Селекциялық жетістіктерге патент беруге өтінім беру және қарау жөніндегі ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті Төрайымының 2004 жылғы 14 қазандағы N 72-п бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 4 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3183. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі N 136 Бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 2010.04.23 N 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрі
2004 жылы 20 қазанда  
КЕЛІСІЛДІ         

     Қазақстан Республикасының "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Заңын жүзеге асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН :
     1. Қоса берілген Селекциялық жетістіктерге патент беруге өтінім жасау, беру және қарау жөніндегі ереже бекітілсін.
     2. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрайымының  орынбасары А.Әмірғалиевке жүктелсін.
     3. Осы Бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

     Төрайым

"Селекциялық жетістікке патент
беруге өтінім беру және оны  
қарау жөніндегі ережені бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің     
Санаткерлік меншік құқығы   
жөніндегі комитеті төрайымының
2004 жылғы 14 қазандағы   
N 72-п бұйрығымен      
БЕКІТІЛДІ           

Селекциялық жетістікке патент беруге
өтінім беру және оны қарау жөніндегі
ереже 1-тарау. Жалпы ережелер

     1. Осы Ереже "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және селекциялық жетістікке патент беруге өтінім беру және оны қарау тәртібін белгілейді.

     2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
     1) селекциялық жетістік авторы (селекционер) (бұдан әрі - автор) - сортты, тұқымды жасаған, ашқан немесе өсіріп шығарған жеке адам;
     2) селекциялық жетістік - адамның шығармашылық қызметінің нәтижесі болып табылатын, патент берілген өсімдіктің жаңа сорты, жануарлардың жаңа тұқымы;
     3) Мемлекеттік комиссиялар - Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Республикалық мемлекеттік басқару органының Ауыл шаруашылық дақылдарының сортын сынақтан өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиясы мен Тұқымдарды сынақтан өткізу және сапасын анықтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы;
     4) өтінім - селекциялық жетістікке патент беруге өтінім;
     5) конвенциялық өтінім - 1961 жылғы 2 желтоқсандағы Селекциялық жетістіктерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға сәйкес берілген өтінім;
     6) өтінім беруші - селекциялық жетістікке патент беруге өтінім жасаған заңды немесе жеке тұлға;
     7) патент иеленуші - селекциялық жетістікке берілген патенттің иесі;
     8) оригинатор - сортты (тұқымды) жасаған, ашқан, өсіріп шығарған, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген және (немесе) оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды немесе жеке тұлға;
     9) Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімі - Қазақстан Республикасының қорғалатын өсімдік сорттарының мемлекеттік тізілімі мен Қазақстан Республикасының патенттер берілген сорттарды, тұқымдарды қамтитын қорғалатын жануарлар тұқымдарының мемлекеттік тізілімі;
     10) Уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті;
     11) Сараптама жасау ұйымы - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің "Ұлттық санаткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.

2-тарау. Өтінімді жасау және беру

     3. Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес өтінімді беруге құқыққа селекциялық жетістік авторы, жұмыс беруші, олардың құқықтық мирасқоры немесе олардың арасында келісім бар болғанда аталған тұлғалар бірігіп ие болады.

     4. Өтінім сараптама жасау ұйымына тікелей беріледі немесе пошта арқылы жіберіледі.
     Өтінімді өтінім беруші тікелей немесе өкіл арқылы, оның ішінде Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілі арқылы бере алады.

     5. Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдік заңды тұлғалар өтінім және патент алу жөніндегі іс жүргізумен байланысты істерді, егер Қазақстан Республикасының халықаралық келісімімен өзге тәртіп белгіленбесе тек қана Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдері арқылы жүргізеді.
     Егер аталған тұлғалармен қатар өтінім бойынша Қазақстан Республикасында тұратын жеке адам, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өтінім беруші болып табылса, патентті алу жөніндегі істерді Қазақстан Республикасының шегінде хат жазысу мекен-жайын көрсеткен жағдайда патенттік сенім білдірген өкілсіз жүргізе алады.
     Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ уақытша одан тысқары жерлерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегіндегі хат жазысу мекен-жайын көрсеткен жағдайда, патенттік сенім білдірілген өкілсіз патенттермен байланысты істерді жүргізе алады.
     Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес өтінім бір селекциялық жетістікке қатысты болуы тиіс және:
     1) патент беру туралы өтінішті;
     2) Мемлекеттік комиссия тиісті тектер мен түрлер үшін бекіткен нысан бойынша сорттың, тұқымның сауалнамасын;
     3) іс өкіл арқылы жүргізілген жағдайда, сенімхатты қамтуға тиіс.

     6. Өтінімге белгіленген мөлшерде өтінім беруге және алдын ала сараптама жүргізуге ақы төленгенін растайтын құжат тіркеледі. Ақы белгіленгеннен төмен мөлшерде төленген кезде, ақы төленгенін растайтын құжаттан басқа, сондай-ақ оның мөлшерін азайту үшін негіздемені растайтын құжат ұсынылады. Көрсетілген құжаттар өтініммен бірге немесе өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде табыс етілуі мүмкін. Тиісті ақы төленген жағдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспауы керек.
     Заңның 7-бабының 2-тармағына сәйкес конвенциялық басымдық сұратылатын өтінімге сараптама жасау ұйымына конвенциялық өтінімнің келіп түскен күнінен бастап үш айдан кешіктірмей ұсынылатын, алатын орган куәландырған бірінші өтінімнің көшірмесі және оның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы қоса тіркеледі.
     Конвенциялық өтінімді басқа өтінім беруші берген кезде басымдық құқығын пайдалануға бірінші өтінімді берушінің рұқсаты қоса тіркеледі.

     7. Патентті беру туралы өтініш және өтінімнің басқа да құжаттары мемлекеттік немесе орыс тілінде беріледі. Ботаникалық анықтамалар баспа әріппен латын шрифтімен жазылады.

     8. Патентті беру туралы өтініш төрт данада, ал сорттың немесе тұқымның сауалнамасы - үш данада ұсынылады.
     Қалған құжаттар бір данада ұсынылады.

     9. Селекциялық жетістіктің өтініші мен сауалнамасында нысандарда көзделген барлық мәліметтер қамтылуы тиіс.
     Барлық құжаттар қара түсті шрифтпен тығыз, ақ, тегіс, жылтыр емес қағазда компьютерде немесе жазу машинкасында басылады.

3-тарау. Патентті беру туралы өтінімді
толтыру тәртібі

     10. Патент беру туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш) СЖ-1 нысаны бойынша (осы Ережеге 1-қосымша) ұсынылады:
     1) егер қандай да бір мәліметті тиісті бағандарға толық орналастыруға болмайтын болса, олар осындай нысанмен қосымша парақта өтініштің тиісті бағанында: "Өтінішке қосымшаны қараңыз" деп көрсете отыра береді (бағанның "Қоса тіркеліп отырған құжаттардың тізбесі" деген тиісті торына "х" деген белгі қойылады);
     2) өтініштің "Келіп түскен күні", "Басымдық" деген бағандарын, оның жоғарғы бөлігіне 21 кодымен орналасқан баған өтінім келіп түскеннен кейін сараптама жасау ұйымы толтыруы үшін жасалған және оларды өтінім беруші толтырмайды;
     3) патент беру туралы өтініш мазмұндалған бағанда "өтінім берушінің (өтінім берушілердің) атына" деген сөздерден кейін өзіне (өздеріне) патент сұратылатын өтінім беруші (өтінім берушілер) туралы мәлімет: жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол болса) келтіріледі, мұндайда тегі атының алдында немесе заңды тұлғаның ресми тіркелгені туралы құжатқа сәйкес толық ресми атауы (көшірмесі қоса беріледі), сондай-ақ елдің ресми атауы мен пошталық толық мекен-жайын қоса алғанда, олардың тиісінше тұратын жері, жүрген жері туралы мәлімет көрсетіледі. Шетелдік есімдер мен заңды тұлғалардың атаулары да мемлекеттік немесе орыс тіліндегі транслитерацияда көрсетіледі. Селекциялық жетістік авторы болып табылатын өтінім берушілердің тұратын жері туралы мәліметтер 97-кодты бағанда өтініштің екінші бетінде келтіріледі;
     Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүрген немесе тұратын, өздерінің атына патент сұралған шетелдік заңды немесе жеке тұлғалар үшін елдің коды Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (бұдан әрі - ДЗМҰ) ST.3 стандарты бойынша көрсетіледі (егер ол белгіленсе).
     Егер өтінім беруші бірнешеу болса, аталған мәлімет олардың әрбірі үшін келтіріледі;
     4) басымдық белгілеу туралы өтініш мазмұндалған баған Заңның 7-бабына сәйкес сараптама жасау ұйымына өтінім берілген күннен неғұрлым бұрынғы басымдық сұралған кезде ғана толтырылады. Бұл жағдайда тиісті торға "х" белгісін қою арқылы басымдық сұрауға негіз көрсетіледі және: соның негізінде басымдық сұратылатын өтінімнің нөмірі, сұратылатын басымдықтың күні (өтінім берілген күн), өтінім берген ел, өтінім қараудың кезеңі және селекциялық жетістіктің қандай атаумен тіркелгені көрсетіледі.
     Өтінімді қарау кезеңін:
     А - өтінім қаралу үстінде;
     В - өтінім қабылданбады;
     С - өтінім кері қайтарылып алынды;
     D - өтінім қанағаттандырылды, патент берілді немесе деген кодпен көрсетіледі.
     Өтінім беруші бірінші өтініммен берілген материалдың осы сортпен (тұқыммен) ұсынылатын және оның осы өтінімге сай келетінін растайды;
     5) "Тегі, түрі" деген бағанда сортты, тұқымды таксономиялық тиесілілігі бойынша да, сондай-ақ өндірісте қолданылуы жөнінен де дәл сәйкестендіру үшін тек пен түрдің толық атауы көрсетіледі.
     Осында таксономиялық бірліктің (тегі, түрі, кіші түрі) латындық атауы да көрсетіледі;
     6) "Ұсынылатын атаулар" деген бағанда Селекциялық жетістіктерге атаулар беру жөніндегі ережеге сәйкес іріктелген селекциялық жетістіктің атауы келтіріледі.
     Шетелдік селекцияның селекциялық жетістігінде оның түпнұсқалық атауы өтінім берушінің тілінде және мемлекеттік немесе орыс тіліндегі транскрипцияда көрсетіледі (Шетелдік селекциялық жетістік атауының транскрипциясын өтінім беруші ұсынады және мемлекеттік комиссия бекітеді);
     7) "Селекциялық нөмір" деген бағанда селекция кезеңінде берілген селекциялық нөмір көрсетіледі;
     8) "Селекциялық жетістік шығарылды" деген бағанда селекциялық жетістік шығарылған елдің атауы, сондай-ақ оның ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес коды толық келтіріледі;
     9) "Сорт (тұқым) сатуға ұсынылды ма немесе сатылды ма" деген баған. Егер сорт Қазақстан Республикасында сатылса немесе сатуға ұсынылса, онда оң жақтағы квадратты "х" деген белгімен белгілеу және оның сатылған немесе сатуға ұсынылған бірінші күні мен атауын көрсету қажет.
     Егер сорт (тұқым) сатылмаса немесе сатуға ұсынылмаса сол жақтағы квадратты "х" деген белгімен белгілеу қажет.
     Басқа елдерде сатылғаны немесе сатуға ұсынылғаны туралы мәлімет жоғарыда көрсетілгенге ұқсас келтіріледі және қосымша елді көрсету қажет;
     10) 98-кодты бағанда хат жазысу үшін мекен-жай келтіріледі. Хат жазысу үшін мекен-жай ретінде өтінім берушінің (өтінім берушілердің бірінің) - Қазақстан Республикасында тұратын жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекен-жайы немесе өтінім берушінің (өтінім берушілердің) өкілі жүрген жердің мекен-жайы немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы өзге мекен-жай көрсетілуі мүмкін;
     11) 74-кодты бағанда өтінім берушінің (өтінім берушілердің) өкілі туралы, оның ішінде патенттік сенім білдірілген өкіл (патенттік сенім білдірілген өкілдер) туралы мәлімет келтіріледі. Патенттік сенім білдірілген өкіл (патенттік сенім білдірілген өкілдер) өтінім берілгенге дейін тағайындалған жағдайда оның (олардың) тегі (тектері), аты (аттары) және әкесінің аты (әкелерінің аттары), егер ол (олар) болса тіркеу нөмірі (тіркеу, нөмірлері) көрсетіледі. Өзге өкіл тағайындалған жағдайда жеке тұлға үшін тегі, аты немесе әкесінің аты (егер ол болса) немесе заңды тұлға үшін ресми атауы көрсетіледі. Егер өтінім берушілер бірнешеу болса, олардың бірі өкіл ретінде таңдалуы мүмкін. Өтінім берілгенге дейін тағайындалған өкілдің, оның ішінде патенттік сенім білдірілген өкілдің өкілеттігі өтініммен бір уақытта немесе өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде ұсынылатын сенімхатпен расталады;
     12) өтінімнің екінші бетіндегі "Қоса тіркеліп отырған құжаттардың тізбесі" деген баған "х" деген белгіні тиісті торларға қою және қоса тіркеліп отырған құжаттардың әрбір данасындағы даналар мен парақтардың санын көрсету жолымен толтырылады. Түрі өтінім нысанымен ("басқа құжат") көзделген қоса тіркеліп отырған құжаттар үшін олардың нақты міндеті көрсетіледі;
     13) "Өтінім беруге және патент алуға құқықтың пайда болуының негізі" деген бағанда "х" деген белгі қоюмен өтінім беруге және патент алуға тиісті негіз белгіленеді. Аталған баған, өтінім беруші автор болып табылатын немесе өтінім берушілер бірнешеу болған, олардың құрамы авторлардың құрамымен сәйкес болған жағдайларды есептемегенде, өтінім берушінің (өтінім берушілердің) атына патент сұратылған жағдайда толтырылады. Өтінім беруге және патент алуға құқықты растайтын құжат сараптама жасау ұйымына ұсынылмайды;
     14) 72 және 97-кодты бағандарда автор (авторлар) туралы мәлімет: тегі, аты, әкесінің аты (егер ол болса), тұрғылықты жерінің толық пошталық мекен-жайы келтіріледі, шетел азаматтары үшін ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша елдің коды көрсетіледі;
     15) 97-кодтағы бағанның оң жағында орналасқан бағанда, автор өтінім беруші болып табылатын болса немесе егер автор өтінім беру мен патент алу құқығын өтінім берушіге берген жағдайда, автордың қойылған қолы мен күні келтіріледі.
     Автор өтінім бергенге дейін қайтыс болып кеткен жағдайда мұрагердің қолы қойылады және күні көрсетіледі. Өтінім беру кезеңінде мұрагерлікке құқықты растайтын қандай да бір ресми құжат ұсыну талап етілмейді;
     16) 72 және 97-кодтары бар бағандардың тікелей төменгі жағында орналасқан баған өтінім материалдарын және патентті жариялаған кезде автор (авторлар) өзін (өздерін) осындай (осындайлар) ретінде атамауды өтінгенде ғана толтырылады. Бұл жағдайда жариялану кезінде атауды қаламаған авторлардың әрқайсысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол болса) келтіріледі және олардың қолдары қойылады;
     17) құқықтық мирасқор туралы мәліметтер мазмұндалған баған, өтінім беру құқығын автордың құқықтық мирасқоры өтінім берушіге берген жағдайда ғана толтырылады. Онда құқықтық мирасқор туралы мәліметтер: тегі, аты және әкесінің (егер ол болса), жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекен-жайы немесе заңды тұлғаның ресми атауы мен жүрген жерінің мекен-жайы келтіріледі. Мәліметтерге күнін көрсете отырып автордың құқықтық мирасқоры қол қояды (автордың құқықтық мирасқоры заңды тұлға болған жағдайда мәліметтерге ұйымның басшысы немесе өзге өкілетті тұлға қол қояды, оның көлемі мөрмен бекітіледі);
     18) жоғарыда 15)-17) тармақшаларда көрсетілген өтінім бағанын толтыру, осы бағандармен көзделген мәліметтер мен қойылған қолдарда мазмұндалған құжаттарды, өтінішпен бір мезгілде ұсынумен ауыстырылуы мүмкін;
     19) өтініштің күнін көрсете отырып, "Қол қою" деген соңғы бағанды толтыру, өтінім беруші автор емес тұлғаны көрсеткен жағдайда міндетті болады. Заңды тұлға атынан өтінішке ұйым басшысы немесе лауазымын көрсете отырып, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен осыған уәкілетті өзге тұлға қол қояды, қол қою осы заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі. Егер өтінім берушілер бірнешеу болса, өтінішке өтінім берушілердің әрқайсысы қол қояды.
     Өтінім патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы берілген кезде өтінішке патенттік сенім білдірілген өкіл қол қояды;
     20) жоғарыда көрсетілген өтінім бағанындағы қол қоюлар, қол қоюшы тұлғалардың тектері мен аты-жөндерін көрсете отырып жіктеледі;
     21) өтінішке қатысты қандай да бір мәліметтер ұсынылған әрбір қосымша параққа (өтінішке қосымша) сондай тәртіппен қол қойылады;
     22) өтініш пен қосымшаларға түзетулер мен тазартулар жасалмауға тиіс. Аталған кемшіліктер орын алған жағдайда дұрыс ресімделген өтініш немесе оған қосымша сұратылатын болады.

4-тарау. Сорт (тұқым) сауалнамасының құрылымы

     11. Сорт (тұқым) сауалнамасында:
     тек пен түрдің атауы (мемлекеттік немесе орыс тілдерінде және латынша);
     өтінім берушінің аты және мекен-жайы;
     селекциялық жетістіктің болжамды атауы және селекциялық нөмірі;
     жасалу әдісі мен бастапқы (тектік) нысанын көрсете отырып селекциялық жетістіктің шығу тегі;
     селекциялық жетістіктерді ұстап тұру мен көбейтудің ерекшеліктері;
     селекциялық жетістіктің айырымдық ерекшеліктерін сипаттайтын белгілер;
     ұқсас селекциялық жетістіктердің атауы және өтінім берілген селекциялық жетістіктің ұқсастардан солар бойынша айырмашылық белгілері;
     селекциялық жетістіктің айырмашылығын, біртектілігін және тұрақтылығын (егер олар болса) сынауға арналған ерекше шарттар мазмұндалуға тиіс.

     12. Сорт (тұқым) сауалнамасына өтінім беруші (өтінім берушілер) осы Ереженің 10-тармағының 19) және 20) тармақшаларында белгіленген тәртіппен қол қояды.
     Мемлекеттік комиссия бекіткен тиісті тектер мен түрлер үшін селекциялық жетістіктер белгілерінің кестесі сауалнамаға қоса тіркеледі, онда өтінім беруші өсімдік сортының немесе мал тұқымының ерекшеліктерінің айқындалу дәрежесі мен индексі бойынша сипаттайды.

5-тарау. Сенімхат

     13. Сенімхат мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
     сенімхатты өтінім беруші береді (қол қояды). Сенімхат заңды тұлғаның атынан оның басшысының немесе қол қойған тұлғаның лауазымын көрсете отырып құрылтай құжаттарымен осыған уәкілетті тұлғаның қол қоюымен беріледі;
     сенімхатта өтінім берушінің атынан өкіл жүргізетін тапсырылған іс-қимыл дәл көрсетілуге тиіс;
     сенімхатта ол жасалған күн көрсетілуге тиіс, онсыз ол жарамсыз деп есептеледі.

     14. Сенімхат берілген жеке тұлға өзіне берілген уәкілетті іс-қимылды тікелей жүзеге асыруға тиіс. Басқа біреуге сенім білдіру берілген сенімхатпен осындай өкілеттілік берілген жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл жағдайда сараптама жасау ұйымына қайта сенім білдіру тәртібімен берілген, нотариалдық куәландырылған сенімхат және соның негізінде берілген сенімхат ұсынылады. Бұл орайда қайта сенім білдіру берілген сенімхаттың қолданылу мерзімін соның негізінде берілген бастапқы сенімхаттың қолданылу мерзімінен асыруға болмайды.

6-тарау. Селекциялық жетістікке патент алу
жөнінде іс жүргізу

     15. Өтінім бергеннен кейін ол бойынша хат жазысуды жүргізу және өтінімді қараған кезде өз мүддесін қорғау үшін өтінім беруші осы Ереженің 5-тарауына сәйкес сенімхат бере отырып өкіл тағайындай алады. Сенімхат іс жүргізу процесінде ұсынылады және өтінімге қоса тіркеледі.
     Егер Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық келісіммен өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілі ғана Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын өтінім берушінің - жеке тұлғаның немесе шетелдік заңды тұлғаның өкілі бола алады. Өкіл ретінде өзге өтінім берушілер үшін, атап айтқанда, егер олар бірнешеу болса, өтінім берушілердің біреуі селекциялық жетістіктің авторы, патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге тұлға көрсетілуі мүмкін.
     Сенімхатпен уәкілеттілік берілген өкілдің кез келген іс-қимылы немесе уәкілетті органның, сараптама жасау ұйымының немесе Мемлекеттік комиссияның оған қатысты кез келген әрекеті, өтінім беруші әрекетінің немесе өтінім берушіге қатысты әрекеттің сондай салдарына ие болады.
     Тиісті тәсілмен ресімделген сенімхатты ұсынғанға дейін өкілдің жасаған әрекеттері жарамсыз деп есептеледі және назарға алынбайды.

     16. Хат жазысуды өтінім беруші немесе оның соған уәкілеттілік берілген өкілі әрбір өтінім бойынша жеке-жеке жүргізеді.
     Өтінім берілгеннен кейін жіберілген құжаттарда оның нөмірі және өтінім берушінің немесе оның өкілінің қолы болуға тиіс. Егер өтінім беруші заңды тұлға болса, құжаттарға оның атынан осы Ереженің 10-тармағының 19) және 20) тармақшаларында көрсетілген тәртіппен қол қойылады.
     Егер нөмірді жанама әдіспен белгілеу мүмкін болмаса, өтінімнің нөмірі көрсетілмеген құжаттар қаралмай қайтарылады.
     Өтінім бойынша іс жүргізу процесінде жіберілген құжаттар Заңда және осы Ережеде белгіленген мерзімдерде ұсынылады.
     Іс жүргізу мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.
     Ресімдеудің оқуға қиындық тудыратын кемшіліктерімен ұсынылған құжаттар қаралмайды. Мұндай құжаттар берген тұлғаға тиісті хабарлама жіберіледі.

     17. Заңның 8-бабы 1-тармағының екінші бөліміне сәйкес өтінім беруші қажет болған кезде өтінімнің құжаттарына ол берілген күннен бастап екі ай ішінде нақтылау енгізе алады.
     Сортқа, тұқымға арналған өтінімге келіп түскен және өтінімнің бастапқы материалдарында келтірілмеген белгілерді мазмұндайтын және мәлімделген сорттың, тұқымның мәнін өзгертетін қосымша құжаттар өтінімді қарау кезінде назарға алынбайды.

     18. Авторлар құрамын өзгерту дегенді патент беру туралы өтініште көрсетілген авторды құрамға енгізу немесе құрамнан шығару деп түсіну керек:
     1) авторлар құрамын өзгерту сараптама жасау ұйымына осы Ереженің 4-тарауына сәйкес өтінім берілген күннен бастап екі айдан кешіктірмей екі данада ресімделген патент беру туралы жаңа өтініш беру жолымен енгізіледі;
     2) патент беру туралы жаңа өтінішпен бір мезгілде авторлардың құрамына тиісті өзгерістер енгізу туралы өтініш өтінімнің нөмірі мен берілген күні көрсетіле отырып еркін нысанда екі данада беріледі. Өтінішке өтінім беруші осы Ереженің 10-тармағының 19) және 20) тармақшаларында белгіленген тәртіппен қол қоюға тиіс, және шығарылған автордың келісімімен ол авторлар құрамынан шығарылған жағдайда оның қолы нотариалдық куәландырылуға тиіс (ұлттық авторлар мен үкіметаралық келісімдерге сәйкес берілген авторлар үшін ғана). Шығарылатын автордың келісімі өтінімнің нөмірі мен тіркеу күні көрсетіле отырып жеке хатпен ресімделуі мүмкін;
     3) егер патент беру туралы жаңа өтініш берілген күнге қарай авторлар құрамына енгізілген жағдайда бұрын берілген өтініште көрсетілген автордың қолын алу мүмкін болмаса, өтінішке мынадай тәртіппен ресімделген жазбаша келісім қоса тіркеледі:
     автордың қайтыс болған немесе ол өлді деп жарияланған жағдайда өзгеріс енгізуге арналған келісімге оның атынан мұрагер қол қояды, ол мұраға құқығы туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсына отырып, өзінің мұраға құқығын заң жүзінде дәлелдеуге тиіс;
     автор шетелге кеткен жағдайда өзгеріс енгізуге арналған келісімге осындай құқықты куәландыратын, тиісті дәрежеде ресімделген құжатты ұсына отырып, сенім білдірілген тұлға оның атынан қол қоя алады. Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілінің атына беріліп, тапсырылған әрекет дәл көрсетілген сенімхат немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына немесе өзара шарттасуға орай заңдастыру талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаға берілген, Қазақстан Республикасының консулдық мекемесінде заңдастырылған сенімхат осындай құжат болуы мүмкін;
     автордың барған жері туралы мәлімет болмаған және оларды алу мүмкін болмаған жағдайда, ол Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 28-бабына сәйкес сот арқылы хабарсыз кеткен деп танылуы мүмкін және мүдделі тарап авторды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін ұсынады, ол мәселені мәні бойынша шешкен кезде назарға алынады;
     автор әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке шектеулі түрде қабілетті деп танылған кезде өзгеріс енгізуге келісімге оның атынан қорғаншы немесе қамқоршы, қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесін ұсына отырып қол қояды;
     4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын азаматтар және шетелдік заңды тұлғалар авторлар құрамына өзгеріс енгізуге арналған құжатты Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдері арқылы береді, бұл орайда патенттік сенім білдірілген өкілдің атына берілген сенімхатта көрсетілген іс-қимылды орындауға арналған тапсырма мазмұндалуға тиіс;
     5) егер авторлардың құрамын өзгерту өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай өткеннен кейін енгізілсе, патент беру туралы өтінішке төлем жасалғаны туралы құжат қоса тіркеледі;
     6) егер осы тармақтың 1)-5) тармақшаларына тізбеленген құжаттар жоқ болса және (немесе) ұсынылған құжаттар осы тармақшалардың талаптарына сай келмесе, өтінім берушіге хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде жоқ болған немесе түзетілген құжаттарды табыс ету қажеттілігі хабарланады.
     Сұратылған құжаттар табыс етілмеген жағдайда жаңа өтініш берілмеген деп есептеледі және өзгеріс енгізу жүргізілмейді, ол туралы өтінім берушіге хабарланады.

     19. Өтінім берушілердің құрамын өзгерту дегенді өтінім берушілердің құрамын құрамға қосымша тұлға енгізу жолымен ішінара өзгерту немесе патент беру туралы өтініште бұрын көрсетілген өтінім берушілердің құрамынан тұлғаны алып тастау деп түсіну керек:
     1) өтінім берушілердің құрамын өзгерту осы Ереженің 2-тарауына сәйкес ресімделген патент беру туралы жаңа өтінішті өтінім берілген күннен бастап екі айдан кешіктірмей екі данада сараптама жасау ұйымына беру жолымен енгізіледі. Өтінім берушілердің құрамына өзгерістер енгізе отырып жаңа өтініш берген кезде жаңа өтінішке авторлардың қол қоюы міндетті емес;
     2) патент беру туралы жаңа өтінішпен бір мезгілде өтінім берушілердің құрамына тиісті өзгерістер енгізу туралы өтініш өтінімнің нөмірі мен тіркелген күні көрсетіле отырып еркін нысанда екі данада беріледі. Өтінішке патент беруге арналған бастапқы өтініште көрсетілген өтінім беруші (өтінім берушілер) осы Ереженің 10-тармағының 19) және 20) тармақшаларында белгіленген тәртіппен қол қоюға тиіс. Шығарылатын өтінім беруші жеке тұлғаның қолы нотариалдық куәландырылуға тиіс (үкіметаралық келісімдерге сәйкес ұлттық және соларға теңестірілген тұлғалар үшін ғана);
     3) патент беру туралы өтініште көрсетілген, қайтыс болған өтінім берушіні заңды мұрагермен алмастырған кезде, аталған мұрагердің қол қоюы ғана жеткілікті, ол мұраға құқық туралы куәліктің нотариалдық куәландырған көшірмесін ұсына отырып, өзінің мұраға құқығын заң жүзінде дәлелдеуге тиіс;
     4) егер бастапқыда берілген өтініште көрсетілген өтінім берушінің - заңды тұлғаның қолын қойдыру мүмкін болмаса, онда осы Ереженің 22-тармағы 3) тармақшасының ережесі қолданылады;
     5) заңды тұлғаны қайта ұйымдастырудың салдарынан өтінім берушілердің құрамына өзгеріс енгізген кезде (қосылу, бірігу, айыру, бөлу, қайта құру) өтінішке және жаңа өтінішке құқықтың осы түрі бойынша құқықтық мирасқорлығын растайтын құжатты ұсына отырып (ажырату балансынан немесе беру актісінен көшірме), оның құқықтық мирасқоры қол қояды;
     6) заңды тұлғаны тарату салдарынан өзгерістер енгізген кезде өтінішке және жаңа өтінішке құқықтың берілу фактісін растайтын құжат ұсына отырып, өзіне тиісті құқық ауысқан тұлға қол қояды.
     Егер заңды тұлғаны тарату кезінде патент алу құқығы берілмесе немесе таратылған заңды тұлғаның қолын қойдыру мүмкін болмаса, өтінімге заңды тұлғаның қол қоюы талап етілмейді. Бұл ретте мүдделі тарап заңды тұлғаның таратылуын және тиісті құқықтардың болмауын дәлелдейтін құжат ұсынады;
     7) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын азаматтар және шетелдік заңды тұлғалар өтінім берушілер құрамына өзгеріс енгізуге арналған құжаттарды Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілінің атына берілген сенімхатта көрсетілген іс-қимылды орындауға арналған тапсырма мазмұндалуға тиіс;
     8) егер өтінім берушілердің құрамын өзгерту өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай өткеннен кейін енгізілсе, патент беру туралы өтінішке төлем жасалғаны туралы құжат қоса тіркеледі;
     9) егер осы тармақтың 2)-8) тармақшаларында тізбеленген құжаттар жоқ болса және (немесе) ұсынылған құжаттар осы тармақшалардың талаптарын қанағаттандырмаса, өтінім берушіге хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде жоқ болған немесе түзетілген құжаттарды табыс ету қажеттілігі хабарланады.

7-тарау. Мерзімді есептеу

     20. Патент алу жөніндегі рәсімдік әрекеттерді жасау үшін мерзімдер, әрекет жасалуы мүмкін уақыт кезеңімен көрсетіледі.
     Егер мерзім "ішінде (кешіктірмей) (өткенге дейін) ... күннен бастап ..." деген сөз тіркесімен берілсе, оның есептелуі көрсетілген күннен кейінгі күннен басталады. Айлармен есептелетін мерзім мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде аяқталады. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге келсе, содан кейінгі бірінші жұмыс күні мерзімнің аяқталатын күні деп есептеледі. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті саны жоқ айға келсе, мерзім осы айдың соңғы күнімен бітеді.

     21. Байланыс ұйымына мерзімнің соңғы күні тапсырылған құжаттар, мерзімінде жіберілді деп есептеледі.

8-тарау. Өтінімді қарау және патент беру

     22. Егер өтінімнің келіп түскен құжаттарында патент беру туралы өтініш және селекциялық жетістік сауалнамасы мемлекеттік және орыс тілінде болса, онда сараптама жасау ұйымы оларды келіп түскен күнін қойып тіркейді.
     Өтінімге тіркеу нөмірі беріледі.
     Өтінім құжаттарының келіп түсу фактісі туралы өтінім берушіге бес күн мерзім ішінде сараптама жасау ұйымы белгі соққан деректемелермен (тіркеу нөмірі және келіп түскен күні) өтінімнің бір данасын жіберу жолымен хабарланады.

     23. Барлық шығыс хат-хабарлар бір ғана мекен-жайға жіберіледі, бұл орайда:
     егер өтініштің 98-бағанында хат жазысу үшін өтінім берушінің немесе егер олар бірнешеу болса, өтінім берушілердің бірінің мекен-жайынан өзге мекен-жай не өтінім берушінің (өтінім берушілердің) мекен-жайы көрсетілсе, онда хат-хабар осы мекен-жай бойынша өтінім берушінің атына немесе егер өтінім берушілер бірнешеу болса, - өтініште бірінші көрсетілген өтінім берушінің атына, оның үстіне өтінім берушілердің барлығы бірдей Қазақстан Республикасының аумағында өмір сүрмесе немесе тұрмаса, онда - бірінші көрсетілген ұлттық өтінім берушінің атына жіберіледі;
     егер өтініштің 98-бағаны толтырылмаса, онда хат-хабар өтінім берушінің мекен-жайына және атына немесе егер өтінім берушілер бірнешеу болса, - бірінші өтінім берушінің атына не егер өтінім берушілердің барлығысы бірдей Қазақстан Республикасының аумағында өмір сүрмесе немесе тұрмаса, бірінші ұлттық өтінім берушінің атына жіберіледі.
     Өтінімнің тіркелген құжаттары қайтарылмайды.

     24. Өтінімнің тіркелген құжаттары өтінім беруге ақы төленгенін және өтінімге белгіленген мөлшерде алдын ала сараптама жүргізілгенін растайтын құжаттың бар-жоқтығына тексеріледі. Мұндай құжат және белгіленгеннен аз мөлшерде ақы төленген жағдайда, оның мөлшерін азайту үшін негіз барлығын растайтын құжат болмаған жағдайда, өтінім берушіге жоқ (болмаған) құжатты (құжаттарды) ұсынудың қажеттігі туралы және (немесе) белгіленген мөлшерге дейін қосымша ақы төлеу туралы құжатты ұсыну қажеттігі туралы хабарланады, ол өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде немесе тиісті ақы төленген жағдайда екі айдан аспайтын, неғұрлым кешірек мерзімде ұсынылуы мүмкін.
     Өтінім берушіге сондай-ақ, белгіленген мерзімде және белгіленген мөлшерде ақы төленгені туралы көрсетілген құжаттарды табыс етпеген жағдайда, өтінім берілмеді деп танылатыны және ол бойынша іс жүргізу қалпына келтірілмейтіні туралы хабарланады.

     25. Селекциялық жетістікті шет елдерде патенттеген кезде сараптама жасау ұйымына берілген өтінім, өтінім берушінің сұрауы бойынша сараптама жасау ұйымы бірінші өтінімнің куәландырылған көшірмесін әзірлейді. Өтінім берушінің сұрауына куәландырылған көшірмені әзірлеудің тиісті ақысын төлеу туралы құжат қоса берілуге тиіс.

     26. Сорттың, тұқымның басымдығы Заңның 7-бабының 1-тармағына сәйкес өтінімді сараптама жасау ұйымына берген күн бойынша белгіленеді.
     Басымдық Заңның 7-бабының 2-тармағына сәйкес Селекциялық жетістіктерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға (конвенциялық басымдық) қатысушы елдің бірінші өтінім берген күні бойынша белгіленуі мүмкін.

     27. Өтінімді алдын ала сараптау ол сараптама жасау ұйымына берілген күннен бастап екі ай өткеннен кейін жүргізіледі.
     Өтінімді алдын ала сараптау екі ай мерзімде жүргізіледі.
     Өтінімге алдын ала сараптама жүргізген кезде:
     өтінімде болуға тиіс немесе оған қоса тіркелуге тиіс құжаттардың (осы Ереженің 5-тармағы) болуы;
     төленген ақының белгіленген мөлшерге сәйкестігі;
     өтінім құжаттарына белгіленген талаптардың (осы Ереженің 3, 4 және 5-тармағы) сақталуы;
     өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхаттың болуын және ресімделуінің дұрыстығын қоса алғанда, Заңның 5-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда өтінім беру тәртібінің сақталуы;
     өтінімде оны берудің күніне қарағанда, басымдықты неғұрлым ерте сұратудың заңдылығының және тәртібінің сақталуы.

     28. Конвенциялық басымдықты сұрату кезінде Заңның 7-бабының 2-тармағына сәйкес:
     өтініште көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) конвенциялық өтінім беруге құқығының болуы;
     конвенциялық басымдықты сұрату үшін (өтінім берген кезде) өтінім берушінің мерзімді сақтауы;
     өтінім берумен бір мезгілде немесе сараптама жасау ұйымына бірінші өтінім берген күннен бастап үш ай ішінде берілетін бірінші өтінімнің куәландырылған көшірмесін және оның мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасын, сондай-ақ бірінші өтінімнің осы сортын білдіретін тұқым мен көшет материалдарын ұсыну (мал тұқымы бойынша бірінші өтінімге асыл тұқымды материалдар) Мемлекеттік комиссияның сауалы бойынша ұсынылады мерзімнің болуы мен сақталуы;
     өтінім берушінің конвенциялық өтінім сараптама жасау ұйымына келіп түсуге тиіс бірінші өтінім берілген күннен бастап есептегенде, он екі ай мерзімді сақтауы тексеріледі.
     Осы шарттарды орындау кезінде өтінім беруші қосымша құжаттама мен сынақ үшін қажетті материалды бірінші өтінім берген күннен бастап үш жыл ішінде ұсынбауға құқылы.
     Кемінде бір шарт орындалмаған жағдайда, сорттың, тұқымның басымдығы өтінімнің сараптама жасау ұйымына берілген күні бойынша белгіленеді.

     29. Селекциялық жетістіктің ұсынылған атауының дұрыстығын тексеруді деректердің компьютерлік банкісін пайдалана отырып Селекциялық жетістіктерге атау беру жөніндегі ереженің негізінде Мемлекеттік комиссиямен бірлесіп сараптама жасау ұйымы жүргізеді.

     30. Өтінімге орай келіп түскен және өтінімнің бастапқы құжаттарында келтірілмеген және өтінім берілген сорттың, тұқымның мәнін өзгертетін қосымша құжаттар өтінімді қараған кезде назарға алынбайды, ол туралы өтінім берушіге хабарланады.

     31. Егер өтінімді алдын ала сараптау процесінде селекциялық жетістіктің атауының белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін және (немесе) өтінімнің құжаттарға қойылатын талаптарды бұза отырып ресімделгені анықталса, өтінім берушіге табылған кемшіліктерді көрсете отырып және селекциялық жетістіктің жаңа атауын және (немесе) болмаған атауын немесе түзетілген құжаттарды табыс етуді ұсынған сұрау салу ол жіберілген күннен бастап екі ай ішінде жіберіледі.

9-тарау. Өтінімді қараудан бас тарту туралы
немесе одан әрі қарау туралы шешім

     32. Алдын ала сараптаманың сұрау салуына белгіленген мерзімде жауап берілмеген, сондай-ақ өтінім белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда сараптама жасау ұйымы оның негізінде уәкілетті орган өтінімді одан әрі қараудан бас тарту туралы шешім қабылдайтын сарапшылық тұжырым береді, ол туралы өтінім берушіге бір ай мерзімде хабарланады. Бұл орайда өтінім беруші шешімді алған күннен бастап екі ай ішінде өтінімді одан әрі қараудан бас тарту туралы шешімге уәкілетті органға қарсылық бере алады. Қарсылықты ол келіп түскен күннен бастап екі ай мерзімде апелляциялық кеңес қарауға тиіс.
     Апелляциялық кеңестің шешіміне ол шешімді алған күннен бастап алты ай ішінде сотқа шағым жасалуы мүмкін.

     33. Егер алдын ала сараптау нәтижесінде өтінімнің белгіленген талаптарға сәйкес келетіні анықталса, сараптама жасау ұйымы оның негізінде уәкілетті орган өтінімді одан әрі қарау туралы шешім қабылдайтын сарапшылық тұжырым береді. Шешімде өтінім беруші алдын ала сараптаманың оң шешімі, өтінім берілген күннің, селекциялық жетістік басымдылығының белгіленгені туралы және қажетті материалдарды айырмашылыққа, біртектілікке және тұрақтылыққа сынау үшін жіберілуінің қажеттілігі туралы хабарламаны өтінім берушіге жіберетін Мемлекеттік комиссияға өтінім материалдарын беру туралы хабарланады.

10-тарау. Өтінім туралы мәліметтерді жариялау

     34. Алдын ала сараптау нәтижесінде әрі қарай қарау туралы шешім шығарылған өтінім туралы мәліметтерді жариялау Заңның 8-бабының 6-тармағына сәйкес өтінімнің келіп түскен күнінен бастап он сегіз ай өткеннен кейін ресми бюллетеньде жүргізіледі. Өтініш берушінің СЖ-2 нысаны бойынша берген өтініші бойынша (осы Ережеге 2-қосымша) өтінім туралы мәліметтер көрсетілген мерзімнен бұрын жариялануы мүмкін:
     1) өтінім туралы мәліметтерді жариялау кезінде сараптама жасау ұйымы мемлекеттік және орыс тілдерінде мынадай мәліметтерді:
     өтінімнің нөмірі мен берілген күнін;
     егер өтінім бойынша сараптама жасау ұйымына өтінім берілген күнге қарағанда басымдықтың одан неғұрлым ертелеу күні белгіленсе, соның негізінде селекциялық жетістіктің басымдығы белгіленген өтінім берген елдің ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес нөмірін, берген күнін және кодын;
     егер ол (олар) солар (сондайлар) ретінде аталудан бас тартпаса автордың (авторлардың) атын;
     патент иеленушінің атын немесе атауын;
     автордың (авторлардың) ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес тұрғылықты жердегі (жүрген жеріндегі) елінің кодын (кодтарын);
     селекциялық жетістіктің атауын;
     сауалнамада келтірілген деректерге негізделген селекциялық жетістіктің сипаттамасын жария етеді;
     2) автордың жарияланатын мәліметтерде сондай ретінде аталуынан бас тартуы, егер ол жариялауға техникалық даярлық аяқталғанға дейін келіп түссе, осы мәліметтерді жариялаған кезде ескеріледі. Аталған бас тартуды автордың сол мерзімде кері қайтарып алуы мүмкін.

11-тарау. Селекциялық жетістіктің патентке
қабілеттілігіне сараптама

     35. Мемлекеттік комиссияның патентке қабілеттілік шарттарына сараптама жүргізуінің мазмұны мен тәртібі Ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді.

12-тарау. Патент беру туралы шешім

     36. Егер Мемлекеттік комиссия жүргізген сараптама нәтижесінде, өтінім берілген селекциялық жетістік Заңның 4-бабында белгіленген патенттік қабілеттілік шарттарына сай келсе, Мемлекеттік комиссия патент беруге қорытынды жасай отырып сортты (тұқымды) тиісті нысан бойынша сипаттайды және оның үш данасын уәкілетті органға жібереді. Уәкілетті орган Заңның 10-бабының 4-тармағына сәйкес патент беру туралы шешім шығарады және оны өтінім берушіге жібереді.

13-тарау. Патент беруден бас тарту туралы шешім

     37. Мемлекеттік комиссия мәлімделген селекциялық жетістіктің патентке қабілеттілік шарттарының ең болмағанда біреуіне сай еместігін анықтаған жағдайда, Мемлекеттік комиссия екі данада қорытынды жасайды және оны уәкілетті органға жібереді.

     38. Уәкілетті орган Заңның 10-бабының 5-тармағына сәйкес тиісті негіздемелер келтіре отырып патент беруден бас тарту туралы шешім шығарады және оны Мемлекеттік комиссияның қорытындысын алған күннен бастап бір ай мерзімде өтінім берушіге жібереді. Өтінім беруші оны алған күннен бастап үш ай мерзімде Апелляциялық кеңеске патент беруден бас тарту туралы шешімге қарсылық бере алады. Апелляциялық кеңес қарсылықты ол келіп түскен күннен бастап үш ай мерзімде қарауға тиіс.

     39. Заңның 10-бабының 6-тармағына сәйкес өтінім беруші уәкілетті органннан сараптамаға қарама-қарсы қойылған құжаттардың көшірмесін сұрата алады.

14-тарау. Патент беру және Селекциялық
жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу

     40. Патент беру туралы шешімнің және тиісті ақының төленуінің расталуы негізінде селекциялық жетістік оған тиісті нөмір беріле отырып Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне тіркеледі.
     Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне мынадай жазбалар:
     өсімдіктің, малдың тегі, түрі;
     сорттың, тұқымның атауы;
     сол бойынша патент берілген өтінімнің тіркеу нөмірі және берілген күні;
     егер өтінім бойынша басымдықтың сараптама жасау ұйымына өтінім берілген күнмен салыстырғанда неғұрлым ерте күні белгіленсе, соның негізінде селекциялық жетістіктің басымдығы белгіленген бірінші өтінім берген елдің ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес нөмірі, берілген күні және коды;
     патент иеленушінің аты немесе атауы және оның ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес тұрғылықты жердегі немесе жүрген жеріндегі елінің коды;
     автордың (авторлардың) аты және оның (олардың) тұрғылықты жерінің ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес коды;
     атын және мекен-жайын, шартты тіркеу нөмірі мен күнін, оны жариялау күнін көрсете отырып патентті басқа тұлғаға беру фактісі;
     ерекше, ашық және мәжбүрлі лицензиялар туралы деректер;
     себебін көрсете отырып патенттің тоқтатылған күні және тоқтатылуы туралы жарияланған күні;
     патенттің қолданылуын ұзарту күні және ұзарту туралы мәліметтер жарияланған күні;
     Мемлекеттік тізілімдегі жазбалардағы өзгерістер туралы басқа мәліметтер енгізіледі.
     Ресми бюллетеньде сараптама жасау ұйымы патентті беру, сондай-ақ патенттің құқықтық мәртебесіндегі келесі өзгерістер туралы мәліметтерді жариялайды.

     41. Уәкілетті органның шешімінің негізінде селекциялық жетістікке патент береді.
     Патент мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
     Патентте:
     патент нөмірі;
     селекциялық жетістіктің атауы;
     патент иеленуші - жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол болса) және заңды тұлғаның толық атауы, шетелдік патент иеленушінің ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша жүрген жердегі елінің коды;
     автор (авторлары) - тегі, аты және әкесінің аты (егер ол болса), шетелдік автордың ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша жүрген жердегі елінің коды;
     тіркеу нөмірі және сараптама жасау ұйымына өтінім берген күні;
     егер ол өтінім берген күннен ерекшеленетін болса, басымдық көрсетіледі.

     42. Патент оның берілгендігі туралы мәліметтерді ресми бюллетеньде жариялаумен бір мезгілде беріледі.
     Патент бірнеше тұлғалардың атына сұратылған жағдайда Заңның 13-бабына сәйкес оларға бір патент беріледі.

     43. Патент иеленуші болып табылмайтын селекциялық жетістік авторына оның авторлығын растайтын ресми куәлік беріледі.

     44. Патент және оған авторлардың куәліктері оларға тікелей тапсырылады немесе тапсырыстық пошта жөнелтімімен патент иеленушінің заңды мекен-жайына немесе оған берілген сенімхатқа сәйкес өкілдің мекен-жайына не патентті жіберу үшін өтінім беруші арнайы көрсеткен өзге мекен-жайға жіберіледі.
     Өтінім беруші тұратын орнының немесе жүретін жерінің (заңды мекен-жай) өзгеруі туралы патент берілгенге дейін сараптама жасау ұйымына хабарлауға міндетті.

     45. Патент иеленушіге патент тапсырған кезде жеке тұлға өзінің куәлігін немесе заңды тұлғаның патент алуға арналған сенімхатын көрсетеді. Шетелдік патент иеленушілердің патенттері және оған қоса берілетін авторлардың куәліктері Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіліне жіберіледі.
     Егер патент беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе жүретін бірнеше тұлғалар бірлесіп берсе, онда патент және авторлар куәліктері бірінші көрсетілген патент иеленушіге жіберіледі.
     Егер патент беру туралы өтінішті барлығысы бірдей Қазақстан Республикасында тұрмайтын немесе жүрмейтін бірнеше тұлғалар бірлесіп берсе, онда патент және авторлар куәліктері Қазақстан Республикасының аумағында тұратын және жүретін, бірінші көрсетілген патент иеленушіге жіберіледі.

15-тарау. Патенттегі патент иеленушілер құрамы мен
авторлар құрамына өзгерістер енгізу

     46. Авторлар құрамын өзгерту дегенді патентте көрсетілген авторды құрамға енгізу немесе құрамнан шығару деп түсіну керек:
     1) авторлар құрамына өзгеріс енгізілетін немесе шығарылатын автордың патент нөмірін, тегін, атын (егер ол болса, әкесінің атын), тұрғылықты жерінің мекен-жайын көрсете отырып уәкілетті органға авторлар құрамына тиісті өзгерістер енгізу туралы еркін нысанда өтініш беру жолымен енгізіледі. Өтінішке патент иеленуші (патент иеленушілер) және авторлар құрамынан шығарылатын жағдайда - шығарылатын автор да осы Ереженің 4-тарауында белгіленген тәртіппен қол қоюға тиіс (үкіметаралық келісімдерге сәйкес ұлттық авторлар мен соларға теңестірілген авторлар үшін ғана). Шығарылатын автордың келісімі патент нөмірін көрсете отырып жеке хатпен ресімделуі мүмкін;
     2) авторлар құрамына өзгерістер енгізген кезде осы Ереженің 24-тармағының 3) және 4) тармақшаларында мазмұндалған ережелер қолданылады;
     3) өтінішке өзгеріс енгізуге ақы төленгенін растайтын құжат қоса тіркеледі;
     4) өзгерістер енгізу туралы құжаттарды қараған кезде Ереженің 24-тармағының 6) тармақшасында мазмұндалған ережелер қолданылады;
     5) уәкілетті орган патентке тиісті өзгерісті растайтын Қосымша береді. Өзгерістер туралы мәліметтер ресми бюллетеньде жарияланады.

     47. Патент иеленушілер құрамын өзгерту дегенді патентте көрсетілген құрамға қосымша тұлғаны енгізу немесе патент иеленушілер құрамынан шығару жолымен патент иеленушілер құрамын ішінара өзгерту деп түсіну керек:
     1) патент иеленушілер құрамына өзгерту енгізілетін патент иеленушінің патент нөмірін, тегін, атын (егер ол болса, әкесінің атын) немесе толық ресми атауын, сондай-ақ тұрғылықты жерінің немесе жүрген жерінің мекен-жайын көрсете отырып уәкілетті органға патент иеленушілер құрамына тиісті өзгерістер енгізу туралы еркін нысанда өтініш беру жолымен енгізіледі. Өтінішке патент иеленуші (патент иеленушілер) және патент иеленушілер құрамынан шығарылатын жағдайда - шығарылатын патент иеленуші де осы Ереженің 4-тарауында белгіленген тәртіппен қол қоюға тиіс. Шығарылатын патент иеленушінің - жеке тұлғаның қолы нотариалдық куәландырылуға тиіс (үкіметаралық келісімдерге сәйкес ұлттық патент иеленушілер мен соларға теңестірілген тұлғалар үшін ғана).
     Шығарылатын патент иеленушінің келісімі патент нөмірін көрсете отырып жеке хатпен ресімделуі мүмкін;
     2) патент иеленушілер құрамына өзгерістер енгізген кезде осы Ереженің 24-тармағының 3) және 7) тармақшаларында мазмұндалған ережелер қолданылады;
     3) өтінішке өзгеріс енгізуге ақы төленгенін растайтын құжат қоса тіркеледі;
     4) өзгерістер енгізу туралы құжаттарды қараған кезде Ереженің 24-тармағының 9) тармақшасында мазмұндалған ережелер қолданылады;
     5) уәкілетті орган патентке тиісті өзгерісті растайтын Қосымша береді. Өзгерістер туралы мәліметтер ресми бюллетеньде жарияланады.

16-тарау. Селекциялық жетістікке берілген
патенттің қолданылу мерзімін ұзарту

     48. Заңның 3-бабының 5-тармағына сәйкес патент иеленуші селекциялық жетістікке арналған патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш бере алады. Өтініш уәкілетті органға СЖ-3 нысаны бойынша ұсынылады (осы Ережеге 3-қосымша). Өтініш патенттің қолданылуының соңғы жылы ішінде және оның күшін сақтап тұру жағдайында берілуі мүмкін. Дәлелді себептер болған кезде өтініштің берілу мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ ол алты айдан аспауы тиіс.
     Өтінішке тиісті ақы төленгенін растайтын құжат қоса тіркеледі.

17-тарау. Селекциялық жетістікті сақтау

     49. Патент иеленуші патенттің қолдану мерзімі ішінде олар Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде тіркелген күні жасалған сорттың, тұқымның сипаттамасында көрсетілген белгілердің сақталуы үшін сортты, тұқымды қолдауға міндетті.
     Патент иеленуші Мемлекеттік комиссияның сұратуы бойынша сұратудың жолданған күнінен бастап он екі ай ішінде бақылау сынақтарын жүргізу және сорттың, тұқымның сақталуын тексеру үшін материалдарды немесе қажетті құжаттарды жіберуге міндетті.
     Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген әрекеттер орындалмаған жағдайда Заңның 22-бабына сәйкес уәкілетті орган патентті жояды, ол туралы патент иеленушіге хабарланады және жарияланым жүргізіледі.

                                       Қазақстан Республикасы
                                        Әділет министрлігінің
                                      Санаткерлік меншік құқығы
                                    жөніндегі комитеті төрайымының
                                       2004 жылғы 14 қазандағы    
                                     N 72-п бұйрығымен бекітілген
                                     Селекциялық жетістікке патент
                                      беруге өтінім беру және оны  
                                        қарау жөніндегі ережеге   
                                               1 қосымша

                                               СЖ-1 нысаны   

     _____________________________________________________________
     |Келіп түскен  |  (21) Мем.  | (22) Берген күні |  Басымдық
Сарап.|күні          |   тіркеу N  |                  |
тама  |______________|_____________|__________________|____________
жасау |
ұйымы |                                           Сараптама жасау
толты.|                                               ұйымына
рады  |     Селекциялық жетістікке
     |Қазақстан Республикасының патентін
     |          беру туралы
     |            ӨТІНІШ
Қажет.|Төменде көрсетілген құжаттарды ұсына
ті Х  |    отырып, өтінім берушінің                      |ДЗМҰ ST.3
белгі.|   (өтінім берушілердің) атына                    |стандарты
сімен | Қазақстан Республикасының патентін               |бойынша
белгі.|    беруді өтінемін (өтінеміз)                    |елдің коды
лен.  |(71) Өтінім беруші (лер):                         |(белгілі
сін   |                                                  |болса)
     |(Толық аты немесе атауы және тұратын жері         |
Сарап.|немесе орналасқан орны көрсетіледі.               |
тама  |Авторлар-өтінім берушілердің тұратын жері         |
жасау |туралы деректер 97-кодты бағанда  көрсетіледі     |
ұйымы |
қойған|____________________________________________________________
дерек.|ҰСМИ-ға өтінім берген күннен неғұрлым ерте күн бойынша
теме. |басымдық сұратылған кезде ғана толтырылады
лері  | _
бар   ||_|Селекциялық жетістік басымдығын Халықаралық конвенцияға
өтініш|қатысушы елде бірінші өтінім берілген күн бойынша
өті.  |белгілеуді өтінемін (өтінеміз) (Заңның 7-бабының 2-тармағы)
німді |____________________________________________________________
алу   |Бірінші  |Сұратылатын|Берген елдің|Өтінімді|Селекциялық
туралы|өтінімнің|басымдық   |коды        |қарау   |жетістік қандай
хабар.|N        |күні       |(ДЗМҰ ST.3) |сатысы  |атаумен тіркелді
лама  |_________|___________|____________|________|________________
болып |         |           |            |        |
табы. |         |           |            |        |
лады  |         |           |            |        |
     |____________________________________________________________
     |Мен (біз) бірінші өтініммен берілген материал осы сортты
     |(тұқымды) білдіретінін және осы өтінімге сәйкес келетінін
     |мәлімдеймін (міз)
     |____________________________________________________________
     |Тегі, түрі _________________________________________________
     |             (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі атауы)
     |           _________________________________________________
     |                         (латынша атауы)
     |____________________________________________________________
     |Ұсынылатын                                      |Селекция-
     |атау                                            |лық нөмір
     |                                                |___________
     |                                                |
     |____________________________________________________________
     |Селекциялық жетістіктер мына елде (дерде) шығарылды ________
     |____________________________________________________________
     |Сорт (тұқым) сатуға ұсынылды ма немесе сатылды ма:
     |Өтінім берілген елде:  |_| - жоқ  |_| - иә
     |             алғашқы рет ________  мынадай атаумен ________
     |                        (күні)
     |____________________________________________________________
     |Басқа елдерде: |_| - жоқ  |_| - иә  алғашқы рет ____________
     |                                               (елі, күні)
     |
     |мынадай атаумен ___________________________________________
     |____________________________________________________________
     |(98) Хат-хабар алмасу үшін мекен-жай (толық пошталық
     |мекен-жай)
     |Телефон:                    Факс:
     |____________________________________________________________
     |(74) Патенттік сенім білдірілген өкіл (толық аты, уәкілетті
     |органда тіркелген нөмірі) немесе өтінім берушінің (өтінім
     |берушілердің) өкілі (толық аты немесе атауы)
     |____________________________________________________________
     |Қоса тіркелетін құжаттардың     |       |    |
     |тізбесі                         |1 дана.|Дана| Өтінімді беру
     |                                | дағы  |саны| және патентті
     |                                |п. саны|    | алу (құжатты
     |________________________________|_______|____| ұсынбай) құқы.
     ||_| өтінішке қосымша                           ғының пайда
     |________________________________|_______|____| болуына негіз:
     ||_| селекциялық жетістік
     |    сауалнамасы                                |_| өтінім
     |________________________________|_______|____|  беруші жұмыс
     ||_| фотосурет                                   беруші болып
     |________________________________|_______|____|  табылады және
     ||_| негативтер немесе түсті                     Заңның 5-ба.
     |    слайдтар                                    бының 1-тар.
     |________________________________|_______|____|  мағының шарт.
     ||_| бұрын жасалған сату туралы                  тары сақтала.
     |    ақпарат                                     ды
     |________________________________|_______|____|
     ||_| өтінім бергені үшін ақы                     |_| жұмыс
     |    төлегені туралы                             берушінің не.
     |________________________________|_______|____|  месе оның
     ||_| ақыны азайту үшін негіздеме                 құқықтық ми.
     |    бар екенін растайтын құжат                  расқорының
     |________________________________|_______|____|  құқықтарды
     ||_| бірінші өтінімнің көшірмесі                 басқаға беруі
     |    (конвенциялық басымдық
     |    сұратқан кезде)                             |_| автордың
     |________________________________|_______|____|   немесе оның
     ||_| өтінімді мемлекеттік немесе                 құқықтық
     |    орыс тіліне аудару                          мирасқорының
     |________________________________|_______|____|  құқықтарды
     ||_| патенттік сенім білдірілген                 басқаға беруі
     |    өкілдің немесе өкілдің өкіл.
     |    еттігін растайтын сенімхат                  |_| мұрагер.
     |________________________________|_______|____|  лік құқығы
     ||_| басқа құжат (көрсету керек)
     |____________________________________________________________
     |(72)  Автор(лар)|(97) Ел атауын және   |Өтінім беруші(лер)-
     |(толық Т.А.Ә.   |белгілі болса, оның   |автордың(лардың)
     |көрсетіледі)    |ДЗМҰ ST.3 стандарты   |және/немесе патент
     |                |бойынша кодымен қоса  |алу құқығын басқаға
     |                |тұратын жерінің толық |берген автордың
     |                |пошталық мекен-жайы   |(лардың) қолы(дары),
     |                |                      |күні
     |____________________________________________________________
     |
     |
     |____________________________________________________________
     |Мен (біз) __________________________________________________
     |____________________________________________________________
     |өтінім материалдарын және патентті жариялау кезінде мені
     |(бізді) автор(лар) ретінде атамауды өтінемін (өтінеміз)
     |Автордың(лардың) қолы(дары):
     |____________________________________________________________
     |Патентті алуға құқықты басқаға берген автордың құқықтық
     |мирасқоры (толық аты немесе атауы, тұратын жері немесе
     |орналасқан орны, қолы, күні (заңды тұлға атынан қол қою
     |кезінде басшының қолы мөрмен бекітіледі)):
     |____________________________________________________________
     |Мен (біз) менде (бізде) бар мәліметтер бойынша өтінімді
     |қарау үшін қажетті және осы өтініш пен қосымшаларға
     |енгізілген ақпарат түпкілікті және дұрыс болып табылатынын
     |мәлімдеймін (міз). Мен (біз) үлгілер тиісті жолмен
     |алынғандығын және селекциялық жетістіктің көрнекі іріктелуі
     |болып табылатынын растаймын (мыз)
     |____________________________________________________________
     |Қол
     |өтінім берушінің(лердің) немесе патенттік сенім білдірілген
     |өкілдің қолы(дары), қол қойылған күн (заңды тұлға атынан қол
     |қою кезінде басшының қолы мөрмен бекітіледі)
     |____________________________________________________________

                                     Қазақстан Республикасы
                                      Әділет министрлігінің
                                    Санаткерлік меншік құқығы
                                 жөніндегі комитеті төрайымының
                                     2004 жылғы 14 қазандағы    
                                  N 72-п бұйрығымен бекітілген  
                                  Селекциялық жетістікке патент
                                   беруге өтінім беру және оны  
                                      қарау жөніндегі ережеге   
                                              2 қосымша          

                                                 СЖ-2      
 
                                       Сараптама жасау ұйымына   

    Селекциялық жетістікке патент беруге өтінім туралы
       мәліметтерді мерзімнен бұрын жариялау туралы
                         ӨТІНІШ

     "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 8-бабының 6-тармағына сәйкес Сараптама жасау
ұйымының ресми бюллетенінде

     N ________________________________________ өтінім бойынша
      (тіркеу нөмірі және өтінім берген күні)

     __________________________________________________________
                 (селекциялық жетістіктің атауы)

селекциялық жетістікке патент беруге өтінім туралы
мәліметтерді Заңда белгіленген мерзімнен бұрын Ұлттық санаткерлік
меншік институтының ресми бюллетенінде жариялауды өтінемін
(өтінеміз).

Өтінім беруші (өтінім берушілер)         ________________________
(толық аты немесе атауы)                          (қолы)

                                                М.О.

                                     Қазақстан Республикасы
                                      Әділет министрлігінің
                                    Санаткерлік меншік құқығы
                                 жөніндегі комитеті төрайымының
                                     2004 жылғы 14 қазандағы    
                                  N 72-п бұйрығымен бекітілген  
                                  Селекциялық жетістікке патент
                                   беруге өтінім беру және оны  
                                      қарау жөніндегі ережеге   
                                              3 қосымша          

                                                 СЖ-3      
 
                                       Сараптама жасау ұйымына   

               Селекциялық жетістікке патенттің
               қолданылу мерзімін ұзарту туралы
                            ӨТІНІШ

     "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 3-бабының 5-тармағына сәйкес
N ______________________________________________________________
                       (патенттің нөмірі)
________________________________________________________________
                 (селекциялық жетістіктің атауы)
селекциялық жетістікке патенттің қолданылу мерзімін
________________________________________________________________
 (патенттің қолданылу мерзімін ұзартуға сұратылып отырған
              жыл санын көрсету керек)

ұзартуды өтінемін.
               _
Ескерту:       |_|  патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы
                   мәліметтерді жариялау үшін ақы төленгені туралы
                   құжат - 1 дана
               _
              |_|  ___________ жылы патентті күшінде сақтау ақысын
                   төлегені туралы құжат - 1 дана

Құқық иеленуші                        ________________________
                                            (қолы)

                                         (М.О.)

                                     Қазақстан Республикасы
                                      Әділет министрлігінің
                                    Санаткерлік меншік құқығы
                                 жөніндегі комитеті төрайымының
                                     2004 жылғы 14 қазандағы    
                                  N 72-п бұйрығымен бекітілген  
                                  Селекциялық жетістікке патент
                                   беруге өтінім беру және оны  
                                      қарау жөніндегі ережеге   
                                              4 қосымша          

                                            СЖ-3-1 нысаны      

Сараптама жасау ұйымының
мекен-жайы мен телефондары

                                          БЕКІТЕМІН
                             Сараптама жасау ұйымының директоры
                                 ____________________________
                                 2004 ж. "___" ______________

________________________   N     (98)

Хат алмасу кезінде N  өтінімге
сілтеме жасаңыз                  (74)

    Селекциялық жетістікке патент беруге өтінімнің
     алдын ала сараптамасының оң нәтижесі туралы
                      ҚОРЫТЫНДЫ

(21) N  өтінім
(22) өтінім берген күн

               БАСЫМДЫҚ БЕЛГІЛЕНГЕН:

(22) өтінім берілген күні бойынша
өтінімді Халықаралық селекциялық жетістіктерді қорғау жөніндегі
конвенцияға қатысушы елде алғаш рет берген күні бойынша
(31) алғашқы өтінімнің нөмірі  (32)  Алғашқы өтінім берген күн
(33) Алғашқы өтінім берген елдің коды

(71) Өтінім беруші(лер)

(72) Автор(лар)

(51) МПК7

(54) Селекциялық жетістіктің атауы

     Селекциялық жетістікке берілген өтінім материалдарына алдын
ала сараптама жасау нәтижесінде олардың "Селекциялық жетістіктерді
қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының және
6-бабының талаптарына сәйкестігі анықталды.
     Өтінім одан әрі қарауға жатады, ал ол туралы мәліметтер ресми
бюллетеньде жариялануы мүмкін.

Өнертабыстар мен пайдалы модельдер
қызметінің басшысы                           Аты-жөні

Сарапшы                                       Аты-жөні

                                     Қазақстан Республикасы
                                      Әділет министрлігінің
                                    Санаткерлік меншік құқығы
                                 жөніндегі комитеті төрайымының
                                     2004 жылғы 14 қазандағы    
                                  N 72-п бұйрығымен бекітілген  
                                  Селекциялық жетістікке патент
                                   беруге өтінім беру және оны  
                                      қарау жөніндегі ережеге   
                                              5 қосымша          

                                            СЖ-3-2 нысаны      

Сараптама жасау ұйымының
мекен-жайы мен телефондары

                                          БЕКІТЕМІН
                              Сараптама жасау ұйымының директоры
                                 ____________________________
                                 2004 ж. "___" ______________

________________________   N     (98)

Хат алмасу кезінде N  өтінімге
сілтеме жасаңыз                  (74)

   Селекциялық жетістікке патент беруге өтінімнің
   алдын ала сараптамасының теріс нәтижесі туралы
                     ҚОРЫТЫНДЫ

(21) N  өтінім
(22) өтінім берген күн

(71) Өтінім беруші(лер)

(72) Автор(лар)

(54) Селекциялық жетістіктің атауы

     Селекциялық жетістікке берілген өтінім материалдарына алдын
ала сараптама жасау нәтижесінде олардың "Селекциялық жетістіктерді
қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының және
6-бабының талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталды N атап
айтқанда:

Өнертабыстар мен пайдалы модельдер
қызметінің басшысы                                Аты-жөні

Сарапшы                                           Аты-жөні