-----------Бұйрықтан үзінді----------
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрлігінің
2005 жылғы 2 маусымдағы
N 75 бұйрығына қосымша
Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі
59. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 26 қазандағы N 151 (тіркелген N 3180) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы, тіркелген N 2647" бұйрығына N 7 толықтыру енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201
бұйрығына
(Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 3 сәуірдегі N 54 - тіркелген N 2806; 2004 жылғы 25 мамырдағы N 77 - тіркелген N 2884; 2004 жылғы 2 шілдедегі N 98 - тіркелген N 2932; 2004 жылғы 2 тамыздағы N 144 - тіркелген N 3024 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген N 2647) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
04 "Білім беру" функционалдық тобында "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру" деген 6 кіші функция мынадай мазмұндағы 015 бағдарламасы бар 221 әкімшімен толықтырылсын:
"221 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
015 Жоғары кәсіптік білімді мамандарды даярлау".
2. Бюджеттік процесс әдіснамасы және функционалдық талдау департаменті (Д.М. Шәженова) Заң басқармасымен (М.Д. Әйтенов) бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министр