Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы"
Заңының
26 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымша берілген ережелер бекітілсін:
1) Жылқының африкалық оба ауруының алдын алу және жою бойынша іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ветеринариялық ереже;
2) Шошқаның кәдімгі обасының алдын-алу және жою бойынша іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ветеринариялық ереже;
3) Жылқының инфекциялық энцефаломиелитінің алдын алу және жою бойынша іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ветеринариялық ереже.
2. Ветеринария департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстардың және Астана, Алматы қалаларының аумақтық басқармаларымен бірге, заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес, осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктердің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторларына жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
"Ауыл шаруашылығы жануарларының
кейбір инфекциялық ауруларының
алдын-алу және жою бойынша
іс-шараларды жүзеге асыру
жөніндегі Ветеринариялық
ережелерін бекіту туралы"
2004 жылғы 26 қазандағы
N 605 бұйрығымен бекітілген
Жылқының африкалық оба ауруының алдын-алу және
жою бойынша іс-шараларды жүзеге асыру
жөніндегі ветеринариялық ереже
Осы жылқының африкалық оба ауруының алдын-алу және жою бойынша іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ветеринариялық ереже (одан әрі - Ветеринариялық ереже) жеке және заңды тұлғаларға ветеринариялық шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, орындау үшін міндетті тәртібін анықтайды.
1. Жылқының африкалық обасы - тақ тұяқты жануарлардың инфекциялық ауруы, лихорадкалық реакцияның жіті білінуімен, тері асты клетчаткасымен өкпенің қабынуымен, дене қуысына жалқаяқты сұйықтардың жиналуы және ішкі органдарға қан құйылуымен сипатталады. Обадан өлген жылқының етін жеген иттер аурудың қоздырғышын жұқтыруға бейім.
3. Инкубациялық кезең 15 күннен 40 күнге дейін.
4. Африкалық обамен ауырып жазылған жылқыларда вирусты тасымалдау 3 айға созылады. Инфекцияның қоздырғыш көздері ауру малдар болып табылады. Жас жылқылар африкалық обаға өте бейім, бірақ иммунді аналық малдың құлындары 5-6 айға дейін жұқтыруға төзімділік танытады.
5. Дымқыл, төменгі жерлерде ауру тіркеледі, ал ауа райы қоңыр жайлы аймақта аурудың ең биіктігі жаздың соңында және ерте күзде байқалады. Аурудың берілу жолдары биологиялық (жәндіктер-тасымалдаушылар аналық сары масалар, сонымен қатар шіркейлер) табылады. Табиғатта ауру қоздырғышының қорламасы жабайы жануарлар болады. Ауырып жазылған малдардың организімінде вирус 90 күнге дейін сақталады. Өлім көрсеткіші 95% дейін жетеді.
6. Диагноз ауру малдың қанын жылқының көк тамырына немесе тышқанның миының ішіне жіберіп жұқтыру арқылы биологиялық сынама әдісімен қойылады. Жануардың тірі кезінде диагноз қою үшін аглютинация, тежеу, гемоаглютинация, дифузиялық тұндыру, вирусты бейтараптау, комплимент бірлестіру реакцияларын қолданады.
7. Диагноз қойғанда сібір жарасын, инфекциялық анемия, вирусты артериит, пироплазмидоз, инфекциялық анемия ауруларын ажырату керек.
2. Ветеринариялық-санитариялық таза аймақтарда
жүргізілетін алдын-алу іс-шаралары
8. Жылқының африкалық обасы еніп және таралып кетпес үшін:
1) профилактикалық және басқа шараларды жүргізуін жүйелі бақылау;
2) осы аурудың алдын алуда жергілікті географиялық жағдайларды ескеріп жүргізілетін іс-шаралардың аумақтық шекарасын анықтау;
3) обработкаға жататын мал басын, неше рет өткізу керектігін, бөлме көлемін, гематофагтардың жиналған жерлерін есептеп іс-шараларды жүргізуге қажетті биопрепараттарды, инсектицидтерді, және басқа материалдарды қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру;
4) елді мекендердегі халықтар арасында осы аурудың тегі және онымен күрес жолдары туралы ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
5) барлық тақ тұяқты және иттерді қатаң есепке алу;
6) барлық тақ тұяқтыларды басқа малдардан бөлек ұстау;
7) жылқының африкалық обасы жөнінде таза емес аймақтардан шаруашылық субъектілеріне жылқыны енгізуге, сонымен қатар азықпен құралдар әкелуге кіргізуге тиым салынады;
8) малдардың барлық түрлерін инсектицидтерді қолдана отырып, Қазақстан Республикасының реестрінде тіркелген ветеринариялық препараттармен обработка жасау;
9) кеміргіштермен күресу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, жануарларға арналған бөлмелерді және гематофагтардың жиналатын орындарға жүйелі түрде дезинфекциялауды жүргізу.
3. Таза емес пункттерде және эпизоотиялық
ошақтарда жүргізілетін іс-шаралар
9. Шаруашылық субъектілерінде жылқының африкалық обасы шыққан кезде ветеринариялық маман жедел түрде әкімшілік аумақтық бірлігіне тиісті ветеринариялық инспекторларына хабарлайды.
10. Әкімшілік аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы жылқының африкалық обасына күдік туралы хабарлама алғаннан соң, ауру шыққан жерге диагноз қою және эпизоотиялық зертеу жүргізіп, эпизоотиялық ошақтың шекарасын анықтап, ауру жануарлардан сынама алып, диагноз қою үшін ветеринариялық лабораторияға жөнелтеді, тақ тұяқтылардың обасының жұғу көздері мен таралу жолдарын анықтап, сонымен қатар диагноздың анықталғанын, қолданылған шаралар туралы жылқының африкалық обасынан қауіп төніп тұрған жақын әкімшілік аумақтық бірліктерінің ветеринарлық инспекторларына жедел түрде хабарлайды.
11. Ақырғы диагноздың қорытындысы бойынша ауру шыққан шаруашылық субъектілерді осы аурудан таза емес деп жариялап, Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес карантин қойылады.
12. Таза емес аймақтан карантин ақырғы мал өлгеннен бастап бір жыл өткен соң қорытынды дезинфекция жүргізілгеннен кейін, Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы заңының 27 бабының 3 тармағына сәйкес алынады.
13. Карантин шарттары бойынша рұқсат берілмейді:
1) таза емес пункттерге малдың барлық түрлерін әкелуге, одан шығаруға;
2) ауру және сау малдарды бір жайылымда жаюға, суаруға және бір қорада ұстауға, сонымен қатар шаруашылық субъектілерінде малдарды қайта топтастыруға;
3) жылқыларды, есектерді, қашырларды және басқа малдарды сатуға, көрмелерді және карантиндік пункттер мен қауіпті аумақтарда малдардың жиналуымен байланысты басқада шараларды ұйымдастыруға.
14. Карантинді постардың өту жолдары дезинфекция жүргізетін арнайы құралдармен инсектицидтік қамтамасыз етілуі тиіс.
15. Карантин қойылған шаруашылық субъектілеріне енетін және олардан шығатын автокөліктер тыңғылықты дезинфекциядан өтуі тиіс. Олардың үстіндегі жүктер де дезинфекцияланады.
16. Карантинді пунктте келесі шаралар өткізіледі:
1) бос жүрген иттер жойылады;
2) африкалық обадан өлген мал өлекселері өртеліп, жойылады;
3) жылқының африкалық обасын жұқтыру қаупі бар тақ тұяқтылар басқа малдардан жеке ұсталады;
4) иттер және тақ тұяқтылар, жағдай болған кезде барлық малдар, құспен қоса алғанда жүйелі түрде инсектицидтармен обработкадан өтуі тиіс;
5) ауру малдар тұрған қорадан қилар, төсеніштер, жем қалдықтары күнделікті жиналып, өртеу арқылы жойылады;
6) гематофагтардың туған және орын тепкен жерлерін (арықтар, бұлақтар, бұлақтардың батпақ жағалаулары, көлшік және басқалары) жүйелі түрде инсектицидтермен обработкадан өтуі тиіс.
18. Жылқының африкалық обасына күдікті клиникалық белгілерімен өлген тақ тұяқтылардың өлекселері алғашқы ауырған жағдайда диагнозды анықтау үшін гематофагтардың ұшып қонуынан, инфекцияны таратпау шарттарын сақтап сойылып, соңынан өртеу арқылы жойылады.
19. Тақ тұяқтылардың африкалық обасынан сауықтырылған шаруашылық субъектілерінде 3 жыл қатарынан өткізілетіндер:
1) тақ тұяқтылар мен иттерді инсектицидтермен жүйелі түрде обработкадан өткізу;
2) гематофагтардың туатын және орын тепкен жерлерін инсектицидтармен жүйелі түрде обработкадан өткізу;
3) кемергіштерді жою іс-шараларын ұйымдастыру (жылқының африкалық обасының қоздырушысының қорламасы).
20. Бұрын тақ тұяқты жануарлардың обасынан таза емес шаруашылық субъектілеріне малдарды енгізу, шығару және сатуға карантин алынғаннан соң бір жылдан кейін, тақ тұяқты жануарлардың осы аурудан толық тазарған жағдайында ғана рұқсат беріледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
"Ауыл шаруашылығы жануарларының
кейбір инфекциялық ауруларының
алдын-алу және жою бойынша
іс-шараларды жүзеге асыру
жөніндегі Ветеринариялық
ережелерін бекіту туралы"
2004 жылғы 26 қазандағы
N 605 бұйрығымен бекітілген
Шошқаның кәдімгі обасының алдын-алу және
жою бойынша іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі
ветеринариялық ереже
Осы шошқаның кәдімгі обасының алдын-алу және жою бойынша іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ветеринариялық ереже (одан әрі - Ветеринариялық ереже) жеке және заңды тұлғаларға ветеринариялық шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, орындау үшін міндетті тәртібін анықтайды.
1. Шошқаның кәдімгі обасы (әрі қарай - ШКО) - жұғымталдығы жоғары вирустық ауру, қызбамен, қанталауға бейімділікпен, асқорту жүйесінде өлі еттену өзгерістерімен, жоғары өлім-жітіммен сипатталады.
2. ШКО-ның қоздырғышы - вирус, ауру жануардың денесінен несебімен, терімен, бездер шығаратын бөлінділерімен және торайлағанда қағанақ суымен шығарылып, кептіруге және төменгі температураға тұрақты келеді, күзгі-қысқы мезгілде сыртқы ортаның объектілерінде, мұздатылған және тұздалған ет өнімдерінде, зарарсыздандырылмаған сойылған шошқа өнімдерінде және жануарлар азығында ұзақ сақталады.
3. Ауырған, аурып жазылған үй және жабайы вирустасығыш-шошқалар инфекция қоздырғышының көздері болады. Вирустасығыштық 3 айдан 10 айға дейін созылады. Берілу факторлеріне су, азық, төсеніш, қиы, өлекселер, союдың өнімдері, қасапхана, асхана қалдықтары жатады.
4. Инкубациялық кезең 7 күннен 10 күнге дейін. Жануарлар ауруға шалдыққаннан кейінгі 5 күннен 14 күннен бастап, ал созылалы инфекция жағдайында 3 айға дейін ауруды жұқтырушы болып қалады.
5. Диагнозды кешенді эпизоотиялық деректер, аурудың клиникалық білінулері, патологоанатомиялық өзгерістер, гемотологиялық және микробиологиялық зерттеулерді негізге алып қояды.
1) Эпизоотиялық деректерден аурудың шошқалар арасынан білінуі олардың жасына, жыл мезгіліне, азықтандыру және күту жағдайына байланысты еместігі ескеріледі. Шаруашылық субъектісінің бұрын оба жөнінен таза екендігін анықтайды, шошқаны тамақтандыру рационын тексереді (асханалық қалдықтар);
2) Патологоанатомиялық сараптауға 2-3 шошқаны диагностикалық союға тартып, септикалық форма үшін (жіті өту) белгілерін ескереді;
3) Түсініксіз және күрделі жағдайларда иммундалмаған кіші шошқаға биологиялық сынамамен диагнозды бекітеді.
6. Диагнозды балау кезінде африка обасын, тілмені, пастереллезды, сальмонеллезды, листериозды, Ауески ауруын ескереді.
2. Ветеринарлық-санитарлық таза аумақтарда
жүргізетін алдын-алу іс-шаралары
7. Шаруашылық субъектілерінде ШКО-ның пайда болуы мен таралуының алдын алу үшін ветеринариялық маман мен жануарлар иелері:
1) Шаруашылық субъектілеріне әкелінген барлық шошқаларды 40 (қырық) - күн оқшау ұстайды;
2) Шошқаларды тамақ қалдықтарымен жоғары температурада зарарсыздандырылғаннан кейін азықтандырады.
3. Эпизоотиялық ошақтарда және таза емес
пункттерде жүргізілетін іс-шаралар
8. Шаруашылық субъектілерде ШКО шыққан кезде ветеринариялық маман жедел түрде әкімшілік аумақтық бірліктерге тиісті ветеринариялық инспекторына хабарлайды.
9. Әкімшілік аумақ бірлігіне тиісті бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы ШКО күдік туралы хабарлама алғаннан кейін диагноз қою, эпизоотиялық зерттеу, эпизоотиялық ошақтың шекарасын анықтау үшін ауру шыққан жерге, тез арада жетуі қажет. Ауру малдардан патологиялық материалдарды алып, диагнозды анықтау үшін ветеринариялық лабораторияға жібереді.
10. ШКО-на диагноз қойылғанда шаруашылық аумағына Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес карантин қойылады.
11. ШКО-дан таза емес аймақтан карантин ақырғы мал ауырғаннан соң немесе сойылғанынан 40 күн өткеннен кейін және қорытынды шаралар жүргізілгеннен кейін, Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы Заңының 27 бабының 3 тармағына сәйкес алынады. Шошқаларды шаруашылық субъектілерден сыртқа шығаруға шектеу карантин өткеннен 12 айдан кейін алынады.
12. Карантиннің шарты бойынша рұқсат берілмейді:
1) Таза емес пунктке шошқаларды әкелуге және сыртқары жерге (өңдеу кәсіпорындарына апаратын жануарлардан басқа) шығаруға;
2) Шаруашылық субъектісінің ішінде ветеринариялық маманның рұқсатынсыз шошқаларды союға, топтастыруға;
3) көліктің кез-келген түрін карантиндегі аумақтан залалсыздандыру өткізбей шығаруға;
4) жануарларды күтуге қатысы жоқ адамдардың шошқа қораларына кіруіне;
5) күтетін адамдардың эпизоотиялық ошақтан жұмыс киімін және аяқ киімдерін санитарлық өңдеуден өткізбей шығуға;
6) азықтарды аурудан таза емес пункттен шығаруға;
7) тірі шошқаларды, сонымен бірге сою өнімдерін (ет, шошқа майы, өкпе-бауыр, және басқалары) сатуға;
8) бейім жануарларды бір жерге жинастыруға байланысты ұйымдастыру шараларын жүргізуге.
13. Эпизоотиялық ошақтағы шаруашылық субъектілерінде осы ережеде көрсетілген тәртіппен барлық шошқалар сойылады, сонымен бірге барлық шошқа басын сою тиімсіз болса, барлық шошқаларды тексеруден өткізіп, тазармаған пункттегі дені сау шошқаларға ШКО-ға қарсы вакцинамен егеді.
14. Аурудан таза шаруашылықтардағы шошқаларды ветеринариялық мамандар алдағы вакцинацияны өткен иммунизацияның мерзімін ескере отырып шешеді.
15. ШКО-дан тазартылмаған шаруашылықтарда мегежіндерді ШКО-ға қарсы тірі вирус-вакцинамен иммунизациялауды ұрықтануға дейін жүргізеді. Торайлайтын мегежіндерді тірі вакцинамен егуге болмайды. Торайлайтын мегежіндер арасынан ауру шыққан кезде, оларды вирус-вакцинамен егеді, бірақ әрі қарай өсірудің кезеңінен алып тастап, бордақылауға ауыстырады және содан кейін етке жібереді.
16. Ауру, ауруға күдікті және жұқтыруға күдікті жануарларды өңдеу кәсіпорындарының санитариялық қасапханаларында немесе арнайы жарақтандырылған сою пункттерінде вирустың таралуына жол берілмей, ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуымен сояды.
17. Ауру мал мен ауруға күдікті жануарлар орналасқан қораларға механикалық тазарту жүргізіп, залалсыздандырады.
18. ШКО ауруы бойынша ауру және күдікті боп сойылған ет және ет өнімдерінің ветеринариялық-санитариялық бағасын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрінің 2002 жылғы 31 қазандағы "Ветеринариядағы кейбір нормативтік құқықтық актілер туралы" N 351 бұйрығымен бекітілген, нормативті құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуінде 27 желтоқсан 2002 жылы N 2105 тіркелген "Сойылатын малдардың сояр алдындағы ветеринариялық-санитарлық тексеру әрі сойылғаннан соң, ұшасы мен органдарына ветеринариялық-санитарлық сараптама және оларға санитарлық баға беру" Ережесінің 27 тармағына сәйкес береді.
19. Обадан өлген шошқалардың өлекселерін ветеринариялық маманның бақылауымен жояды немесе ет-сүйек ұнына пайдаға асырады.
4. Шошқаның классикалық обасынан қатер
төнген аумақтағы шаралар
21. ШКО-дан қатер төнген аумақта барлық шаруашылық субъектілерінің барлық шошқаларына үнемі клиникалық тексеру жүргізіліп, есепке алынып, ветеринариялық қадағаланады және оларды топтастыруға ветеринариялық мамандардың рұқсатынсыз тиым салынады.
22. Алдын-алу вакцинациясын барлық шаруашылықтарда бұрынғы вакцинацияның мерзімін ескере отырып жүргізеді.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
"Ауыл шаруашылығы жануарларының
кейбір инфекциялық ауруларының
алдын-алу және жою бойынша
іс-шараларды жүзеге асыру
жөніндегі Ветеринариялық
ережелерін бекіту туралы"
2004 жылғы 26 қазандағы
N 605 бұйрығымен бекітілген
Жылқының инфекциялық энцефаломиелитінің
алдын-алу және жою бойынша іс-шараларды
жүзеге асыру жөніндегі ветеринариялық ереже
Осы жылқының инфекциялық энцефаломиелитінің алдын-алу және жою бойынша іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ветеринариялық ереже (одан әрі - Ветеринариялық ереже) жеке және заңды тұлғаларға ветеринариялық шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, орындау үшін міндетті тәртібін анықтайды
1. Жылқының инфекциялық энцофаломиелиті Meningoencephalomyelitis enzootica - орталық нерв жүйесінің зақымдануы, ас қазан-ішек жолдарының кебуі, сары ауру, жоғары өлім көрсеткіші, жіті түрде өтетін вирусты ауру.
2. Инфекцияның қоздырушысы - таговирус туыстығына жататын құрамында РНК (рибонуклиондық қышқылы) бар вирус.
3. Инфекцияны қоздырушы көзі болып ауру жылқылар табылады. Әсіресе, жайылымдағы жылқылыр 2 жастан 12 жасқа дейін ауырады. Қоздырушының тасымалдаушылар масалар мен кенелер.
4. Инкубациялық кезең 15 күннен 40 күнге дейін.
5. Диагноз эпизоотиялық зерттеулер, клиникалық белгілер, вирусологиялық және геметологиялық зерттеулер, сонымен қатар патоморфологиялық мәліметтер қорытындысы негізінде қойылады. Эпизоотологиялық тексергенде аурудың жас үрдісінің әсерін, жыл мезгілін ескеріп, инфекция қоздырғышының жұғу жолдарын анықтайды.
2. Ветеринариялық-санитариялық таза аймақтарда
жүргізілетін алдын-алу іс-шаралары
7. Жылқының энцефаломиелит ауруының алдын алу мақсатында келесі шаралар жүргізіледі:
1) Батпақ және батпақтанған жайылымдарды құрғату, бұталарды тазалау;
2) жайылымдағы азықтық шөптер құрамын жақсарту;
3) томарлық және батпақтық қырықбуын және басқа да улы шөптерден таза жайылымдар таңдау;
4) қан сорғыш жәндіктердің жаппай шығу кезеңінде әр түрлі үркіткіш құралдармен (репеленттермен) жылқыларды обработкадан өткізу.
3. Жылқының инфекциялық энцефаломиелит ауруынан
таза емес пункттерде жүргізілетін шаралар
8. Жылқының инфекциялық энцефаломиелит ауруына күдік туған кезде ветеринариялық маман әкімшілік аумақ бірліктеріне тиісті мемлекеттік ветеринариялық инспекторларына хабарлайды.
9. Әкімшілік аумақ бірлігіне тиісті бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы ірі қараның инфекциялық ринотрахеит ауруының шыққаны туралы хабарды алғаннан кейін диагноз қою, эпизоотиялық зерттеу, эпизоотиялық ошақтың шекарасын анықтау үшін ауру шыққан жерге тез арада жетуі қажет. Ауру малдардан патологиялық материалдарды алып, диагнозды анықтау үшін ветеринариялық лабораторияға жібереді.
10. Ақырғы диагноздың қорытындысы бойынша ауру шыққан шаруашылық субъектілерінің аумағын, осы аурудан таза емес деп жариялап, Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес карантин қойылады.
11. Таза емес аумақтан карантин ақырғы жылқы өлген немесе жазылғаннан соң 40 күннен кейін қорытынды дезинфекция жүргізілгеннен кейін, Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы Заңының 27 бабының 3 тармағына сәйкес алынады.
12. Карантин шарты бойынша рұқсат берілмейді:
1) таза емес пункттерге жылқыларды әкелуге және одан шығаруға;
2) ауру, ауруға күдікті малдарды жаюға;
3) таза емес аумақ арқылы жылқыларды айдауға және олармен өтуге;
4) жылқыларды ветеринариялық инспектордың рұқсатынсыз бір ат қорадан пункт шегіндегі басқа табынға араластыруға;
5) таза емес пункттің жылқысын таза пункттің жылқыларымен жақындастыруға;
6) таза емес пункттердің аумақтарына жылқылардың жаппай жиналуына.
13. Жылқылардың энцефаломиелит ауруынан таза емес пункттер тіркелген региондарда, ұрықтандыру пункттері және оларда тұрған айғырлар ветеринариялық тыңғылықты қадағалауда болады.
14. Ауруға күдікті малдарды анықтап бөлу, оқшаулау мақсатында, карантин кезінде таза емес пункттерде күн сайын екі мезгіл температурасын өлшеу, күнделікті жұмыс қабілеттігін, күйін, тәбетін және сірі қабаттарының сарылану мен терінің сезімталдығын бақылап, байқайды.
15. Күдікті, сонымен қатар аурудың ерте сатысында оларды оқшаулап және симптоматикалық емдеу жүргізеді.
16. Екінші рет (5-7 күннен кейін) ветеринариялық тексеру кезінде жылқының энцефаломиелит ауруының белгілері болмаған жағдайда, оларды сауыққан малдар тобына ауыстырады.
17. Ауырып жазылған жылқыларды, ауру асқынып, қайталанбас үшін 1 айға дейін жұмысқа қоспайды. Осыдан кейін ол жылқыларды жұмысқа жайлап қосады.
19. Ауру жылқылар тұрған қораларды, қашарларды, және оларға арналған құралдарды шұғыл түрде тазалап, дезинфекциядан өткізеді.
20. Дезинфекция жүргізуге Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген препараттар қолданылады.
21. Карантин шарты бойынша:
1) жылқыларды, жылқылардан алынған шикі өнімдерді ұқсатушы өнеркәсіптерге тасымалдау әкімшілік аумақ бірліктеріне тиісті ветеринариялық инспектордың рұқсатымен жүргізіледі (жылқылардан алынған шикі өнімдерді жақсылап жабылған ыдыстарда болуы керек);
2) басқа жануарларды және құстарды, сонымен қатар олардан алынған өнімдерді шығаруға болады.
22. Жылқының энцефаломиелит ауруынан тұрақты таза емес ошақтарда келесідей алдын алу шаралары жүргізіледі:
1) жылқының энцефаломиелит ауруынан тұрақты таза емес ошақтарды және шаруашылық субъектілерді анықтап, кешенді сауықтыру шараларын жасау;
2) ошақ шыққан жердің рельефін, батпағын, көлін, бұталарын және басқада өсімдіктер жағдайын зерттеу;
3) қан сорғыш жәндіктер мен кенелердің жылқы малына ең көп мөлшерде шабуыл жасау уақытын анықтау;
4) жылқының энцефаломиелит ауруы үнемі шығатын жайылымдарды зерттеу.