Аймақаралық деңгейдегі желілер арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер мен басқа да қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 6 қазандағы N 417-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 8 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3140

Қолданыстағы

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңы  13-бабының 3) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Аймақаралық деңгейдегі желілер арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер мен басқа да қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
      2. Аймақаралық деңгейдегі желілер арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер мен басқа да қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілері:
      1) табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес реттелетін қызметтердің түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін әзірлесін және бекітсін;
      2) табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес реттелетін қызметтердің түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін келісу үшін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне 2005 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Д.Х.Тоқыбаева) белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) ұсынылып отырған табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес реттелетін қызметтердің түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін келісуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (Токарева М.А.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) осы бұйрықтың ресми бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіппен жариялануын қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты аймақаралық деңгейдегі желілер арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер мен басқа да қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің назарына жеткізсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
      6. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

"Аймақаралық деңгейдегі желілер  
арқылы электр энергиясын беру   
жөніндегі қызметтер мен басқа   
да қызметтер көрсететін табиғи   
монополия субъектілерінің     
табыстарды, шығындар мен іске  
қосылған активтерді бөлектеп    
есепке алуды жүргізу ережесін   
бекіту туралы" Қазақстан      
Республикасы Табиғи монополияларды 
реттеу агенттігі төрағасының   
2004 жылғы 6 қазандағы       
N 417-НҚ бұйрығымен бекітілген  

Аймақаралық деңгейдегі желілер арқылы электр
энергиясын беру жөніндегі қызметтер мен басқа да
қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді
бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізудің осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына , "Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік саясатын жетілдірудің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 қазандағы N 1126  қаулысына  және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес әзірленді және аймақаралық деңгейдегі желілер арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер мен басқа да қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілеріне қолданылады.

      2. Ережені әзірлеудің негізгі мақсаты субъектілердің реттелетін қызметтердің түрлері бойынша және табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) бекітетін экономикалық негізделген тарифтерді белгілеу үшін реттелмейтін қызметтер бойынша табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есеп алуды жүргізу қағидаттарын, ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін айқындау болып табылады.

      3. Субъектілер қызметтердің әрбір түрі бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен реттелетін қызметтерінің тізбесі бойынша табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүзеге асырады.

      4. Бөлектеп есепке алу көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша табыстар, шығындар мен іске қосылған активтер туралы деректерді жинау мен қорыту жүйесін білдіреді.

      5. Бөлектеп есепке алудың негізгі қағидаттары:
      1) табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бастапқы құжаттар деректерінің негізінде тиісті қызметтер түрлеріне тікелей жатқызу (тікелей жатқызу мүмкін болған жағдайда) басымдығы;
      2) табыстардың, шығындардың және іске қосылған активтердің өздері байланысты сол бір қызметтер түрлерімен себеп-салдарлық байланысы;
      3) табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді реттелетін қызметтердің тиісті түрлеріне жатқызу кезіндегі ашықтығы.

      6. Бөлектеп есепке алу осы Ережеге сәйкес табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді қызметтердің түрлері бойынша бөлуге қажетті бөлшектеу деңгейін қамтамасыз етуге тиісті бухгалтерлік және басқарушылық есептің бастапқы құжаттарына негізделуі тиіс. Осы Ереже субъектілердің белгілеген қаржылық және салықтық есеп ұсынуының тәртібі мен нысанын өзгертпейді.

      7. Бөлектеп есепке алуды жүргізу мақсатында осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
      1) бөлу базасы - шығындар мен активтердің іске қосылу дәрежесін қызметтер түрлеріне бөлу үшін пайдаланылатын сандық көрсеткіш (көрсеткіштер);
      2) басқа қызметтер - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын қызметтер;
      3) іске қосылған активтер - қызметтердің барлық түрлерін ұсыну үшін пайдаланылатын субъектінің негізгі құралдары;
      4) қызметтерге жанама іске қосылған активтер - бір мезгілде бірнеше қызметтермен (қызметтер тобымен) себеп-салдарлық байланысы бар іске қосылған активтер, сондықтан да олар белгілі бір қызметке тікелей және бір жақты жата алмайды, бірақ белгілі бір қызметтер көрсетуде олардың іске қосылу дәрежесі осы себеп-салдарлық байланыстарды көрсететін бөлу базасының негізінде анықталуы мүмкін;
      5) қызметтерге жанама шығындар - бір мезгілде бірнеше қызметтермен (қызметтер тобымен) себеп-салдарлық байланысы бар шығындар, сондықтан да олар белгілі бір қызметке тікелей және бір жақты жата алмайды, бірақ шығындардың пайда болу себептерін көрсететін бөлу базасының негізінде қызметтерге бөлінуі мүмкін;
      6) бөлу коэффициенті - қызметтер арасында шығындар мен активтерді бөлуге арналған бөлу базасын қолданудың нәтижесінде алынған жанама, бірлескен немесе жалпы шығындардың немесе активтердің үлесі;
      7) жалпы активтер - қызметтердің барлық түрлерін ұсынуға байланысты, бірақ осы қызметтермен қандай да бір белгіленген себеп-салдарлық байланысы жоқ активтер, сондықтан да олардың қызметтер ұсынуда іске қосылу дәрежесі уәкілетті органмен келісілген бөлу базасының негізінде анықталуы мүмкін;
      8) жалпы шығындар - қызметтердің барлық түрлерін ұсынуға байланысты, бірақ осы қызметтермен қандай да бір белгіленген себеп-салдарлық байланысы жоқ шығындар, сондықтан да уәкілетті органмен келісілген бөлу базасының негізінде бөлінеді;
      9) қызметтерге тікелей іске қосылған активтер - белгілі бір қызмет ұсынуға тікелей себеп-салдарлық байланысы бар іске қосылған активтер, сондықтан да белгілі бір қызметке тікелей және бір жақты жатқызылуы мүмкін;
      10) қызметтерге тікелей шығындар - белгілі бір қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар шығындар, сондықтан да белгілі бір қызметке тікелей және бір жақты жатқызылуы мүмкін;
      11) себеп-салдарлық байланыс негізінде бөлу - реттелетін қызметтердің түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді шығындардың, табыстардың және іске қосылған активтердің белгілі бір қызметтермен байланысын, пайда болу себептерін алдын ала зерттеу негізінде бөлу;
      12) бірлесіп іске қосылған активтер - бірнеше қызметтер (қызметтер тобын) ұсыну үшін пайдаланылатын іске қосылған активтер, бірақ осы қызметтермен қандай да бір белгіленген себеп-салдарлық байланысы жоқ, алайда олардың қызметтер ұсынудағы іске қосылу дәрежесі уәкілетті органмен келісілген бөлу базасының негізінде анықталуы мүмкін;
      13) бірлескен шығындар - бірнеше қызметтер (қызметтер тобын) ұсыну үшін пайдаланылатын шығындар, бірақ осы қызметтермен қандай да бір белгіленген себеп-салдарлық байланысы жоқ, сондықтан да уәкілетті органмен келісілген бөлу базасының негізінде бөлінеді.
      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

      8. Осы Ереженің негізінде субъектілер бөлектеп есепке алуды жүргізу мақсатында уәкілетті орган бекіткен және келісілген есепке алу саясатының жекелеген бөлімінің түрінде реттелетін қызметтердің түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізудің жеке әдістемесін әзірлейді.

      9. Бөлу базасы ретінде субъекті көрсетілген қызметтердің көлемін нақты түрінде не осы қызметтерден алынған табыстарды таңдайды.

2-тарау. Табыстарды, шығындар мен іске қосылған
активтерді көрсетілген қызметтердің түрлері бойынша бөлу

1. Қызметтер көрсетуден алынған табыстар

      10. Қызметтер көрсетуден алынған табыс реттелетін қызметтердің және бастапқы құжаттар мен бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде реттелмейтін қызметтердің түрлері бойынша жеке ескеріледі:
      1) қызметтің реттелетін түрлері бойынша - жасалған шарттардың шеңберінде және уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша көрсетілген қызметтердің іс жүзіндегі көлеміне сәйкес;
      2) қызметтің реттелмейтін түрлері бойынша - тиісті қызметтер мен бағалардың көлемдеріне байланысты өзге де қызметтер ұсынудан алынған табыстарға сүйене отырып, осы қызметтер ұсынылды.

2. Іске қосылған активтер

      11. Негізгі құралдардың барлық тізбесінен көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу мақсаттары үшін:
      1) қызметтерге тікелей іске қосылған активтер;
      2) қызметтерге жанама іске қосылған активтер;
      3) қызметтерге бірлесіп іске қосылған активтер;
      4) жалпы активтер бөлінеді.

      12. Тікелей іске қосылған активтер белгілі бір қызметке жатқызылады. Жанама іске қосылған активтер, бірлесіп іске қосылған активтер және жалпы активтер бөлу базасы мен олардың негізінде есептелген бөлу коэффициенттерін қолданылған қызметтеріне жатқызылады. Бірлесіп іске қосылған активтердің және жалпы активтердің бөлу базаларын субъект уәкілетті органмен келіседі. Жанама іске қосылған активтердің бөлу базалары уәкілетті органмен келісілмейді. Іске қосылған активтердің бөлу базалары қаржы жылының қорытындысы бойынша жылына бір рет қаралуы мүмкін.

      13. Шығындарды бөлектеп есепке алуды жүргізудің мақсаттары үшін субъектінің негізгі құралдары технологиялық белгілері бойынша:
      1) электр берілісінің желілеріне (бұдан әрі - ЭБЖ);
      2) трансформаторлық қосалқы станцияларына (бұдан әрі - ҚС);
      3) жөндеу-өндірістік базасына (бұдан әрі - ЖӨБ);
      4) диспетчерлік және техникалық басқару құралдарына (бұдан әрі - ДТБҚ);
      5) ғимараттар мен құрылыстарға;
      6) көлік және арнайы техникаға;
      7) машиналар және жабдықтарға;
      8) есептеу техникасына;
      9) өзге негізгі құралдарға топталады.
      Бұл ретте трансформаторлық қосалқы станциялар тобына және жөндеу-өндірістік базасының тобына негізгі құралдардың тиісті тобына есепке алынатын ғимараттар мен құрылыстар енгізілмейді.

      14. Қызметтерге іске қосылған активтердің құнын бөлу үшін активтердің құны өткен қаржы жылының соңғы есепті күніне жай-күйі бойынша субъектінің негізгі құралдарының қалдық құнының негізінде айқындалатын осы Ереженің 1-қосымшасының нысаны бойынша кесте толтырылады. Негізгі құралдардың әрбір тобы бойынша жалпы бөлу коэффициенті осы Ереженің тиісті 2-қосымшасының қорытынды жолынан осы Ереженің 1-қосымшасына қойылады. Әрбір қызметке жатқызылатын негізгі құралдардың топтары активтердің құнын бөлу коэффициентіне іске қосылған активтер құнының көбейтіндісі ретінде айқындалады.

      15. Негізгі құралдардың әрбір тобы үшін осы Ереженің 2-қосымшасының нысаны бойынша есеп жасалады, оның нәтижесі жалпы негізгі құралдардың тобы үшін бөлу коэффициентін айқындау болып табылады. Осы ереженің 2-қосымшасына негізгі құралдар тобының барлық бірліктері енгізіледі, жанама, бірлескен және жалпы активтердің бөлу базасы айқындалады. Негізгі құралдардың әрбір іске қосылған бірліктің коэффициенті бөлу базасының қосынды мәніне белгілі бір қызмет үшін бөлу базасының бөліндісі ретінде айқындалады.

3. Шығындар

      16. Реттелетін қызметтерді көрсетумен байланысты шығындар табиғи монополия субъектісінің есептік саясатына сәйкес айқындалады. Бұл ретте тарифтік сметаларды қалыптастырған кезде табиғи монополия субъектілерінің тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) бекіткен кезде қолданылатын шығындарды қалыптастыру ерекше тәртібінің талаптарын ескере отырып есепке алынады.
      Шығындарды бөлу туралы есеп осы Ереженің 3-қосымшасының нысаны бойынша жасалады.

      17. Реттелетін және реттелмейтін қызметтерді көрсетуге арналған субъектінің шығындары өзіне мынадай баптарды:
      1) негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің амортизациясын;
      2) электр энергиясының технологиялық шығыстарын (желілердегі және трансформатордағы нормативтік ысыраптар);
      3) негізгі құралдар құнының өсуіне әкелмейтін негізгі құралдарды жөндеуге арналған шығыстарды;
      5) еңбекті ақы төлеуге арналған шығыстарды;
      6) әлеуметтік салық бойынша шығыстарды;
      7) кезең шығыстарын;
      8) өзге шығыстарды қосады.
      Әрбір баптың ішінде шығындар неғұрлым жете бөлшектелуі мүмкін.

      18. Негізгі құралдардың тозуы осы Ереженің 17-тармағында санамаланған негізгі құралдардың әрбір тобы үшін айқындалады және осы Ереженің 1-қосымшасының нысаны бойынша есептелген активтерді бөлу тиісті коэффициенттеріне сай қызметтерге жатқызылады.

      19. Материалдық емес активтердің амортизациясы осы Ереженің 4-қосымшасының нысаны бойынша есептелген бөлу коэффициенттері бойынша қызметтерге жатқызылады.

      20. Электр энергиясының технологиялық шығыстары (желілердегі нормативтік ысыраптар) электр энергиясын бергенде қалай, электр энергиясын берумен технологиялық байланысты өзге қызметтерді көрсеткенде де солай болады. Технологиялық шығыс бойынша шығындар бөлу базасының негізіндегі қызметтерге жатқызылады.
      Электр энергиясының технологиялық шығысы (желілердегі және трансформаторлардағы нормативтік ысыраптар) электр энергиясын берген кезде орын алады, сондықтан осы шығындар электр энергиясын беру қызметтеріне тікелей жатқызылады.

      21. Негізгі құралдардың құнын өсіруге әкелмейтін негізгі құралдарды жөндеуге арналған шығыстар осы Ереженің 1-қосымшасының нысаны бойынша есептелген негізгі құралдардың топтары бойынша бөлудің тиісті коэффициенттеріне сай қызметтерге жатқызылады.

      22. Еңбекке ақы төлеуге арналған шығыстар тікелей де, жанама да, бірлескен және жалпы болуы мүмкін. Шығындарды бөлектеп есепке алудың мақсаттары үшін персонал мынадай белгілер бойынша:
      1) қызметі белгілі бір қызметті көрсетумен байланысты персоналға;
      2) қызметі екі және одан артық қызметтерді көрсетумен байланысты персоналға топталады.
      Бір қызметті көрсетумен байланысты персоналдың еңбек ақысын төлеуге арналған шығыстар тікелей болып табылады және толығымен бір қызметке жатқызылады.
      Екі және одан да артық қызметтерді көрсетумен байланысты персоналдың еңбек ақысын төлеуге арналған шығыстар жанама, бірлескен немесе жалпы болып табылады және бөлу базасы мен бөлу коэффициентін пайдалана отырып қызметтерге бөлінеді.

      23. Өндірістік персонал технологиялық процеске қарай мынадай топтарға:
      негізгі өндірістік персоналға;
      қосалқы персоналға;
      өзге персоналға бөлінеді.
      Егер персоналдың жұмысы бір қызметпен ғана тікелей байланысты болса, персоналдың әрбір тобында еңбекке ақы төлеуге арналған шығыстар нақты қызметке тікелей жатқызылады.
      Егер осы топта жұмысы екі және одан да артық қызметтерді көрсетумен байланысты персонал болса, онда еңбекке ақы төлеу бойынша шығыстар бөлу базасын пайдалана отырып қызметтер арасында бөлінеді.
      Еңбекке ақы төлеуге арналған шығыстар персоналдың тиісті тобы үшін осы Ереженің 5-қосымшасының нысаны бойынша есептелген бөлуі коэффициенттері бойынша қызметтерге жатқызылады:
      1) негізгі өндірістік персоналға ЭБЖ-не, қосалқы станциялардың жабдықтарына, реле қорғанысы мен автоматикасына, АБЖ қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын қызметкерлер, ЖДБ-ның қызметкерлері жатқызылады;
      2) қосалқы персоналға ЖӨБ-ның персоналы және жүргізушілер жатқызылады.

      24. Әлеуметтік салықтар бойынша шығыстар бөлудің сол бір коэффициенттері бойынша, персоналдың тиісті тобындағы еңбекке ақы төлеуге арналған шығыстар сияқты қызметтерге бөлінеді.

      25. Негізгі құралдарды пайдалануға арналған шығыстар негізгі құралдардың тиісті топтарының бөлу коэффициентін пайдалана отырып қызметтерге жатқызылады (осы Ереженің 1-қосымшасы). Пайдалануға шығыстарды бөлген кезде қызметтерге мынадай:
      1) негізгі құралдарға қызмет көрсетуге материалдарға шығындар тиісті негізгі құралдардың қызметтеріне бөлу қағидаты бойынша қызметтерге бөлінетіні;
      2) отынға арналған шығындар қосалқы станцияларды жылытумен тікелей байланысты, сондықтан олар қосалқы станциялардың негізгі құралдарының қызметтеріне бөлу коэффициенті бойынша қызметтерге жатқызылатыны;
      3) жанар-жағар майларға (ЖЖМ) арналған шығындар олармен осы шығындар байланысты көліктің және арнайы техниканың қызметтеріне бөлу коэффициенті бойынша қызметтерге бөлінетіні (осы Ереженің 1-қосымшасы);
      4) автокөліктің қызметтері (жалдау), негізгі құралдарды (жалдау), байланыс қызметтері, егер олар тек қана бір қызметті көрсетумен байланысты болса, қызметтерге тікелей жатқызылатыны. Егер осы қызметтер екі және одан да артық қызметтерді көрсетумен байланысты болса, онда олар қабылданған шығындарды бөлу базасы бойынша бөлінетіні;
      5) негізгі және қосалқы өндірісі үшін электр энергиясына, шаруашылық мұқтаждарға, жылытуға, ыстық сумен жабдықтауға, канализацияға және өзге коммуналдық қызметтерге арналған шығыстар қызметтерге тікелей жатқызылады, егер олар тек қана бір қызметті көрсетумен байланысты болса немесе, тиісті ғимараттар мен құрылыстарға есептелген жағдайда, егер екі және одан да артық қызметтерді көрсетумен байланысты болса, қызметтерге бөлу коэффициенті бойынша;
      6) персоналды оқытуға арналған шығыстар, іссапарлық шығыстар, еңбекті қорғауға арналған шығыстар персоналдың тиісті тобына еңбек ақысын төлеу сияқты қызметтерге сол қағидаттар бойынша жатқызылатыны;
      7) өрттен қорғау күзетке шығыстар тиісті негізгі құралдардың тозуын бөлуге ұқсас қызметтерге жатқызылатыны;
      8) өзге пайдалану шығындарының (Гидрометорталықтың, бөгде ұйымдардың және басқа қызметтердің) шығыстары бөлу базасы бойынша қызметтерге жатқызылатыны назарға алынады.

      26. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес субъекті құрған және өндірістік қызметтерді жүзеге асыратын қызметтер шығыстарының бабы бойынша шығындар субъекті шығындарының тиісті баптары сияқты сол қағидаттар бойынша қызметтерге бөлінеді.

      27. Кезең шығыстарын бөлу мынадай тәртіппен:
      1) жалпы және әкімшілік шығыстар негізгі өндірістегі тиісті шығындар сияқты сол қағидаттар бойынша қызметтерге бөлінуі;
      2) өткізу бойынша шығыстар қызметтерге тікелей жатқызылады, егер олар белгілі бір қызметті көрсетумен байланысты болса. Егер осы шығыстар екі және одан да артық қызметтерді көрсетумен байланысты болса, онда олар қызметтерге бөлу базасын пайдалана отырып бөлінуі;
      3) сыйақылар (проценттер) бойынша шығыстар қызметтерге тікелей жатқызылады, егер олар белгілі бір қызметті көрсетумен байланысты болса. Егер осы шығыстар екі және одан да артық қызметтерді көрсетумен байланысты болса, онда олар бөлу базасын пайдалана отырып қызметтерге бөлінуі жүзеге асырылады.
      Өткізу жөніндегі шығыстар және сыйақылар жөніндегі шығыстар осы Ереженің 6-қосымшасының нысаны бойынша есептелген бөлу коэффициенттері бойынша қызметтерге жатқызылады.

      28. Өзге шығыстар қызметтерге тікелей жатқызылады, егер олар белгілі бір қызметті көрсетумен байланысты болса. Егер осы шығыстар екі және одан да артық қызметтерді көрсетумен байланысты болса, онда олар бөлу базасын пайдалана отырып қызметтерге бөлінеді.

3-тарау. Реттелетін қызметтер бойынша табыстар,
шығыстар мен іске қосылған активтер бойынша есептілік. Бөлектеп есепке алу деректерінің және бухгалтерлік
есепке алу деректерінің арасындағы өзара байланыс

      29. Уәкілетті органға субъектілермен ұсынылатын есептілік осы Ережеге сәйкес өзіне:
      1) осы Ереженің 1-қосымшасының нысаны бойынша қызметтердің түрлері бойынша іске қосылған активтерді бөлу коэффициентінің есебін;
      2) осы Ереженің 2-қосымшасының нысаны бойынша негізгі құралдардың топтары бойынша қызметтердің түрлері бойынша іске қосылған активтерді бөлу коэффициентінің есебін;
      3) осы Ереженің 3-қосымшасының нысаны бойынша қызметтердің түрлері бойынша табыстарды, шығыстар мен іске қосылған активтерді қорытынды бөлу туралы есепті;
      4) осы Ереженің 4-қосымшасының нысаны бойынша материалдық емес активтер бойынша шығындарды бөлу коэффициентінің есебін;
      5) осы Ереженің 5-қосымшасының нысаны бойынша персоналдың еңбек ақысын төлеуге арналған шығыстарды бөлу коэффициентінің есебін;
      6) осы Ереженің 6-қосымшасының нысаны бойынша кезең шығыстарының бөлу коэффициентінің есебін қосады.

      30. Субъектілер үстіміздегі жылдың 1 маусымына дейін осы Ереженің 30-тармағында көзделген өткен күнтізбелік жыл үшін есептілікті уәкілетті органға ұсынады.

      31. Осы Ереженің 3-қосымшасындағы табыстардың қорытынды сомасы тиісті кезең үшін бухгалтерлік есеп және қаржы есептілік туралы заңнамасына сәйкес субъекті жасайтын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өткізуден алынған табыстар" жолында көрсетілген деректеріне сәйкес келуге тиіс.

      32. Осы Ереженің 3-қосымшасындағы табыстардың қорытынды сомасы кезең шығыстарын минусымен тиісті кезең үшін бухгалтерлік есеп және қаржы есептілік туралы заңнамасына сәйкес субъекті жасайтын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны" жолында көрсетілген деректеріне сәйкес келуге тиіс.

      33. Осы Ереженің 3-қосымшасындағы табыстардың қорытынды сомасы тиісті кезең үшін бухгалтерлік есеп және қаржы есептілік туралы заңнамасына сәйкес субъекті жасайтын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Кезең шығыстары" жолында көрсетілген деректеріне сәйкес келуге тиіс.

      34. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің есептік (қалдық) құны тиісті күнгі бухгалтерлік есептің деректеріне сәйкес келуге тиіс.

      35. Қағаз жеткізгішіндегі есептілікке басшы, бас бухгалтер және субъектінің атқарушысы қолдарын қояды және мөрмен растайды. Уәкілетті органға есептілік электрондық және қағаз жеткізгіштерінде ұсынылады. Электрондық жеткізгіштегі есептілік қағаз жеткізгіште ұсынылған есептілікке сәйкес болуға тиіс.

Қазақстан Республикасы     
Табиғи монополияларды реттеу  
агенттігі төрағасының      
2004 жылғы 6 қазандағы     
N 417-НҚ бұйрығымен бекітілген 
Аймақаралық деңгейдегі желілер 
арқылы электр энергиясын беру  
жөніндегі қызметтер мен басқа 
да қызметтер көрсететін табиғи 
монополия субъектілерінің   
табыстарды, шығындар мен іске  
қосылған активтерді бөлектеп  
есепке алуды жүргізу ережесіне 
1-қосымша            

_____________________________
    Кәсіпорнының атауы

қызметтердің түрлері бойынша ______ жылғы
арналған іске қосылған активтерді бөлу

___________________________________________________________________
  Активтің |Есептік |Іске  |        Оның ішінде қызметтерге
   атауы   |(қалдық)|қосыл.|_______________________________________
           |құны,   |ған   |Эл.эн. Беру|Диспетчерлеу|Реттеу|  Өзге
           |теңге   |актив.|___________|____________|______|_______
           |2-қосым.|тердің|     |     |      |     |  |   |    |
           |        | құны,|     |     |      |     |  |   |    |
           |        |бар.  |     |     |      |     |  |   |    |
           |        |лығы  |     |     |      |     |  |   |    |
           |        |2-    |     |     |      |     |  |   |    |
           |        |қосым |     |     |      |     |  |   |    |
___________________________________________________________________
   1         2       3     4      5     6      7     8  9   10 11
___________________________________________________________________
1. ЭБЖ
2. ҚС
3. ЖӨБ
4. СДТУ
5. Ғимараттар
   және
   құрылыстар
6. Көлік пен
   арнайы техн.
7. Машиналар
   мен жабдықтар
8. Есептеуші
   техника
9. Өзге НҚ 
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Барлығы
___________________________________________________________________

М.О.  Басшы ________________________   _______________
                  Тегі, аты-жөні              қолы

      Бас бухгалтер ________________________   _______________
                        Тегі, аты-жөні              қолы

      Орындаушы ________________________   _______________
                     Тегі, аты-жөні              қолы

Қазақстан Республикасы     
Табиғи монополияларды реттеу  
агенттігі төрағасының      
2004 жылғы 6 қазандағы     
N 417-НҚ бұйрығымен бекітілген 
Аймақаралық деңгейдегі желілер 
арқылы электр энергиясын беру  
жөніндегі қызметтер мен басқа 
да қызметтер көрсететін табиғи 
монополия субъектілерінің   
табыстарды, шығындар мен іске  
қосылған активтерді бөлектеп  
есепке алуды жүргізу ережесіне 
2-қосымша            

____________________________
    Кәсіпорнының атауы

_____ж. арналған__________________
негізгі құралдар топтарының атауы

Тобы бойынша активтерді және шығындарды
бөлу коэффициентінің есебі

___________________________________________________________________
Активтің|Активтің|Жұмыс.|Ак.  |Іске |Бөлу |       Қызметтер
 атауы  | немесе |тық   |тив. |қо.  |ба.  |________________________
        |шығынның|жай-  |тің  |сыл. |за.  |Электр|Дис.|Реттеу|Өзге 
        | түрі   |күйі  |есеп.|ған  |сы.  |энер. |пет.|      |
        |        |(жұмыс|тік  |ак.  |ның  |гиясын|чер.|      |
        |        |іс.   |(қал.|тив. |мәні |беру  |леу |      |
        |        |теуде |дық) |тің  |Бөлу |      |    |      |
        |        |немесе|құны,|есеп.|ко.  |      |    |      |
        |        |резе. |теңге|тік  |эф.  |      |    |      |
        |        |рвте) |     |(қал.|фиц. |      |    |      |
        |        |      |     |дық) |иен. |      |    |      |
        |        |      |     |құны,|тінің|      |    |      |
        |        |      |     |теңге|мәні |      |    |      |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                                     ______________________________
                                     ______________________________
                                     ______________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                                     ______________________________
                                     ______________________________
                                     ______________________________
___________________________________________________________________
                                     ______________________________
                                     ______________________________
___________________________________________________________________

М.О.  Басшы ________________________   _______________
                  Тегі, аты-жөні              қолы

      Бас бухгалтер ________________________   _______________
                        Тегі, аты-жөні              қолы

      Орындаушы ________________________   _______________
                     Тегі, аты-жөні              қолы

___ ж. ____________

Қазақстан Республикасы     
Табиғи монополияларды реттеу  
агенттігі төрағасының      
2004 жылғы 6 қазандағы     
N 417-НҚ бұйрығымен бекітілген 
Аймақаралық деңгейдегі желілер 
арқылы электр энергиясын беру  
жөніндегі қызметтер мен басқа 
да қызметтер көрсететін табиғи 
монополия субъектілерінің   
табыстарды, шығындар мен іске  
қосылған активтерді бөлектеп  
есепке алуды жүргізу ережесіне 
3-қосымша            

____________________________
   Кәсіпорнының атауы

____жылға арналған қызметтердің түрлері
бойынша табыстарды және шығындарды қорытынды
бөлу туралы есеп

___________________________________________________________________
       Атауы     |Бух.  |  оның ішінде | Қызметтерге ерекше тәртіп
                 |есеп  |______________|        бойынша сома
                 |бой.  |ерекше |ерекше|___________________________
                 |ынша  |тәртіп.|тәртіп|    Электр энергиясын беру
                 |есепті|ке сай |бо.   |___________________________
                 |кезең |тарифте|йынша |Бекі. |Бекі.   |Факт |Ауыт.
                 |үшін  |еске.  |сома, |тілген|тілген  |гр.4*|қуы
                 |сома, |рілме. |теңге |бөлу  |тарифтік|гр5  |гр.
                 |бар.  |ген шы.|      |коэф. |смета   |     |7-гр6
                 |лығы, |ғындар.|      |фици. |бойынша |     |
                 |теңге |дың    |      |енті  | сома   |     |
                 |      |сомасы |      |      |        |     |
___________________________________________________________________
         1           2       3      4      5       6       7    8
___________________________________________________________________
2. Шығыстар, барлығы

оның ішінде

2.1. Негізгі
құралдардың тозығы
және материалдық
емес активтердің
амортизациясы

оның ішінде

ЭБЖ тозығы

ҚС-дың тозығы

ЖӨБ негізгі
құралдарының
тозығы

ДТБҚ негізгі
құралдарының
тозығы

ғимараттар мен
құрылыстардың
тозығы

көлік пен арнайы
техниканың тозығы

машиналар мен
жабдықтың тозығы

есептеуші техни.
каның тозығы

өзге негізгі
құралдардың тозығы

материалдық емес
активтердің тозығы

2.2. эл. эн. тех.
нологиялық шығысы

2.3. негізгі құрал.
дарды жөндеуге
арналған шығыстар

оның ішінде

ЭБЖ жөндеу

ҚС жөндеу

ЖӨБ-ның негізгі
құралдарын жөндеу

ДТБҚ негізгі
құралдарын жөндеу

ғимараттар мен
құрылыстарды жөндеу

көлік пен арнайы
техниканы жөндеу

машиналар мен
жабдықтарды жөндеу

есептеуші техни.
каны жөндеу

өзге негізгі
құралдарды жөндеу

2.4. Еңбекке ақы
төлеуге арналған
шығыстар, барлығы

оның ішінде

негізгі персоналға
еңбек ақысын төлеу

қосалқы персоналға
еңбек ақысын төлеу

уақытша персоналдың
еңбек ақысын төлеу

өзге төлемдер

2.5. Сыйлық ақылар,
барлығы

оның ішінде

негізгі өндір.
персоналға

қосалқы персоналға

уақытша персоналға

өзге

2.6. Әлеуметтік салық
бойынша шығыстар,
барлығы

оның ішінде

негізгі өндір.
персоналдың

қосалқы персоналдың

уақытша персоналдың

өзге

2.7. Пайдалануға
арналған шығындар,
барлығы

оның ішінде

ЭБЖ пайдалану

ҚС пайдалану

ЖӨБ-ның негізгі
құралдарын жөндеу

ДТБҚ негізгі
құралдарын пайдалану

ғимараттар мен құ.
рылыстарды пайдалану

көлік пен арнайы
техниканы пайдалану

машиналар мен жаб.
дықтарды пайдалану

есептеуші техниканы
пайдалану

өзге негізгі
құралдарды пайдалану

2.8. Кезең шығыстары,
барлығы

оның ішінде:

жалпы және әкім.
шілік шығыстар

өткізу бойынша
шығыстар

сыйақылар бойынша
шығыстар

2.9. Өзге шығыстар

2.10. Мекемелердің
шығыстары, барлығы

оның ішінде

Энергоақпарат

КЕGОК-Сервис
___________________________________________________________________

кестенің жалғасы
___________________________________________________________________
             Қызметтерге ерекше тәртіп бойынша сома
___________________________________________________________________
       Диспетчерлеу         |   Реттеу   |      Өзге қызметтер
____________________________|____________|_________________________
Бекі.  |Бекі.   |Нақты|Ауыт.|Бекі. |Нақты|Бекітілген |Нақты сома
тілген |тілген  |гр4* |қуы  |тілген|сома |бөлу коэф. |гр4*гр15
бөлу   |тарифтік|гр9  |гр.11|бөлу  |гр4* |фициенті   |
коэффи.|смета   |     |-гр10|коэф. |гр13 |           |
циенті |бойынша |     |     |фици. |     |           |
       | сома   |     |     |енті  |     |           |
___________________________________________________________________
   9       10      11    12    13     14        15          16
___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

М.О.  Басшы ________________________   _______________
                  Тегі, аты-жөні              қолы

      Бас бухгалтер ________________________   _______________
                        Тегі, аты-жөні              қолы

      Орындаушы ________________________   _______________
                     Тегі, аты-жөні              қолы

___ ж. "___"_________

Қазақстан Республикасы     
Табиғи монополияларды реттеу  
агенттігі төрағасының      
2004 жылғы 6 қазандағы     
N 417-НҚ бұйрығымен бекітілген 
Аймақаралық деңгейдегі желілер 
арқылы электр энергиясын беру  
жөніндегі қызметтер мен басқа 
да қызметтер көрсететін табиғи 
монополия субъектілерінің   
табыстарды, шығындар мен іске  
қосылған активтерді бөлектеп  
есепке алуды жүргізу ережесіне 
4-қосымша           

____________________________
   Кәсіпорнының атауы

Материалдық емес активтер бойынша шығындарды
бөлудің ____ жылға арналған коэффициент есебі

___________________________________________________________________
Активтің|Шығын.|Жұмыстық|Есеп.|Іске |Бөлу |       Қызметтер
  атауы |дардың|жай-күйі|тік  |қо.  |ба.  |________________________
        | түрі |(жұмыс  |(қал.|сыл. |за.  |Электр|Дис.|Реттеу|Өзге 
        |      |істеуде |дық) |ған  |сы.  |энер. |пет.|      |
        |      |немесе  |құны,|ак.  |ның  |гиясын|чер.|      |
        |      |резер.  |теңге|тив. |мәні |беру  |леу |      |
        |      |вте)    |     |тің  |Бөлу |      |    |      |
        |      |        |     |есеп.|ко.  |      |    |      |
        |      |        |     |тік  |эф.  |      |    |      |
        |      |        |     |(қал.|фиц. |      |    |      |
        |      |        |     |дық) |иен. |      |    |      |
        |      |        |     |құны,|тінің|      |    |      |
        |      |        |     |теңге|мәні |      |    |      |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                                     ______________________________
                                     ______________________________
                                     ______________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                                     ______________________________
                                     ______________________________
                                     ______________________________
___________________________________________________________________
                                     ______________________________
                                     ______________________________
                                     ______________________________
___________________________________________________________________

М.О.  Басшы ________________________   _______________
                  Тегі, аты-жөні              қолы

      Бас бухгалтер ________________________   _______________
                        Тегі, аты-жөні              қолы

      Орындаушы ________________________   _______________
                     Тегі, аты-жөні              қолы

___ ж. ____________

Қазақстан Республикасы     
Табиғи монополияларды реттеу  
агенттігі төрағасының      
2004 жылғы 6 қазандағы     
N 417-НҚ бұйрығымен бекітілген 
Аймақаралық деңгейдегі желілер 
арқылы электр энергиясын беру  
жөніндегі қызметтер мен басқа 
да қызметтер көрсететін табиғи 
монополия субъектілерінің   
табыстарды, шығындар мен іске  
қосылған активтерді бөлектеп  
есепке алуды жүргізу ережесіне 
5-қосымша           

____________________________
   Кәсіпорнының атауы

Персоналдың еңбек ақысына жұмсалған шығынды
бөлудің _____ жылға арналған коэффициент есебі

___________________________________________________________________
Қызметкердің|Өнді.  |Шығыс.|Жала. |Бөлу |     Қызметтер
 табельдік  |рістік |тардың|қының |база.|__________________________
нөмірі (не. |бөлімше| түрі |жылдық|сының|Электр|Диспет.|Реттеу|Өзге
месе басқа  |       |      |қоры, |мәні |энер. |черлеу |      |
   белгі)   |       |      |теңге |Бөлу |гиясын|       |      |
            |       |      |      |коэф.|беру  |       |      |
            |       |      |      |фици.|      |       |      |
            |       |      |      |енті.|      |       |      |
            |       |      |      |нің  |      |       |      |
            |       |      |      |мәні |      |       |      |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

М.О.  Басшы ________________________   _______________
                  Тегі, аты-жөні              қолы

      Бас бухгалтер ________________________   _______________
                        Тегі, аты-жөні              қолы

      Орындаушы ________________________   _______________
                     Тегі, аты-жөні              қолы

___ ж. ____________

Қазақстан Республикасы     
Табиғи монополияларды реттеу  
агенттігі төрағасының      
2004 жылғы 6 қазандағы     
N 417-НҚ бұйрығымен бекітілген 
Аймақаралық деңгейдегі желілер 
арқылы электр энергиясын беру  
жөніндегі қызметтер мен басқа 
да қызметтер көрсететін табиғи 
монополия субъектілерінің   
табыстарды, шығындар мен іске  
қосылған активтерді бөлектеп  
есепке алуды жүргізу ережесіне 
6-қосымша           

____________________________
   Кәсіпорнының атауы

Кезең шығындарын бөлудің
______ жылға арналған коэффициент есебі

___________________________________________________________________
Атауы |Шығын.|Сома,|Бөлу базасының  |        Қызметтер
      |дардың|теңге|мәні Бөлу коэф. |______________________________
      | түрі |     |фициентінің мәні|Электр энер.|Диспет.|Рет.|Өзге
      |      |     |                |гиясын беру |черлеу |теу |
___________________________________________________________________
                    _______________________________________________
                    _______________________________________________
___________________________________________________________________
                    _______________________________________________
                    _______________________________________________
                    _______________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                    _______________________________________________
                    _______________________________________________
                    _______________________________________________
___________________________________________________________________
                    _______________________________________________
                    _______________________________________________
                    _______________________________________________
___________________________________________________________________

М.О.  Басшы ________________________   _______________
                  Тегі, аты-жөні              қолы

      Бас бухгалтер ________________________   _______________
                        Тегі, аты-жөні              қолы

      Орындаушы ________________________   _______________
                     Тегі, аты-жөні              қолы

___ ж. ____________