Тіркелген N 2647 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 бұйрығына N 7 толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 26 қазандағы N 151 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 1 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3180

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201  бұйрығына  (Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 3 сәуірдегі N 54 - тіркелген N 2806; 2004 жылғы 25 мамырдағы N 77 - тіркелген N 2884; 2004 жылғы 2 шілдедегі N 98 - тіркелген N 2932; 2004 жылғы 2 тамыздағы N 144 - тіркелген N 3024 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген N 2647) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      04 "Білім беру" функционалдық тобында "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру" деген 6 кіші функция мынадай мазмұндағы 015 бағдарламасы бар 221 әкімшімен толықтырылсын:
      "221 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
      015 Жоғары кәсіптік білімді мамандарды даярлау".
      2. Бюджеттік процесс әдіснамасы және функционалдық талдау департаменті (Д.М. Шәженова) Заң басқармасымен (М.Д. Әйтенов) бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр