге немесе лақтыруға жол берілмейді.
Нәзік, шыны бумалардағы арнайы алдын-ала олардың жарамды екеніне көз жеткізгеннен кейін жұмысшылардың торларда тасуға болады.
23. "Арктика", "Арктика ДГ", "Арктика-200" (бұдан әрі - "Арктика" сұйықтың), "OCTAFLO EG" сұйықтықтардың ерітінділерін жасау осыған арнайы көзделген құрал-жабдықтардың немесе жуу машиналардың көмегімен жасаған жөн.
24. "Арктика", "OCTAFLO EG" сұйықтықтарымен әуе кемелерін өңдеу әуе кемелеріне қызмет көрсету бойынша барлық басқа жұмыстарды аяқтағаннан кейін аса абайлықпен жүргізілу тиіс. Жұмысшы ұшақты өңдеген кезде әуе астауы оның жағына шашылатын сұйықтықты ұшырмайтындай етіп тұруға тиіс.
25. Үй-жайдың ішінде кристализацияланған суға қарсы сұйықтықтармен жұмыс арнайы сұйықтықтардың сыңарларымен жұмысшылардың өзара қатынастарының болмауы мақсаттарында өртке қарсы құралдардың және ауаны соратын желдеткіш болған кезде технологиялық құрал-жабықтардың ең жоғары гермитизациясы кезінде орындалуға тиіс.
26. Гидрожүйелерді және гидроагрегаттарды "НГЖ-4", "НГЖ-5у", "АМГ-10", "АМГ-10Б" және "Гидроникойл FH 51" сұйықтықтармен жанармайды құюға және құйғанға дейін арнайы жанармайды құюшыларды пайдалана отырып, жабық тәсілмен жүргізу.
27. "НГЖ-4", "НГЖ-5у" сұйықтықтармен жұмыс істелетін өндірістік учаскелер олардың арасындағы ауа алмастыруға жол бермейтін басқа үй-жайлардан шеттетілуге тиіс.
28. Ерітінділерді және жуғыштарды қолдана отырып орындалатын жұмыстарды ұйымдастырған кезде, нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алған, нормативтік құқықтық актілерді ескерген жөн.
29. Әуе кемелерін жуу қалдықтарды жинақтауға (шаюға) арналған жабдықтармен жабдықталған арнайы алаңдарда жүргізілуге тиіс.
30. Әуе кемелерін жуу құралдарды пайдалана отырып жуу, салалық нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес орындалуға тиіс.
31. Арнайы сұйықтықтармен жұмыс істеген кезде, сұйықтықтарды еденге, арнайы киімге, жабдыққа шашыратпай немесе төкпей абайлықпен және ұқыптылықты сақтау қажет. Сұйықтық төгілген жағдайларда, төгілген жерлер осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген арнайы сұйықтықтар төгілген кезде үстіңгі бетін тазалау тәсілдеріне сәйкес тазалануға тиіс.
Апаттарды жою жөнінде жұмыстар ұйымның басшысы тағайындаған жауапты тұлғалардың бақылауында жүргізілуге тиіс.
3. Өндірістік құрал-жабдыққа қойылатын талаптар
32. Арнайы сұйықтықтарды қабылдауға, тасымалдауға, сақтауға, беруге және әуе кемелеріне толтыруға арналған өндірістік құрал-жабдықтар өндірістік процестерге және жұмыс орындарына қойылатын қауіпсіздіктің жалпы талаптарын белгілейтін мемлекеттік стандарттарға, сондай-ақ нақты өндірістік құрал-жабдыққа еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды қамтитын салалық нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес келуге тиіс.
33. Арнайы сұйықтықтарды пайдалануға (оның ішінде, арнайы сұйықтықтары бар бөшкелерді және басқа ыдысты ашу үшін) байланысты жұмыстарға арналған ыдыс, мүкәммал мен аспап соғылған кезде, ұшқындарды болдыртпайтын және статистикалық электрлерді жинамайтын материалдан жасалуға тиіс.
34. Арнайы сұйықтықтармен жұмыс істеген кезде, статистикалық электрдің зарядтарды болдыртпайтын жерлендірілгіш құрылғылардың жарамдылығына ерекше мән берілуге тиіс.
4. Өндірістік үй-жайлар мен өндірістік алаңдарға
(өндірістік үй-жайлардан тыс жерлерде орындалатын
процестер үшін) қойылатын талаптар
35. Жұмыстарды орындау мен арнайы сұйықтықтарды сақтауға арналған аумақ және өндірістік үй-жайлар (ғимарат, құрылыс және тағы сол сияқты) еңбекті қорғаудың мемлекеттік нормативтік талаптарды қамтитын, нормативтік актілерге, сондай-ақ жұмысты жүргізу мен арнайы сұйықтықтарды сақтаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен аумаққа, өндірістік үй-жайларға және жұмыс орындарын ұйымдастыруға талаптар белгілейтін салалық нормативтік-техникалық құжаттарға (құрылыс нормаларға және ережеге, еңбекті қорғау жөніндегі салалық ереже) сәйкес жабдықталуға тиіс.
36. Арнайы сұйықтықтармен жұмыс жүргізілетін үй-жайлардағы қабырғалар оларды ластанудан тазалауға мүмкіндік беретін еденнен бастап кем дегенде 2 метр биіктікке жанбайтын материалдармен қапталуға тиіс. Есіктер екі жақтан жанбайтын затпен және оңай жуылатын материалдармен қапталуға тиіс.
37. Үй-жайлардың едені арнайы сұйықтықтар кірмейтін материалдардан жасалуға тиіс. Еденге арнайы сыйымдылыққа төгілген арнайы сұйықтықтарды бұрып әкетуге арналған арықтар жасалуға тиіс, кейіннен оларды пайдаға жарату керек.
38. Арнайы сұйықтықтар қолданылатын үй-жайларды басқа өндірістік үй-жайлардағы жалпы ауыспалы желдеткіштерден жеке механикалық ауа соратын желдеткішпен жабдықтау керек.
39. Үй-жайларда жалпы алмасатын ауа соратын желдетпеден басқа ауаға зонттарды және ауаны борттық сору құрылғыларды орнату жолымен ванналардан, көптеген машиналардан және зиян заттарды шығаратын басқа көздерден жергілікті буларды сору және аэрокірнелерді орнату қажет.
40. Желдеткіштер жүйесі үй-жайлардың ауасында оларды қол жетімді шекті концентрациялардың аса зиян заттардың болмауын сенімді қамтамасыз етуге тиіс.
41. Құрамында бензол бар бөлшектерді, бояғыш лактар материалдарды кептіру үшін ауаны тартатын желдеткіштермен қосылған арнайы кептіргіш камераларын жабдықтаған жөн.
42. Жалпы ауыспалы ауаны тартатын желдеткіштерден басқа арнайы сұйықтықтарды тоғанақтау және қайта тығу үшін үй-жайды үй-жайлардың сыртына қосылатын қосымша апаттық желдеткіштермен жабдықтаған жөн.
Желдеткіш жабдық орындалуда жарылғыш қауіпсіздігі болуға тиіс.
43. Арнайы сұйықтықтармен жұмыс істеген кезде жұмыс орындарының жарықтандырылуы қолданыстағы құрылыс нормаларының және ережелердің, сондай-ақ салалық нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келуге тиіс.
44. Қажет болуына қарай цехтар мен учаскелерді тиісті жүккөтергіштерді көтергіш-көліктік құралдармен жабдықтаған жөн. P090002117
45. Арнайы сұйықтықтарды қолдану кезінде тиеу-түсіру жұмыстары механизмдендірілген болуға тиіс, қолмен еңбекті пайдалануды шектеу қажет.
46. Барлық жұмысшылар үшін қол жетімді орындарда арнайы сұйықтықтармен жұмыс істеген кезде жазатайым оқиға болған кезде бірінші көмек көрсету үшін, ұсынылатын құрамы осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген арнайы сұйықтықтармен жұмыс істеген кезде, бірінші көмек көрсету үшін дәрі қобдишаларын қою керек.
47. Арнайы сұйықтықтар пайдаланылатын цехтар мен учаскелерді телефонмен немесе басқа да жергілікті байланыспен және дабылмен жабдықтаған қажет.
48. Ыдысты жанармай және жарылу қаупі бар арнайы сұйықтықтар пайдаланатын үй-жайларда сақтауға жол берілмейді.
49. Цехтар мен учаскелерде сұйықтықтарды қайта айдау және құйып алу үшін қажетті арнайы сораптар болуға тиіс. Сифонды құру үшін ауызбен сору жолымен арнайы сұйықтықтарды құйып алуға болмайды.
50. Арнайы сұйықтықтар сақталатын және қолданатын үй-жайларды, сондай-ақ жұмыс орындарды таза және рет-ретімен ұстау керек. Ұдайы кезектің аяғында үй-жайларды жинау, жабдықтарға, едендерге және қабырғаларға тазалау жүргізілуге тиіс. Арнайы сұйықтықтардан газ шығарушы көздер жабық (тығындалған) болуға тиіс. Жанармай сұйықтықтардың қалдықтарын қоймаларға өткізу қажет. Пайдаланған ескі-құсқы нәрсені және басқа да сүрткіш материалдарды арнайы бөлінген жерлерге шығару керек. Жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жай жабылады және оған бөгде тұлғалардың кіруіне болмайтын шаралар қабылданады.
51. Арнайы сұйықтықтармен жұмыс істеуге және оларды сақтауға арналған үй-жайларды электрмен жабдықтау жарылуы қауіпсіз болуға тиіс және электр жабдықтарының қауіпсіздік талаптарын белгілейтін салалық нормативтік құқықтық актілерге және нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес келуге тиіс.
52. Арнайы сұйықтықтар пайдаланылатын немесе сақталатын азаматтық авиация ұйымдарының объектілерінде Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік құқықтық актіге, сондай-ақ салалық нормативтік техникалық құжаттамаларға сәйкес келетін өртке қарсы қатаң режим белгіленуге тиіс.
53. Арнайы сұйықтықтармен қол жетімді жерлерде жұмысшылар үшін және олармен танысу қолайлығын ескере отырып, осы өндірістің нақты талаптарына сәйкес еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық болуға тиіс.
54. Цехқа кірген кезде көрінетін жерлердегі қабырғаларында, қоршауларында және жолдарда "Өртке қауіпті", "Шылым шегуге болмайды", "Оңай жанады" деген және с.с. жазбаларды ілген жөн.
55. Арнайы сұйықтықтар бар қорларды жұмыс орындарында сақтауға оған бөгде тұлғалар кіре алмайтын арнайы бөлінген орындарда кезек ішіндегі технологиялық процестерді өткізу қажетті мөлшерлерде ғана рұқсат беріледі.
Арнайы сұйықтықтардың болуын және оларды пайдаланудың дұрыстығын бақылауды барлық жұмыс кезектің ішінде жүзеге асыру қажет.
56. Технологиялық процестермен көзделмеген арнайы сұйықтықтың таңбасыз ыдысын және арнайы сұйықтық туралы сыйымдылықты пайдалануға жол берілмейді.
5. Шығыс материалдарын, дайындамаларды, жартылай
фабрикаттарын, дайын өнімді және өндіріс қалдықтарын
сақтау мен тасымалдау тәсілдеріне қойылатын талаптар
57. Арнайы сұйықтықтар, көліктің осы түрлеріне қолданылатын тасымалдау ережелеріне сәйкес көліктің барлық түрлерімен тасымалдануы мүмкін.
58. Арнайы сұйықтықтар тасымалданатын ыдыс жарамды және герметикалық жабық болуға тиіс.
59. Шыныдан, фарфордан және полимерлік материалдардан жасалған нәзік, оңай жарылатын ыдысқа салынған сұйықтықтарды бос жерлер инерттік арнайы сұйықтықтармен орнатылған материалдармен толтырылған арнайы көліктік ыдыста (ағаш жәшіктерде, қоржындарда, бумаларда және тағы сол сияқты) тасымалдау қажет.
60. Әрбір ыдыс орнында арнайы сұйықтық атауының ярлығы мен ыдысты таңбалауға және арнайы сұйықтықтарды сақтау талаптарына сәйкес тиісті ескерту жазбалары болуға тиіс.
61. Сұйықтықтарды түсіру кезінде алдын-ала олардың төгілмегеніне көз жеткізу қажет. Төгілген арнайы сұйықтықты мұқият жинау, ал ластанған жерді осы Ереженің 1-қосымшасында көзделген арнайы сұйықтықтар төгілген кезде үстіңгі беттерін тазалау тәсіліне сәйкес тазалау қажет.
62. Арнайы сұйықтықтарды көлікпен тасымалдау кезінде барлық ыдыс орындарын мұқият бекіту қажет.
Арнайы сұйықтықтарды азық-түлікпен, киім мүліктерімен немесе адамдармен тасымалдауға тыйым салынады.
63. Арнайы сұйықтықтарды тасымалдайтын автокөліктің жүргізушілері тасымалдайтын жүктің құрамдарымен және оларды қолдану кезінде еңбекті қорғау жөніндегі талаптармен танысулары қажет.
64. Ұйымның мекен-жайына келіп түскен арнайы сұйықтықтарды бірден қоймаларға өткізген жөн.
65. Арнайы сұйықтықтардың қабылдауын ұйымның басшысы тағайындаған тұрақты комиссия жүргізеді. Арнайы сұйықтықтарды қабылдау туралы қабылдау актісі жасалады.
66. Арнайы сұйықтықтардың қоймаларын жабық, жақсы желдетпеленген үй-жайларға орналастыру керек. Қоймаларды оқшауланған секцияларына немесе ұйымның аумағындағы оқшауланған қойма ғимараттарының жапсарластарына орналастыруға, сондай-ақ ыдыстың таңбалауын және арнайы сұйықтықтарды сақтау талаптарын сақтай отырып, ашық алаңдардағы асылмаларын сақтау талаптарын есекере отырып жол беріледі.
67. Қойманың қабырғаларын өңдеу үшін оларды оңай тазалауға мүмкіндік беретін материалдар пайдалануға тиіс. Едендердің үстіңгі жағы оңай жуылатын тең және тегіс және судың аққаны үшін ылди болуға тиіс.
68. Қойманың үй-жайы механикалық ауаны тартатын және табиғи ауа түрде кіретін желдетпесі болуға тиіс.
69. Қоймада арнайы сұйықтықтарды жарылғыш және өртке қауіпті концентрациялары пайда болатын заттарды, қоспаларды немесе буларды бөлектеп сақтауды қамтамасыз ететін сұрыптар немесе топтар бойынша араластыру керек.
70. Бөтелкелердегі, банкалардағы, бидондардағы арнайы сұйықтықтар жасаулы тартпаларда немесе стеллаждарда сақталуға тиіс.
Банкаларға, бөшкелерге, бидондарға ені бойынша кем дегенде екі талдан, ұзындыға бойынша - он бес талдан, стеллаждардың биіктігі бойынша - бір қатардан аспайтындай, қатардарда - олардың арасындағы төсеуіштерімен екі қатардан аспайтындай жатқызылады.
71. Кішірек құйылатын тесіктері бар бөшкелер осы тесіктерді жоғары қаратып тартпаларға немесе стеллаждарға салуға мүмкіндік беріледі.
72. "НГЖ-4", "НГЖ-5у" сұйықтықтарды басқа арнайы сұйықтықтардан жеке жабық үлгідегі қойма үй-жайларында сақтаған жөн.
73. Қоймалар бойынша арнайы сұйықтықтардың орнын ауыстыру үшін арнайы арбалар мен механизацияның басқа да құралдарын пайдалану қажет.
74. Арнайы сұйықтықтарды сақтау жарамды, таңбаланған және пломболанған ыдыста, резервуарда, сыйымдылықта сақтауға болады. Герметияланбаған ыдыс табылған кезде ақауды немесе қайта тығылған сұйықтықты жою жөнінде шаралар қабылданады. Арнайы сұйықтықтарды пломбаланбаған ыдыста, резервуарда, сыйымдықта жіберуге жол берілмейді.
75. Ұйымның қоймаларындағы арнайы сұйықтықтарды тарату белгіленген кіріс-шығыс құжаттары бойынша қатаң есептегі өнім ретінде тұлғалармен жүргізеді.
76. Пайдаланылған арнайы сұйықтықтарды пайдаланғанда бұрын пайдаланылатын сұйықтықтар сияқты сақтық шаралар сақталады.
Пайдаланылған сұйықтықтар арнайы сыйымдылықтарда жиналады, содан кейін кәдеге жаратылады немесе қайта реттеледі.
77. Пайдаланылған сұйықтықтар топтар, маркалар, сұрыптар бойынша жеке-жеке жиналуға тиіс. Пайдаланылған сұйықтықтарды араластыруға жол берілмейді.
78. Бөшкелерді, бидондарды және басқа да еріткіштердің және жуғыш ыдыстарын жуу, арнайы үй-жайларда немесе өрт қауіпсіз техникалық құралдарын пайдалана отырып, жекелеген жуу алаңдарында орындалады.
79. Ыдысты сақтауға арналған үй-жайларда арнайы сұйықтықтармен жұмыс жүргізуге жол берілмейді.
80. Еріткіштердің және жуғыштардың бос металл бөшкелер қоймадан және басқа да ғимараттардан және құрылыстардан 50 метрден кем емес қашықтықта орналасқан жекелеген ашық алаңдарында қақпақтары тығыздалып сақталуға тиіс.
81. "НГЖ-4", "НГЖ-5у" пайдаланылған сұйықтықтар ақшыл қаңылтырдан жасалған сыйымдылығы 20 литрлі құрғақ таза бидондарға немесе сыйымдылығы 100-200 литрлі құрғақ таза бөшкелерге салынады. Бидондар қақпақтарының ішіне жапсырмалар бекітіледі.
6. Өндірісте жұмыс істейтіндердің
еңбек және демалыс режимі
82. Арнайы сұйықтықтармен жұмыс істеген кезде еңбек және демалыс режимдері Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына, сондай-ақ әрбір өндірістің нақты талаптарына, өндірістік қызметтің сипатына және жұмысшылардың жұмыс істеу жағдайларының серпініне сәйкес белгіленеді.
83. Гигиеналық нормативтер арттырған жағдайларда арнайы сұйықтықтармен жұмыс істеуге жеке қорғалатын құралдарды пайдалану кезінде немесе зиян заттардың ықпал ету уақыты қысқарған кезде - уытты қорғаумен мүмкіндік беріледі.
Жұмыс кезегіндегі зиян химиялық заттармен қатынастарына жол жіберілген уақытын айқындау ұйымның басшысының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелері жүргізеді.
7. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері
жөнінде қызметкерлерді кәсіби іріктеу мен олардың
білімдерін іріктеу мен тексеруге қойылатын талаптар
84. Арнайы сұйықтықтар жұмысшылардың алдын-ала және кезеңдік медициналық куәландыруды көздейтін және "Меншік және шаруашылықтың әртүрлі нысандағы ұйымдарда аса қауіпті жағдайларда жұмыстарды өндіру кезінде нарядтарды-кіруді рәсімдеу және қолдану жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік-құқықтық актілері мемлекеттік тіркеуінің Тізілімінде N 769 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі бұйрығына сәйкес жұмыстарды жүргізу кезінде кіруді (нарядты) рәсімдеуді көздейтін жұмыстарды қауіпсіз орындау кәсіптік жарамдылығын белгілейтін кәсіптік талдаудан өтуге тиісті. V090005898
85. Ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлімшелеріндегі тиісті басшыларға арнайы сұйықтықтармен жұмыс істеуге, оларды қоймалардан алуға және тасымалдауға жіберілетін лауазымды тұлғалардың тізбесін айқындайды.
86. Арнайы сұйықтықтармен жұмысқа 18 жасқа толмағандар жіберілмейді.
87. Арнайы сұйықтықтармен жұмыс істеуге жүкті және емшектегі балалары бар әйелдерді жіберуге тыйым салынады.
88. Барлық жұмыс істейтіндер мамандығы бойынша біліктілік сипаттағы талаптарының көлемінде және арнайы сұйықтықтармен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік талаптарына қатысты кәсіби оқыту бағдарламаларына сәйкес кәсіби-техникалық дайындықтан өту керек.
89. Ұйым басшысының шешімі бойынша еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде қосымша іс-шараларды өткізуді талап ететін арнайы сұйықтықтарды жекелеген бір рет пайдаланылатын жұмыстарды орындау наряд-кіру бойынша жүзеге асырылады.
90. Білімдерін қайталап тексеру 12 айда бір реттен кем емес жүргізіледі.
91. Жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі жөніндегі нұсқамалықтар үш айда бір реттен кем емес жүргізілуге тиіс және нұсқамалықтарды жүргізетін жұмысшылардың білімдерін тексерумен аяқталады.
92. Қанағаттандырылмайтын білімдерін көрсеткен тұлғалар өз бетімен жүргізілетін жұмысқа жіберілмейді және түсіндірмелерден қайта өтуге және білімдерін тексеруге тиіс.
8. Қызметкерлерді арнайы киімдермен, арнайы аяқ
киімдермен және басқа да жеке қорғалатын және қорғау
құралын қолдану бойынша құралдармен қамтамасыз етуге
қойылатын талаптар
93. Зиян немесе қауіпті еңбек талаптарындағы жұмыстарда және арнайы сұйықтықтармен жұмыс істейтін жұмысшылар жеке қорғалатын құралдармен қамтамасыз етілуге тиіс.
94. Ұйымның басшысы жұмысшыларға берілген арнайы киімнің, арнайы аяқ киімнің және басқа да жеке қорғалатын құралдардың сақталуын, уақтылы жууын, дезинфекциялануын, газсыздандырылуын және жөндеуін, сондай-ақ оларды белгіленген мерзімдерде тексерілуін қамтамасыз етуге тиіс.
95. Ұйымның басшысы олар берген арнайы киімдерді, арнайы аяқ киімдерді және басқа да жеке қорғалатын құралдарды шын мәнінде пайдаланатынына тексерулер жүргізуге тиіс.
96. Жұмысшыларға арнайы киімдерді, арнайы аяқ киімдерді және басқа да жеке қорғалатын құралдарды алған кезде, белгіленген тәртіппен оларды пайдалану және оларға күтім жасау ережелері туралы нұсқамалықтар берілуге тиіс.
97. Арнайы киімді сақтау және кептіру үшін арнайы үй-жайлар жабдықталуға тиіс. Арнайы киім жеке жабылатын шкафтарда сақталады.
Арнайы киімді және жеке киімді бірге сақтауға жол берілмейді.
98. Арнайы сұйықтықтармен жұмыс жүріп жатқан үй-жайларда тамақты сақтауға және тамақтануға, сондай-ақ шылым шегуге тыйым салынады.
99. Суды (немесе басқа да ішетін сұйықтықты) ішер және шылым шегудің алдында қолды, бетті сабындап ыстық сумен жуу, ауызды шаю қажет.
100. Тамақтану алдында (тамақтану бөлмесінде және асханада) арнайы киімді шешу, қолды және бетті сабындап сумен жуу, ауызын шаю қажет.
101. Жұмыс процесінде арнайы сұйықтықтардың микроскопиялық химиялық қоспаларының тітіркенгіштік әрекеттерін болдырмау мақсатында терінің ашық учаскелері бетке, мойынға, қол білезігіне, және басқа, сондай-ақ көздің сілемейлі қабықтарына, мұрынға және оларды ауыз қуысына қол тигізуге және уқалауға болмайды.
102. Арнайы сұйықтықтардың әсерінен қол терілерін сақтау үшін қорғаушы құрамдарды (5 граммға дейінгі бір реттік шығыстар) қолданған мақсатты.
103. Жұмыс аяқталғаннан кейін арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және басқа да жеке қорғалатын құралдарды шешу, оларды гардеробқа ілу және жылы душқа түсіп алу қажет.
9. Авариялық жағдайлардағы еңбек
қауіпсіздігінің талаптары
104. Денсаулыққа немесе жеке қауіпсіздігіне зиян келтіретін еңбекті қорғау талаптарының бұзушылығы анықталған жағдайда, жұмыс істейтін ол туралы жұмыс жетекшісіне хабарлауға тиіс. Зиянды жойғанға дейін жұмысты тоқтату және қауіпті аймақтан кету қажет.
105. Жазатайым оқиға болған жағдайда уланғанда, аяқасты сырқаттанғанда улануды сипаттайтын және арнайы сұйықтықтармен күйіп қалу белгілерін және осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес бірінші көмек көрсету жөнінде шараларды ескере отырып, зардап шеккенге бірден бірінші көмек көрсету қажет, содан кейін дәрігерді шақыру немесе зардап шеккенді дәрігерге апару, содан кейін болған оқиғаны басшыға хабарлау керек.
106. Өртті және жану белгілерін (түтінді, ысты, температура көтерілгенді және тағы сол сияқты) байқаған кезде бірден бұл туралы өрт күзетіне белгіленген тәртіппен хабарлау қажет.
107. Өрт күзеті келгенге дейін адамдарды, мүлікті эвакуациялау жөнінде шаралар қабылдау және өрт сөндіруге кірісу қажет.
108. Жұмысшылар өрт күзеті бөлімшелерімен кездесу ұйымдастыру және өрт ошағына кіру үшін қысқа жолды таңдауға көмек көрсетулері қажет.
109. Жұмыс істейтін жеке құрамды қамтамасыз ету үшін жақын жердегі немесе тікелей өрт ошағындағы қауіпті (жарылу қауіпі бар), жарылғыш, қатты әсер ететін улы заттардың бар екені туралы қажетті мәліметтерді өрт сөндіруге тартылған өрт күзетінің бөлімшелеріне хабарлау қажет.
110. Жұмысшылар өртті сөндірген кезде өрт күзетіне көмек көрсетулері қажет.
Авиациялық-химиялық жұмыстарда
және арнайы сұйықтықтармен
жұмыс істеген кезде техникалық
қауіпсіздік және еңбекті қорғау
жөніндегі ережеге 1-қосымша
Арнайы сұйықтықтарды төгіп алған
кезде тазалау тәсілдері
Сұйықтықтардың атауы |
Еденге |
Құралдарға |
Сұйықтықтар: "Арктика", |
Құм немесе жоң- |
Ескі-құсқы |
Жуу құралдары: "Аэрол", |
Қалақша немесе |
Ескі-құсқы |
Ацетон, бензол, бензин |
Құм мен жоңғақ- |
Ескі-құсқы |
"АФТ- 1"»жуғышы |
Құм немесе жоң- |
Ескі-құсқы нәр- |
Метиленхлорид, "АС-1" |
Құм немесе жоң- |
Ескі-құсқы |
Олеин қышқылы |
Қырғыш арқылы |
Ескі-құсқы |
Қышқылдар: азот, тұз, |
Асбест арқылы |
Асбест арқылы |
Авиациялық-химиялық жұмыстарда
және арнайы сұйықтықтармен
жұмыс істеген кезде техникалық
қауіпсіздік және еңбекті қорғау
жөніндегі ережеге 2-қосымша
Арнайы сұйықтықтармен жұмыс істеген кезде бірінші
көмек көрсету үшін дәрі қобдишасының ұсынатын құрамы
Атауы |
Саны |
1. Ағылшын тұзы |
200 г |
2. Бинт (стерильдік) 100 мм х 5 м |
5 дана |
3. Бор қышқылы, 3 проценттік еріткіш |
200 мл |
4. Мақта (хирургиялық) стерильдік |
100 г |
5. Көз ваннасы |
1 дана |
6. Глауберов тұзы |
200 г |
7. Жеке таңу пакеті0 |
3 дана |
8. Йод, ампуладағы спирт еріткіші |
30 ампула |
9. Күйген магнезия |
150г |
10. Вишневский жақпамайы |
100 г |
11. Марганецқышқыл калий |
10 г |
12. Мензурка (дәрілір беру үшін) |
1 дана |
13. Сабынды су |
2 л |
14. Натр қос көмір қышқылы (ауыз су содасы) |
150 г |
15. Күйдіргіш натр, 1 проценттік еріткіш |
2л |
16. Ампуладағы нашатыр спирті |
10 ампула |
17. Асқын оксидтер су тегі, |
50 г |
18. Көз пипеткасы |
2 дана |
19. Сульфат мысы |
200 г |
20. Термометр |
1 дана |
21. Асқазанды тазалау үшін көмір |
200 г |
22. Эфир - валериан тамшылары |
25 г |
23. Этил спирті, 76 проценттік еріткіш |
200 г |
24. Таңу және басқа да қосалқы |
2 орамадан |
Авиациялық-химиялық жұмыстарда
және арнайы сұйықтықтармен
жұмыс істеген кезде техникалық
қауіпсіздік және еңбекті қорғау
жөніндегі ережеге 3-қосымша
Улану және арнайы сұйықтықтардан зардап шегу
белгілері мен бірінші көмек көрсету жөнінде шаралар
Арнайы сұйықтық |
Улану және зардап |
Бірінші көмек |
Жұмыс сұйықтығы |
||
"АМГ-10", АМ-70/10 сұйықтығы |
Теріге түскен кезде - Сұйықтық көзге түскен |
Сұйықтықты теріден Көзді көп мөлшерлі |
"Гидроникойл FH |
Теріге түскен кезде - Сұйықтық көзге түскен |
Зардап шегілген жерді Көзді көп мөлшерлі |
"НГЖ-4" және |
Дем алғанда - мас Теріге түскен кезде - |
Зардап шеккенді таза Сабындап жылы сумен |
Техникалық жуу құралдары |
||
Жуу құралдары: |
Теріге түске кезде - Көзге түскен кезде - Жоғары |
Зақымданған жерлерді Көзді көп мөлшерлі Зардап шеккенді таза |
Фенольдық тас |
Теріге түскен кезде - Көзге түскен кезде - Булармен демалғанда - |
Зақымдалған жерді Көзді көп мөлшерлі Зардап шеккенді таза |
Жуғыштар |
||
Жуғыштар: |
Теріге түскен кезде - Булармен демалғанда - Қиын жағдайларда - |
Сұйықтықты мақта Зардап шеккенді таза Қатты уланғанда - |
"СД (СП)" жуғышы |
Теріге немесе көзге Булармен демалғанда - Жоғары концентрация- |
Көзді немесе терінің Зардап шеккенді таза Қатты уланғанда - |
Еріткіштер |
||
Ацетон |
Парлармен демалғанда |
Зардап шеккенді таза |
Бензин Б-70; |
Булармен дем алғанда Жоғары концентратта- Ішке түскенде - Көзге түскенде - күю, |
Зардап шеккенді таза Қатты уланғанда - Ішке түскенде - Көзді 2 проценттік |
Бензол |
Булармен дем алғанда Қиын жағдайларда - әл- |
Зардап шеккенді таза |
Бутилацетат; этилацетат |
Теріге түскенде - Көзге түскенде - Булармен дем алғанда - |
Сұйықтықты мақта ты- Зардап шеккенді таза |
Авиациялық, |
Жоғары концентратта- |
Зардап шеккенді таза |
Тас көмірлі |
Парлармен дем алғанда Қиын жағдайларда - Көзге тигенде - |
Зардап шеккенді таза Қиын жағдайларда - Көзге түскенде - көп |
Метиленхлорид |
Дем алғанда - бас Қиын жағдайларда - Ішке тигенде - іш |
Зардап шеккенді Қиын жағдайларда - Ішке тигенде - асқа- |
Метилхлорформ |
Дем алғанда - жөтел. Көзге тигенде - көз |
Зардап шеккенді таза Көзді көп мөлшердегі |
Еріткіштер мен |
Көзге тигенде - Теріге тигенде - Булармен дем алғанда Қиын жағдайларда - |
Көзді көп мөлшердегі Сұйықтықты мақта ты- Зардап шеккенді таза Қиын жағдайларда - |
Спирттер: |
Жоғары концентрация- Қиын жағдайларда - Ішке түскенде - лоқсу, |
Зардап шеккенді таза Көз тітіркенгенде - Ішке түскенде - |
Метил (метанол) |
Жоғары концентрация- Ішке түскенде - іш У - 10 мл. ішке түс- |
Теріге түскенде зар- Ішке түскенде - Ішке түскенін |