Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 28 маусымдағы № 403 (3-тармақты қараңыз) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 49 қаулысымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бербоут-чартерлік тізілімді жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетінің Су көлігінде бақылау басқармасы (Р.Қ. Адамова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Қ.Б. Есжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Комитет төрағасы
"Бербоут-чартерлік тізілімді жүргізу
ережесін бекіту туралы"
Көліктік бақылау комитеті төрағасының
2004 жылғы 8 қазандағы
N 71-п бұйрығымен
бекітілген
Бербоут-чартерлік тізілімді жүргізу ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Бербоут-чартерлік тізілімді жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 49 қаулысымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережесіне (бұдан әрі - Тіркеу ережесі) сәйкес әзірленді.
2. Ереже Бербоут-чартерлік тізілімді жүргізу тәртібін белгілейді.
3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
бербоут-чартерлік тізілім - Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзуге уақытша құқық берілген кемелер тіркелетін тізілім;
кеменің меншік иесі - Тіркеу ережесіне сәйкес кеменің меншік иесі ретінде тіркелген тұлға;
кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті;
кемені жалдаушы - кемені жалдау шартының жолаушыларды, багаж бен жүкті тасымалдау немесе сауда мақсатында теңізде жүзудің өзге де мақсаттары үшін белгілі бір мерзімге кеме немесе бірнеше кеме берілетін тарабы.
4. Бербоут-чартерлік тізілім (1-қосымша) мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз және электрондық тасымалдаушыларда порттың теңіз әкімшілігі (бұдан әрі - ПТӘ) жүргізеді.
5. Бербоут-чартерлік тізілімді жүргізуді бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Бербоут-чартерлік тізілімді жүргізу тәртібі
6. Кіріс құжаттарын есепке алу кітабы (бұдан әрі - Есепке алу кітабы) (2-қосымша) және кеме істері Бербоут-чартерлік тізілімінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Кеме ісі әр кемеге ресімделеді және кеменің тіркеу нөмірімен сәйкестендіріледі. Кемені және осы кемеге құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін келіп түсетін құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ Теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәліктің, Кемеге арналған меншік құқығы туралы куәліктің, Бербоут-чартерлік тізілімнен берілген анықтамалар мен үзінді көшірмелердің көшірмелері кеме ісіне тіркеледі.
7. Бербоут-чартерлік тізілім және Есепке алу кітабы жеке журналдарда жүргізіледі, беттері нөмірленген, тігілген болуы тиіс, соңғы бетінде нөмірленген, тігілген парақтардың саны жазылады және ПТӘҒбасқаратын теңіз портының капитаны қол қойып, мөрмен растайды.
8. Бербоут-чартерлік тізілімді, кеме істерін және Есепке алу кітабын жоюға және олардан қандай да бір құжаттарды немесе олардың бөліктерін алуға жол берілмейді.
9. Бербоут-чартерлік тізілімнің "Өзгерістер туралы белгілер" бағанында кеме туралы немесе барлық жазбаны жаңартуды талап етпейтін өзгерістер, сондай-ақ оған құқықтардың тоқтауы немесе ауысуы туралы қосымша ақпарат жазылады.
Мұндай мәліметтерге мыналар жатады:
1) жеке тұлғаның тегінің, атының, әкесінің атының, тұрғылықты жерінің өзгеруі, егер кеме жалдаушы жеке тұлға болып табылса;
2) заңды тұлғаның атауының, орналасқан жерінің немесе почталық мекен-жайының өзгеруі, егер кеме жалдаушы заңды тұлға болып табылса;
3) кеменің атауының өзгеруі.
Бербоут-чартерлік тізілімді
жүргізу ережесіне
1-қосымша
Бербоут-чартерлік тізілім
__________________________________________________________________
р/с|Бербоут-|Қазақ.|Кеме.|ИМО |Шақы.|Кеме|Меншік|Негіз. |Жалдаған
N |чартер. |стан |нің |сәй.|ру |жал.|иесі. |гі тір.|уақыттағы
|лік ті. |Рес. |атауы|кес |бел. |дау.|нің |келген |кеменің
|зілімге |публи.| |нө. |гісі |шының|атауы|порты |тіркелген
|енгізіл.|касы. | |мірі| |ата.|және | |порты
|ген күні|ның | | | |уы |оның | |
|және |Мемле.| | | |және|мекен-| |
|тіркел. |кеттік| | | |оның|жайы | |
|ген рет.|туы | | | |ме. | | |
|тік нө. |астын.| | | |кен-| | |
|мірі |да жү.| | | |жайы| | |
| |зу құ.| | | | | | |
| |қығына| | | | | | |
| |беріл.| | | | | | |
| |ген | | | | | | |
| |рұқ. | | | | | | |
| |саттың| | | | | | |
| |жарам.| | | | | | |
| |дылық | | | | | | |
| |мерзі.| | | | | | |
| |мі | | | | | | |
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
__________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
__________________________________________________________________
Кеменің |Жүзу |Жоба N|Кеменің |Корпус|Жүк көте.|Жолаушылар
түрі және|ауданы| |жасалған |мате. |рімділігі|сыйымдылығы
мақсаты | | |жылы және|риалы |(тонна) |(адам)
| | |орны | | |
__________________________________________________________________
11 12 13 14 15 16 17
__________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
__________________________________________________________________
Басты |Қозға. |Кеменің метрмен габариттік|Құтқару|Сыйымдылығы
қозғалт. |ғыштар.|өлшемдері (метрмен) |шлюпка.|(тізілімдік
қыштар. |дың |__________________________|лары |тоннамен)
дың түрі,|түрі |Ұзын.|Ені|Су | Шөгу |(саны, |_____________
саны және|және |дығы | |үс. |__________|жалпы |таза | жалпы
қуаты |винт. | | |тін. |жүк.|жүк. |сыйым. | |
|тердің | | |дегі |пен |сіз |дылығы)| |
|саны | | |борт.| | | | |
| | | |тың | | | | |
| | | |биік.| | | | |
| | | |тігі | | | | |
__________________________________________________________________
18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
__________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
___________________________
Жүріс жылдамдығы|Өзгерістер|
(тораптарда) |жөніндегі |
|белгілер |
___________________________|
жүкпен| жүксіз | |
___________________________|
28 29 30 |
___________________________|
Бербоут-чартерлік тізілімді
жүргізу ережесіне
2-қосымша
Бербоут-чартерлік тізілімнің Кіріс құжаттарын
есепке алу кітабы
__________________________________________________________________
N |Кеменің|Құжат.|Келіп |Меншік |Кеме |Мемлекет.|Бербоут-чар.
р/с| атауы |тардың|түскен|иесі. |жалдау.|тік тір. |терлік
| |келіп |құжат.|нің |шының |кеуден |тізілімнен
| |түскен|тардың|атауы |атауы |бас тарт.|берілген үзінді
| |күні |атауы |(мекен-|(мекен-|қаны ту. |көшірмелер мен
| | | |жайы, |жайы, |ралы |анықтамалар
| | | |теле. |теле. |жазба |(кімге және
| | | |фоны, |фоны, | |қашан берілді)
| | | |факсы) |факсы) | |
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8
__________________________________________________________________