Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
"Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептiк құнын және акционерлiк инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау қағидалары бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.
3. Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" Заңды тұлғалардың бiрлестiгiне, "Активтердi басқарушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалардың бiрлестiгiне, инвестициялық портфельдi басқарушыларға жiберсiн.
4. Агенттiктiң қызметiн қамтамасыз ету департаментi (Несiпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары E. Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға |
"Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептiк құнын және акционерлiк инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау қағидалары
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
"Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептiк құнын және акционерлiк инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Инвестициялық қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі және "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзiрлейдi және Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептiк құнын және акционерлiк инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау талаптарын, әдiстемесiн және тәртiбiн белгiлейдi.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен1. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тарау жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Инвестициялық қордың активтері мен міндеттемелерінің құнын айқындауды басқарушы компания және инвестициялық қордың кастодианы қызмет етуiн олар қамтамасыз ететiн әрбiр инвестициялық қор бойынша жеке жүзеге асырады.
2. Басқарушы компания және инвестициялық қордың кастодианы мынадай талаптарды сақтай отырып, мыналарды қамтамасыз етеді:
1) инвестициялық қор активтерiнiң құрылымы:
инвестициялық қордың бағалы қағаздарының төлемiне алынған активтер;
алынған кiрiс, оның iшiнде қаржы құралдары бойынша дивидендтер, сыйақылар түрiндегi түсiмдер, сондай-ақ инвестициялық қордың активтерiмен мәмiлелерден болған кiрiстер;
есептелген кiрiс, оның iшiнде қаржы құралдары бойынша сыйақы, қор активтерiн қайта бағалаудан болған құнының өсiмi бөлiгiнде көрсетiледi;
2) инвестициялық қор активтерiнiң есебiнен өтелетiн және инвестициялық қордың қызмет етуiн қамтамасыз ететiн тұлғаларға төленетiн шығыстар:
инвестициялық қордың бағалы қағаздарының төлемiне алынған активтер;
инвестициялық кiрiс есебiнен өтелетiн шығыстарға бөлiнедi.
3. Инвестициялық қордың шоттары бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде мыналар көрсетіледі:
1) валюта түрi;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы инвестициялық қордың активтерi және Қазақстан Республикасынан басқа, өзге мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес шығарылған немесе олардың аумағындағы инвестициялық қордың активтерi;
3) қаржы құралдарының түрлерi және айналыс (қолданылу) мерзiмдерi;
4) бағалы қағаздардың эмитенттерi (бағалы қағаздардың ұлттық бiрегейлендiру нөмiрлерi), салым шарттары жасалған банктер, инвестициялық қор сатып алған қаржы құралдарын шығарған тұлғалар көрсетiледi;
5) инвестициялық қор активтерінің құрамына енгізілген қаржы құралдарының саны;
6) инвестициялық қор активінің соңғы ағымдағы құны және оның номиналды құны (борыштық бағалы қағаздар үшін) немесе баланстық құны (акциялар үшін);
7) инвестициялық қор активін сатып алу күні және оның сатып алу құны;
8) есептелген кіріс сомасы, оның ішінде қаржы құралдары бойынша сыйақы.
2-тарау. Инвестициялық қордың активтерi мен
мiндеттемелерiнiң құнын айқындау
4. Инвестициялық пай қоры активтерi мен мiндеттемелерiнiң құны пайларды орналастырудың барлық кезеңi iшiнде (бастапқы орналастыру кезеңiн қоспағанда) және/немесе пайларды орналастыру және/немесе сатып алу күнiнiң алдындағы жұмыс күнiнiң соңына пайларды сатып алудың барлық кезеңi iшiнде, сондай-ақ:
1) инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастырудың аяқталу күнiне;
2) ашық инвестициялық пай қоры үшiн әр аптаның соңғы жұмыс күнiнiң жағдайы бойынша;
3) аралық және жабық инвестициялық пай қоры үшiн әр айдың соңғы жұмыс күнiнiң жағдайы бойынша;
4) пайларды орналастыруды және (немесе) сатып алуды қалпына келтіруі туралы шешiмдi қабылдау күнiне - оларды орналастыру және (немесе) сатып алу тоқтата тұрылған жағдайда;
5) инвестициялық пай қорының қызмет етуiнiң тоқтауы үшiн негiз туындаған күнге - оның қызмет етуi тоқтаған жағдайда;
6) инвестициялық пай қорының ережелерiне сәйкес өзге жағдайларда айқындалады.
5. Акционерлiк инвестициялық қор активтерi мен мiндеттемелерiнiң құны әр айдың соңғы жұмыс күнiнiң аяғындағы жағдай бойынша және акцияларды шығару проспектiсiне сәйкес өзге жағдайларда айқындалады.
6. 4-тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда әр айдың соңғы жұмыс күнiнiң аяғындағы жағдай бойынша инвестициялық қор активтерi мен мiндеттемелерiнiң құны басқарушы компанияға және инвестициялық қордың қызмет етуiн қамтамасыз ететiн өзге тұлғаларға шығыстарды есептегеннен және сыйақы төлегеннен кейiн айқындалады.
6-1. Инвестициялық қор активтерінің құрамында қаржы құралын тану, сондай-ақ қаржы құралын есептен шығару мәмілені кастодианның немесе орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу күніне жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05 N 188 (2-т. қараңыз) Қаулысымен.7. Инвестициялық қордың активтерiн құрайтын және қор биржасының тiзiмiне кiретiн қаржы құралы, өзі оның тiзiмiне кiретін қор биржасының бағалы қағаздарын бағалау әдістемесіне сәйкес нарықтық құны бойынша бағаланады.
Қазақстан Республикасынан басқа өзге мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес шығарылған қаржы құралдар Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінiң деректерi бойынша жұмыс күнінің соңына алдағы сауда күніндегі мәмілелердің орташа бағасы бойынша бағаланады.
Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының 2010 жылғы 1 желтоқсанға дейін сатып алынған өтімді емес борыштық бағалы қағаздары әділ құнына 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі амортизацияны ескере отырып, ағымдағы жиынтық құны бойынша есептеледі.
Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының 2010 жылғы 1 желтоқсаннан кейін сатып алынған өтімді емес борыштық бағалы қағаздары қор биржасының ресми Интернет-ресурсында жарияланған әділ құны бойынша есептеледі.
Өтімді емес борыштық бағалы қағаздар деп анықтау критерийлері қор биржасының бағалы қағаздарын бағалау әдістемесінде белгіленген борыштық бағалы қағаздары танылады.
Бағалауы қор биржасының қаржы құралдарын бағалау әдістемесінде және осы Қағидаларда көзделмеген борыштық бағалы қағаздардың әділ бағасы апта сайын бірінші жұмыс күнінің соңына оның әділ бағасын анықтау күніне дейін дисконтталған құны бойынша есепке алу арқылы анықталады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 121 (қолданысқа енгiзiл тәртібін 2-т. қараңыз), 2011.02.28 № 16 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен7-1. Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенттерінің Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа түсетін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы бағалы қағаздардың эмитентімен жасалған келісімдер шеңберінде Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған борыштық бағалы қағаздардың бағалануы сатып алу құны бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29 N 171 Қаулысымен.7-2. Басқарушы компания ай сайын инвестициялық қордың активтерін құрайтын қаржы құралдарының құнсыздануына тест жүргізеді және құнсызданудың қажетті мөлшерін қалыптастырады немесе эмитенттің қаржы құралдары бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны салдарынан құнын жоғалтқан кездегі осы активтердің құнсыздануымен (арзандауымен) байланысты құнының кері түзетуін жүзеге асырады.
Құнсыздануына тест жүргізуге инвестициялық қордың активтерін құрайтын, "өтелгенге дейін ұсталатын" және "сату үшін қолда бар" санаттарына жатқызылған қаржы құралдары жатады. "Өзгерістері пайданың немесе шығынның құрамында көрсетілетін әділ баға бойынша бағаланатын қаржы құралдары" санатына жатқызылған активтерді құрайтын және белсенді нарығы жоқ қаржы құралдары бойынша құнын төмендету эмитенттің өзінің міндеттемелері бойынша дефолт жариялаған, не эмитенттің бағалы қағаздарының делистингі, және (немесе эмитенттің банкроттығы, және (немесе) эмитенттің өзге қаржы құралдары бойынша өзінің міндеттемелерін орындамауы фактілері болған жағдайларда жүзеге асырылады.
Бағалы қағаздардың құнсыздануы және құнын төмендету құнсыздандыру әдістемесіне (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 7-2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.02.28 № 16 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.7-3. Құнсызданудың немесе құнын төмендетудің критерийлері мыналар болып табылады:
1) эмитенттің қаржылық жай-күйі;
2) кез келген төлемдердің өтеу мерзімін өткізу;
3) кепілдіктердің болуы;
4) белсенді нарықтың болуы;
5) рейтингтің болуы.
Акциялардың құнсыздануына немесе құнының төмендетілуіне тестілеу жүргізу кезінде осы тармақтың 1), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген критерийлер қолданылады.
Борыштық бағалы қағаздардың құнсыздануына немесе құнының төмендетілуіне тестілеу жүргізу кезінде осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген критерий қолданылмайды.
Әрбір критерий бойынша осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес балл беріледі. Баллдар сомасы бағалы қағаздардың жіктеу санатын анықтаған кезде қолданылады. Актив бойынша алған баллдар санына қарай оның жіктеу санаты және осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес қажетті құнсыздану мөлшері белгіленеді.
Ескерту. 7-3-тармақпен толықтырылды, өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05 N 188 (2-т. қараңыз), 2011.02.28 № 16(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен7-4. Эмитенттің қаржылық жай-күйі, қаржылық жай-күйін бағалау тәртібін, әдісін, тәсілдерін, қажетті құжаттар тізбесін және эмитенттің қаржылық жай-күйін анықтауға мүмкіндік беретін өзге де қабылдауға болатын ақпаратты қамтитын Әдістемеге сәйкес бағаланады. Әдістеме басқарушы компанияның басқару органымен бекітіледі және оның есеп жүргізу саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Әдістеме эмитенттің қаржылық жай-күйін сипаттайтын мынадай негізгі көрсеткіштерді:
1) эмитенттің өз міндеттемелерін қамтамасыз етуге қабілеттілігін ашып көрсететін, Әдістемеде белгіленген тиісті коэффициенттер жиынтығына қарай есептелетін төлем қабілеттілігін;
2) капиталдың құрылымын, кірістілік деңгейін (соңғы күнтізбелік жылғы динамикасымен), Әдістемеде белгіленген тиісті коэффициенттер жиынтығына қарай есептелетін рентабельділігін ашып көрсететін қаржылық тұрақтылығын;
3) эмитент өзінің қаржылық жай-күйін жақсарту үшін қолданатын шараларды қамтиды.
Ескерту. 7-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05 N 188 (2-т. қараңыз) Қаулысымен.7-5. Эмитенттің қаржылық жай-күйі былайша жіктеледі:
1) тұрақты – эмитенттің қаржылық жай-күйі тұрақты:
эмитент төлеуге қабілетті;
коэффициенттердің мәні Әдістемеге сәйкес, жалпылама қабылданған нормалар шегінде есептелген;
бизнестің дамуы үшін жағымды нарықтық жағдайлары бар, сондай-ақ нарықтағы бәсекелестік позициясы жақсы;
ресурстар мен капитал нарығына еркін қол жетімділігі бар, бағалы қағаздарды шығару мерзімі ішінде эмитенттің қаржылық жағдайын елеулі нашарлатуға әкелетін сыртқы немесе ішкі факторлары анықталмаған;
эмитенттің өзінің міндеттемесі бойынша есеп айырысу мүмкіндігі күмән туғызбайды;
эмитенттің активтері мен міндеттемелері мерзімдер бойынша шамалас келеді;
2) қанағаттанарлық – осы санаттағы эмитенттің қаржылық жай-күйі "тұрақты" сипатындағыға жақын келеді, бірақ оны ұзақ уақыт осы деңгейде ұстап тұру ықтималы төмен болып табылады.
3) тұрақсыз – эмитент мынадай факторлардың себебінен өзінің міндеттемелері бойынша есеп айырыса алмайды деген ықтималы бар:
эмитенттің қаржылық жай-күйінің тұрақты және елеулі нашарлауының белгілері бар (эмитент қабылдаған шаралар қаржылық жай-күйінің тұрақтандыруы үшін тиімді емес);
эмитентті материалдық залалға ұшыратқан, бірақ оның қызметін тоқтатуға әкелмеген төтенше немесе өзге жағдайлардың болуы;
4) өте қиын - эмитенттің қаржылық жай-күйінің тұрақты нашарлауы күрделі деңгейге жетті:
төлеуге қабілетсіз, эмитент банкрот болуы немесе өзге түрде қайта құрылуы ықтимал;
шарт талаптарын бұзуы (пайыз немесе негізгі борыш сомасын төлемеу немесе төлеу мерзімдерін бұзу);
бағалы қағаздар ұстаушының эмитентке талап ету құқығын беру, өзге жағдайда ол берілмейтін еді;
эмитентті материалдық залалға ұшыратқан және (немесе) оған өзінің қызметін жалғастыруға мүмкіндік бермейтін төтенше жағдайлардың болуы.
Бағалы қағаздардың қажетті құнсыздану немесе құнын азайту мөлшері Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес айқындалады және бағаланатын бағалы қағаздың жіктеу санатына байланысты болады:
он пайызға - "1-санаттағы күмәнді" жіктеу санаты үшін,
он бес пайызға - "2-санаттағы күмәнді" жіктеу санаты үшін,
жиырма бес пайызға - "3-санаттағы күмәнді" жіктеу санаты үшін", елу пайызға - "қанағаттанарлықсыз" жіктеу санаты үшін.
Қаржы құралы үшін ашық сауданың тоқтатылуы нәтижесінде белсенді нарықтың жоғалуы немесе эмитенттің кредиттік рейтингінің төмендеуі, қаржы құралы сапасының, сондай-ақ оның эмитентінің қаржы жағдайының нашарлауын растайтын басқа факторлар болмаған жағдайда құнсызданудың негізі болып табылмайды. Қаржы құралының әділ құнының нақты шығындардан немесе амортизацияланған құнынан төмен төмендеуі құнсызданудың растауы болып табылады. Барлық жоғарыда аталған оқиғалар басқа қолжетімді деректермен жиынтығында қаралады.
Басқарушы компания бухгалтерлік есепте осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес есептелген бағалы қағаздардың қажетті құнсыздануының мөлшерін есепке алады.
Бағалы қағаздардың қажетті құнсыздануының мөлшерін қалыптастыру немесе құнын төмендетуді жүзеге асыру осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес барынша төменгі мөлшерде жүргізіледі.
Әдістемеде көзделген жағдайларда басқарушы компания қажетті құнсызданудың мөлшерін қалыптастырады немесе осы Қағидалардың 2-қосымшасында белгіленген барынша төменгі мөлшерінен асатын мөлшерде бағалы қағаздардың құнын төмендетеді. Басқарушы компания қажетті құнсызданудың мөлшерін қалыптастыруды немесе бағалы қағаздардың құнын төмендетуді жүзеге асыруды құнсыздануды тану критерийінің пайда болуына қарай, бірақ кем дегенде айына бір рет жүргізеді.
Құнсызданудың қажетті мөлшері немесе бағалы қағаздар бойынша құнын төмендету бағалы қағаздардың ағымдағы (баланстық) құнынан бұрын қалыптастырылған осы бағалы қағаздардың құнсыздану немесе құнының төмендету мөлшерлері ескерілмей есептеледі
Ескерту. 7-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05 N 188 (2-т. қараңыз), өзгерту енгізілді - 2010.09.03 N 121(қолданысқа енгiзiл тәртібін 2-т. қараңыз), 2011.02.28 № 16 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен7-6. Өтімді емес акциялардың құны сәйкестендірілген құн бойынша анықталады. Бұл ретте акция, егер инвестициялық қордың активтеріне қайта бағалау жүргізу күні осы бағалы қағаз Қор биржасының бағалы қағаздарының өтімділік көрсеткіштерін айқындау әдістемесіне сәйкес айқындалған өтімділіктің бірінші сыныпты бағалы қағаздарының тізіміне кірмесе, өтімді емес болып танылады.
Өтімді емес акциялардың сәйкестендірілген құны қор биржасының ресми интернет-ресурсында жарияланатын қаржылық есептілігінде көрсетілген баланстық құнына акциялардың ағымдағы құнын біркелкі өзгерту арқылы анықталады. Қор биржасының ресми интернет-ресурсында осындай ақпарат болмаған жағдайда, "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 76-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес жарияланатын қаржылық есептілігінің негізінде анықталатын баланстық құн, мынадай сәйкес келтіру кезеңдерін ескере отырып, айқындалады:
он екі ай ішінде, егер ағымдағы құны баланстық құнынан 1-1,5 есе ауытқыса;
жиырма төрт ай ішінде – егер ауытқу 1,5-2 есе болса;
отыз алты ай ішінде – егер ауытқу 2 еседен астам болса.
Басқарушы компания немесе өзінің активтерін дербес басқаратын акционерлік инвестициялық қор 2010 жылғы 1 шілдеге дейін сатып алған акциялар сәйкестендірілген құны бойынша есепке алынады, 2010 жылғы 1 шілдеден кейін сатып алынған акциялар – баланстық құны бойынша есепке алынады.
Қағидалардың мақсаттары үшін жай акциялардың баланстық құны және артықшылық берілген акциялардың баланстық құны ретінде эмитенттің қаржылық есептілігі негізінде қор биржасының ережесіне сәйкес анықталатын тиісінше жай акцияларының құны мен артықшылық берілген акциялардың құны түсініледі.
Эмитенттің қаржылық жай-күйінің нашарлауына байланысты емес себептермен қор биржасының тізімінен алынып тасталған пайлар таза активтер құны бойынша бағаланады.
Ескерту. 7-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05 N 188 (2-т. қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен8. Қаржы құралдарынан басқа, инвестициялық қордың өзге мүлкiнiң нарықтық құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметi жөнiндегi заңдарына сәйкес айқындалады.
Егер инвестициялық қордың активтерi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған жағдайда, олардың құны аумағында инвестициялық қордың активтерi бар мемлекеттердiң заңдарына сәйкес мүлiктi бағалауды жүзеге асыру лицензиясына (рұқсатына) ие бағалаушылар айқындай алады.
9. Бағалаушы бағалайтын инвестициялық қордың активтерi оларды сатып алған және иелiгiнен шығарған кезде, сондай-ақ акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын шығару проспектiсiнде немесе инвестициялық пай қорының ережелерiнде белгiленген мерзiмде, бiрақ жылына бiр реттен кем емес бағалануға жатады.
10. Құны шетел валютасында көрсетiлген, инвестициялық қор активтерiн бағалау инвестициялық қор активтерiнiң құнын айқындау күнiне валютаны айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша жүзеге асырылады.
11. Инвестициялық қордың мiндеттемелерiне:
1) инвестициялық қордың бағалы қағаздарын сатып алу жөнiндегi мiндеттемелер;
2) инвестициялық қордың бағалы қағаздары бойынша дивидендтердi төлеу жөнiндегi мiндеттемелер;
3) инвестициялық қордың активтерiмен болған мәмiлелер, инвестициялық қордың қызмет етуiн қамтамасыз ететiн тұлғаларға төленетiн комиссиялық сыйақы бойынша берешек;
4) инвестициялық қордың активтерi есебiнен орындалуға жататын өзге де мiндеттемелер кiредi.
3-тарау. Инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептiк құнын және акционерлiк инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
12. Инвестициялық қордың таза активтерiнiң құны осы инвестициялық қордың активтерi есебiнен орындалуға жататын активтерi мен мiндеттемелерiнiң құны арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Акционерлiк инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын есептеген кезде акционерлiк инвестициялық қордың қызметiн қамтамасыз етуге арналған акционерлiк инвестициялық қордың кастодианында есепте тұрмаған және сақтауында жоқ активтер мен бөлiнбеген кiрiстiң бiр бөлiгi есепке алынбайды.
13. Инвестициялық пай қоры пайының есептi құны мұндай қордың таза активтерiнiң құнын айқындау күнiне осы құнды пайларды ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыратын тiркеушiнiң деректерiне сай сол күнге айналыста болатын пайлар санына бөлу арқылы айқындалады.
14. Акционерлiк инвестициялық қор акцияларын сатып алу бағасы акционерлiк инвестициялық қор акционерлерiнiң жалпы жиналысы бекiткен акциялардың құнын айқындау әдiстемесiне сәйкес айқындалады.
14-1. Тәуекелді инвестициялау инвестициялық пай қорының пайын қоспағанда инвестициялық пай қоры пайының есептелген құны күнделікті басқарушы компанияның ресми Интернет-ресурсында орналастырылады.
Ескерту. 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05 N 188 (2-т. қараңыз), өзгерту енгізілді - 2010.09.03 N 121(қолданысқа енгiзiл тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.4-тарау. Қорытынды ережелер
Ескерту. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Бағалы қағаздар құнының құнсыздануын немесе азаюын тану критерийлері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
№ | Өлшемнің атауы | Балл саны |
1 | 2 | 3 |
1 | Қаржылық жай-күйі: | |
1.1 | Тұрақты | +0 |
1.2 | Қанағаттанарлық | +1 |
1.3 | Тұрақсыз | +2 |
1.4 | Күрделі | +7 |
2 | Кез келген төлемді өтеу мерзімін өткізіп алу: | |
2.1 | Мерзімін өткізіп алудың болмауы | -1 |
2.2 | 7 (жеті) күнге дейін мерзімін өткізіп алу | +0 |
2.3 | 8 (сегіз) күннен 15 (он бес) күнге дейін мерзімін өткізіп алу | +1 |
2.4 | 16 (он алты) күннен 30 (отыз) күнге дейін мерзімін өткізіп алу | +2 |
2.5 | 30 (отыз) күннен астам | +3 |
2.6 | күнтізбелік 1 (бір) жылдан астам | +4 |
3 | Кепілдіктің болуы: | |
3.1 | Қазақстан Республикасы мемлекетінің (негізгі борыш пен сыйақының 100% кепілдігі болған кезде) | -4 |
3.2 | Қазақстан Республикасы мемлекетінің (негізгі борыш пен сыйақының 100%-дан аз кепілдігі болған кезде) | (Баллдардың жиынтығы кепілдікке "-4"-тен пропорционалды есептеледі) |
3.3 | Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "А-" төмен емес кредиттiк рейтингi немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттің | -3 |
3.4 | Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері | -3 |
3.5 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша | -2 |
3.6 | Кепілдігі жоқ | +0 |
4 | Белсеңді нарығының болуы: | |
4.1 | Белсеңді нарық | +0 |
4.2 | Нарығы белсенді емес | +1 |
5 | Рейтингтің болуы: | |
5.1 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша | -4 |
5.2 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша | -3 |
5.3 | Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "ВВВ-" тан "В-" дейін немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiлік бағасы | -2 |
5.4 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша | +3 |
6 | Рейтингсіз | |
6.1 | Қор биржасының ресми тізімі "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген борыштық бағалы қағаздар | -1 |
6.2 | "Екінші шағын санаттың рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" шағын санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар | +0 |
7 | Қор биржасы тізімінің "Негізгі" алаңы "акциялар" секторының "премиум" санатына енгізілген эмитенттердің акциялары және олар бойынша депозитарлық қолхаттар | -1 |
7.1 | Қор биржасының ресми тізімі "Негізгі" алаңының "акциялар" секторының "стандарт" санатына және "Баламалы" алаңының "акциялар" секторына енгізілген эмитенттердің акциялары және олар бойынша депозитарлық қолхаттар | +0 |
8 | Қор биржасының ресми тізімінің буферлік санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар | +1 |
9 | Дефолт, делистинг және рейтингті төмендету | +2 |
10 | Бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру (қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) орналастыруды тоқтата тұру туралы шешімі) | +2 |
11 | Ақпараттың болмауы | +10 |
Ескерту:
"Ақпараттың болмауы" өлшемі бойынша баллдар, эмитенттің қызметі туралы ақпарат (оның ішінде қаржылық есептілік) қор биржасының, уәкілетті органның интернет-ресурсында және эмитенттің өз интернет-ресурсында орналастырылмаған жағдайда, сондай-ақ эмитенттің өзінен қаржылық жай-күйіне талдау жасау үшін қажетті қаржылық және өзге де есептілікті алуға мүмкіндік болмаған жағдайда беріледі.
Ескерту. 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05 N 188 (2-т. қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.02.28 № 16 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.
Бағалы қағаздар құнсыздануының немесе құнының төмендетілуінің қажетті мөлшері
Баллдар сомасы | Бағалы қағаздардың жіктеу санаты | Құнсызданудың қажетті (барынша төмен) мөлшері |
1 | Стандартты | 0% |
2-4 | 1-санаттағы күмәнді | 10% |
5-7 | 2-санаттағы күмәнді | 15% |
8-10 | 3-санаттағы күмәнді | 25% (35%) |
10-12 | Қанағаттанарлықсыз | 50% (70%) |
10-нан астам | Үмітсіз | 90% |
Кесте бойынша түсініктемелер:
Бағалы қағаздарды құнсыздандыру немесе бағалы қағаздардың құнын төмендету үшін осы критерийлерді пайдаланғанда, рейтингтік бағасы және листинг санаты болған кезде есепке рейтингтік бағасы алынады
1-ге дейінгі (1 қоса алғанда) балл сомасы алынған кезде – бағалы қағаз стандартты болып жіктеледі.
Балл сомасы 2-ден 4-ке дейінгі (4 қоса алғанда) мәніне тең болған кезде – бағалы қағаз 1 санаттағы күмәнді болып жіктеледі, 10 (он) пайыз провизиялар қалыптастырылады.
Балл сомасы 5-тен 7-ге дейін (7 қоса алғанда) мәніне тең болған кезде – бағалы қағаз 2 санаттағы күмәнді болып жіктеледі, 15 (он бес) пайыз провизиялар қалыптастырылады.
Балл сомасы 8-ден 10-ға дейінгі (10 қоса алғанда) мәніне тең болған кезде – бағалы қағаз 3 санаттағы күмәнді болып жіктеледі, 25 (жиырма бес) пайыз провизиялар қалыптастырылады.
Балл сомасы 8-ден 10-ға дейінгі (10 қоса алғанда) мәніне тең болған кезде – бағалы қағаз 3-санаттағы күмәнді болып жіктеледі,
облигациялар бойынша 25 (жиырма бес) пайыз провизиялар
акциялар бойынша 35 (отыз бес) пайыз провизиялар қалыптастырылады.
Балл сомасы 10-нан 12-ге дейінгі (12 қоса алғанда) мәніне тең болған кезде – бағалы қағаз қанағаттанарлықсыз болып жіктеледі, 50 (елу) пайыз провизия қалыптастырылады.
Балл сомасы 10-нан 12-ге дейінгі (12 қоса алғанда) мәніне тең болған кезде – бағалы қағаз қанағаттанарлықсыз болып жіктеледі,
облигациялар бойынша 50 (елу) пайыз провизиялар;
акциялар бойынша 70 (жетпіс) пайыз провизиялар қалыптастырылады.
Сомасы 12-ден артық болған кезде бағалы қағаз үмітсіз деп жіктеледі, 90 (тоқсан) пайыз провизиялар қалыптастырылады. Бұл ретте, егер эмитенттің борыштық бағалы қағазы үмітсіз деп жіктелсе, онда осы эмитенттің акциясы бір мезгілде нөлге дейін есептен шығарылады.
Эмитент банкрот болған жағдайда осы бағалы қағаз бір мезгілде нөлге дейін есептен шығарылады.