Қазақстан Республикасының "Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы" Заңына , Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1182 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк органдардың еңбек қауiпсiздiгi және оны қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу мен бекіту ережелерiне сәйкес, ұшақтар мен тiк ұшақтардың экипаж мүшелерiнiң өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн орындау кезiнде, олардың қауiпсiздiгi мен еңбегiн қорғау жөнiндегi негiзгi талаптарды белгiлеу мақсатында, БҰЙЫРАМЫН : Қараныз K070000251, P070000721
1. Қоса берiлiп отырған Әуе кемелерiнiң ұшу экипаждарына арналған қауiпсiздiк және еңбек қорғау жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Азаматтық аваиация комитетi ұшулардың қауiпсiздiгiн мемлекеттiк қадағалау басқармасына жүктелсiн.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелген сәттен бастап күшiне енедi.
Төраға
"Келiсiлген"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау вице-министрі
____________________________
(Лауазымы, аты-жөнi)
2004 жылғы 5 қараша
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар
министрлігінің "Азаматтық
авиация комитеті төрағасының
Әуе кемелерінің ұшу экипажы
үшін қауіпсіздік және еңбекті
қорғау жөніндегі нұсқаулықты
бекіту туралы" 2004 жылғы
12 қарашадағы N 217 бұйрығымен
бекітілген
Әуе кемелерінің ұшу экипажы үшін қауіпсіздік және
еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық
1. Әуе кемелерінің ұшу экипажы үшін қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) ұшақ пен тікұшақтың ұшу экипажының құрамы: әуе кемесінің командиріне (бұдан әрі - ӘК), екінші ұшқышқа, штурманға және бортинженерге және ұшуға тиісті тапсырмаларға енгізілген басқа да ұшу мамандарына қолданылады және өздерінің міндеттерін атқарған кезде, ұшақ пен тікұшақ экипажы мүшелерінің еңбегін қорғау жөніндегі негізгі шарттарды қамтиды.
2. Ұшуға тікелей дайындық процесінде және ұшу уақытында ұшақ және тікұшақ экипажы мүшелері еңбегінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы шарттар белгіленген тәртіппен бекітілген тиісінше ұшақтың немесе тікұшақтың ұшуын пайдалану жөніндегі басшылықта (бұдан әрі - ҰПБ), Тікұшақ экипажының жұмыс технологиясында және Ұшуларды өндіру жөніндегі тәлімдемесінде (бұдан әрі - ҰӨТ) баяндалады.
1-бөлім. Ұшақ экипажының қауіпсіздігі және
еңбегін қорғау жөнінде қойылатын талаптар
1-тарау. Еңбек қауіпсіздігінің жалпы талаптары
1. Ұшақ экипажының мүшелері біліктілігі мен жұмыс стажына қарамастан, еңбек қауіпсіздігі жөніндегі (кіріспе, жұмыс орынында бастапқы, қайталау) нұсқамалықтың барлық түрлерінен уақытылы және толық көлемде өтеді. Ұшу жұмысында 60 күнтізбелік күннен асқан үзіліс болған кезде, сондай-ақ еңбекті қорғау жөніндегі актілердің талаптары бұзылған жағдайда, ұшақ экипажының мүшелері жоспардан тыс нұсқамалықтан (жеке немесе ӘК-нің барлық экипажы) өтеді. Нұсқамалықтан өтпеген тұлғалар жұмысқа жіберілмейді.
2. Жұмыс уақытында ұшақ экипажының мүшелеріне мынадай қауіпті және зиян өндірістік факторлар ықпал етуі мүмкін:
1) ӘК-нің әуеайлақ аумағы арқылы қозғалатын арнайы автокөлік және өздігінен жүретін механизмдер;
2) авиа қозғалтқыштардың өндірілген газдарының ағысы, сондай-ақ тас, құм және оларға түсетін басқа да заттар;
3) жоғары жылдамдықпен қозғалатын ауа соратын ағын (авиа қозғалтқыштардың сопел аймағы);
4) ӘК-нің тұрақтарындағы айналып тұратын бұрамалар;
5) ұшақтың шығып тұратын бөліктері және оның жабдықтары (қозғалтқыштар құрылмасының элементтері, антенналардың үшкір жиектері, люктардың, кіші люктардың жабылмаған жармалары);
6) жоғары сырғу (ұшақтың үстіңгі бетінің, қойма траптарының, жеңіл баспалдақтарының, тұрақ орнының және әуеайлақ жамылғыларының мұздану, ылғалдандыру және майлану салдарынан);
7) ұшақ тұрағының орнында болатын заттар (шлангтар, кабельдер, жерлендіру тросы);
8) биіктігі бойынша өзгерістерден қоршалмағанның жанында (жеңіл баспалдақта, сүйенгіш сатыларда, ұшақтың жазықтығында, жабық емес люктың, кіреберіс есіктің қасында) жұмыс істеу;
9) жұмыс істеп тұрған авиа қозғалтқыштардан шығып жатқан шудың аса жоғарғы деңгейі;
10) ауаның аса жоғарғы немесе төменгі температурасы мен ылғалдылығы;
11) статикалық электрдің разрядтары;
12) жұмыс аймағында, ұшақ тұрағы, перрон орындарында жарықтың жеткіліксіздігі;
13) өрт немесе жарылыс.
3. Ұшақ экипажының мүшелері арнайы киімдерді, арнайы аяқ киімді және белгіленген тәртіппен бекітілген қолданыстағы нормаларға сәйкес басқа да жеке қорғаушы құралдарды пайдалануға тиіс.
4. Сырқаттанғанда, ауырсынғанда, ұшу алдындағы демалысы жеткіліксіз болғанда (өз жерінде орналаспағанда), ұшақ экипажының мүшелері өздерінің жай-күйі туралы ұшақ командиріне баяндайды.
5. Егер ұшақ экипажының мүшесімен жазатайым оқиға болса, онда оған медициналық көмек көрсету қажет.
6. Ұшақ экипажының мүшелері дәрігер келгенге дейінгі бірінші көмек көрсете білуге, борттық медициналық дәрі қобдишасын пайдалана білуге тиісті.
7. Ұшақ экипажының мүшелері Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 2 қарашадағы N 207 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 3205 нөмірмен тіркелген) Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру туралы ережеге сәйкес оларға белгіленген жұмыс уақытының және демалыс уақытының режимін (ұшу уақытының, ұшу алдындағы және ұшудан кейінгі демалыстың нормаларын, кезекте болу тәртіпті) сақтауға тиіс.
8. Өрттің пайда болуын және жарылыстарды алдын алу үшін, ұшақ экипажының мүшелері өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтауға және жолаушылар тарабынан бұзушылықтарға жол бермеуге тиіс.
2-тарау. Ұшу алдындағы дайындық процесінде ұшақ ұшуының
алдында қойылатын еңбек қауіпсіздігінің талаптары
9. Ұшақ экипажының мүшелері ұшудың алдында медициналық тексеруден өтуге міндетті.
10. Әуеайлақ аумағы арқылы жүрген кезде ұшақ экипажының мүшелері мынадай ережені сақтауға тиіс:
1) арнайы осы бағыт бойынша жүру;
2) жүру кезінде көлік құралдарының және өзі жүретін тетіктерінің қағып кетуін болдырмау үшін, ең бастысы қиын метеорологиялық жағдайларда (жаңбыр, тұман, қар көшкіні, көкмұз) және тәуліктің қараңғы уақытында мұқият болу;
3) жоғары қаупі бар аймақтың қасында абайлықты сақтау (авиа қозғалтқыштардың жұмыс істеп тұрған, ұшақтың әуе бұрамалары айналып жатқан, тікұшақтың тасушы және рульдік бұрамаларының, радиотехникалық құралдардың жерлендірілген және борттық антенналарынан сәуле шығару аймақтары, ұшақтарды рульдеу мен сүйрету, ұшақтың жанында арнайы автокөлік пен механизация құралдарының маневрлеуі ұшақтарға май толтыру, тиеу-түсіру жұмыстары), жолдардың жүру бөлігінде;
4) ӘК-нің жанында қауіпсіздік қашықтықты сақтау (қозғалтқыштардан газдардың шығуының бағытында кем дегенде 50 м, қозғалтқыштың ауатартқышының алдында 10 метр, борттық радиолокаторлық станцияларда жұмыс істегенде 20 метр).
11. Әуе кемелерінің ұшуы алдындағы тексеру процесінде:
1) ӘК-не көзделген жарамды жеңіл баспалдақтармен және сүйенгіш сатыларды пайдалану;
2) ӘК-нің тұрағында жүргенде, сондай-ақ ұшақтың төмен орналасқан бөліктерінің қасындағы фюзеляждың астымен жүргенде абайлықты сақтау керек.
12. Ұшақ экипажының мүшелерімен жазатайым оқиға бола алатын салдарларды болдырмау мақсаттарында:
1) жабық емес панельдермен және жеңіл баспалдақтармен жарақат алмау және жабылмаған люктарға түсіп кетпеу үшін, ұшақтың ішінде абайлықты сақтау;
2) саусақты қысып алмау үшін, ұшақтың ішіндегі жабылмаған есігінің ойығынан ұстамау;
3) трап арқылы түскенде, пальтоны немесе плащты түймелеу, тұтқадан ұстау керек.
13. Ұшудың алдындағы дайындық процесінде ұшақтың әрбір экипажының мүшесі ұшуды пайдалану басшылығының талаптарын басшылыққа алады.
14. Ұшақтың сыртын тексерген кезде бортинженердің іс-әрекеті:
ұшақтың жанында қажетті өрт сөндіргіш құралдарды, негізгі шассидің тіреуіш доңғалақтарының астында тірегіш қалыптарының болғанын, шассидегі алмалы-салмалы тоқ жермен қатынаста болуын, ұшақ жерлендірілгенін тексереді;
ұшақтың астында және оның жанында бөгде заттардың болмауын тексереді;
ұшаққа мінгенде шығарылатын траптардың таза болғанына көз жеткізеді.
15. ӘК-нің ішін тексерген кезде бортинженердің іс-әрекеті:
еден мен төбе панельдарының, сондай-ақ есіктердің, оның ішінде авариялық пен жүк қатты жабылғанын тексереді;
бөгде заттардың болмауына жүксалғыштарды, жолаушылар салондарындағы өту жолдарын және экипаж кабинасын тексереді;
бортта авариялық-құтқару құралдары мен жүзу құралдары, борттық қол өрт сөндіргіштері, борттық медициналық дәрі қобдишалары, оттек маскалары мен жүйеде оттектің болуын тексереді;
оттегі маскаларының және жүйеде оттегінің болуын тексереді;
орынтақ бекітілгеніне, байланған белбеулердің бұзылмағанына және белбеу құлпысының жұмыс істеуіне (қажет болуына қарай орынтақтарды және байланған белбеулердің ұзындығын реттейді);
орынтақтардың қалталарын қалып қалған тесетін және кесетін заттармен қолды жарақаттап алмау үшін тексереді.
16. ӘК-нің екінші ұшқышы:
кабинаның сыртына қарау жүргізеді, одан кейін өзінің жұмыс орнына оралады және орынтақ сенімді бекітілгенін, байланған белбеулердің бұзылмағанын және белбеу құлпысының жұмыс істейтінін тексереді (қажет болуына қарай орынтақтарды және байланған белбеулердің ұзындығын реттейді);
түтінге қарсы көзілдіріктердің, оттегі маскаларының және жүйедегі оттегінің болуын тексереді.
17. ӘК-сі командирінің іс-әрекеті:
ұшақтың және оның ұшу құрал-жабдығының дайын екені туралы экипаж мүшелерінің баяндамаларын қабылдайды;
кабинаны қарайды және бөгде заттардың жоқтығын тексереді;
өзінің жұмыс орнына отырады, байланған белбеулердің бұзылмағанына және белбеу құлпысының жұмыс істейтініне көз жеткізеді (қажет болуына қарай орынтақтарды және байланған белбеулердің ұзындығын реттейді).
18. ӘК экипажының барлық мүшелері ұшу үшін белгіленген жағдайда орынтақ тетігі жұмысының, байланған белбеулерінің жарамды және орындықтардың сенімділігін тексереді.
Орындықты артқа қарай жылжытқанда этажерканың жиегіне жарақаттануды болдырмау үшін қолды шынтақшада ұстаған жөн.
19. Тиеу және түсіру кезінде мынадай негізгі талаптар сақталуға тиіс:
1) ұшақтың аударылуын болдырмау үшін соңғы бөлігіне жүк кабинасын тиеу және түсіру уақытында соңғы тіреуіш жіберілуге тиіс.
Соңғы тіреуішті рампаның деңгейлес жағдайында шығарған және жинаған;
2) бас борт операторының (борт серігінің) алдыңғы пультінен электргидравликалық басқаруына ие жүк кабинасында рампаны түсіру және көтеру, соңғы тіреуішті шығару немесе жинау, есігін ашу және жабу алдында тетіктердің жұмыс істейтін аумағында, сондай-ақ рампа жылжуының, тіреуіштің және есіктердің аймағында адамдардың жоқтығына көз жеткізуге;
3) жүктермен жұмыс істегенде пайдаланатын болат арқандар жылжымалы жүктің массасына сәйкес болуға тиіс.
Осы сынақтар туралы ақпаратпен жабдықталмаған қанаттар жұмыста пайдалануға;
4) электршығыр арқылы контейнерлерді тиегенде және түсіргенде борт операторына олардың жылжу жолында (тиісінше контейнердің алдында немесе артында) тұруға рұқсат етілмейді;
5) телферлердің көмегімен контейнерлерді және басқа да жүктерді тиегенде және түсіргенде, борт операторы жүктің шайқалуын болдырмау үшін арнайы ілмектермен бекітіп, сақтандыруға тиіс; қолды шойын арқанмен жарақат алуды алдын алу үшін қорғаушы қолғаптарды пайдалануға тиіс;
6) өзі жүретін шынжыр табаны мен доңғалақ техниканы тиеу және түсіру өзі жүргізіледі; техниканы жүк кабинасына орналастырғаннан кейін, оны тұру тежегішіне орнатуға, ал доңғалақтардың астына екі жақтан тірегіш қалыптарын орнатуға тиіс;
7) "көпір" сызбасы бойынша трап астындағысын пайдалана отырып, тиеген және түсіргенде бас борт операторы аралық тіреуіш бекіткішінің тұрақты және сенімді екеніне көз жеткізуге тиіс;
8) жүктерді кабинаға орналастырғаннан кейін шынжыр арқанмен, тормен, белбеумен және болат арқанның сызбасына сай, ұшақтың центрлегішіне сәйкес, контейнерлердегі құлпылардың көмегімен байлау тиіс;
9) борттық сатылар арқылы жүктерді көтеруге (түсіруге) рұқсат етілмейді.
20. Ұшаққа отын құйған кезде мынадай талаптар сақталуға тиіс:
1) май құю алдында ұшақтың жерлендірілгеніне және отын құятын тұлғаның болуына, статистикалық электр потенциалдарды түзету үшін арқандар қосындыларының болуына көз жеткізуге;
2) ұшақ тұрағының орнында қажетті өрт сөндіргіш құралдарының болуына көз жеткізуге.
21. Ұшаққа май құйған кезде:
1) ұшаққа техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстардың кез келген түрлерін, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарын орындауға және ұшақты мұзға қарсы сұйықтықпен тазалауға;
2) электрмен қоректенудің әуеайлақ көздерін борттық электр жүйесіне қосуға және одан алып тастауға;
3) өрт қауіпсіздігінің талаптарын қанағаттандырмайтын ашық отты және шамды пайдалануға;
4) найзағай жақындаған жағдайда, май құюды жалғастыруға рұқсат етілмейді.
3-тарау. Ұшу тапсырмасын орындау процесінде қойылатын
еңбек қауіпсіздігінің талаптары
22. Ұшу тапсырмасын орындау процесінде, ұшақ экипажының мүшелері қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі талаптары ҰПБ-ның шарттарын сақтау болып табылады.
23. Ұшақты тіркеп сүйреуді, белгіленген шектерде тірегіш жүйесінде қысымы бар жерде ғана жүзеге асыруға болады.
24. Ұшақты тіркеп түсірген кезде, экипаж мүшелері өз орындарында қалуға, қажет болған жағдайда, ұшақтың уақытылы тоқтатуына шаралар қабылдауға тиіс.
25. Ұшақты түнгі уақытта және көрінімі шектелген жағдайларында тіркеп сүйреген кезде, импульстік маякті, аэронавигациялық және габариттық шамдарды қосу және тартымның фаралары мен габариттік шамдарының жанғанына көз жеткізу қажет.
26. Құрғақ бетондалған жол арқылы ұшақты "тұмсығымен" тіркеп сүйреудің жылдамдығы сағатына 10 километрден аспауға, "соңымен" алға - сағатына 5 километрден аспауға, кедергілердің жанында сағатына 5 километрден аспауға тиіс.
27. Әуе кемесінің қозғалтқышын әуе қозғалысын басқаратын диспетчерден (бұдан әрі - ӘҚД) рұқсат, ұшақты шығаратын авиатехниктен және ұшақтың ұшуына дайын екенін экипаж мүшелерінен баяндама алғаннан кейін ғана іске қосуға болады.
28. Ұшақ қозғалтқышын іске қосудың алдында мыналарға:
1) жинамалы траптың алынғанына;
2) ұшақты жіберетін жердегі құрамы қозғалтқышты іске қосуға дайын екеніне;
3) ӘК тұру тежегішінде тұрғанына;
4) қауіпсіз іске қосу мен қозғалтқыштарды сынамадан өткізуді қамтамасыз ететін қашықтықта жылжымалы баспалдақтар мен басқа құралдардың тұрғанына көз жеткізу керек.
29. ӘК бұру алдында әуеайлақтық қоректену көзін ажырату қажет.
30. ӘК-нің рульдеу жылдамдығы жүру жолының жағдайына, көрінімнің жағдайларына және кедергінің болуына тәуелді болуға тиіс.
31. Кедергілердің, ӘК қарқынды жылжу аймақтарының, арнайы автокөліктің, адамдардың жанында, сондай-ақ көрінімі шектелген кезде рульдеу ұшақтың уақытылы тоқтауын қамтамасыз ететін жылдамдықпен орындалуға тиіс.
32. ӘК экипажының мүшелері ұшқан кезде, өздерінің жұмыс орындарында болады, байланған белбеулері бар орынтақтарға іліктіріледі.
33. ӘК экипажының мүшелеріне қысқатолқынды радиостанциясына арналған жалаңаш ашық антенналарды ұстауға тыйым салынады.
34. Сақтандырғышты ауыстырған кезде оқшауланған қысқышты қолдану керек.
Тоқтың жоғары қуатына есептелген сақтандырғыштарды пайдалануға жол берілмейді.
35. Электр тізбегінің кернеуін тексеру қажет болғанда, "ұшқын" тәсілін пайдалануға жол берілмейді.
36. ӘК экипажының мүшелері электр қалқаншалар, бөлуші және клеммдық қораптары үнемі жабық болуына көз жеткізуге тиіс.
37. 4 сағаттан астам ұзақтықта ұшақ ұшқан кезде, сондай-ақ төмендегеннің алдында, сақтандыру мақсаттарында әрбір 2 сағат сайын 10 минут бойы оттегімен тыныс алуға жөн.
38. Экипаждың мүшелері оттегі құралын пайдаланған жағдайда, қолдары таза болуға тиіс.
39. ӘК экипажының мүшелері кабинадан шыққан сайын сыртқы есікті құлпылауға және оны шартты белгі бойынша ғана ашуға тиіс.
40. Ұшақ экипажы мүшелерінің ұшу кезіндегі тамақтану уақыты мен кезектілігін ӘК-нің командирі белгілейді. Екі ұшқыш бір уақытта тамақтануына рұқсат етілмейді.
41. Ұшқаннан кейін тұраққа бұрған кезде ӘК экипажының мүшелері кедергілерді қарап және соқтығысып қалмау үшін бұл туралы ұшақтың командиріне уақтылы баяндайды.
4-тарау. Авариялық мән-жайларда қойылатын
еңбек қауіпсіздігінің талаптары
42. Май құю кезінде ӘК-нің үстіне немесе тұрақ орнының жабындысына отын төгілген жағдайда, май құю төгілген отынды толығымен жойғанға дейін тоқтатылады. Осы орайда төгілген отынды ұшақтың үстінен және оның тұрақ орнынан кетіргеннен кейін қозғалтқыштарды іске қосуды 10-15 минут өткен соң жүргізуге болады.
43. Жерде тұрған ӘК-де өрт пайда болған жағдайда экипаж мүшелері бұл туралы ӘҚД-ның қызметіне бірден хабарлайды және жолаушыларды эвакуациялауды бастайды. Өртті жойған кезде, борттық құралдардан басқа, қосымша әуеайлақта бар жердегі өрт сөндіргіш құралдарын пайдалану керек.
44. Ұшу кезінде ұшқыштың немесе жолаушылардың кабинасында, сондай-ақ ұшақтың жүксалғыш бөлігінде түтінді, өртеңді және ашық жалынды байқаған кезде, ол туралы ұшақтың командиріне дереу баяндау және қолмен өрт сөндіретін құрал мен басқа да қол жетімді құрал-жабдықтар арқылы өрт ошағын іздеуге және сөндіруге кірісу қажет. Өрт туралы ӘҚД (бұдан әрі - ӘҚД) диспетчеріне хабарлау қажет.
45. Экипаж кабинасында түтін пайда болған жағдайда ұшақ экипажының барлық мүшелері түтіннен қорғайтын құралдарды (оттек маскалары мен түтіннен қорғайтын көзілдірікті) киген жөн.
46. ӘК-нің электр энергиясын тұтынушысының әлде-біреуінде өрт шыққан жағдайда оны дереу ажырату қажет.
47. ӘК экипажының мүшелері жолаушылар арасында үрейдің пайда болуын болдырмауға тиіс.
48. Егер өрт ұшу кезінде сөндірілмесе, онда ӘК қонғаннан кейін ӘК-нен жолаушыларды қауіпсіз жерге эвакуациялау үшін авариялық құрал-жабдықтарды пайдалану қажет.
49. Ұшақтың авариялық қону жағдайында және басқа да ерекше жағдайларда ұшақ экипажы мүшелерінің іс-қимылы Ұшуды пайдалану басшылығына (бұдан әрі - ҰПБ) талаптарына сәйкес болуға тиіс.
6-тарау. Тікұшақ ұшуы аяқталғаннан кейін қойылатын
еңбек қауіпсіздігінің талаптары
50. Ұшақтың кабинасында артық қысым болған жағдайда кіреберіс есіктер мен асүйдің есіктерін ашуға жол берілмейді. Кабинадағы қысымды сыртқы қысыммен теңестіру үшін екінші ұшқыш желкөзді ашқаны жөн.
Кіреберіс есіктерді ашу алдында бортинженер ішкі басқару пульттерінің үстінде "Есікті ашыңыз" деген жарық көрсеткіш тақтасы жанып тұрғанына көз жеткізуі қажет.
51. Трапқа трапты толық жайып салғаннан, траптың жартысын олардың қосымды мүшелерін құлыпқа орнатқаннан және "Трап жіберілді" деген жасыл жарық белгі тақтасы жанғаннан кейін ғана шығуға болады.
52. Экипаж мүшелері ұшақтан шығатын трапқа қозғалтқыштар әбден тоқтағаннан кейін шығуға тиіс.
Траптан бірнеше баспалдақтарды аттап түсуге болмайды; траптан түскен кезде тайғанауды болдырмау үшін тұтқаны ұстаған жөн.
53. Бортинженер:
1) экипаждың орынтақтарының қалталарында кесетін немесе тесетін заттардың қалмағанына;
2) шасси доңғалақтарының астына тірегіш қалыптардың орнатылғанына, ұшақ жерлендірілгеніне көз жеткізуге тиіс.
54. Ұшаққа ұшқаннан кейінгі сыртқы тексеруді жүргізген кезде осы Нұсқаулықтың 13-тармағында баяндалған сақтық шараларын орындау қажет.
55. Экипаж мүшелері осы Нұсқаулықтың 12-тармағында баяндалған қауіпсіздік шараларын ескере отырып, белгіленген жерлерде қауіпсіз жолымен перрон бойынша ұшақтан шығып жүруге тиіс.
1-бөлім. Ұшақ экипажының қауіпсіздігі және еңбегін
қорғау жөнінде қойылатын талаптар
7-тарау. Еңбекті қорғау жөніндегі жалпы талаптар
56. Тікұшақ экипажы мүшелерінің біліктілігі мен жұмыс стажына қарамастан еңбек қауіпсіздігі жөнінде түсіндірудің барлық түрлерінен (кіріспе, жұмыс орнындағы бастапқы, қайталанған) уақытында және толық көлемде өтеді. Ұшу жұмысында 60 күнтізбелік күннен асатын үзілістер болған кезде, сондай-ақ еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын бұзған жағдайда тікұшақ экипажының мүшелері жоспардан тыс түсіндіруден (жеке немесе тікұшақ экипажының барлығы) өтеді. Түсіндіруден өтпеген тұлғалар жұмысқа жіберілмейді.
57. Жұмыс кезінде экипажға мынадай негізгі қауіпті және зиянды өндірістік факторлар қолайсыз әсер етуі мүмкін:
1) әуеайлақ аумағында жүрген ӘК, арнайы автокөлік пен өзі жүретін механизмдер;
2) тікұшақтардың айналған тасушы және рульдық бұрамалары;
3) іске қосылған тасушы бұрамалар мен авиа қозғалтқыштарынан шыққан ауа мен газ ағындары;
4) ауаның жоғары шаңдануы мен газданғандығы;
5) тікұшақтың шығып тұратын бөлігі мен оның құралдары;
6) жоғары сырғу (әуеайлақ жамылғыларының, жеңіл баспалдақтардың үстіне мұз қату, ылғалдану және майлану салдарынан);
7) тікұшақ тұрағы жерінің бетінде тұрған заттар (шлангтар, кабельдер, жерлендірілгіш тростар, сыртқы аспаның элементтері және т.б.);
8) биіктігі бойынша өзгерілістерден қоршалмағанның жанында (жеңіл баспалдақта, сүйенгіш сатыда, жабылмаған люктің, кіреберіс есіктің қасында және т.б.) жұмыс істеу;
9) өткір жиектер, қабыршақтар, құрал-жабдықтардың, жүктердің, арқандардың және т.б. бетіндегі кедір-бұдыры;
10) тікұшақта тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізген кездегі жылжымалы жүктер;
11) құламалы жүктер, жүккөтергіш механизмдердің опырылған құрылымдары;
12) шу мен дірілдің жоғары деңгейі;
13) ауаның жоғары немесе төменгі температурасы мен ылғалдылығы;
14) статикалық электрінің разрядтары;
15) жұмыс аймағының, тікұшақ тұрағы жерлерінің, перронның жеткіліксіз жарықталуы;
16) өрт болу мүмкіндігі;
17) психоэмоционалдық және физикалық артық жүк түсіру.
58. Тікұшақ экипажының мүшелері қажетті жағдайда арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және өндірістік факторлардың қауіпті және зиянды әсерінен қорғайтын басқа да жеке сақтану құралдарын пайдалануға тиіс.
59. Тікұшақ экипажының мүшелері жазатайым оқиға кезінде бірінші көмек көрсетуді, борттық медицина қобдишасын пайдалануын білуге тиіс.
60. Сырқаттанған, өзін-өзі жайсыз сезінген, ұшу алдындағы демалыс жеткіліксіз болған жағдайда тікұшақ экипажының мүшелері тікұшақтың командиріне өзінің жай-күйі туралы баяндайды.
61. Егер тікұшақ экипажының мүшесімен жазатайым оқиға болса, онда оған бірінші көмек көрсету және қажетті жағдайда медициналық санитарлық бөлікке немесе басқа емдеу мекемесіне жеткізу қажет.
62. Тікұшақ экипажының мүшелері оларға белгіленген жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимін (ұшу уақытының, ұшу алдындағы және ұшу аяқталғаннан кейінгі нормаларды, кезекте болу тәртібін) сақтауға тиіс.
63. Өрт пен жарылыстардың болу мүмкіндігін алдын алу үшін экипаж мүшелері өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтайды және жолаушылар тарапынан бұзушылықтарға жол бермейді.
Тікұшақ ұшқан кезде экипаж кабинасында, жүк-жолаушы кабинасында темекі шегуге рұқсат етілмейді.
8-тарау. Ұшу алдындағы дайындық процесінде ұшу алдында
қойылатын еңбек қауіпсіздігінің талаптары
64. Ұшу алдында тікұшақ экипажының мүшелері медициналық тексеруден өтуге міндетті.
65. Әуеайлақ аумағында жүру кезінде экипаж мүшелері мынадай талаптарды сақтайды:
1) осы үшін әдейі арналған жаяу жүретін бағыты бойынша жүру;
2) жүру кезінде ұқыпты болып және айналадағы ахуалдың әсіресе күрделі метеорологиялық жағдайларда (жаңбыр, тұман, қар жауу, көктайғақ және т.б.) және тәуліктің қараңғы уақытында өзгеруін қадағалау;
3) аса қауіпті аймақтардың жанында (әуе кемелерінің іске қосылған авиа қозғалтқыштарының және айналған әуе мен тасушы бұрамаларының, жердегі және борттық радиотехникалық құралдары антенналарының сәуле шығару, әуе кемелерін жүргізу мен тіркеп сүйреу, әуе кемесінің қасында арнайы көлік пен механизация құралдарының маневрлеу, ұшаққа май құю, тиеу-түсіру жұмыстарының аймақтарында), сондай-ақ жолдардың жүру бөлігінде абайлықты сақтау.
66. Тікұшақты ұшу алдындағы бақылау тексерудің алдында бортмеханикке тікұшақтың жерлендірілуін, тікұшақтың шасси доңғалақтарының астында тірегіш қалыптардың болуын, тікұшақтың жанында өрт сөндіру құрал-жабдықтардың болуын, алаңда бұрамалардың қалақтарына немесе қозғалтқыштарға түсуі мүмкін тікұшақтың жанында ұсақ тастардың және бөгде заттардың жоқтығын тексеру қажет.
67. Экипаждың мүшелері тікұшақтың және оның құралдарын бақылап тексеруді ҰПБ-ның талаптарына сәйкес бақылап тексерулердің парақтарында көзделген бірізділікте және көлемде өткізеді.
68. Тікұшақты ұшу алдындағы бақылау тексеру процесінде:
1) осы тікұшаққа көзделген жарамды баспалдақтар мен сүйенгіш сатыларды пайдалану;
2) тұрақ орыны бойынша жүрген кезде және тікұшақтың төмен орналасқан және шығып тұратын бөліктерінің қасында абайлық сақтау;
3) тікұшаққа көтерілудің алдында борттық траптың, оның өз еркімен жылжуына мүмкіндік бермейтін, сенімді орнатылғанына көз жеткізу; бұл ретте траптың сырғалақ тесіктері ұяларына кіргеніне, сондай-ақ траптың бетінде тайғанауға себепші болатын мұз, жанар-жағар май және басқа да заттар болмауына назар аудару қажет;
4) борттық трап бойынша көтерілген (түскен) кезде аса жоғары абайлықты сақтау керек.
69. Тікұшаққа май құйған кезде тікұшақтың және отын құюшының жерлендіруінің болуын, статикалық электрдің потенциалдарын теңестіру үшін оларды троспен қосылысын тексеру, тікұшақтың жанында өрт сөндіретін қажетті құрал-жабдықтардың болуына көз жеткізу, май құюды бақылайтын аспаптардан басқа электр энергия приборларын тексеру қажет.
70. Тікұшаққа май құйған кезде:
1) борттық аккумуляторларды ауыстырып қосуға, әуеайлақ қоректендіру көздерін қосуға;
2) радио және электр жабдықтарымен жұмыс жүргізуге;
3) тікұшақта ұшқын шығуына, ашық жалынға байланысты жұмыстарды орындауға, сондай-ақ тікұшақтан 25 метрден кем қашықтықта ашық жалынды пайдалануға рұқсат етілмейді.
71. Тікұшақтың қозғалтқыштары іске қосылған немесе қозғалтқыштары іске қосылған басқа тікұшақтар мен ұшақтардан 25 метрден кем қашықтықта болған кезде бактарға май құюға рұқсат етілмейді.
72. Тікұшақты тиеу және түсіру кезінде мынадай талаптар сақталады:
1) бортмеханик тікұшақты техникамен, жүктермен тиеуді трап бойынша жүк люгі арқылы жүргізуін байқауға тиіс;
2) тәуліктің қараңғы уақытында жұмыс атқарған кезде борттық жарықтандыруды қосу қажет;
3) тікұшаққа тиеу алдында жүк люгінің жармаларын ашу және ашық жағдайында бекіту, траптарды тиелетін өзі жүретін техниканың (немесе арбадағы жүктің) қажетті жолтабанына қою, қажетті такелаждық арқандап байлау құралдарының болуын және жарамдылығын тексеру қажет;
4) кіреберіс есікке және авариялық люктерге жолдар бос болуға және жүк немесе қол жүгімен үйілмеуге тиіс;
5) доңғалақты техниканы (немесе арбадағы жүктерді) тікұшаққа жерден тиеу трап бойынша жүк люгі арқылы жарамды тиейтін электр шығырымен жүргізілуге тиіс; шығырды басқаруын бортмеханик жүзеге асырады;
6) өзі жүретін техниканы тиеу мен түсіруді өзінің жүруімен жүргізген жөн;
7) бір біріне тіркелген екі тал техниканы тікұшаққа жылжытқан кезде алдында келе жатқан техника доңғалақтарының астына тірегіш қалыптарды салу керек;
8) доңғалақты техниканы шиналарында азайтылған ауа қысымымен және тірегіш қалыптарға белтемірлер (көпірлер) орнатып тасымалдау қажет;
9) тікұшақта орналастырылатын жүктерді, олар ұшқанда өз еркімен жылжуын болдырмайтын тәсілмен бекіту қажет;
10) ұсақ жүктерді бір біріне байлау немесе арнайы жәшіктерге тиеу және оларды еденге болат арқанды торлар мен болат арқанды тростар арқылы бекіту қажет;
11) үлкен габариттік жүктерді және тасымалданатын техниканы жүк кабинасының еденіндегі байлайтын сақинаға болат арқанды тростар арқылы бекіту қажет;
12) ұзын габариттік жүктерді (мысалы, тасушы бұраманың қалақтарын) жүк жармаларының жартылай ашық жағдайында тасымалдауға рұқсат беріледі, олар сенімді бекітілуі тиіс;
13) сыртқы аспамен жүкті тасымалдау жөнінде жұмысқа дайындық кезінде бортмеханик ілмек элементтерінің мықтылығына жүргізген сынақтар туралы мәліметтердің болуын тексеруге тиіс.
Рұқсат етілетін нормадан асатын механикалық зақымдануы бар ілмектер мен тростарды пайдалануға жол берілмейді.
73. Қозғалтқыштарға шығатын люк арқылы үстіне көтерілу қажеттілігі және ашық капоттарда жүру кезінде асықпай, абайлық таныту керек.
9-тарау. Ұшу тапсырмасын орындау процесінде
қойылатын еңбек қауіпсіздігінің талаптары
74. Ұшу тапсырмасын орындау процесінде экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуінің негізгі талабы олардың НПП, ҰПБ және Тікұшақ экипажының жұмыс технологиясының талаптарын тура сақтауы болып табылады.
75. Тікұшақтың командирі қозғалтқыштарды авиатехниктің тікұшақтың ұшуына дайын екендігі туралы баяндамасынан, тікұшаққа бақылап тексеруді жүргізгеннен және іске қосу алдында бақылап тексеруді орындағаннан кейін ғана іске қоса алады.
76. Тікұшақтың командирі қозғалтқыштарды іске қосудың алдында шасси доңғалақтарының астында тірегіш қалыптардың болуына, ал тікұшақтың жанында және тасушы бұраманың айналу аймағында бөгде заттар мен адамдар жоқ екеніне көз жеткізуі тиіс.
77. Тікұшақтың командирі "Бұрамалардан" деген команда беруі тиіс және "Бұрамалардан құп болады" деген жауап алғаннан кейін авиатехник тасушы бұраманың айналу аймағынан тыс ілгері, сол жағынан - көз алдында тұрғанына көз жеткізуі тиіс.
78. Авиатехниктің қозғалтқыштарды дереу өшіру туралы белгісі (іске қосу кезінде) тез орындалуға тиіс.
79. Тікұшақ бортындағы адамдардың ең жоғарғы саны байлайтын белбеулермен жабдықталған орындықтың санынан аспауға тиіс.
80. Ұшуды орындаған кезде экипаждың мүшелері өз жұмыс орындарында орынтақтарға байланған белбеулермен іліктілінуі тиіс.
81. Тікұшақты тегіс және мығым топырақта жүргізуге рұқсат беріледі.
82. Тікұшақты жүргізуін орындау үшін жүргізу жолында ешқандай кедергілер жоқ екендігіне көз жеткізуі тиіс.
83. Тікұшақ экипажының мүшелері жүргізу кезінде айналадағы жағдайды қадағалайды және тікұшақтың командирін кедергілер туралы ескертеді.
84. Кедергілердің жанында, ӘК-нің, арнайы техниканың, адамдардың қарқынды жүру аймағында, сондай-ақ көрінім шектелген кезде жүргізу түкұшақты дер кезінде тоқтатуды қамтамасыз ететін жылдамдықта орындалуға тиіс.
85. Жүргізудің жылдамдығы топырақтың жай-күйіне, желдің бағытына, жағдайға байланысты таңдалуға тиіс және 30 км/сағ. аспауға тиіс. Қардың үстінде және шаңда жүргізу кезінде жүргізудің жылдамдығы 10 км/сағ. аспауға тиіс.
86. Тегіс емес және тұтқыр топырақта, қалың немесе жұмсақ қарда жүргізудің орнына стартқа ұшуды немесе тұрақтан тікелей ұшуды орындау керек.
87. Жүкті іліп алу (ағыту) маневрі алаң ілінген жерінен (шолу бұрышынан) анық көрінгеннен кейін ғана орындалуға тиіс.
88. Жүк ілінген және көтерілген кезде, жүк ілініп қалудың алдында тежеу, орнықтыру мен ағыту жағдайында тікұшақтың командирі жұмысты орындау процесін қадағалап тұрған бортмеханиктің командасы бойынша ұшады.
89. Жұмысты орындау кезінде тікұшақтың бортмеханигі ашық кіреберіс есіктің немесе жүк кабинасының еденіндегі люктің жанында, ал люк болмаған жағдайда - жүк жармасының бұрышы алынған жүк жармаларының аймағында болады және сөйлесу құрылғылары арқылы тікұшақтың командирін жүктің "тәртібі" және арқан аспасы мен электр құлпы жай-күйі туралы хабардар етеді.
90. Тікұшақтың кіреберіс есігінен немесе люгінен құлаудың алдын алу үшін тікұшақтың бортмеханигі сақтындыратын белдікті пайдалануға тиіс.
Бұл ретте белдіктің тізгіні карабинмен тікұшақтың күш элементтеріне (қалқып тұру режимінде жүк кабинасындағы байлайтын сақиналарға) тіркелуге тиіс.
91. Бортмеханиктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тікұшақтың жүк кабинасының еденінде орналасқан сыртқы арқанды аспа люгінің қорғайтын қоршауы болуы тиіс.
92. Көз бен қолдың жарақаттануын болдырмау үшін тіқұшақтың бортмеханигі сыртқы аспамен жұмыс атқарған кезде шаң мен қардан қорғайтын көзілдірікті, троспен жұмыс істегенде қолғаптарды пайдаланады.
93. Тікұшақтың 4000 метрден астам биіктікте ұшуы экипаждың оттек құралдарын пайдалана отырып орындалуға тиіс.
94. Қалқып қалу мен ұшу режимінде жүргізген кезде бұрамалық мотор тобын қарау үшін қалқып қалу режимінде жоғарғы люкті ашуға жол берілмейді.
10-тарау. Авариялық мән-жайларда қойылатын
қауіпсіздік талаптар
95. Егер отынмен толтыру кезінде тікұшаққа отын құйылған жағдайда, тікұшақтың үстінен және оның тұрған орнынан төгілген отынды кетіргеннен кейін 10-15 минут өткеннен соң ғана қозғалтқыштарды іске қосуды жүргізуге болады.
96. Тікұшақта, жерде өрт басталған жағдайда экипаж мүшелері ол туралы ӘҚД-ның қызметіне дереу хабарлайды және жолаушыларды эвакуациялауға кіріседі.
97. Ұшу кезінде түтінді, өртеңді немесе ашық жалынды байқаған кезде ол туралы ұшақтың командиріне дереу баяндау және қолмен өрт сөндіретін құрал мен басқа да қол жетімді құрал-жабдықтар арқылы өрт ошағын іздеуге және сөндіруге кірісу қажет. Өрт туралы оның диспетчеріне хабарлау қажет.
98. Экипаж кабинасында түтін пайда болған жағдайда ұшақ экипажының барлық мүшелері түтіннен қорғайтын құралдарды (оттек маскалары мен түтіннен қорғайтын көзілдірік) киген жөн.
99. Электр энергиясын қандайда бір тұтынушыларында өрт пайда болған жағдайда тікұшақты өшіру қажет.
100. Ұшақтың авариялық қону жағдайында және басқа да ерекше жағдайларда ұшақ экипажы мүшелерінің іс-қимылы ҰПБ-ның талаптарына сәйкес болуы тиіс.
11-тарау. Тікұшақтың ұшуы аяқталғаннан кейін
қойылатын еңбек қауіпсіздігінің талаптары
101. Жүкті тиеу мен түсіру, тікұшақтың жолаушыларын отырғызу мен түсіру қозғалтқыштар тоқтатылған кезде жүзеге асырылады; айрықша жағдайларда, егер алаң еңіс болмаса және бөгде заттар үйілмесе, онда тікұшақтың командиріне қозғалтқыштар іске қосылған кезде осындай операцияларды барлық қажетті қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізуге құқық беріледі.
102. Тікұшақтың қозғалтқыштары іске қосылған жағдайда адамдарды түсірген кезде адамдар тікұшақтан экипаж мүшелерінің командасы бойынша командирдің көз алдында болып, алыстауға тиіс.
Тікұшаққа осы бағыттан ғана тікұшақ экипажы мүшелерінің еруімен жақындауға болады.
103. Жүк жармалары арқылы жүктерді түсіру (тиеу) қажеті кезінде екінші ұшқыш соңғы арқалық шпангоутының жанында болады және бортмеханикпен бірлесіп жүктерді түсіру (тиеу) жүргізіп жатқан жердегі персоналдың жұмысына басшылық жасайды.
104. Тікұшақтың ұшудан кейінгі сыртқы қарауды орындау кезінде экипаж мүшелеріне осы Нұсқаулықтың 72-тармағында баяндалған сақтық шараларын сақтауға тиіс.
105. Тікұшақ экипажының мүшелері тікұшақтан осы Нұсқаулықтың 69-тармағында баяндалған сақтық шараларын сақтай отырып әуеайлақ бойынша жүру кезінде қойылатын қауіпсіздік шараларға сәйкес, жүргізіп жатқан тікұшақтар, айналып тұрған бұрамалардың қалақтарын, арнайы автокөліктің, перрондық механизмдердің жүріп келе жатқанын ескере отырып, белгіленген жерлерде қауіпсіздік жолымен перрон бойынша жүреді.